Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
Жұма, 02 Қараша 2018

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 18 ПӘТЕРЛІК АЛТЫ ТҰРҒЫНҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.11.2018 18:00

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қазалы ауданына барды. Онда 18 пәтерлік алты тұрғын үйдің құрылыс алаңында болып, инженерлік коммуникацияларды жүргізу бойынша атқарылған істер мен жаңа автопарк жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда аудан орталығында Әйтеке би кентінде 18 пәтерлік алты үйдің құрылысы жүргізілуде.

Атап өтейік, ауданды дамытудың бас жоспарына сәйкес алдағы уақытта Әйтеке би кентін Қазалы қаласымен біріктіру жоспарлануда. Қазіргі таңда табиғи газ, ауызсу және электр энергиясын жүргізу, сондай-ақ, жалпы көлемі 500 гектар аумаққа жол салу құрылысы іске асырылуда. Инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары 2019 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, бүгін аймақ басшысы Қазалы ауданында ағымдағы жылдың қазан айында "Сенім-Табиғат" ЖШС мен "Байқоңыр" ӘКК бірлесіп салған "Қазалы Керуен" көлік, сауда-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның сапаржайы сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсетеді. Нысанда автотұрақ, көлікке техникалық қызмет көрсету және сауда ойын-сауық орталығы қызмет атқарады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ ШӘКІРАТ ДӘРМАҒАМБЕТОВТІҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.11.2018 15:27

Арал ауданында КСРО-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шәкірат Дәрмағамбетовтің 90 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Арал ауданына жұмыс сапары барысында салтанатты шараға қатысып, мерейтой иесін құттықтады.

"Сыр өлкесі арғы-бергі тарихымызда шығармашылықпен айналысатын талантты ақын-жазушылардан, жыршы, қаламгерлерден кенде емес. Солардың бірі – талантты туындыларымен-ақ тұғырлы тұлғаға айналған, қаламы қарымды, ойы алымды, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы, өшпестей ізі бар, ақпараттың абызы Шәкірат Дәрмағамбетов ағамыз. Соғыс басталғанда 12-13 жастар шамасындағы бала болса да, "Еңбек армиясына" кеткен әкесінің ау-құралына ие болып, теңізден балық аулады. Пединститутты бітіргеннен кейін мектепте, партия комитетінде және аудандық, облыстық газеттердің редакцияларында жұмыс істеді. Бүгінде ауданнан шыққан қаламгерлер, журналистер көшін тоқсанға келсе де тұғырдан түспеген Шәкірат ағамыз бастап тұр», - деді аймақ басшысы.

Аймақ журналистикасындағы көпжылдық еңбегі үшін Ш.Дәрмағамбетов ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталып, «Нива» автокөлігінің кілті табысталды.

Сондай-ақ, мерейтой иесін әріптестері мен замандастары, Қазақ ССР-нің Балық шаруашылығы министрі болған Құдайберген Саржанов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кішкене Айбосынов құттықтады.

Өз кезегінде, Ш.Дәрмағамбетұлы әріптестеріне риясыз көңілдері үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, Шәкірат Дәрмағанбетов 1950 жылы Қызылордадағы педагогикалық институттың тарих факультетін тамамдаған. Бітірген соң Оқу министрлігінен Гурьев (Атырау) облысына жұмысқа жолдама берілді. Атыраудан соң Арал ауданының Шөмішкөл, Октябрь, Қаратерең мектептерінде директор, колхозда партком хатшысы, аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, 1960 жылдың ақпан айынан Арал аудандық «Социалистік Арал», Қазалы ауданында «Ленин туы» газеттерінде бөлім меңгерушісі және редактордың орынбасары қызметтерін атқарып, 1966 жылдың наурыз айынан бастап облыстық «Ленин жолы» газетінің Арал-Қазалы аудандарындағы меншікті тілшісі болады. Ол өз міндетін 25 жыл мінсіз атқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


АРАЛДА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА мен МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.11.2018 15:24

Орталық аудандық аурухана 150 адамға, ал мектеп 300 орынға арналған.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев ауданға жұмыс сапары барысында аудандық аурухана мен мектептің ашылу рәсіміне қатысты.

150 орындық аурухананың ғимараты 3 қабат, 4 блоктан тұрады. Оның ішінде терапия, хирургия, травматология, педиатрия, гинекология, инфекциялық және дерматовенерологиялық бөлімшелер қызмет көрсетеді.

Облыс әкімі аурухана ұжымын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Қазіргі таңда Елбасы тапсырмасымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мемлекет пен жеке сектор арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүріп жатыр. Облыс бойынша білім, денсаулық, спорт, жалпы әлеуметтік салалар бойынша 52 нысанның жобасы әзірленіп жатыр. Өткен жылы Қазалы теміржол ауруханасының базасында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының тұрғындары үшін ауданаралық инсульттық орталық, Байқоңыр қаласынан көпсалалы аурухана ашылды. Қажетті мамандарды резидентураға дайындау мақсатында облыс әкімінің грантын бөлдік, қазір 22 маман оқып жатыр»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, соңғы 2 жылда медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, барлық аудандарда ауысымына 250 келушіге арналған емханалар мен 11 медициналық бекет салынды. Өткен жылдың желтоқсанында Қазалы аудандық орталық ауруханасы пайдалануға берілді. Облыстың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 48 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік бекет, 27 медициналық бекет құрылысы жоспарлануда. Медициналық ұйымдарды арнайы техникамен қамтамасыз ету бойынша әлемнің кез келген клиникасымен байланысқа түсуге мүмкіндік беретін мобильді – ота жасайтын қондырғы орнатылды. Мұндай қондырғымен республиканың 5 клиникасы ғана жабдықталған.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 45,19%-дан 73,4%-ға дейін өсті. Жалпы, екі жыл ішінде 3,1 млрд теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды.

Сондай-ақ, бүгін аудан орталығында №14 мектеп-лицейінің ашылу рәсімі өтті. Мұнда дәрісханалардан басқа асхана, акт залы, кітапхана, спорт залы және мектеп ауласында спорт алаңы бар. Сонымен қатар, робототехника кабинеті, волейбол секциясы және шеберхана жұмыс істейді.

Аймақ басшысы ұстаздар мен ата-аналарды мектеп-лицейдің ашылуымен құттықтады.

"Дені сау және білімді, бәсекеге қабілетті ұрпағымызбен өркениетті 30 елдің қатарына кіруге толық мүмкіндігіміз болады. Мектептің жаңа ғимараты педагогикалық ұжымға білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерді шешуге көмектеседі деп сенемін. Ал міндеттер өте ауқымды, бұл - адам капиталын дамыту. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Батыс Еуропа елдерінде адам капиталының жалпы ішкі өнімді қалыптастыруға қосқан үлесі 30%, АҚШ-та 40%, ТМД елдерінде ол 10-15%-ды құрайды. Бүгінде әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалық сипаттамалары алға шығуда", - деп атап өтті облыс әкімі.

Атап өтейік, өткен жылы Арал ауданында апаттық мектептердің орнына 6 жаңа білім ұясы салынған болатын. Облыста соңғы 5 жылда 45 білім ошағы, оның 37-сі апаттық мектептің орнына салынды.

Сонымен қатар, бүгін облыс әкімі Аралдағы апатты үйлердің орнына берілген 27 жеке үйдің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар аймақ басшысына тез арада тұрғын үй мәселесін шешіп бергені үшін алғыстарын білдірді. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында облыс әкімі тұрғындармен кездесіп, екіқабатты апатты үйлерінің орнына жаңа тұрғын үйлер салынатынын айтқан еді. Жоғарыда аталған отбасылар қыркүйек айында жаңа баспанаға ие болды. Әр үйдің аумағы 60 шаршы метр және тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған қосалқы учаскелері бар. Барлығына жарық жүргізіліп, су тартылған. Сондай-ақ, мердігер компания өз қаржысы есебінен табиғи газ жүргізіп, көгілдір отынмен жылытатын пеш орнатып, жерсеріктік телевизиясына қосып берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары