Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2217
mod_vvisit_counterКеше2743
mod_vvisit_counterОсы аптада11520
mod_vvisit_counterӨткен аптада16249
mod_vvisit_counterОсы айда44683
mod_vvisit_counterӨткен айда81370
mod_vvisit_counterБәрі4031526


Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
Қазан 2018

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.10.2018 19:40

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша партия активімен кездесу өткізіп, Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Сыр өңірінің жетістіктері мен қарқынды дамуын ерекше атап өтті.

«Қызылорда облысының ежелден бері өзіндік дәстүр-салты мен мәдени құндылықтары бар екені белгілі. Бүгін де аймақ қарқынды дамып келе жатқанын жаңа қала құрылысынан, цифрландыру мен кәсіпкерлік бойынша жүргізіліп жатқан жобалардан анық көруге болады. Бұл жұмыстарды Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес нақты тапсырмалар аясында жалғастыру керек. Ал партияның міндеті кең ауқымды ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, іске асыру жолдарын көрсетіп, өңірлердегі тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау болып табылады», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Өз кезегінде, Қызылорда  облысының әкімі Қ.Көшербаев Елбасы Жолдауы аясында адами капиталды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Сарапшылардың бағалауы бойынша, Батыс Еуропа елдерінде адам капиталының жалпы ішкі өнімді қалыптастыруға қосқан үлесі 30%, АҚШ-та 40%, ТМД елдерінде ол 10-15%-ды құрайды. Бүгінде әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалық сипаттамалары алға шығуда. Бұл өсімнің арқасында экономикада ілгерілеу байқалады. Жалпы ішкі өнім көрсеткішінің өсуі жоғары технологиялық өндірістердің - білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және басқа да зияткерлік қызметтер есебінен жүруі тиіс. Нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің тиімділігі артып, ең бастысы, өмір сапасы жақсарып келеді», - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, актив жиынында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қылышбай Бисенов білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты. Сырбойылық 500-ден астам түлек Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Айта кетейік, мектеп түлектерінің 97 пайызы жоғары оқу орындары мен колледждерде біліп алуда.

Кәсіпкер Айгүл Мұханбетжанова мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асқан өз кәсібі жайлы айтып берді.

«Қазіргі таңда кәсіпкерлерге арналған шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша несие алып, күйеуіммен бірге шұлық цехын іске қостық. Тәулігіне 400 жұп шұлық дайындап, осылайша жергілікті өнім шығарудамыз»,- дейді кәсіпкер.

Атап өтейік, 2018-2020 жылдарды өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы деп жариялады. Қазіргі таңда шағын-орта бизнесті қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен 32 млрд. теңге, стартап-жобаларға 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту облыста үш маңызды мәселенің шешім табуына: салық базасын жақсартуға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететінін аймақ басшысы атап өтті.

«Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес жастардың бастамаларына қолдау көрсету бойынша аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі таңда Сырдарияның сол жағалауында заманауи жастарға қызмет көрсету орталығы салынып, жастар үшін барлық жағдай қарастырылуда.

Облыс әкімдігінің ғимаратында М.Әшімбаев Ситуациялық орталықтың жұмысымен танысып, Қызылорда облысының тәжірибесін республика бойынша тарату қажеттігін айтты.

Жұмыс сапарында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Сырдарияның сол жағалауынан «7-20-25» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үй құрылысы нысандарымен танысты. Атап өтейік, Қызылорда облысында «Орда» тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған «Жол картасы» шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, М.Әшімбаев сол жағалаудағы жақында іске қосылған «Рухани жаңғыру» орталығында болды. Еске сала кетейік, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында Сырдарияның сол жағалауынан пайдалануға берілген алғашқы нысан – «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық мұражай ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын. Бұл нысан 1925 жылы ұлттың ресми «қазақ» аталуы туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару Комитетінің сызба-нұсқасы негізінде салынған.

Айта кетейік, жыл соңына дейін сол жағалаудан алғашқы шағын аудан мен бірқатар әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жұмыс сапары барысында Мәулен Әшімбаев №3 С.Толыбеков атындағы мектеп-лицейінің және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында орналасқан ІТ-парк жұмысымен танысты.

Әрі қарай «Кәсіпкерлікке арналған геоақпараттық онлайн қызметі» партиялық жобасы шеңберіндегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды. Орталықта кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша жер мәселелері, сәулет және құрылыс, инженерлік желілерге қосылу, мемлекеттік кіріс мәселелері, қаржы институттары үшін қаржыландыру шарттары, банкке дейінгі және кейінгі жобаларды қолдау бойынша 40-тан астам қызмет түрі ұсынылады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Бұл республика көлемінде теңдесі жоқ орталық болып табылады.

Бағдарлама аясында М.Әшімбаев Сырдария ауданының Шаған ауылында өткізілген актив жиынына қатысты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «ҚАЛҚАН-2018» АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.10.2018 17:16

Сценарий бойынша, Сырдария ауданының аумақтық қорғаныс құрылымдарының жеке құрамы қарулы қылмыстық топ болып, ерекше маңызды нысанға шабуыл жасайды.

Атап өтейік, 5-14 қазанда Қызылорда облысының Сырдария ауданында аумақтық қорғаныс-әскери бөлімдерінің жиыны өтіп жатыр.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, Сырдария ауданының әкімі Ғ.Казантаев пен аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен 12 қазанда жаттығулардың қорытынды-практикалық кезеңі басталды. Жаттығуға жалпы алғанда шамамен 300 адам және 22 арнайы техника қатысуда.

Аудан әкімі, аумақтық қорғаныс басшысы Ғанибек Қазантаев және бөлім басшылары жаттығуларға дайындық барысы туралы баяндады.

Сценарийге сәйкес, Сырдария ауданының Шаған ауылында 16 диверсанттан құрылған қылмыстық жасақ шетелдік қылмыстық топтардың қолдауымен екі автокөлікпен  күзет бекетінен өтіп, аудан орталығы - Тереңөзек кентіне барады. Адам шығынын болдырмау үшін, қылмыскерлерді кедергісіз өткізіп, «Барыс-43» сигналымен  диверсанттарға қарсы күрес жасағы келеді. Екінші бекеттің жасағы диверсанттар кіргені туралы хабар алып, әскери жағдайды қабылдап жауап беру шараларына кіріседі.

Екінші бекетке келгенде диверсанттар күзетшілерге қарсы оқ атып, төбелесе бастады. «Жалын-03» сигналымен күзет жауынгерлері оларға оқ жаудырып, екі көлікпен диверсанттарға қарсы взвод та келіп жетті.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласынан тікұшақпен взвод келіп, қорғаушыларға көмектеседі және оларды нысанның жанында орналасқан шартты түрде аяқталмаған ғимаратқа қарай енеді. Сондай-ақ, келген тікұшақпен жұмысшыларды қауіпсіз жерге эвакуация жасайды.

Ғимаратта жасырынып жүрген диверсанттардың шабуылына қарсы облыстық ІІБ-ның жаттықтырылған взводы шақырылып, олар тапсырманы табысты жүзеге асырды.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін облыс әкімі Қ.Көшербаев барлық қатысушыларды әскери операцияны сәтті өткізуімен құттықтап, үздіктерді марапаттады.

«Ел Президенті – Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің біртұтастығын, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, өмір сүру және аса маңызды нысандарды күзету мен қорғауда аумақтық қорғаныс құрылымдарының орыны ерекше екенін әрдайым айтып келеді. Қай заманда болмасын ата-бабамыз от пен оққа оранып, жанын қиса да, арын сатпаған, бір сүйем жерін жау қолына ұстатпаған. Кешегі өткен Жалаңтөс Бахадүр, Жанқожа және Бұқарбай батырлардай елі мен жері үшін, халқының қамы үшін жанын берер азаматтарымыз бүгінгі күні де аз емес»,-деді аймақ басшысы.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылордалық кәсіпкер келіншек шұлық шығаруда PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.10.2018 10:44

Бүгінгі кейіпкеріміз – Қызылордада шұлық өндіріп, нарыққа шығара бастаған кәсіпкер-келіншек Айгүл Мұханбетжанова. Алғашында бұл жаңалықты естігенде таңырқап қарсы алдық. Кейін көруге асықтық.

4 баланың анасы Айгүлдің негізгі мамандығы – экономист-бухгалтер. Осы уақытқа дейін балық сатып, отбасылық «Арзан балық» дүкенін де қалыптастырып үлгерген. Алғашында жолдасы: «Шұлық шығарып сатуды қолға алайық. Халық шұлықсыз жүрмейді. Бұл да табыс әкелетін кәсіп түрі», - дегенде тың идеяға күмәнмен қарап, бастап кетуге қорыққан. Кейіннен ақылдаса келе, ашуға бел буады.

Кәсіпкер шұлық өндіруді бастамас бұрын жерін заңдастыруды қолға алған. Осы жерде оған Кәсіпкерлер палатасының мамандары көмекке келеді.

«Палата мамандары 1200 шаршы метр жер телімінің нысаналы мақсатын ғимаратқа қызмет көрсету үшін деп өзгерту үшін тиісті құжаттардың барлығын «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен» бірге дайындап шықты. Нысаналы мақсатты өзгерту барысында жердің жалпы бағалық құны 1 млн. 476 мың теңгені құрады. Дәл сол сәтте бірден төлеп тастауға қаржым болмады. Бұл жерде де Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері жердің кадастрлық құнын келісімшартқа отыру кезінде бастапқы 5% - 73 800 теңге төлеуге, қалған 1 млн. 402 мың теңгені 3 айға бөліп, 467 мың 400 теңгеден бөліп төлеуге болатынын айтты, жолын көрсетті», - дейді Айгүл Мұханбетжанова.

Кәсіпкер келіншек өндірісті ашуға қажетті қаржы – 25 млн. теңгені «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Халық банкінен» алады. Ал қажетті құралдарды Қытайдан, шикізатты Өзбекстаннан алдырады.

«Жұмысқа бірден 5 адамды алдым да, оқытуды бастап кеттік. Алғашында біздің қызметкерлерімізді қытайлықтар оқытты. Алайда мамандарымыз тіл білмегендіктен, үйрену оңай болмады. Содан кейін көрші Шымкент қаласындағы әріптестерімізге жіберіп, әрқайсысын жеке-жеке оқытып алдық. Өзім осы мекеменің басшысы екенмін деп кабинетте отырғаным жоқ. Сол жұмысшылармен бірге тауарды әзірлеп, сатудамын. Кәсіпте нәтижеге қол жеткізгің келсе, басы-қасында өзің жүруің керек. Адам жұмсағаннан тірлік бітпейді», - дейді кәсіпкер.

Цехта күніне 350-400 дана шұлық шығарылады. Бағасы да көңілге қонымды, қалтаға жеңіл – 150 теңгеден. Өзіміздің жергілікті шұлықты алғысы келген азаматтар Қызылорда қаласы, Бегім ана №14 Д мекен-жайына баруларына болады немесе 8 701 460 34 30 байланыс телефонына хабарласып, тапсырыс бере алады.

Ал Айгүл Мұханбетжанова алдағы уақытта күнделікті жұмысқа қолданатын қолғаптар мен қаптар, сондай-ақ, қыз-келіншектерге арналған колготки де шығармақ. Ендеше отандық өнімнің үлесін арттырып жүрген кәсіпкерімізге сәттілік тілейміз. Жаңа өнімдерін таныстыратын күнге де жетейік.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Қызылордада 9,2 млрд. теңгеге 600 келісімшарт жасалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.10.2018 09:48

Қызылордада отандық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында жыл басынан бері 9,2 млрд. теңгеге 600 келісімшарт жасалған. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

Жақында ғана Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ішкі нарықты отандық тауарлармен толтырудың маңыздылығын айтқан болатын. Осы орайда, өңірде жергілікті тауарөндірушілерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтсақ.

«Ең алдымен, 2016 жылы жергілікті тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі облыстық комиссия құрылды. Комиссияның маңыздылығы сол, біріншіден, облыс әкімінің өкімімен құрылып, комиссияға Кәсіпкерлер палатасының басшысы мен облыс әкімінің орынбасары тең төрағалық етеді. Екіншіден, комиссия мүшелігіне мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен палатаның, қауымдастықтар және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері енген», - дейді Палата директоры.

Айта кету керек, комиссияның жұмысшы органы - Кәсіпкерлер палатасы. Биылдың өзінде тауарөндірушілермен және құрылыс мекемелерімен 10 кездесу, комиссияның 6 отырысы өткізілген.

Палата басшысының айтуынша, комиссияның жұмыс шеңберінде сатып алудың жылдық жоспарындағы 100 млн. теңгеден асатын ірі құрылыс нысандарына жүйелі түрде талдау жүргізілуде. Осы жұмыстар нәтижесінде бүгінгі таңға жалпы сомасы 32,3 млрд. теңгені құрайтын 39 ірі құрылыс объектісі анықталған. Аталған объектілердің жергілікті өнім үлесін анықтау бойынша «К» қосымшасына талдау жасалып, жалпы сомасы 16,7 млрд. теңгеге ұсыныс берілген. Бүгінгі күнге 9,2 млрд. теңгеге келісімшарт жасалды.

Бұдан бөлек, мердігер «Бақ Береке 2030» ЖШС жергілікті тауарөндірушілер «Вега Пром» ЖШС мен «НұрлыТау ЛТД» ЖШС араларында меморандум жасалды.

Ғалымбек Жақсылықов жергілікті тауарөндірушілерді қолдауда орталықтандырылған шешімді қажет ететін мәселелер де бар екенін айта келе: «Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының жергілікті өнім үлесін анықтау бөлігінде конкурстық құжаттаманың талабына жергілікті өнім үлесін орындау туралы талаптарды қосу, жинақ ведомостінде көрсетілген жоспарлы жергілікті өнім үлесін бақылауда тапсырыс берушілердің жауапкершілігін қатаңдату, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жергілікті өнім үлесі туралы есептің тапсырыс беруші мен мердігер мекемелерден басқа да тұлғаларға ашықтылығына қатысты ұсыныстар бердік. Бұл мәселелер шешілсе, біздің кәсіпкерлерімізге айтарлықтай қолдау болар еді», - деді.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


"Адал ұрпақ - Мәңгілік ел болашағы" PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.10.2018 16:51

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тасбөгет кенті С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде мектеп оқушыларының арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мақсатында "Адал ұрпақ - Мәңгілік ел болашағы" атты "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының қалалық II слеті өтті.

Шарада сөз алған Департаменттің бас маманы А.Сәлімжан рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстың 284 орта мектептерінде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шаралар өткізіліп келетіні және қазіргі уақытта осы клуб мүшелерінің саны 15 000 жеткені жөнінде айтып өтті.

Слет аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерінің белсенді қатысуымен жемқорлыққа қарсы тақырыптарда өлеңдер оқу, флешмобтар, «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты суреттер көрмесі және «Жемқорлықсыз болашақ!» атты өнерпаздар концерті өткізілді.

Өткізілген іс-шараларда орта мектеп оқушылары «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелігіне қабылданған оқушылар ант қабылдап, клубқа мүше жастарға төсбелгі тағылды.

Аталған шарада мектептерде «Парасатты азамат» бұрышы әрбір сыныпта орнатылғандығы және тоқсан сайын жаңартылып тұратындығын атап өтілді.

Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың сұрақтарына толықтай жауап берілді.

Б.Әбдіқадыров

 


«ҰР ТОҚПАҚ» һәм «СЫБАҒАЛЫ» МИНИСТРЛЕР PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
11.10.2018 11:59

Мерзімінен бұрын жолданған Жолдау­ дегенге де құлағымыз үйрене бастады­. Күз мезгілін әдетте «балапан санайтын уақыт» деп қарайтын саяси топтар күтпеген жерден абдырап қалды. Тыңнан түрен салды ма, әлде түлен түртті ме, әйтеуір қатты қысқан «толғақ» жыл соңына дейін шыдатпады. Шыны керек, осы жолғы оқиға ойда жоқта орын алды. Алдыңғы жолдаудан қалған «сарқыт­» әлі таусылмаса да, мәзірге соңғысы­н қосуға тура келді. Бұл да жаңа жоспар, тың тіршіліктің тіні болуы мүмкін.

Өйткені жыл соңында мемлекеттік бюджетті министрлер «мөңі­ретіп» кететінін жақсы білеміз. Ал жеме-жемге келгенде қаржыға жүген сала алмай, қай ақшаның қай «жайлауға» кеткенін өздері білмей, мең-зең күй кешеді. Ал қағаз бен тілге келгенде олардан шебер құжат құнттаушы, олардан асып түсетін орақ орушы табылу қиын. Бұл біздің ғана артып отырған сынымыз емес, оны өздерінен бастап ел президентіне дейін біледі. Сондықтан болса керек, Үкімет пен Парламент үйінде ара-тұра «шаң» шығып тұрады. Ал «үй сыртында» жаны шыққалы отырған­  қанша  халық  бар...

Жыл сайын мемлекеттік қызметтегі мүйізі қарағайдай басшылар мен қосшыларды Парламент төріне жинап, жылдық жұмыс жүктейтін ел президенті бұл жолы олардың басын Ақордаға жинады. Мақсат бір, мұрат айқын, жоспар жүйелі, ал жолдау ортақ. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы саяси құжат тікелей көрсетілім арқылы халыққа таныстырылды. Дәл осы жиында шаруасына «шалынып» жүрген министрлер «сыбағасын» алды.

Жүгі жеңіл еместігін аңғартқан Жолдауд­а мемлекет басшысы отандық өнімдерді өндірудің маңыздылығына мән берді. Халықтың үстіне жапқаны көбіне Түркия, Қырғызстан, Қытай елдері­нің киімдері екені рас. Тіпті министр­лерге өз елінің тауарларын кигенн­ен  гөрі, «Германияның кәс­төмі», «Италияның туфлиі» деген тір­кестер қатты ұнайтын сияқты. Ал ел президенті олардың мұндай ойларына «құрық» салып, бастан-аяқ қазақстандық болып жүруді меңзеді.

- Сендер киген киімдерді шешетін болса, жалаңа­ш қаласыңдар! - деген сөзінен-ақ осы жайтты­  оңай  түсіндік. Ал Елбасының өзі – отан­дық­  өнім тұтынушысы.

Әзірге отандық өнімдерді тұтынатын бізге белгілі үш «қазақста­ндық қазақ» бар. Мемлекет басшысы, Әсет  Исекешов  және  Азат Перуашев.

Президенттің өзі «қазанға» салып «қайнатқан» білім саласының «сорпасына» елдің бас педагогі жауапты. Апатты мектептер, үш ауысымдық білім ошақтары, мектепке дейінгі білім беру нысандары секілді толып жатқан мәселелер Сағадиевке «ұр тоқпақ» болып тиді.

- Баланың барлық ақыл-ойы алты жасқа дейін қалыптасатынын барлық ғылым дәлелдеді. Ал біз мұнымен ешқашан айналыспадық. Бар әлем мұны біледі. Бұл жүйеде квалификациялық талаптарды, білім беру әдістерін, тәрбиешілер мен балабақшадағы  басқа  да  қызметкерлер жалақысын қайта қарау керек. Министрлік әкімдікпен бірігіп, жол картасын­ дайындасын. Ерлан, осы да қиын ба? - деп бас мұғалімге нақты тапсырма жүктеді.

Ал жылына 100 тәулікке жуық уақытын мәжбүрлі түрде жіберілетін жиындарда өткізетін, көше сыпырып, сенбілікке шығатын мұғалімдер мәртебесі бұдан былай заң жүзінде қорғалады. Қысқасы, «Ұстаздар мәртебесі туралы» Заң әзірленеді.­

Мемлекеттік «сауыннан» шелегі толмаса қайтпай­тын, бірақ не сүті піспейтін, не айраны ұйымайтын «Астана» халықаралық қаржы орта­лығының басшысы Келімбетов залда жоқ болып шықты. «Әйтеуір бір жерде жүретін» ол бұл жолы оңай сытылды. Өйткені бұл жолы да бір жерде жүрген көрінеді. Ақша мәселесіне келгенде бас экономист  те  орнынан  тұрды.

- Сен қай жерде нақты ақша жетіспейді, соны білуің керек. Енді министрлердің орнына мен жұмыс істеуім керек пе? - деген Елбасының ес­кертуінен кейін ес жиса, қанеки?!

Ал бұдан былай елімізде «тегін баспана» деген болмайды. Өңірлердегі пәтерлердің құнына қатысты­  жарытып жауап бермеген әкімдер сынның  астында  қалды.

- Үкімет те, әкімдер де жұмыс істемейді. Барлықтарыңа айтарым, сендерге басқа не керек?! Адамдарға жақсы жағдай жасау үшін не керек? Барлығы­н бердік ғой! Мен барлық әкімдерге ескертем­ін, жыл соңында қызметте қалу-қал­мауларың  өз  атқарған  жұмыстарыңа  байланысты болады, - деді  мемлекет  басшысы.

Бұл сөзді естіген халық бар өңірдің әкімін ауызша­ ауыстырып, орнына өз жерлестерін тағайынд­ап қойды. Әкімдерді «мен жүретін көшелерд­і жылтыратып қояды» деп қалжың араласт­ырып  «қағытып»  алды.

Біздің елдегі жүйелі жұмыстың нәтижесін көру қиын  емес. Десек  те, ақсап  тұрған  салаларға  білікті басшы жетпейтін көрінеді. Ал білгіштер – тек шетелд­е. Осы ұғымды санаға байлап алған қазақстан­дықтар «Air Astana» әуе компаниясын ағылшынға  басқартып, «Назарбаев  университеті» билігін жапондарға беріп қойған. Бұдан былайғы тірлік те «жансызданып» бара жатса, президент «Егер жөнді жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелден адам аламын» деген уәдесін орындауы әбден мүмкін.

 

О.МӨҢКЕ

 


АДАМИ КАПИТАЛ – ДАМУДЫҢ БАСТЫ ТІРЕГІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
11.10.2018 11:55

Парсылардың  әйгілі патшасы Кир бір күні түс көріпті. Түсінде аяғының астына шуағын­ төгіп тұрған жарық күн енеді. Ол күнді үш рет ұстамақ болып, құшағына қысуға ұмтылғанымен, күн үш ретте де оның құшағынан сытылып шығып кетеді де, домалаған күйі алыстай береді. Өзіне ұстатуға мүмкіндік бермеген бұл күннің сырын ашпақ ниетпен көріпкелдерге жүгінген екен. Іздеген адамы да табыла қалады. Содан патша түсінбестік түр танытып, бір жағынан уысына түспеген күнге ренжіп, түсінде көрген жайттың бәрін алдына келіп тұрған түс жорушыға баяндайды. Сонда көріпкел:

- Сіз отыз жыл патшалық құрасыз, - деп жорыған екен.

Шынында да Кир патша отыз жылға тарта  әмірін  жүргізеді.

Біздің елдің егемендік алғанына да осынша  уақытқа  жуықтады. Осы ретте­ біз өз сұрағымызға мемлекет басшысының кезект­і Жолдауынан аз-кем жауап іздеп көрдік.

- Алғаш  тәуелсіздік  алған  жылдардан­  бері  қандай  жетістікке  жеттік?

- Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Сапалы әрі тарихи маңы­зы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік. Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық және мәдени­ орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп, жаңа елордамыз – Астананы салдық. Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті. Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық.

- Дамудың даңғыл жолына қалай түстік?

- Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік. Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасадым. Олардың жүзеге асырыл­уы табысты дамуымыздың негізгі факторына  айналды.

- Мәртебеміз  қандай?

- Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО-2017» халық­аралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет­ болды. Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингісінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-орынға көтерілді.

- Қалай қарай бағыт алып барамыз?

- Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру. Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген­ зор сенім ұялатады. Біз жаңа міндеттерді  атқаруға  дайынбыз.

Тарихи қысылтаяң кезеңдерді бастан­ кешірген Қазақстанның күрделі құбылысқа бет бұрғанын естіген жұрт алғашында таңданыстарын жасырмады. Ұлан-ғайыр даланың төсінде созылып жатқан елді дербес қалыптастыруды ұйғарған президент үшін жаңа жетіс­тікке жету жолындағы бағдарламалар әзірлеу оңайға түскен жоқ. Елдегі қиыншылық тек әлеуметтік тұрғыдан ғана емес, саяси дипломатиялық қарым-қатынас, экономикалық дағдарыс сияқты­ ел болашағы үшін маңызды салалар­дың тамырына қан жүгіртпеді. Нарықтық қатынас талаптарына толықтай­ жауап беруі үшін алдымен ел экономикасының еңселі болуы шарт. Ал бұған жауапты тұлға – ел басқарушының өзі. Тығырықтан жол тауып шығуд­ы ойлаған мемлекет басшысы Н.Назарб­аев өзінің халық сеніп тап­сырған жауапкершілікті  ескере  отырып, дамудың даңғыл жолына түсетін стратегиялық бағдарлама әзірледі. Бұл үрдіс бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғас­ып келеді. Қазанның 5-жұлдызында Елбасы­ның халыққа арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс­ пен тұрмыс сапасын арт­тыру» тақыры­бындағы Жолдауы – осының­  айғағы.

Саяси маңыздылығы құнды құжатта халықтың әлеуметтік ахуалының жақсару­ы мен ел дамуының қарқын­дылығына  басымдық  берілген.

- Соңғы кездері әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдеріс­тері  күшейе  түсті. Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Мызғымастай көрінген жаһандық қауіпсіздік жүйесінің тұғыры мен халықаралық сауда ережелері бұзылуда. Жаңа технологиялар, робот­тандыру мен автоматтандыру еңбек  ресурстарына  және  адам капиталының   сапасына  қатысты  талаптарды күрделендіруде. Қаржы жүйелерінің мүлде  жаңа архитектурасы түзілуде. Бұл орайда қор нарықтары кезекті­ қаржы дағдарысына алып келуі мүмкін жаңа «сабын көбігін» үрлеуде. Бүгінде жаһанд­ық  және  жергілікті  проблема­лар тоғыса түсуде. Мұндай жағдайда  сын-қатерлерге  төтеп берудің­ және мемлекеттің табысқа жетуіні­ң кепілі – елдің  басты­  байлығы – адамның  даму  мәселесі  болып  отыр, - деді мемлекет  бас­шысы  Жолдау  ба­ры­сында.

Рас, біз жылдар бойы дамып  келе жатқандығымызды айтып мақтанғанымызбен, әлемдегі нанотехнология мен ақпарат секунд сайын жаңарып отыр. Жаһандық экономиканы бетке алып отырған әр мемлекет сол үдеріске ілесіп, өркениет көшінен қалмауы керек. Өйткені біз болашағымызға сындарлы саясат­ымызды қалыптастыра отырып, жаңа жетістіктер мен соны серпіліс­терге толы идея­мызбен бара жатырмыз. Таным­ көк­жиегіміз де кеңейіп, басты капитал құндылықтарына баса мән беруімі­з де бекер емес. Өйткені адами құндылықтар өркениет­ биігінде тарызыға салынады. Бұл ретте сапалы білім беру, сапал­ы әрі қолжетімді медициналық жәрдемге қол жеткізу, индустрия-инновация, өнеркәсіптің жоғары техноло­гиялық секторы секілді маңызды фак­тор­лар ел дамуының негізгі көр­сеткі­шіне  жауап  бермек. Осы  жайт­ты­ басты назарға алған ел президенті мемлеке­т пен адамдардың күш бірік­тіруінің  ар­қасында  ғана  жалпыға ортақ еңбек  қоғамын құра  алатындығымызды  айтты. Сондай-ақ, саяси құжаттың бірінші  бөлімінде-ақ  халық  табысының өсуіне мән берді. Тіпті Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жал­ақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырды. Ал бұған дейінгі жұмыс істеп келе жатқан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Егер солай болған жағдайда ең кемі 3 жыл ішінде 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 224 миллион теңге салық түсіп, 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкін­дік болады. Демек,­ экономикалық  саясаттың  негіз­гі элементтері де алысқа ұзай қоймасы анық. Ол үшін Үкімет өңдеу секторындағы экспорттаушы­ларға қолдау көр­сетуге баса мән беруі қажет. Сауда-саттық­  саласында  ортақ  одақпен  жұмыс істеп отырғаннан кейін сауда саясат­ына селқостық танытуға бол­майды. Оған біздің тауарларымызды өңірлік және әлемдік нарықта ілгерілететін белсенді сипат дарыту керек. Соныме­н бірге, халық тұтынатын тауарла­рдың ауқымды номенклатурасын игеріп, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектескен  жөн. Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, ішкі нарықты отандық тауар­лармен толтыру үшін де маңызды. Бұл ретте  Елбасы Үкіметке өңдеу өнер­кәсібі  мен  шикізаттық  емес  экспортты­ қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырды.

Атакәсібіміздің бірі саналатын агроөнер­кәсіп саласы әлі әлеуетін көтеруг­е мұқтаж. Ел президентінің айтуын­ша, еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің  экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе  көбейту – негізгі міндет. Ол үшін  ауыл  шаруашылығы  саласындағы «ақылды адамдарды»  тарту арқылы басқару­дың үздік тәжірибесін пайда­лануымыз  керек. Бұл  айтылғандардың барлығы – қазақстандықтардың  табысын­ арттыру  үшін  істеліп  жатқан  дүние.

Халықтың тұрмыс сапасын арттырудың басты сипаты – өмір сүру деңгейі­нің артуы. Бұл ретте бірінші реттегі тапсыр­ма – алдағы бес жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты  ішкі  жалпы өнімнің 10 пайы­зы­н­а дейін жеткізу. Екінші тапсырма – мек­теп­ке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту. Тіпті балабақша қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесін қайта қарау қажеттігін президенттің өзі қадап айтты. Үш ауысымдық мектептер де түбегейлі жойылады.

Осыдан 10-20 жыл бұрын мектеп қабырғасында білім алғандар біледі. Ол кездегі мектептің тәртібі мен мұғалімге­ деген сыйластықтың қандай екенін. Сабақ оқыту кезінде ұзын таяқшамен «сыбаға» алып үйге қайтатын. Есесіне, сабақ оқулы, ұстазға деген құрмет бар. Қазір ше? Қазір «оқысам, өзім үшін оқимын» деген сөздерді оқушының аузынан естіп жүрміз. Ал дауыс көтеріп сөйлесе, тіпті ол кезде заң алдында жауа­п беруге немесе оқушының өзінен, одан қалды ата-анасынан «жұдырық» жеуге мәжбүр. Бұл – мұғалім мәртебе­сінің төмендегені. Мектептің жүрегі саналатын олардың беделін көтеру­ді президенттің өзі жекелей қадағалай­тын болды. Яғни, келесі жылы мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме­лер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға­, жөнсіз тексері­стер мен мін­деттен тыс функ­циялардан арашалауға тиісті «Педагог мәртебесі туралы» Заңды­ әзірлеп, қабылдау қажеттігін тапсырды. Айт­пақшы, келер жыл жастар үшін мәр­тебелі жыл болмақ. Оған Қазақстан  президенті  Н.Назарбаевтың Жолдау  барысындағы:

- Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариял­ауды ұсынамын. Біз ауылдық жерлерд­ің  әлеуметтік ортасын жаң­ғыртуға  кірісуіміз  қажет. Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді. Бұл жоба арқыл­ы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны  ілгерілетуді қолға алу керек­. Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн. «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппа­й мектеп туризмін қайта жаң­ғырту керек. Бүгінде халықтың әлеуметтік  көңіл  күйін  айқындайтын  негізгі салаларда теңдессіз шаралар ұсынылып отыр. Бастамалардың қаржылық көлемі 1,5 триллион теңгеден асады, ал жиынтық  әсері одан да көбірек. Бұл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға зор серпін береді. Бұл – ең сенімді әрі тиімді инвестиция, - деген түйін сөзі дәлел.

Қоғамға қажетті мәдениет, спорт, денсаулық, кәсіпкерлік, құқық қорғау, экономика, білім, баспана секілді барлық саланы қарастырған Жолдау әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуына үндеген маңыз­ды  әрі тарихи құжат төрінен орын  тапты.

 

Н.ҚАЗИ

 


ЖАЙСЫЗ ЖАТАҚХАНА PDF Print Email
Жаңалықтар - Тіршілік тіні
11.10.2018 11:29

«Қойшыны таяғы, қасқырды аяғы асырайды» дейді. Қазірде бұл мақал қалам ұстаған ағайынға қатысты да айтылып жүр. Себебі газет­ пен  телеарнаға «азық» іздеп жүретін  тілшілер  қауымы  бірде қалада,­ бірде далада жүреді. Өткен жексенбіде Тасбөгет кенті тұрғын­дарының өтінішімен Ш.Есенов көшесіндегі жатақхана жайым­ен танысып қайтқан болатынбыз. Кент деген аты болмаса, қалаға тиіп тұр. Алайда тұрғындардың жайсыз жатақханада өмір сүріп жат­қанын көріп, дамыған 30 елдің қатарына кіреміз деу бос әурешілік пе деп қалдық.

Мұндағы №20 көпқабатты ғимараттың іргесі 1980 жылы қаланған­. 1997-2000 жылдары қараусыз қалғандықтан, кент тұр­ғындарына тұрғын үй үшін бөлініп берілген екен. Алайда қазіргі таңда іргесі сөгіліп, ескіргендіктен және талапқа сай болмағандықтан, тұрғын үй кәріз жүйесі мен ілеспе газ желісіне қосылмай тұр. Жиырма жылға жуық орталықтандырылған жылу жүйесінсіз күн кешіп келе жатқан тұрғындар қыс түссе, подъезде отын жарып, пәтерге пеш жағып әлек боламыз дейді. Мұржалар да адамдардың өздерінің қолымен жасалғандықтан, жаққан отын тұтанып болмайтын­  көрінеді.

– Көпқабатты үйде тұрады деген атымыз ғана. Қыс бойы отын жағып шығамыз. Отынымыз кейде тұтанып болмайды. Талай көршілердің бала­ларының  иістеніп  те  қалған  сәттері болды. Мүмкіндігі шектеулі жандар да бар мұнда. Олардың жағдайы қыс түссе, тіптен қиындайды, - дейді жатақхана тұрғыны Бақыткүл Жәнібекова.

Жылу жүйесінсіз өмір сүріп келе жатқан тұрғындардың бұл жалғыз проблемасы емес. Олар ретсіз жүр­гізілген ток сымдарынан да қорқады. Өйткені жатақхана дәлізіндегі ток сымдары адам шошырлық жағдайда тұр. Ал бұл адам шығынын болдырмасына кім кепіл? Естеріңізде болса,­ Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа үйлердің бірінің электр тарату торабы­ ашық қалып, жас баланы ток ұрғаны  бар. Ойын баласы байқау­сызда сымдарды ұстаймын деп, соңын­да бір қолынан айырылған еді. Әрине, ата-ана баласын бақыламай ма деп кінәлауыңыз мүмкін. Алайда торапты ашық қалдырғандар ше? Бұған кім жауапты? Суретте көріп отырғандарыңыздай, мұнда да еш бақыл­ау жоқ. Ток сымдары қалай болса, солай орналасқан. Ұзын дәліздің мына басы мен арғы басына дейін салбырап орналасқан сымдар. Өрт қауіпсіздік ережелері осылай сақталушы ма еді? Бұл тораптарды қалыпқа келтіру үшін міндетті түрде адам өлімі қажет пе?

Жақында ғана БАҚ өкілдерімен кездескен облыс прокуроры Х.Дәуешов аяқсыз қалған құрылыс алаң­дарын сынаған-ды. Мұндай құрылыс алаңдарын нағыз қылмыс ошақтарына балап, меншік иелерін жауапқа тарту керектігін де айтқан болатын. Дәл осындай аяқсыз қалған қоғамдық әжетхананың құрылысы да осында орналасқан. «Балалар ойын алаңының орнына жатақхананы мекендейтін әр үйдің бір-бір әжетханасы тұр» деп журналистер бір даурыққанда, әкімдік бұл мәселені осылайша шешкен болатын. Сол кезде осындағы үш жатақхананың екеуіне әжетхананы толығымен аяқтап, салып берсе, бір қоғамдық әжетхана құрылысын «қаржы жетпеді» деп аяқсыз қалдырыпты. Алайда көпшілікке арналғ­ан әжетханаға тұрғындар балала­рын жіберуге қорқады. Оның үстіне жақында ғана 2-сынып оқу­шысын  зорламақшы болған азғын да осы үйден шыққандықтан, тұрғындар ертелі-кеш балаларын уайым­даумен  отырады.

– Біз көпшілік әжетханаға о бас­та­ қарсы болдық. Алайда әкімдік­тегі­лер біздің әжетханамызды бұзып, орны­на осыны салып берді. Амал жоқтықтан балаларымызды осында жібереміз. Кешкілік өзіміз еріп баруымызға тура келеді. Қорқынышты. Әрі қазірдің өзінде толып, жағдайы мәз болмай тұр. Біздің тұрғын үйге канализация жүйесі де қосылуға келмейді. Тек жаңғыр­тудан өткізіп беруге болады деп отыр. Алайда не канализация жүйесі, не газ кірмейтін болса, жаң­ғыртудың бізге керегі қанша? - дейді жатақхана тұрғыны Роза Шүлембаева.­

Өткен қыста Титов қыстағындағы жатақханалардың бірі құлап, ел біраз шуласты. Тұрғындар тұрмайтын бөлігі қирап қалғанда, облыс әкімі арнайы комиссия құрып, қаладағы барлық жатақхананың жай-күйін тексеруді тапсырған еді. Нәтижесін­де сол Титовтағы №32 жатақхананың жағдайы мәз еместігі еске­ріліп, тұрғындарға Жаппасбай батыр көшесінің бойынан жаңадан пәтер кілттері табысталған болатын. Сол кезде Тасбөгеттегі осы №20 жатақхананы «іргесі мықты, жөндеуге келеді» деп көзге ілмегені­не тұрғындар наразы. Алайда ХХІ ғасырда жылу жүйесіне қосылмаған, газ жүргізілмеген, кәріз жүйе­сі жоқ көпқабатты үйді көргендеріңіз бар ма? Әбден  тозығы жеткенді­гін бір көріп-ақ аңғаруға бола­ды. Тіпті, баспалдақ­тары тесіліп, адамның жүріп-тұруының өзі мүм­кін  емес.

Шүкір, бүгінде елулік­ті  еңсердік. Енді дамыған отыз елдің қатарына кіруді мұрат етіп отырмыз. Осы ортақ мақсат жолында біраз жұмыстар да атқарылып жатыр. Оны жоққа шығармаймыз. Алайда осы бір жатақхана тұрғындарының үйіндінің астында қалып қоймаймыз ба деген үрейі сейілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Шынында да, осындағы 70-ке жуық отбасы жалғыз баспаналарын апатты деп танып­, жаңа үйдің кілтін табыстаса деген үмітпен отыр. Сол үміт отын хал­қының қамын ойлаған әкімдер сөндірмейді деп сенеміз.

 

Жансая  ЕЛУБАЙҚЫЗЫ,

Суреттерді  түсірген  автор

 


СОЛ ЖАҒАЛАУДАН АНА ОБРАЗЫН КӨРГІМ КЕЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
11.10.2018 11:11

 

Аманкелді  КЕНЕНБАЕВ,

суретші,  мүсінші:

 

Шеберханаға мен барғанда ол кісі картинасын әурелеп жатқан еді. Санаулы күндерден соң өтетін “Сырдария” атты жеке көрмесіне қызу дайындық жүргізуде. Онда біршама картиналары жинақталған кітабының да тұсауы кесілмек. Мен болсам, осындай қысылтаяң уақытта суретшінің әр  секунды санаулы екенін біле тұра, “бірнеше минутқа ғана мазалаймын” деп алып, сағаттан аса сөйлетуге келгендеймін. Өйткені, табалдырықтан “Ассалаумағалейкүм!” деп амандасқаннан бастап төрге дейін де әңгімеміздің жараса кеткенін сездім.

Сұхбат барысында құлағым суретшіде болғанымен, көзім айналадағы картиналарға, бюст-мүсіндерге қайта-қайта түсіп кете берді. Мұны бағанадан бері бажайлап отырған мүсінші ағамыз әңгімеден соң маған жұмыстарын таныстырды. Расын айтайын, кейбір картиналарын түк те түсінбедім. Тырыстым. Болмады. “Автор көрерменнің деңгейіне түсуге міндетті емес” деген ой кейіннен барып санамда жаңғырып қала берді...

- Суретші – күндіз-түні өз қиялымен  күресетін  адам. Бұл – менің  ойым. Енді мұны сіздің көзқарасыңызбен толықтырсақ...­

- Менің ойымша, әлемдегі барлық бала суретші болып туылады. Тек, біреуінде ол қасиет аз, біреуінде көп болады дегендей. Бірі дамытады, екіншісі мүлдем елемейді. Суретші күрескер болуы мүмкін, суретші тыныш­тықты қалауы да ықтимал. Суретш­і  ең  бірінші адам болуы керек­. Жалпы алғанда, кез келген өнер  иесі ең алдымен адамгершілігімен даралануы тиіс. Ал, сіз бен мендегі, ол мен сіздегі пікір қайшылығы өте  орынды.

- Осы шетелде сурет, мүсін өнерін жоғары бағалайды деп жатамыз ғой. Сонда шын өнерді қабылдауға біздің түйсігіміз  жетпей  ме? Әлде...

- Біздің халықта өнерді бағалау, тіпті өте жоғары дәрежеде бағалау деген бұрынғы заманнан бері бар. Бірақ, қазіргі уақыт абдырап тұрған шақ. Өнер ешқашан өз құндылығын жоймайды, жоғалтпайды. Өз сарынымен, өз күшімен ылдилап жүріп келе жатыр. Шетелде құндылық деп бағалау сан ғасыр бұрын басталып кетті. Мәселен, бір картинаны қазір сатып алса, 2 жылдан соң екі есе бағад­а сатуға болатынын және оны өзгелердің алатынын біледі. Арнайы жинайтын коллекционерлер, ұйымдар, музейлер бар. Аукциондар ұйымда­стырылып  тұрады. Ұрланған кар­тинаның  құнын  өсіреді. Жалпы, жұртшылыққа  қызық.

- Өткен  көрмелеріңіз  туралы  айта кетсеңіз.

- Биыл Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде “Сұлутөбе” атты жеке көрмем өтті. Биылғы жылдың шымыл­дығын түріп, ең алғаш болып аштым десем де болады. бір ай бойы алматылықтар  тамашалады, өз  бағасын беріп жатты. Негізі, ол жерде көрме өткізу – кез келген қазақстандық суретшінің арманы. Жалпы, Алмат­ы қаласында бұған дейін де көрме өткізіп жүрміз ғой. 2016 жылы Астана қаласында бүкіләлемдік суретш­ілер  биенналесі өтті. Ол  жер­де­ өз  жұмыстарыңды  таныстырасың. Осы жылы тағы да Астана қаласында бүкіләлемдік фестиваль ұйымдас­тырылды. Шақырған  соң, ол жерден де  табылдым.

- Шетелдегі  көрмелеріңіз  ше?

- Қазір әртүрлі пікірлер айтыла береді ғой, бірақ сол Кеңес үкіметі кезінде өнерге деген қамқорлық жақсы­  болды. Шетелдік көрмелерге картинаның өтуі қиын еді. Ол уақытта­ көркемдік кеңес жұмыс істейтін. Менің жұмыстарым алғаш рет 1986 жылы Чехословакияда өтті. 1989 жылы Ресейдің Мәскеу қаласында жұмыстарым өнерсүйер қауымға таныстырылды. 2007 жылы “Қазақмыс” корпорациясынан хабарла­сып, конкурсқа шығарма­ларымды қоюға рұқсат сұрады. Оған 36 суретшінің жұмысы ұсынылып жатыр­ екен. Барлығы бір-бірінен асып түсетін атақты суретшілер. Содан­ не керек, менің жұмысым ұнап, “Қазақстанның жаңа өнері” атауымен  Англияның  Лондон  қаласында өткен өнер шарасына аттанып кеттік. 8 күн бойы еліміздің жаңа өнерін әрі бірнеше өнерін паш еттік. 2010 жылы Мұстафа Шоқайдың тастұғ­ырын Францияның Париж қаласына орнату мәртебесіне ие болдым­. Польша, Жапония, АҚШ секілді елдерде де көрмелерім өтті. Бірақ, АҚШ-қа өзім барған жоқпын, картиналарымды электронды нұс­қада жібердім. Көрме үш бөлікке бөлініп көрермен назарына ұсы­нылды. Қорытындысында маған “Алтын қыран” деген медаль берілді. 2016 жылы ғой деймін, тағы да сол АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында конкурс  өтті. Оған да  қатысып  көр­ген едім. Нәтижесінде кезекті рет  алтын  медаль  бұйырды.

- Ең ұзақ салған картинаңыз қандай­?

- Әрине, оны тап басып айту қиын. Уақытын нақты айта алмаймын.  Мысалы, тарихи картиналарды салуға ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Ондағы ат әбзелдерін, артындағы оқиғаларды анықтап көрсету керек болады. Менің шығармашылығым, менің картиналарым сезімге құра­лады. Кейде бір сәтте ғана, кейде бірнеше  күн.

Ал, мүсін өнерінде бұл басқаша. Көбіне шығармашылыққа деп алған жеке мүсін не бюст болмаған соң, осынша уақыт деу дұрыс емес. Барлығы дерлік мемлекеттік тапсырыс болғандықтан,  оны  белгілі бір уақытта  аяқтауға  мәжбүрміз.

- Бір сұхбатыңызда “Ақын Әбділда Тәжібаевтың рухынан ұялдық” депсіз. Жалпы, Ақордадан бөлінген қаржының  ауылға  жетпей қалатыны бізде бар жайт  ғой. Тағы қандай тастұғыр не ескерт­кіш иесінен ұялуға мәжбүр бол­дың­ыз. Жалпы, ескерткіш жа­сау­дағы­  қиындықтар  туралы  білгіміз  келіп  тұр.

- Айта кетейін, негізі конкурс бюст-мүсінге ғана ұйымдастырылған еді. Ескерткіш деп атайын десек, болмайын деп тұр. Оның үстіне бюсттің ғана қаражаты қаралған. Алматыдан арнайы тас алдырып, ескерткіш секілді етіп, еңсесін көтеріп, биіктетіп қойдық. Қазір Ә.Тәжібаев атындағы орталық кітапхананың алдында тұр. Қысқасы, кішкене бюст ол жерге жараспас еді. Әбділда алып ақын ғой. Жалпы, мүсін өнерінде көптеген қиындықтар болып тұрады. Біткен іске  сыншы көп. Авторлық жұмысымның  бірі – теміржол вокзалында тұрған Жанқожа батырдың ескерт­кіші. Комиссияға ұсынылған өзгеше, лайықты шығармалар өтпеді. Комиссияның шешімі солай болды. Ақпан айында басталған жұмыс маусым айынд­а тапсырыс берушілерге ұнамай қалып, жұмысты жалғастыруға біз кірістік. Ал, ескерткіш қыркүйек айында ашылуы керек. Негізі, мұн­дай ескерткіштер ең кемі 6-7 ай жасалу­ы керек. 5 метрлік сұлбасын жасау үшін бізге 15 күн ғана уақыт берді. Тапсырыс беруші – Қазалы ауданы әкімдігі. Сол 15 күнде 3 дүр­кін адам келіп жұмысымызбен танысты­. Яғни, ол айтарлықтай қиындық еді. Өзіміз уақытты үнемдеп пайдаланып жатқанымызда, олар қызық көріп, қайта-қайта мазалайды бізді. Міне, осы секілді.

Одан қалды сол жақтан небір білгіш ақсақалдар пайда болды. Олар мем­лекеттік комиссияға біздің үстімізден арыз жазды. Сондағы жазғаны “Атамызды еңкейтті, атамыз ешқашанда иіл­меген” деген секілді. Болмаған соң мен Жанқожаның шырақшы немересімен жолықтым. Сонда сол кісі “Осылар-ақ қоймайды екен, атаммен бірге жауға шапқан сияқты. Өзің біл” деді. Жалпы,­ Жанқожа өте қарапайым, шағын адам болған екен. Бірақ, ескерткішке олай қоюға да болмайды. Оның үстіне оған жанындағылар айтады екен. “Сіз жауға қарсы  шыққанда, ашуланғанда зора­йып­  кетесіз” деп. Міне, осыны ескеріп, ескерткішті жасадық. Сондай қиын­шылықтар бар. Оның да болғаны дұрыс. Жұмысқа сын да, мақтау да айтылады. Тек, автор  өз ісіне жауап бере алуы керек,­ қорғап  шығуы  тиіс.

- Әлгі Қазақстандағы мүсіндердің барлығы­  бір-біріне  ұқсас  болуы  осыдан ғой  сонда?

- Иә, мүсіншілердің ойы шектеле­тіні рас. Бұл тұрғыда біз Жанқожаны өзгеше етіп жасадық деп айта аламын. Соның өзінде де шектеулердің болғанын айтып кеттім ғой. Батырлар көп, біз өз ұғымымыз арқылы батыр Жан­қожаны шығардық деп ойлаймын.

- Кімнің мүсінін жасағыңыз келеді?

- Жақсы сұрақ екен. Рас, жүрек қалауың немесе өзің қатты берілетін жұмыстар болып тұрады. Мысалы, менің бір эскиздік жұмысым бар еді, Бегім ана деген. Оның алдында “Сыр ана” деген конкурс болды. Сыр анамыз үшін 6 эскиздік жұмыс тапсырдым. Білесіз бе, бұл дегеніңіз алты дүркін ойлану, қаншама сағатты жоғалту, маңда­й тер, есіл еңбек ғой. Содан не керек, қорытындысында өзге біреу конкур­стан жеңімпаз болып, “Сыр ана” монументін тұрғызды. Темірден жасады­ да, әкеліп қоя салды. Ол – өнер емес.

- Сонда “Сыр ана”  монументі әуелде­  мүсін  ретінде  жасалуы тиіс екен  ғой...

- Иә, Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы  бойынша алдық ғой деймін сонда биіктігін. Қазіргісі қанша екенін, кімдер істегенін де білмеймін. Сондағы “Сыр анаға” көптеген күшім кетті. Әлгінде сөзімді Бегім ана деп бастадым ғой. Соны жалғастырайын. Жолдас жігіт екеуміз осы мүсінге де біраз күшімізді жұмсадық. Ол мемлекеттік комиссиядан өтті. Барлығы дайын болып, енді ғана істейін деп жатқанда аяқсыз қалды. Сөйтсек, мұны бастаған жеке кәсіпкер екен  де, мемлекеттен ешқандай  қара­жат­ бөлінбеген екен. Жалпы, Бегім ананың­ өмірі ескерткіш жасауға тап­тырмас образ еді. Сондықтан асқан құлшыныспен бастағанбыз. Жоба бойынш­а сұлбасын қаламыздың көп­теген жерлеріне қойып та көргенмін. Қызығы мынау, кейіннен Қазалы ауданын­да Бегім анаға ескерткіш қойылды­. Өкініштісі, ол кезінде мемле­кеттік комиссиядан да, облыстық комис­сиядан да өтпей қалған жұмыс болатын­. Қазір ол Бегім ана ма, басқа ма, мен білмеймін. Сыр – Алаштың анасы ғой, сондықтан осы тақырыпта тамаша туынды жасауға дайынмын. Ол образды сол жағалауға орналастыру керек­. Екі рет сүрініп қалған тақы­рыбымды айтып отырмын. Мүмкін, үшінші  рет орындалып  қалар...

- Біздің газетке берген пікіріңізде “Бізде  мүсіншілердің  ойы  шектеледі” деп едіңіз.  Соны  бір  тарқатып  айтсаңыз.

- Негізінде мен біреуге бәле жап­қаннан гөрі, авторға жауапкершілікті артқым келеді. Егер жақсы туынды тудыр­а алса, авторға ешкім кедергі келті­ре алмайды. Автор өз туындысын қолдауы, қорғауы  керек.

Орайы келгенде айта кетейін, бұдан біраз уақыт бұрын фейсбукте “Сыр бойы батырлары” атты Жаркен Исмағұловпен бірігіп жасаған ескерткішімді біреу сынап жатыр екен. Мен түсінбеген жерін түсіндіріп, шығу тегін толық айты­п шықтым. Бұл атауды (Сыр бойы батырлары – ред.) Кемалбек Сағым­баев ағамыз қойып берді. Негізі, Арқаның батырлары, Сырдың батырлары деп бөлуге болмайды. Жалпылама “Қазақ батырлары” деуге болар ма еді. Әр мүсін не картина біздің баламыз секілді. Оның өмір сүргенін қалаймыз, сондықтан салғыласпаймыз. Ата-ана балас­ын үшін бәріне барады ғой, сол секілді уақытында мен де ештеңе демед­ім. Сол кездегі әкім Серікбай Нұрғисаев: “Менен барлығы қаланың әр жерінен батыр бабамызға орын беріңіз деп жер сұрайды. Сыр батырлары деп пе, үлкен монумент жасайық”, - деді. Сөзінде тұрып 98 миллион теңге­ бөлді. Ол Ш.Есенов көшесіне, Сырдария жағалауында қойылуы тиіс  еді. Тұғыры 10-15 метр, ескерткіш те 15 метр биіктікте болуы керек-ті. Бұл 2004 жыл болатын. Ауыс-түйіс болып, жаңад­ан келген әкім “маған 15 метр­лік ескерткіштің керегі жоқ” деді ме, әйтеуір қаражатты “кескілей” бастады. Бірінші 50 миллионға қыс­қартты­. Біз де ескерткішті 10 метр қыламыз деп шешіп, жұмысты бастап жатқанбыз. Кейіннен 30 миллионға, содан соң 25 миллионға бір-ақ түсір­ді. Әкімге керек емес ескерткіш, бізге де керек емес болар. Енді ол мону­мент  емес, қуыршақ  болды ғой. Әкімге болған жайтты айттым. Сөйтсем оған олай ешкім айтпайды екен. Соңында біз 32 миллионға жасап­ шықтық. Ол енді баяғы Ш.Есено­в көшесіне жарамайды. Орталы­қ алаңға да қойып көрді, болмады­. Қыстыгүні қырауда сан қиындықты бастан өткеріп жасап едік, ақырында  жаздың ыстық күнін­де қалалық саябақтың алдына қойды.

Менің ойымша, жоба нақты бел­гіленуі  керек. Ол әкім ауыса ма, бас­қа  ауыса  ма, өзгермеуі керек. Бір-бірі­нің жұмысын жалғастырмайтыны анық олардың. Мысалы, монумент деген сөзге жауап беретін ерекшеліктер болады­. Өлшемі, орналасуы, т.б. Оны әкімдер жақсы білуі тиіс. Бір-бірі­нің жұмысына көңілдері толмай, жаңалық әкелгісі келетіндерін айтамын.

- Түркі әлемінің көсемі Мұстафа Шоқайд­ың  мүсін-ескерткішін жасауда белсенділік  танытқаныңызды  байқадық. Қалың  қазақ тайлы-таяғына дейін  тегіс білетін тұлғаны ұқсату оңай болмаған  шығар.

- Мұстафа Шоқайдың бюстін жаса­у  туралы  конкурс  жарияланғанда  мен “әкем ғой ” деп бәсекелестікті күшейту үшін, қыздыру үшін қатыс­қан болатынмын. Сонда көптеген өнер иелері, журналистер менің жұмысыма жақсы баға берді. Бірақ, комиссия мүшелерінің пікірі екіге жарылды. Жалпы, комиссиядағылардың бір-бірін мойындамайтын, өзара қарсылығы бар адамдар екенін сезген де едім. Тіпті, олардың бірі маған тиісе бастады. Мен Мұстафа Шоқайдың тақия киген нұсқасын жасаған едім. Ол болса, “ол кісі мүлдем тақия киме­ген” деп қиғылықты салады. Менде фотосы  болатын, оның үстіне туыс­ты­ғы бар, бес саусағымдай біле­мін ғой. Қысқасы, комиссия отырысы­ 6 рет өтті. Идеям дұрыс, бірақ, шаршай бастаған соң басқаша жасағаным дұрыс шығар деп жүрген­мін. Қанша уақытым кетті, қоя саламын ба деген де ой болды. Бір күні түнгі сағат 2-лер­дің кезінде ұйқыға кеттім. 20 минут ұйықтадым ба біл­меймін, түс көріп жатыр екенмін. Франция. Париж. Қымбат мейрам­хана. Бүкіл өнер иелері  бар. Солармен емін-еркін араласып, сұхбат құрып  жүрмін. Содан артымнан қара киім киген біреу келіп “Тұр, жұмысыңды істе!” дегендей болды. Мен мұны атам екен деп қабылдадым. Ұйқым қанып қалыпты. Эскизім мені күтіп тұр. Бірден жалғастырып, таң атқанша аяқтадым. Сол жұмысым барлық комиссиялардан өтті. Бірақ, Мұстафа Шоқайға мемлекет тарапынан  ешқандай қаржылай қолдау бол­ған жоқ. Демеушілік көмек көрсе­тілді. Сондықтан авторымын деп арнайы­ жазған жоқпын. Аман-есен Парижге орнатып қайттық. Онда 24  күн  болдық. М.Шоқай атындағы француз-қазақ қоғамының басшысы Яшар Дініш, М.Шоқай қорының төрағасы Базарбай Атабаев, одан өзге Тұрғанбай Маханов, Мұрат Бақтиярұлы, т.б. секілді кісілердің еңбегі көп сіңді.

- Аға, шығармашылық табыс тілейміз!

Сұхбаттасқан   Рыскелді   ЖАХМАН

 


ПОЛИЦЕЙ ӨНДІРІС МАТЕРИАЛДАРЫН БҰРМАЛАҒАН PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
11.10.2018 11:08

Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігінің ішінде жүргізу­шісінің сыра ішіп отыр­ғанын байқаған.

Содан жүргізушіні медициналық куәландырудан өт­кізу үшін облыстық наркология орталығына алып барып, «жеңіл дәрежедегі» масаңдығы туралы қорытынды алған. Мұнысымен қоймай, әкімшілік құқықбұзу­шылық туралы іс бойынша дәлелдемелерді бұр­малау мақсатында жүр­гізушіге көпқабатты үйлердің арасын­а авто­көлікті өзі басқарып кіргізуін талап еткен.­ Айтылған талапты орындаған сәтте, полицей автокө­лікті тоқтатып, масаң күйде бас­қарғаны үшін әкімшілік құ­қық­бұзушылық  туралы хаттаманы   толтырған.

Облыстық прокуратурамен сот қаулысын зерделегеннен кейін ЖПҚ қызметкеріне қатысты материалдар алдымен СДТБТ-не Қылмыстық кодекстің 416-бабының 2-бөлігімен тіркеліп, сотқ­а дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда об­лысы бойынша депар­таментіне жолданған. Кейіннен сот үкімімен Д.Амангелдіұлына әкім­шілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша дә­лелдемелерді бұрмала­ғаны үшін ҚР Қылмыстық  кодекстің 416-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Ал Қызылорда қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының қау­лысымен жүргізушінің әрекетінде құқықбұзушылықтың құрамы бол­мауы­на байланысты әкім­шілік іс қысқар­тылған.

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары