Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 21 Қараша 2018

ХАЛЫҚТЫҢ ПОЛИЦИЯҒА СЕНІМІ АРТА МА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
22.11.2018 11:24

Жасыратыны  жоқ, халықтың құқық қорғау орган­да­рына деген сенімі ауыз тол­тырып айтарлықтай емес. Тәртіп  сақшылары  күні-түні жұмыс істеп, ел қауіпсіздігін күзетсе де, абыройлы болып  жатқандары  шамалы. Одан қалды, ел басына күн туғанда да алдыңғы шепке шы­ғатын да солар. Қолына қару алып, қарсы шыққан қыл­мыскерді тоқтатуға тыры­сатын да – полицейлер. Стати­с­тикаға сүйенсек, соңғы 3 жылда елімізде қылмы­стылық деңгейі 17,5 пайызға төмендепті. Көзге көрінбейді, әрине. Алайда­ тәуелсіздік жылдарында 779 полицей қызмет жолында қаза тауып, 2 жарым мыңға жуығы жарақат алған екен.

Бұл құқық қорғау органдарына жаңа рефор­маның қажет екенін көрсетеді. Елбасы биылғы 5 қазандағы Жолдауында осылай деді. Бүгінде елімізде соған сәйкес бірқатар жұмыстар атқа­рылуда. Мәселен, енді облыстық ішкі істер департаменті Қызылорда облысы Полиц­ия  департаменті  болып  аталады. Барлық өңірде солай.  Министрлікте осындай түзетулер болуда. Ағымдағы жылдың 16 қазанындағы  бұйрыққа  сәйкес, құқық  қорғау органдарында жаңа  ережелер  қабылданды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері  тұрғындарды  өтініш­терімен  фронт-офисте қабылдайтын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар  қызметінде  өткен брифингте айтылды.

– 2011 жылдан бастап Мемлекет басшысының саясаты арқасында жаңа бағыт іске асты. Ішкі істер минист­рлігі Бас прокуратурамен бірлесіп, қылмыстар туралы барлық өтініштер мен хабарламаларды толық тіркеуді қолға алды. Осындай шаралар халықтың сенімінен шығу үшін  жасалды. Бұл шаралар қылмыстан жәбір көрген адамдардың құқығын қорғауды қамтамасыз етеді және елі­міздегі қылмыстың нақты жағдайын айқын­дауға  мүмкіндік  береді. Сондықтан, қазір халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың полицияға сенімін арттыру басты критерий ретінде анықталды,- деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ғани Төлебаев.

Айта кетейік, фронт-офис кәдімгі Халыққа қызмет көрсету орталығы секілді болмақ. Тұрғындарды өтініш­терімен сондағы арнайы іріктелген кеңесш­і-қызметкерлер қабылдайды. Бұл өзгеріс жайдан-жай туған жоқ. Стати­стикаға жүгінсек, елімізде жыл сайын 4,5 млн қазақстандық құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінеді екен. Сондықтан Елбасы халыққ­а  жайлы  фронт-офистер  ашуды­  тапсырып  отыр.

Ал полицейлердің жүктемелерін азайту мақсатында медициналық айықтыр­ғыштарды денсаулық сақтау органдарына берсе, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары білім жүйе­сіне қарайтын болды. Көліктердің техникалық байқауы да бәсекелестік ортаға өтті. Сондай-ақ, объектілердің жекелеген санатын күзету функциясын да бәсекелестік ортаға беру жоспарланған.

Жаңа реформада министрлік жүйесінің штаттық саны мен құрылымын реттеу де көзделіп отыр. Бұл шара қолға алынса, кейбір басшылық лауазымдар қысқартылатын болады. Сөйтіп 100 мың қазақстандыққа 424 полицейден келеді екен. Бұрын бұл көрсет­кіш  471-ді құрапты. Осылайша 16 млрд теңгені үнемдеуге болатынын Елбасы Жолдаудағы құқық қорғау мәселесін жетілдіруге арнаған жиында айтқан болат­ын. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының  жалақысын  өсіру  үшін алда­ғы  уақытта 21,4 млрд теңге бөлінбек­ші. Тиісінше қызметте жоғарылату жүйесі де өзгеретін болады. Ол бо­йынша  енді  полиция  қатарына  жаңа­дан­ қабылданғандар жаңа талап­тардан өткенде ғана қызмет қата­рына  алынады. Мәселен, қалалық, аудандық органдардың басшылы­ғына ұсыны­лған қызметкерлерді міндетті түрде кәсіби дайындық курсын­ан  өткізу  тәртібі енгізіледі. Ал жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді мін­детті  түрде  қайта  дайындықтан өткізу тәртібі қаралмақшы. Сөйтіп қызметте тек біліктілер қалады.­

Сондай-ақ, жаңа реформа бо­йынша  ішкі істер органдарына жұмысқа­ оқу орындары арқылы қабылдау жүйесін енгізу, барлық полиц­ия қызметкерлерін қайтадан аттестаттаудан өткізу де енгізіліпті. Ал ең бастысы, ведомстволық білім беру бағытын реформалау және кадр іріктеу жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр. Бұл бойынша жоғары білімі бар заңгерлер қатарынан тергеуші және жедел уәкілдерді академияларда 5 айдың ішінде дайындап шығаратын болады. Оның 4 айы – тео­риялық білім, 1 айы – стажировка. Ал оларды­ сержант және офицерлерге дайындау мерзімі 3 айды құрайды екен. Алайда нағыз білікті мамандарды дайындау үшін бүгінгі күні құқық қорғау органдарының мамандарын даярлайтын 12 оқу орны 5-еуге қыс­қармақшы. Сөйтіп  ең  үздік  оқыту­шы­лар  дәріс  оқитын  болады.

Саладағы жемқорлықты азайту үшін цифрландыру бағдарламасының қолға алынғаны да белгілі. Бүгінде  қылмыстық істер ортақ база­ға түсіп, сол бойынша жүргізіле бастаса, қолына планшет ұстаған тәртіп сақшылары хаттамаларды элек­тронды түрде толтыратын болған. Енді жаңа киім үлгісі қолданысқа енгізі­леді. Президент үлгісін қарап та көрді. Ал, ең бастысы, Елбасы айт­қандай, «Азаматтар санасында полицей­ жазалаушы емес, керісінше қиын жағдайда көмек беруші» деген түсінік қалыптасуы керек. Бір сөзбен айтқанда, қолға алынып жатқан реформ­адан  кейін  халықтың полицияға  сенімі  арта  ма?

 

Жансая   ЖҮНІСОВА

 


ӘСКЕРИ БОРЫШ – ӘРКІМГЕ ПАРЫЗ PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
22.11.2018 11:18

Ел басына күн туса, жүгінер басты күшіміз – әскерде. Құдай бетін ары қылсын, алайда сондай жағдай бола қалғанда, әуелі елі үшін, Отаны үшін қызмет ететін ер-азаматтарымызға қарап қалатынымыз жасырын емес. Әрине, әскер соғысты күтпейді. Тек тыныштықты күзетіп, елдің есендігі үшін қырағылық танытады. Бүгінде сол мақсатта жылына екі рет әскер қатарына азаматтар шақырылып, олар сарбаздық өмірге аяқ басады. Ал биылғы күзгі шақырылымда облысымыздан 1991-2000 жылдар аралығындағы 900-ге жуық бозбала жөнелтілмекші. Бүгіннің өзінде 500-ден астамы салтанатты түрде аттанды. Енді желтоқсанның 27-сіне дейін тағы да жөнелтулер болады. Біз арнайы бір күнімізді осы болашақ сарбаздарға арнап, жағдайымен танысу үшін облысымыздағы жиынтық пунктіне барып қайтқан  едік.

Біз барғанда  әскерге  аттануға  55 бала дайындалып жатты. Олармен әскерге барар алдында осында (жинақтау пунктінде – ред.) Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері және психологі 3 күн бойы дайындық жұмыстарын жүргізеді. Мұнда олардың тазалығы, арнайы киімдері бақыланып, 3 мезгіл тамағы уақытылы беріледі. Осылайша әскери өмірдің тәртібіне үйренісе бастайды. Біз барғанда екінші күнін өткізіп жатқан бозбалалардың кейбірі денсаулықтарын тексертіп, психологпен әңгімелесу үстінде болды. Енді бірі Жамбыл облысы Отар бекетіндегі 30-212 әскери бөлімшесінің өкілімен пікірлесіп жатты. Себебі сол 55 бала осындағы бөлімшеге жіберілгелі жатыр екен. Сол жақтан келген өкіл, майор Әзілхан Рысбаев балалардың денсаулықтарымен қоса, психологиялық тұрғыда да дайын екенін айтты.

Жиынтық пунктіндегі ер балаларды осында келісімен-ақ әскери өмірге дайындап жатқандай. Себебі енді ғана ер жетіп, бозбала шақтан ер-азаматтық кезеңге өткелі жатқан жігіттеріміздің бойында әлі де болса балалық мінездері бар екені көрініп тұрды. Әрине, бәрі бірдей емес. Тек арасында ұшқалақтық мінезі бар, қыз көрсе көзінің қиығын салып, мүмкіндік туып жатса, тиісіп қалғысы келетіндері болмаса. Алайда әскери өмір оларды қатайтып, нағыз ер-азамат ететіні сөзсіз. Бір жағынан, бір жыл әскер қатарында болу арқылы  әскери  билетке қол жеткізетін  сарбаздардың  жұмысқа тұру  мүмкіндіктері де артады. 2000  жылы  туған  Аслан Ерназаров осылай дейді. Сол себепті Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылының тұрғыны мектеп бітіре салысымен әскерге баруды жөн көріпті. Әрі үйінің тұңғышы болғандықтан, осылайша болашақта отбасын асырағысы келетінін айтады.

Асланның  қатарласы Тұрар да солай ойлайды екен. Әйтпесе Аралдан  келген оның қолында дипломы  бар. 9-сыныпты бітіргеннен кейін сондағы Арал көпсалалы  колледжін тамамдап, электрик  мамандығын  алған. Тіпті 3-4 ай «Аралтұз» мекемесінде жұмыс та істепті. Алайда Тұрар Тоқпанның арманы мүлдем басқа. Ол болашақта өрт қауіпсіздігі мекемесінде жұмыс істегісі келеді. Әскерге де сол арманы үшін баруды ұйғарыпты. Одан қалды, әскери  билет алу арқылы жалақысы  жоғары  қызметке тұра алатынына  сенімді.

Жастармен әңгімелесе отырып түсінгенім, олар әскери билеттің маңыздылығын жақсы біледі екен. Сол себепті қоғамда қалыптасқан «әскери өмір қатал, барудың қажеті жоқ, онда ұрып-соғады» деген секілді әңгімелерді елегілері келмейді. Бір жағынан, оларды да түсінуге болады. Қарапайым ғана ауылдың қара домалақ балаларының үлкен әскери академияларда оқуға жағдайы келмеуі де мүмкін. Сондықтан отбасын асырау үшін осындай қадамға барып жатады. Тағы бір қуантарлығы, «егер тәртібің жақсы болып жатса, келісімшарт негізінде сонда жұмысқа  қабылдануға  болады» дейді Жұбаныш  Боранбаев.

Жұбаныш 1999 жылы туған. Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы тұрғынының құлшынысы бөлек пе дедім. Ол психологиялық тұрғыда да дайын екенін көрсетіп тұр. Құдды әскерге емес, ата-әжесінің ауылына қонаққа бара жатқандай қуанышты сезімде жүр. Тіпті, арманы да анық. «Мен келісімшарт негізінде сонда жұмысқа қаламын» дейді. Болды. «Қалатын шығармын, алса қаламын ғой» деген түсінік жоқ. Болса да олай айтпайды. Отбасында алты ағайынды Жұбаныштың екі ағасы да әскери қызметкер екен. «Сондықтан ағаларымның жолын қуғым келеді» дейді жігітіміз.

Кейде өз мүддесін ғана ойлайтын жігіттердің Отан алдындағы борышты өтеуге келгенде құлықсыз  екенiн  байқап жатамыз. Бір жағынан, ата-анасы қосымша табыс тауып, отбасын асырауға ат салысып жүрген азаматын бір жыл әскерге жібергісі келмесе, екінші жағынан, бозбалалардың өздерінің баруға деген ынтасы, жігері жоқ па деп қаласың. Себебі көбіне үндемей, ортасында елеусіз жүретін жігіттер жасық болғандықтан ба, әскери өмірден қашып жатады. Жиынтық пунктінде жүргенде де, сондай бір жігітті кездестіріп қалдым. Көз қарашығыммен ұзақ бақылауда ұстадым. Әскери қызметкерлердің соңында жүр. Ойыма бірінші келгені: «Менің барғым келмейді. Қандай жолы бар бармаудың» деп сұрап жатқан болар дедім. Жайлап қасына барып, «әскерге барғың келмей ме?» деп сұрағанымда, жігіттің берген жауабы таңғалдырды. Ол керісінше, өзін әскер қатарына алмай жатқанына ашулы екен. Қатарластарынан қалмай, барғысы келетінін айтты. Тек әлі оқуы аяқталмағандықтан, тізімге ене алмай жүрген көрінеді. «Академиялық демалыс алайын десем, болмайды деді» деп, құдды мен көмектесе алатындай ішіндегісін ақтарғаны бар. Әрине, бұл көрініс мені қуантты. Себебі, жоғарыдағы пікірімді өзгертті.

Десе де, әскерге шақыртуды елемей, медициналық тексеріске келмей жүрген жастар жоқ емес. «Бірі менің отбасым бар, неге шақырады?» деп ашуланса, екіншілері денсаулықтарын сылтауратып, мүлдем барғылары келмейтінін айтып қалады. Тіпті, әскери өмірдің тәртібінен қорқатындарды да байқап жүрміз. Бірақ, заң бәріне ортақ. Мысалы, сондай қашып жүрген азаматтарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 647, 648, 649-баптары мен Қылмыстық  кодекстің 387-бабына сәйкес, әскери борышын өтеуден жалтарғандары үшін жазалау шаралары қолданылады. Атап айтқанда, заң бұзушыларға ақшалай айыппұл салумен қатар, әскерге шақырудан жүйелі түрде бас тартқан азаматтарды қамауға алуы да мүмкін. Яғни, әскерге шақыру қағазын алғаннан соң қалалық, облыстық медициналық комиссияларға келмегендерге 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде, осы қызметке шақырылудан жалтару 1 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуге әкелуі ғажап емес. Ал бұл шамамен 2 млн теңге болады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылып, бір жылға дейін бас бостандығынан айыру бойынша жазаланады.

– 2017 жылдың қорытындысымен есептегенде, облыс бойынша медициналық шақыру комиссиясына келмеген азаматтар саны 72  болған. Тек  ішкі  істер органдарымен бірлесіп  жүргізілген  жұмыстардың нәтижесінде, мекенжай  бойынша орналасқан  жергілікті  басқару органдарына  келмей  іздеуде  жүрген  54 азамат  табылған. Тіпті, әскери шақыртуды елемей, медициналық тексеріске келмей жүрген жастардың әке-шешелерінің арасында «Баламның қайда екенін білмеймін, артық мазалай бермеңдер» деп қарсы шығатындары да табылады, - деді департамент бастығы, полковник Еркінбек Байболов.

Ал әскери қызметтен «аурумын» деп жалған сылтауратқандарға жаза тіптен қатаң. «Мәселен, жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған дәл сондай іс-әрекет 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуға әкеп соқтырады» дейді департаменттің баспасөз хатшысы Ақерке Шағырбаева. Ал бұл шамамен 6 млн теңге болады екен. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін. Айта кетейік, егер шақырылушы тергеп-тексеру мекемесі істі сотқа бергенге дейін әскерге шақыру пунктіне өз еркімен келсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Рас. Бүгінде ел аузында «әскерде ұрып-соғады, үлкендері қинайды, өздеріне жүктелген қызметті кейінгі келгендеріне істетеді» деген әңгіме айтылып жүр. Осыдан да болар, жігіттеріміз бармай жатып, қашқалақтайды. Бұл мәселе біздің де көкейімізде жүрген. Жиынтық пунктіне барғанда да осы сауалды қоюға тура келді. Алайда бұл бойынша қолға алынып жатқан шаралар баршылық екен. Мәселен, әскери прокуратура, әскери полиция қызметкерлері әскерге енді аттанғалы жатқан жігіттердің ата-аналарының басын қосып, Whatsapp желісінде арнайы топ ашатын болыпты. Өтірік емес, балалар ата-аналарымен жиі хабарласып тұрады. Сол сәттерде баласынан қандай да бір шағым түссе, сол топқа арыздануға болады екен. Сондай-ақ, сарбаздарды күнделікті арнайы тексеруден өткізетінін де айтады. Егер денелерінде қандай да бір көгерген тұстары болса, сол бойынша жұмыстар жүргізілетін көрінеді. Әрі бар болғаны 18 миллион ғана халықтың азайғанын, денсаулықтарының нашарлағанын билік те қаламайды дейді. Сондықтан бұрынғы Кеңес үкіметі кезіндегідей ұрып-соғуды болдырмаудың алдын алуда.

Айта кетейік, Global Fire Power рейтингі бойынша Қазақстандағы әскери қуат көрсеткіші 0,88 балмен бағаланып, 133 елдің ішінен  55-орынға шығыпты. Ал еліміздегі 18 миллион тұрғынның  106,5 мыңнан астамы әскери қызметкер екен. Оның 74,5 мыңнан астамы белсенді әскери қызметкер болса, 32 мыңы – запастағы әскерилер. Алайда рейтингте Қазақстанның мұнай қоры жоғары бағаланыпты. Себебі әскери әрекеттерді жүргізуде маңызды рөл атқарады екен. Әйтпесе, бізге  100 мыңнан астам әскер аз сияқты көрінеді.

Жансая   ЖҮНІСОВА

 


ЖЫР-ӘННІҢ ЕЛІ, ТҰРАННЫҢ ТӨРІ – ҚЫЗЫЛОРДА PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
22.11.2018 11:12

Ұлы дала кеңісті­гінің екі ғасырлық кесіндісі Тұранның төрінде тұрған Сыр топыр­ағына тиесілі. Әлемге әйгілі композитор Гектор Берлиоздың «Уақыт – жақсы ұстаз. Бірақ, бір өкініштісі, барлық шәкірттерін өлтірмей тынбайды» деген сөзі бар. Қадірлейтін қасиеті де жоқ емес. Онысы – тарих­тың тамырын үзе алмайтындығы. Керісінше, уақыт өткен сайын тарих­и сәт­тер­дің  құндылығы артып, қажет­тілігі ескеріле түседі.

Адамзат  тарихының деректер қо­рындағы көп ғасырлық құжаттардың дені осындай маңыздылығымен жәдігер. Ал Тұран ойпа­тында орналасқан Сыр шаһары тарих­и жадынамада қос ғасырдың куәсі ретінде айшықталып жүр. Қамысқаладан Қызылордаға дейінгі шежіре шимайлары, аңыз-әпсаналар, тарихи дерекқор, жыр-толғаулардың барлығы орманы ну, суы балдай, жері шұрайлы, топырағы құнарлы қала деп тебіренеді. Тари­хи күнге толғана қарап, талайлы тағдыры бар шежіре қаланың тұрғыны екенімізді мақтан етеміз. Қос ғасырлық мерейтойы ат дүбірі алыстан естілетіндей тойланған шаһар­дың тарихи күнінің қоры­тындысы бүрсігүні «Жыр-әннің елі, Тұранның төрі – Қызылорда» тақырыб­ымен Н.Бекежанов атын­дағы­ қазақ-музыкалық драма театрын­да  өтті.

Бүгінгіні  тарихқа  айналдыратын тұлғалар – біз. Осы жасампаздық қасиетімізбен қос ғасырға куә қаламызды жасартып келеміз. Топыра­ғына табанымыз тиіп, көр­кейгенін көзімізбен көріп жүрген соң ыстық ұямызға айналғаны рас. Шара барысы да туған өлкеге махабб­атпен, құштарлықпен жазыл­ған жыр жолдарын тебірене оқумен басталды. Шығармашылыққа шабыт сыйлайтын ежелгі Қамысқаланың қазіргі тұрғындары рухани байлығын арттырып, Сыр термешілерінің орындауындағы жауһар­ жырлармен де сусындады. Бұл кезде сахна шымылдығына жасыры­н жайғасқан «Тұрмағамбет» атындағы оркестр Құрманғазының «Сарыарқа» күйін көрерменге ұсынуғ­а әзір отыр еді. Құдды Ақмешіттің ат төбеліндей азаматтары Күлтөбедегі жиынға әзірлік өткізетіндей көрініс көз алдымыздан шауып өтті. Дирижер К.Ботабаевтың жетекшілік етуімен домбыраның қос ішегі қос ғасырдан сыр шертті. Ал «Қызылорда» вальсі сахна­ төрінде шырқалғанда залдағы көрермендер тебіренгені рас. Бас театрдың сан қырлы тарих сомдалатын сахнасында облысқа қа­расты жеті аудан мен жұлдызды қалашық­қа Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойлық концер­тін ұсынып келген қала өнерпаз­дары сахна төрінің қасиеті мен туған­ қаламыздың төл мерекесінің том-том тарих екенін ұқтырды. Бұл – уақыт ағымының формасы ретіндегі тарихи бірегейлік үдерісінің нәтижесі.

Айта кетейік, 200 жылдық мерей­тойдың шымылдығын жапқан бұл кешті облыс, қала әкімдері де қарапайым жұртпен бірге  тама­шалады.

 

Н.ҚАЗИ

 


ӨНЕР мен ӨЛЕҢ ӨРНЕГІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
22.11.2018 11:08

Өткен аптада ақын, режис­сер-сценарист Оңталап Нұрмаханов адам өмір жолының асқар биігі алпыс жасқа толды. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге келген ақынды Сыр жұртшылығы мерейтойымен құттықтады. Сыр бойында  туып, саналы ғұмырын өнер мен мәдениетке арнаған азаматтың Н.Беке­жанов атындағы музыкалық драма театрында «Бабадан байрақ өнерім» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке облыс әкімінің орын­басары Р.Рүстемов қатысып, аймақ басшысының ізгі тілегін жеткізді. ҚР Мәдениет министрі А.Мұхамеди­ұлының құттықтау хатын оқып берді.

Оңталап Дүйсенәліұлы Ақтөбе қаласы мәдени-ағарту училищесі және Алматы қаласы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының режисс­ер бөлімін тамамдаған. Алғаш­қы еңбек жолын 1975 жылы Арал аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб киномеханигінен бастаған ол сол аудандық мәдениет үйінің дирек­торы қызметтеріне дейін көтері­лген. Теледидардағы көзге көрінбейтін шығармашылық адам­дарының жұмысы секілді режиссер­дің де еңбегі байқала бермейді. Әйт­песе сонау 1985-1990 жылдары Арал аудандық мәдениет үйі халық театры­ның режиссері қызметін атқарып жүрген кезінде-ақ сахнаға Т.Ахтановтың «Күшік күйеу», Қ.Мұхамеджановтың «Ой, жігіттер-ай», С.Адамбековтың «Алтын табақтағы жылан», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат!», Р.Сейсенбаевтың «Қашқын» спектакльдерін қойған. Сондықтан болар кеште сол өзі ең алғаш іргесін қалаған Арал аудандық Мәдениет үйі жаны­ндағы «Көңілашар» халық театры­ның әртістері жанынан табыла­  білді, өз  өнерлерін  көрсетіп, көрермен  ықыласына  бөленді.

Мұнан  бөлек О.Нұрмаханов 1996-2004 жылдар аралығында облыст­ық халық шығармашылығын дамыт­у және мәдени-продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі қызметін атқарған. Сол кездері об­лыс­т­а өткен республикалық, халық­аралық мәдени шаралар мен театрландырылған қойылымдарды да­йындауға  ат  салысқан. Мерей­то­йында ақынның  осы бір қыры арнайы лэд экран арқылы  көрсе­тілді. Онда кеш иесінің  режиссер­лік  еткен­ мерекелік шараларынан, бейнефильмдерінен үзінділер берілді.

Ал кейіннен 2003 жылдан бастап облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында режиссерлік қызмет атқарып, Р.Отар­байұлының «Қандыөзек» траге­диясын, Л.Егембердиеваның «Егіздер», С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» мелодрамаларын, Ә.Тара­зидың «Люстра» фантасмагориясын және тағы да басқа туындыларды сахнал­ап, көрермендер назарына ұсынған. Режиссер-сценаристтің бұл қырын да айшықтау үшін театр артис­тері мерейтой барысында С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» мелодрамасынан үзінді қойды. Сондай-ақ, өзі жетекшілік ететін «Жастар» театрының артистері майталман маманның көзге көріне бермейтін еңбектерін әдемі сахналап, туған күн иесіне керемет тарту жасады.

Жігітке жеті өнер де аз деп жатады. Алайда Оңталап Нұрмахановты сегіз қырлы, бір сырлы десек, артық айтпағандық болар еді. Себебі ол – режиссерліктен бөлек, ақындық қырымен де танылған жан. Оның «Көздеріңнің көркемі-ай», «Сәукеле», «Адам Ата-Хауа ана», «Астана», «Қорқыт-Қобыз», «Жер жүрегі» сынды­ 20-дан астам әнге сөз жазғанын  бірі білсе, бірі біле бермес.

Ал «Азия дауысы» халықаралық фестивалінде топ жарған «Қорқыт қобыз» әнін жас әнші Аягөз Аралбайқызы орындап, қалың көрерменнің рухын бір көтеріп тастағаны да ақынның тыңдаушысын терең иірімге тарта білетін сөздермен жазылғанынан болса керек.

Кеш  барысында ақынның «Парада­райя сақтары», «Көздерің­нің көркемі-ай», «Шабытымның шаң­қай түсі» атты кітаптарының тұсауы кесіліп, облыстық филар­мония, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі артистері және әнші­лер М.Шомбалов, Н.Сейт­мұратов, жыршы, термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Елмұра Жаңабергеновалар  өнер  көр­сетті.

 

Ж.ЖҮНІСОВА

 


ТҮПКІ МАҚСАТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ мен ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
22.11.2018 11:01

Бақыт  ИСМАХАНБЕТОВ,

«Әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қоры»  КЕАҚ  Қызылорда  облысы  бойынша  филиалының  директоры:

- Бақыт Торғайбайұлы, сұхбатымызды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізудің 2020 жылға дейін шегерілуінен бастасақ. Мұндай қадамға баруға қандай факторлар  әсер  етті?

- Өздеріңізге белгілі, 2016 жылы қараша­ айында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға қол қойылып, 2017 жылдың екінші жартысынан енгізілетін бол­ған. Заңға сәйкес, жалдамалы жұмыскерлері бар жұмыс берушілер жарнаны төлеуді баста­уы керек, ал жүйе осы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарға медициналық пакеттің аясында көмек көрсетуге тиіс-тұғын. Алайда бүгінгідей әлемді, біздің елімізді шарпыған дағдарысқа байланысты жұмыс берушілердің, азаматтардың, жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлердің, жалпы азаматтардың көбінің жарнаны төлей алмау қаупі туындады. Сондықтан Елбасы бастаған, елдегі бизнес қауымдастық, Үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар тағы басқа құрылымдар осы түйт­кілдердің барлығын талқылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатындағы азаматтар ертең міндетті әлеуметтік медициналық пакетінің сыртында қалып қоймай ма? Олар бүкіл еліміз бойынша 2 миллион 800 мыңнан­ астам адам екен. Бұл дегеніңіз – үлкен армия­. «Осындай қауіпті факторлар тұрғанда әртүрлі түсінбестік, қиын жағдайларға тап келмейміз бе?» деген сауалдарға жауап ізделінді. Келіссөздердің нәтижесінде екі жылға, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарына шегеру­ туралы шешім қабылданды. Ол туралы­ заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, осы жақында шықты. Ендігі мәселе­, осы аралықта не істейміз? Алдымен 2 миллион 800 мыңнан астам өзін-өзі қамтыған азаматтарды өзектендіру жұмыстарын жүр­гізу. Бұл ретте тиісті тірліктер тындырымды атқарылуда. Облыс бойынша 80 мыңнан астам­ аталмыш санаттағы азаматтар бар. Оның 50 мыңға жуығы бүгінгі таңда өзектен­дірілді. Қалған 30 мыңы үшін қызу жұмыс жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін жұмысты еңсеру көзделген. Жұмыс берушілердің жағдайы есепке алынып, олардың заңда көзделген аударымдарының пайызы бұрын жоғары болса, қазір төмендетілді. Жеке кәсіпкерлер осы жылдың басынан бастап жарна төлеуден босатылды. Өйткені олар егер жалдамалы  жұмыскерлері болса, солар­ға ғана төлейді. Содан кейін азаматтық-құқықтық негізде қызмет көрсететін азаматтардың пайызы да азайды. Өзіміздің денсаулық сақтау саласын алатын болсақ, цифр­ландыру жұмыстары жүріп жатыр. Жүйе бойынша барлық көмек негізгі екі пакетке бөлінеді. Ерікті сақтандыруды қосқанда, үшеу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бірінші пакет. Екіншісі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру пакеті. Екі пакетке өте нақты, дәл қызмет түрлерінің барлығын екі түрлі тізім жасап,­ өзектендіріп, соны екіге бөлу жұмыс­тары аяқталды. Енді ол 2020 жылдан бастап іске қосылатын болады. Онда мемлекеттің өз азаматтарына деген кепілдік берілген көлемі таза көрсетілген. Олар: жедел жәрдем, санитарлық авиация, профилактикалық егулер, әлеуметтік мәні бар аурулардың барлық көмегі, шұғыл түрде стационарға жатып емделу, амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік заттарды азаматтар өзектендірілген тізім­дердің аясында алатын болады. Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне келер болсақ, мұнда адамның өмір сүру сапасын жақсартатын, қымбат тұратын, көбіне жоспарлы, жоғары технологиялық болып келе­тін емдерді қабылдайды. Ол дәл тексерілу тәсілдері, компьютерлік, магнит-резонанс­тық томография, құны аса қымбат тұратын зертханалық тексерулер, тізбекті реакция дейміз, түрлері көп. Солар біздің қордың есебінен тегін болады. Жоғары технология­лық деңгейдегі ем қабылдау. Бұларға бауыр­ды, жүректі, т.б. ауыстырып салу, экстракорпоралды ұрықтандыру, нейрохирургиялық, травмотологиялық, артопедиялық оталар сияқты өте қымбат тұратын жоспарлы ем түрлері біздің пакетте тұратын болады. Содан­ кейін полиативті, мейірбикелік күтім, тегін берілетін дәрілік заттардың өзінің көлемі бар, бұлардың барлығы екі пакетке бөлініп қойылды. Өзінің ақпараттық жүйелері интернетке салынды. Ертең азамат қандай да бір ем түріне жүгінуге келген кезде оның қолында жеке куәлігі, ЖСН болса,­ сол арқылы азаматтардың сақтандырылғанын автоматты түрде білетін боламыз. Жиынтық төлем деген тәжірибеге енгізіліп жатыр. Өзінің жеке кәсібі, стационарлық сауда­  нүктесі, жалдамалы жұмыскерлері болмаса, ол кісілерге ерікті түрде айына егер қала тұрғыны болса, 1 айлық есептік көрсет­кіштің деңгейінде (2500 теңге), ал ауылдың тұрғыны­ болса, одан екі есе аз жиынтық салық төлей­ді. Оның ішінде жеке салық, мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жар­насы, сақтандыру қорының жарнасы бар. Олай болса, азаматтар бір оқпен қанша қоянды­ атып алады, сосын сақтандырылған болып есептеледі. Басы ауырып, балтыры сыздаған­ кезде сақтандыру пакетінің есебі­нен барлық көмек түрін алады. Бұл – мемлекетіміз ұсынып отырған өте үлкен игілік.

- Жүйені іске қосуға дайындық жүріп жатыр екен. Бүгінгі таңда сақтандыру төлемдеріне  қанша  қаражат  жиналды?

- Бүкіл республика бойынша 116 мил­лиард теңгеден асып кетті. Ал біздің Қызыл­орда облысы бойынша 3 миллиард теңгеден астам қаражат жиналды. Соның 93 пайызы – жұмыс берушілер, заңды тұлғалар. Қалған 7 пайызы – жеке тұлғалар. Жиылған қаражаттар Ұлттық банктің арнайы шотында сақтаулы тұр. Қордың ішінде құрылған резервтерге қолданылады. Ол ақша ешқайда кетпейді, басқа мақсатқа жұмсалуға заңды негізі жоқ. Тек ғана азаматтардың сақтандыру негізіндегі көрсетілген көмекке шығын­дарын өтеу үшін жұмсалады.

- Былтыр емханаларда тіркеу кезінде кемшіліктер орын алды ма? Кейбір емдеу мекемелерінің мамандары азаматтардың атынан жалған өтініш толтырған деседі. Осы  жөнінде толығырақ айтып өтсеңіз.

- Тіркеу кампаниясындағы бұзушылықтар деп айтуға келмес, кемшіліктер делік. Конституциялық құқығына қолсұғушылық мәселелері. Жеңіл қараудан келіп туындайды, ол бір дұшпандық әрекет емес ғой. Өтініштерін азаматтардың сыртынан толтырып жіберу секілді мәселелердің болғаны рас. Медицина мекемелері пациенттерді өзіне көбірек тіркеу үшін осындай қулықтарға барады. Екінші мәселе – өзінің аумағындағы емханаға тіркелгісі келмей, қаланың басқа бір түкпіріндегі емханаға тіркелуге құмар адамдар болады, көп болмаса да. Мұндай кезде мекеме ескертеді. Әрбір тұр­ғын ауыра қалған жағдайда емханасы 20 ми­нутта жететін жерде болғаны жақсы. Қазір онша ешкім жаяу жүрмейді ғой, көлікпен жүреді. Меніңше, бұл реалды нәрсе. Шынайы. Соны біз барынша түсіндіреміз, егер оған келіспейтін болса, арнайы келісімшарт­қа отырады. Тек «Кезек күттірмейтін мәселелер туындағанда біз сізге 20 минуттың ішінде  бара  алмаймыз, сол есіңізде болсын.­ Егер осыған  келіссеңіз, сізді тіркейміз» деген­ келісіммен. Үшінші  кемшілік – емхана­лардың­ қуаттылық мөлшері жетпей қалатын кездер болады. «Учаскеміз жоқ, дәрігеріміз жоқ, енді сізді тіркей алмаймыз» деп бас тартқан жағдайлар. Негізінде олай болмауы керек. Мемлекет өз халқының жағдайын жасауы тиіс. Осы үш кемшілікті арнайы атап өткім келеді.

- МӘМС-нің тұрғындарға ең  тиімді  тұсы  қайсы?

- Ең тиімді тұсы – азғантай ғана жарна төлейсіз, басыңызға күн туа қалған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша бүкіл пакеттің бәрін аласыз. Екіншіден, қалтаңыздан ақша шығарып, қорға төлегеннен кейін сіздің денсаулығыңызға деген жауапкершілігіңіз арта түседі. Психологиялық, ментальдық тұрғыдағы мотивация. Құлшыныс тудырудың ерекше бір құралы. Осыған орай медициналық мекемедегі қызмет­керлердің қызмет сапасы да көтеріледі. Пациент­ті өзіне көбірек тарту үшін қызметкерлер арасында бәсекелестік туындап, барын­ша жоғары деңгейде жұмыс істеуге ұмытылады.

- Мемлекет қай санаттағы азаматтарға өз  қаржысын  төлейді?

- Қазір әлеуметтік аз құралған 14 санат­қа мемлекет өзі төлейді. Олар – балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған балалар тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, бала туу немесе жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты, балала­ры 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс алған адамдар, мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемей­тін азаматтар, зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сот  үкімі  бойынша  қылмыстық-атқару мекемелерінде жазасын өтеп жат­қандар, тергеу изоляторында отырғандар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр­  ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапат­талған көпбалалы аналар, мүгедек­тер, орта, кәсіптік-техникалық, орта білім­нен кейінгі  жоғары  білім беру, сондай-ақ, жоғары оқу орнына­н кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар, оқып бітіргендер, оқуды бітіргеннен кейін  күнтізбе  бо­йын­ша 3 айға дейінгі азаматтар. Осылардың барлығ­ын  мемлекет  мойнына  алып  отыр.

- Жұртшылыққа жарна төлеудің жолдары­н  айтсаңыз.

- Жарна төлеудің жолы оп-оңай. Азаматтарға арналған үкіметке барып, қандай санатқ­а жататыныңызды көрсетіп төлей аласыз­. Оның жолдары көп.

- Жекеменшік клиникалармен бірлескен жобалардың аяқ алысы қалай? Қормен келісі­мшарт жасауға ниетті жеке емханалар көп  пе?

- Осы жүйені енгізудегі мақсат – жекеменшік клиникаларды медицина нарығына көптеп тарту арқылы толыққанды бәсекелес­тік орта құру. Бәсекелестік жүрген жерде сапа өзінен-өзі болады. Түпкі мақсат – меди­циналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Сондықтан да жекеменшік емханалар да келешекте бәсекеге қабілетті бола түседі деген ойдамын. Қазір­дің өзінде жүйелі жұмыс істеп жатыр.

- Ашық  ақпаратыңызға  рақмет!

Сұхбаттасқан   Жазира  БАҒЛАН

 


БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӨМІРШЕҢ БОЛУЫ ҚАЛА КӘСІПКЕРЛІГІНЕ ҮЛКЕН СЕРПІЛІС ӘКЕЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
22.11.2018 10:48

Жанмұрат  СЕЙІЛОВ,

Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы:

- Елбасы өз Жолдауында «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай  бағдарламасын тағы бес жылға  дейін ұзарту қажет­тігін  айтты. Осы ретте қала көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға  тоқталсаңыз.

- Бағдарламаның 2025 жылға дейін ұзартылуы біздің өңірдің кәсіпкерлігіне, оның ішінде қала кәсіпкерлігіне үлкен серпіліс  әкеледi деген ойдамыз. Өйткені  барлығы осы бағдарл­аманы негізге ала оты­рып­, жүйелі жұмыс атқарып жатыр.­ Осындай ауқымды жобаны­ң өміршең болуына шешім қа­былданып жатқанына әрине, қуанамын. Бүгінгі таңда  3,4 миллиард теңгені құрайтын 60-қа жуық жоба жүзеге асы­рылып жатыр. Жыл аяғына дейін 1,9 миллиард теңгенің көле­мінде жобаны іске асыруды көздеп отырмыз. Кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктер арқылы осы бағдарлама шеңберінде  несие алуға мүмкіндіктері бар. Бағдарламаның шартымен банктер кәсіпкерлердің алған несие көлемінің 7 пайызы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры  арқылы  субсидияланады. Шағын, орта кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кәсіпкерлер бұл бағдарламамен жұмыс істеп жатыр. Қызылордада кәсіпкер­лікті қолдау жылының үш жыл­ға дейін ұзаруы кәсіпкерлер үшін  өте  тиімді  болмақ.

- Индустриялық-инновациялық даму аумақтық бағдарламасын жүзеге асыруға қандай жағдайлар жасалуда?

- Аталмыш бағдарлама ая­сында 2010-2015 жылдар аралығында 13 миллиард 579 мил­лион теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылған. Іске қосылған жобалардың барлығы 90-100% жоспарлы қуаттылыққа шығып, жұмыс істеуде. «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін Титов қыс­тағынан  индустриалдық  ай­мақ­қа 760 га  жер  телімі табыс­талып, қажетті инженерлік инфра­құрылыммен  қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда индус­триалдық аймаққа жалпы көлемі 119,2 гектарды құрайтын құны 119 млрд. 901 млн теңге болаты­н 9 жобаға жер телімдері бөлінді. Индустриялық аймақта­ шыны табақшасын шығаратын зауыт, молибден, газбетон, қабырға және тротуар мате­риалдарын өндіретін жобалар орналасқан.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Белкөл кенті аумағынан индустриялық аймаққа қо­сымша  500 гектар жер учаскесі бөлінді.

Осы  ретте,  аталған аймақтан «Кызылорда  Рефинэри»  ЖШС-нің «К4, К5 экологиялық кластағы мотор майларын өндіру» жобасына 333 гектар жер  телімі  табысталды.

Бұдан бөлек, Белкөл кенті аумағынан 2018 жылы Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген «BSK Қаратау» ЖШС-нің «Ас тұзын терең өндіру  зауыты  құрылысы»  және «Сыр  маржаны» ЖШС-нің «Ет және ет өнімдерін өндіру және сақтау» жобаларына жер учаскелері берілді.

- Қызылорда қаласында шағын­ және орта кәсіпкерлікпен айнал­ысатын  қанша нысан  бар?

- Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 26191 шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын субъект болса, оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғандарының саны 20 420-ны құрап отыр. Бұл – Қызылорда облысында жұмыс істеп отырған кәсіпкерлердің 48,8 пайызы. Тағы бір айта кетерлік ақпарат, Қызыл­орда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерінде шағын және орта бизнесті дамыту­дың басты көрсеткіш­теріне жүргізілген талдау нә­ти­жесіне сәйкес 2018 жылдың  10 айында 2951 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 45 пайызға артқандығы байқалады. Яғни, қазіргі мемлекеттік бағдарламалар халық үшін өте тиімді, кәсіпке бет бұрғандар мұны түсіне бастады. Бізде жыл басынан бері облыстық кәсіп­керлер  палатасы тарапынан қала кәсіпкерлерінің бизнес жоспарларын тегін әзірлеп беру қызметі жанданып келеді. Соған­ байланысты 648 мил­лион теңге тұратын 216 бизнес-жоспар дайындалып, оның ішінде 507 миллион 400 мың теңгені құрайтын 136 жоба жүзеге­  асырылды.

Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығын дамытуға байланысты жыл басынан бері 7214 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, соның 5206-сы шағын­ және орта бизнес құрылымдарына орналастырылған. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасы бойынша да біліктілігін арттыруға ниеттенген кісілердің қарасы қалың. Жыл басынан бері «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша 211 адам оқыса, «Бизнес­ бастау» жобасы бо­йынша 80 адам оқып, сертификаттарын алып, өз ойында жүрген ауқымды идеяларына жан бітіруге ұмтылуда. Кәсіпкер болғысы келетіндерге үлкен қолдау деп айтар едім мұны. Кәсіпті бастамас бұрын ниетті кісілерге кәсіпкерлік негіздерін үйретуге тиіспіз. Соған байланысты білікті тренерлер мен ментерлерді тарта отырып, біз семинар-тренингтер өткізуде­міз. Осы ретте, қалалық бюджеттен арнайы 2 миллион 101 мың теңге бөлінген. Бөлінген қара­жатқ­а қала тұрғындары мен жастар­ды кәсіпкерлікке баулу мақсатында түрлі тақырыпта бизнес конкурсын ұйымдас­тырдық. Негізінен қала көле­мінде ғана жариялаған едік. Алайда оған республика көле­мінде қызығушылық туындап, Астана, Тараз, Қостанай, Павло­дар, Қарағанды қаласының жастар­ы да онлайн режимде өз жобаларын ұсынып, жүлделерге­ ие болды.

- «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында атқарған толымды істер деп нені айтар едіңіз?

- Бұл байыпты бастаманың игілігін кәсіпкерлер молынан көріп жатыр. Өткен жылы қала және ауылдық елді мекендерде 467 миллион теңгеге 77 жоба іске  асса, қазіргі таңда құны  645 миллион теңге болатын 149 жоба жүзеге асырылып жатыр­. Жыл соңына дейін   253 миллион теңгені құрайтын  жобаның 51-і дайын тұр. Егер қаржыландыру мәселесі оңтайлы шешіл­ген жағдайда, жоспарымыз жыл аяғына дейін дайын. Бағдарлама әсіресе, ауылдық елді мекендегі ағайынға пайдалы екенін ерекше атап өткім келед­і. Себебі бағдарламаның басты критерийі – жұмыссыз азаматтардың қатарын азайту.­

- Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Жазира  ҚОЙШЫБЕКОВА

 


«АШИНА ТҮРІКТЕРІНІҢ» ТАРИХЫНА ҚАЙТА ОРАЛУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
22.11.2018 10:43

Әлібек   САБЫРБАЕВ

Соңғы жылдары қазақтың қарға тамырлы тарихын тереңінен тартып, орыс, қазақ ғалымдары, тарих зерттеушілерінің бұған дейінгі тарихи тақырыптағы жазбаларын жаңғыртып, түркінің тінін тарқатып жүрген Әлібек Сабырбаевтың тағы бір кітабы қолымызға тиді. «Шекті руының құпия тарихының» үшінші кітабы («Арқаны игеру») дерек пен дәйекке құрылған ғылыми зерттеулерді негізге алып, тарихтың тұңғиығынан тамыр тартады. Былтыр «Шекті руының құпия тарихының» бірінші кітабы жарыққа шығып, оқырманның олжасына айналған-ды. Біз бүгін автордың аталмыш атаумен баспаға тиянақтап қойған екінші жинағынан «Ашина түріктерінің тарихына қайта оралу» атты тарауын газет оқырмандарына ұсынып отырмыз.

«Шекті руының құпия тарихының» бірінші кітабы «Ашина түрік­тері» деген атпен (2017 ж.) баспадан жарық көрген-ді. Сондағы негізгі зерт­теу тақырыбымыз түрік қағандығын құрған әулет, «ұлы ұрық» Шекті руының тарих сораптарында жүрген ізін анықтау  еді. «Ашина түріктері­нің» тарихына қайта оралудың себебі: көне түрік заманын зерттеушілердің түрік қағанатын құрған негізі ру неме­се «ұлы ұрық» Ашинаны – Дулат, Ар­ғын, Қыпшақ, Беріш, Түрік-Оғыз рула­рының бірінен шыққан деген болжамдар мен пікірлері баспа бетінде жарық көргендіктен, Шекті және жо­ғарыда айтылған рулардың аражігін ажыратып, оқырманға түсінікті болу үшін шағын болса да, әбден сығымдалған фактілер, пікірлер, болжамдар, тұжырымдар мен дәлелдемелерді талдап, сараптан өткізіп, шамамыз келгенінше осы тарау жазылды. Бұл тараудағы талдауда да белгілісінен белгісізі көп, үзік-үзік деректерді «ой елегінен» қайта өткізіп, жоқтан бар жасап, қиюын тауып қиюластыру­ оңай шаруа емес. Көне түріктер тура­лы жазылған барша зерттеуді оқып шығу мүмкін емес екенін ескере отырып, оқырмандарды ойландыратын сауалдарға жауап береміз. Ол үшін Л.Гумилевтің «Көне түріктер» атты зерттеуін негізге ала отырып, кейінгі заманда жазылған қазақ тарихшыларының бай еңбектерін қайта ой елегі­нен өткізе отырып талдаймыз. Көп­теген авторлардың әрқилы пікірлері­не, болжамдарына сілтеме жасай отырып, өз болжамымызды жасаймыз.

Ашина (Алшын) руының пайда болу төркінін «Шекті руының құпия тарихының» «Ашина түріктерінің» бірінші кітабында біршама таратып жазғанбыз. Көне түрік тарихын егжей­-тегжей зерттемейінше өткен-кеткеніміз туралы түсінігіміз шала-шарпы болып қала бермегі анық.

Қаржаубай Сартқожаұлының «Тас кітаптың құпиясы» (2017, 154-165-бб), көне түрік дәуірін зерттеп жүр­ген, осы саланың маманы, сол кітапта «Түрік, Ашна этимологиясы және Ашиде (авт. - Ашадэ) туралы аңыздар» тарауында жаңа тың деректер келтіреді. Біз Ашинаны Алшын деп қабылдап, зерттеуімізді ары қарай жалғастырамыз. Қызыққан оқырман өзі оқып алар дейміз.

Дегенмен, көне түрік дәуірін зерт­теушілердің бірі Ғайнидин Мұсабаев­ көне түріктерді қағандық әулет Дулат тайпасынан шыққан десе, Әнес Сарай­ «Көк түріктері» зерттеуінде: «Түрік қағандығын құрған қағандық топ тайпаларының – қыпшақ текті, аналық топ – сақ текті, арқа тірек аралық топ – оғыз текті», - дейді, Мира Ысқақова «Қазақ таңбалары» зерт­теуінде «қағандық әулет - Арғын руы­нан» деп жазады. Ал ең қызығы, Н.Я.Бичуриннің «Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихын» (Астана 2011 ж.) қазақ тілі­не тәржімалаған белгілі жазушы Әкім Тарази көне түрік қағандығын құрған әулет Дулат тайпасы деп аударады. Бекжан Әденұлы «Қазақтың құпия тарихы» зерттеуінде қағандық әулетті Беріш руынан, академик В.В.Бартольд «қағандық әулет – түрік-оғыз тайпаларының бірі» дейді. Бұл пікір­лерді, болжамдарды еске ала отырып, төменде бұған дейін жазылған басқа да зерттеушілердің, тарихшылардың тұжырымдарын саралай (анализ) келіп, өз дәлелдемемізді, уәжімізді, тұжырымымызды нақтылап, таратып жазамыз.

VI ғасырдың ортасына жетпей (545 ж.) «Ашина түріктері» құрған қағанат, Еуразия құрлығының кең даласын бауырына басып, «ат арқасында» дүниенің төрт бұрышына, ат тұяғы жетер жерге жорық жасап, бағын­баған талай хандықтардың «шаңын» басына көтерді. «Бастының басын игізген. Тізелінің тізесін бүк­тір­ген» «Ашина түріктерінің» билігі үздік-создығымен 200 жылға созылды. VII ғасырдың ортасынан ауғанда (658 ж.) Батыс түрік қағандығы өмір сүруін тоқтатты. Ал Екінші Шығыс түрік қағандығы 747 жылдан кейін құлады. Ашина түріктерінің ұрпағының құрған мемлекеті өршіл рухани қуаты моңғол дәуіріне, яғни XIII ға­сырға дейін жетті.

200 жыл өмір сүрген «Ашина түріктері» ғайыптан бір күнде пайда болған жоқ. Кезінде «Ашина түрік­терінің» тарихтағы тамыры тереңде жатқанын, академик В.В.Бартольд­тің «Хундар империясы көне түркі мемлекеті болып табылады» деп па­йымдауы, яғни «Ашина түріктері» 24 рудан құрылған Хун (Хұн) мемлекетінің тікелей мұрагері деп айта аламыз. Атақты ақын М.Жұмабаевтың:

«Ерте күнде отты күннен Ғұн туған,

Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам.­

Жүзімді де, қысық қара көзімді,

Туа сала жалынменен мен жуғам»,- деп жырлаған.

Бүкіл адамзат тарихында дала мәдениетінің (көшпенділер) алатын орны ерекше, маңызы да зор. Адамзат­ өркениетіне білгілі бір дәрежеде бетбұрыс жасауға негіз болғандығын ғалымдар көне түрік заманын «Түрік­тердің алтын ғасыры» деп бір ауыздан­ мойындайды.

«Әлемдік ғылым өркениет шарттары деп: төл жазуы болды, қала салу мен монументті мүсін өнерін айтады.­ Түріктерде мұның бәрі болды... «Түрік сөздігі, «Құдатқу білік» сынды­ философиялық-әдеп трактатын жазды», - деп көрсетеді (Сарай Ә. Көк түріктері. Алматы, 2014, 8-б).

Талдауды бастамай тұрып, басын ашып алатын, көне түріктердің бас­қару жүйесіндегі лауазым аттарын оқырманға түсінікті болсын деп беріп отырмыз.

Қаған – «хандардың ханы» деген сөз;

Кіші қаған – ұлыстық қағандар; Мысалы: «Аба қаған», «Эрфу қаған», «Тардуш қаған». «Аба – абар-абақ ұлысының қағаны», «Эрфу – шығыс өлке қағаны», «Тардуш – батыс өлке қағаны», т.б.

Иркін – ру басыларының лауазымы, «он оқ» бірлестігіндегі 5 нушуби тайпаларының көсемдерінің лауазымы;

Чор – «Бес оқ» дуло тайпасына қарайтын, тайпа бастықтарының лауазымы;

Ябғу (Жағбу) – сыр елдерді (ұлыс) басқарушысының атағы; Істеми - «ябғу қаған» лауазымымен аталған.

Шад – өз алдына дербес әскер басқара­тын адам. Қағаннан кейін үшінші дәрежелі лауазым, қағанның ең сенімді інілерін атаған;

Тегін – қағанның таңдаулы қосынының қолбасшысы. Мысалы, Күл /тегін/, Иолығ тегін; Бұл атау «Бес оқ» нушуби тайпаларын басқарған лауазым;­

Тархан (Апа тархан) – түркі мемле­кетіне ерекше еңбегі сіңген атақты тұлғалар марапатталатын өте жоғарғы дәрежелі лауазым;

Бек /би/ - дәрежелі тұлғаларды атаған. Мысалы: «түрік бектері», «оғыз бектері»;

Елтебер - мүмкін Елтүзер деп кейін аталған тәрізді. Осы атау қазақ ру шежірелерінде қайталанады. Мысалы­ Ұлы жүзде: Сиқым–Әлібек–Есбол–Сатыбалды–Елтүзер, Бөрі;

Жаныс–Жарлықамыс–Бәйімбет (Қасқарау)–Елтүзер;

Найман–....Майрам–Байыс–Байғана–Елтүзер;

Найман–....Ергенекті–Бағаналы–Шәуешек–Қызылтаз–Елтүзер.

Ауызша шежірені түзгенде Елтебер сөзін кейін Елтүзер деп өзгерткен тәрізді.

Түрік қағанатының өмір сүрген дәуірі IX ғасырдың аяғына дейін созы­лып, қараханидтер мемлекетіне келіп жалғасқан. Ал, Қараханид мемлекеті де Көне түрік қағанатының жалғасы, олар да екіге бөлінді, Батыс және Шығыс мемлекеті болып. Қараханид мемлекеті өзінің шарықтау биігіне жеткен соң, оларды ішкі қырқысудан кейін, XIII ғасырда Шың­ғысхан Шығыс бөлігін жаулап алса, Батыс бөлігін Хорезмшахтар басып алды...

Бірінші анықтайтынымыз: Бірін­ші түрік қағандығын құрған Дулат тайпасы деген пікірдің дұрыстығын.

Ғайнидин Мұсабаев «Үйсін туралы пікірлер» («Түркі қағанаты дәуі­рі») атты көлемді мақаласында Бірін­ші түрік қағанатын құрған қағандар туралы: «Іледе (авт. - өзен) ағайынды екеуі (авт. - Тумынь = Бумин*­, Естеми* = Істеми) Батыс түрік қағанатын құрып, ағасы Бумин Іле қаған атағын алған, інісі Естеми (Естеби, Істеми) қолбасшы болып, Дулат тайпасына кіші хан болған. Сол Дулат әскерімен Арқаның кең сахарасы арқылы Орал тауына, Еділ, Дон арасындағы жазықты, Қырымды алып, Византияға дейін ауыр қолмен барған. Оны «қара жұрын түрік», біреулер Дизабул деп атаған, 576 жылы Кавказда отырып, фракия императорына түркі тілінде хат жазған.

...Солтүстік Кавказдағы Арғун (авт. - Арғын) өзені, қышылағы (авт. - ауылы) да, Азербайжан жеріндегі Қазақ ауданы да осы жорықпен байланысты деп санауға болады.

...Батыс түркі империясында жасаған Естеми – қырық жылдан астам өмірін осы жорықта өткізген ұлы қолбасшы, Бумынның інісі. Бірақ, жаугершілікте түскен олжа қыздан туғандығынан қаған (ұлы хан) бола алмай, ұлы хан болып сайланған ағасының балаларына, немерелеріне бағынып өткен кіші хан еді. Түркінің 1-ші им­пер­иясын жасаған осы Дулат қолбасшы еді. Оны «би аға» деп те атады», - деп Батыс түрік қағанатын құрған Ашина түріктерін Дулат тайпасының өкілі деп тұжырымдайды (Қазақ тарих­ынан. Алматы, 1997, 84-б).

М.Барманкулов: «Тюрко-византийские отношения в 575-576 годах обострились. После смерти Истеми-кагана Турксанф* – один из сыновей императора, недовольный переговорами, который вел Юстин II (565-578 гг.) с аварами, не только обвинил Византию в нарушении договора, но и обрушился с войсками на часть территории Византии. Турксанф захватил Боспор Киммерийский и вторгся­ в Крым. ...Тюрки прочно закрепились на равнинах Северного Кавказа и в предгорьях Дагистана вплоть до Дербента», - деп Істеми қаған өлгеннен кейін баласы Турксанфтың Визан­тия империясымен арақатынасының жақсы болмағанын Византия тарихшысы Менандрдың еңбек­теріне сүйеніп жазады (Хрустальные мечты­ тюрков... Алматы, 1999, стр. 165).

Турксанф* (Түріксанф) – «Батыста, гректер Түріксанф деп, қытайлар Таньхан деп атаған сұлтан хандық құрды. Ол Еділ мен Солтүстік Кавказдағы әскерлерге бұйрығын жүр­гіз­ді, оның қарауында, әлгі Византияға қарсы соғыс бастап, 576 ж. Босфорды­ алатын Тобоханның немере інісі Бөрі­хан қызмет атқарды», - деп Л.Гумилев­ жазады (Көне түріктер. 104-б).

Бұл арадан байқайтынымыз, түріктер Солтүстік Кавказды VI ға­сырдың ортасына жетпей өзіне бағын­дырған. Сол түрік әскері мен қазіргі қазақ тайпаларының арғы аталар­ы да Кавказда мекендеп қалған­ дейміз. Себебі, «558 ж. Қара-Сор Орал мен Еділ жорығына қатысады, бірақ жаулап алынған жерлерді оның інісі Түріксанф пен немере інісі Бөріханға енші етіп береді» (Сонда. 103-б).

Қ.Сартқожаұлы: «Алтын тауды* мекен етіп нүкүздерге* (нүнге) темір­ші болды. Алтын таудың пішіні дулы­ға­ға келіңкірейді. Олар дулығаны* өз тілінде «түрүк» деп атаған. Сондықтан бұл атау олардың халық атауы болы­п қалыптасты.

«Дулыға*» сөзін Бичурин «дулға­» деп оқып, моңғол тілінде «дуулга» (шлем) сөзі деп түсінген. Бичурин, түріктер батырлардың киетін­ темір телпегін «дулыға» деп айтатынын білмеген», - деп дулыға­ға осындай түсініктеме береді («Тас кітаптың құпиясы». Алматы, 2017, 158-б).

Автордың  ескертпесі: Алтын  тау* - Алтай тауы;

Нүкүздер* (нүнге) - Сяньбий (Сәмбилер) - Тобалар тайпасының қытайланған тобын сәнбилер деп атаған­ (Л.Гумилев).

И.Бичуриннің «Орта Азияны мекендег­ен халықтардың көне заман­ғ­ы тарихы» еңбегін қазақ тіліне аудар­ған  Әкім Таразидің өзіне сөз берейік: «...олар (авт. - Ашиналар) Алтай­ тауының қойнауындағы Еркін қонған* деген жерде өмір сүрді, олар тарих бетіне «көтерілген» кезінде өздерін «КӨКТҰРҰҚ Дулығатымыз*» деп атады.

Алғашқы кезде бұлар Сәмбеттерге*, содан кейін Жүзжандарға* ба­ғынды, солармен бірікті. Және бұлардың сол алғашқы кезінде «Сәмбеттердің теміршісі» деген аты болды. Бұлар Сәмбет жігіттеріне, әскеріне, сарбаздарына, сардарларына құрыштан дулы­ға жасап бере­тін­ еді. Б.ж.с. 450 жылы тарих бетіне­ келген Дулаттар 550 жылы тағы да Түмен деген ханның басқаруымен белгілі болды. ...Келесі 552 жылы Хей-Ди императордың кезінде Түмен хан Жүзжандарға шабуыл жасап­, оларды тағы да тас-талқан етті. ...Аяқ астынан шыққан әлдебір белгісіз ханнан жеңіліп қалғанына соншалықты ыза болған Қара Қабан* хан өзін-өзі бауыздап өлтірді. Оның ұлы Жаңбыршы* Қытайдың Ци импе­риясының қа­рауын­а қашып кетті. ...Бұл соғыстан кейін Түмен хан өзіне «Ұлы хан» (Ельхан­) деген дәреже алды. «Ган-Му» кітабында «Іле хан» дегенді «Іле өзенінің бойын­ мекендейтін хан» деген мағынада жазады.

­(Жалғасы  бар.)

 


ТҮБІМІЗДІ ТҮГЕНДЕП ЖҮРМІЗ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
22.11.2018 10:00

Жалпы, түбін түгендеу, қайдан шыққанын білу – қазақтың қанында бар қасиет. Ол – бөліну емес, тамырыңды білу. Бір ұлт болып ұйысып, қазақ елі деген ортақ шаңырақ астында өсіп-өнуді ұрпағымызға өсиет етіп келе жатқан жандардың біріміз. Осы орайда, «Халық» газеті арқылы алмағайы­п заманда бір-бірінен ажырап қалған аталарымызды іздейміз.

Ата шежіремізге қарасақ, түбіміз Төртқара, онан Сексен (Торым), бері қарай оның ұрпақтары Рыскелд­і (Қызыл), Айт, Қожас (лақап аты - Тайжер) және Кенжес болған. Біз Тайжерден тараймыз. Тайжер­ атамыздан Базар және Базаралы (Базаргелді) деген ұрпақ өрбиді де, біз осы екі әулеттің бүгінгі іздеріміз, бір қауым елге айналдық.

Алайда соңғы жылдары жарық көріп жүрген шежіре­-кітаптарға қарасақ, дәл осы Тайжерден ұрпақ жоқ деп, тұйықтап тастайды. Бұл мүмкін атадан балаға­ аңыз болып тарап келген Тайжер атамызға қатысты әңгімеден болса керек. Жоғарыда айтып өткендей Қожас (Тайжер) жас күнінде барымташылық жасайды екен. Сонан әлгі Тайжер деген лақап аты елге жайылады. Бұл абыройсыз істі қой деген ру ақсақалының ескертуіне қарамастан, Тайжер атамыз суыт жүрісін доғармапты. Сонда налыған ру ақса­қалы Тайжерге «Екі үйің бір жерде болмасын» деп теріс батасын берген деген әңгіме бар. «Ата қарғысы жеті атаға дейін» деген халық даналығы, сол рас болып­, Тайжерден тараған ұрпақ селдір, көп емес. Алайда шежіре есебі бойынша таратқанда, сегізінші және тоғызыншы атаға тарап кеткен Тайжер атаның ұрпақтары бүгінде біздер бармыз. Арал және Қазалы­, Қызылорда қаласының іргесіндегі Тасбөгет кентінде­ осы «шежіреден шеттетілген» аталық тұяқтары тұрып жатыр.

Біздің мақсат – осы аталарымыздың ізі, басқа да ұрпақтары болса, хабарласу, алмағайып, отызыншы жылдардағы аштық зобалаңында ажырап қалған бауыр­лас, қандастармен қайта қауышу. Жеті атамызды түгендеп, іргемізді бүтіндеу. Осы арқылы түбімізді танып, ата қазақ дәстүріне сай өз салтымызды, санамызды келер ұрпаққа сабақтастыру. Ізгі ниетімізді  сүйікті басылымымыз «Халық» газетінің ұжымы  ұғар  деген  ниеттеміз және осы тілегіміз басқа­ да  оқырмандарға ой салып, «жеті атасын біліп, жетелі­ болуға» үндесе, мақсатымыздың орындал­ғаны. Егер аталастар табылып жатса, газет редак­циясына немесе 87055782448 телефонына хабар­ласса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Жантөре  Сәтмаханов,

Едіге  Төлебаев,

Шынтемір  Әмишаұлы,

Қызылорда

 


Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары