Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
Сенбі, 13 Қазан 2018

Қызылордада 6 әкім сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.10.2018 20:15

2018 жылдың басынан бері Қызылорда облысында 6 әкім сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақовтың төрағалығымен өткен мәжіліс барысында айтылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның облыстық департаменті, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері қатысты.

Мәжіліс тақырыбына жергілікті атқарушы органдарда орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының орын алу себептерін анықтау мен оны жою шаралары арқау болды.

Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Ниязов: «Жыл басынан бері облыста 6 кент және ауылдық округ әкімдері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған. Оның ішінде, 3 ауыл әкімі пара алғаны үшін, қалған 3-еуі қызметтік жалғандық үшін жауапкершілікке тартылды. Нақты айтқанда, Қазалы ауданының Басығара ауылдық округі, Шиелі ауданының Гигант ауылдық округі және Қызылорда қаласының Белкөл кенті әкімдері жер телімдерін беру үшін пара алған болса, Арал ауданының Жақсықылыш кенті және Жаңақорған ауданының Шалқия мен Төменарық елді мекендерінің әкімдері қызметтік жалғандық жасаған», - деді.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Шотаев, Агенттіктің облыстық департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Тленовтер хабарлама жасап, облыстағы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті проблемалық мәселелері талқыланды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА АМАНКЕЛДІ КЕНЕНБАЕВТЫҢ «СЫРДАРИЯ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.10.2018 20:09

Қалалық көркемсурет галереясында қылқалам шебері Аманкелді Кененбаевтың «Сырдария» атты шығармашылық көрмесі және кітабының тұсаукесері өтті.

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында қалалық көркемсурет галереясында КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Сыр өңіріне арналған бірқатар картиналардың және Мұстафа Шоқай, Әбділдә Тәжібаев, Жанқожа батыр ескерткіштерінің авторы Аманкелді Кененбаевтың «Сырдария» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

«Өз бастауын ғасырлар қойнауынан алатын Сырдың қасиетті де қастерлі топырағы талай талантты тұлғаларды дүниеге әкелді. Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Хожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Хожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосты. Аманкелді Кененбаев - Сыр бойы бейнелеу өнерін биікке көтеріп келе жатқан ерекше есім. Суретшінің 2015 жылы АҚШ пен Жапонияда өткізілген көрмесі талғампаз қонақтардың назарын аударғанын білеміз. Францияның Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың мүсіні де Аманкелдінің қолынан шыққан. Өзіміз күн сайын көріп жүрген Жанқожа батырдың еңселі ескерткіші мен ақын Әбділдә Тәжібаевтың тас мүсінінің авторы да осы суретші. Бұған дейін жыл басында еліміздің рухани астанасы - Алматының төрінде «Сұлутөбе» атты жеке көрмесі ашылса, бүгін суретшінің «Сырдария» атты көрмесі назарларыңызға ұсынылып отыр»,-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, қылқалам шеберін Алматыдан келген өнертанушы Ирина Юферова да құттықтады.

Айта кетейік, Аманкелді Кененбаевтың туындылары ТМД елдерінде және АҚШ, Канада, Португалия, Будапешт, Израиль, Норвегия, Германия, т.б мемлекеттердегі көрмелерде қойылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.10.2018 19:40

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша партия активімен кездесу өткізіп, Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Сыр өңірінің жетістіктері мен қарқынды дамуын ерекше атап өтті.

«Қызылорда облысының ежелден бері өзіндік дәстүр-салты мен мәдени құндылықтары бар екені белгілі. Бүгін де аймақ қарқынды дамып келе жатқанын жаңа қала құрылысынан, цифрландыру мен кәсіпкерлік бойынша жүргізіліп жатқан жобалардан анық көруге болады. Бұл жұмыстарды Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес нақты тапсырмалар аясында жалғастыру керек. Ал партияның міндеті кең ауқымды ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, іске асыру жолдарын көрсетіп, өңірлердегі тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау болып табылады», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Өз кезегінде, Қызылорда  облысының әкімі Қ.Көшербаев Елбасы Жолдауы аясында адами капиталды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Сарапшылардың бағалауы бойынша, Батыс Еуропа елдерінде адам капиталының жалпы ішкі өнімді қалыптастыруға қосқан үлесі 30%, АҚШ-та 40%, ТМД елдерінде ол 10-15%-ды құрайды. Бүгінде әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалық сипаттамалары алға шығуда. Бұл өсімнің арқасында экономикада ілгерілеу байқалады. Жалпы ішкі өнім көрсеткішінің өсуі жоғары технологиялық өндірістердің - білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және басқа да зияткерлік қызметтер есебінен жүруі тиіс. Нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің тиімділігі артып, ең бастысы, өмір сапасы жақсарып келеді», - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, актив жиынында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қылышбай Бисенов білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты. Сырбойылық 500-ден астам түлек Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Айта кетейік, мектеп түлектерінің 97 пайызы жоғары оқу орындары мен колледждерде біліп алуда.

Кәсіпкер Айгүл Мұханбетжанова мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асқан өз кәсібі жайлы айтып берді.

«Қазіргі таңда кәсіпкерлерге арналған шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша несие алып, күйеуіммен бірге шұлық цехын іске қостық. Тәулігіне 400 жұп шұлық дайындап, осылайша жергілікті өнім шығарудамыз»,- дейді кәсіпкер.

Атап өтейік, 2018-2020 жылдарды өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы деп жариялады. Қазіргі таңда шағын-орта бизнесті қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен 32 млрд. теңге, стартап-жобаларға 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту облыста үш маңызды мәселенің шешім табуына: салық базасын жақсартуға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететінін аймақ басшысы атап өтті.

«Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес жастардың бастамаларына қолдау көрсету бойынша аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі таңда Сырдарияның сол жағалауында заманауи жастарға қызмет көрсету орталығы салынып, жастар үшін барлық жағдай қарастырылуда.

Облыс әкімдігінің ғимаратында М.Әшімбаев Ситуациялық орталықтың жұмысымен танысып, Қызылорда облысының тәжірибесін республика бойынша тарату қажеттігін айтты.

Жұмыс сапарында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Сырдарияның сол жағалауынан «7-20-25» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үй құрылысы нысандарымен танысты. Атап өтейік, Қызылорда облысында «Орда» тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған «Жол картасы» шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, М.Әшімбаев сол жағалаудағы жақында іске қосылған «Рухани жаңғыру» орталығында болды. Еске сала кетейік, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында Сырдарияның сол жағалауынан пайдалануға берілген алғашқы нысан – «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық мұражай ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын. Бұл нысан 1925 жылы ұлттың ресми «қазақ» аталуы туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару Комитетінің сызба-нұсқасы негізінде салынған.

Айта кетейік, жыл соңына дейін сол жағалаудан алғашқы шағын аудан мен бірқатар әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жұмыс сапары барысында Мәулен Әшімбаев №3 С.Толыбеков атындағы мектеп-лицейінің және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында орналасқан ІТ-парк жұмысымен танысты.

Әрі қарай «Кәсіпкерлікке арналған геоақпараттық онлайн қызметі» партиялық жобасы шеңберіндегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды. Орталықта кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша жер мәселелері, сәулет және құрылыс, инженерлік желілерге қосылу, мемлекеттік кіріс мәселелері, қаржы институттары үшін қаржыландыру шарттары, банкке дейінгі және кейінгі жобаларды қолдау бойынша 40-тан астам қызмет түрі ұсынылады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Бұл республика көлемінде теңдесі жоқ орталық болып табылады.

Бағдарлама аясында М.Әшімбаев Сырдария ауданының Шаған ауылында өткізілген актив жиынына қатысты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары