Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2216
mod_vvisit_counterКеше2743
mod_vvisit_counterОсы аптада11519
mod_vvisit_counterӨткен аптада16249
mod_vvisit_counterОсы айда44682
mod_vvisit_counterӨткен айда81370
mod_vvisit_counterБәрі4031525


Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
Қазан 2018

УАҚЫТТЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНҒАН ҰТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.10.2018 18:06

Өңірлік коммуникациялар қызме­тінде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауы кеңіне­н талқыланды. Жолдауда келер жылы «Жастар жылы» деп бекітіліп, бүгінгі буынның әлеуметтік жағдайын арттыруғ­а бағытталғаны белгілі. Облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы­ Талғат Тілес аймақта бұл бағытта­ атқары­лып жатқан жұмыстар барысы­на тоқталд­ы. Оның айтуынша, бүгінгі таңда­ жастарды бизнеске икемдеу, интернет желісін тиімді пайдалану басты назарда тұр. Айталық, қазіргі күні тұтынушылардың 3,2 пайызы әлеумет­тік  желіде  отырады.

– Жастарды кәсіпкерлікке бейімдеу мақсатында бірқатар жобаларды бастадық. Мәселен, бизнесін бастаған 15 жас кәсіпкер кәсібін енді бастаушы 15 жас­қа өз тәжірибесімен бөліседі. Бизнес­тің қыр-сырын үйретеді. Сондай-ақ, қараша айынан бастап жастар ұсыныстарын қабылдау мақсатында «Jas Otan Orda» ресми сайтын іске қосамыз. Оған әрбір жас ұсынысын, пікірін, идеясын жолдай алады,- деді Талғат Тілес.

Сонымен қатар бүгінде жастардың басты мәселелерінің бірі – уақытты ұтымды пайдалану. Осыған орай жетек­ші партияның ұйытқы болуымен жер­гілікті кітапханаларды заман талабына сай жаңғыртып, «Білім орталықтарына» айналдыру жобасы басталды. Қазіргі таңда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, Шиелі аудандық орталық кітапханасында ковор­кинг орталығы ашылып жастардың игілігіне берілді. Талғат Тілестің сөзінше, жыл соңына дейін 6 аудандық және 1 қалалық орталық кітапханалар жаңғыртылмақ және «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен кітапхана­ларға жастарды көптеп тарту мақсатында­ коворкинг орталықтарының бірыңғай пайдалану тұжырымдамасы әзірленді.

Брифинг барысында «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қорының төрағасы Сағатбек Қуанышбайұлы да өз пікірін білдірді.

– Мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы спортты жетілдіру және осы санаттағы азаматтардың жасаған қол­өнер бұйымдарын сату орталығы ашылса­ деген ұсынысым бар. Сонымен бірге кедергі­сіз орта қалыптастыру және мүмкіндігі шектеулі жастарға мотивация беретін жиындар өткізілсе деген ойымды­ айтқым келеді. Бұл өте маңызды. Жастарға зор сенім мен жігер сыйлай­тыны  анық,- деді ол.

«Жас Отан» жастар қанатының төраға­сы Т.Тілес керек емес жиындарды тоқтату қажет деген ұсыныс айтты. Және келер жылы аймақ басшысының келісімімен Сыр елінің тұнған тарихымен, мәдениетімен, табиғатымен танысу­ мақсатында «Жас Отан»  жастар қанаты­ның «Жастар – Отанға!» республикалық лагерін облысымыздағы Қамбаш көлінде өткізу жоспарланып отырғанын жет­кізді.

 


ЖЫЛУҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ БОЛМАЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.10.2018 18:04

Бәрімізге белгілі, жылу беру маусымы жылда 15 қазаннан бастау алады. Күн салқындап, үйдің ішінде нөлден төмен температура болғанда, көп­қабатты үйдің тұрғындары жылу­ды күтетіні анық. Алайда­ сол мерзім басталғаннан әлеу­ме­ттік желі арқылы болсын, жылу орталығына қоңырау шалсын, тұрғындардан көптеп шағымдар  түсіп жатады. Оның себебі – бірінің үйіне жылу келмеген болса, енді бірінде қанжылым болып, көңіл көншітпей жататындығы. Осыған орай өткен аптаны­ң соңында Табиғи моноп­олияларды реттеу, бәсекел­естікті және тұтынушылардың  құқықтарын қор­ғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті баспасөз турын ұйым­дастырды. Мақсат – «Қызыл­ордажылуэлектрорталығы» МКК-ның жаңарту және жаңғырту­ жұмыстары мен инвест­ициялық міндеттемелерінің  орындалуының  ашықтығын  көрсету.

Бір топ тілшілер қауымына  әуелі қаладағы №2 насостық станцияның жұмысы таныс­тырылды. Түсінікті болу үшін айта кетейік, бұл жер – кәдімгі жер үйлерде орнаты­латын насостың үлкені орналасқан  аймақ. Яғни көпқабатты үйлер мен өзге де нысан­дарды жылумен қамтамасыз еткенде, оның циркуляциясын реттейтін жер. Мұнда биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ғимараттың шатыры, сырты, ауласы жөн­деуден  өтсе, іштегі құрылғылар толық алмастырылған.

– Бұл жерде басында екі насос болатын. Соңғы  жөндеуден кейін үшеу орналастырдық. Ескіле­рінің орнына жа­ңасы қойылды. Сондай-ақ, бұрынғы  насостардың қуаттылығы сағатына 630 тонна болса, қазіргісі 1280 тоннаға дейін жетеді. Бұл насост­ық орталық «Универсам» маңы, «Болашақ» университетінің аумағындағы нысандар мен көпқабатты үйлердегі жылудың айналымын (циркуляция) жақсартады. Ал жаңадан орнатылған насостар жылуды тез  айналдырады деп күтілуде, - дейді «Қызылордажылу­электрорталығы»  мемлекеттік мекемесі басшысының мін­детін атқарушы Руслан Нұр­мағанбетов.

Айта кетейік, қалада 3 насостық станция бар. Оның екеуін­е соңғы рет 2016 жылы жаңғырту жұмыстары жүргі­зілсе, биыл осы №2 насостық станция  қайта  жаңғыртылған.­ Жөндеу жұмыстары кезінде насос сораптарынан бөлек, екі қосалқы трансформатор, электр қондырғылары, сорап та   жаңасына  ауыстыры­лып­ты.­ Сөйтіп, бас-аяғы «Нұрлы жол» бағдарламасынан бө­лінген 160 млн теңге жұмсал­ған.

Мұндай жылудың циркуляциясын реттейтін насос құрылғылары барлық жер үйлерде  бар. Егер қандай да бір жағдай болып, оны қосуды ұмытып кетсеңіз, онда үйдегі жылу  да мардымсыз болатыны­  сөзсіз. Бір бөлмеде ауа температурасы  жоғары  болса, екінші­сінде мүлдем салқында­п кетеді. Қазіргі таңда­  кей­бір тұрғын үйлердегі  тұрғындардың «үйде жылу жоқ» не­месе «жылу аз» деп шағым­дануы да заңды екен. Себебі бұл насостар әлі қосылмаған. Өйткені алдымен барлық нысан­дар  толығымен  жылуға қосылуы қажет екен. Содан кейін ғана насос­тық стан­циялар жұмысын бастай­тын көрінеді. Себебі  заң бойынша­ тек барлығы реттелгеннен кейін ғана, ең соңынан, температура кө­бейтілуі қажет. Бұл үйлердегі трубалардың жа­рылып, ақау­лар болған жағдайда адам­дарды  күйіп  қалу, үй мүлкі­нің бұзылуы сияқты­ шығындардан  сақ­тайды.

Сонымен қатар орталық басшысы  мына бір мәселені де түсіндіріп  кетті.

– Қазіргі  таңда 692 үй мен бюджеттік мекемелердің барлығ­ына  элеваторына  дейінгі жылу желілері берілді. Десе де, қала тұрғындарынан жылудың төмендігіне немесе жылудың болмауына байланысты ша­ғымдар  келіп  түсіп жатыр. Бұл жөнінде келген арыз та­лаптармен жұмыс істеп жатырмыз. Осы жерде айта кету керек, егер де элеваторға дейінгі жылу болмаса немесе оның  сапасы  төмен  болса, оған біз  жауаптымыз. Ал элеватор­ға дейінгі жылу сапалы келіп тұрып, мәселе подъездің, өжі­ренің, үйдің ішіндегі, әр бөлмедегі жылудың барына, жоқ­тығына  байланысты болса, онда ол пәтер иелері кооперативтерінің  немесе  пәтер иеле­рінің  өздерінің  жауапкершілі­гінде. Енді біз оған қарап қалмаймыз. Себебі, тұрғындар түпкілікті біздің тұтынушымыз  болғандықтан  әрі  жылу ақысын бізге төлейтіндіктен, бұл мәселем­ен де жұмыс жүргі­зіп жатырмыз, - деді Руслан Аймырз­аұлы.

Биыл жылу трубаларының жарылу қаупі де болмайды деп сендіріп отыр басшылық. Себебі­ орталық биылға жоспарланған 7 шақырым жылу желілеріне толығымен қайта жаңғырту жұмыстарын жүр­гізіпті. Сондай-ақ, 10 шақырымға жуық тесілу немесе істен шығу қаупі бар деген жылу желілер­іне өздерінің қаражаты  есебінен  ағымдағы  жөндеу жұмыстарын істеген.

Жалпы, жылу орталығының 2015-2020 жылдарға ар­налған инвестициялық бағдарламасы бар. Оған «Нұрлы жол» бағдарламасы, ЕҚҚДБ (Еуропалық қайта құру және даму банкі), бюджет және кәсіпорынның өз қаражаты есебінен барлығы 16 млрд теңге­ден астам қаржы қарал­ған. Соның 152 млн теңгесі «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Оңтүстік бу қазандығы филиалына жөндеу жұмыстарына жұмсалыпты. Баспасөз туры барысында бу қазандығының жұ­мысы мен онда жүргізілген жөндеу жұмыстары таныс­тырылды.

– Біз облыс әкімі Қ.Елеуұлының өз мәселемізді айттық. Себеб­і осы бу қазандығының шатыр­ы  өте  күрделі  жағдайда болатын. Тіпті, төменде жұмыс істеп жатқан адамдардың үстіне құлап кете ме деп қауіптендік. Сондықтан күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесуін сұрадық. Аймақ басшысы біздің өтінішімізді қанағаттан­дырды. Қарап отырсаңыздар, ғимарат шатыры толығымен жаңартылған. Сондай-ақ, терезе­лері, кафельдері де ауыстырылды, сырты әрленіп, жаңартылды­. Яғни күрделі жөндеу  жұ­мыстары  жүргі­зілді. Сонымен қатар ішкі қонды­рғылар  мен  құбырлардан бөлек 1 жылу желіле­ріне су айдайт­ын желі­лік насос пен бу қазандығына су айдайтын  2 насосты жаңарттық,- деді Оңтүстік бу қазандығы фи­лиалының бастығы Данияр  Дербисалиев.

Осылайша  басшылық биыл  жылуға  қатысты  мәселе болмайды деп отыр. Ал егер қандай да бір мәселе туындай қалса, Қызылорда қаласы, Марал ишан көшесі, №1 мекенжай бойынша немесе қала бойынша жұмыс істейтін 8 эксплуатациялық учаскелер­дің арызданушының өзі қа­райтын бөлімшесіне шағымдануына болатынын айтты. Одан бөлек 25-02-45, 25-00-70 авариялық қызмет нөмірінің де  жауап  береті­нін  жеткізді.

Жансая   ЖҮНІСОВА

 


СЫР АҚЫНЫ СҮЙІНШІЛЕТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.10.2018 18:03

Астана қаласының 20 жылдығына арналған “Жыр арқауы – Астана” атты халықаралық ақындар айтысы қорытындыланды. Елорда төрінде Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған сөз сайысына берісі Қазақстаннан, арысы Қырғызстан мен Моңғолиядан барлығы 20 ақын қатысты. “Қазақстан” орталық концерт залында екі күн бойы сөз барымтасына түскен айтыскерлер ел көкейінде жүрген ойларды айтты­, елдікті, ерлікті жырлады. Алғашқы күні ақындар 10 жұпқа бөлініп, Астананы биікке көтеріп те, төменге түсіріп те жатты.

Айтысқа Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет баста­ған, Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, этнограф Шынай Рахметұлы, Түркияның Мимар Синан көр­кемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қара сынды шетелдегі қандастарымыз қос­таған бірқатар өнер майталмандары қазылық етті.

Сөз барымтасына Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Ержан Әміров сынды қызыл­ордалық үш ақынымыз қатысты. Ержан ақын алғашқы айналымда сүрінсе, Мейірбек финалдық айтыс­қа шығып, екінші орынға иелік етті. Ал, алғашқы айналымда алматылық Рүстем Қайыртайұлымен сөз қағыстырған Мұхтар ақын финалда қарағандылық Дидар­ Қамиевке қарсылас атанды. Осылайша, қазылар алқасының сенімінен шыққан жерле­сіміз суперфиналда азулы ақын Ринат Зайтовпен шықты. Шыны керек, көрерменмен жұмыс істеу­де, оларды қарата білуде Ринатқа жетер ақын жоқ. Оның экраннан қиылып қалған сөздерін жұрт­шылық тіпті жаттап та алған. Соңғы күндері айтысқа шықпай жүрген ақынды көрермендердің сағынып  қалғанын  байқау  түк  те қиын емес. Ал, сырбойылық ақынның суырыпсалмалық өнері, шаппа-шап айтыста шашасына шаң жұқтырмайтыны көп­шілікке аян. Сонымен, ақындар аянып қалмады. Жарты сағатқа жуық шайқасты. Қорытындысында кімнің жүйрік екенін анықтау қазыларға да оңайға соқпа­ды. Сөйтті де, бас жүлдені екеуі­не де берді. Қос ақын да 7 млн теңгенің сертификатына ие болды­. Екінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Рүстем Қайыртайұлы алса, үшінші орынды Айбек­ Қалиев, Мақсат Ақанов пен Серік Қойшығұловтар еншіледі. Одан бөлек бес ақынға арнай­ы  жүлде тағы бар. Қатыс­қан ақындардың ешқайсысы да тойдан­ құралақан қайтқан жоқ.

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

 


Қызылордада жобалық топ теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен күресетін болады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.10.2018 09:44

Ағымдағы жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында теміржол жолаушылар көлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімге сәйкес «Адал жол» жобалық кеңсесі құрылды.

Жобаны Қызылорда облысында іске асыру үшін көліктік бақылау инспекциясының, желілік ішкі істер бөлімінің, теміржол саласындағы кәсіподақ өкілдері мен облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерінен құралған жобалық топ құрылып, өз жұмысын бастап кеткен болатын.

Осыған орай, жобалық топтың отырысында теміржолмен жолаушылар тасымалдауда болуы мүмкін жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жою, халыққа сапалы қызмет көрсету бағытындағы проблемалық мәселелер талқыланды.

Отырыс барысында Агенттіктің облыстық департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Бағдат Ізкенов: «Агенттік департаменті, арнайы мониторингтік топ өкілдері, құзырлы мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Қызылорда қаласының теміржол вокзалында қала тұрғыны Н.Д. деген азаматтың жолаушыларға Шымкент қаласына пойызбен кедергісіз жетуіне көмек ұсынатындығы анықталды. Осыған сәйкес бұл азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 22550 теңге айыппұл салынды. Біз осындай жасырын заңсыз қызмет ұсынатын қосалқы көмекшілерді бірлесіп анықтау жұмыстарын «Адал жол» жобасы аясында жалғастыруымыз қажет» - деді.

Б.Әбдіқадыров

 


Құтқарушылар күні мерекесі аталып өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.10.2018 09:28

2018 жылғы 19 қазанда А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Құтқарушылар күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Кәсіби мереке аясында Департаменттің және қалалық, аудандық бөлімшелердің жеке құрамына төтенше жағдайлар саласы ардагерлерімен кездесу, төтенше жағдайларда қаза болған өрт сөндірушілердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою, қызметкерлердің балалары арасында сурет салу сайыстары, сонымен қатар Қызылорда қаласының орталық алаңында қала халқы мен қонақтары үшін қазіргі заманауи құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларының көрсетілімі ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынға ҚР ІІМ ТЖК-нің облыс аумағында орналасқан құтқару бөлімшелерінің және Департаменттің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларына тікелей атсалысқан басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, облыстағы төтенше жағдайлар саласы ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиынға қатысқан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов төтеншеліктерді облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады, Ресей Федерациясының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың зардаптарын жою ісі жөніндегі Министрлігінің №70 Федералдық өртке қарсы қызметінің арнайы басқармасының бастығы, ішкі қызмет полковнигі Андрей Заровский құттықтады.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға белсене қатысқан, Қазақстан Республикасында өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде табыстарға қол жеткізген қызметкерлерді Министрдің, Төтенше жағдайлар комитетінің ведомствалық медальдарымен, құрмет қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапаттады. Құтқарушылар күні мерекесі аясындағы салтанатты жиында құтқару бөлімшелерінің 30-дан аса қызметкеріне ведомстволық марапаттарды табыстады.

Кәсіби мереке қарсаңында өткізілген қызметкерлер балалары арасындағы сурет салу сайысына қатысқан жас бүлдіршіндер де назардан тыс қалған жоқ. «Құтқарушы – бала көзімен» тақырыбында сурет салу байқауында 1-орынды №264 мектептің 5-сынып оқушысы Малика Өтегенова, 2-орынды №43 мектептің 4-сынып оқушысы Құндыз Өмірзақ, 3-орынды №136 мектептің 3-сынып оқушысы Ясмин Орынбасар иеленді. Сайыстың жеңімпаздары дипломдармен, ойыншықтармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты шара соңы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар және ішкі істер департаменттерінің қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Айгүл Нұрманова,

Қызылорда облысы ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 


Көмірден мәселе жоқ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.10.2018 18:08

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі 2018 жылдың 22 қазанындағы жағдай бойынша облыс орталығындағы көмір қоры туралы мәлімет таратты.

Қызылорда қаласы бойынша жалпы қатты отынға қажеттілік 43 100 тоннаны құрайды. Оның ішінде:

- әлеуметтік нысандарға - 923 тонна;

– қала тұрғындарына – 42 177 тонна.

Бүгінгі таңда әлеуметтік нысандарға қажетті 923 тонна қатты отынның 345 тоннасы алынды. Атап айтқанда, білім беру мекемелеріне жоспарланған 897 тонна қатты отынның 319 тоннасы алынды. Қалған 578 тоннасы 2019 жылдың қаңтар айында алу жоспарланған. Себебі, қазіргі алынған қатты отын қоры жеткілікті және қалғаны келісімшарт бойынша кестеге сәйкес алынады.

Айта кетейік, қатты отынмен қамтамасыз етілетін барлығы 4 мектеп (№128, №143, №175 және №218 мектептер). Сұйық отынмен жылытылатын 14 мектепке 32 тонна май 27 қыркүйекке дейін құйылады, бүгінгі күні 5 мектепке құйылды.

Ал, мәдениет нысандары бойынша жоспарланған 26 тонна қатты отын толығымен алынды. Яғни, қатты отынмен қамтамасыз етілетін барлығы 4 кітапхана (Ақжарма, Қызылөзек, Қосшыңырау, Қарауылтөбе).

Қала тұрғындарының қажеттілігі 42 177 тонна болса, оның 34 751 тоннасы тұрғындарға жеткізілді (82,3%).

Ал, қазіргі таңда қаладағы көмір базаларында 690 тонна қатты отын қоры бар.

Еске салайық:

- «Қызылорда Отын» ЖШС 621 тонна тас көмір, бағасы - 13 000 тг,

- «Олжас-2005» ЖШС 138 тонна қаражыра көмірі жолда келе жатыр,бағасы - 15 000 тг.

- ЖК «Бахадуров» 69 тонна тас көмір, бағасы – 14 000 тг,

ЖК «Бек» 621 тонна шұбаркөл көмірі жолда келе жатыр. 23 қазан күні түстен кейін болады деп хабарлануда. бағасы - 14 600 тг

 


Қазалы ауданында 9 айда 400,1 млн теңгені құрайтын 124 жоба қаржыландырылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.10.2018 18:04

Бұл туралы кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиалы директоры Ермек Аймаханов Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Қазалыдағы Палата қызметкерлері өткен жылы кәсіпкер болуға ниетті 1160 адамға 3480 кеңес берсе, 2018 жылдың 9 айында 600 азаматқа 1728 кеңес көрсеткен.

«Кеңес беруде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттап, түсіндіру, кәсіпкерлерді құқықтық қолдау, несиені алу, мақсатты жұмсау және қайтару мәселесіне басымдық берілді», - дейді баспасөз мәслихатында Ермек Аймаханов.

Ауданда сервистік қолдау алатын азаматтардың да қатары артқан. Мәселен, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге, сондай-ақ, статистикалық есептілікті жасауға байланысты өткен жылы 185 кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, осы жылдың 9 айының өзінде 208 кәсіпкерге қызмет көрсетілген.

Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиал кеңесшілері 9 айда 486,9 млн теңгені құрайтын 162 жобаға бизнес-жоспар әзірлеген.

«Ауыл кәсіпкерлері аудан орталығына келіп уақыт жоғалтпасын деп онлайн-кеңес беру жүйесін енгіздік. Яғни кез келген азамат кәсіпкерлікке қатысты туындаған сұрақтар бойынша ауылдық округ әкімдігіне барып, бізбен Hangouts байланыс жүйесі арқылы қосыла алады. Бүгінде біздің мамандар кеңесті осы тәсілмен де беріп жатыр», - дейді Палатаның Қазалы аудандық филиалының директоры.

Баспасөз мәслихатында Ермек Аймаханов Қазалыда біліктілігін жетілдіріп, кәсібін ашқысы келетін азаматтар қатарының артқанын да жеткізді. Мәселен, Палатамен кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 2017 жылда 141 азамат оқыса, 2018 жылдың 9 айында 249 қазалылық біліктілігін жетілдіріп, арнайы сертификаттарға қол жеткізген.

Сұранысқа ие жобалардың бірі – «Бастау» жобасы. Биылдың өзінде аталмыш жоба аясында 109 азамат оқып, 87-сі өз жобасын сәтті қорғап шыққан.

Нәтижесінде түрлі бағдарламалар аясында оқыған азаматтардың ішінде 9 айда Қазалыда жалпы құны 400,1 млн теңгені құрайтын 124 жоба қаржыландырылған.

Қызылорда  облысы

кәсіпкерлер  палатасының  баспасөз  қызметі

 


Қызылордалық жеке балабақшаларға 300 млн. теңге қаржысы төленетін болды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.10.2018 11:18

Бұл жағымды жаңалықты «Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақстандық қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының директоры Наталья Мишукова жеткізді.

Айта кету керек, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғауда ұзақ мерзімге созылған мәселелердің бірі – мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметіне қатысты болды. Атап айтқанда, Қызылорда қалалық білім бөлімі 206 жеке балабақшаға 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында көрсеткен қызметі үшін төленетін субсидия бойынша 558 млн. теңге қарыз болып, мерзімінде төлей алмады.

Бұл мәселе қала, облыс басшылары мен прокуратура органдарында, мәслихат, Парламент депутаттарының алдында да бірнеше рет көтерілді.

Өз кезегінде, Қауымдастық филиалының директоры Наталья Мишукова: «Біздің облыс - «Балапан» бағдарламасы бойынша балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен толық қамтамасыз еткен өңір. Алайда өткен жылдан бері салада шешілмей тұрған мәселе бар. Қызылорда қаласындағы 206 жеке балабақша 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларына мемлекеттен бөлінген субсидияны ала алмады. Бұл кәсіпкерлердің басым бөлігі қызметкерлеріне, салық органдарына, өзге де ұйымдарға қарыз болып отыр. Кей кәсіпкерлер қызметкерлеріне уақытылы айлығын төлеу үшін несие алуға да мәжбүр болды. Мәселенің шешілуіне қолдау көрсетсеңіздер», - деп барлық инстанцияда мәселені көтеріп келді.

Жақында Кәсіпкерлер палатасына «Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақстандық қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалы басшылығынан хат келді.

Хатта Наталья Мишукова: «Қызылорда қаласындағы жеке балабақшалардың 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында көрсеткен қызметіне қатысты мәселе оң шешілгендігін жеткіземіз. Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 9 айдан бері осы мәселенің басы-қасында болып, үлкен қолдау көрсетті. Нәтижесінде қалалық бюджеттен 300 млн. теңге қаржы бөлініп, жеке балабақшаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Көрсеткен көмектеріңіз бен қолдауларыңызға алғысымызды білдіреміз!», - деп жазған.

Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айында кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бойынша Палатаға 134 өтініш түсіп, оның 66-ы немесе 49,2 пайызы оң шешілді.

Нәтижесінде бизнес өкілдері 982,8 млн. теңге қаржысын сақтап қала алды. Оның ішінде қаржының 73 пайызы орта кәсіпкерлік субъектілерінікі болса, 27 пайызы - шағын бизнестікі.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУҒА МҮМКІНДІК БЕРДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.10.2018 10:52

Жедел жәрдем бригадаларының саны 56-дан 75-ке дейін көбейді. Диспетчерге қоңырау түскеннен бастап жедел жәрдемнің науқастарға жету уақыты 11,2-ден 8,9 минутқа дейін азайды.

Ағымдағы жылдың 9 айында жедел жәрдем қызметін пайдаланушылар саны 1000 адамға шаққанда 22,5%-ға төмендеген, тиісінше қоңыраулар саны 23,4%-ға азайды.

Естеріңізге сала кетейік, республика бойынша өткен жылдың шілде айынан бастап денсаулық сақтау министрінің №450 бұйрығына сәйкес ережелер бекітіліп, жедел жәрдем қызметі жаңартылуда.

Қабылданған шаралардың арқасында Қызылорда облысында жедел жәрдем бригадаларының саны 56-дан 75-ке дейін көбейді.

«Аймақта халықтың қажеттіліктері толығымен қамтамасыз етілген. Өңірде 47 облыстық жедел жәрдем мен (20-сы қалада және 27-сі аудандарда) 28 шұғыл медициналық көмек станциясы жұмыс істеп тұр. Облыстық жедел жәрдем станциясында 18 дәрігерлік және 29 фельдшерлік бригада бар. Шұғыл медициналық көмек бекеттерінде барлығы фельдшерлік бригадалар болып табылады»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ақмарал Әлназарова.

Жедел жәрдем бригадаларының бағытын анықтап отыру үшін GPS-навигаторымен жабдықталған.

«Қабылданған шаралардың арқасында кешігу-47,3, нәтижесіз қоңыраулар 13,3 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, сәтті реанимациялау 2 есеге артып, ауруханаға жетпей қайтыс болу жағдайлары 2,9 пайызға азайса, ал жедел жәрдем бригадаларының қызмет сапасы 44,7 пайызға жоғарылады. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметінің диспетчерге қоңырау түскеннен бастап науқасқа жету уақыты да орта есеппен 11,2-ден 8,9 минутқа дейін, ал жол-көлік оқиғасы болған жерге жету орта есеппен 10 минутқа қысқарды»,-деп хабарлады А.Әлназарова.

Атап өтейік, инсульт алған науқастарға көмек көрсетілетін медициналық ұйымға бастапқы 40 минутта жеткізу қызметі 23,5 пайызға артса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 58,1 пайызды, 2018 жылы 90,3%-ды құрап отыр. Республикалық көрсеткіш - 75 пайыз.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Молшылық мерекесін тойлар сәт жақын PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.10.2018 10:42

«Туған ай тураған етпен тең» деседі. Әні-міне дегенше қазан айы да орталанды. Диқан қауымның жаз бойы төккен терінің жемісін татар шағы. Табиғаттың нағыз құбылмалы шағы. Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өміртай Өтеп-Әлімен тілдесу барысында  жауапкершілік жүгінің оңай еместігін терең түсінгендеймін. Жайшылықта байсалды мінезді құрдасымның жүзінде мазасынданғандық белгісі анық байқалады. Олай етпегенде ше? Өмекеңнің қазіргі сәттегі бар тілегі күн қабағының ашық болып, ел ырзығы күріштің ысырапсыз жиналып, қамбаға жеткізілуі десек, қателеспейміз.

Өтеп-Әліден білгеніміз, ағымдағы жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру 17 790 гектарға межеленіп, өткен жылмен салыстырғанда 435 гектарға ұлғайту жоспарланыпты. Оның 6800 гектары күріш болса, қалғандары дәнді, малазықтық дақылдары, картоп, көкөніс, бақша егуге арналған. Айта кетерлігі, дақылдарды орналастыруды әзірлеу барысында әртараптандыру бағытындағы егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән беріліпті. Нәтижесі бөтен болмапты. Өткен жылмен салыстырғанда мақсары, жаздық бидай, тары ауқымы өсіп, арпа 103 гектар жерге себіліпті. Оған қоса ауданда тұңғыш рет «Рза-Агро» ЖШС аса құнарлы малазықтық дақылдары саналатын түйе жоңышқа, судан шөбі, сорго, соя өсіруді қолға алыпты. Егінді күтіп-баптауға баса мән беріліп, қажетті мөлшерде минералды тыңайтқыш сатып алынып, күріш арамшөптеріне қарсы қолданатын гербицидпен толық қамтамасыз етілген екен. Сондай-ақ, дақылдардың өсу дәуірі барысында оңтайлы мерзім ішінде тиісті агротехникалық шараларға сай күтіп-баптау жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілгенге ұқсайды.

Шаруашылықтар егілген күріш егісін үстеп қоректендірумен бірге арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жасаған. Нақты кезеңде жаздық бидай түгел жинап алынды. Әр гектардан орташа өнім 10,5 центнерден айналса, арпа мен мақсарыдан да жиналған өнім бөтен емес. Сонымен қатар, бүгінге дейін 61,0 мың тонна табиғи шөп дайындалыпты.

Енді ауданда күріш жинау жұмыстары қалай жүруде деген сауалға тоқталсақ. Қолымыздағы дерекке (15.10.2018 жыл) сүйенсек, күріш түгелдей орылып, 5944 гектары бастырылды. Қырманға 23255 тн күріш салысы құйылып, орта өнім гектарына 39,1 центнерден айналуда. Егін орағына қатысады деп жоспарланған ауыл шаруашылығы техникалары 100 пайыз егін алқаптарында жүр. Олардың қатарында Джон-Дир, Магдон аталатын жатка мен 12 дана Джон-Дир, Класс деген шетел фирмаларының жоғары өнімді комбайн техникалары барын атап кеткен жөн.

Ауданда молшылық мерекесін тойлар сәтте жырақ емес.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары