Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
Дүйсенбі, 22 Қазан 2018

Құтқарушылар күні мерекесі аталып өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.10.2018 09:28

2018 жылғы 19 қазанда А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Құтқарушылар күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Кәсіби мереке аясында Департаменттің және қалалық, аудандық бөлімшелердің жеке құрамына төтенше жағдайлар саласы ардагерлерімен кездесу, төтенше жағдайларда қаза болған өрт сөндірушілердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою, қызметкерлердің балалары арасында сурет салу сайыстары, сонымен қатар Қызылорда қаласының орталық алаңында қала халқы мен қонақтары үшін қазіргі заманауи құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларының көрсетілімі ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынға ҚР ІІМ ТЖК-нің облыс аумағында орналасқан құтқару бөлімшелерінің және Департаменттің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларына тікелей атсалысқан басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, облыстағы төтенше жағдайлар саласы ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиынға қатысқан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов төтеншеліктерді облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады, Ресей Федерациясының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың зардаптарын жою ісі жөніндегі Министрлігінің №70 Федералдық өртке қарсы қызметінің арнайы басқармасының бастығы, ішкі қызмет полковнигі Андрей Заровский құттықтады.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға белсене қатысқан, Қазақстан Республикасында өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде табыстарға қол жеткізген қызметкерлерді Министрдің, Төтенше жағдайлар комитетінің ведомствалық медальдарымен, құрмет қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапаттады. Құтқарушылар күні мерекесі аясындағы салтанатты жиында құтқару бөлімшелерінің 30-дан аса қызметкеріне ведомстволық марапаттарды табыстады.

Кәсіби мереке қарсаңында өткізілген қызметкерлер балалары арасындағы сурет салу сайысына қатысқан жас бүлдіршіндер де назардан тыс қалған жоқ. «Құтқарушы – бала көзімен» тақырыбында сурет салу байқауында 1-орынды №264 мектептің 5-сынып оқушысы Малика Өтегенова, 2-орынды №43 мектептің 4-сынып оқушысы Құндыз Өмірзақ, 3-орынды №136 мектептің 3-сынып оқушысы Ясмин Орынбасар иеленді. Сайыстың жеңімпаздары дипломдармен, ойыншықтармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты шара соңы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар және ішкі істер департаменттерінің қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Айгүл Нұрманова,

Қызылорда облысы ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 


Көмірден мәселе жоқ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.10.2018 18:08

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі 2018 жылдың 22 қазанындағы жағдай бойынша облыс орталығындағы көмір қоры туралы мәлімет таратты.

Қызылорда қаласы бойынша жалпы қатты отынға қажеттілік 43 100 тоннаны құрайды. Оның ішінде:

- әлеуметтік нысандарға - 923 тонна;

– қала тұрғындарына – 42 177 тонна.

Бүгінгі таңда әлеуметтік нысандарға қажетті 923 тонна қатты отынның 345 тоннасы алынды. Атап айтқанда, білім беру мекемелеріне жоспарланған 897 тонна қатты отынның 319 тоннасы алынды. Қалған 578 тоннасы 2019 жылдың қаңтар айында алу жоспарланған. Себебі, қазіргі алынған қатты отын қоры жеткілікті және қалғаны келісімшарт бойынша кестеге сәйкес алынады.

Айта кетейік, қатты отынмен қамтамасыз етілетін барлығы 4 мектеп (№128, №143, №175 және №218 мектептер). Сұйық отынмен жылытылатын 14 мектепке 32 тонна май 27 қыркүйекке дейін құйылады, бүгінгі күні 5 мектепке құйылды.

Ал, мәдениет нысандары бойынша жоспарланған 26 тонна қатты отын толығымен алынды. Яғни, қатты отынмен қамтамасыз етілетін барлығы 4 кітапхана (Ақжарма, Қызылөзек, Қосшыңырау, Қарауылтөбе).

Қала тұрғындарының қажеттілігі 42 177 тонна болса, оның 34 751 тоннасы тұрғындарға жеткізілді (82,3%).

Ал, қазіргі таңда қаладағы көмір базаларында 690 тонна қатты отын қоры бар.

Еске салайық:

- «Қызылорда Отын» ЖШС 621 тонна тас көмір, бағасы - 13 000 тг,

- «Олжас-2005» ЖШС 138 тонна қаражыра көмірі жолда келе жатыр,бағасы - 15 000 тг.

- ЖК «Бахадуров» 69 тонна тас көмір, бағасы – 14 000 тг,

ЖК «Бек» 621 тонна шұбаркөл көмірі жолда келе жатыр. 23 қазан күні түстен кейін болады деп хабарлануда. бағасы - 14 600 тг

 


Қазалы ауданында 9 айда 400,1 млн теңгені құрайтын 124 жоба қаржыландырылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.10.2018 18:04

Бұл туралы кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиалы директоры Ермек Аймаханов Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Қазалыдағы Палата қызметкерлері өткен жылы кәсіпкер болуға ниетті 1160 адамға 3480 кеңес берсе, 2018 жылдың 9 айында 600 азаматқа 1728 кеңес көрсеткен.

«Кеңес беруде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттап, түсіндіру, кәсіпкерлерді құқықтық қолдау, несиені алу, мақсатты жұмсау және қайтару мәселесіне басымдық берілді», - дейді баспасөз мәслихатында Ермек Аймаханов.

Ауданда сервистік қолдау алатын азаматтардың да қатары артқан. Мәселен, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге, сондай-ақ, статистикалық есептілікті жасауға байланысты өткен жылы 185 кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, осы жылдың 9 айының өзінде 208 кәсіпкерге қызмет көрсетілген.

Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиал кеңесшілері 9 айда 486,9 млн теңгені құрайтын 162 жобаға бизнес-жоспар әзірлеген.

«Ауыл кәсіпкерлері аудан орталығына келіп уақыт жоғалтпасын деп онлайн-кеңес беру жүйесін енгіздік. Яғни кез келген азамат кәсіпкерлікке қатысты туындаған сұрақтар бойынша ауылдық округ әкімдігіне барып, бізбен Hangouts байланыс жүйесі арқылы қосыла алады. Бүгінде біздің мамандар кеңесті осы тәсілмен де беріп жатыр», - дейді Палатаның Қазалы аудандық филиалының директоры.

Баспасөз мәслихатында Ермек Аймаханов Қазалыда біліктілігін жетілдіріп, кәсібін ашқысы келетін азаматтар қатарының артқанын да жеткізді. Мәселен, Палатамен кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 2017 жылда 141 азамат оқыса, 2018 жылдың 9 айында 249 қазалылық біліктілігін жетілдіріп, арнайы сертификаттарға қол жеткізген.

Сұранысқа ие жобалардың бірі – «Бастау» жобасы. Биылдың өзінде аталмыш жоба аясында 109 азамат оқып, 87-сі өз жобасын сәтті қорғап шыққан.

Нәтижесінде түрлі бағдарламалар аясында оқыған азаматтардың ішінде 9 айда Қазалыда жалпы құны 400,1 млн теңгені құрайтын 124 жоба қаржыландырылған.

Қызылорда  облысы

кәсіпкерлер  палатасының  баспасөз  қызметі

 


Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары