Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 196 |
![]() | Кеше | 2502 |
![]() | Осы аптада | 2698 |
![]() | Өткен аптада | 18980 |
![]() | Осы айда | 61009 |
![]() | Өткен айда | 78079 |
![]() | Бәрі | 5153546 |
ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕЛМЕНБЕТ БАТЫР САЯБАҒЫ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
02.11.2018 10:20 |
Келменбет батыр ескерткішінің айналасындағы аумақ абаттандырылды – көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, шамдары жаңартылып, брусчатка төселді және бордюрлер қойылып, орындықтар орнатылды. Жөндеу жұмыстары демеушілер көмегімен жүргізілді. Сондай-ақ, кеше А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде ауданның шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Онда қазақтың халық әндері, ұлттық билері, әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, Қармақшы ауданының қоғам қайраткерлерімен кездесті. Естеріңізге сала кетейік, қала мерейтойына орай Қызылордада аудандардың шығармашылық ұжымдарының концерттері және жаңғыртылған нысандардың таныстырылымы өткізілуде. Облыс әкімінің баспасөз қызметі |
ОБЛЫС ӘКІМІ "ҰШҚЫН" ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
02.11.2018 10:06 |
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев "Ұшқын" Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны" ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпорын 2013 жылы құрылған, мұнда тротуарлық плиткалар мен жолжиек тастары, пластикалық терезе, есік және витраждар, кез келген офистік және үйге арналған жиһаз өнімдері өндіріледі. Сондай-ақ, сыртқы жарнама қызметінің барлық түрлері, әртүрлі полиграфиялық өнімдерді басып шығару мен клинингтік қызметтер, компьютерлік және периферийлік құрылғыларды жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпорында 211 адам, оның ішінде 119-ы мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 9 айында ғана ұйым 331 мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, 342,6 млн теңгенің тапсырысын орындады. Кәсіпорын басшысы Бақыт Жұмашевтің айтуынша, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдардың көпшілігіне жұмысқа орналасу қиын екенін ескеріп, олардың табыс табу және өз отбасыларын асырау үшін көмектесу мақсатында өндірістік цех ашу туралы шешім қабылдаған. Айта кетейік, "Ұшқын" Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны" ЖШС құрамына "Қазақ соқырлар қоғамының", "Қазақ саңыраулар қоғамының" Қызылорда, Арал, Қазалы, Сырдария аудандары мен Жосалы кентіндегі филиалдары, сондай-ақ "Жігер" Қызылорда облысы мүгедектерінің ЖШС кіреді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі |
Қызылордалық диқандар «Тегін кеңес беру» қызметінің нәтижесін көруде |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
02.11.2018 09:58 |
Осы көктемде, егіс науқанының қарсаңында күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтар үшін Кәсіпкерлер палатасы «Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану және күріш өнімділігін арттыру» тақырыбында семинарлар өткізген болатын. Аталмыш шара тың бастаманың өмірге келуіне септігін тигізді. «Сол шараға күріш өсірудегі жаңалықтар бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласының ғалымдары, Күріш зерттеу институтының қызметкерлері, облысқа белгілі зейнеткер-агрономдар және басқа облыстардан келген минералды тыңайтқыштарды шығаратын компания өкілдері қатысып, саладағы мәселелер талқыланды. Шаруалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Семинар жұмысының қорытындысы ретінде күріш алқаптарынан жоғары өнім алу үшін «Тегін кеңес беру қызметін» бастау туралы шешімге келдік. Өйткені кіші шаруашылықтарда тәжірибелі агрономдары және техникаға қызмет көрсететін инженер секілді мамандар жоқ», - дейді Палатаның Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бастығы Жасұлан Серіков. «Тегін кеңес беру» қызметі пилоттық режимде облысқа қарасты Сырдария ауданында қолға алынды. Сырдариялық кәсіпкерлер маманның жалақысы мен отыратын орнына қажетті және өзге де шығындарды көтеруді өздерінің жауапкершілігіне алады. Кеңес беруші маман ретінде Сырдария ауданындағы зейнетке шыққан тәжірибелі агроном Кенжебек Әнапияұлы таңдалды. Күріш науқанында аудандағы диқандар аптасына екі күн агроном отыратын кеңсеге барып, сондай-ақ, маманды егіс алқабына шақыртып қажетті пайдалы нұсқама-кеңес алу мүмкіндіктеріне ие болды. Пилоттық жоба көп күттірмей-ақ өз нәтижесін берді. Күзгі жиын-терінде Сырдария ауданының шағын шаруашылықтары өнімді әдеттегіден 10-15 центнерге артық жинады. Биыл облыс бойынша күріштің орташа өнімділігі гектарына 50-55 центнер болса, жобаға белсенді қатысқан шаруашылықтар күрішті 67 ц/га дейін жинады. Бастаманың сәтті нәтижесінен кейін агроном-маман Кенжебек Әнапияұлына «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының алғыс хаты берілсе, аудан кәсіпкерлері бірлесе машина мінгізді. Бүгінде Кәсіпкерлер палатасы «Тегін кеңес беру» қызметін облыстың өзге аудандарында да енгізуді жоспарлауда. Айта кетейік, мұндай «кеңес беру қызметтері» Еуропа елдерінде жақсы жолға қойылған. Шаруашылықтар көп орналасқан өңірлерде осындай қызмет түрі ашылып, зейнет жасындағы тәжірибесі мол ауылшаруашылық мамандарды жұмысқа алып, жас шаруашылықтарға сүйемелдеу жасайды. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі |
БЕРЕКЕЛІ ЖЫЛДЫҢ МЕРЕКЕСІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
01.11.2018 15:09 |
Ауыл шаруашылығы саласының жылдық көрсеткіштерін қорытындылауға арналған салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Ғ.Қазантаев аудан халқын береке мен молшылықтың бастауы болған мерекемен құттықтап, ауыл еңбеккерлерінің ел үшін еткен ерен еңбектерінің ақталғанын атап өтті. Шара барысында ел ырысын еселеп, адал еңбегінің абыройына бөленген азаматтарға аудан әкімі лайықты марапаттауларды, бағалы сыйлықтарын табыс етті және сыр салысын күтіп-баптауда мол тәжірибесі бар, сол арқылы зор жетістікке жеткен озат шаруашылықтар марапат тұғырынан көрінді. Осындай еңбек озаттарының құрметіне арнап аудан өнерпаздары әннен шашу шашты. Арнайы тігілген киіз үйлерде еңбек озаттарына ақ дастарқан жайылып, сый-құрмет көрсетілді. Аудандық ішкі саясат бөлімі |