Өзекті мәселелер

  • 13.06.19

    Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі ө...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-ша...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    «Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым ие...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап,...

    Толығырақ...
Қазан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.10.2018 14:58

Қызылорданың Жылу электр орталығында жылу беру маусымына дайындық бойынша облыстық штабтың көшпелі отырысы болып, онда дайындық жұмыстары қорытындыланды.

Кездесуді ашқан облыс әкімі Қ.Көшербаев өткен жылы облыс кәсіпорындары штаттық тәртіпте жұмыс істегенін атап өтті.

«Жылу беру маусымында коммуналдық кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету керек. Бұл өте маңызды кезең, оны тиісті деңгейде өткеруіміз қажет.  Барлық жұмыстарды 1 қазанға дейін аяқтау туралы тапсырма берілген болатын», - деді аймақ басшысы.

Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындығы туралы облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Медет Усаин баяндады.

«Облыста жылу беру маусымы уақытында басталды. Аудан және қала әкімдерімен, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мәліметіне сәйкес, барлық 1166 әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етілді. Оның ішінде Қазалы ауданында-12-сі, Аралда-13-і, Сырдарияда-14-і, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарында 15 қазаннан бастап жылу берілді. Қызылорда қаласы 13 қазанда, ал 15 қазанда 692 көпқабатты тұрғын үйдің 636-сы орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылды. Сондай-ақ, қалған 56 тұрғын үйді жылуға қосу жалғасуда. Жалпы жылу беру маусымы бақылауда тұр », - деді Медет Усаин.

Айта кету керек, жылу маусымына дайындық жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында қолға алынып, сол уақытта жөндеу жұмыстары мен қысқы маусымға көмір сатып алу басталған болатын.

Қызылорда ЖЭО басшысы Руслан Нұрмағанбетовтың айтуынша, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шараларға сәйкес жүргізілді.

«Облыстық бюджеттен 250 млн. теңге, кәсіпорынның есебінен - 204 млн. теңге бөлініп, «Қызылордажылуэлектрорталығының»  №6, 9 бу қазандықтарына, №3, 6 газтурбиналық қондырғыларына, «Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» филиалы мен «Қазалы Теміржолжылу» филиалы қазандықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» филиалының шатыры күрделі жөндеуден өтті. Ал, химиялық цехтың шатырын жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1 қарашасында аяқталады», - деді Руслан Нұрмағанбетов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге үздіксіз және жоғары сапалы жылу, электрмен қамтамасыз етуде жауапкершілік танытып, көмір сату пункттері бойынша мониторинг жасап, жеткізу кестесін және отын бағасын қадағалауды тапсырды.

Атап өтейік, алдағы жылу беру маусында әлеуметтік-мәдени нысандардың қажеттілігі – 28 мың тонна қатты және 25 мың тонна сұйық отын, жергілікті тұрғындардың қажеттілігі  207 мың тоннаны құрайды.

Штаб отырысын қорытындылай келе, аймақ басшысы өңір тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды аяқтау керектігін айтты. Сондай-ақ, жылумен жабдықтау үшін мемлекеттік қарыздарды жинау бойынша рейдтік науқан өткізуді, көп қабатты ғимараттарда жылу энергиясын есептегіш орнату жұмыстарын жалғастыруды және әлеуметтік нысандарға газ беру жөніндегі шараларды ұйымдастыруды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 мамырында облыс әкімінің бұйрығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша облыстық штаб құрылды және іс-шаралар жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда аймақта штабтың 7 отырысы өткізілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


900 бозбала әскерге аттанады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.10.2018 15:44

Ағымдағы жылдың күзгі науқанында облысымыздан барлығы 900-ге жуық азамат Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына жіберілетін болады. Бұл туралы Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Еркінбек Байболов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Жалпы, күзгі науқан жұмыстары 9 қыркүйек пен 28 желтоқсан аралығында өтеді. Бүгінгі күні 1991-2000 жылдары туған 200-ге жуық азамат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарында орналасқан әскери бөлімдерге жөнелтілді.

Сонымен қатар қазіргі таңда 300-ге жуық жасты ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдерге және 16 азаматты ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне жіберу жұмыстары жүргізілуде. Екі әскери құрылымға арналған шаралар қазанның 19-ына жоспарланып отыр. Ал әскерге шығарып салу салтанатты шарасы қаламызда орналасқан батырлар ескерткіші жанында ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, сарбаздардың тағы бір бөлігі ҚР ІІМ Ұлттық Ұланына қараша, желтоқсан айларында аттанады деп күтілуде.

Айта кетейік, әскерге барар алдында жинақтау пунктінде Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері және психологы 3 күн бойы сарбаздармен және олардың ата-аналарымен қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Түсіндірме жұмысы барысында олар сарбаздардың бара жатқан әскер түрі және әскери бөлімнің ерекшелігі жайында мағлұмат береді. Сондай-ақ, қоғамның ауыр індетіне айналған  сыбайлас жемқорлық және өзге де келеңсіз жайттарға жол бермеу үшін арнайы құзырлы органдардың сенім телефондары туралы ақпарат таратылады.

Ескертетін жайт, бүгінде елі мен жерін қорғау үшін әскер қатарында шыныққан азаматтардан үлгі алу мақсатында «Көктем-2018» әскер қатарына шақыртылған сарбаздардың әскери бөлім командирлеріне арнайы хат жолданыпты. Енді бұл бойынша жақсы тәртібімен ерекше көзге түскен сарбаздар туралы «Сыр елінің үздік сарбазы» атты тақырыппен арнайы БАҚ беттерінде мақалалар жарияланып, олар өздерінен кейінгі інілерінің патриоттық рухын оятатын болады.

Жансая  ЖҮНІСОВА

 


“СЫРДАРИЯ” ҚҰШАҒЫН АШТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.10.2018 16:25

Сұлулыққа сүйсіне білу керек. Қабырғаны айналып сурет көрмесін аралап жүрмін. Егер онда картиналар ілінбеген болса, сырттан қараған адам басқаша ойлауы да мүмкін. Ал, салынған суреттің мән-мағынасын ұғынбаққа тырысып жүрген жанға сырттан бақылап тұрған кісі құрметпен қарауы тиіс. Өйткені, өнерде шекара болмайды.

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында қалалық көркемсурет галереясында КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Сыр өңіріне арналған бірқатар картиналардың және Мұстафа Шоқай, Әбділда Тәжібаев, Жанқожа батыр ескерткіштерінің авторы Аманкелді Кененбаевтың “Сырдария” атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

“Сырдария”, “Тораңғыл”, “Плоды моей земли...” және тағы да басқа. Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында туған жер тақырыбына баса назар аударылды. Әрине, туған жерге ту тігетін халықтанбыз, оның үстіне “ер жігіт туған жеріне...” деген бар. “Көрме тақырыбын ауқымды етіп алғаным рас. Бірақ, шығармаларым бұл жүкті көтере алады деп ойлаймын” дейді суретшінің өзі. Жыл басында ғана қылқалам шеберінің Алатаудың бөктерінде, суретші Әбілхан Қастеев есімін иеленген музейде “Сұлутөбе” атты жеке көрмесі өткен болатын. Сіздің ойыңызша, Сұлутөбе – суретшіні тудырған ауыл. Ал, біздің ойымызша, Сұлутөбе – суретшінің әр суретінде қылаң беретін әсем көрініс.

Көрме аясында А.Кененбаевтың шығармаларының басын қосқан кітабының да тұсауы кесілді. Көрмеге суретшінің жергілікті және өзге де облыстардағы достары арнайы келді. Сондай-ақ, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы да ат басын бұрды.

- Өз бастауын ғасырлар қойнауынан алатын Сырдың қасиетті де қастерлі топырағы талай талантты тұлғаларды дүниеге әкелді. Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Қожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосты. Ал, Аманкелді Кененбаев – Сыр бойы бейнелеу өнерін биікке көтеріп келе жатқан ерекше есім. Суретшінің 2015 жылы АҚШ пен Жапонияда өткізілген көрмесі талғампаз қонақтардың назарын аударғанын білеміз. Францияның Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың мүсіні де Аманкелдінің қолынан шыққан. Өзіміз күн сайын көріп жүрген Жанқожа батырдың еңселі ескерткіші мен ақын Әбділда Тәжібаевтың тас мүсінінің авторы да – осы суретші. Бұған дейін жыл басында еліміздің рухани астанасы Алматының төрінде “Сұлутөбе” атты жеке көрмесі ашылса, бүгін суретшінің “Сырдария” атты көрмесі назарларыңызға ұсынылып отыр, - деді облыс әкімі.

Қылқалам шеберін Алматыдан келген өнертанушы Ирина Юферова да құттықтап, сөз сөйледі. Өз кезегінде суретші облыс басшысынан бастап, мәдениет саласының дамуына қолдау білдірген ел азаматтарына алғысын білдірді. Аймақ басшысы көрмені бастан-аяқ тамашалап, А.Кененбаевқа шығармашылық табыс тіледі.

Айта кетейік, Аманкелді Кененбаевтың туындылары ТМД елдерінде және АҚШ, Канада, Португалия, Венгрия, Израиль, Норвегия, Германия, т.б. мемлекеттердегі көрмелерде қойылған.

Рыскелді  ЖАХМАН

 


Басты басымдық – бұқараның тұрмыс сапасын арттыру PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.10.2018 12:10

Елбасының кезекті Жолдауына байланысты қала әкімі Н.Нәлібаевтың қатысуымен актив отырысы өтті. Жиында Президент ұсынған бастамалар талқыланып, шаһарда атқарылған ілкімді істер тілге тиек етілді.

-        Елбасының әрбір Жолдауы – тарихи құжат. Еліміздің стратегиялық даму жолының темірқазығы. Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқандай, «қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты». Бұл бағыттағы межеленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін біздің алдымыздағы нақты міндеттерді айқындап берді. Олар – халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтардың еліміздегі өзгерістер үдерісіне атсалысуы. Алты тараудан тұратын осы міндеттер – дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміздің негізгі бағдарламалық құнды құжаты. Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіру, көрсетілген міндеттерді аймақ көлемінде жүзеге асыру бойынша облыстық актив отырысында Қырымбек Елеуұлы негізгі бағыттарды айқындап, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Мемлекет басшысының бастамасымен бастамасымен өмірге келген жаңа бағдарламалар мен тың идеялардың ықпалымен, облыс әкімінің қолдауының арқасында Сыр елінің орталығы – Қызылорда қаласында маңызды мәселелер шешімін табуда, - деді қала әкімі Н.Нәлібаев.

Шаһар басшысының сөзінше, жыл басында қала бюджеті 42 миллиард теңгемен бекітілсе, бүгінгі күні ол көрсеткіш 51 миллиард теңгеге жеткен. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен 467 миллиард теңгенің өнімдері өндірілген. Ал өңдеу өнеркәсіп саласында 24 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда біршама артқанын байқауға болады. Кез келген елдің экономикалық дамуы шағын және орта бизнеспен өлшенеді. Осыны ескерсек, қалада кәсіпкерлік саласы да өркендеп келе жатқанын алға тартамыз. Бүгінгі күні облыс бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысанның 49 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Жолдаудағы аса басымдық берілгені – бұқараның тұрмыс сапасын арттыру. Әрбір тұрғын қолжетімді баспанадан бастап түрлі қажеттіліктермен қамтылған қауіпсіз қоғамда өмір сүруі қажет. Оның ішінде сапалы білім мен жоғары санаттағы медициналық қызмет те ерекше орында. Осы тұста қала әкімі жыл сайын қала бюджетінің 45-50 пайызын білім саласына жұмсап келе жатқанын мәлімдеді. Былтыр білім саласына 18 миллиард теңге бөлінсе, биылғы көрсеткіш – 21 миллиард теңге. Мемлекеттен қыруар қаржы құйылып жатыр. Аталмыш сала басшылары мен кәсіби мамандардың жауапкершілік жүгі арта түсті.

Актив отырысында облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Жақсылықов ашық ой-пікірін айтты. Бастысы, Елбасының ұстанған саясатын қолдап, Жолдауға қолдау білдірді.

Ж.Қойшыбекова

 


Жемқорлық жасағандарға 80 млн теңгенің үстінде айыппұл салынған PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.10.2018 11:15

Жыл басынан бері облыс соттарының өндірісіне түскен талап қою арыздарының саны өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 9,6 пайызға азайған. Мысалы, 2017 жылдың 9 айында 24156 талап арыз болса, биылғы 9 айда бұл көрсеткіш 22 041 болған. Есесіне азаматтық істер бойынша апелляциялық сатыға шағымданғандар көп. Егер өткен жылдың тоғыз айында апелляциялық сот алқасына 1041 іс түскен болса, биылғы жылдың есепті мерзімінде олардың саны 2853-ке жеткен. Бірінші сатыға түскен істердің аз болуына қарамастан, олардың екінші сатыда көбеюін Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхады Шығамбаев банк істерінің артуымен түсіндірді.

Биыл өзге жылдарға қарағанда банктік істер көп. Себебі осыдан бірнеше жыл бұрын тұрғындарға берген несиелерінің үстінен заңсыз пайыздық үстемелер алып келген банктерге кредит алушылар шағымданып жатыр. Олар заңсыз алынған пайызды қайтарып алу үшін сотқа арыздануда. Тұрғындар арызы заңды болғандықтан, бұл істер бірінші сатыда оң шешімін табады. Алайда банк өздерінің істерінің дұрыс емес екенін біле тұра, қайта апелляцияға беріп жатыр,- деді Әділхады Жұмабайұлы 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында.

Есесіне қылмыстық істер бойынша үкіммен келіспей, қайта шағымданатындар азайыпты. Мысалы, ағымдағы жылдың 9 айында сот өндірісіне түскен 1260 қылмыстық іс бойынша 203-і ғана үкіммен келіспепті. Бұл жалпы істер санының 16 пайызын құрайды. Былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 12,8 пайызға кем. Алайда кісі өлтіру (+3), пара алу (+4), алаяқтық (+24), тонау (+14) деректерінің көбейгені байқалады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша сотты болған 24 адамның тек 3-4-еуіне бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалса, қалғанына айыппұл салыныпты. Жалпы салынған айыппұлдың сомасы 84 млн 918 мың теңгені құрайды екен. Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбеттің айтуынша, бүгінгі күні салынған айыппұлдардың 40 млн теңгеден астамы өндіріліпті. Солардың ішінде ауыл әкіміне салынған ең жоғарғы 10 млн теңге айыппұл да бар екен. Сонымен қатар жаңадан қабылданған химиялық кастрациялау заңы 1 адамға тағайындалыпты. Бақытжан Мүсілімбекұлы қылмыстық істің жабық өтуіне байланысты бұл заңның нақты кімге, қай оқиға байланысты қолданылғанын айтпады. Ал елді елең еткізген «Ягодка» саяжайында болған оқиғаға тікелей қатысы бар қылмыскер арнайы есепте тұратын болғандықтан, жазадан құтылып кеткен. Қазіргі таңда ол ауруханада ем қабылдауда екен.

Статистика әкімшілік істердің де азайғанын көрсетеді. 2018 жылдың 9 айында (8155) облыс соттарының өндірісіне былтырғы жылдың есепті кезеңімен (9414) салыстырғанда 1025 іс кем түссе, 144 іс апелляциялық тәртіпте қаралған. Сондай-ақ осы сотта электронды сот төрелігін дамыту бойынша бірқатар жобалар қолға алынған болатын. Соның бірі – «Виртуалды сот» жобасы. Яғни бұл бойынша іске келуге мүмкіндігі болмайтын адаммен Skipe жүйесі арқылы-ақ байланысып, шешім шығарыла береді. 2018 жылдың шілде айынан басталған бұл жобамен бүгінгі күнге дейін 21 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралып бітіпті. Ал «Түнгі сот» жобасы бойынша 18 сот процесі құқық бұзушылардың жұмыста болуына байланысты жұмыстан кейінгі уақытқа тағайындалып, қаралған.

Жансая  Жүнісова

 


Қазалылықтар Жолдауды талқылады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.10.2018 10:41

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Актив жиынына депутаттар, мекеме мен бөлім басшылары, ардагерлер, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Актив жиынын ашқан Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов Президент Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы ауданның атқарушы органдарының жұмысы туралы баяндама жасады. Өзінің сөзінде Әлімжан Мұратбайұлы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мәселелерін шолып өтіп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырма берді. Жиында облыстық мәслихат депутаты И.Тілеп, ардагер-ұстаз К.Мергенбаева, медицина саласының қызметкері С.Жақыпбекұлы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ Қазалы аудандық бөлімінің басшысы О.Ахметов Жолдаудағы басым бағыттар, қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат болып табылатындығын айтты.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Ә. Жарылқағанов Жолдауды өңір тұрғындарына кеңінен түсіндіретін ақпараттық-насихат топтарын құруды, медиа-жоспар дайындап, БАҚ арқылы да насихат жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


ТЕҢІЗБЕН ТАҒДЫРЛАС ТАЛАНТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.10.2018 10:38

Аудандық мәдениет үйінде жазушы-эколог Сайлаубай Жұбатыровтың 70 жылдық мерейтойына орай кездесу кеші өтті.

Теңіздей тебіреніп, тылсым табиғатпен тілдесіп, орамды ойларын оқырманмен бөлісіп, еселі еңбегімен елге танылған жерлесіміз, белгілі қаламгер Сайлаубай Жұбатырұлы 70 жасқа толып отыр.

Кездесу кеші жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы шағын деректі фильм көрсетілімімен басталды.

Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы жазушының шығармашылық жолына тоқталып, еңбек жолында Арал теңізінің экологиялық мәселесін көтере білген бірден-бір азамат екендігін айта келе, мерейтойымен құттықтап, сый-сияпат табыс етті.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Дәуренбек Жолдасұлы мерейтой иесіне өзінің ізгі лебізін білдіріп, алғыс хат табыстады.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алдажар Әбілов жазушы шығармаларының ерекшеліктерін, теңіз бен адам тағдыры сынды бірнеше мәселелерді бір шығармада ұштастырып, оқырман қауымға жеткізудегі шеберлігін айтып өтті. Сондай-ақ, Арал топырағынан шыққан белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылық жолдарына тоқталды.

Кеш барысында сөз алған Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, дербес зейнеткер Шәкірат Дәрмағамбетов жазушыны құттықтап, өз естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа өнеге боларлық өсиет әңгімелерін ортаға салды.

Жазушы кеш соңында барша тілектес жақындарына, кеш ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.

Шығармашылық кеште Сайлаубай Жұбатыровтың әріптестері мен замандастары, жақындарының жылы лебіздері айтылып, концерттік бағдарламаға ұласты.

Осылайша теңіз тебіренткен талант 70 жылдық мерейтойында туған жерінде ерекше құрметке бөленді.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


«ЖҮЗ ШАЙЫР ЕЛІ» 90 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.10.2018 10:19

Биыл Қармақшы ауданының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде мерекелік шара ұйымдастырылып, аудан орталығы Жосалы кентінде «Қармақшы» кітабының тұсаукесері өтті.

Қармақшы ауданының 90 жылдық мерейтойын атап өтуге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Қармақшыда туып-өскен қоғам қайраткерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы қармақшылықтарды мерейтоймен құттықтап, ауданның облыстың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына қосқан үлесін атап өтті.

«Қармақшы ауданы - барша түркі жұртының абызы, данагөй Қорқыт Ата мекені, Сыр өңіріндегі ежелгі астаналардың бірі – сақтардың ордасы Шірік Рабат шаһары орналасқан қасиетті жер. Балқы Базар, Дүр Оңғар, Жиенбай жырау, Ешнияз сал іргесін қалап, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет Ізтілеуов  күмбезін көтерген жыр керуені - Қармақшы жерінің «Жүз шайыр елі» аталуына себеп болды. Жақын арада Қызылорда қаласында аймағымыздың, оның ішінде Қармақшы ауданының мәдени мұрасын заманауи деңгейде дәріптеп, насихаттау үшін аймақта Қазақ дәстүрлі өнер академиясын ашуды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады облыс басшысы ««Қармақшы – елдік пен ерлік мекені!» ғылыми-танымдық конференциясының барысында.

Одан бөлек, Қармақшы ауданынан шыққан ұлт мақтаныштары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгер ақын Әбзәли Егізбаев, Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев, Социалистік Еңбек Ерлері Цай Ден Хак, Әділбек Хайруллаев, Сәлима Жұмабековаларды да атап өткен жөн.

Сондай-ақ, конференцияда «Қармақшы» кітабының авторлары – филология ғылымдарының докторы Бағдат Кәрібозұлы мен тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжекеев, Қармақшы ауданының Құрметті азаматтары – Бақберген Досманбетов, профессор Темірхан Тебегенов, жырау Алмас Алматов баяндама жасады.

Шара барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Т.Көмекбаев, Иіркөл және Қуандария ауылдық округтерінің шаруашылықтарына көгалдандыру жұмыстарына арналған арнайы техника – тракторлардың кілтін табыстады.

Сонымен қатар, Қармақшы ауданында республикалық ақындар айтысы, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» спектаклінің көрсетілімі және орталық алаңда мерекелік гала-концерт ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылордада 6 әкім сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.10.2018 20:15

2018 жылдың басынан бері Қызылорда облысында 6 әкім сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақовтың төрағалығымен өткен мәжіліс барысында айтылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның облыстық департаменті, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері қатысты.

Мәжіліс тақырыбына жергілікті атқарушы органдарда орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының орын алу себептерін анықтау мен оны жою шаралары арқау болды.

Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Ниязов: «Жыл басынан бері облыста 6 кент және ауылдық округ әкімдері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған. Оның ішінде, 3 ауыл әкімі пара алғаны үшін, қалған 3-еуі қызметтік жалғандық үшін жауапкершілікке тартылды. Нақты айтқанда, Қазалы ауданының Басығара ауылдық округі, Шиелі ауданының Гигант ауылдық округі және Қызылорда қаласының Белкөл кенті әкімдері жер телімдерін беру үшін пара алған болса, Арал ауданының Жақсықылыш кенті және Жаңақорған ауданының Шалқия мен Төменарық елді мекендерінің әкімдері қызметтік жалғандық жасаған», - деді.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Шотаев, Агенттіктің облыстық департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Тленовтер хабарлама жасап, облыстағы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті проблемалық мәселелері талқыланды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА АМАНКЕЛДІ КЕНЕНБАЕВТЫҢ «СЫРДАРИЯ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.10.2018 20:09

Қалалық көркемсурет галереясында қылқалам шебері Аманкелді Кененбаевтың «Сырдария» атты шығармашылық көрмесі және кітабының тұсаукесері өтті.

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында қалалық көркемсурет галереясында КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Сыр өңіріне арналған бірқатар картиналардың және Мұстафа Шоқай, Әбділдә Тәжібаев, Жанқожа батыр ескерткіштерінің авторы Аманкелді Кененбаевтың «Сырдария» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

«Өз бастауын ғасырлар қойнауынан алатын Сырдың қасиетті де қастерлі топырағы талай талантты тұлғаларды дүниеге әкелді. Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Хожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Хожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосты. Аманкелді Кененбаев - Сыр бойы бейнелеу өнерін биікке көтеріп келе жатқан ерекше есім. Суретшінің 2015 жылы АҚШ пен Жапонияда өткізілген көрмесі талғампаз қонақтардың назарын аударғанын білеміз. Францияның Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың мүсіні де Аманкелдінің қолынан шыққан. Өзіміз күн сайын көріп жүрген Жанқожа батырдың еңселі ескерткіші мен ақын Әбділдә Тәжібаевтың тас мүсінінің авторы да осы суретші. Бұған дейін жыл басында еліміздің рухани астанасы - Алматының төрінде «Сұлутөбе» атты жеке көрмесі ашылса, бүгін суретшінің «Сырдария» атты көрмесі назарларыңызға ұсынылып отыр»,-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, қылқалам шеберін Алматыдан келген өнертанушы Ирина Юферова да құттықтады.

Айта кетейік, Аманкелді Кененбаевтың туындылары ТМД елдерінде және АҚШ, Канада, Португалия, Будапешт, Израиль, Норвегия, Германия, т.б мемлекеттердегі көрмелерде қойылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары