Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2821
mod_vvisit_counterКеше2604
mod_vvisit_counterОсы аптада10102
mod_vvisit_counterӨткен аптада15900
mod_vvisit_counterОсы айда26002
mod_vvisit_counterӨткен айда70043
mod_vvisit_counterБәрі4150732


Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Жұма, 30 Қараша 2018

«Ел тірегі - Елбасы» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2018 14:17

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аванзалында «Ел тірегі - Елбасы» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған кең көлемді кітап көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты - Тұңғыш Президенттің көрнекті саясаткер, Ұлт көшбасшысы ретіндегі тұлғасын, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру және дамытудағы еңбек жолы, тарихи кезеңдер туралы маңызды жаңа әдебиеттермен таныстыру. Жас ұрпақты,  Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, идеясы ерен, келешегі кенен мақаласымен таныстыру. Төл руханиятымызды дамытуға ерекше серпін берген Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде  жатқанын, мықты далалық өркениетіміздің бар екенін көрсету.

Көрмеде көне заманнан бүгінге дейінгі мемлекет шежіресінен сыр шертетін әдебиеттер орын алған. Халқымыздың салт-дәстүрі, рухани байлықтарымыз, ұлттық болмысымыз бен терең тарихымыз жайлы жаңа әдебиеттер ұсынылды.

Мерекелік шара облыстық кітапхананың директоры Н.Мырзамұратованың құттықтау сөзімен ашылды. Шарада Елбасы туралы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  ғылыми қызметкері Ахметбек Бақытжан, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшісі, майор Ерлан Абдуллаев ой толғамдарымен бөлісті.

Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  оқытушылары, БАҚ өкілдері, «Болашақ» медициналық колледжі студенттері, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметкерлері қатысты.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

 


Қызылордада кәсіпкерлер электр желілеріне қосылу мәселесін талқылады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2018 14:04

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы мен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің өңірлік департаменті бірлесіп, кәсіпкерлерге электр желілеріне қосылу заңнамалық ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің өңірлік департамент басшысы Мұрат Улеков пен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ және т.б. электрмен жабдықтау мекемелерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан электр жабдықтарын күтіп-ұстау қызметтерін көрсетуге байланысты төлемдер, электрмен жабдықтаушы мекемелердің келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы, электр энергиясын үнемдеуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар, электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар алу, техникалық шарт беру мерзімі және өзге де бірқатар мәселелер қозғалды.

Елбасының Қазақстанның Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингі бойынша 30 елдің қатарына кіруі жөніндегі тапсырмасына сәйкес Үкімет елдегі бизнес-ахуалды және рейтинг позицияларын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқарып келеді.

Бұл ретте, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да Үкіметпен бірге бірлескен іс-шаралар қабылдауда.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2018» рейтингінде Қазақстан «Doing Business 2017» рейтингімен салыстырғанда өз рейтингін жоғарылатып, 28-орынды иеленді, 2017 жылы біздің республикамыз 36-орында болған. Қазақстанның «Doing Business» рейтингісінің жақсаруына қолданыстағы заңнамаларды реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнес құру мен мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру рәсімдерін жеңілдету арқылы бизнеске әкімшілік қысымды азайту және іскерлік ортаны жақсарту бойынша шаралары ықпал етуде. Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен шара да осы мақсатты көздейді, яғни кәсіпкерлердің энергетика саласында кездесетін проблемаларын бірлесе талқылап отырып, шешу жолдарын қарастыру.

Ақпарат ретінде айтатын болсақ, бүгінде елімізде құрылысқа рұқсат беру бойынша - жер учаскесіне топографиялық түсірілім жүргізу туралы талапты алып тастау арқылы құрылысқа рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетті.

Ал электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша Қазақстанға электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық талаптарды беру мерзімдерін қысқартты - 200 кВт дейінгі электр қондырғылары қуаттылығымен белгіленген тұтынушылар үшін 14-тен 5 күнге дейін. Энергиямен қамту ұйымдарының тұтынушыларының жобалық шешімдерін келісу мерізімі 20 күннен 3 күнге дейін қысқарды. Құрылыс-құрастыру жұмыстарына рұқсатты алу қажеттілігі жойылды. Енді жобалаушыға элеткронды нысанда мемлекеттік сәулеттік-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталуы туралы хабарлама жіберу жеткілікті. Сонымен қатар  мемлекеттік энергия қадағалау және бақылау органынан электр желісіне қосылуға рұқсат алу қажеттілігі жойылған. Электрмен қамтуға шартты жасаудың апталық мерзімін электрмен қамту ұйымы үш күнге дейін қысқарды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

 


Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары