Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 11 Желтоқсан 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ – ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨСУІ БОЙЫНША КӨШБАСШЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.12.2018 10:05

2018 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір деп танылды.

Кеше "Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған" Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа «Ең үздік бизнес орта құрғаны үшін» номинациясы бойынша "Алтын сапа" сыйлығын табыстады.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қарашасында өңірде 51 956 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, оның ішінде 42 066-сы жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,7 пайызды құрады. Бұл - республикада ең жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі тіркелгендер санының 80,9%-ын құрады.

Естеріңізге сала кетейік, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелерін тиімді шешу мен жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін айтарлықтай арттыру мақсатында облыс әкімдігінің, облыстық мәслихаттың, "Нұр Отан" партиясы филиалының, қоғамдық кеңестің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының шешімімен 2018-2020 жылдары өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жарияланды. Жыл басында "Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жол картасы" әзірленді. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға республикалық және облыстық бюджеттен, банктер мен қорлардан 32 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның ішінде стартап-жобаларға 3 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Жаппай кәсіпкерлікті, әсіресе ауылдық жерлерде дамытуға өңірде басымдық беріліп отыр, облыстың әрбір ауылдық елді мекеніне жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларынан шағын және орта бизнесті дамытуға жауаптылар бекітілді. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша өз ісін осы жылы бастаған әр аудан мен облыс орталығындағы үздік стартап-кәсіпкерлерді, сондай-ақ, ауданның үздік әкімін және жауапты лауазымды тұлғаны 1 млн. теңге көлеміндегі сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, болашақ және өз істерін бастаған кәсіпкерлер үшін барлық қолайлы жағдайларды жасау мақсатында Кәсіпкерлер үйі ашылды. Мұнда облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» ЖШС, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі бірқатар банк филиалдары және өзге де мекемелер орналастырылған. Сондай-ақ, аймақтың кәсіпкерлері үшін электрондық қызмет түрлерін тегін алуға болатын онлайн-кабинет жұмыс істейді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«Dalatex» республикалық байқау жеңімпазы атанды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.12.2018 18:08

Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы жеңімпаздары марапатталды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша үш жеңімпаз анықталды.

«Үздік» атағы үшін биылғы жылы өңірлік кезеңдердің 153 жеңімпазы сынға түсті.

Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар - «DOLCE» ЖШС (Алматы облысы), «Зерде – Керамика» ЖШС (Шымкент қ.), «Медидез» НПО  ЖШС (Қостанай облысы);

Халық тұтынатын үздік тауарлар - «West Line doors» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС (Атырау облысы), «Dalatex» ЖШС (Қызылорда облысы);

Үздік азық-түлік тауарлары-«Шин Лайн» ЖШС (Алматы облысы), «ViZaVi Company» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы), «Danone Berkut» ЖШС (Алматы облысы).

Әр номинацияда жеңімпаздар дипломдар мен естелік эмблемаларға ие болды.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТАМПОНАЖДЫ ЦЕМЕНТ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.12.2018 16:45

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпір барысында қуаттылығы жылына 1 млн. тонна болатын цемент зауытын іске қосу және "Қараөзек" станциясынан "Сарыарқа"магистральды газ құбырының құрылысын бастау рәсімі өтті.

Тікелей байланыс арқылы "Гежуба Шиелі Цемент компаниясы" ЖШС бас директоры Ли Цзиньцин Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа тампонажды цемент шығаратын зауыт құрылысының аяқталғанын баяндады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы телекөпір аясында кәсіпорын құрылысы басталған болатын.

"Біздің кәсіпорын Қазақстанда қалыптасқан қолайлы инвестициялық ахуалдың жемісі. Бүкіл әлем инвестициялар мен технологияларды  тарту жолындағы Сіздің еңбегіңізді жақсы біледі. Біздің жоба Қазақстан-Қытай серіктестігінің нәтижесі"- деді Ли Цзиньцин мырза.

Мемлекет басшысы кәсіпорын жұмысына табыс тіледі.

Естеріңізге салайық, зауыт жылына 1 млн.тонна цемент өндіреді. Нысанда 260 жаңа жұмыс орны ашылды. Жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру мақсатында Қытай еліндегі зауытта 48 адам арнайы оқудан өтті. Сондай-ақ, қытайлық инвесторлар Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің базасында жергілікті жастар арасынан 80 маман даярлауда.

Айта кетейік, аталмыш жоба өндірістік қуаттарды тасымалдау бойынша 51 бірлескен Қазақстан-Қытай жобасының тізіміне кіреді. Бас мердігер  "Чайна Триумф Интернэншл" инженерлік жобаларды басқару және инженерлік бас мердігер ТОП-50 кәсіпорынға кіреді. Зауыт өнімі – тампонажды цемент құрылыс, мұнай-газ және уран өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Зауытты іске қосу (цементке арналған қаптар, асфальтбетонға арналған минералды шаң шығаратын) шағын және орта кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, телекөпір аясында "Сарыарқа"магистральды газ құбыры жобасының 1-кезеңі басталды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бес әлеуметтік бастама аясында еліміздің орталық және солтүстік бөлігін газдандыру жобасын жүзеге асыру қажеттілігі туралы айтқан болатын. Магистральды газ құбыры Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша өтеді. Газ құбыры жылына 2,2 млрд.текше метр газ өткізу мүмкіндігіне ие, ұзындығы 1061 км құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру 2 миллион 700 мың қазақстандықты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыру аясында Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Астана қалаларында автоматты газ тарату станциялары салынады. Аталған қалаларда магистральдық газ құбырын салумен қатар, жергілікті бюджет есебінен көгілдір отын тарату желілерінің құрылысы жүргізілетін болады. Жобаның табиғи көріністегі қуаты: жылына 3,6 млрд.м3. Құрылыс барысында 1690 жұмыс орны, іске қосылған соң - 194 жұмыс орны құрылады.

Осылайша, еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыру жобасы Қызылорда облысынан ("Қараөзек" газ компрессорлық станциясы) бастау алды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары