Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Жетімдер үйі.

    Аида бүгін алғаш рет жетімдер үйіне келді. Әрине, өзінің қалауымен емес. Күнкөріс қамымен жұмыс істеп, ақша табу үшін амалсыздан жетімдер үйіне жұмысқа тұрды.

    Бүгін, міне, оның жаңа жұмысына келген алғашқы күні. Шыны керек­, аяғы есікке қарай өз еркінсіз әлсін-әлсін беттеп келеді. Ішіне кіруге  зауқы жоқ. Бірақ амалы­ бар ма? Қазіргі сәтте оның отбасындағы қаржылық...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «Апа, Болатбек неге көзін ашпайды?». Жалғыздық мұңы кеп қамағанда өндірдей қыздың жалынышты дауысын естимін. Көкпеңбек болып ісіп-кеуіп кеткен кіш­кентай інісін «Тұр! Неге көзіңді ашпайсың? Жүр ойнаймыз» деп жұлқылап жатқан жалбыр шашты қызды аяймын. Күнде бірге ойнап жүрген тентек інісін оята алмай, жұдырықтай жүрегі әлдебір жаманшылықты сезіп, анасы мен әкесіне жаутаңдап қарайды. Әкесі бетін ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 15 Қазан 2018

“СЫРДАРИЯ” ҚҰШАҒЫН АШТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.10.2018 16:25

Сұлулыққа сүйсіне білу керек. Қабырғаны айналып сурет көрмесін аралап жүрмін. Егер онда картиналар ілінбеген болса, сырттан қараған адам басқаша ойлауы да мүмкін. Ал, салынған суреттің мән-мағынасын ұғынбаққа тырысып жүрген жанға сырттан бақылап тұрған кісі құрметпен қарауы тиіс. Өйткені, өнерде шекара болмайды.

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында қалалық көркемсурет галереясында КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Сыр өңіріне арналған бірқатар картиналардың және Мұстафа Шоқай, Әбділда Тәжібаев, Жанқожа батыр ескерткіштерінің авторы Аманкелді Кененбаевтың “Сырдария” атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

“Сырдария”, “Тораңғыл”, “Плоды моей земли...” және тағы да басқа. Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында туған жер тақырыбына баса назар аударылды. Әрине, туған жерге ту тігетін халықтанбыз, оның үстіне “ер жігіт туған жеріне...” деген бар. “Көрме тақырыбын ауқымды етіп алғаным рас. Бірақ, шығармаларым бұл жүкті көтере алады деп ойлаймын” дейді суретшінің өзі. Жыл басында ғана қылқалам шеберінің Алатаудың бөктерінде, суретші Әбілхан Қастеев есімін иеленген музейде “Сұлутөбе” атты жеке көрмесі өткен болатын. Сіздің ойыңызша, Сұлутөбе – суретшіні тудырған ауыл. Ал, біздің ойымызша, Сұлутөбе – суретшінің әр суретінде қылаң беретін әсем көрініс.

Көрме аясында А.Кененбаевтың шығармаларының басын қосқан кітабының да тұсауы кесілді. Көрмеге суретшінің жергілікті және өзге де облыстардағы достары арнайы келді. Сондай-ақ, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы да ат басын бұрды.

- Өз бастауын ғасырлар қойнауынан алатын Сырдың қасиетті де қастерлі топырағы талай талантты тұлғаларды дүниеге әкелді. Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Қожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосты. Ал, Аманкелді Кененбаев – Сыр бойы бейнелеу өнерін биікке көтеріп келе жатқан ерекше есім. Суретшінің 2015 жылы АҚШ пен Жапонияда өткізілген көрмесі талғампаз қонақтардың назарын аударғанын білеміз. Францияның Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың мүсіні де Аманкелдінің қолынан шыққан. Өзіміз күн сайын көріп жүрген Жанқожа батырдың еңселі ескерткіші мен ақын Әбділда Тәжібаевтың тас мүсінінің авторы да – осы суретші. Бұған дейін жыл басында еліміздің рухани астанасы Алматының төрінде “Сұлутөбе” атты жеке көрмесі ашылса, бүгін суретшінің “Сырдария” атты көрмесі назарларыңызға ұсынылып отыр, - деді облыс әкімі.

Қылқалам шеберін Алматыдан келген өнертанушы Ирина Юферова да құттықтап, сөз сөйледі. Өз кезегінде суретші облыс басшысынан бастап, мәдениет саласының дамуына қолдау білдірген ел азаматтарына алғысын білдірді. Аймақ басшысы көрмені бастан-аяқ тамашалап, А.Кененбаевқа шығармашылық табыс тіледі.

Айта кетейік, Аманкелді Кененбаевтың туындылары ТМД елдерінде және АҚШ, Канада, Португалия, Венгрия, Израиль, Норвегия, Германия, т.б. мемлекеттердегі көрмелерде қойылған.

Рыскелді  ЖАХМАН

 


Басты басымдық – бұқараның тұрмыс сапасын арттыру PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.10.2018 12:10

Елбасының кезекті Жолдауына байланысты қала әкімі Н.Нәлібаевтың қатысуымен актив отырысы өтті. Жиында Президент ұсынған бастамалар талқыланып, шаһарда атқарылған ілкімді істер тілге тиек етілді.

-        Елбасының әрбір Жолдауы – тарихи құжат. Еліміздің стратегиялық даму жолының темірқазығы. Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқандай, «қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты». Бұл бағыттағы межеленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін біздің алдымыздағы нақты міндеттерді айқындап берді. Олар – халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтардың еліміздегі өзгерістер үдерісіне атсалысуы. Алты тараудан тұратын осы міндеттер – дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміздің негізгі бағдарламалық құнды құжаты. Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіру, көрсетілген міндеттерді аймақ көлемінде жүзеге асыру бойынша облыстық актив отырысында Қырымбек Елеуұлы негізгі бағыттарды айқындап, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Мемлекет басшысының бастамасымен бастамасымен өмірге келген жаңа бағдарламалар мен тың идеялардың ықпалымен, облыс әкімінің қолдауының арқасында Сыр елінің орталығы – Қызылорда қаласында маңызды мәселелер шешімін табуда, - деді қала әкімі Н.Нәлібаев.

Шаһар басшысының сөзінше, жыл басында қала бюджеті 42 миллиард теңгемен бекітілсе, бүгінгі күні ол көрсеткіш 51 миллиард теңгеге жеткен. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен 467 миллиард теңгенің өнімдері өндірілген. Ал өңдеу өнеркәсіп саласында 24 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда біршама артқанын байқауға болады. Кез келген елдің экономикалық дамуы шағын және орта бизнеспен өлшенеді. Осыны ескерсек, қалада кәсіпкерлік саласы да өркендеп келе жатқанын алға тартамыз. Бүгінгі күні облыс бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысанның 49 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Жолдаудағы аса басымдық берілгені – бұқараның тұрмыс сапасын арттыру. Әрбір тұрғын қолжетімді баспанадан бастап түрлі қажеттіліктермен қамтылған қауіпсіз қоғамда өмір сүруі қажет. Оның ішінде сапалы білім мен жоғары санаттағы медициналық қызмет те ерекше орында. Осы тұста қала әкімі жыл сайын қала бюджетінің 45-50 пайызын білім саласына жұмсап келе жатқанын мәлімдеді. Былтыр білім саласына 18 миллиард теңге бөлінсе, биылғы көрсеткіш – 21 миллиард теңге. Мемлекеттен қыруар қаржы құйылып жатыр. Аталмыш сала басшылары мен кәсіби мамандардың жауапкершілік жүгі арта түсті.

Актив отырысында облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Жақсылықов ашық ой-пікірін айтты. Бастысы, Елбасының ұстанған саясатын қолдап, Жолдауға қолдау білдірді.

Ж.Қойшыбекова

 


Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары