Өзекті мәселелер

  • 08.11.18

    Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

    Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың аш...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

    ...
    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шыға...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын т...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүзд...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 06 Қараша 2018

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ «ҮМІТ» БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.11.2018 09:53

Балалар Қорқыт ата мемориалдық кешенінде болып, "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы мұражаймен танысты. Сонымен қатар, облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан Қызылорда облысының тарихы туралы жәдігерлерді көзбен көрді және "Атамекен" балалар ауылындағы құрдастарымен бірлескен концерт өткізді.

Айта кетейік, Қызылорда облысында балалар үйі 2015 жылы жабылды, қазір аймақта 47 бала тәрбиеленіп жатқан "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жұмыс істейді.

Кеше облыс әкімі Қ.Көшербаев "Үміт" үйінің өкілдерімен кездесті.

"Қызылорда облысында 200 мыңнан астам бала тұрады, оның 150 мыңы - мектеп оқушылары. 2014 жылдан бастап 510 түлек РФ Үкіметі есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтің беделді жоғары оқу орындарының гранттарына ие болды. Олардың ішінде балалар ауылының бұрынғы тәрбиеленушісі Кашапова Наргиз да бар. Дарынды балаларға, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздарына "Сыр дарыны" медалін табыстаймыз. Біздің елімізде білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Сіздердің араларыңызда дарынды балалар да бар, олар өз талантымен елімізді ғана емес, Еуропаны да бағындырды. Сіздерге ұлы идеялар мен табысты жетістіктердің қозғаушы күші болуға тілектеспін", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Қырымбек Көшербаев балалардың сұрақтарына жауап беріп, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.

"Барлық "үміттіктердің" атынан Сізге жылы қабылдағаныңыз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіз! Біз бұрыннан қонақжай Қызылорда жеріне баруды, өлкенің сұлулығын көруді армандаған едік. Мұнда біз жаңа апа-сіңлілер мен аға-қарындастар таптық және оларды шығыста көруге әрдайым қуаныштымыз", - деді "X-Factor.kz" телевизиялық музыкалық жобасының V маусым жеңімпазы Евгений Выблов.

Балалар бағдарламасы "Арай" аквапаркінде жалғасады, ал 7 қарашада балалар Түркістанға, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барады.

Айта кетейік, "Ұлт руханиятының алтын қазығы – Сыр елім!" іс-шарасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ 2 ЕСЕГЕ АРТТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.11.2018 09:50

Жыл сайын аймақта көпбалалы отбасылардан шыққан талапты ауыл жастары үшін әкімнің білім беру гранттары бөлініп келеді. Биыл білім гранттарының саны 200-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сыр өңірінде кәсіптік мамандықтарға 500 грант бөлінді.

Мәжілісті ашқан облыс әкімі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланғанын атап өтті.

«Жастар арасында қалыптасқан әлеуметтік проблемаларды шешу, табысты, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды жас қазақстандықтарды қалыптастыру - аға буынның міндеті. Осы мақсатта Қызылорда облысының мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі Жол Картасы бекітіліп, онда жұмысқа орналасу, тұрғын үй, білім алу, бос уақытын тиімді өткізу, т.б. жастардың өзекті мәселелері қарастырылған. Жыл сайын 100 дарынды да талапты ауыл балалары, оның ішінде, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан жастар еліміздің белді жоғарғы оқу орындарында облыс әкімінің грантымен білім алуда. Биыл біз мұндай гранттардың санын екі есеге өсіріп, 200-ге жеткіздік»,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен, қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағыты бойынша аймақтағы 20 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында жастар 16 кәсіби емес мамандық бойынша білім алуда.

«2018-2019 жаңа оқу жылына 500 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінді. Елді мекендерден шалғай орналасқан білім беру ұйымдарына барып-қайтуы үшін материалдық көмек те қарастырылған. Нәтижелі жұмыс істеп, колледж бітірушілерін жұмыспен қамту көрсеткішін жоғарылату, оқу орындарының материалдық-техникалық базасы мен оқытушылардың сапалық деңгейін арттыру, өңірде жұмысшы мамандарды даярлау бойынша белсенді жұмыс жасауымыз қажет»,-деп атап өтті облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап Мәскеу мен Санкт-Петербургтің озық оқу орындарында 452 қызылордалық студент Ресей федерациясы үкіметінің гранты есебінен білім алуда. Осы жылы алғашқы 74 түлек оқуын тамамдады, олардың 43-і магистратурада оқуларын жалғастырады, қалғандары облыстың ірі кәсіпорындарына - «СКЗ-У» ЖШС, «Қызылорда жарығы» ЖШС, «Ансар Сервис» ЖШС, «Теплотехник» ЖШС, мамандандырылған мемлекеттік мекемелерге - индустриалды-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары мен жастар ресурстық орталығына және т.б. жұмысқа орналастырылды. Айта кетейік, келесі жылы тағы 150 түлек оқуын бітіреді деп күтілуде.

Жалпы, жастармен барлық бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде. Айта кету керек, Қызылорда облысы республикада алғашқылардың бірі болып «NEET категориясындағы жастармен жұмыс жасаудың кезеңдік жоспары» мен «2021 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатын дамытудың жол картасын» қабылдады. Аталмыш құжаттар шеңберінде қоғамдық өмірдің түрлі салаларында жобалар жүзеге асырылуда.

Өткен жылдан бастап қызылордалық жастар ресурстық орталығы еуропалық жұмыс үлгісіне көшті. Оның шеңберінде орталықта жастарға қажетті барлық қызмет түрлері: коворкинг орталығы, жаттығу залы, тіл үйрету курстары, интернет қызметтері, заңгерлер, дәрігерлер мен басқа да мамандардың кеңес беруі, кинозал және т.б. қызметтер ұсынылады. Келесі жылы Сырдарияның сол жағалауында жаңа жастар ресурстық орталығы пайдалануға беріледі.

Қазіргі таңда аймақтағы халықтың 24%-ы - жастар, олардың ішінде 190 мыңнан астамы - 14-29 жас аралығында, ал экономикалық тұрғыдан белсенділері - 110 мыңнан астам. Айта кетейік, аймақ тұрғындарының жалпы саны 700 мыңнан астам адамды құрайды.

Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов аймақтағы жастарды қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру барысы жайлы баяндады.

«Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен «ZhasProject» жобасының аясында Қызылорда облысында 266 жоба қолдау тауып, 900-ге жуық жастар жұмысқа орналасты», - деді Қуаныш Жанұзақов.

Сонымен қатар, басқарма басшысы жастарға қолдау көрсету бойынша мектептерде кәсіптік бағдар беру кабинеттерін ашу, кеңес беруді қамтамасыз ету үшін жастар мәслихатын қосу, жас аналарды қолдау және тұрғын үй мәселелерін шешу және т.б. бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Мәжілісте облыстық білім басқармасының бастығы Майра Мелдебекова және қала мен аудан әкімдері сөз сөйледі.

«Келесі жылы жастар мәселесіне арналғаны өте маңызды, қоғамның бұл категориясы барынша қолдау және ерекше назар аударуды талап етеді. Осыған орай, «Жастар жылын» атап өтуге мамандар толық, барынша сай болуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп, барлық жауапты тұлғалар маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуы тиіс», - деді аймақ басшысы.

Мәжілісті қорытындылай келе, облыс әкімі Қ.Көшербаев білімге, дағдыға, тәжірибеге байланысты адам капиталын дамытудың қоғам болашағы үшін маңыздылығын, «Болашақ жастарға тікелей байланысты» екенін атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


САМИТ ДАЛДАБАЕВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.11.2018 09:45

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Самит Далдабаев 80 жылдығын атап өтті.

Кеше Жалағаш, Сырдария және Жаңақорған аудандарының Құрметті азаматы Самит Далдабаевты әріптестері мен замандастары мерейтойымен құттықтады.

«Сыр өлкесі арғы-бергі тарихымызда еліміз үшін аянбай еңбек етіп, өзінің адалдығымен, парасаттылығымен ел аузында, халықтың оң назарында жүрген азаматтарға кенде емес. Осындай нар тұлғалы азаматтарымыздың бірі де бірегейі - Сәмит Далдабаев ағамыз. Түрлі жауапты қызметтерді атқара отырып, өзін білікті басшы және елінің нағыз ұлтжанды азаматы екенін көрсете білді. Бүгінгі күні де аймағымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, жастарды елжандылыққа тәрбиелеп келеді", - деп атап өтті облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Самит Далдабаевқа Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Сондай-ақ, мерейтой иесін еңбек ардагерлері Тұрғанбай Маханов пен Жарылқасын Шәріпов құттықтады. Өз кезегінде Самит Далдабаев әріптестеріне көрсетілген риясыз көңілдері үшін алғысын білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«АНА БАҚЫТЫ – БАЛА» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.11.2018 09:41

Кеше аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмахановтың қатысуымен Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Ана бақыты – бала» атты ерекше жағдайдағы балалардың аналарымен кездесу өтті. Ерекше жағдайдағы балалардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2018 жылдың 1 қарашасына 978 мүмкіндігі шектеулі азамат, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 221 ерекше жағдайдағы балалар тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 адамға, оның ішінде 18 жасқа дейін 3 балаға азайған.

Кездесуді аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әсия Мәдиева жүргізіп отырды.

Кездесудің алғысөзін алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов:

- Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз де тегін айтылмаса керек. Адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген уақыттан бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі, - деді өз сөзінде.

Шарада «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Эльмира Құттымбетова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Шынар Бекпанова, денсаулық сақтау саласының мамандары, «Аналар кеңесінің» мүшелері хабарлама жасап, кездесуге қатысушы ата-аналар алғыстарын, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында өмір өткелдеріндегі қиындықтармен мойымай күресе білетін, қандай тауқымет көрсе де, оны жеңе білетін абзал аналарға құрмет-қошемет көрсетіліп, сый-сыяпат жасалды.

Шара аудандық, облыстық, республикалық өнер байқауларының жеңімпаздары атанған ерекше жағдайдағы өнерлі балалардың және аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


Ерлан Қожанов:«Кеңесте қаралған шиелілік кәсіпкерлердің мәселесі шешілді» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.11.2018 17:12

Бұл туралы Кеңес төрағасы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысында айтты.

Кеңестің осы кезге дейінгі көшпелі отырысы Шиелі ауданында өткен болатын. Көшпелі отырыс өткізуге шиелілік кәсіпкерлерден түскен шағым себеп болды.

Атап айтқанда, Шиелі ауданы бойынша кірістер басқармасының жылдың қаржылық айналым көлемін 2,1 млн. теңгеден негізсіз арттыру жөнінде талабына кәсіпкерлік субъектілерінің арыздары қаралды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің төрағасы Ерлан Қожанов бұл мәселеге қатысты: «Кәсіпкерлердің шағымында көрсетілген деректер дәлелін тауып, шын мәнінде аудандық кірістер бөлімі қызметкерлері тарапынан салық базасын ұлғайтуда базардағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық айналымдарын көбейтіп, қайтадан декларация тапсыру туралы талаптары болғаны анықталды. Кеңес шешімімен облыстық кірістер департаментіне және Шиелі аудандық прокуратурасына хат жолданып, тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің өтініштері қанағаттандырылды», - дейді.

Кеңесте қаралған келесі мәселе – Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің әрекетсіздігіне және жер қатынастары саласындағы әкімшілік кедергілер туралы осы ауданның тұрғыны Ғафур Байдеудің өтініші.

Бұл мәселеде де кәсіпкерге мал жайылымға тиісті жер берілмей, соңғының 2 жыл көлемінде әуре-сарсаңға түскені анықталды. Осыған байланысты, Кеңеске қатысқан аудан әкімі аудандық жер қатынастары тарапынан болған кедергілерді растап, Ғафур Байдеуге сұраған жер телімін алуға тиісті көмегін жасады.

Өз хабарламасында Ерлан Қожанов: «Бүгінгі күнде аталған кәсіпкер жайылымдыққа 600 гектер жер алып, шаруасы алға басуда. Сонымен қатар, 200 га жер алу үшін аукционға түсіп, қосымша жер алуға тағы да талаптанып жатыр. Бұл шын мәнінде Кеңестің нәтижелі жұмыстары деп атауға толық негіз», - дейді.

Айта кету керек, 2018 жылы кеңестің 6 отырысы өткізіліп, 12 мәселе қаралды. Бүгінгі күнге олардың 8-і оң шешімін тапты.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары