Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 2332 |
![]() | Кеше | 2476 |
![]() | Осы аптада | 10144 |
![]() | Өткен аптада | 19014 |
![]() | Осы айда | 70957 |
![]() | Өткен айда | 78079 |
![]() | Бәрі | 5163494 |
Қызылордалық коалиция Президент Жолдауын қолдап, Үндеу жариялады |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
10.10.2018 09:52 |
Кеше «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері аймақтық коалициясының мүшелері «Болашақ» университетінің мәжіліс залында бас қосып, Жолдау жүктеген міндеттерді жан-жақты талқылап, Сыр халқына Үндеу жариялады. Үндеуде «Әрбір азамат елдегі ауқымды өзгерістерге өздерінің қатысын сезінуі тиіс. Елбасы Жолдауын іске асыру халықтың өмір сүру деңгейі мен еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға нағыз серпіліс әкеледі. Біз, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» аймақтық коалициясы, аймақтағы ірі диалог алаңының бірінің мүшелері ретінде барлықтарыңызды Елбасымыздың Жолдауын қолдауға және оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз!» делінген. Отырысқа коалиция мүшелігіндегі барлық партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ өкілдері, аймақтағы ЖОО-ның оқытушы профессорлары, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып жүргізді. Ол өз сөзінде Саяси құжаттың ауқымдылығы мен мазмұндылығын жан-жақты баяндап, ондағы көрсетілген алдағы міндеттердің ел экономикасын ілгерілетуді көздеп отырғандығын атап өтті. -Елбасы Жолдауында көрсетілген реформалар – халықымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, әлемдік стандарттарға жеткізуге сол арқылы қоғам мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталып отырған тиімді мүмкіндік. Сондықтан мұны іске асыруға ел болып жұмылуымыз қажет, - деді Ибадулла Құттықожаев. Жиында Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған өңірдегі жұмыстар да пысықталып, тиісті мекеме басшыларының хабарламалары тыңдалды. Мәселен, ақпараттық-насихат жұмыстары бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов айтып өтті. Басқарма басшысының айтуынша, облыста Жолдауды насихаттау бағытында арнайы медиа жоспар әзірленген. Сондай-ақ, құрамы түрлі сала мамандарынан қамтитын 259 азаматтан тұратын 44 ақпараттық-насихаттық топ құрылған. Арнайы спикерлер пулы жасақталып, олардың пікірлері БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жариялануда. Кеңес отырысында коалиция мүшелігіндегі барлық партия өкілдері ойларын ортаға салып, үкіметтік емес ұйымдар пікірлері тыңдалды. Мақсат ортақ - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдау, қазақ қоғамындағы саяси тұрақтылық пен экономиканың қарқынды дамуына бірлесе үлес қосу. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі |
Мерекедегі мерейлі марапат |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
10.10.2018 09:45 |
Мұнтаздай пошта ғимаратының ауласында қолдарына күрек-кетпен ұстаған шоғырды көріп, жөн сұрадық. Мекеме басшысы Жайлаубай Маханұлы бұл ағымдағы жылы құрылғанына ширек ғасыр толған Қазақстан поштасының құрметіне ұйымдастырылған 25 мың түп тал егу республикалық акциясы аясындағы шара екенін жеткізді. Өздерінің қарбалас жұмыстарының арасында игілікті шаруадан қалыс қалмаған ауызбіршілігі мол ұжымға біз де табыс тіледік. Мерекелік жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан пошта байланыс торабының ұжымын төл мерекемен құттықтап, Жайлаубай Маханұлын, Салтанат Әскербек, Алияш Шманованы «Алғыс хатпен» марапаттап, соңғысына жаңа үлгідегі партия билетін тапсырды. Ал мекеме басшысы Ж.Нұрбаев болса, бас маман Диляра Махамбетова мен хат тасушы Кенжегүл Қалиланы облыстық филал директорының мадақтамасымен марапаттады. Жиын барысында «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы қауіпсіздік секторының бастығы Қабланбек Әбдіраманов, аталмыш сектордың бас маманы Бақыт Сиқымов өздерінің ақ ниеттерін жолдады. Мерекелік шарадан соң өткен семинарда «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы қауіпсіздік секторының бастығы Қабланбек Әбдіраманов жиналғандар алдында «Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны және алдын алу», өзге де тақырыптар бойынша құнды деректерден бейнебаянмен үзінді келтіре отырып, хабарлама жасады. Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап қайтарды. Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы |
ҚЫЗЫЛОРДАДА «АРАЛ ТАРТУЫ» АЛЛЕЯСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
10.10.2018 09:33 |
2000 шаршы метр болатын аумақты қалпына келтіру, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қайта жаңғырту жұмыстары демеушілер есебінен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, кеше А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Арал өңірі өнерпаздарының концерті өтті. Онда қазақ халық әндері мен билері, патриоттық шығармалар, күйлер және әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты және аудандық қоғам қайраткерлерімен кездесті. Айта кетейік, Қызылорда облысы аудандарының шығармашылық ұжымдары 200 жылдық мерейтойға арналған концерт пен мерекелік түрлі шаралар өткізуде. Облыс әкімінің баспасөз қызметі |