Өзекті мәселелер

  • 08.11.18

    Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

    Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың аш...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

    ...
    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шыға...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын т...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүзд...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 07 Қараша 2018

ҚАЗАҚША ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ТҮРІ немесе ҚАЗАҚТІЛДІЛЕР... PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
08.11.2018 11:59

Мен осы постымды әлеуметтік желіде әуелі орыс тілінде жаздым. Екі күн ішінде оған 100 адам лайк қойды, 14 репост жасады, 24 адам өз пікірін жазды. Ал екі адам «басқа ұлт өкілдері біздің кемшіліктерді біліп алады да, бізді мазақтайды» деп зәресі ұшып кетті. Сондықтан орысша постымды алып тастап, мәселені қазақ тілінде көтеріп отырмын. Постыма басқа да ойларымды қостым.

Өз елімізде, өз үйімізде жүріп біреуден қорқатын болдық. Қашанға дейін осылай жүреміз? Ал орыстілділер жайында бәрін екі тілде айтуға да, жазуға да болады екен. Тіпті, мазақтауға да болады. Оған ешкім қарсылық білдірмейді.

Шынын айту керек, қазақтілділердің ішінде көбі – тек тұрмыстық тілді білетіндер. Бұл да бір мәселе.

Мысалы, орыс тілді адам (мейлі, қазақ болсын, орыс болсын, басқа ұлттың өкілі болсын) жұмысқа ор­наласқанда орыс тіліндегі құжат­тармен қолма-қол жұмыс істей бастай­ды. Тіпті, жас мамандар болса да. Мен құжат тілін білмеймін, түсінбеймін, құжаттарды жүргізе алмай­мын деген сөз олардан ешқашан да шықпайды. Олардан білесің бе, білмейсің бе, сұрамайды да.

Ал қазақтілділердің ішінде құжаттарды ана тілінде жүргізе алмайтындар толып жатыр. Мен қазір Астананы айтып отырмын. Қызылорда немес­е Атырау облыстарында жағдайы басқаша шығар. Оны нақты білмеймін.

Жуырда осы мәселе жайында бір ұйымның басшысымен сөйлестім. Оның айтуынша, олардың ұйымында кілең қазақ тілді қазақтар (100%,  70 адам) жұмыс істейді, ал қазақ тілінде барлық құжатты аудармашы қыз ғана жүргізеді. Жалғыз адам бүкіл ұжым үшін ана тілімізде жазады.

Орыс тіліне келсек, ондай жағ­дайды елестетуге бола ма?

Адамдар құжаттарды ана тілінде жаза алмайды да, бұл істі меңгергісі де келмейді. Бірақ, біз нағыз қазақпыз деп кеудесін соғады.

***

Астанада қазір 80%-ы – қазақтар. Ал мемлекеттік органдарда, тіпті, 90-100%. Олардың ішінде қазақша еркін сөйлейтіндер толып жатыр. Негізгі тілі – қазақ тілі, күн бойы қазақша сөйлейді. Бәрі шалақазақтар деуге  болмайды.

Ал құжатқа келгенде, «ой, мен қазақша құжаттарды түсінбеймін, білмеймін, жүргізе алмаймын, қазір қайдағы бір жаңа сөздерді енгізіп жатыр»­  деп  айтады.

Өтірік жазғанын да көрдім. Ешкім оқымайды деп қайдағы бір мәтінді алады да орыс мәтініне қоса салады. Немесе Translate-тен өткізіп «тыға»­ салады.­ Демек, олай талай рет істеп ештеңе  болмады. Ешкім шу шы­ғар­ған жоқ. Өйткені ҚАЗАҚША МӘТІНДЕРДІ ЕШКІМ ОҚЫМАЙДЫ. Бәрі орысша оқиды.

Қазақша іс жүргізудің түрі осы.

Құжаттарды қазақша жаза алатын қазақтар бар, бірақ олар көпшілікке жатпайды. Сондықтан мыңдаған аудармашыны ұстайды. Кейбіреулер құжаттарды аударма бюросына береді.

***

Мен Астананың бірнеше ұйымында аудармашы болып жұмыс істедім. Онда да сол жағдай. Нағыз қазақтар өз құжаттарын қазақ тіліне аударуға әкеледі. «Ал өздерің неге қазақша жазбайсыңдар?» деген сұрағыма «жаза алмаймыз», «ал бізге аудармашы не үшін керек» және с.с. жауап береді.

Екі-үш жас жігітпен оңаша «Олай болмайды. Ана тілімізді жаңғырту керек. Сендер болмасаңдар, оны кім жасайды?» деген тұрғыда сөйлескенмін, олар өзіміз жазамыз деп уәде берген.­ Кейін аударманы маған тексер­уге әкелді. Не деген сұмдық! Құжаттар асүйде отырып, кешегі тойды­ талқылайтын тілмен  жазыл­ған. Адамдар ресми қазақ тілінің, кеңсе­ тілінің лексикасы мен стилистикасын білмейді. Өз кәсібіне қатысты сөздерді (кәсіби терминдерді) де білмейді. Аударманы қайтадан істеуге  тура келді.

Өтініш жаза алмайтындарды да көрдім. Бір сөйлем.

***

Кейбір осындай нағыз қазақтар қазақ тілі кез келген салада, кез келген­ жағдайда қолдануға жарамайды деп айтады.

Әрине, сен тек ТҰРМЫСТЫҚ ТІЛДІ білсең, ресми келіссөздерді жүргізе алмайсың, баяндамалар мен диссертацияларды жаза алмайсың, құжаттармен жұмыс істей алмайсың, сенің кәсібіңе қатысты аталымдарды білмеген соң, ойыңды да жеткізе алмайс­ың. Мәселе қазақ тілінде емес, мәселе сенің қазақ тілін терең біл­мегеніңде.

Түрік немесе әзірбайжан тілдерін кез келген жағдайда, барлық сала­лар­да, барлық деңгейде қолдануға бола­ды, ал қазақ тілі неге жарамайды?

Өйткені құр ТҰРМЫСТЫҚ ТІЛ шынында жарамайды.

***

Сосын осындай жағдай бар. Шартт­ың, келісімнің және с.с. құжаттардың соңғы парағында міндетті түрде осындай тармақ болады:

- «Шарт мемлекеттік және орыс тілінде жасалған. Даулы жағдайда орыс тіліндегі данасының артықшылық құқығы бар».

- «Договор составлен на государственном языке и на русском языке. В спорных ситуациях экземпляр на русском языке имеет преимущественное право».

Неге солай? Өйткені шарт бірден қазақша жазылмайды. Шарт әуелі орысша жазылады, оны бәрі жабылып тексереді, талқылайды. Мамандар, бөлім бастығы, департамент бастығы, заңгер және т.б. Кілең қазақтар. Сосын­  бекітілген  шарт  аудармашыға біріледі. Аудармашы не жазды, ешкімнің жұмысы жоқ. Қазақшасын оқымай, қолдарын қоя салады. Сондық­тан орыс тіліндегі данасының артықшылық құқығы бар. Ол түпнұсқа болып саналады.

***

Ондай іс жүргізу болушы ма еді? Бұл  нағыз  көзбояушылық  ғой. Қазақ­тіл­ділер қазақша іс жүргізуге іс жүзінде көшпесе, басқаларды не дейміз?

Осындай енжарлықпен біз 50 жылдан кейін де ана тілімізге толық­тай  көше  алмаймыз.

***

Қазақтың кеңсе тілі баяғыдан бері қалыптасты. Терминологиялық комис­сия кеңсе аталымдарын, кеңсе сөздері мен сөз орамдарын бекітті. Іс жүргізуге арналған, комиссия бекіт­кен­  сөздіктер  бар.

Екі тілде жазылған құжаттардың үлгілері бар. Оларды әрбір екі жылда «Lem» баспасы шығарады.

Көптеген мекемеде, ұйымда, органда және тағы басқаларда барлық қызметтік құжаттаманы штаттағы аудармашылар  аударады. Сол құжаттарды алып, әрі қарай жұмыс істеуге болады ғой. Құжаттардың түрі санау­лы.­ Олар қайталанады. Орыс тілінде де солай.

Қазақтілділер бұл істі тез меңгере алады ғой.

***

«Қазақстан Республикасында іс­қағаздарын жүргізудің» екі тілді құралы бар. Бұл құралда іс жүргізу ережелері мен құжаттардың үлгілері екі тілде көрсетілген. Сонымен қатар, құжат үлгілерінің электрондық нұс­қалары бар диск те қоса беріледі.

Осы құралды іс жүргізушілер, кадр бөлімінің қызметкерлері, кеңсе қызметкерлері, хатшылар, аудармашылар және мекемелердің, ұйымдардың, органдардың және с.с. БАСҚА ДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ басшылыққа алуы тиіс. Бұл іс жүргізуді бірыңғайландыру  үшін  жасалған. Әрбір  2 жылда  құралды  жаңартады.

Осы сілтеме бойынша құралмен танысуға болады: http://lem.kz/…/deloproizvodstvo-v-respublike-kazahsta…/1254

***

Тілдерді дамыту басқармасы Тіл туралы  заңның  сақталуын  қадағалап,­ барлық ұйымды тексереді. Оларға қазақ тілінде жазылған құжаттарды көрсетеді. Басқарма қызметкерлері бұл ұйымда құжаттар мемлекеттік тілде жүргізіледі деп белгі қояды да, бітті шаруа. Осыған талай жыл бойы мәз  болып жүрміз.

Бұл ұйымның қызметкерлері құжаттаманы өздері жүргізе ме, оны пайдалана ма, түсіне ме, ешкімнің жұмысы жоқ.

15-17 жыл бұрын іс жүргізуді бір­тіндеп мемлекеттік тілге көшіреміз деп  жариялаған...

Біздің талай нәрсені жария етіп, одан әрі бармайтын әдетіміз бар.

Демек, қазақ тілі мәселесі әлдеқайда терең. Құр орыстілділерді оқытумен шектелмейді.

Жалпы қоғамда қазақ тілін білу деңгейі төмен.

***

Орысша постымның астынд­а ФБ-дағы досым Жеңісгүл осындай коммент  тастады:

«Школьную программу қазақ тілі и русский язык сравните. Небо и земля. Уже в старших классах в общео­бразовательных школах ПРОВОДЯТ АНАЛИЗ­ ТЕКСТОВ, тогда как в казахских школах дальше синтаксического разбора нет движения. Даже если сравнить рус.яз в каз.ауд. и каз.яз.в рус. ауд. в вузах, можно заметить, что программа рус.языка намного сложнее, студенты РАБОТАЮТ С НАУЧНЫМИ ТЕКСТАМИ, СОС­ТАВЛЯЮТ АННО­ТАЦИИ, РЕЦЕНЗИИ, ПИШУТ СТАТЬИ. Тогда как студенты рус.ауд. сидят на темах "менің отбасым", "менің қалам", снова возвращаются к школьной программе. Вообще, НАДО ЖЕСТКО СПРАШИВАТЬ С МЕТОДИСТОВ-КАЗАХОВЕДОВ, почему они не ориентируются на программу русского языка в вузах, коли сами ничего путевого не могут предложить».

***

ДА, ЭТО КОМ­ПЛЕК­С­НАЯ  ПРОБЛЕМА.

ТОЛЫҚТАЙ КЕЛІСЕМІН.

Сағадат  МҰҚАНОВ,

мұғалім-аудармашы,

Астана  қаласы

 


ШЫНДЫҒЫ ШИМАЙЛАНҒАН ҚЫЛМЫС (Болған оқиға ізімен) PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
08.11.2018 11:33

САЯЖАЙДАҒЫ  КӨҢІЛДІ  КЕШ

Жаз. Шілденің шіліңгір ыстығы тас төбеден өтіп барады. Күннің қызуы көтеріліп, дала дем алуды қиындататын қапырыққа айналды. Көктемнің соңғы айы келісімен Қызылордада осындай күн райы. Қала халқы бұған да үйрене бас­таған. Тіпті, 40 градус нөлден жоғары­  болса  да,  тіршілігін  бір  сәт тоқтатқан емес. Бүгін де солай болғалы­ тұр. Ерсін өз туған күнін атап өтпекші. Кәдімгідей дайын­далып, азын-аулақ тәттісін сатып алып, дастарқан жайды. Достарымен қоса бір-екі көрші-қолаңын шақырыпты. Арасында метис қыз Таня  да  бар. Өйткені  бойжеткен­нің Ерсінмен таныстығы бар-ды. Әрі, бір жағынан, үнемі отырыстың көркін  келтіріп  отыратын.

Осылайша «Сабалақ» сая­жайындағы көңілді кеш көп ұзамай басталып кетті. Туған күндегі қонақтар шуы алыс көршілерге де жетті. Құдды 90-жылдардағы ауыл кеші секілді. Мұнда қай үйден көтеріңкі көңіл күйдің дыбысы естілс­е, шақырусыз қонақтар да жиыл­а қалатын. Сәкен де айтпай келіп қалды. Келді де ішімдікке кірісті. Өзі де соған біртабан жақын еді. Бірде Танямен  әңгімесі жарасқан ол кешті әрі қарай өз үйін­де жалғас­тырмақ  болды. Сөй­тіп екеуі отырыстан  бірге  шығып  кетті.

 

АДАМ  МӘЙІТІНІҢ  ТАБЫЛУЫ

Арада төрт күн өтті. Туған күннің қызығы басылып, күнделікті күйбің тірлік қайта басталған. Ерсұлтан әдеттегідей ауызсу алып келуге қамданды. Өйткені мұндағы тұрғындар суды тасып ішетін. Кей үйлердегі қазылған құдыққа «құда» түсіп, апталық суды жинап алатын-ды. Бүгін де сол жұмысына кірісті. Сағат тілі бестер шамасында түскі ұйқысынан оянып, екі көзін тырнап ашқан ол шелегін алып көрші Сәкен ағайдың үйіне келді. Даладағы құдықтан енді су ала бергені сол еді, қазылғанына көп болмаған, топырағы әлі кеппеген жерді байқап қалды. Бала көңіл, «бұл не болды екен?» деген оймен әлгі жерді қазғаны сол-ақ еді, жер астына­н адамның басы шыға келді.

...Арада көп уақыт өтпей мәйіт табылған үйде полицейлер қаптап кетті. Экспертиза мамандары да қыздың қалай өлтірілгенін анықтауға кірісті. Алайда әзірше кімнің бұл қылмысқа барғаны белгісіз. Жан жүректі езетін сұмдық қыл­мысты Қызылорда қалалық полициясы тергеу бөлімінің бастығы Марат Алиев дереу өз бақылауына алды. Себебі аяусыздықпен адам өлтіріп әрі оны тыржалаңаш көміп кеткен қылмыскерді тез арада құрықтау қажет еді. Сол сәттен бастап-ақ саяжайда­ғы көршілермен сөйлесіп, куәгер кісілерден жауап алу  басталып  кетті.

 

КҮДІКТІНІҢ   ҰСТАЛУЫ

Жасы небәрі 28-дегі бойжеткеннің өлімі кімге керек болды екен? Түсініксіздеу. Алайда күдікті ретінде мәйіт табылған үйдің егесі Сәкен қамауға алынды. Әзірше екі ай тергеу изоляторында болады. Бірақ өлік өз үйінің ауласынан табылса да, ол бұл қылмысқа қатысы жоғын айтып, ақталум­ен болды. Тіпті, ол күні үйде қонбағанын да айтты. Дегенмен куәлер­ден жауап алу барысында Таняны­ соңғы рет Сәкенмен көр­гендерін айтқан. Олардың Ерсіннің туған күнінен бірге қайтқандарын байқағандар да бар болып шықты. Бәрі айдан анық. Сәкеннің оны өлтіргені түсінікті болды. Алайда оның соңғы берген жауабы полиция майоры Марат Нұрланұлын ойландырып  тастады. Өйткені Сәкен үйіне қаладан нағашы інісі Тыныштықтың жиі келетінін, Ерсіннің туған күні болғанда соның да қонуға келгенін айтқан  болатын. Күнделікті  сан түрлі оқиғалармен  кездесетін  Марат  Алиев­ бұл жолы да қылмыстың шытырман оқиғалы екеніне шүбә келтірмеді. Сөйтті де, қарамағындағы қызмет­керлері арқылы Тыныштықты іздес­тіріп, осында әкелдірді.

Бұл уақытта Сәкен бостандыққа шыққан. Бауыр еті бауырынан артық байлықтың жоқтығын ол әлі түсіне қойған жоқ. Тек темір тордан құтыл­ғанына қуанышты. Бір жағынан, шынын­да қылмысқа қатысы болмаса, жазаға тартылмағанына қуанышты болмағанда, қайтпек деген ой келеді?

 

НАҒЫЗ   ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ  ТҰТЫЛУЫ

Оқиға тым күрделеніп кетті. Шындығы шимайланған қылмысқа нақты кімнің барғаны әлі де анық­талмай жатыр. Тыныштық тергеуге алынғанымен, қылмысты мойын­даған  жоқ.

– Мен ол қызды мүлде танымаймын, көрген де емеспін.

– Алайда сен Сәкеннің үйіне барып,­ қонғаныңды жоққа шығармайтын шығарсың?

– Рас. Қонғаным рас. Бірақ адам өлтірмедім.

– Онда сол үйдегі өзіңнің киім­деріңе жұққан қанды қалай түсін­діресің? Біле білсең, сот сараптама орталығы оның қайтыс болған Таняның  қаны екенін анықтап отыр.

Үн  жоқ. Шынында да, үйге тінту, зерттеу жұмыстары жүргізілген кезде Тыныштықтың киімдері табылған болатын. Анда-санда қаладан қыдырып келіп, тынығып кететін оның ағасының үйінде киімдері бары өтірік емес еді. Мұны тергеу барысында өзі де жоққа шығара алмады. Бірақ одан табылған қан іздерінің қалайша киіміне жұғып қалғанын түсіндіре алмай әлек. Түсіндіру мүмкін де емес. Осыдан-ақ оның қанмен қапталған қылмысқа қатысы бары көрініп-ақ тұрды. Бұдан әрі тергеудің қажеті де ша­малы. Әрі адам өлтірілген күні аға­сының үйіне қонған ол ертеңіне түске таман қайтып кеткен. Сәйкестікті қарамайсыз ба? Дәл сол күні 17.00 шамасында Ерсұлтан да мәйітті тауып­ алған жоқ па еді? Рет-ретімен келіп тұр. Қызды айуандықпен өлтір­ген ол, есік алдына көмген де, ғайып болған. Әрі өзінің үйі емес, ағасының мекенжайы болғандықтан, күдіктің соған  түсетінін сезген ғой. Бірақ, бір қателік жіберіпті. Киімін ол үйге таста­мау керек  еді. Міне, соңында шындық  орнады...

Бірақ, өз ісінің шебері, көреген­ділігі  бір  төбе қалалық полиция терге­у бөлімінің бастығы бұл істе шикіліктің барын сезгендей. Қан іздері табылғанымен, оны қылмыскер әдейі істеуі де мүмкін ғой деп ойлады. Сөйтті де қарамағындағы жедел уәкілдерге Таняның ұялы телефонын іздестіруге тапсырма берді. Қазіргі заманда онсыз қарапайым қайыр­шының да жүрмейтіні анық. Сон­дықтан бұл қызда да ұялы телефонның болғанына сенді. Полиция қызметк­ерлері үшін бұл қиын іс емес. Кез келген телефон иесінің аты-жөнін білсе, іmei коды арқылы таба алады. Таняның қалта телефоны да тез табыл­ды. Оны жақында ғана Титов­ қыстағындағы бір ер-азамат сатып­ алыпты. Қалалық полицияға тез арада­ жеткізілген ер кісі Тыныш­тықты танымады. Тіпті, телефонды одан сатып­ алмағанын айтты. Бұл сәтте поли­ц­ия майоры тергеу ісіне қайта Сәкен­ді алдыртты. Оны жасырын бөлмеде ұстап, телефон сатып алған кісіге көрсеткенде, сол екенін бірден таныды. Тергеу ісі қайта шимай­ланды.

Анықтай келе, қыздың «сен еркек емессің» деп Сәкеннің намысына тигені­ белгілі болды. Қызындай бойжеткеннен мұндай сөз естіген ер-азамат­ құр жатсын ба? Өзі тағы ішімдік ішкен болса. Ашуланып барып үйде тұрған балғамен қыздың басынан ұра жөнелген. Алғашында не болғанын түсінбей қалған Таня бөлмеден-бөл­меге қашып, құтылудың жолын із­деген. Қарсыласып, ұруына жол бермеген сәтте қыздың маңдайынан аққан қан ілулі тұрған Тыныштықтың киіміне жұғып кетеді. Ақылын ашуына жеңдірген Сәкен осылайша балғамен Таняның басынан­ бірнеше рет ұрып, ақыры ажал құштырады. Өлі денені үй ішінен жасыруға талпынғанда, денені­ң ауырлап кеткенін сезеді. Сөйтіп болмағасын киімдерін шешіп тастапты. Асығыста есік алдын­ан жер қазып, көме салған. Ал былғанған бөлмедегі қан жұғын­дыларын тез арада сүртіп алған екен. Тек Тыныштықтың киімдері ескерус­із қалып қойыпты. Осы­лайша Таняның ұялы телефонын алып, өзі ғайып болған...

 

МӘСЕЛЕНІҢ   МӘНІСІ

«Сабалақ»  маңын  бұралаңдаған жабайы тікендер мен қалың шөп басқан. Көлік жүретін кәдуілгі жолда­ асфальт деген атымен жоқ. Қыс  түссе, жағдай  тіптен  қиын. Тек  саяжайға  кіреберістегі аз  ғана  жерді батпақсыз жүруге болады. Қоғамдық көліктің қатынауы да көңіл көншітпейді. Әйтеуір үйле­рін­е жақындатпаса да, алыстағы аялдам­а маңайына әкеліп тас­тайтынына да шүкіршілік етіп келеді­ халық. Саяжай деген аты болмаса­, басқа  барар  жері  жоқ  жұрт  мұнда қысы-жазы мекендейді. Көше жарығын тіпті армандамайды да. Қоғамдық бақылау камер­алары  айтпаса да  түсінікті. Сондықтан да болар қылмыс жасауғ­а қолайлы. Әрі кімнің не істеп жат­қанын ешкім біле бер­мейд­і. Алайда тұрғындар  қаланың бас жос­па­рына енгізілген саяжайдың жақ­саратынына, қылмыстың да азая­тынына  сенеді.

 

Жансая   ЖҮНІСОВА

 


КӨП АЛҒЫСЫ КӨККЕ ӨРЛЕТЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
08.11.2018 11:24

Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың ашылу рәсіміне қатысқан облыс басшысы жұртшылыққа құттықтау лебізін білдірді.

- Қазіргі таңда Елбасы тапсыр­масымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мемлекет пен жеке сектор арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүріп жатыр. Облыс бойынша білім, денсаулық, спорт, жалпы әлеуметтік салалар бойынша 52 нысанның жобасы әзірленіп жатыр. Өткен жылы Қаза­лы­  теміржол ауруханасының базасында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының тұрғындары үшін ауданаралық инсульттық орталық, Байқоңыр қаласынан көпсалалы аурухана ашылды. Қажетті маман­дарды резидентураға дайындау мақсат­ында облыс әкімінің грантын бөлдік, қазір 22 маман оқып жатыр, - деді Қ.Елеуұлы.

Су жаңа ғимаратқа 4 миллиард теңгеден  астам  қаражат  қаралған. Бас мердігері – «Әбусер» ЖШС. 150 адам­ға арналған 3 қабатты аурухан­а 4 блоктан тұрады. Оның ішінде терапия, хирургия, травматология, педиатрия, гинекология, инфекц­иялық және дерматовене­рологиялық бөлімшелер жұмыс істейді. Аудандық аурухананың бас дәрігері Марат Ршымбетовтың сөзінше, ауданда аурухана мәселесі шешімін таппай келе жатқанына 15 жылға жуық уақыт болған. 2012 жылдан бастап ғимарат апатты жағдайда деп танылыпты. Содан бері аралдық ағайын жаңа ауруханаға мұқтаж. Биыл сол түйткілдің түйіні тарқатылып, халыққа қуаныш сыйланд­ы. Бас  дәрігер  «жаңа  ауру­хана­да қажетті құрал-жаб­дық­тардың барлығы қамтылған» дейді. Амери­калық, германдық жабдықтарды алуға 1,5 мил­лиард теңге  қаржы  жұмсалыпты. Ота жасағанда ешқандай пышақ қол­данбай, бір мезетте қанды да тоқта­та алатын видеоэндоскоп аппараты келген­. Енді хирургтардың облыст­а жасалы­п жатқан отаны аудандық ауруханада  да  жасауға  мүмкіндігі  бар. Сондай-ақ, издуга аппараты да бірнеше­ қызметті бір уақытта атқаратынымен ерекше. Ал компьютерлік томографияны мем­лекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жыл аяғына дейін әкелу жоспарла­нып отыр екен. «Егер бұл аппаратты алып берсе, Арал, Қазалы ауданы тұр­ғындарының барлығы облыс­қа бармай­-ақ, осында  тексе­рілуден  өте алады» деді Марат Ршымбе­тов. Аурухана­да жедел жәрдем көлігі де жеткілікті. Мекемеге 3 ауылдық емхана­, 11 дәрігерлік амбулатор­ия, 4 медициналық бекет және 1 фельдшерлік-акушерлік бекет қарайды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев «дәрі­герлердің  науқасқа айтқан бір ауыз  жылы  сөзінің  өзі – ем» деді өз сөзінде. Ендеше ақха­латтылар  қауымы  науқасқа  жоғар­ы қызмет көрсетуде аянып қалмасы анық. Дәрі­герлердің қызметі туралы онда ем алып жатқан қария ағынан  жа­рыл­ды.

- Біздің Арал ауданының тарихында  бұрын-соңды бол­маған ғимарат. Халық риза болып, әкім­дерге батасын беруде. Іші жылы, жарық, ыңғайлы, бөлім­дердің барлығы бір жерге орналас­тырылған. Әр палата сайын жуынатын бөлме, әжетхан­а бар. Арал ауданына үлкен  сыйлық  болды бұл, - деп ізгі ниетін жеткізді Сексеуіл кентінің тұрғыны Темірбай  Айдарбеков.

Салтанатты  шара  барысында  өңір басшысы аудан орталығы мен оған қарасты елді мекендерде орналасқан емдеу мекемелеріне қызметтік көліктердің кілтін табыстады. Арал ауданынан алыс маңда орын тепкен Қарақұм, Аманөткел, Қамыстыбас ауылының тұрғындарына енді амбулаторияларға табысталған жаңа автокө­лік  қызмет  ететін  болады.

Дамудың даңғыл жолына түскен қандай ел болмасын, білім, денсаулық  сақтау саласына баса көңіл бөледі. Бұл үрдіс біздің мемлекеті­мізде де жоғары орынға қойылған. Оның дәлелін алыстан іздеудің қажеті  шамалы...

Аймақ басшысы аялдаған екінші нысан – №14 Н.Крупская атындағы мектеп-лицейі. Білім ұясы бұдан былай­ жаңа, заманауи құралдармен жабдықталған ғимаратқа көшуде. Лингофондық кабинет, робототех­ника  кабинеті  және  еңбекке  баулу­ға арналған кабинеттер де талапқа сай. Оқушылардың ІТ технологияны меңгеру­ге деген қызығушылығы зор. Оны өнертапқыштар жасаған түрлі заттардан байқауға болад­ы. Нысанның құрылысына 662 миллион теңгеден астам қаржы  бөлінген.

- Дені сау және білімді, бәсекеге қабілет­ті ұрпағымызбен өркениетті 30 елдің қатарына кіруге толық мүмкіндігіміз болады. Мектептің жаңа ғимараты педагогикалық ұжымға білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерді шешуге көмектеседі деп сенемін. Ал міндеттер өте ауқымды – бұл адам капиталын дамыт­у. Сарапшылардың бағалауы бойынша Батыс Еуропа елдерінде адам капиталының жалпы ішкі өнімді қалыптастыруға қосқан үлесі 30%, АҚШ-та 40%, ТМД елдерінде 10-15%-ды құрайды. Бүгінде әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалық сипаттамалары алға шығуда, - деп атап өтті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Арал ауданында өткен ғасырдың ортасынан бері «көненің көзіндей» келе жатқан бір ғимарат бар. Аудандық оқушылар үйі. Мұндағы мамандар мыңға жуық оқушыны бір үйдің баласындай топтастырып, қабілеті бейім іспен шұғылдандыруға барынша көмек көрсетіп келеді. Ғимарат 2014 жылдан бері апаттық жағдайда деп танылған. Іссапар барысында оқушылар үйінің тынысымен танысқан Қырымбек Көшербаев жақсы жаңал­ығымен қуантты. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев алдағы уақытта салын­у жоспарланған 250 орындық оқушылар үйінің эскиздік жобасын көрсетті. Жобалық-сметалық құжаттары дайын мекеменің құрылысы келесі­  жылы  басталмақ.

Мұнан кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Сыр журналисти­касының дарабозы,  ардагер Шәкірат Дәрмағамбетовтың 90 жылдық мерейтой­ына  арналған  жиын  өтті.

Қазіргі Қаратерең ауылдық округін­де дүние дидарына келген тұлға Терістүбек қыстағындағы бастауыш­ мектепті, Қаратереңдегі жетіжыл­дық мектепті тамамдаған. Соғыс басталған кезде 12-13 жас шамас­ындағы Шәкірат Дәрмағам­бетов жастайынан ел басына түскен зауалды сезініп өседі. «Еңбек армиясына» кеткен әкесінің ау-құралына ие болып, теңізден балық аулаған. Кейін облыс  орталығындағы Педагогикалық институттың жанындағы алты айлық жеделдетілген курсты бітіреді. Арал аудандық «Социалистік Қазақстан», Қазалыдағы «Ленин туы» га­зеттерінде бөлім меңгерушісі және редакт­ордың орынбасары болып қызметін­ абыроймен атқарған. Мұнан соң «Ленин жолы» газетінің Арал, Қазалы аудандарындағы меншікті тілшісі болып тағайын­далған. Журналист сол міндетін 25 жыл бойы мінсіз атқарып, халықтың ықыласына бөленген. Арал ауданын­ың құрметті азаматы бағындырған белес, өнегелі өмір жолы өскелең­ ұрпаққа үлгі. Биыл тоқсанның төріне шыққан ардақты ақса­қалды облыс әкімі құттықтап, ҚР ақпарат және коммуникация министр­лігінің  «Ақпарат  саласының үздігі» төсбелгісін тақты. Ұлтымыздың дәстүріне сай шапан жауып, аяулы  жарына  камзол  кигізді, «Нива» автокөлігінің  кілтін  табыстады.

Мұнан соң аймақ басшысы Арал ауданындағы апаттық үйлердің орнын­а берілген жаңадан салынған бір пәтерлік 27 коммуналдық тұрғын үйлердің жағдайымен танысты. Байқоң­ыр кешенінде орналасқан үйлер тұрғындар үшін өте қолайлы, әр үйдің аумағы – 60 шаршы метр. Осы ретте «пәтер уайымынан» құтылған біршама жұрт әкімге алғысын жау­дырды. Ықшам ауданда әр үйдің ауласын­да тұрмыстық  қажеттілік­терге арналған қосымша учаскелер қарастырылған. Жарық самаладай жарқыра­п, ауызсу жөнінен де мәселе туындамайды. Ал табиғи газды мер­діге­р мекеме өз қаражаты есебінен жүргізіп  берген.

Түстен кейін облыс әкімі Қазалы ауданына табан тіреді. «Қазалы Керуен­» көлік және сауда-логисти­калық орталығымен танысып, жо­лаушыларға көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат алды. Автовокзал сағатына 250 жолаушыға қызмет­ көрсетеді. Автотұрақ, техникалық қызмет көрсету орны, сауда және демалыс, ана мен бала бөлмелері, сапарға шыққан жанға қажетті орындардың барлығы қамтылған. Қалааралық автовокзал толығымен іске  қосылған кезде 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Мұнан әрі Әйтеке би кентіндегі 18 пәтерлік 6  үйдің құрылыс жұмыстарын көзі­мен көріп, бағалаған өңір басшысы тындырымды тірліктерге сәттілік тіледі. Қазіргі күні төрт үйдің іргетасы қаланы­п, бір үйдің құрылысы тамамдалған. Жалдамалы  көпқабатты  үйдің біреуінде 2 бөлмелі 12 пәтер,  3  бөлмелі  6 пәтерден  қамтылған.

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев облыс әкіміне ауданның дамуына қатысты атқарылып жатқан ілкімді істерді тілге тиек етті. Соның бірі – Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын  біріктіруге  қатысты  мәселе. Қазіргі күні 500 гектар аумаққа жол салынып жатыр. Инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары келер жылдың соңына дейін аяқта­лады деп көзделуде. Табиғи газ, ауызсу, электр энергиясы тартылған мекен болашақта тұрғындардың сүйікті орнын­а  айналмақ.

Жазира БАҒЛАН,

Б.ЕСЖАНОВ (сурет)

 


КӘСІП ТҮБІ – БЕРЕКЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
08.11.2018 11:19

Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

Бизнес демекші, ертеректе бабаларымызға мына қытайлар бір қойды бір дана сабынға айырбастапты-мыс. Содан-ақ, біле берсеңізші. Беріректе нарық заман­ы орнағалы халық та соған бейімделе бастады. Қазір кез келген жастың әңгімесіне құлақ түрсеңіз, «бизнес  бастау  керек  еді» деп соғып тұрады. Бұл ненің айғағы? Ел нарық заңдылығын, бәсекелестік барын енді сезініп жатыр. Осыдан кейін ғана өз өнімін шығаруғ­а ниеттілер саны артты. Солардың бірі – Нұрғазы  Жұмабекұлы.

Әу баста ол қарындасының кеңесімен «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберін­де «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызыл­орда облыстық филиалы арқылы несие рәсімдеген. Аз уақыттың ішінде. Сөйтіп, аймақ тарихында тұңғыш рет шұлық шығаратын цехты іске қосты. Жобаның құны – 25 млн теңге. Кәсіпкер аталмыш шаруаны  былтыр  бастаған. Сұранысы  сойқан дейді. Нұрғазы Жұмабекұлының сөзінше, цехтың өнімділік қуат­тылығы – күніне 300 дана. Ал, шұлықтың  бағасы – 150 теңге. Мұнда ерлер, әйелдер және балаларға арналғ­ан шұлықтар тоқылу­да. Қазіргі  таңда  қаладағы  дүкендердің  көбін­де кеңінен сатылы­мда жүр. Дегенмен, өнімнің ресми атауы қойылмапты. Қажетті технологиялардың барлығ­ын Қытайдан алдыры­пты. Ал шикізат Қыр­ғызстан, Өзбекстаннан тасымалдануда. Бүгінгі таңда 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз еткен. Кәсіпкер егер сұраныс артса, шағын цехты әлі де кеңей­туге  құлшыныс  танытып  отырғанын  айтты.

Сырдың бас шаһарында соққыға шыдамды шыны да өндірілеуде. Оны «КОМФОРТ – 1 KZ» ЖШС шығарауда. Аталмыш серіктестік 2014 жылы өз жұмысын  бастаған. Тек 2018 жылдан бастап қа­лыңдығы 4 мм болатын әйнек бұйымдары өндірілуде. Қажетті құ­рылғылардың  барлығы  Қытайдан  тасым­алданған.

Облыс орталығында жемісті еңбек етіп жатқан ұжымның бірі – «Жанар-Ай» ЖШС. Құрама жем, күріш өңдеумен айналысатын компания алдағы  жылы макаронды да өндіріп көрмек.

- Кәдуілгі күріштен жасалатын макаронға сұраныс артатыны сөзсіз. Өйткені мұндай өнім Қазақстанда тұңғыш рет нарыққа шығарылмақ, - дейді серіктестік директоры  Мұрат  Айменов.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан компания сервистік қызмет көрсету саласы­на да бет бұрған. Жақында ғана мейрамхана, қонақүй кешенін тұрғызған бұлар келушілерге барлық жағдай жасалғандығын алға тартты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласына арналған оқу орталығы да өз жұмысын  бастаған.

Кәсіпкерлікті дамыту арқылы салықтық база ұлғайып, жұмыссыздық азаяды, қоғамдық-саяси тұрақтылық  орнайды. Міне, кәсіпкерлікті  кеңейтудің тиімді  жолы – осы.

Халық-хабар

 


МЕКТЕПКЕ МЕДАЛЬ КЕПТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
08.11.2018 11:15

Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шығару үшін “аттандағандардың” айы оңынан туып кететінін тағы қосыңыз. Пікірлердің алуандығы соншалық, қос қолмен қолдай­ кететіндер  мен қос қолымен жағаңа  жармасатындардан  аяқ  алып жүре  алмауыңыз  мүмкін.

Желідегі мына бір жазбаны көзіміз шалып, оқырмандар назарына қаз-қалпында ұсынғанды жөн деп таптық. Жазылған жайтқа байла­нысты  жұртшылықтың  пікірін де  қоса  ұсынуға тиіс шығармыз деген ой  келді. Өйткені, Асан  қайғыша  айтқанда, Көлде  жүрген  қоңыр  қаз, Қыр  қадірін  не  білсін?!

Былтыр бір мұғалім: «Мектепке «Өрлеу» медалі кепті, 26 мың теңге екен, бір апай алды. Мен де алсам қайтеді?» дейді. «Біреулер «Өрлеудің» атын жамылып медаль, грамота, сертификат сатады екен дегенді біз де естиміз. «Өрлеу» медаль сатпайды. Қалай ойлайсың, жалпы медаль сатып алған дұрыс па?» дедім. «Иә, біртүрлі ғой медальді­ сатып алған. Ол кісі негізі пенсионер, ауылда мұғалім жоқ болған соң әлі сабақ беріп жүр. Пенсияға былай, жай шығара салған, еш  құрмет көрсетпей, соған енді, ең болмаса өзім сатып алайын деген­  шығар»  деп  апайын  ақтай  бастады.

Кеше тағы бір мұғалім: «Мектепке медаль кепті, «Өрлеу» медалі 25 мың, Ы.Алтынсарин медалі 150 мың екен» деп тұр. Бұл кісінің де алғысы  да келіп, ұяты да  жібермей тұрған сияқты. «Білмеймін, алсам­ ба дегенім ғой. Грамотасы да 25 мың екен, ол қағаз ғой енді, неге  сонша  қымбат екенін?» деп қойды.

Бұлай кете  берсе медальдарда не қадір қалады? Біраздан кейін медаль  тағу күлкілі болып көрінетін шығар, кеудеге сылдырмақ тағып­  алғандай.

«Өрлеу» медаль сатпайды десек те, осыған неге тоқтау жоқ? Бірнеше­ жыл болды «Өрлеудің» аты бар медаль, грамота, серти­фикаттардың сатылып жатқанына. Енді Ы.Алтынсарин медалі қосылыпт­ы. Тоқтау салғанмен тығып та сататын шығар. Дегенмен де реттеу керек деп ойлаймын. Адал еңбектеніп жүрген қаншама адамның сағын  сындырады. Адамдардың  әділеттілікке  деген сенімін  жоғалтады.

Біздің  кішкене  кезімізде  жақсы кәмпиттер, сарымай, үнді шайы дегендер  дүкенде  күнде  бола  бермейтін, келгеннің өзінде әп-сәтте сатылып  кететін. Әсіресе, Қарағандының «Снежок», «Ирис» деген конфеттері, сарымай дегендер дүкенге сирек түсетін. Сол кезде әйелдер­: «Снежок» кепті, сарымай кепті» деп бір-біріне айтып, дүкенге  қарай  жүгіретін. Сол сияқты болып тұр, «Мектепке медаль кепті» дейді.

Лязат  ДҮЙСЕМБЕКОВА

 


 

Пікірлер  тоғысы

Қазіргі таңда мұғалім еңбегін жоғарыдағылар дұрыс бағалап жатқан жоқ. Марапаттар өздерінен ауыспайды. Сондықтан мұғалім өз еңбегімді ең болмаса өзім бағалайын деп алатын шығар. Ал, бізде бірлестік мүшелері ортадан қаржы шығарып, өз әріптестеріне кұрмет көрсетіп медаль алып беріп жатқан жайы бар.

 

* * *

Бұл медаль деген бұрыннан сатылады, әріптестер! Бес саусақ бірдей емес, десе де сатып алып, тегін алғандай мақтанып жүргендерді көріп жүрміз. Зейнеткерлікке шығарда менің үлкен апайыма ұсыныпты. Әрине, ақшасына. “Құрысын, оны қайда тағамын?” деп алмадым” дейді. Риза болдым. Негізі бәрі өзімізге байланысты ғой.

 

* * *

Нарық заманы ғой, ақша шығарып алған дүние ыстық болып тұрады. Биыл ұлттық біліктілікті растайтын тест тапсырып, портфолио жинап қаншама сайыстарға қатысып жүріп, жылап, еңіреп бірінші санатты әзер алдым. Мектеп әкімшілігінің бір кездегі қателігінің арқасында бар санатымнан айырылып еңбегім зая кетіп еді. Аллаға шүкір, өз еңбегіммен, ештеңені де сатып алған жоқпын.

Бизнес ғой. Соны сатып алып жүргендер ақымақ. Ешкім алмаса, сатуды өздері үшін тоқтады ғой. Мақтаншақ халықпыз ғой. Медалі бар екен деген атқа бола алады, әйтпесе сол темірден не пайда!?

 

* * *

Әрине, бұл – белгілі бір билік өкілдерінің ісі. Қарапайым адам медальді жасай алушы ма еді!? Бұдан қорытатын ой:

...Жоғарыдағылардың да, төменгілердің де санасының төмендігі.

...Біздің шен-шекпенге көз­сіз табынатынымыз.

...Жалпы қоғамның лайланып, ластануы.

Қайсысы болса да құрдымға бастайды.

Көкірек көзіміз бітеліп қал­ған. Мұны  мойындайық...

 

* * *

Осы кезде мектептің поштасына келіп тұр, барлық мектепке де келген шығар.

“Үздік педагог деген медаль, жарнасы – 40 мың, бұрын алған барлық жетістіктеріңді жазып, мектеп директорына қол қойдырып, мөр бастырып жібересің. Өмірбаян, түйіндемеңді қоса саласың, сосын ана медальді мектепке немесе білім бөліміне жібереміз, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашық түрде беріледі” дейді. Мұның қаншалықты рас екенін білмеймін.

 


КІРПІГІҢІЗ ҚАНША ТҰРАДЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
08.11.2018 11:13

Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын түйткіл саналға­ны­мен, қыздар үшін мұның  маңызы  аса  зор.

Көз – адам сұлулығының жартысы. Ал көлемді әрі найза­дай ұзын кірпік жанардың жарқ­ырай түсуіне орасан үлес қосады. Қазіргі күні қыз-келін­ш­ектер қауымы жасанды кірпік тағып алуға құштар. Оның салдарына да көңіл аудармастан, «сұлулық құрбандықты талап етеді» дейді. Әрине, ажары ашық, реңі болғаны кім-кімге де ұнайды. Алайда жасанды сұлулыққа жаны қас адамдар да аз емес.

Бақдаулет Әбжан, 17 жаста:

– Қазір өзім құралпы қыз­дардың  көбісі  жасанды кірпік­пен  жүретінін байқаймын. Тіпті  көзге қораш көрінеді. Жеке пікі­рім, бойжеткен ша­ғынан бастап жасандылыққа әуес қыз баласын­ың әдемілігі қартай­ғанда қалай болады? Сұлулықты  сақтау  қажет  емес пе? Денсау­лығына зиян келмей ме? Кейбір  қыздардың  кірпік­тері болар-болма­с ғана білініп тұрса, енді бірі бұзаудың кір­пігінен де асып түседі, көзінің көлеміне сай емес. Ал сырттан қараған адам үшін мұның  қандай  тартымсыз  екенін білесіз бе?  Құптамаймын.

Жансерік Сәбитұлы, 25 жаста:

– Маған қыздардың кірпік жапсырып алғаны ұнамайды. Түбегейлі қарсымын. Қыздар неге қызығады осы жасандылыққа? Бұрын кірпігіне бояу жақты деп ұнатпайтын едік. Қазір жасанды­ кірпік деген шыққан. Бір апам бір  апамнан  сорақы.

Бұл – біз әңгімеге тартып, сыр суыртпақтаған жігіттердің пікірі. Ал қыздар қауымы не дейді  екен?

Ұлжан Рысбаева, 21 жаста:

– Қыздардың сұлуланып жүрге­нінде тұрған ештеңе жоқ деп ойлай­мын. Жасанды кірпік тағып­ немесе оны сүрмемен бояп жүруі кімге кедергі? Жапсыратын өзіміз, қиындығын сезіне­тін тағы біз, қыздар қауымы. Әрі арулар ара­сында ең сүйкімдісі болу жағым­ды сезім сыйлайды. Бізге сенімділік беред­і. Ал өз-өзіне қарамайтын, ұсқынсыз қызды кім жар етеді, кім кездесу­ге шақырады? Сондықтан жұрт­ты мұндай майда-шүйдеге толеранттылықпен қарауға шақыра­мын.

Алуан-алуан адам, соған сәйкес түрлі пайым пікір бар. Жасанды кірпіктің түрлеріне келсек. Оны пайдаланған бойжетке­ндер қалтасынан қан­ша қаржы жұмсайды? Бұл сауалдың­ жауабын табу үшін облыс­ орталығындағы бірқатар сән салондарының табалдырығын тоздырған бола­тынбыз.

- Жасанды кірпіктердің бір­неше түрі бар: классика, 2D, 3D, мегакөлем, т.б. солай кете береді. Мұндай кірпіктер негізінен балала­ры кішкентай, үй шаруасымен айналысатын аналарға қолайлы. Себебі, кірпікке сүрме (тушь) жақпайды, тек өзінің арнай­ы щеткасымен тарап ғана жүре береді. Кірпікті жапсырар алдында  нағыз шеберіне бару өте маңызды. Өйткені кейін дискомфорт сезінбес үшін желімінің сапасына да көңіл бөлу қажет. Оны алатын кезде үй жағдайында ешқашан алмау керек.­ Олай жасаған жағдайда міндетті түрде өз кірпігіңіз де қоса түседі. Мен өзім басқарып отырған «Шапағат» сән салонына жұмысқа мамандар алған кезде­ алған білімінен бөлек, біліктілігін қаншалықты арт­тырып жүргеніне қараймын. Өйткені, кірпік жапсырушы шебер­ бір орында тоқтап қалмауы тиіс, жан-жақты ізденісте жүріп түрлі техникаларды меңгере­ді. Кейін үйренген тәсіл­дерінен  өзінің  ыңғайына келе­тін  «стильді»  жасайды. Өз қолтаңбасын қалыптастырады. Қазіргі күні кірпіктің 2D, 3D түрі ең көп сұранысқа ие. Ал классикалық тәсілмен жапсырылғаны қолайсыздық туды­рады. Оны көбіне табиғи сұлулықты қалайтындар пайдала­нады. Біздің сұлулық үйімізде бұл қызметке көрсетілер баға 4000  теңгеден  басталады. Тұтынушылардың  қалтасы  көтереді деп ойлаймын. «Пучкавой» кірпіктерді 1500, 1700 теңгеге тақса, 4-5 күн ғана тұрады. Сонды­қтан тиімсіз дер едім, - деп пікір білдірді «Шапағат» сұлулық  салонының  басшысы Шапаға­т  Серікқызы.

Кірпік  жапсыру  қызметінің құны әр жақта әртүрлі. Мәселен, «Ба-ти-то», «Adema» сұлулық салонында кірпіктің барлық көлемі 5000 теңгеден болса,­ «Адам и Евада» 3000 теңгеден басталады. Демек арулар ай сайын кірпік жапсыруға осындай мөлшерде қаражатын жұмсайды. Әрине, талғамыңыз бен таңдауыңызға қарай олардың бағасы да қымбаттай түспек. Аймағымызда сән салон­дарының уақыт санап көбейіп келе жатқаны тұтынушылар  тарапынан  сұраныс  бар дегенге саяды. Және бұл – кәсіпкерлер үшін әдемі бизнес, қып-қызыл ақша. Қыздың сұлу болуын, көркіне көрік қосуын жақсы дүниеге балаймыз, алайда табиғи сұлулықты қолдаушылар бәрібір табиғилықтың құны өлшеусіз екенін меңзейді.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


ЖЕР БЕТІНІҢ ШАМШЫРАҚТАРЫ (Деректі әңгіме) PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
08.11.2018 11:01

Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүздесіп сұхбаттасады. Қаламгер Дидарбек те  сондай сапарларының бірінде Сыр бойы өлке­сінің байырғы тұрғыны Жаңаберген Якияевпен тұз-дәмдес болудың орайы келіп, екеуі бір түн әңгімелескен. Дидар­бекті ел ішінің қашаннан қадірлі азаматы, ұлағатты ұстаз тарихшының тағдыры  қызықтырған.

– Бізді  кейде «соғыс балалары» дейді ғой. Десе дегендей, мен отыз алтын­шы жылғымын. Соғыс бастал­ғанда бес жаста­ екенмін, - деп тыныс созған Жәкең әңгімесін әріден бастады.­ – Осы күні көп айтылатын «бақытты балал­ық шақ» біздің өңіміз тұрғай түсімізде де болған жоқ. Ақиқатын айтқанда­, біз соғыс басталған кісәпір жылдан бастап үнемі ашқұрсақ жүрдік. Иығымыз жаңарып, жарқырап киіне алмадық. Табылғанымен  қанағаттанып өстік. Кластас достарым Алданияз, Киікбай және мен – бір жылғымыз. Жұбымыз жазылмайтын, бірге ойнаймыз, құдайдың қара суына дейін бөліп ішкенбіз.

Мен апамның айтуында бесіктен белім шықпай жатып бір созылмалы ілеге тап болыппын. Содан да болар, жасымнан әлжуаз болдым. Жиі сыр­қаттанып қала беретін едім. Алдан мен Кейкі әжемнің тапсырып айтуындай мені орталарына алып, «бәле-жаладан» қорғап жүретін. Үшеуміз бір үйдің балас­ындай едік. Мектепке бірге барамыз, бірге қайтамыз. Сегізіншінің үш айын бітіре бере мен төсек тартып жатып­ қалдым. Дәрігер қыстай инесін сұққылап, дәрі ішкізіп, жегізіп, әбден ығырымды шығарды. Ақ шөлмек болып қалдым. «Өлмеген құлға болды жаз» деп әжем айтпақшы, жазға қарай аяғыма мінейін дедім. Алдан, Кейкі үшеуміз үйге берілген тапсырмалар бойынша қысты біздің үйде бірлесіп дайындалумен өткіз­дік. Сөйтіп, сабақты ол екеуі мектепте, мен үйде жатып оқыдым. Аяғыма мінгесін емтихан­дарды жыл аяғында мектепке қатынап жүріп, класта­старыммен бірге тапсырдым.

Сөйтіп жүріп оныншыны үшеуміз де жақсы деген бағамен бітірдік. Аттестатымыз толған бес пен төрт. Алдан мен Кейкі: біздің төрт-бес жыл оқуға жағдаймыз көтермейді. Мамандық алуды әуелі тех­никумнан бастайық. Оны бітіргесін мамандығымыз бойынша жұмыс істеп, тұр­мы­сымызды жөндеп алайық. Жоғары санатта білім алуды сосын көрерміз, – деп маған келді. Менің Алматы асу ойым­да жоқ еді. Енді қайтсем екен. Ойланып-толғанып келген­де, жан дескен достарымнан қалғым келмеді. Ол екеуінен қалсам, жалғыз­сырайтын түрім бар. Сол уайым..­.

Сонымен қойшы, үшеуміз Алматыға жүретін болдық. Талаб­ымыз таудай, ал жағ­дайымыз... Кейкінің қолында бір кішігірім сандық сияқты ағаш шемодан. Шешелеріміз соны толтырып сөк, талқан, үш бүйен сары май салып берген­. Киім дегеннен бір киер баяғы. Аяғымызда сол заман­ның көпшілігі киетін презент топли. Үшеуміздің жолпұлымыз жарты жүзге я жетеді, я жетпейді. Алдан мен Кейкі маған деп плацкартқа бір билет алды, «біз ұрлыққа мініп барамыз» деп бір қап күріш пен апардай ап-ауыр шемоданды жоғарыға қойып, мені  екінші қатардағы полка­ға  орналастырып  кетті.

Пойыз сарнап келеді. Түн болды. Алыс жолға алғаш шығуым ғой, бұрын пойызға мініп көрмеген басым, қорыққаннан жылағым келді. Алдағы жай-жапсарды уайымдап жатып ұйықтап кетіппін. Адамдардың абыр-жабырынан оянғанымда білдім, пойыз Қызыл­орда стансасына тоқтаған екен. Алдан бет-ауызы күйелеш-күйелеш болып жетіп келді. «Қорықпа. Мынау есек пойыз ғой. Біз енді жүрдек пойызға ауысып  мініп, сені Алматы вокзалынан күтіп  аламыз»  деп кетіп қалды.

Айтқанындай, екеуі мені Алматының екінші стансасынан күтіп алды. «Мұнда трамвай, троллейбус деген болад­ы екен. Электр тоғымен жүретін көрінеді» деп екеуі менен бұрын «алматылық болғандарын» айтып жатыр. Ұзындауы мен, мойыным қылқиған, кәдімгі қалқан құлақ сарының сортынанмын. Кейкі орта бойлыдан жоғарылау, ол қатқан қара, ал мен кәдімгі қақталған қақбалықтай қақпыш сарымын. Алдан кәдімгі тапал тұғжым, екеу­мізге қарағанда пысық, балалармен күрескенде жығылмайды, көбіне алып ұрып, басынан аттап кетеді. Кескін-келбетіміз осындай, арып-ашып келгенімізбен қандай оқуға түсетінімізді әл-әзір білмейміз. Алматы біздің Қазалыдай емес, көк жасыл желекке оранған маңғаз қала екен. Үшеуміз айналамыз­ға таңырқай қарап, тапжылмай тұрып қалыппыз.

– Ал келуін келдік қой. Енді қайда барамыз? Автобус, трамвай, троллейбус, қайсысына мінеміз? - деді Алдан.

– Бұрымдары аш беліне түскен ана-а-ау екі қызды көріп тұрсың ба? - деді Кейкі.

– Қайда?

– Әнәу-әне. Сол екі қыз қайсысына мінсе, біз де соған мінейік. Мінгесін жөн  сұрармыз.

Қос құрбы троллейбус күтіп тұр екен. Аялдамасына келіп тоқтаған көлікке  ол  екеуі аяқ арыта  бергенде біз де ұмтылдық. Қос қыз менің алдымдағы, ал Алдан мен Кейкі ол екеуіне қарсы  орындыққа  жайғастық. Трол­лейбус жылжи бере Кейкі Алданның бүйірінен түртті. Жөн сұра дегені. Менің  назарым  екеуінде. Жөн сұрасып­ біліскесін  қос  қыздың бірі қандай  оқуға келгенімізді  сұрады. «Техникум бола ма, училище бола ма, әйтеуір біреуін­е түскіміз келеді» деді Алдан. Біздің шамам­ызды айтқызбай-ақ шамалад­ы ғой деймін, ол екеуі «жылда наборы толмай жататын еді» деп теміржол техникумы дегенге алып барды. Алдан­ның  «Алматыға  бірінші келуі­міз» деп өтінуімен ол екеуі документтерімізді жүгіріп жүріп қабылдау бөліміне тапсырып, жатақханаға орналаст­ырып кетті. Жақсы болды, Алмат­ы көшелерінде қаңғып қиналмадық. Ай,  бірақ,  дым  көрмеген аңқау­мыз ғой, жатырқамай жан тартып көмек­тескен  ол  екеуінің  жөн-жосығын біліп, танысып  алсақшы. Аңқиып қала беріппіз, апаларымызға  алғыс  айтуға  да  жарамай.

Мектепте үшеуміз де төрт пен беске оқып едік. Шамасы басымыз қатты істейтін болуы керек, емтиханды «ойнап­ жүріп» тапсырдық. Және стипенди­ясын да алатын болыппыз. Бұл не деген бақыт деп қуанышымыз қойнымызға симай жүрміз. Бірақ бұл техникумның оқуы бізге қонбады. Емтиха­нды бізден қазақ мектептеріне арналған программа бойынша алға­нымен оқуы орыс тілінде екен. Ал түс қазақтың қауымында өскен біз орыс тілінен мақұрымбыз. Курстастарымыз шетінен бөтен түстілер, орысша ағып тұр. Солардың  арасында арпа ішінде бір бидай сияқты қазақпыз деген некен­-саяқтар­дың өзі бізге қарайла­сайын демейд­і. Өзімсініп шүйіркелесейік  десек­, үркіп  тұрады. Ал біз «ымға» түсінбей қиналып жүрміз. Дүниенің қорлығы тілден жұтап түсінісе алмау екен.

Сонымен, не керек, қайткенде де осы техникумда оқуға ынтамыз бол­мады. Оқуға  түскендерді  даланың  күзгі қарбалас жұмысына алып кетпей тұр­ғанда біз бұл техникумда оқымаймыз дегенге тоқтап, директорымыз Стариковичтің алдына бардық. Докумен­ті­мізді қайтарып беріңіз деп. Ол кісі басын­  шайқап  отырып, қиналсаңдар да шыдаңдар. Орыс тілін әлі-ақ үйреніп кетесіңдер... - деген пайымда ақылын айтқанымен біз қасарысып отырып алдық. Болмағасын завучты шақырып алып документімізді қайтаруды бұйырды. Завуч ағай да бізді оңашалап: «Бізде қазақтан шыққан теміржолшы мамандар аз. Сендер оқымағанда енді кімдер оқиды?» деп көп үгіттеді. Сонда да көнбедік. Ақырында ағай ашуланып кейіп, документтерімізді алдымызға лақтырып  тастады.

Ертеңіне бізді жатақханадан шығарып­ жіберді. Аңқау басымыз оны ойламап­пыз. Баратын да, тұрақтайтын да жеріміз жоқ. Қаңғып далада қалдық. Содан бір дорба күрішімізді, салмағы жеңілдеп қалған шемоданымызды арқалап­ көшеге шықтық. Өткен-кеткендерден тағы қандай оқу орны барын білгіміз келіп жөн сұрап көріп едік, біздің «лексиконымызды» түсінбей ме, білмеймін, осы қазақ-ау дегеніміздің өзі басын шайқап өте шығады. Торығып келе жатқанымызда құдай оңдап алдымыздан қолына әдемі таяғын ұстаған­ бір келімді кісі ұшырасты. Үшеуміз­ бірдей көкемізді көргендей ассала­умағалайкүм деп, қолымызды ұсындық.  Ақсақал: «Бар болыңдар» деп тоқтады. Қайдан келгенімізді, неғып жүргенімізді білгесін: «Көше-көшеде хабарландырулар ілулі тұрады, соны қарай  жүріңдер, бірдеңе  табарсыңдар» деді. Қуанып кеттік. Біраз көшені адақтап­ әбден  шаршай бастағанымызда бір хабарламаны көзіміз шалды. Физкультура  техникумында қабылдау жүріп жатқанын оқыдық. Корпусы Ташкент­ трассасы бойындағы 171-ші ғимаратта екен. Оқу бірінші октябрьде басталады депті. Әркімнен бір сұрас­тырып жүріп оған да жеттік-ау, әйтеуір.

Бізді әуелгі емтиханда тапсырған көрсеткішіміз бойынша бірден қабылдады. Жатақханасына да ың-шыңсыз орналасып алдық. Арада бір жеті өтер-өтпесте алды-артымызға қаратпай дала жұмысына алып кететін болды. Ендігі уайым, мұнда да орыс тілінде оқытады екен. Амал жоқ, құдайдың басқа салғанын көрерміз дедік. Директоры қазақшаға судай ағып тұр. Бізді Шымкентке мақта теруге жібермекші дегенді есітіп алдына бардық. Біріншіден, артымыздан келіп тұратын көмек жоқ. Екіншіден, алдымыз қыс. Үстіміздегіден басқа (трике кәстөм-шалбар, презент топли) киіміміз жоқ. Бізді осында табыс табатындай қара жұмысқа қалдырыңыз деп жағдайымызды айтып жалындық. Ағайды­ң ұлты армян болса да жақсы кісі екен. Бір сәт ойланып отырды да: «Жарай­ды. Осы Алматының іргесінде «Горный гигант» деген колхоздың басшы­сы менің жолдасым. Соған жіберсем бола ма?» деді. Ойбай, бара­мыз!­ - дедік жарыса. Содан ағай: «Мына үшеуіне табыс табатындай жұмыс бер» деп хат жазып берді.

Кідірмей кеттік. Бір дорба күріштен басқа азығымыз да, тиын-тебеніміз де таусылуға айналған. Жұмыс істесек өлмеспіз деген есек дәмемен ентігіп жетіп бардық. Колхозбастық бізді сегізінші бригадаға барыңдар деп бір адамға  ертіп жіберді. Бригадирі Жұма­гүл деген жылы жүзді апай екен. Бізді бір топ балаларға қосып, сәбіз қазуға алып барды. Содан түскі астан кейін кешке дейін сәбіз қаздық. Жұмыс аяғында апай бізге: «Сендер қайдан келдіңдер?» деді. Айттық қайдан келгенімізді. Апай бір сәт бізге кірпік қақ­пай қарап тұрды да: «Сен үшеуің маған еріңдер» деп үйіне алып барды. Күйеуі Әбдікеш ағай жылқы фермасын бас­қарады екен. Осы үйде тұратын болдық. Апай бірімізді күнде үйге қалдырады, екеумізді жұмысқа алып кетеді. Кезекпен қалғанымыз үйге, малына, құсына қараймыз, отын дайындаймыз, мек­тепте оқитын ұлы мен қызын тамақтандырамыз. Қарнымыз  тоқ.

Қайтарда бір ай сәбіз қазған, капуста жинаған, алма қағып терген еңбегі­мізге колхоз қол қойдырып ақша төледі. Онысын алдық. Оның үстіне апай кол­хоз­бастықпен келісіп, бізге қорабын толтырып бір машина апорт алып берді. Мұндай қуанбаспыз. Апай Кейкі екеуміз­ді Алматыға қайтарып жіберді де, Алданды алып қалды, бізді жатақ­ханадан күтіңдер деп. Алданның айтуы: апай апортымызды Алматының бір курор­тына өткізіп, ақшаға айырбас­таған. Байып қалдық. Апайға деген көңіліміз  таң-тамаша!

Апай демалыс күні келемін, мені күтіңдер деп ауылына қайтып кетті. Қуанышқа толы жүрегіміз жарылмай демалыс күнге де жеттік. Қарашаның соңғы  аптасында  желтоқсанның  ызғары­  кәдімгідей дірдек қақтыра бастады­. Апай  айтқан  күні келді. Соғым­ға жылқы­ жыққан екен. Содан сыбаға­ларың деп шикі ет әкеліпті. Әдейі келген­дегі жұмысы бізге қысқы киім алып  бермек екен. Біз сияқты кедейд­ің көнтулағына  бағасы қымбат киім қайда? Апай қала көшелерін адақ­та­й жүріп бізді ақшамыздың жеткені­н­ше арзандау киімдермен табанымы­здан бастап төбемізге дейін бүтіндеді. Өңіміз тұрғай түсімізге кір­меген спорт формалы бір киер, жылы ботинка, күрте, малақай, мойын шалғы. Несін айтасыз, құдай қазақ жұртына бере  салған­  апамыздың  арқасында тұла­бойымыз жаңарып, адам болып қалдық.

(Жалғасы бар)

 


ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ – ОҢ ДИНАМИКА PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
08.11.2018 10:57

ҚАЗБА  БАЙЛЫҚ   һәм

ҚАТПАРЛЫ   ҚЫРТЫС

Қызылорда өңірін бұған дейін Қазақстанның алғашқы астанасы, «Байқоңыр» ғарыш айлағының орналасқан жері және күрішті өлке деп білетіндер соңғы жылдары жаңа қырынан танып келеді. Яғни Сыр елі индустриалды аймаққа айналуда. Оған дәлел іздеудің қажеті жоқ, тек аймақ басшысының атқарған жұмыстарына көз жүгіртіп, дария жағасына қоныс тепкен аймақ­ты бір шолып өтсеңіз жеткілікті. Соным­ен, Қызыл­орда облысы – көлемі жағын­ан еліміздег­і төртінші өңір. «Батыс-Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит­ дәлізінің 80 пайызы осы аймақ арқыл­ы өтетін­діктен стратегиялық маңызы да айтарл­ықтай.

Ел президентінің түрлі мемле­кеттік бағдарламасы аясындағы бағыттар­ды мүлтіксіз атқарып келе жатқан аймақ жыл сайын қарқынды түрде дамуда. Жалпы, Сыр өңірі пайдалы қазбаларға бай. Соның ішінде көмірсутек шикізаты (мұнай, газ, конденсат), түсті металдар  (алтын, күміс, қорғасын, мырыш), қара металдар  (темір, титан, ванадий), радиоактивті металдар (уран) – маңызды шикізат ресурс­тары. Облыста ас тұзының, мирабилиттің және тенард­иттің де үлкен қоры шоғырланған. Қызылорда облысында қатты пайдалы қазбал­арның негізгі өндіріліп және барлау жасалып жатқан қазба байлықтарының түрлері – уран, полиметал рудалары және ванадий. Қызылорда облысы аумағындағы уран және ванадий қоры әлемдік дәрежедегі қорлар санатына жатады. Негізінен Шиелі және Жаңақорған аудандары аумағына тиесілі Қаратау тауы бөктерінде геоло­гиялық зерттеу жұмыстарын толық жүргізу Қызылорда облысында маңыздылығы және қоры жағынан маңызды кен орындарын ашуға мүмкіндік беріп отырғаны белгілі.

Қызылорда облысы әкімдігінің ресми деректеріне сүйенсек, аймақ минералдық-шикізат ресурстарының едәуір әлеуетіне ие, сондай-ақ өңірде Менделеевтің химиялық элементтерінің толық кестесі бар. Облыс аумағында 15,1% - мырыш, 9,6% - қорғасын, 13,7% - уран, 4,7% - мұнай, газ және конденсат, 3,4% жерасты сулары жалпы қазақстандық қорлардан шоғырланған. Әлгінде айтқан бірегей ванадий кен орындары бар. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша өңір ванадий қажеттілігін 25%-ға дейін қамтамасыз ете алады. Облыста пайдалы қазбалардың 35 түрі зерттелген. Бүгінде өңірде жер қойнауын пайдалану құқығына  90 келісімшарт жасалған. Демек, аймақта инвестиция тартудың оң динамикасы қалыптасқан. Айта кетейік, 2018 жылдың 8 айында өңірге 134,1 млрд теңге инвестиция тартылса, оның 14,9 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіне бағытталған. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда 2,8 есе артық.

 

КЕН  ОРЫНДАРЫН  БАРЛАУ –

БАСЫМ   МІНДЕТ

Шыны керек, көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан Алаш анасы атанған аймақ жалпыөңірлік өнім бойынша соңғы 4 жылда алғаш рет оң векторға шықты. Бір ғана өңдеу өнеркәсібі саласының өндіріс көлемі осы жылдары 56%-дан асып түсті. Яғни, соңғы жылдары көмірсутегі және уран өнімдерінің бағасы түсіп кеткеніне қарамастан жақсы өмір сүріп, қар­қынды дамуға болатынын біз дәлелдедік. Қазір өңір экономикасының көмірсутегі шикізатына тәуелділігі едәуір азайғаны аңғарылады. Облыс әкімі Қ.Елеуұлы биылғы жартыжылдықта берген есебінде осы уақыт аралығында зор табысқа жеткенімізді баяндады. Барлық­ макрокөрсеткіштер бойынша жағымды оң динами­каға қол жеткізіп үлгердік. Оның ішінде инвести­ция, құрылыс жұмыстары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу өнеркәсібі көлемі ең жоғары нәтиже көрсетті. Ал, өңдеу өнеркәсібі саласындағы еңбек өнімділігі биылғы бірінші тоқсанның өзінде 10%-дан асса, шикізаттық емес өнім экспорты­ның  көлемі 2,7 есеге көбейді.

- Облыс бойынша мұнай өндіру көлемінің жылдан-жылға азаюын ескерсек, өнеркәсіптік өндіріс көлемі  бойынша  аздап қалып келеміз және тұрғын үй беру  бойынша  біршама  жетпей тұрмыз. Дегенмен, тау-кен және өңдеу өнеркәсіптеріне салынған инвестициял­ардың оң динамикасы мен мұнай нарығы­на қатысты­ жағымды болжам жасалып отыр­ғанын және жыл соңына дейін 36 көпқабатты тұрғын үйлердің берілеті­нін ескерсек, жылдың аяғына дейін осы екі көрсеткіш бойынша да өсім қамтамасыз етілед­і деген сенімді болжам бар, - деген еді аймақ басшысы Қ.Көшербаев жартыжылдық есебінде.

Бүгінгі таңда облыста жылына 6 млн тоннадан астам­ мұнай және уран, мырыш және басқа да түсті металдар өндіріледі. Өңірде ЖӨӨ-нің 30%-ын (оның ішінде 81%-ы – мұнай өндіру) алатын осы саланың рөлі әлі де ұзақ уақыт айқындаушы болады. Сондықтан жаңа кен орындарын барлау – экономиканы дамыту­дағы басым міндет, басты бағыт. Аймақта  4 мұнай-газ перспективалы шөгінді бассейні бар, оларды­ң жиынтық геологиялық қоры 15 млрд тоннадан­ астам, алынатын қорлар 5 млрд тонна шартты­  отынды  құрайды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА – КҮРІШТІҢ   ОТАНЫ

Экономикалық көрсеткіштерді алға өрлету үшін өндірістік аймаққа мән беріп келе жатқан Қызылорда­ облысы өзінің ежелден айналысып келе жатқан екі саласының қанатын қырыққан емес. Бірі мал шаруашылығы болса, екіншісі – ауыл шаруашылығы бағы­тын­дағы жұмыстар. Әсіресе «Сыр маржаны», «Ақмаржан», «Лидер» деген атаулары кеңінен танымал­ ақ күріштің отаны ретінде көпке үлгіміз. Тіпті еліміздегі ақ күріштің отаны – Қызылорда десек те қателеспейміз. Елімізде өндірілетін күріштің 90%-ы – Қы­зыл­орда облысының үлесінде. Биылғы егіс көлемі де жақсы нәтиже бергенін Сыр диқандарының 500 мың тоннаға жуық астықты қамбаға құйғанынан-ақ аңғаруға болады. Жалпы, ауыл шаруашылығы құрылымында мал шаруашылығы әлсіз болып тұр, сондықтан өнім шығару­дың 70,7%-ы өсімдік шаруашылығына тиесілі. Жұмыспен қамтылған ауыл шаруашылығы алқаптары­ның көлемі 10,4 млн га құрайды, оның ішінде 6 млн га егістік, топырақтың  орташа  бонитеті  45-50 балды құрайды.

 

ТУРИЗМ  ТЫНЫСЫ  АШЫЛАДЫ

Сондай-ақ, Қызылорда облысындағы Арал теңізін білмейтін жан кемде-кем. Өйткені тағдыры халық­аралық деңгейде талқыланып жүрген теңіз маржан­дары экспортталып жүр. Дәстүрлі балық өсіру аймағына айналған Сырдария өзенінің бойында және Арал теңізінің жағалауында тұратын жергілікті халықтың өмір сүру жағдайы балық кәсіпшілігімен тығыз байла­н­ысты. Балық шаруашылығы үшін маңызы бар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені, жергілікті маңызы бар 200-ден астам су қоймалары (көлдер) бар. Биылғы жылға­ ауыл шаруашылығы министрлігі 7415 тонна балық аулауға квота берген. Мұны айтып отырған себебі­міз, Арал теңізінің тартылған табаны мен ондағы­ балық өсірудің қыр-сырын көргісі келетіндер мұнда саяхаттап келеді. Тіпті шетелден туристер арнайы тоқталып­, теңіздің тыныс-тіршілігімен танысуға құмар. Байқоңыр қаласы да бүкіл әлемнен туристерді тарту орталығы және Қазақстанның туристік саласының бренді болуы мүмкін екенін атап өту қажет. Бүгінгі таңда 10-нан астам туристік бағыт бар, онда туристер ашық ғарышқа зымыранның ұшырылуын бақыла­йды. Ал «Қорқыт ата» мемориалдық кешені қажылық және түркі мәдениетін зерттеу орнына айнал­ған. Сонымен Қызылорда облысында туризмді дамыту саласына да басымдық беріліп келеді.

 

ӨНЕРКӘСІПТІК  ҮШ  ІРІ  ЖОБА  БАР

Соңғы 5 жылда жалпы 50 өнеркәсіптік нысан іске қосылған, оның 16-сы – ірі және орта. Нәтижесінде өңдеуші сектордағы өнім өндірісі осы жылдары – 65, ал шикізаттық емес экспорт көлемі тек соңғы жылы 60%-ға өсті. Сондай-ақ, өңірде шыны кластерінің, балық және ауыл шаруашылығы, жеңіл, құрылыс, металл­ және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ цифрландыру саласындағы өсу серпіні байқалады. Айтпай кетпеу­ге болмас, облыс бойынша индустриялық аймақта­рды құру үшін 940,9 га жер бөлінді. Өңірдегі 8 индустриялық аймақтың 6-ауы жұмыс істейді. Онда бюджет қаражаты есебінен инженерлік инфрақұрылым (газдандыру, электр, сумен жабдықтау, теле­коммуникациялық және кәріз желілері) толығымен жүргізілген. Қалған екі индустриялық аймақ бойынша­ қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мәселесі пысықталуда. Ал ағымдағы жылдың 9 айындағ­ы өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі­ 93,5 пайызды құрады. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеуі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуына байланысты. Қызылорда  облысында жыл сайын мұнай өндіру төмендеуде. Нәтижесінде, соңғы 5 жыл көлемінде мұнай өндіру 3,7 млн тоннаға қысқарған. Өткен жылы бар болғаны 6,8 млн тонна ғана мұнай өнді­рілген. Жалпы, мұнай өндіруші компаниялардың болжам­  ақпараттарына  сәйкес 2018 жылы көмір­сутегі шикіза­тының өндіру көлемі 2017 жылмен салыс­тырғанда 600 мың тоннаға қысқарады және 6,2 млн тонна­ны  құрайды,  яғни 7,5%-ға  төмендейді. Сондай-ақ, «Казатомпром ҰӘК» АҚ 2018-2020 жылдары уран  өндіру  көлемінің келісімшарт көлемдерінен 20%-ға қысқаратыны жайында шешім қабылдады. Облы­с аумағында биыл уран өндіру көлемі өткен жылмен­ салыс­тырғанда 310,5 тоннаға төмендейді. Соныме­н  қатар, өңдеу  өнеркәсібінің  көлемі  де жоғары­  емес.

Ал металлургия өнеркәсібінің нақты көлем индек­сі  72,8%-ды құрады немесе 27,2%-ға төмендеді. Осыған­ орай, уран азот-тотығын қайта өңдеу үлесі облыс­тың өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде  29%-дан 24%-ға төмендеген. Облыс аумағында уран азот-тотығын қайта өңдеу жұмыстарымен бір ғана кәсіпорын – «Байкен-U» ЖШС айналысады. 2017 жылы  уран азот-тотығын қайта өңдеу көлемі ағымдағы  жылы 18,5%-ға төмендеуі ықтимал. Қайта өңдеу көлемінің төмендеуінің себебі қайта өңдеу өнім­дері­нің көлемдерін «Байкен-U» ЖШС, «Степногорский горнохимический  комбинат» ЖШС (Ақмола облысы)­  және  «Ульбинский  металлургический  завод»  АҚ  (Шығыс Қазақстан облысы) арасында қайта бөлу болып­ табылады. Өзге металл емес минералдық өнім­дерді өндіру нақты көлем индексі 74%-ды құрады. «Құрылыс» АҚ, «Нұр Строй ЛТД» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «LCI-MK» ЖШС, «Арал Құрылысы» ЖШС, «Мөлдір және К» ТС кәсіпорындарындағы темірбетон бұйымдарын өндіру көлемінің азаюына байланысты 26%-ға төмендеп отыр. Дегенмен де, облыстағ­ы өңдеу өнеркәсібінің кейбір салаларында өсім байқалады. Атап айтқанда, тамақ өнімдерін өндіру, машина жасау, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі едәуір артқан. Алдағы уақытта өңдеу  өнеркәсібінің өсуін  индустриялан­дыру  мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылы­п  жатқан  темірбетон  бұйымдарын, клинкер­ және  күкірт қышқылын өндіретін үш ірі жоба ар­қылы қамтамасыз  ету  жоспарланған.

 

Н.ҚАЗИ

 


ТОРҒА ТҮСКЕН ТАЛАНТТАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
08.11.2018 10:47

Иә, адам баласы болғандықтан спортшылар да қателік жасайды және сол қателігінің жазасын алып жатады. Әсіресе, соңғы уақытта футболшылардың тарапына көптеген шағымдар түсіп жатыр. Салықтан жалтарды, төбелес шығарды, қыз зорлады, т.б. Осыған орай біз темір торға түскен танымал спортшылар туралы ізденіп көрген едік.

 

Майк Тайсон, бокс

Тайсон бокстағы мансабын енді бастап жатқанда көп адамдар оның бір күндері абақтыға қамалатынын бол­жаған еді. Олар қателеспепті. Түрлі жанжалдар шығарған “Темір Майк” кейін “Мисс Қара Америка” деген атағы бар 18 жастағы Дезире Вашингтонд­ы зорлады деп айыпталды­. Сол қылмысы үшін боксшы үш жылға сотталды.

 

Аллен Айверсон, баскетбол

1993 жылы “Денвер Наггетстің” 18 жастағы болашақ қорғаушысы Аллен достарымен бірге ақнәсілді жігіттермен төбелесіп қалған. Сол үшін қара түсті жігіттер 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, төрт айдан соң Виргиния губернаторы Айверсонды түрмеден босатты.

 

Дьюи Бозелла, бокс

Бокс әлеміне енді аяқ басып келе жатқан 18 жасқа толған Бозеллаға  92 жастағы әйелді өлтірді деген айып тағылады. Осыған байланысты  1983 жылы Дьюи өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бозелла түрмеде де боксты тастаған жоқ, ол “соттал­ғандар арасында үздік боксшы” деген атаққа ие болады. Бокстан бөлек, ол түрмеде отырып 2 жоғары білім алып шықты. Спортшыға түрмеден ертерек шығу үшін қылмысын мойындау ұсынылған еді. Бірақ, Дьюи өз қылмысын­ мойындаған жоқ. Тек 2009 жылы ғана қосымша айғақтар табылып, Бозелла бостандыққа шықты.

 

Эдуард Стрельцов, футбол

1958 жылы “Торпедоның” аты аңызға айналған футболшысы Швеция­да әлем чемпионатына дайындалып жүрген еді. Осы аралықта ол қыздармен бірге көңіл көтерген екен. Кейін сол қыздардың бірі “Стрельцов мені зорлады” деп арыз жазған. Тексерістің қалай өткені белгісіз, әйтеуір, Эдуард Стрельцов  12 жылға бас бостандығынан айы­рылды. Бірақ, жақсы тәртібі үшін ол 1963 жылы түрмеден шыққан. Әйтсе де, футболшы мансабын қайта бастай алмады.

 

Билл Тилден, теннис

Тилден – Дэвис кубогының 7 дүркін иегері және “Үлкен дулыға” турнирлерінің 10 дүркін жеңімпазы. Ол 1956 жылы 14 жастағы ұл балаға алымсақтанғаны үшін 2 жыл түрмеге жабылды. Бірақ, теннисші бостандыққа шыққан соң онысын тастаған жоқ. Сөйтіп, тағы да 10 айға қамалды. Кейін Тилденнен достары теріс айналып, оның спорттық мансабы аяқталды.

 

Бруно ди  Соза, футбол

Бразилия чемпионы, “Фламенго” қақпашысы Созаны өз елінде көп адам жақсы біледі. Бірақ, футболдағы жетістігі үшін емес. Футболшы сүйіктісі Элиза Самудиомен жанжалдасы­п қалған. Көп ұзамай, қақпашы  достарымен бірге Элизаны өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Ол аз болғандай, бөлшектенген денесін итке жегізген. Футболшының бар кінәсі дәлелденіп, 22 жылға сотталды­.

 

Майк  Дентон, хоккей

“Сент-Луистің” шабуылшысы 2004 жылы өз агентімен келіспей қалып, оны өлтіру үшін киллер жалдаған. Бірақ іс соңына дейін бармай, 24 жастағы Дентон кінәлі деп танылды. Сот кезінде Майк 7,5 жылға сотталған еді. 2010 жылы хоккейші түрмеден шығып, үлкен спортқа оралды.

 


БІЗ ӘРТҮРЛІМІЗ – БІЗ БІРДЕЙМІЗ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
08.11.2018 10:34

Жуырда «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясының және Қазалы ауданы әкімдігінің басшылығы Қазалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығының атқарып келе жатқан іс-қызметімен және ондағы тәрбиеленушілердің жағдайларымен танысу мақсатында осы орталыққа бас сұқты.

Биылғы тамыз айынан бері «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясының көмек-қол­дауымен «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталы­ғы бір-бірінен шалғай орна­ласқан қос ғи­мараттан қо­лайлы жағдай жасалған үш қабатты ғимаратқа көшті. Онда ойын жә­не жатын бөл­мелері, тренажер мен сенсор залдары, логопед, дефектолог, массаж кабинеттері мен асхана, жуыну бөлмесі  бар.

Сапар ба­рысында меймандар церебральды сал ауруы диагнозы қойылған ба­лаларға көмек көрсетуге ар­налған «Үміт» тобын, есту-сөйлеу қабілеттері кеш қалыптасқан бала­ларды мектепке даярлауға арнал­ған «Тіл­ашар» тобын және Дауна мен олигофрения диагнозы қо­йылған балаларды әлеумет­тік жағынан бейімдеуге ар­налған «Балауса» тобын аралап көрді. Орталықта барлы­ғы 3 пен 16 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі  35 жеткіншек медициналық  және  әлеу­меттік  көмек  алады.

- Білікті мамандардың жіті қамқорлығына алынған орталықтың кішкентай тәрбиелену­шілері әртүрлі дағдылар мен қабілеттерді меңгеруде. Күнделікті тұрмыс­тағы өзіне-өзі қызмет көрсетуге оқып-үйрену ісінде оң жетістіктерге қол жеткізуде. Орталық құрылып, жұмыс істей бастаған 22 жылдан бергі уақыт ішінде мүмкіндігі шектеулі 400-ден астам балаға медициналық оңалту көмегі көрсетілді. 64 тәрбиеленуші мамандандырылған және жалпы білім беретін мекемелерге бару мүмкіндігіне ие болды, - дейді «Шапағат»  орталығының  жетек­шісі Шынаркүл Жеңсікбаева.

Орталық бүлдіршін­дері де келген қонақтарды құр қайтарған жоқ. Өздерінің өнерлерін көр­сетіп, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Біз әртүрліміз – біз бір­дей­міз» ұранымен ұйымдастырылған күзгі спарта­киада куәгеріне айналдырды. Шараға «Тұлпар» және «Қыран» атты екі коман­да  қатысты.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басқарма төрағасы У Линьган мырза орталық тәрбиеленушілерін спорт мерекесімен құт­тықтап, оған қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Міне, 17 жылдан бері «Шапағат» орталығы «ПетроҚазақстан» компаниясының ұдайы қамқорлығында. Балалар меке­месін қанатының астына ала отырып, компания олардың «бірдейлердің ішіндегі бірдейі» екендігін өздері ұғынып-түйсіне білулері үшін мүмкіндігі шектеулі бүл­діршіндерге жан-жақты көмек пен қолдау көр­сетуде. Мүгедек балаларды оңалтып, қатарға қосу әсте оңай еңбекпен келмейді. Біз осындағы ұс­таз-тәрбиешілер мен әлеуметтік педагогтердің орасан зор жұмыстарды атқарғандығының куәсі болып отырмыз. Сондықтан да бүгін айрықша жылы лебіздерімізді орталық ұжымына арна­мақпыз, - деді ол.

- Аудан басшылығының, «Шапағат» орталы­ғы ұжымының, мүмкін­дігі  шектеулі  балалар ата-аналарының атынан «ПетроҚазақстан» компаниясына біздің балақ­андарға ыстық ықылас танытып, орталыққа беріп келе жатқан тұрақты жәрдемі үшін әрдайым ризашылығымызды білдіріп отырамыз. Өздерінің қайтпас қажырлығымен ауыр дертк­е шалдыққан бал­ғын қызылордалықтардың өмірлерін жақсарту жолында жерлестердің лайықты қадір-құрметіне ие болған орталық ұжымына үлкен алғыс білді­ремін, - деді өз кезегінде Қазалы  ауданының  әкімі Мұрат  Ергешбаев.

Мүмкіндіктерінің шектеулі екендігіне қарамастан өмірге аса құштар көзқараспен қарайтын бүлдіршіндер бес тур бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде «Тұлпар» командасы  жеңіске  жет­ті. Бірақ, бастысы жеңіс емес! Барлық қатысушылар компания тағайындаған марапатқа, яғни спорттық үлгідегі жейделерге ие болып, орталыққа теледидар табыс етілді.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ

Жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары