Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 12 Желтоқсан 2018

ЕЛІМІЗДЕ ҰСТАЗДЫҢ МӘРТЕБЕСІ БҰРЫННАН ДА ЖОҒАРЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Ой-талқы
13.12.2018 11:56

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексеріс­тер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс екендігін нақтылаған  еді.

Жалпы білім беру жүйесін ұйымдастыру – барлық мемлекеттің дамуы үшін жасалатын жауапкершіліктің негізі. Ұстаз мамандығы барлық кезде де сұранысқа ие. Педагог қызметі әрдайым адамзат болашағының негізі екендігі де белгілі. Өйткені білім беру арқылы өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берілумен қатар, олардың қоғамға әлеуметтену процесі жүреді.

Педагог мәртебесін жоғарылату үшін билік пен қоғам көптеген мәселелерге мән беруі керек деп ойлаймын. Билік ұйымдастырады, ал қоғам мүшелері болса бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға ұмтылуы тиіс. Ең алдымен білімгерлер сапалы педагогикалық білім берумен қамтамасыз етілуі керек. Бүгінгі таңда білім рөлінің артуымен қатар, оның жаһандану процесіндегі өзгерістері байқалып отыр. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік-саяси, экономикалық салаларында кәсіби даярлық бойынша талаптар күшейді. Педагогика саласындағы әлемдік ғылыми қауымдастық білім берудің бұқаралық сипатына қарағанда, оның толыққанды сапалы білім беру мәселелеріне ерекше мән беруде. Демек, сапалы педагогикалық білім беру осы жұмыстардағы стратегия мен мақсаттармен тығыз байланысты.

Адамның кәсіби дамуы да өзекті мәселелер қатарында. Бұл тұста педагогикалық мамандық өкілдері кәсібилігін қалыптастыру және дамыту ерекше назарды қажет етеді. Әсіресе, кәсіби дамуы үшін жасалатын мүмкіндіктер және оның нәтижелілігі – зор көрсеткіштің көрінісі. Өйткені, ұстаздың өз мамандығына кәсіби даярлығы – сапалы білім берудің маңызды факторы. Ұстаздардың жоғары даярлығын қамтамасыз ету үшін тиімді педагогикалық тәжірибемен қатар, жаңа технологиялардың мәнін түсіндіру маңызды. Қызметтегі әріптестерімен, әлеуметпен, оның ішінде ата-аналармен жұмыс істеу тыңғылықты ізденісті қажет ететіндігі де жасырын емес.

Жалақы мен еңбек шарттарының жақсаруы да маңызды. Еңбекақы мен өтемақының тиімді үйлесімділігімен бірге қызметтегі мансаптық өсу де негізгі компонент болып табылады. Шынында, мансап – кез келген адамның келешекке қойған құндылығы. Бұл құндылық ұстаздың білім беру мекемесінде алдағы уақытта жұмыс істеу мүмкіндігінің іргетасы секілді.

Бірақ, бір нәрсені ұмытпауымыз қажет, мансап қызметте өсу ғана емес, ол өмір бойы оқуды талап етеді.

Білім беру жүйесі педагогтерінің кәсіби мәртебесін ескере отырып,­ мына мәселелер де назарда болуы керек деген пікірдемін: білім беру мекемесінің әкімшілігі біркелкі мәртебе мен еңбек шарт­тарын иелене отырып, жалақы мазмұны біліктілігіне сәйкес төленуі­ керек; жоғары сапа мен стандарттарды үйрену үшін барлық мүмкін­діктер жасалып, шектеусіз барлық педагогтердің мансаптық жағдайының өсуіне мүмкіндіктер жасау; жас педагогтердің мәртебесін­е ерекше назар аудару; педагогтердің кәсіби дамуы үшін көптеген ынталандыру сыйлықтарын ұсыну; педагог мамандығына жаңа талапкерлерді тарту үшін жағымды образды іс жүзінде ұйымдастыру.

Елімізде ұстаздың мәртебесі бұрыннан да жоғары. Қоғам мүшелері ұстаздар қауымын әрдайым құрмет тұтып келеді. Педагогтер мәртебесін заңнамалық негізде бекіту бұл мамандық иелерінің дәрежесін әлі де арттыра түсетіні анық.

Ботагөз  ПАРИДИНОВА,

Қорқыт  Ата  атындағы

Қызылорда  мемлекеттік

университетінің   докторанты

 


“ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ” ЗАҢ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК? PDF Print Email
Жаңалықтар - Ой-талқы
13.12.2018 11:51

Дәл осы сауалды фейсбук әлеуметтік желісіндегі “Қазақстан ұстаздары” тобының жазылушыларына қойдық. 50 мыңнан аса оқырман жиналған парақшада үнемі білім саласына қатысты өткір мәселелер көтеріліп, түйткілді тақырыптар талқыланып жатады. Қанша жерден мойынға мініп, төбеден төніп, бағытыңды бақылап отыратындар бар дегенімізбен, “бас кеспек болса да, тіл кеспек” жоқ деп, айтар ойын бүкпесіз ашық айтатындар баршылық. Әрине, олардың дауысы ашынғаннан барып ащы шығады.

Жалпы, мұғалім мәртебесін көтеруді Елбасының өзі тапсырған болатын. Қазіргі уақытта көптеген бағдарламалар осы тақырыпты қозғауда. БАҚ беттерінде де түрлі ұсыныстар айтылып жатыр. Осыған орай біз де мамандардың ойымен санасқан едік. Сонымен, желідегі пікірлерге назар аударсақ.

Байқағанымыздай, ұстаздар тарапынан көптеген пікірлер жазылып жатты. Әлбетте, аспандағы айды сұрап жатқандар жоқ. Қырда жүрген дуадақ көл қадірін білмейтіндіктен, біз мәселені мұғалімдердің өз аузына салып отырмыз. Айтпақшы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасын дайындауға тікелей атсалыспақ.

Аталған құжатта ұстаздарға материалдық стимулдар мен әлеуметтік кепілдіктер, түрлі тексерістерден қорғау мен құзыретіне жатпайтын жұмыстарға жекпеу туралы тың ұсыныстар қамтылған.

“Салалық кәсіподақ барлық мүдделі тараптарды, оның ішінде әсіресе ұстаздар қауымын аталған тарихи заң жобасын кеңінен талқылауға шақырады. Талқылау мен ұсыныстар қабылдауды барынша кең қамту үшін ұстаздар кәсіподағы 24 сағат бойы онлайн режимде жұмыс істейтін +7 747 919 38 51 WhatsApp желісін іске қосты және ұсыныстар қабылдауды бастады”, - делінген кәсіподақ таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасы ҚР Білім және ғылым министр­лігінде талқылаудан өтуде. Заң жобасын талқылау кезінде қазірдің өзінде Кәсіподақ кеңсесіне көптеген ұсыныс айтылған көрінеді. Салалық кәсіподақ заң жобасына қатысты ұсыныстарды дәстүрлі әдіспен кәсіподақтың www.edu-tradeunion.kz ресми сайты мен Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек электронды поштасына жолдау мүмкіндігі бар екенін де еске салады. Заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына 2019 жылдың қаңтар айында өткізу жоспарланған.

Бердібай  Бөлек:

Мұғалім дәрежесін көтеру үшін:

1. Мұғалім білім деңгейіне сәйкес айлық алу керек, яғни оны қаржы мәселесі алаңдатпайтындай болуы тиіс.

2. Мұғалімдерді арендалық үй-жаймен қамтамасыз ету керек. 25 жылдан кейін сатып алуға мүмкіншілік берілсе, тіпті жақсы.

3. Мемлекет есебінен әрбір 5 жылда мамандығын жетілдіру курсына барып тұруы қажет.

4. Мұғалімге тән емес барлық қоғамдық жұмыстардан босатылуы керек.

5. Мектеп директорларын өз арасынан шығарып, өздері сайлау арқылы тағайындағаны дұрыс.

6. Мектепті оқушылар және мұғалімдер кеңесі, директор алма-кезек басқаруы керек. Директор бос кезінде басқа ұйымдастыру жұмыстарымен айналыссын. Былайша айтқанда, кішкентай мемлекет болуы тиіс және өз шаруасын өздері шешуі керек.

Сұлтан  Сүлеев:

“Педагог мәртебесі туралы” заңның ең басты талаптары мынандай болу керек деп ойлаймын.

1. 30 жылдық педагогикалық біліктілікпен демалысқа жіберу (қалауы бойынша).

2. Ұстаз жалақысы үкіметтің қабылдаған АЕК-ке реттеліп, жыл сайын өзгеріп отыруы керек. Ұстаз жалақысы инфляциядан сақта­лып  отырады.

3. Ұстаздарды қызметіне қатысы жоқ түрлі іс-шараларға көрермен ретінде (залды толтырушы) апаруға заңмен тыйым салу керек.

4. Ұстаздардың бөгде жұмыспен айналысуы коррупция ретінде есептеліп, қылмыстық жауапкершілікке дейін жету керек. Себебі, елімізде әр жұмысқа қаражат бөлінгендіктен, ұстаздардың орындаған тегін жұмысының ақшасын біреулер қымқырып жүр деуге болады.

6. 25 жыл педагогикалық біліктілігі бар ұстаздарға категорияны қорғау деген шаралар жүрмеуі тиіс.

7. Қазір жүріп жатқан квал-тест немесе портфолио  жинаудың  біреуі  ғана  қалуы қажет.

Ырыс  Өтемісова:

1. 15 жыл бір орында тұрақтап жұмыс істеген ұстазға күйеуінің атында үй болса да мемлекеттік бағдарламамен үй алуға мүмкіндік берсе;

2. Қалалық  жерлерде  тұратын ұстаздарға  арнайы  аты-жөні  көр­сетілген тегін жол жүру билеті берілсе;

3. Жылына бір рет ұшаққа немесе пойызға тегін билет бері­летін  болса;

4. Мұғалімдер күніне мемле­кеттік арнайы сыйақы берілсе;

5. Мұғалімнің жұмысына қа­тысы жоқ әртүрлі іс-шараларға, массовкаға қатыстыруды алып тастаса.

 


МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ, ІСІ БІРАҚ КӨПКЕ ҮЛГІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
13.12.2018 11:47

Бір сәт өзгеден ауыр сөз естіп, көңіліміз босаса не қалаған дүниемізді алуға қаржымыз жетпей қиналсақ, өмірден баз кешіп кеткіміз келеді. Сол сәтте құдды бар ауыртпалық сіздің ғана мойныңызда секілді боп көрінеді. Алайда сол уақытта мүмкіндігі шектеулі, бірақ жігері жасымаған, өмірдің қиындықтарына қасқая тұрып, мына әлемді сүйе білген жандардың орнына өзіңізді қойып көріңізші. Деніңіздің саулығына, он екі мүшеңіздің түгелдігіне ризашылықпен қараңызшы! Бәрі керемет болады. Рас. Ешкім тәңірден бір мүше­сінің кем болғанын тілеп алмайды. Алайда қоғамда туабітті сал болып не жүре келе қайғылы жағдайлардың салдарынан мүмкіндігі шектеліп қалған жандар бар.

Бүгінде әлемде жыл сайын олардың жанына жылу сыйлап, бір сәт ішкі дүниесіне назар аудару әрі тән қасі­реті мен жан азабын жеңілдету мақсатында халықаралық мүгедектер күні тойланып келеді. Облысымызда бұл игілікті шара соңғы 4-5 жылдың көлемін­де ұйымдастырылып келеді. Сол аз уақыттың ішінде 100-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жанды қамтып, есімде­рін елге таныта бастады. Дәстүрлі шара биыл да өз жалғасын тауып, «Арман­сыз күнім болмайды» атты концертп­ен  аяқталды.

Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек­. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс. Бұл – өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады», – деп атап көрсеткен еді. Шараға қатысқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев та Елбасы тапсыр­масына сәйкес облыста бірқатар жұмыстардың атқарылғанын атап өтті. Әсіресе, мүгедектерді қоғамға кіріктіру, инфрақұрылымдық жағдайдың сәйкес болуы мәселелерінің әлі өзектілігін жоғалтпағанын айтты.

– Осы мәселені шешу үшін және мүгедект­ердің өмір сүру сапасын жақ­сарту мақсатында біз 2013 жылдан бастап­ «Жол картасын» бекітіп отырмыз. «Жол картасына» жыл сайын өзге­рістер мен толықтырулар енгізіліп, оны жүзеге асыру үшін бюджеттен 23 млрд теңгеден­ астам қаржы бөлінді. Республикалық бюджеттен 2,3 млрд, облыстық қазы­надан 20,7 млрд теңге қаралды. «Жол картасына» сәйкес тиісті жұмыстар әлі жалғасуда.

Бүгінгі күнге облыста 29 мыңнан астам­  мүмкіндігі  шектеулі жандар  өмір сүреді. Оларға мемлекет тарапынан ай сайын мемлекеттік жәрдемақы және арнайы­ әлеуметтік жәрдемақы уақы­тылы төленіп отыр. Биылғы жылдың  1 шілдесінен бастап 18 жастан асқан бала кезден І топ мүгедектерінің  күту­шілеріне жәрдемақы тағайындала бастад­ы.  Өңірде І топтағы мүгедек­терге  қызмет   көрсететін  жеке  көмекшілердің  қызмет  ақысы ағымдағы жылдың­ 1 мамы­рынан бастап 4 сағатқа дейін артып­, 30 мыңға дейін жеткізілді,- деді Қ.Елеуұлы.

Мүмкіндігі шектеулі, ісі  бірақ көпке үлгі жандардың бірі – Әсел Төребаева. 28 жастағы бойжеткен 5 жасынан бастап мына әлемнің жарығын көруден қалған. Көз жанарының нашарлығын байқаған ата-анасы сол кезде ота жасатқанымен, ол сәтсіз шығыпты. Десе де, зағип қыз мойымаған. Қайта керісінше, нағашыларынан дарыған әншілік қабілетін дамытып, өнерге қадам басады. Бүгінде оның «Көңілімнің нұры» атты ән жинағы да бар. Тіпті, әннің сөзін де өзі жазады екен. Бұл концертте Қызыл­орда қаласының 200 жылдық мерей­тойына арнайылап шығарған «Қызыл­ордам» атты әнін квартет болып орындады. Таланты талайды тамсантып үлгерген Әсел Сырдария ауданы, Ақжарма­ ауылының тұрғыны. Одан қалды облы­стық филармонияда жұмыс істейді. «Қатынауыңыз қиын емес пе?» деп сұрағанымызда «Күніге келуге міндетті емеспін. Аллаға шүкір, біздің бастығымыз өте кеңпейіл, иманды кісі. Концерттерде, маңызды жиындарда ғана келемін. Өзіме де ортам, сүйікті ісім ұнайды. Сондықтан арақашық­тықты мен қиындық көрмеймін. Әрине, әр нәрсенің қиындығы болады. Бірақ сол қиындықты жеңе білу керек»,- дейді ару қыз. Жоғары дәрежелі мамандарға қаралып, денсаулығын жақсартқысы келеті­н Әсемге өмірге, өнерге деген құштарлығы шабыт береді. «Сондықтан да өмірде қанша қиындық болса да, оған қарсы тұрамын» деді ол.

«Армансыз күнім болмайды» атты мерекелік шарада мүмкіндігі шектеулі жандар көп болды. Солардың бірін соңғы қатардан байқап қалдық. Мүгедектер арбасына таңылған ер-азаматты әңгімеге тартқанымызда, соңғы екі жылда «Ұшқын» мүгедектер қоғамында жұмыс істейтінін айтты. Жиһаз құрастырады екен. Алайда одан бөлек Тимурдың аяқкиім жөндейтін өнері де бар көрінеді. Неше жылдан бері «Жайна» сауда үйі маңында арнайы шебер­ханасында жұмыс істепті. Мүмкіндігі шектеу­лі болса да, екі қолымен талай істі тындырып жүр. Ал бұл дертке кішкентай кезінде менингит ауруымен ауырғандықтан тап болыпты. «Сол кезде омыртқамнан сары су алған» деді ол сол бір сәтті есіне алғысы келмегендей сыңай танытып. Бүгінде отызға келген Тимур Жаркеткеновтің екі баласы бар.

Мұқтаж жандар өздерін аяғанды емес, керісінше, ішкі дүниесіне көбірек үңілгенде ғана жан азабынан жеңілдеп қалатыны сөзсіз. Ал мұндай іс-шаралар олардың көңілін бір сәт көтеріп, елеу­сіз емес екендерін еске салатындай. Сондықтан шара барысында өз саласының бірқатар үздіктері де марапатталды. Олардың қатарында «ДОС» Тәуел­сіз өмір» Орталығы мүгедектер қоғамдық бірлес­тігі де бар. Бірлестік Астанадан облысы­мызға 15 арба әкелген. «Оларды арнайы тізім бойынша мұқтаж кісілерге тегін тара­тып бердік» дейді осында жұмыс істейтін Құрбанәлі Әбуов.

Құрбанәлі 1986 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2006 жылдан бері Астанада өмір сүріп келе жатқан ол жігіттер арасында болған ұрыс-керіс салдарынан жүруден қалыпты. Мүгедектер арбасына таңылғаннан кейін жұмыссыз қалған оны осы бірлестіктің төрайымы Дина Исламқызы шақырыпты. Содан бері 3 жыл өтті дейді ол. Мұнда Құрбан­әлі мүгедектерге арналған арбаларды жөндеп, техникалық тексеріс жүргізеді. Бұл – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үлкен көмек. Себебі тірек-қимыл аппараты бұзылған кісілерге үкімет тарапынан берілетін арбалар кемі 5-7 жылға ғана жарайды. Сондықтан мұндай ортал­ық керек-ақ. Ал ең бастысы, осында­ жұмыс істейтін қызметкерлердің 80 пайызы – мүгедектігі бар азамат­тар. Бұл, бір жағынан, Құрбанәлі секілді отбасыл­ы жандарға таптырмас мүм­кіндік.

Қандай жағдайға тап болса да жүздерінен  жадыраған нұр үзілмейтін мерейлі  жандарға арналған салтанатты шара ары  қарай ән-жырмен жал­ғасып, өз саласының үздіктерін марапаттаумен аяқталды. Қатал тағдырдың сынағына­н сүрінбей өткендер осы­лайша өздерінің жігерлері жасымағанын тағы да бір дәлелдей түсті. Тіпті, он екі мүшесі сау кей көрерменге өмірден күдер үзбеу керек­тігінен үлгі көрсеткендей.

Жансая   ЖҮНІСОВА

 


ФУТБОЛДАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ ЖАЙТТАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
13.12.2018 11:41

10 желтоқсан – дүниежүзілік футбол күні. БҰҰ белгілеген бұл күн ресми болмаса да, жыл сайын әлемде жоғары деңгейде тойланады. Өйткені, футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Миллиондаған жанкүйерлер көз тігетін ойынның өзіне баурап алатын сиқыры бар секілді. Соңғы жылдары футбол тамашалайтын қыз-келіншектердің де қатары қалыңдап келеді. Ал, сіз футбол тарихындағы ең қызықты оқиғалар туралы естіп пе едіңіз? Егер хабардар болмасаңыз, міндетті түрде назар салыңыз.

АЛАҢДА  АДАСЫП  КЕТКЕН  ҚАҚПАШЫ

“Чарльтон Атлетик” клубының әйгілі қақпашысы Сэм Бартрэм өзінің автобио­графиясында ерекше оқиға жайлы жазады. 1956 жылы Лондондағы “Стэмфорд Бридж” стадионында ол алаң иелері “Челсиге” қарсы ойынға шығады. Ойын басталар сәтте алаңды қою тұман басып тұрған. “Бастапқыда тұман “Челси” қақпасы жағында қалың болды. Біртіндеп мен тұрған жақты да баса бастады. Әуелгіде  алаң иелерінің қақпашысы Вик Вудлиді көрген жоқпын. Төреші ойынды тоқтатты. Тұман сәл сейілгеннен кейін ойын жалғасты. Кездесуде басымдық біздің команда жақта болды. Шабуылда жүргендіктен өз ойыншыларымның біразын дұрыс көріп тұрмадым. Тіпті, бір уақытта бәрі көрінбей кетті. Алаңда тыныштық орнағандай. Біздің команда қарсылас­тарды өз қақпаларына тықсырып­ ойнап жатыр екен деп тұра бердім”, - деп жазады.

“Біраз уақыттан кейін алаңнан бір адамның сұл­басын аңғардым. Ол маған жақындап келді де, таңғалды. Мен де. Сөйтсем ол тәртіп сақшысы екен. Қарап тұрды да, “мұнда не істеп жүрсің?” демесі бар ма? Аңтарылып қалдым. “Қақпада тұрмын” дедім. “Ойын 15 минут бұрын бітіп кеткен. Алаңда ешкім жоқ” деді ол. Киім ауыстыру бөлмесіне беттеген бойда жол-жөнекей ешкімді кезіктірмедім. Жанкүйерлер де қайтып кетіпті. Ал, киім ауыстыру бөлмесіне кіргенім­де командаластарым жуынып, киімдерін ауыстырып, қайтуға қамданып та қойыпты” деп сөзін қорытындылайды.

 

КОМАНДАЛАСТАРЫКОМПАС  СЫЙЛАҒАН

Пинейро есімді бразилиялық қорғаушы ылғи өз қақпасына гол соғып ала береді екен. Бір маусымның ішінде 10 автогол соққан. Нәтиже­сін­де бас жаттықтырушы шабуылда ойнауға шығарып тынған. Шабуылға шықса да, алғашқы ойынында өз қақпасына тағы гол соғып алыпты. Футболшы 25 жасқа толғанда командаластары компас сыйлап, “қарсыластарың қарсы бетте болатынын аңғарып жүр” деп тілек білдірген.

 

ФУТБОЛДЫҢ   СОҢЫ ЖЕҢІС  ЕМЕС, СОҒЫС  БОЛҒАН

Латын Америкасындағы жанкүйерлер де қызуқанды. Тіпті, мемлекеттік дауға ұласқан жағдайлар да бар. Соның бірі – “футбол соғысы” деп тарихта қалған оқиға. Гондурас пен Сальвадор елдері арасындағы әскери қақтығыс. Сальвадорда өткен ойын кезінде гондурастық жанкүйерлер аяусыз соққыға жығылады. Қолдарындағы туларын жергілікті жанкүйерлер өртеп те жіберген. Кейіннен Гондурасқа келгенде сальвадорлық жанкүйерлер зардап шегеді. Бұл 1970 жыл болатын. Нәтижесінде екі ел арасында соғыс оты тұтанады. “Футбол соғысы” 6 күнге созылып, екі ел арасындағы араздықтың оты лаулайды. Мыңдаған адам ажал құшып, екі елдің де экономикасына айтарлықтай зиян келеді. Кейіннен екі ел достық келісімге келіп, соғысты тоқтатады.

 

ӨЗІНЕ-ӨЗІ  ҚЫЗЫЛ  ҚАҒАЗ КӨРСЕТКЕН ТӨРЕШІ

Футболда қызыл қағаз не үшін көрсетілетінін көпшілік жақсы біледі. Яғни, өрескел ереже бұзғаны үшін ойыншы алаңнан қуылады емес пе? Командасы бір ойыншыға кем ойнайтыны тағы бар. Айтпақшы, қызыл қағазды төреші көрсетеді. Бірде ағылшын төрешісі Мелвин Силвестрге қарсы Ричард Керд есімді футболшы жиі шүйлігеді. Орайы келгенде төрешіні қағып-соғып та кетеді. Футболшының қылығына шыдамаған төреші қызыл қағаз көрсетпей, екі-үш соққымен Ричардты ұрып құлатады. Артынша өзіне-өзі қызыл қағаз көрсетіп, ойынды тастап кете барған.

 

БАСЫМЕН  ҚАҚПА  БАҒАНЫН  СЫНДЫРҒАН

1980 жылы Румынияның Тимишоаре қаласында жергілікті “Политехника” клубы мен Бразилияның “Атлетико” командалары кездеседі. Ойын кезінде асқан жылдамдықпен жүгіріп келген бразилиялық шабуылшының бірі қақпа бағанына баспен соғылады. Бұл тұста румындық клубтың қақпашысы да доптың соғылуына кедергі келтіреді. Ал бір қызығы “Атлетико” ойын­шысы дін аман болған. Тек сынған қақпа бағанын қайта қалпына келтіру үшін 20  минут күтуге тура келіпті.

 

КӨЗІ  КӨРМЕГЕН  КОММЕНТАТОР

1940 жылы эдинбургтік (Шотландия) дербиде “Хайберниан” мен “Хартс” командалары кездеседі. Қалың тұманнан ВВС комментаторы Боб Кингсли биіктен алаңдағы ойыншыларды аңғармақ түгілі, не болып жатқанын да көзі көрмейді. Алайда радиотрансляцияны жүргізу міндет болады. Себебі немістер тұман екенін білсе, қаланы бомбалауы мүмкін екен. Сондықтан комментаторға ойынды жүргізуге тура келеді. Боб Кингсли ойындағы қауіпті сәттер, ереже бұзғаны мен футболшылардың барлық мүлт кеткен сәттерін ойдан шығарады. Гол болғанын алаңдағы жанкүйерлердің шуына қарап болжайды. Ойында “Хартс” 6:5 есебімен жеңіске  жетеді.

 


«АШИНА ТҮРІКТЕРІНІҢ» ТАРИХЫНА ҚАЙТА ОРАЛУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
13.12.2018 11:36

Әлібек САБЫРБАЕВ

Бірінші, екінші дәлелдемелерді қоры­тынд­ыласақ: Л.Гумилевтің жазуы бо­йынша Бумын мен інісі Істеми 552 жылы жужан хандығын жеңгеннен кейін барып­ Бірінші түрік қағанатын 554 жылы құрған болады. И.Бичуриннің, Л.Гумилевтің зерттеулерінде Бірінші түрік қағандығының қай жерде Орда тік­кен­дігі айтылмайды. Біздің пайымдауымызша, түріктер Сібірдегі Кем өзенінің бойын­дағы Цигу мемлекетін жаулап алуына қарағанда, Ұлы ханның қосыны­ байырғы түрік жері – Алтай өңірінде болса­ керек.

Бумын 552 жылдың аяғында өледі. Бумының «Іле қаған» аталуы мүмкін емес. Істемидің қарауындағы, билейтін еншілік жері, Іле өзенінің бойында ма, әлде Талас өзенінің жағасындағы Тараз қаласында ма?

Істемиханның кезінде Түрік мемлекеті үш хандыққа бағынатын және сегіз еншілік аймаққа бөлінген, Істемихан соның Батыс бөлігінің ханы деп есептелген, яғни «Кіші хан» аталған.

Істеми хан 576 жылдары қайтыс болға­н болуы мүмкін, себебі, 572 жылы Тобахан таққа отырады, «жуырда қайтыс­ болған Істемидің...» деп жазғанына қарағанда және оның балаларының Қара Шұрын (сор) мен Түріксанфтың еншілік жерлері Түрік қағандығының батыс өлкелерінде болғанын білеміз. Осы арада­ Істемиханның қайтыс болған уақыты 576 жылы ма, әлде 572 жылға дейін бе? «Жуырда қайтыс болған Істемидің...» дегенг­е қарағанда Істеми хан Тобахан таққа отырғанға дейін уақытта қайтыс болған, яғни 572 жылға дейін. Кейбір зерттеушілер Істеми ханды 553 жылы өлді  дейді.

Ғ.Мұсабаевтың пайымдауы бойынша, өкімет дулат тайпалар одағының қолында Ниліханның баласы Таман кезінде, яғни 604 жылдан 612 жылға дейін болған. «Бала хан (авт. - Нигу Чулохан) өз бағыныштыларының қолында ойыншыққа айналады», - деп көрсетілуі, Дулат­ тайпасының өкілдері хандықты бас­қарғанымен, «хан» деп аталмаған. Хан атану үшін Ашина әулетінің бірінен тарағ­ан, тәж-таққа егелік жасау үшін «еншілік-таспиықтық» Заңы бойынша иелік  еткен.

Алтын Орданың кезінде Ноғай, Мамай,­ Едіге, Ақсақ Темір заманында олар да өкімет басына келгенмен, хан атағын ала алмаған, себебі «қарадан» шыққандары, сондықтан да олар да «ақсүйек, қуыршақ» хандар арқылы халқын­  басқарған.

«Шегуй дереу Таманға (авт. - Нигу Чулохан) қарсы жортуыл жасап, оның тас-талқанын шығарады. Таман шығыс­қа қарай қашады да жолай қуғынға ұшырап, тоналып, қытайларға тұтқын болып түседі. Оның жақтастарын үш кіші ордаға бөледі (612 ж.)».

Істеми ханның әулетінен тараған, «Қара Сор Түріктің немересі Шегуй еді. Оның жайлауы Мыңбұлақ Талас өзенінің оңтүстік жағындағы нушеби жерінде­» болғанын ескерсек, Істеми ханның  Ордасы Талас қаласында бол­ған  дейміз.

Бірінші Түрік қағандығын құрған, басқарған, қағандық әулет дулат тайпасынан тараған деген дәлелсіз пікір дейміз.

Екінші анықтайтынымыз: көне Түрік қағандары Арғын тайпасынан шыққан деген­  болжамды  анықтау.

Енді, Мира Ысқақованың «Қазақ таңбалары»  зерттеуіндегі  көне түрік­тер­дің арғын тайпасынан тараған деген пікіріне  тоқталамыз. Сөзді М.Ысқақова­ның  өзіне  берейік: «Қаракесек руы Орта жүзде де бар. Кітап авторы Орта жүздің Қаракесек руына жатады. Қаракесек руы  Орта жүздің ірі руларының біріне де жатқанымен, ол Орта жүздің Арғынының  өз атына тікелей жатады. Бұл Қаракесек руы Алтайдан Арғын Кюлюг Сібір ханымен бірге келгенін дәлелдейді, яғни түркі ұлы ханының тікелей руы болып...

Арғын Кюлюг Сібір хан Батысқа жау­лаушылық жорықтарын өзінің  Түрксанф ағайынының ұлы Бөрі-ханмен бірге жалғастырды. ... Арғын Кюлюг Сібір ханға Кубрат* басқарған барлық болгарлық рулар бағынды, ол да патшалық  Ашина  руына­н  болады. ... ол Арғын­  Кюлюг Сібір ханға немере інісі болып  келеді.

Қазақ халқының тарихында белгілі болғ­ан алғашқы ру басшысы – Үстем* (авт. - Істеми, Естеми) қаған. Үстем қағаннан кейін таққа оның ұлы Қара Шұрын Түркі отырды, оның екі ұлы Арғын­ Кюлюг Сібір хан және Янг Соухг Савэ болды. Арғын Сібір хан барлық руларды бірыңғай тұтас күшті халыққа біріктірді, кейіннен ол басқа халықтарға, болғар, шеркес, албан және тағы басқаларына басшы болды. ...Орта жүз – ол Арғын Сібір-ханның бірлестігі», - деп Көне Түрік қағанатын құрған Арғын Сібір хан немесе арғын тайпасы деген пікірін білдіреді (Алматы, 2012. 387-389-бб).

Жоғарыда жазған М.Ысқақованың пікіріне Л.Гумилевтің «Көне түріктер» зерттеуінің VII ғасырдағы «Дүниежүзілік соғыс»,  немесе  626-679  жылдардағы (XV тарау) Түрік қағандығының басынан кешкен аласапыран оқиғаларға жүгінеміз.

Л.Гумилев: «Айбарлы хан Түн-жабғы өмірбақи өзіне тәж-тақты алып берген нүшеби тайпаларының еркі мен әмірін бұлжытпай орындап отырды. Солардың мүддесін қорғаймын деп, ол Қытаймен, Византиямен достасты да, шығыс түр­кіттер хандарымен таласып, тартысады, Иранмен қанды соғысқа барып килігеді. ...Шығыс түркіттер олардан Бесбалықты­ тартып алуы мұң екен, Қара Ертіс бойын­ жайлайтын қарлықтар көтеріліске шығады, олардың ізін ала дулы (авт. - дулат) одағының басқа тайпалары да бас көтереді. Оларды лақап атпен Батыр  сұлтан (Моходу-хоу)  деп аталат­ын  ханның  ағасы  бастайды. Ол ебін тауып, Түн-жабғын­ы өлтіреді де, одан кейін Күйлуг  Сібірхан (?) (Күйлі Сыбихан) лауазымын­  алады...

Осы бір жанжалдан тек болгарлар көсемі Кубрат ғана пайда табады. Ол әдепкіде­ ағасы Сібірханды қолдап, түр­кіттер мен  хазарлардан құтылады.

...Дулы тайпалар одағы жасаған мемле­кеттік төңкеріс пен Сібірханның өкіметті тартып алуының ойдағыдай өткен себебі – ол бүкіл Батыс қағанаты үшін мүлде күтпеген тосын жағдай еді. Түн-жабғыханды өлтіру жаңа өкіметке нушеби тайпаларын ғана емес, түркіт­тердің өзін қарсы қойды. ...Нушеби тайпа­ларының көтерілісін қаза тапқан Бақ-Жабғы ханның (Мохе) ұлы Нишу Канашад  басқарады.

...Сібірханның қарулас серіктерінің адалдығы мен батырлығы азая береді. Оның үстіне тәж-тақтың заңды мұрагері, Түн-жабғының баласы нушебилердің қосынына қашып барады. Нишу оны Ірбіс  Болын Жабғыхан деген атпен тақ­қа отырғызады. ...Сібірхан Алтай таула­рына­ қашады. Бірақ нушебилер 631 ж. оны қуып жетіп, көзін құртады», - деп Сібірханның тақ төңкерісін жасап, қолы жеткен биліктен қалай айырылғанын жазады (Көне түріктер. Алматы, 1994, 199-208-бб).

Жоғарыда  жазғандарымызды  қоры­тындыласақ: Біріншіден, Сібірхан дуло (дулат­) тайпаларының көмегімен тақ төңкерісін жасап, Батыс түрік қағандығын басқарады. Екіншіден, Қағанаттың батыс бөлігін басқаратын Кубрат дулы тайпасының көсемі. Л.Гумилев: «Қаға­наттың батысындағы шет аймақта тұратын­ болгар-унногундурлар дулы­ларды жақтайтын, олардың көсемі Кубрат..­.», - деп  жазады (Сонда. 200-б). Яғни Кубрат дулы тайпасынан дейміз. Үшін­шіден, «Ол (авт. - Кубрат) әдепкіде ағасы Сібірханды қолдап» деген сөйлемдегі Кубрат дулы тайпасынан болса, ағасы Сібірхан да дулы тайпасынан болады. Төртіншіден, осы ойымыздың дұрыс­тығын Л.Гумилев «Көне түріктер» зерттеуі­нің ескертпесінде Маркварт жазға­нын негізге алып: «Ашина руының барша бегі белгілі, ендеше шоқынған әлгіде айтылған «Батыр» екені анық. ...онда туысқандық әйел жағынан болады, өйткені Кубрат Ашина емес Дуло», - деп жазуы М.Ысқақованың жазғанындай Сібірханның Арғын тайпасына ешқан­дай қатысы жоқ болып шығады. Яғни Кубрат дулы (дулат) тайпасынан болса, онда Сібірхан да дулы (дулат) тайпасы­нан  болады­ (Сонда 200-б).

Үшінші анықтайтынымыз: Түрік қағанатын құрған Қыпшақ тайпасы деп жазып  жүрген  тарихшылардың пікір­леріне  жауап.

2017 жылы баспадан шыққан автор­дың «Шекті руының құпия тарихының» 1-кітабында Түрік қағанатын құрған қыпшақ тайпасы емес, Ашина әулетінен­ тараған қағандар туралы жазғанбыз.

Дегенмен, осы тақырыпқа қайта айналы­п соғып, Әнес Сарайдың «Көк түріктері», «Көнеліктері», Л.Гумилевтің «Көне түріктер» мен Қ.Сартқожаұлының «Тас кітаптың құпиясы» зерттеулерін қайта ой елегінен өткізген дұрыс сияқты.­

Ә.Сарай: «Бірінші Түрік қағандығының іргетасын қалаған тайпалардың кімдер екенін шамалау мүмкіндігіне ие болдық. Олар: Ашина, яки аспан тайпасы, сыр-дули (сары қыпшақ), чік (шекті), сүніш (жаныс), синьли (көк, көге) қарлұқтың чебни, қағандықтың аналық тобының ашадэ, тат-ашадэ, баян-ашадэ қауымдары. ...Бірінші Түрік қағандығын құрған қағандық топ тайпа­ларының – қыпшақ текті, аналық топ - сақ текті, арқа тірек аралық топ – оғыз текті болғанына көз жеткіземіз»,- деп қыпшақ тайпасын Түрік қағандығын құрған Ашина әулетіне апарып қо­сақтайды (Көк түріктері. Алматы, 2014, 295-б).

Әнес Сарайдың «түрік қағандығын құрған қыпшақ тайпалары» деген па­йымдауы, М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының «Орхон ескерткішінің толық атласы» еңбегіндегі тұжырым­дарын негізге  алады. Олар: «Қашаушы­лар­  «елу  он»  сөзінің «он» бөлігін ұмытып­ кетіп, түзеткенде жыл сөзінің арасына қосып жібергені белгілі болды. Сөйтіп, түрік қыпшақтар «елі он» - 500 жыл билеген­  боп шықты. Қазақ авторларының ашқан бұл жаңалығы әлемдік тюркологияда мойындала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Ал түрік қағандығын құрған қыпшақ тайпалары екендігінің басы ашық», - деп сеніммен тұжырымдапты (Көк түріктері. Алматы, 2014. 9,10-бб).

Ә.Сарай «Көнеліктер» зерттеуінде: «Алайда түрік қағандықтарын құрып, билеге­н қыпшақтар дегенмен, қыпшақтың қай топ, қай ру-аталары деген сауал алдымыз­дан шығатыны сөзсіз. Бұл орайда­ қараңғы тұстар өте көп. Түрік қағандықтарының ұйытқы тобы болған екі қауымның басы ашық: ашина мен ашэдэ. Ашина – аталық қауым, ашадэ – аналық  қауым. Ашина қыпшақ нәсілді болса­, ашэдэ оғыз нәсілді. Демек, түркі қағандықтарын қыпшақ пен оғыздар құрған», - деп  сеніммен  тұжырымдайды­ (Алматы, 2008, 380-б). Ол «қараңғы тұстар өте көп» деп жаз­ғанмен, сол «қараңғы тұстар» жерлерін зерттеуінде ашып жазбайды. Сол кітаптың екінші бір жерінде: «Демек, Екінші түрік қағандығының ұйытқы тобы ізсіз жоғалып кетпей, Қазақстанның батыс аймағына орын тепкен. Кейін тап осы топырақта Елбөрі  хандығын құрған сол баяғы ашина әулетінің  ұрпақтары», - деп пікірін білдіре отырып, «қараңғы тұстарына» «сәуле» түсірген  болады (339-б).

Дәл осындай пікірді Қ.Сартқожаұлы да жазады: «1. Орнатқан қағанатын «tor+uk=turuk» (қуатты өкімет, қуатты билік) деп атаған қыпшақ тайпасынан шыққан билеуші топ билікті Жаратушы-жаратқан (jaratmys) бір Тәңірдің атынан жүргізіп отырған...», - деп дәлелдеме­лерімен нақтылай түседі (Тас кітаптың құпиясы. «Түрік, Ашна этимологиясы және ашиде  туралы  аңыздар», Алматы, 2017, 164, 165-бб).

Осы зерттеудің тағы бір жерінде: «Түрік қағанатының билік басындағы екі үлкен тайпаның бірі Тоғыз-оғыздар болды.­ Қыпшақтар Тәңір текті хан ұрпағы (Ашина) билеуші қаған тұқымы да, Тоғыз-оғыздар – аналық әулеттен (ашидэ), Түрік қағанатының алтын бағана­лары», - деп тұжырымдапты (Сонда­ 11-б).

Бірінші дәлеліміз: Л.Гумилев көне қыпшақ тайпалары туралы: «Көне заман­дарда қыпшақтар Алтайда, қытайлықтар Чжелян деп аталған алқапта өмір сүрген. Ол дыбыстарының естілуі бойынш­а қытайша жазылған кәдімгі Жылан алқабы болғандығы сөзсіз (мұндағы Таудың Жылан тау, қаланың Зменногорск аталуы осыдан). ...Сірә, олар түркіттерге бағынышты халық­тардың бірі болса керек», - деп жазуы, яғни қыпшақ тайпалары түріктердің боданы­ болға­н  дейміз (Көне түріктер.  265-б).

«635 ж. дулы мен нушаби тайпалары өздерін өздері басқаруға қолы жетеді, дулыны­ң бес тайпасы мен нушебидің бес тайпасы бір бастықтан алады, бірақ Ашин руынан емес, тегі, жергілікті тайпал­ар тектілерінен алған болуға тиіс. Бұл бастықтардың әрқайсысы шадпен, яғни текті ханзада дәрежесімен теңестірілд­і. Олардың әрқайсысына өкімет бейнесі ретінде бір-бір жебеден беріледі де, «Он оқ түріктері» деген ат содан шығады. Екі одақтың, дулы мен нушебидің шекарасы болып, Шу өзені белгіленді. ...Олардан басқа оқ алмаған тайпалар көсемдері де наразылар қатарын­а қосылады, ал ондайлар аз болмайтын­, әсіресе, солтүстік пен жоңғар­ тайпалары арасында. Таңдаулылар  қатарына қарлықтар, ягма, қып­шақ­тар*, басмалдар, сол сияқты хұндардың ұрпақтары шүилер, шумилер мен шото­лар­ кірмей қалады» (Сонда. 210, 211-бб). Бұл арадан байқайтынымыз, қыпшақ тайпас­ы «он оқ түріктерінің» бірлестігіне­ кірмесе, онда «қыпшақтар» қағандық әулетке  қалай  жатады?

«Қара Ертістегі қарлұқтар мен Сырдариядағы пешенег-қаңғарлардың аралығ­ында дәл сол кездері қыпшақтар қоныстанып алған кең дала жатты. Осы күнгі Қазақстанның далалық өңірінің Дештіқыпшақ – Қыпшақ даласы деп аталуы, міне, осыдан. Мұнда қыпшақтар қаңғарлармен (қаңлы) араласып кетіп, шығыста – қыпшақтар, Европада – командар, ал Ресейде половцылар деген атпен әйгілі болған халық­ты  қалыптастырды» (Сонда. 263, 264-бб).

Өздерін Қыпшақ елі деп атаған тайпалар одағы Орта Азияға қазіргі Моңғолиядан тек X ғасыр соңында келген. Олар 11 тайпадан құралған Батыс қыпшақтарды араб жазбаларында көрсетеді. Қыпшақ тайпаларының жаңа жаулап алған даланы Дешті Қыпшақ даласы деп XI ғасырда араб тарихшыларының жазбасы­на түскен. Ал қазіргі Оңтүстік Ресей мен Украина аймағындағы дала ешқашан олай аталмаған, ол аймақ XIII ғасырға дейін Кумания (Құмания) делініп келген, ал кейін Ресей Империя­сы оны Половцы деп өз жазбаларында өзгертті. Құман мен Половцы атауларының Қыпшақ атауына еш ұқсастығы да, қатысы да жоқ. Өйткені Құмания атауы б.д. II ғасырдан грек деректерінде бар, ал Қыпшақ атауы тек XI ғасырда тарих сахнасына шықты. Араб тарихшылары Шамсидин Диманхи, Рукн-эддин Бейбарыс (1325 ж. өлген) және Ибн-Хальдунның жазғандарын негізге алады, ал тарихшылар XI ғасырдан кейін өмір сүрген. Византия императоры Константин Багрянородный 913-959 (X ғ.) жылдары патшалық құрған, ол көрші Қара теңіз жағалауында мекендеген көшпелі түркі тайпаларының атын жазғанда, Қыпшақ демей Куманы деп тарихында жазып қалдырған. Демек, Қыпшақ тайпасы мен Куман тайпасы екеуі – екі бөлек тайпа, бұл арада бұрмалаған Ресей­  саясаты  дейміз.

Дегенмен, тарихи айналымда қыпшақ атауы: Еуропа және Визан­тиялық дереккөздерде – Куман, орыс жылнамаларында (летопись) – Половцы, араб-парсы деректерінде – Кипчак деп жазылған. Қыпшақ тайпасының хандар  әулеті  болып саналған Елбөрі мен Тоқсоба деген екі ру. Бұл арада да Ашина­ әулеті қыпшақ тайпасынан шықпаға­н  болады.

­(Басы өткен сандарда. Жалғасы  бар.)

 


КӘСІПКЕРЛЕРДІ ДЕМЕГЕН «ДАМУ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
13.12.2018 11:09

Апта басында «Даму»  кәсіпкер­лік­ті  дамыту  қоры» АҚ-ның облыстық филиалының бас­тамасымен «Бизнес­тің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы ая­сында жұмыс істеп жатқан бірнеше кә­сіпкерлік нысан­да­рына баспасөз туры ұйымдастырылды. Айта кетейік, олардың кәсібінің одан ары өрістеуіне аталмыш қор мұрындық болған. Мәселен Гүлназ Қадірова бұ­ған дейін мемлекет­тік тіс емханасында жұмыс істеген.

Тәжірибесі толысқан білік­ті маман. Содан өз бетінше кәсіп ашып, іс бастауды қолға алады. Тиісті құжаттарын әзір­леп, «Даму» қорының көмегіне­ жүгінеді. Жобасы мақұл­данып, 19 млн теңге несие­ рәсімдейді. Мемлекет жасаған мүмкіндікті қалт жібермей  ұтымды  пайда­лан­ған ол жақында ғана қала орта­лығынан «Дента» тіс емханасын  ашты. Бүгінгі таңда аталмыш мекемеде 7 адам тұрақты жұмыспен  қамтылған. Оның 5-еуі – тіс дәрігері. Олар жылы­на 2 рет шетелде өз біліктілігін арттырып келеді. Емханаға қажетті құрал-жабдықтардың  барлығын Германия, АҚШ, Жапония мем­ле­кетінен  алдырған.

– «Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарламасының    2-бағыты бойынша менің  жобам қолдау тапты. Банк маған 14 па­йызбен несие берді. Мемлекет пайыздық үстеменің тең жартысын өзі төлейді. Аталмыш қаржыға ғимаратқа жөндеу жүргізіп, жаңа стоматологиялық жабдық пен қа­жетті жиһаз­ сатып алынды. Жобаны іске асыру жаңа заманауи тех­нол­огиялар бойынша имплан­тация және брекеттеу кабине­тін ашуға мүмкіндік жасады­, - дейді  кәсіпкер.

Тіс емханасының  күніне 20-30 адамды қабылдауға мүм­кіндігі бар. Ем-дом шараларының бағасы 5 мың теңгеден бастал­ады. Келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Соным­ен қатар Гүлназ Қадірова алдағы уақытта балаларға арнал­ған тіс емханасын ашуды жоспарлауда.

Қызылорда   қаласында  2015 жылдың соңында қап шыға­ратын зауыт іске қо­сылды. «Полим­ер-Продукт» ЖШС құрыл­ғанына аз уақыт болса да, әжептәуір табыстарға қол жеткізіп үлгерген. Ең алғаш­ ­рет былтыр айналымдағы қаражаттар үшін «Даму» қоры арқылы «Цеснабанктен» 60 млн теңге несие алған. Кредит­ негізінде пайыздық мөлшерлеме 17%-ды құрайды. Аталмыш қаржыға құрал-жабдықтарды Қытай елі­нен әкелген. Бүгінгі күні 50-ден аса адам еңбек етуде. Тәулі­гіне 60 мың қап шығаратын зауыт­тың өніміне сұраныс жоға­ры. Батыс Қазақстан мен Түркістан облысы және Шымкент қаласын қаппен қамта­масыз етіп отыр. Сонымен қатар аймақтағы күріш және тұз өндіруші компаниялармен  келісімге  келген.

– «Даму» қоры арқылы тағы да 50 млн теңге несие рәсім­де­дік. Оған қосымша жабдықтар алдырдық. Негізгі мақсат – шикізатты өзіміз өндіріп, артыл­ған  қалдықтарды  қайта өндіруге бет бұрдық. Зауыт  24 сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істейді, - дейді «Полимер-Продукт» ЖШС дирек­торы  Айдос  Алмасұлы.

Кәсіпкер келешекте осы бағыт­тағы жұмысты жандан­дырып, аяқкиім, балаларға арналғ­ан ойыншықтар жа­сауды  межелеп  отыр.

Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  аясында  атқарылып жатқан шаруалар жетерлік. Өздеріңізге мәлім, Сырдария өзенінің сол жағалауында жаңа қала тұрғызылып жатыр. БАҚ өкілдері жаңа қаладан тұр­ғызылған балабақшаның құ­рылысымен танысты. 320 бала­ға, 16 топқа лайықталған нысанды салған – «Абу-Сер» ЖШС. Жоба құны 746 млн теңгеден  асып  жығылады.

– Балабақшаның  құрылысы былтыр басталды. Биыл толық тамамдалды. «Даму» қоры арқыл­ы 300 млн теңге несие ал­дық. Бізге 14 пайызбен берілген қаржының 7 пайызын мемлекет өз есебінен жабады. Қазіргі күні балабақшаға қажетті құрал-жабдықтар мен ойыншықтарды әкеліп қойдық. Іске қосуға да­йынбыз, - дейді «Абу-Сер» ЖШС директорының орын­басары  Марат  Сырғабаев.

Жақын күндері сол жаға­лаудағы алғашқы балабақша пайдалануға  берілмек.

«Даму»  қоры кәсіпкерлік­тің дамуына осылайша айтарлықтай үлес  қосып  келеді.

 

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ҚАСТЕРЛЕГЕН PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
13.12.2018 10:47

«Қасқырды қасқыр мінезді аңшы ғана соғып алады» деген бар. Абай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер, қолөне­рші Оңдашбай Өтеміспен тілдесу барысында іштей қатты тебірендім. Әсерленгенім соншалықты, қарапайым ауыл жігітімен емес, тағдырдың ауыр тезіне жасымаған нағыз дала батырымен тілдескендей күй кештім.

Көз алдымнан Оңдашбайдың түкі­рігіңнің өзі жерге түсіп үлгермей қатып қалатын қаңтарда жоқ іздеп жүріп адасқа­ны, сары аязы сақылдаған иен түзде жападан-жалғыз ажалмен белдескені, үсік шалған саусақтарынан айырылғандағы өзекті өртеген өкініші, санан­ы сансыратқан ауыр жағдайға жасым­аған өмірге құштарлығы, өзі құрған қақпанға түскен анау-мынау ит маңайына жолай алмай­тын шибөріні қара тұмсықтан соғып сұлатқаны, І топтағы мүгедекпін деп жасы­май ісмерлік пен қол­өнершілікті қатар меңгеріп, танымал кәсіпкер атанғаны, дайындаған бұйымдарының тұтынушы  тарапынан  жоғары­ баға иеленіп жүргені дөңгеле­ніп өтіп жатты.

Оңдашбай – тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысқан малшының ұлы. Өзі де кешеге дейін атакәсіпті жалғастырып  келді. Әкесі Төлебай төрт түліктің жайына жете қанық, шаруа адам болды. Алып тұл­ғалы  марқұм Төлебай көкеміз аса қарулы жан еді. Жазда жайлауды, күн суыта қыстауды қоныстанатын  малшының қарбалас  тіршілігі  таусылған ба? Төкең бел шеше кіріскенде қандай ауыр жұмыс та дөңгеленіп жүре беруші еді. Қарапайым ғұмыр кешкен жанның ісіне мығым, сөзіне берік дағдысы перзенттері­нің, немерелерінің бойынан табылуы – тағылымды  тәр­биенің  жемісі.

Шебердің өзі болса қолөнершілік атам Есжаннан, ісмерлік нағашы жұр­тымнан келген деп біледі. Мұны естігенде «кез келген қасиет ананың сүті, атаның қанымен дариды» деген қазекеңнің даналығын еріксіз мойындайсың. Сол бір зардабы ауыр соққан оқиғадан соң Оңдашбай көп ойланды. Ақыры тәуекелге бел буды. Бойына бала кезден дары­ған ісмерлік пен қолөнер бұйым­дарын жасауға бекінді. Айтуға оңай. Он екі мүшесі сау адамның өзінің жүйкесін қажытатын ұсақ-түйек шаруа­сы көп бұйымдарды дайындау оңайға соқпасы айдан анық. Ал оны саудалап, алушының көңілінен  шығу  екінің бірі­нің қолынан келмес еді. Ал­ғашқыда майда-шүйде заттарды әзір­леп, тұтынушының аужайына қараған шебер дайындаған бұйымдары көпші­ліктің талғамынан шыққанын көргенде, өзіне сенімі арта түсті. Енді жұмыс ауқымын ұлғайтуға кірісті. Қыс мезгі­лінде аң терілерінен түлкі тымақ, құлақшын, ішік тікті. Қысы қытымыр Қазалы­ жұрты Оңдашбайдың қолынан шыққан қонышы аң теріс­імен қапталған саптама (унти) етігіне­ қызығушылық танытты. Мамыражай көктем мен қоңыр күз аралығында балық аулау құралдары, ау түрлерін тоқы­ды. Құрдастары «теңізден аулақ өскен, қыр баласы дария жағасында туған­ бізге ау тоқуды үйретті» деп әзіл-шыны аралас­ қалжыңдайды. Қазалының аптап ыстығын  білетіндер масахананың қаді­рін  терең  ұғынатыны  сөзсіз. Оңдашбай жасағ­ан түрлі көлемдегі масаханаларға сұраныс та жиі түседі. Оған қоса шеберлікпе­н әзірленген ат әбзелдері, оған керек­ті  бұйымдар да іздеусіз қалмайд­ы. Көрпе  тігіп, мәсі  тағы  басқа  бұйымдар­ды дайын­дауды меңгерген Оңдашбай Өтеміс жеке кәсіпкерлікпен айналыссам деген ойын ауыл әкімі Байназа­р Ерқосаевқа біл­дірген еді. Ауыл ағасы екі ауыз сөзге келген жоқ. Құлшына қос­тады. Тіпті шеберх­ана  ашуға  қол  ұшын  созды.­

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының игілігін көрген кәсіп­кердің бірі – бүгінгі әңгімеміздің кейіп­кері, Абай ауылының тұрғыны Оңдашбай  Өтеміс. Тумысынан жігерлі, тағдыр тезіне мойымаған жігіт ағасы кәсібін дөңгелетудің арқасында отбасын асырап отыр. Оқаң дайындаған бұйымдар ауыл тұрғындарымен қоса көршілес елді мекен­дер мен Қазалы қаласының жұрт­шылығына ұсынылуда. Жеміссіз де емес. Шебердің қолынан шыққан туындылар аудандық, облыстық көрмелерде топ жарып жүр. Аудандық «Талантыңмен таңқалдыр» байқауында бас бәйге иеленсе, жуырда ғана облыстық бай­қауда «Алғыс хатпен» марапатталуы соның  айғағы.

Оңдашбайдың айтарын шұрайлы тілмен өрнектегеніне қарап «өлең жазатын­ боларсың» деп топшылаған едім. Қателеспеген екенмін. Шебер жігіттің өлеңдері оқырмандар тарапынан  жақсыға  бағаланып  жүргенін  ауылдастарынан  естідім.

Ал өзі: «Шүкір, еңбектенгеннің нәтижесінде 1 миллион теңге грант иелендім. Келешекте  шеберханамды кеңейтсем деген ойым бар», - дейді жылы жымиып. Талабың оң болсын, қайсар  азамат!

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы  ауданы

 


ҰЛТ ҚОЛӨНЕРІ – «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ БІРІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
13.12.2018 10:41

Ата-бабаларымыз  сан ғасырлар бойы өзінің қолөнерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып, оны жас буынға үйретіп отыруды ұлы дәстүр деп түсінген. Олардың қолымен істелген бедерлеу, нақыштау, мәнерлеп құю, оюлау және алтын жалату сияқты сан алуан тәсілдері біздің заманымызға дейін жеткен. Бұл кәсіпті біз бүгінде өз бойына халықтың дәстүр-салтын, наным­-сенімін, тылсым күштерінің құпиясын жинақтаған өнер түрінде қабылдаймыз.

Ежелден-ақ осы күнге дейін кең тарағ­ан ұста сөзі шебер, өнегелі, ісмер деген ұғымдарды білдіріп келді. Сонымен бірге он саусағынан өнер тамған асқан шеберді ағаш ұстасы, қыш ұстасы,­ темір ұстасы және зергер деп атау өте ерте кезден-ақ қалыптасқан. Түрлі дәуір­де өмір сүріп, осы өнер түрін меңгерген ұсталар негізінен тұрмысқа қажетті халық тұтынатын құрал-жабдықтар, зергерлік бұйымдар жасаған. Олар жасаған бұйымдарына темір, алтын­, күміс, мыс және ағаш, сүйек, мүйіз, шыныларды  пайдаланған.

Қазақ елінің тарихында ІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың арасында біздің жерімізде­ Ірбіт, Сүзген, Орынбор, Тайшын сияқ­ты­ аса ірі жәрмеңкелер өткізілген. Осы жәрмеңкелердің кезінде негізінен халық­тың мәдениеті мен қолданбалы өнері мейлінше жарқырап көрінген. Солардың ішінде Қазақстан аумағында әлеуметтік-экономикалық өрлеуі мен мәдени байланыстарының дамуына ерекше әсер еткен Қоянды жәрмеңкесі  екен.

1860 жылдан бастап қазақ шеберлерінің ішінде, әсіресе темір ұсталары мен зергерлердің жасаған бұйымдары Петербор, Мәскеу, Екатеринбург, Ташкент, Қазан, Томск көрмелеріне қойылып, зерттеушілердің қызығушылығын тудырған деген деректер бар. Осы өңір­лерде өткізілген жәрмеңкелерге келген ұсталардың қолымен жасап шығарған бұйымдары сауда-саттыққа әкелінген ең қымбат бұйымдардың бағасынан кем болмаған көрінеді. Осы деректерге қарағанд­а халықтың ішінде зергерлік өнердің күрделі әдіс-амалдарын меңгерген хас шеберлер болған. Сондықтан әр жылдары осы жәрмеңкелерге атақты ұсталар келіп, олардың ұстаханалары жұмыс  істеген.

Ұсталар өзі жұмыс істейтін дүкенін алғаш ашқан күні «дүкен майлау» ырымын жасаған. Сақтап қойған қойдың құйрық майын оттықта тұтатып, көрік пен төс майланады. Ұсталар іс бастарда «Дәуіт бабам қолдай гөр» деп сыйын­ған. Осы дәстүрдің өзі – ұсталық кәсі­бінің адамзат қоғамындағы ең көне кәсіптердің бірі екендігінің дәлелі. Бұл ырымның мағынасы – ұстаның қолының  жүруіне, көріктің  тоқтап  қалма­уына, көрік оттығының өшпеуіне ізгі тілек  тілеу.

Өте ерте кезеңде шебердің іс соғатын, жұмыс атқаратын орны ұста дүкені немесе этнографиялық әдебиеттерде ұстаханаға «қара дүкен» деген сипаттамалар берілген. Халық арасындағы ұғымдар бойынша теміршілік пен зергерлік өнердің ең көне түрі болып  сана­лады. Зәбүр кітабындағы  ұсталардың пірі Дәуіт пайғамбар отқа балқыған темірді қамырша илеген құдірет иесі екен. Дәуіт туралы аңызда ол тек пай­ғамбар ғана емес, ел билеген патша болып­ та көрінеді. Әділ патша күндіз мемлекет басқару ісімен айналысып, ал түнде дәруіш киімін киіп алып ел аралай­ды  екен. Ол халықтан «патша әділ ме, ел билеген әкімдер зорлық көр­сеткен жоқ па?» деп сұрайды екен. Зорлық­ көрсеткендерін есітсе сол бойда­ жазалап отырған  дейді  аңызда. Бір күні Дәуіт  өзі туралы:

- Патшаларың  қалай? - деп сұрапты­. Сонда бір кісі:

- Патшамыз Дәуіт жақсы, бірақ жұрттың  ақысын жейді, - деп жауап береді­.

Сол күннен бастап Дәуіт патша­лықты тастап, темір соғушы ұста болып кетіпті.

Ұсталық – киелі өнер. Өйткені, ежелгі қазақтар, әр заманда әрқилы аталып­ келген сақтар, ғұндар, түркілер ұста дүкенінің көрігіне тәу етіп, «От-ана» деп құдіретіне сиынып, отына май құяды. Қыпшақ жауынгерлері шашырап шыға берген, қызыл алтындай алау шашып бата берген күнге қарап, тәңірге мінәжат еткен. Бірақ бұлардың бәріне ортақ дүниетаным «адамның анасы – от, аспандағы көзі – күн» деп ұғынған. Жалпы, ата-бабаларымыз «Зороастризм» ілімі бойынша отты киелі құбы­лыс­  деп есептеп, оны пір тұтқан.

Бұл күнде сол жылдардың куәсі болғ­ан қариялардың бірі де қалмаған. Олардың айтуы бойынша біздің ауылда­ осы ата-баба дәстүрін жалғастырған темір ұстасы, ағаш ұстасы, қыш ұстасы және зергерлер болған. Олар – өз заманында, одан беріде, ұжымдасу кезінде өмір сүріп, халықтың мұң-мұқтажын бүтіндеген Игісін Қыстаубайұлы, Баймахан Жарболғанұлы, Қибас Игісінұлы, Сембі Тасқынбайұлы, Мырзалы Нау­рызбайұлы, Жұмаш Құлжанұлы, Ізеке Сәрсенбайұлы, Тайман Балтабекұлы, Анарбек, Тайым, Айдабол, Дәдебай, Өтеулі, Базар Алдамбергенов, Кемал Шүкіров, Жәлен Ерімбетов сынды ұсталар­. Өткен өмірінде бұлар темір, жез, күміс, мысты қолданып, зергерлік бұйымдар  жасаған.

Атамекен – киелі топырақ, қасиет қонған жер. Сол ата-бабаларымыз өмір сүрген топырақта елдің қару-жарақ­тарын, дулығасы мен сауытын, жебелері мен қорамсағын, дабыл қағатын дауылпазы мен қобыздарын, сонымен қатар тұрмыс-тіршілігіне пайдаланған құрал-саймандарын әр ауылдың ұсталары дайын­даған. Олардың күнкөрісі ол кезде­ осы құралдарға тікелей байла­нысты еді. Әрине, есімдері жұртқа белгілі болған ұсталар халықтың өзіндік төл мәдениетін қалыптастырды деуге болады. Себебі қолөнер шеберлері тапсыр­ыс  берген  бұйымдарды ұстаханада  қолдан  соғады.

Ұсталардың негізгі саймандары – төс, балға, көрік, қысқаш. Жұмыс орнын­да балға мен төстің шыңылы, көріктің күрілі ғана естіледі. Олар осы төрт құралдың көмегімен темірді сексеуілдің шоғына қақтап, шыңдап, суғарып, әртүрлі әдістер қолданып, өзінің керегіне жаратады. Ұстазы мен балғашы, яғни шәкірті іс үстінде қимыл, әрекет және ыммен ғана түсініседі. Ұсталар жеті атасынан сарқылмай жеткен осы дәстүрге балаларын баулып, жас­тарды үйретіп, батасын беріп, бойына дарыты­п  отырған.

Кейінгі кезде отырықшылыққа бейім­деле бастаған қазақ ауылдары үшін ұсталардың шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтарды соғуы оларды­ негізгі кәсіп иелері қатарына дейін көтереді. Артельдер мен ұжымшарларды құру кезінде жер өңдеу ісіне қатысты құралдардың барлығы дерлік осы ұсталардың қолынан өтті деуге болады.­

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа  бастар  жол» жолдауында: «Өткен тарихымызға тағзым да, гүл­денген келеше­кке сенім де «Мәңгі­лік ел» деген­ құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту­ және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз», - деген­ ойы ұлттық құндылықтарымызды қас­терлеуге, насихаттауға шақырады. Біз мәңгілік ел атануға жаңа қадамдар жасауд­амыз. Оның құндылық­тарының бірі зергерлік кәсіпті дамыту жөніндегі заң да өмірге келмекші. Әрине мемлекетіміз ұлттық қолөнері­міз ұсталықты, сонымен қатар зергер­лік кәсіпкерлікті дамытып жатса,­ бізге көптік етпейді. Ендеше әр адам өзінің ата-бабалары туралы шындықты білуі, өздеріне мирас­ болып табыстал­ған мұраны дамытуы, оның  ақиқатына  қанығуы, бізге қалдырылған  аманат  деп  ойлаймын.

Ләззат  ӘБДІХАЛЫҚОВА,

Қазалы  ауданы,

«Бозкөл» ауылы

 


Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары