Өзекті мәселелер

  • 13.06.19

    Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі ө...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-ша...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    «Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым ие...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап,...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 19 Желтоқсан 2018

Ой толқыны PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
20.12.2018 11:53

ТАРТЫЛЫС

Балам су сұрады...

Қызымның нанға тәбеті ашылып тұр...

Орнымнан тұруға тартылыс күші жібермейді...

Ньютон заңына бағынатын күш емес, телефонға деген тәуелділік...

 

ЕРЕЖЕ

Достарымыздың арасында үлгі тұтарлық жұп бар. Жолдасының сабыр­лығы мен жұбайының сыпайы­лығы мен ізеттілігіне тәнті болмайтын адам жоқ. Қашан көрсең де, екеуі жұп жазбай, бір-бірін қоштап отырады. Бұл – қоғамдық ортад­а өздерін ұстау  ережесі.

 

МЕЙІР

- Таңдайым кеуіп барады. Шөл басатын не бар? - деді теледидар көріп  жатқан  ері  әйеліне.­

Әйелі ойын бөлмесінде ойнап отырған қос құлынын шақырып алып, әкелерінің жанына жіберді. Әкесі екеуіне бар жылы сөзін айтып, құшақтап, ойнап, балаларына екі бетін кезек-кезек сүйдіріп, алақанын уқалатып, табанын бастырды.­

Қанша шөлдеп тұрса да, алдымен мейірін қандырып алу әкенің әдеті еді.

 

СЕНІМ

Күйеуі әйелінің ұялы телефонын тексеріп отыр. Құрылғының жадында барлық қосымша бар. Күмән туғы­затын да, күдік ұялататын да дәнеңе жоқ.

- Керемет дүниелер бар екен.

Әйелі күйеуінің жеке құрылғысын сұрады. Қарсылық танытпады. Бірақ құпия құлып бар-тын. Әйел оның кілтін сұраған, ал ері айтқан да жоқ.

- Сіздің де ұялыңызда менікіне қарағанда өте құнды, қымбат ақпараттар  бар  екен.

Ұрыс та жоқ, керіс те жоқ. Сенімге­ селкеу­дің сызығы, көңілге күмән­нің көлеңкесі  түспесін!

 

ҚҰРМЕТ

Балаларының әкесі жұмыстан келді. Өмірлік жары есіктен кірді.

Қолындағы портфельді алды, жолдасы  ұсынбады.

Аяқкиімін бөлек алып қойды, жолдасы белін бүкпеді.

Жейдесін шешіп, киімілгішке ілді, жолдасы  шынтағын  тік  ұстады.

Бас киімін жоғарыға қойды, жолдасы басын иген жоқ.

Әйелі қолын созып, белін бүгіп, шаң жуытпай, шық түсірмей, басын иді. Еріне деген шексіз  құрметі  осындай  еді.

 

НұрБике

 


Жаңарған Жалаңтөс батыр ауылы PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
20.12.2018 11:46

Жалаңтөс батыр ауылы – аудан орталы­ғына ең жақын орналасқан елді мекендердің бірі. Ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Айта кетерлігі, елді мекенде үйіргелік жерге бау-бақша егу қалыпты үрдіске айналған. Күз мезгілінде кент базарларында осы ауылдан әкелінген қауын-қарбыз, жуа-сәбіз, қызанақ пен қияр, өзге де жемістерге сұраныстың көп болатынын көзбен көріп жүрміз.

Қарашеңгел ауылдық округі әкімі Орысбек Жәмшейтовтың айтуынша, елді мекенде аяқсу, ауызсу жайы шешімін тапқан. Сервистік жүйеге қосылғандықтан, шамасы жететін тұрғындар үй ішінен ванна мен әжетхана жасап та алыпты. Ыстық, салқын сумен қамтылған үйлерге бас сұқ­қанда, өзіңізді ауылда емес, құдды ірі қалада жүргендей сезінесіз. Жолаушылар тасымалында ешқандай кідіріс жоқ. Аудан орталығынан сағат сайын «Газель»­ көлігі келіп тұрады. Ауылдағы салыққа тіркеліп, жеке көліктерімен адам тасумен айналысатын такси­лер кентте тіршілігін жасап, табыс табады.

Округте мүйізді ірі қара, уақ мал, жылқы ұстайтын тұрғындар баршылық. Амандықты «мал-жаның аман ба?» деп бастайтын дала перзенттерінің қолындағы төрт түлік саны көңіл тоғайтады. Қазіргі таңда шаруа қамын күйттеген жалаңтөстік ағайын мал қыстату қамыман қарбаласып жүр. Осындағы «Жалаңтөс батыр» ЖШС, «Қият», «Қыдыр», «Өркен», «Рауан», «Дін-Нұр», «Қуан-Ата», «Жалаңтөс батыр», «Ұлан», «Сая», «Салмаев Ш» шаруа қожалықтары ауылдың көптеген тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Ағымдағы жылы «Жалаңтөс батыр» ЖШС егілге­н егістен қомақты өнім жинады. Бұл – «қолы қимылдағанның, аузы қимылдарын» ескерсек, отба­сына кірер нәпақа деген сөз.

Ауылдағы мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, ұсақ сауда, жолаушылар тасымалы, халыққа қызмет көрсету (монша, шеберхана), өзге де бағытты­ қамтитын кәсіпкерлік субъектілері тұтынушылар тал­ғамынан табылуда. Ағымдағы жылы такси қызметі, ұсақ сауда, дүкен, аяқкиім шеберханасы, компью­тер қызметі, құс шаруашылығы бағытында ауылдың 9 тұрғыны кәсіпкерлікке тіркелген болатын.­ Сондай-ақ,  нәтижелі  жұмыспен  қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жоба­сымен  несие алып, мал басын көбейтіп отырғандар, «Бизнес­-Кеңесші» жобасымен өңірлік кәсіп­керлер палатасы арқылы несие алғандар да кездеседі. Оған қоса  бірнеше  тұрғынның  несие  рәсім­деуге «Өңірлік инвестициялық орталығына» құжаттары тапсы­рылды. Елді мекенде бұлардан өзге де несие алып, шаруа­сын  онан  әрі  жандандырып  отырғандар  бар.

- Биылғы жылы «Рауан» шаруа қожалығы «Агро несие корпорациясы» арқылы берілген несиеге жыл­қы сатып алды. «Жалаңтөс батыр» ЖШС болса­, егін шаруашылығын дамытуға «Қазалы несие» ЖШС арқылы 30 млн теңге несие алып, жұмыс істеу­де, - дейді ауылдық округ әкімдігінің бас маманы­ Шоқан Қожантаев.

Бір мезет ауылдың рухани тұрғыдағы тыныс-тір­шілігіне құлақ түрсек. Соңғы жылдардың өзінде ауылда көптеген түйінді түйткілдер тарқатылды. Екі қабатты, жаңа үлгідегі мектеп, дәрігерлік амбулатория, қос қабатты әсем балабақша, кереметтей ауылдық клуб, ветеринариялық пункт жаңадан салынса,­ кітапхана мен ауылдық округ әкімдігі ғимараты күр­делі жөндеуден өткізілді. Ауыл ішінен аумақты да көрікті орталық алаң, балалардың ойын алаңы (тренажор) ел игілігіне берілді. Жұртшылықтың жұмылуымен асар тәсілімен «Жалаңтөс батыр» атымен аталатын мешіт жамағатқа есігін айқара ашты. Ауылдағы Әбдінағи Ибраев көшесі асфальтталса, бір­қатар көшелер түнгі жарық шамдармен қамтылған.

Жалаңтөс батыр ауылдық кітапханасы электронды ақпараттар қорын қалыптастыратын жаңа «Модель­ді кітапхана» ретінде ауыл тұғындарына қызмет көрсетеді. Оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп, «Рауан» шығармашылық клубы жұмыс атқаруда. Ауылдық клубта жыл бойына түрлі іс-шара­лармен қатар, кино қойылымдары да көрсетіледі. Кәсіпорындағы үйірмелерге қатысатын өнерпаздар республикалық, облыстық, аудандық байқаулар, конкурстарда жүлделі орындарды еншілеуде.

Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі Орысбек Жәмшейтовпен тілдесе отырып «жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» деген даналық сөзді есіме түсірдім. Орысбектің әкесі, марқұм Қани атамыз өңірге «Сынықшы Қани» атымен танылған киелі де аруақты адам болатын. Қалайша қайран қалмассың?! Небір уатылып қалған адамның дене мүшесін атамыз орнына қайта салғанда бірнеше күннен соң сырқат жанның жағдайы қалыпқа түсетін. Сондайда сынықшыға көмекші болатын Қамар анамыз еді. Қазіргі таңда аруақты әкенің қарашаңырағының отын Орысбек пен Жеңіскүл келін жағып отыр. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген.

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы  ауданы

 


“ҚАЙСАРҒА” ҚАЛАЙ ЖАНКҮЙЕР БОЛДЫҢЫЗ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
20.12.2018 11:33

Бір жылдары бірінші лигаға түсіп қалып, қайта түлеген Қызылорданың клубы “Қайсар” жайлы соңғы екі жылда еліміздегі футболсүйер қауымның ойы өзгерді. Бұлай деуімізге толық негіз бар. Маусымды алдыңғы жылы алтылықта аяқтаған аяқдопшыларымыз биыл бесінші орынға бекініп тұрып алды. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы “келесі жылы “қасқырлар” жүлдеге таласатын болады” деген еді өз сөзінде. “Қайсар” жаңа жылдан соң Түркия елінде оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Алғашқы сөйлемде жазғанымыздай, қызылордалық жанкүйерлерге өзге аймақтардағы фанаттардың көзі түзу. Осы ойды жалғастыра отырып, “Қайсарға” қалай жанкүйер болдыңыз?” деген сауалды клубтың нағыз қолдаушыларына қойып көрген  едік.

Райымбек  СЕРІК,

“Қайсар” футбол  клубының

жанкүйері:­

- “Қайсарға” деген жанкүйерлігім 2006 жылдан басталды. Дәл осы жылдың  мамыр айында алғаш рет стадионда көрермен болдым. Сол кезден қазірге дейін мүмкіндігінше үйдегі ойындарды үзбей қарап келемін. Тіпті, түздегі ойындарында да төбе көрсетемін. Клубтың ҚПЛ-де соңғы орындардан көрініп жүрген кезі де, бірінші лигада өнер көрсеткен кездері де  болды. Бірақ, шынайы жанкүйер ондай­  қиындықтарда  мойымау  керек.

“Қайсардың” ең алтын дәуірі мен үшін 2007-2008 жылдар еді. Сол тұста облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед футболға ерекше назар аударды. “Қасқырлар” чемпионатты 4-орынмен аяқтап, евро­кубоктік бәсекеге де жолдама алған. Өкінішке қарай, стадион дұрыс болмады ма, әйтеуір мәртебелі ойынды көруден құр  қалдық.

Командамыз 2014 жылы премьер-лигаға­  оралғанда өте жақсы көрсеткіш­тер  көрсетті  және клуб қызметкерлері де жақсы жұмыс атқарды. Сол сәтте пресс-офицер Әзиз Жұмаділдің еңбегі айқын­ көрінді, жергілікті телеарнамыздан арнайы футбол жайлы бағдарлама ашылып, жанкүйерлерге кең ақпарат беріп отырды және қасқыр талисманымыз да сол кезде шықты. Сонымен қатар, сырт алаңдағы ойындарға да тегін транспорт жағы қарастырылып, жанкүйерлер сүйіспеншілігіне бөленді. Сол тұста қазақ тілінде жаңалықтардың басым  болғанын  айта  кетейік.

2017 жылдың көктемінде маған “Қайсарды­ң” дикторы боласың ба?” деген­ ұсыныс түсті. Стадионда ана тілімде сөз сөйлеп, ойын ойнатып, жанкүйерлерге жейде табыстаған сәттерім көз алдымда­. Өткен  маусымда  стадиондағы дикторлық  қызметтің  қандай  болғанын жұртшылық жақсы біледі деп ойлаймын...­

Жалпы, жергілікті жастарымызға көп көңіл бөлінсе деймін. Тым болмаса  2-3 жерлесіміз “Қайсардың” негізгі құрамын­да ойнаса, қалған екеуі қосал­қыда отырып, тізімге ілігіп, тәжірбие жинаса  екен  деген  ойым  бар.


Жанболат  КАДЕНОВ,

“Қайсар” футбол клубының

жанкүйері:

- 30 маусым. 2002 жыл. Осы күн әлі есімде. “Қайсар” өз алаңында Көкше­тау­дың “Есіл” командасын 2:0 есебімен жеңген еді. Дәл сол күні Корея мен Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалын теледидардан көріп шықтым. Ол ойында да 2:0 есебі тіркелген болатын. Ауылдан келген ағамның дос­тары “футболды өз көзіңмен көрген мүл­дем бөлек, жүріңдер “Қайсардың” матчын көруге барайық” деп ертіп әкетті. Міне, осы уақыттан бері мен “Қайсар­ға” ғашық болдым. Сол жылдары команданың ойыны өте сүреңсіз еді. Ойыншылардан қолтаңба алып, “Гол” деген журналды жинап, қағаздарға әр ойынның нәтижесін жазып жүретінмін. Ол қағаз­дар­ үйде әлі де тұр. 2011-2012 жылы әскерде жүргенде газет-журналдарды жинап-тігіп қоюшы қызметін сұранып алдым, себебі онда ҚР чемпионатының нәтижелері  жазылатын...

2014 жылы футболшы Антон Землянухин маусымның соңғы ойынында трибунаға жейдесін лақтырды. Оны мен қағып алдым. Әлемдегі ең бақыты адам сол кезде­ мен едім. Бүкіл әлем келіп мені құттықтағандай күй кештім. Өзімді нөмірі бірінші  жанкүйер ретінде сезіндім. Сонда бір жігіт: “Бауырым, 15000 теңгем бар, сатшы жейдені” деді. Мен үзілді-кесілді қарсы болдым. Кештетіп Антон­ға рақметімді айттым. “Бұл жейдені мен Алла жазса ұлыма кигіземін” деп уәдемді  беріп  кеттім.

2015 жылы маусым басталарда мені “Қайсар” футбол клубы әлеуметтік желі­лердегі парақшаларына әкімгерлікке­ шақырды. Қуана-қуана келістім. Міне, содан бері ең белсенді жанкүйер ретінде танылдым десем болатын шығар. Қолым босай қалса “Қайсардың” жаттығуына барамын. Сырт қалаларға шығып тұрамын. Бұрын-соңды барып көрмеген елді мекендерді, қалаларды көрдім. Футболшылармен етене таныс болдым. Дос­тасып та үлгердім. Бұрын ойнап кеткендермен хабар алысып тұрамын. Мен жайлы­ көп жанкүйерлер қате пікірде. Мені клуб тарапынан ақша алады, сол үшін дәл осылай күйіп-пісіп жанкүйерлік етеді деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес. Мен “Қайсарға” шын жан-тәнім­мен қолдау көрсетемін. Оған менің достарым, туыстарым куә бола алады.

 


«АШИНА ТҮРІКТЕРІНІҢ» ТАРИХЫНА ҚАЙТА ОРАЛУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
20.12.2018 11:26

Әлібек   САБЫРБАЕВ

Екінші  дәлеліміз: Л.Гумилев: «Әйтсе де біздің бақытымызға «Селенгі та­сын­дағы» жазудан табылған бір сөйлемнің мағынасы халықтың осындай түсініксіз сырын аша алады. Онда 80-жылдары қағанатын қайта қалпына келтірген түріктерді «қыпшақ-түріктер*», - деп атаған­ (Г.Рамстедт, «Селенгі тасындағы» жазудың аудармасы, 40-б). (Көне түріктер. 265-б).

Т.Еңсегенұлы «Көне түркі руна жазба­ поэзиясы» атты көптомдық монография­сында осы «Селенгі тасындағы» жазу туралы­: «Фин ғалымы Г.Рамстедт Монғол­ияның Ханүй мен Күнүй өзендерінің құйылысының шығыс жағындағы Моғойн Шинэус деп аталатын жерден­ 1909 жылы түрік қағанатын құлатып, ұйғыр қағанаты орнағанда Елетміш Білге қағанға арнап орнатқан ескерткіш табады. Осы мәдени мұра әуелі сол табылған мекен атауымен аталса,­ кейін Монғолия аймағымен өтетін дүниеге танылған дария атауымен «Селенгі ескерткіші» деген атауға ие болады.­ ...Г.Рамстедт: «Когда турки-кипчаки властвовали (нам, нами) пятьдесят лет...» деп аударма жасайды. ...Турасын айтсақ, әріптері толық сақталынбаған сөзді жобалап оқып, өздерінше ұйғарым жасап, жаңалық тудыру ғылымға жараспайды. ...Тоқ етерін білдірсек, Орхон бойынд­ағы тасқа түсірілген жазба ес­керткіштердің ешқайсысынан «қып­шақ» деген сөзді, сол қыпшақ тайпасына қатысты дерек, мәліметтерді кездестірмейміз. Сонда қалайша түркі қаған­дығын билеуші қыпшақ тайпасы деп айта аламыз?», - деп Г.Рамстедтің аудармасына сенімсіздік білдіреді (Алматы, 2014, 72, 73-бб).

Г.Рамстедтің көне руна жазуындағы «турки-кипчаки» аудармасына Ә.Кекіл­баев (XV том. «Талайғы Тараз». Алматы, 2011, 343-б), профессор С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтанов, т.б. зерттеушілер сенімсіздік танытады. Олар: «Хотя предложенное Рамстедтом слитное чтение «турки-кыпчаки» грамматически правомерно, оно вряд ли приемлемо...», - деп қарсы уәждерін келтіреді (Казахстан. Летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992, стр.118).

Қыпшақ этнонимнің шығу төркінін Әбілғазы: «Түрік шежіресінде»: «Түрік тілінде іші қуыс ағашты қыпшақ дер еді, бұл бала ағаш ішінде туғандықтан атын қыпшақ қоюы содан», - деп жазады­ (Алматы,­ 2006, 24-б). Яғни «қыпшақ» - қуыс  ағаш деген мағы­наны­  береді.

Т.Қалилаханов «Қазақнама» зерт­теуінде қыпшақ атауының шығу төр­кініне қатысты жаңа бір тың да, қызық та пікір айтады. Ол Корей тарихынан мысал келтіреді: «Корей мемлекетінің тарихымен байланысты бір қызғылықты­ жайт «қыпшақ» деген атаудың шығуы жөнінде. ...жер иеленушілерден алынатын салықтың жаңа мөлшерін белгілейді. Сонда жер өндірушілердің астықты береті­н алымы «хыпчақ» деген өлшеумен­ белгіленеді (История Кореи, стр. 134). Сол бойынша бір «қап» - 10 «чақ» болады­ екен. Осы бір өлшем атауларының қазақ халқында кеңінен қолданылғаны мәлім. Мысалы: «Чақтап сал», немесе «Чақтамапсың» осы күнге дейін қолданылып келе жатқан сөздер... Қазақтар уақыт, өмір өлшемінде шақпен белгіленген, «Түскі шақ», Қартайған шақ», «Күзгі шақ», «Жастық шақ», т.б. ...мысалдар көптеп келтіруге болады. Сонымен «чақ» дегеніміз өлшем болса, «қып» дегені­міздің сол 10 чақ астық сиятын ыдыс екені түсінікті. Яғни «қап» деп жүргеніміз – ыдысымыз.  ...алымның өлшемі «хып чақпен» белгіленген...», - деп тұжырымдайды (Қазақнама. «Қыпшақ – өлшемдік атау». Алматы,  2007, 46-48-бб).

Ал, Бекжан Әденұлы басқа болжам айтады: ««Қыпшақ» атауының «Құңжақ» атауынан шыққандығын көреміз. Құңжақ атауындағы «ұң» кейінірек бұрмаланып, «құнжақ» делінген. Ол одан кейін «қыпшақ» делініп кеткен деп түсінеміз», - деп жазады (Қазақтың  құпия тарихы. Астана, 2014, 34-б).

Қойшығара Салғараұлы «Өмірбаян туған күннен басталады» (Астана, 2018) атты зерттеуіндегі «Ежелгі қыпшақтар» тарауында мынадай қорытынды жа­сайды: «...4). Қыпшақ этнонимінің этимол­огиясы ғылым мойындайтын деңгей­де әлі анықталған жоқ. Оны анықтау, біздің түсінігімізде, қыпшақта­р жұмбағын шешуін табар кілт. Бұл арада мәселе – атаудың сөздік төркінін табуда­. Жоғарыда айтқан, қыпшақ атауының төркінін көне түріктің «сүт өнімін пайдаланушылар» деген ұғымды білдіретін «қыпышы ақ» тіркесінен шығарған пайым­дауымыз ізденістің жаңа өрісіне шығуға жол ашады ғой деген үміттеміз»,- деп осы уақытқа дейін жазылып, айтылып келген қыпшақ атауына сенімсіз­дікпен  қарайды (383-б).

Қыпшақ этнонимінің шығу төркінін Әбілғазының «қуыс  ағаш», Т.Қалила­хановтың «өлшем атауы - хыпчак» немесе­ Б.Әденұлының «Құңжақ» немесе­ Қ.Салғараұлының «қыпышы ақ» деп жазғандарының қайсыс­ы дұрыс деп қабылдаймыз?

Үшінші  анықтағанымызды  қоры­тындыласақ: Көптеген тарихшылар  көне түрік дәуірін зерттегенде (авт. - Л.Гумил­ев та бар) осы Г.Рамстедтің сынық тас бетіндегі жазуды жобалап оқып, оны «түрік-қыпшақ» деп аударып, шалажансар тұжырым жасайды. Бұл дегеніңіз – көне түрік тарихына жасал­ған қиянат. Көпшілік ғалымдар Г.Рамс­тедтің тұжырымына сеніп, Көне түрік қағанатын құрған әулет қыпшақ тайпасы деп, теріс болжам жазатын себебі осы.

Төртінші анықтайтынымыз: Түрік қағандығын құрған әулет Беріш тайпасы деп Б.Әденұлының «Қазақтың құпия тарих­ы» атты зерттеуіндегі пайымдауы. Ол: «VI ғасырдың екінші жартысынан Жужан қағанаты билігі Ашин (авт. - Ашина) әулетінен өтіп, осылайша Түрік қағанаты орнады. Ашин-Асылүйі орнат­қан Түрік қағанатына Ұлы Булгар мемлекеті мен Хазар қағанаты бағынышты болғаны мәлім. Өйткені, оларды да орнатқ­ан және билеген Ашин ұрпақтары­ болатын. Оны Беріш атауы дәлелдейді. Беріш атауы әуелде Бөрчі болған, яғни Бөрші немесе қасқыр аулаушы (орысша­ Волкодав). Ашин тобының Еуропалық бөлігі кейінірек Бөрші делініп және олардың Азиялық бөлігі Түркеш болып көр­сетілген, соңғысының дұрыс атауы «Түрікыс». Қазіргі Ысты мен Ысық тайпалары солардың тікелей ұрпақтары. ...Түрік қағанаты заманынан Ыс атауы қалыптаса бастағанына, оның Қара Иссық пен Истеми (дұрысы Ысдемі) деген қағандары есімі дәлел және Түркеш немесе Ыс әулеті осы билеушілерден тарауы мүмкін», - деп өз болжамын осылай тұжырымдайды (Астана, 2014, 41-б).

Бесінші анықтайтынымыз: Түрік қағандығын құрған Түрік-оғыздар деп пайымдау туралы. Академик В.В.Бартольд Батыс түрік қағандығы туралы: «Из китайских источников мы знаем, что западные тюрки-огузы* разделялись на десять родов, из которых пять жили к северу и пять к югу от реки Или*. В надпис­ях, по переводу Томсена, эти десять­ родов называются он оk «десятью стрелами». Среди них на некоторое время­ возвысился род тюргеш (түркеш), из которых происходили  последние  кага­ны­  западных  турок», - деп жазғаны жаңсақ пікірді қалыптастырған дейміз (Тюрки.­ ...Алматы, стр.29).

В.В.Бартольдтің жазған мына үш сөйлеміне: «что западные тюрки-огузи*»­, «от реки Или» мен «...возвысился род тюргеш (түркеш), из которых происхо­дили  последние  каганы западных турок», - деп жазғанына өз пікірі­мізді  білдіреміз.

Бірінші  дәлеліміз: «что западные тюрки­-огузи*» деп жазғанына Л.Гумилевтің «оғыз» тайпасы туралы анық­тамасынан мысал келтіреміз. «Сонымен «оғыз» деген сөз әуел баста тек «тайпа», «тайпалар» бірлестігі деген жай түсінікті білдірген, сосын кейінірек жинауыштық мәні бар этникалық атқа айналған, сөйтіп белгілі бір жағдайда қажетті детерм­инатив ретінде анықтауыш роліне­ ие болған: «тоғыз-оғыз - тоғыз (әртүрлі) тайпа», үш оғыз – «үш (әртүрлі) тайпа. Кейінірек «оғыз» термині өзінің әуелгі мәнін  жоғалтып ...түпкі  атасы Оғыз­ханға айналған», - деп  оғыз  этнониміне осы­лай­ түсініктеме береді (Көне түрік­тер. Алматы­,1994, 61-б).

М.Қашғари «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегіндегі 22 оғыз тайпасының тізімін береді. Түрік тайпасы мен Оғыз тайпасы­ екеуі екі бөлек тайпа, екеуі де түрік тайпасына жатқанымен, тілдерінде айырмашылық бар, ғалымдар оғыз тілі және түрік тілін қыпшақ тіліне жатқызады. Батыс түрік қағандығының «он оқ» бір­лестігіне (бес Дуло және бес Нушуби) оғыз тайпалары кірмеген. Ал 22 оғыз тайпас­ының ішіндегі Бешенек (Печенег, Бажанак) тайпасы бірікен оғыз-қыпшақ тайпаларымен соғыста жеңілген. Бір бөлігі оғыз тайпаларының құрамында қалған да, екінші үлкен бөлігі Дон, Днепр бойына қоныс аударып, печен­ег деген атаумен Орыс, Византия жылнамаларына енген. XI ғасырда өмір сүрген М.Қашғари «Түрік сөздігінде» «BEЧENEK – БЕЧЕНЕК: оғыз тайпасының бірі «Бешенек» түрінде де айтылады. Рүмге (авт. - Византия) жақын тұратын­ түрік жұртының бірі», - деп көрсетеді (1-том. Алматы, 1997. 546-б).

Ә.Сарай  осы  печенег  этнонимін «па-с-кан» атауы келе-тұра пацикан атанып, олардан печенегтердің шыққаны, ал ас-тардан түрік әлемінде аты белгілі азаө жұрты пайда болды. Азық Азаулы, Азов жер-су аттарының негізін қалағандар осылар», - деп түйіндейді (Көнеліктер. Алматы, 2008. 172-б).

Деректерден байқайтынымыз, IX ғасырдың соңына қарай, оғыздар Еділ мен Жайықтың арасындағы жерлерді печенегтерден күшпен тартып алған. Деректерде печенегтер пачинакиттер деген атпен көрінеді. «...Бірақ 50 жылдан кейін аталған ұздар (оғыздар) хазарлармен келісімге барып және пачинакиттерге соғыс жариялап, оларды жеңіп кетті және оларды өздерінің елдерінен қуып шықты», - деп К.Богрянородныйдың «Об управлении империй» еңбегіне сүйеніп жазады. « ...өз еріктерімен бұрынғы мекендерінде қалып қойған печенегтердің де кейбір бөліктері өмір сүріп жатты. Олар оғыз одағының құрамына ішкі элемент түрінде еніп, олардың этникалық бірігуін аяқтады», - деп Византия импер­аторы К.Богрянородный мен С.М.Ахинжановтың зерттеулерін негізге­ ала отырып тұжырымдайды (XIII том. 1-кітап. Қаракесек бірлестігі (Әлім, Кете, Шөмекей). Алматы, 2010. 262, 263-бб).

Автордың  ескертпесі: 2017 жылы баспадан шыққан «Шекті тайпасының құпия тарихы» атты зерттеуінің бірінші кітабында, Шекті (чигиль) тайпасының IX-XII ғасырлардағы оғыз-қыпшақ одағыны­ң  кезіндегі  печенег  аталуы  VIII тарауда (179-220-бб) кең көлемде жазылғандықтан  қайталамадық.

Екінші  дәлеліміз: «...возвысился род тюргеш (түркеш), из которых происходили последние каганы западных турок» деп жазған пікіріне мынадай уәж айтамыз. Бірінші түрік қағандығын, Батыс түрік қағандығын және Екінші шығыс түрік қағандығын Ашина тайпасынан шыққан қағандар билеген. Түркеш руы Дуло (Дулат) тайпасынан тараған. Ашина тайпасы мен Дуло (Дулат) – екеуі екі тайпа. Дулат руы Дулығаға ұқсас таудың атымен аталған. Ашина руының шыққан тегі Хұн баласы мен қаншық қасқырдан­ тараған. (Қараңыз: автордың «Шекті руыны­ң  құпия  тарихы»).

Үшінші дәлеліміз: В.В.Бартольдтің: «разделялись на десять родов, из которых пять жили к северу и пять к югу от реки Или*», - деп жазғанынан көретініміз, Батыс түрік қағанаты «он оқ» немесе «он жебеге» бөлініп, бес дуло және бес нушуб­и одағына бөлінгенін жоғарыда жазып кеткенбіз, ал екі одақтың шекарасы Шу өзенінің бойы, шығыс жағында­ дуло одағының тайпалары қоныстанған болса, Шу өзенінің батыс жағында нушуб­и одағының тайпалары өмір сүрген. Л.Гумилев: «Екі одақтың, дулы мен нушубидің шекарасы болып, Шу өзені белгіленді», - деп жазады (Көне түріктер. 211-б).

Ал Іле өзенінің бойында Түріктің кіші  ханы Ниліханның баласы Таманның (Нигу Чулохан) еншілік аймағы болған.

Жоғарыда  жазғанымызды  қорытындыласақ: Түрік қағанатын құрған әулет дулат, арғын, қыпшақ, беріш, түрік-оғыз тайпаларының бірі деп зерттеушілердің пайымдаулары мен тұжырымдары, объективті талдауды, деректердің нақтылығын талап етеді. Тарихи айналымға кірмегеннен кейін үстірт айтылғ­ан пайымдаулар дейміз. Біз, күмән-күдік  болмау  үшін, нақты зерттеу­ сілтемелерге  сүйендік.

Ә.Сарай: «Ғылым жолының басты қағидасы – өзіңнен бұрын айтылған пікірлерді аттап өтпей, сараптан өткізу, мойындайтынын мойындап құптау. Бәрін бір өзі ашып, жерден жеті қоян тапқандай болу – ғылымға үш қайнасы сорпасы қосылмайтын шалағайлардың ісі», - деп кез келген тарихты зерттеу­шілерге ескерткен ағалық ақылы (Көк түріктері. Алматы, 2014, 12-б).

Ашина шежіресі бойынша 17 рулы Алтай түріктерінің Бөрі-Анадан жарал­ған киелі төрт тайпасының бірі – шежіре­де «ЦИГУ» деп әдіптелген, кейінгі Кіші жүз шежіресіндегі алты ата Әлім бірлестігіндегі «ШЕКТІ» қауымы. Түйіп айтқанда, көне түріктерді бас­қарушы әулет, «ұлы ұрық» Шекті руы дейміз. Түрік әлемінде бұл этнонимге таласта Алшындардан басқа бірде-бір ру-тайпа не әулет кездеспейді. Ал алшын­ тайпаларының ішінде бірінші ауызға ілігетіні – Шекті мен Төртқара рулары. Ауызша шежіре бұлжымас тарих­ емес, оның тарихи шындыққа жанасатын жерлері де бар, ауа жайылып алшақтап кететін жерлері де жет­кілікті. Оның аражігін айыра білген жөн. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қазақ халқының түбі, бір атаның­ баласымыз деген ойға сыйған. Заман ағымы кезінде, қазақ халқы жеке-жеке рудан біртұтас ұлт, бірегей халық­қа айналды. Ал шежіре халықтың бірлігін насихаттайтын құралы ретінде өмірге келген. Бұл пікіріміздің дұрыстығын «Шекті руының құпия тарихының» бірінші кітабында тарата жаздық.

(Соңы. Басы өткен сандарда.)

 


ЖАҒАЛАУ ЖАЙСАҢДАРЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
20.12.2018 10:50

Елбасының рухани жаңғыруды кезек сұрамайтын міндетке балауы астарында тарихи аманат жатыр. Әлбетте, тіліңді де, ділің мен дініңді де насихатсыз баға­лай­тын – аға ұрпақ. Салт-дәстүр жоралғысын бойына терең сіңір­ген де – солар. Әр мекеннің арғы тарихын бүгінге табыстаған да – сол буын.

Әбжан  Жантекеев

Бұлар – тұнып  тұрған шежі­ре­, тұтастай өмір өлшемі. Олардың елді, жерді сүюі ерекше. Аталар мен әжелер, әкелер мен аналар – нағыз рухани байлы­ғымыз. Осы құндылықтан мейір қандырмай, болашақ жадына­ма­сын түгендей алмаймыз. Әрқайсысымыз ұлт алдындағы ұлы парыз­ымызды науқанилық ноқтас­ынсыз өтеуге ықылас танытуы­мыз  керек.

Парыз ұшқыны қалам ұшын туған ауыл тұлғаларын түгендеу тапсырмасына  бұрды. Қаладан  60  шақырымдағы «Жалаңаштың» құт-қойнауы «Үшшоқыда» жа­ралы теңіз жаңа ұрпақты жарылқап жатыр. «Бессайдың» берекелі қолтығында несібе қабыршағын қорғаштаған  шағала  шаңқылы да зорайып  барады.

Кәрі жағалау жалаңдаған тойым­сыздықтан тіксініп те қалғандай. Атам заманғы жұрт орны, қорымдардағы аруақтар пайдаға таласпайды, дұға күтеді ғой. Сырт көзге осы жағы имани ескерту­ді өткірлейтіндей көрі­не­ді. Шынтуайтында, «Жалаңаштың» алғашқы тұрғындары сол «Үшшоқыдан» көш көлігін бұр­ғандар емес пе?! Орғыл құм төбелер­ иектеген ескі қоныспен қоштасудың өксігі шер тарқат­қандай-ау... Үнсіздік табиғатқа ғана  жарасатыны  хақ.

Нұраш Жантекеев

Ой дүрбісінен «Үшшоқының» кетпей қоюы себепсіз емес. Арғы беттегі отауды бергі бетке тылсым күшпен көшірген Сасықбай бақсының Құлманынан тарайтын Манақ әулиенің 10 ұлы осы төңіректе ойқастаған. Мұндайда батыр ақын Махамбеттің «Онымыз атқа мінгенде, жер қайыс­қан қол едік!» дейтін омырау жыры қапталдаса кетуі ерсі еместей.­

Біз сол пірлі әулеттің дуалы ауыз Жантекесінің Әбжан, Нұраш атты қос перзенті тағдырын тілге тиек етпекпіз. Екеуі де ел еміренген азамат болған. Нағыз­ тасқайнатар атанған. Әбжан 1910 жылғы, інісі Нұраш 1917 жылғы. Саяси шендестірумен әдіптесек, бірі – феодалдық, екіншісі – революция кезеңінің тумасы. Екі ортада 1916 жылғы патша өкіметінің июнь жарлығы жатыр. Сұрақ белгісімен бас­талған өмір оларды ерте сақайтты. Жаңа  дәуірдің жаңғырығынан үрікпей, уақыт ырғағымен үндесті.

Жантекенің Әбжаны барша қатарлары сияқты балық кәсіп­шілігіне қол созды. Он жетісінде «Үшшоқыдағы» тұңғыш серіктестіктің белсенді мүшесі болды. Отызыншы жылдардың басында «Бірлестіктің» бетке ұстар балықшысы атанды. Есеп-қисапқа бейімі, ортақ меншікті тұтыну жауап­кершілігі ескеріліп, кооперация қызметіне тартылды. Осы­лайша  ел  назарына  ерте  ілікті.

Халық қолдауы, басшылық ұйғарымы оған 1938-1942 жылдар аралығында ұжымшар тізгінін ұстатты. Інісі Нұраш ауылдан ұзап, білім қуған замандастар көшін бастады. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік универ­ситетінің студенті «Жа­лаңаш­қа» оралған сайын, бүкіл ауылдастар көзайымына айналатын.

Ашық аспанды ажал бұлты торлап, құс біткен қанатынан қырқыл­ғандай күй кешкен соғыс лаңы әлеумет­ті күндіз күлкіден, түн ұйқыдан айырды. Бес мекеннен тұратын Мергенсай ауылдық кеңесінен де бас көтерер азаматтар оқтын-оқтын майданға аттанып жатты. Жантеке қарттың жігіттің сұлтанындай қос ұлы да Отан қорғаудың от-жалы­нына  қақталды.

Бұйрық алдымен Нұраш Жантекеевке жетті. Алматы әскери комиссариаты жоғары білімді жалынды жасты командирлік құрамға қосты. 1941 жылдың 1 тамызынан бірінші Беларусь майданы құрамындағы 160-атқыштар   дивизиясының   1297-атқыштар полкінде жорық жолын­а түсті. Оның минометшілер ротасының командирі болғанын, әскери шені аға лейтенант екенін әскери  мұрағаттардан  ұғындық. 1943 жылдың 25-30 желтоқсаны аралы­ғында апта бойғы жойқын ұрыстар­дағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталыпты. Ал, 1944 жылдың 17 шілдесіндегі соғыс ақпараты жан алып, жан беріскен бір тәуліктің тауқыметін сілтідей  тынып  тыңдатады.

Фашистердің Припять өзенін құрсаулаған қорғанысын бұзып өтуде Нұраш Жантекеевтің взводы­ Доброзельва деревнясының сол­түстік-шығысындағы орманда жаудың­ үш пулемет ұясын талқандаған. Одан әрі Ожиково дерев­нясы аумағында немістердің 81 мм миномет ұясын тұншықтырып, қару-жарақтарын ұрыс даласында қалдырды. Жеңіспен өршеленген Нұраштың сайыпқырандары Акачево және Гура деревнялары төңірегінде қарсыластың тірек пунктін ойрандап, 6 неміс солдатын жер жастандырады.

Кескілескен шайқас мұнымен бітпейді. Капитовка деревнясы үшін арпалыста жаудың төрт бірдей қарымта шабуылын тойтарады. Ал, Батыс Буг өзеніндегі қанды өткелді Жеңіс плацдармына айналдыруда Кодень елді мекенінің оңтүстік-батысын­да 15 жау солдаты жойылды­. Денелері қан мен терге малшынған қаһармандар командирі Нұраш Жантекеевке осы жолғы ерлігі үшін ІІІ дәрежелі Богдан Хмельницкий ордені берілген.

Өкінішке қарай,  ержүрек офицер Нұраш  Жантекеев 1945 жылдың 30 қаңтарында Польшаны азат етудегі­ кескілескен ұрыста ауыр жаралан­ады. 191-арнайы медсан­батта қаңтардың соңғы түнінде жас жүрек соғуын тоқтатқан.

Соғыс басталғаннан 40 күн өткенде Отан-анаға ант берген жағал­ау жұлдызы Жеңіске 100 күн қалғанда ерлікпен қаза тапты. Нұраштың асыл сүйегі Польшаның Кульм қаласындағы Стольно мен Грауденц жолдары тармақтарындағы бауырластар зиратында жерленгенін КСРО Қорғаныс министр­лігінің Орталық архиві айғақтайды. Есіл ердің есімі поляк тілінде мәр­мәр тасқа қашалғанын жақын-жуық енді біліп жатыр.

Нұраштың ағасы Әбжан Жантекеевтің майдандық өмірбаяны да жеңіл баяндалмайды. Орда бұзар отызда ел басқарған ол соғыста да алғы шептен табылды. 1942 жылдың 17 маусымынан 8 желтоқсанға дейін 1235-атқыштар полкі құрамында Калинин бағытындағы қиян-кескі шайқастарда жау шебіне пулеметтен оқ нөсерін төкті. Ызалы жүз, тістенген жақ, қарысқан қол, кеудені сол­қылдатқан зіркілдеген от қару, құлақты тұндырған ытқыған оқ үні бейбіт кәсіп иесін соғыстың суық адамына айналдырды. Қарайғанды шалғыдай жапыратын, жаудың тұтас күшін сетінететін, оң-солды бірдей отайтын пулеметшіні мергендер үнемі нысанаға алатын. Граната, миномет те соларға көбірек бағытталатын.

Гвардия сержанты Әбжан Жантекеев 1942 жылдың 8 желтоқсанындағы кезекті бораған оқ дауылында ауыр жараланды. Мина жарқыншақтары жамбас сүйегін қиқалап тас­тады. Қансыраған пулеметші 3076-эвакуациялық госпитальда 1943 жылдың 24 шілдесіне шейін ұзақ емделіп, қатарға қайта қосылды.

Жарақатына байланысты пулеметімен қоштасуға тура келді. Үшін­ші Беларусь майданында 40-гвар­диялық артиллериялық полк сапында миномет құрамының командирі болды. Енді алысты көздейтін қанды ауыз минометке тіл бітірді. Берілген координатқа көз жобамен жедел түзету енгізуде кооперациядағы есептеу дағдысы кәдесіне жарады. Командование оның батылдығы мен тапқырлығын таңырқай қолпаштайтын.

Екінші  жарақат  соғыстың  соңғы ескертуіндей еді. 1944 жылдың 21 шілдесінде Белоруссияның Березовка селосы үшін артиллериялық текетіресте беті оймышталып, сол иығы мен тізе сүйектері жаңқаланды. 1944 жылдың 4 желтоқсанына дейін 4641-эвакуациялық госпитальда жарақаты бітіскенше төсекке таңылды. Әскери дәрігерлік комиссия шешімімен майдандық тыл қызметіне, 2330-әскери қоймаға жіберілді. Алғы шепті барлық жағынан қамтамасыз ететін жабдықтаушы бөлімінің мехнаты да маңдай терді сығып алатын. Қауіп-қатер мұнда да аяқ астынан сумаң ететін.

Жеңіс көктемінен соң да Әбжан Жантекеев жарты жылдай әскери өмірден ажырамады. Екінші топтағы мүгедектігі себепті 1946 жылы елге оралды. Әулет бата­гөйі Балсары әже мен Битен ана, жұбайы Балаштың ауылдастар қошеметтеуімен қарсы алғаны мейманасын тасыт­қан. Тек інісі Нұраштың хабар-ошарсыз кеткені жүрек сыздатты. Екеуінің де қатарлас Беларусь майданында шайқасқанын далалық поштаның үшкіл хаттары ғана сүйіншіге балаға­н. Тірі болса, 1945 жылдың 24 маусымында Мәскеуде Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадында Беларусь майданы офицерлері сапын­да бір кезгі тікелей қол­басшылары Жуков пен Рокоссовский  алдынан  жүзі  жайраң  қағып өтпес пе еді?! Әттең, арман, қайран­ бауыр?!­

Жантекеевтердің жағалау жұртшылығы алдында әманда мерейі­ үстем. Майдангер Әбжанның қызметтік мәртебесі де жоға­ры.­ Соғыстан оралу бойына екі жылдай Сарыбасат балықшылар тұтыну кооперациясын өрге сүй­реді. 15 жыл Жамбыл атындағы ұжымшардың басқарма төрағасы, 1963 жылдан құрметті еңбек демалыс­ына шыққанша Мергенсай ауылдық кеңесінің төрағасы болды.

Аудандық, облыстық партия комитеттерінің пленум мүшесі, аудандық кеңестің депутаттығына сайланды. 1956 жылы еңбектегі жетістігі үшін Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесіне қатысты. «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» медальдары қатарын І, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені­ толықтырды. «СОКП қатарында 50 жыл» мерекелік медалін тағынды.

Ол жерлестерін бауырдан бетер жақын тұтатын. Ауыл келбетін жаңа құрылыстармен шырайландырғаны, балықшы қауымға қамқорлығы, ел ынтымағына сүйемелі жайында көз көргендер елжірей еске алады. Жағалау жайсаңдары ағайынды майдангер, талапшыл тұлғалар Әбжан мен Нұраш Жантекеевтердің өнегелі өмірбаяны туған жер мақтаныштарын кейінгілердің қастерлей жүруіне қолқа салады. Қос қаһарманның ұшқан ұясы «Үшшоқы» мекен­і туралы сөз басындағы назымыз Отан үшін от кешкен, жанын пида еткен Жантекеевтер сияқты марқа­сқалардың рухын аялай білу, ұрпақтар ұстанымына үлгі ету ишарасы­нан  туындаған  болатын.

Жаңабай  КЕМАЛ,

Арал  қаласы

 


АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАҒАН КОМПАНИЯ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
20.12.2018 10:43

Қарттар – қазынамыз. Қариясы бар үйдің берекесі бар деп те айтып жатады қазақ халқы. Өйткені олар бұрынғының адамдары және ұрпағын адамгершілікке, ізгі­лікке тәрбиелейді. Ал оларды сыйлау, құрметтеу – біздің міндетіміз. Сол үдеден қашан да тайсалмай келе жатқан іргелі ұжымның бірі – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы. Компания бүгінде жыл сайын өздерінде жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерін бір дастар­қан басына жинап, марапаттаудан тартын­ған емес. Тәуелсіздік ме­рек­есі қарсаңында қа­лыптасқан игі дәстүр­дің көз­айымы болып қайттық.

Айта кетейік, биыл «ПетроҚазақстан» компаниясының 11 қызметкері құрметті еңбек демалы­сына шықты. Олардың қатарында Е.Дүйсенов, Ж.Жұ­қашев, Ө.Мар­ха­баев, А.Москвин, Т.Мняжев, Ә.Мырза­мұратова, А.Сергеев, С.Өтеш­қалиев, Н.Филяе­ва, Б.Шонанов, Ә.Шә­менов сынды аға-апаларымыз бар. Сондай-ақ, осыдан бірнеше жыл бұрын да зейнеткер атан­ған ардагерлеріміз де ар­найы­ шақырылып, мара­пат­талып жатты. Солардың  бірі – Рахымбек Байғараев.

Өткенге шегініс жа­сасақ, ардагер  мұнайшы­ға ХХ ға­сыр­дың ауыр кезеңде­рін бастан кешіп­ті. Бүгін­гі­дей тоқшылық, бей­біт­ші­лік  заман­да ең­бек етіп, же­мі­сін көргені­не  қуа­нышты.

– Өңірімізде мұнай атқыла­ған алғашқы жылдары сол жерге еңбек етуге бардым. Мұнда мен машинист болып жұмыс істедім. Біз кететін вагондарды тиеп, оларды кіргізіп, қайта шығарып тұрдық. Сөйтіп, осында  табаны күректей 25 жыл қызмет еттім,- дейді Рахымбе­к  аға.

Қазақта «адам ұрпағымен мың жасайды» дейді. Шүкір, бүгінде Р.Байғараевтың бес ба­ласы бар. Олардың қызығын көріп, қуанышына ортақтасып келеді. Ал аяқтан тұрғызып, қанаттыға  қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай  өсір­гені күн-түн демей жұ­мыс істеуінің арқасы болса керек. Бүгінде сол еңбегі еленіп келеді. Зейнетке шыққанына 3 жыл болса да, ардагер мұнайшыны компания қай ша­рада­ болмасын ұмыт қалдырмапты. Жыл са­йын мерейлі мезет келгенде ма­ра­паттап, сыйлығын тапсырады екен. Бүгін міне, ҚР Энер­гетика министр­лігінің «Еңбек ардагері» меда­лімен  қоса бағалы сыйлығын алды (Дәл осындай медальмен ком­па­нияның тағы екі ардагері марапатталды). Бұл да – үлкен  қуаныш. Бейнетінің зейнетін  көрді деген­ осы болар, сірә? Қазіргідей жұмыстан  қысқарту, одан қалды зейнетке шықса, «бос жұмыс ор­нының боса­ғанына» қуа­натын заманда ардагерлерін  ұмытпай, марапаттап  отыратын  бірден-бір компания «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» болса керек. Ендеше, бұл  игілікті  шара өзге ме­ке­мелерге де үлгі болып­, жалғастыруды қажет  ететін  секілді.

Өз ісіне мығым болып, тәжірибе жинап, зейнет жасына жеткен ардагерлерді демалысқа шығуымен «ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасы У.Линьган  құттықтады.

– Сіздерді көп жылғы еңбектің зейнетін көрер қуанышты   шақтары­ңыз­бен  құттықтаймын.  Бұл – біз­ге жүктелген  жауап­кер­шілік. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»  АҚ  мұнай  компаниясының дамуы­на қосқан үлесте­ріңіз, жасампаз еңбектеріңіз, өз істері­ңізге шын берілгендеріңіз үшін сіз­дерге зор денсаулық, байлық  тілеймін, - деді.

Басқарма төрағасы осыдан кейін зейнеткерлікке енді шыққан 11 қызметкерді «Алғыс хатпен» марапаттады. Солардың қатарында 22 жыл осы компанияда, оның 15 жылында кәсіподақ көш­басшысы қызметін атқар­ға­н Елеусін Дүйсенов,  21 жыл өрт қауіп­сіз­дігі бөлімшесін  басқар­ған Б.Шонанов, 25 жыл МДАЦ операторы  бол­ған Ә.Шәменов  сынды  аға-апаларымыз  бар.

Бірлік бар жерде тір­лік  болады. Бұйыртқан бұл  күнге  жету  ел  бірлігі мен ынтымағының ар­қасы­ болса керек. Ал компания басшылығы ардагерлердің игілікті еңбегі  мен  алдына  қойған мін­деттерін орын­дауда та­нытқан жауапкершілігі үшін  осындай  марапат­қа лайық  деп  таныпты.

Айта  кетейік, «ПетроҚазақстан» спорт кеше­нінің ішінен ардагер­лерге  арналған арнайы бөл­ме ашылған. Енді зейнет жасына шығып, немере қарап қалатын қария­ларымыз  арасында бас қосып, шахмат, дойбы,­ т.б. спорт түр­лерімен  де  айналысатын болады. Бұл – уақытты тиімді өткізу  мақса­тында қолға алынған дүниелердің  бірі.

Ж.ЖҮНІСОВА,

А.Тайгунов (фото)

 


«БОРАНДЫ БЕКЕТТІҢ» ЖОЛАУШЫСЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
20.12.2018 10:00

Өткен аптада облыстық Көр­кемсурет галереясында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Жайлаубай Байсаловтың «Боранды бекет» атты жеке көрмесі ашылды. Боранды бекет­ – суретшінің туған ауылы. Боран­ды бекетте болмасақ та, «Боран­ды бекетке» барып көрдік. Сезім басқаша. Алғашқысына да барып көргендей әсер алдым. Картиналарды кезек-кезегімен бірнеше мәрте тамашалап өттім. 60-тан аса шығармасы қойылыпты.

Пейзаж, натюморт, автопортрет, т.б. жанрда салынған картиналары ілулі тұр. Өлшемдері мен атаулары өзгеше демесеңіз, бірі-бірінен асады. Жалпы, көрмедегі суреттердің түсі ерекше назар аудартты. Музыкада­ғы дыбыстар секілді бұл түстердің де адамның көңіл күйіне ерекше әсер ететіні анық. Сондықтан болар­, суретші Сыр бойына тән қоңыр түсті қолданса, қызылды-жа­сылды түстерге де шығармаларынан орын берген. «Әрине солай, 60 картинада қандай түс болмайды?» дейтін боларсыз. Байқағанымыз, ашық түстер көзге көбірек ұшырасады. Ал, бұл суретшінің көңіл күйіне тікелей байланысты. Мұны ғылым  да  дәлелдеген  көрінеді.

Көрменің ашылу салтанатына суретшінің өнер әлеміндегі әріп­тестерімен қатар, соңынан  еріп, ізін жалғ­аған жас қылқалам шеберлері де қатысты. Әрине, бұл өз кезегінде шығармашыл жастардың жігерін жанып, талабын ұштай түсетін тағылым­ды  шара.

Көрмеде алғаш болып сөз кезе­гін алған Қазақстан Суретшілер одағы Қызылорда облыстық филиа­лының төрағасы, мүсінші, суретші Аманкелді Кененбаев Жайлаубай Байсаловты  асқаралы 60 жасымен құттықтап, филиал  атынан  алғыс  хат  табыстап, құрмет  көрсетті.

- Бүгін біз үшін үлкен мереке! Облысымызда 32 ҚР Суретшілер одағының мүшесі болса, соның ішін­де өзіндік орны бар, қаламының қуаты бар, қолтаңбасы бар сурет­шіміз – Жайлаубай Байсалов дер едім. Сіздерге бүгін суретшіміз өзінің ойын, түсінігін, пікірін кар­ти­налары арқылы жолдайды. Жайлаубайдың  табиғатына  үңіліп көріңіздер. Картиналарынан көп нәрсе алуға болады деп ойлаймын,- деді ол.

Көрмені тамашалауға келген өнерсүйер  қала  тұрғыны Ерке­бұлан Әбсаматқа «Көрмеге келдің, не көрдің?» деген сауалды қойып көрген  едік. Оның жауабы мынадай  болды.

- Көрмеге келдім. Бұрын өзім аралап көрген жерлерді суреттен тамашалап, суретшінің оны өте шебер жеткізгенін білдім, сезіне алдым. Сурет өлі табиғат болғанымен, салынған бейнелер тірі секілді көрінді. Әлгінде айтқанымдай, өзімнің көзбе-көз көріп, табиғатына тамсанған жерлерді картинадан тамашалау өте бір қызықты дүние екен, - деді.

Өнер адамдарына қолдау керек. Бұл бүгін ғана қозғалып жатқан тақы­рып емес. Кейбір адамдарды кейбіреулер үшін түкке тұрғысыз болуы мүмкін нәрсенің өзінде болмауы­ қатты қажытады, талантын тұсаулайды. Әрине, бұл біздің кейіпкерімізге қатысты айтылып жатқан жоқ. Десе де, мұндай жайттың біздің елде жоқ екеніне ешкім кепілдік  бере  алмайды. Сондықтан, орайы келгенде суретшіден осы  жайында  сұрап  қалдық.

- Суретшілерді қолдау жағы дұрыс  болмай тұр. Бояуды да, кенеп­ті де өздері сатып алады. Көрмені өткізудің өзі – мәселе. Көрме – халқымыздың  рухани дүниесі. Ол әр адам­ға керек, ол бар адамға керек. Тек оның керек екенін сезінбейтіндер көп бізде. Десе де, қандай қиыншылық болса да, бағыты бар, мақсаты бар адам барлығын жеңіп шығады ғой. Сол секілді, шынайы еңбек еткендер шыңға оңай шығатын болады. Бұл – өнерге деген сүйіспеншілігіміз. Үкімет тарапынан жәрдем бола ма, болмай ма, оған біз қарай бермейміз. Бірақ, қолдау қай кезде де қажет, - деді  суретші  Ж.Байсалов.

Рас, қоғам қабылдай алмайтын жайттар бізде де бар. Сұрау сала­йық. «Құнды картиналар біздің елде жоқ па?». Намыстандыңыз ба, сөйте тұра ішіңізден «неге жоқ болсын, бар ғой, бізде өнерді дұрыс бағаламайды» дедіңіз бе? Қашан Қазақстан жаңалықтарында «Пә­ленше Түгеншеевтің мынанша миллионға баланған картинасы ұрланды» деген хабарды қашан көрсетеді екен? Біліп тұрмын, мұны да  қабылдай  алмадыңыз...

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 


КӘРІЗ СУ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.12.2018 09:20

Облыстың экологиялық мәселелері туралы мәжілісте тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын полигондарды экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру және қалдықтарды тасымалдауға байланысты бекітілген тарифтер талқыланды.

«Тұрғындардың салауатты және сенімді ортада өмір сүруін қамтамасыз ету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бүгінде облыс халқының 98 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесін пайдаланып отыр. Облыстағы  ауылдық елдімекендердің 83,2% орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл - республика бойынша алдыңғы көрсеткіштердің бірі»,-деді аймақ басшысы.

Облыстық экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаевтың айтуынша, аймақта көптеген әлеуметтік нысандар салынып, олардың әрқайсысына лас су жинақтағыш септиктері салынған. Тұрмыстық шаруашылыққа пайдаланатын судан жылына шамамен 16,0 млн.м3 лас су шығады. Алайда осындай көлемдегі лас суды төгетін  арнайы кәріз су қабылдайтын алаңдар кейбір  аудандарда нақты шешімін таппай отыр.

Департамент басшысы елдімекендердегі кәріз жүйесінен шыққан лас суларды реттеу шараларын жүзеге асыру туралы бірқатар ұсыныстар енгізді

Облыстық энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин мен аудан әкімдері кәріздік суларды тазарту және кәдеге жарату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Мәжілісте тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу мәселесі де қаралды. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиевтің айтуынша,  аймақтың экологиялық амәселелерінің ішіндегі маңыздысы полигондарды экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру болып табылады.

«Барлық аудандар мен қала әкімдіктері өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға 145 жер учаскесін белгілеп, тиісті құжаттарын толығымен рәсімдеді. 2013-2015 жылдары Қармақшы, Қазалы аудандарының орталықтарында полигон құрылыстары жүргізілді. 2018 жылы 1-ші кезекте облыстық бюджеттен Арал қаласына полигон салуға қаржы бөлінді. Қалған қаражат 2019 жылғы нақтыланған бюджетке ұсынылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені мен полигон құрылысын іске асыру жобасы басталды. Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында Сексеуіл мен Тереңөзек кентіне полигон құрылыстарына бюджетке өтінім ұсынылды. Қалған Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш аудандары полигонның жоба-сметалық құжаттарын әлі күнге дейін созуда»-деді А.Абдуалиев.

Жалпы аймақтың барлық аудандарында өңдеуге келетін қалдықтарды өңдеу бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмеуде. Облыс бойынша 2018 жылы жинақталған 147,0 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 4700 тоннасы өңделген. Қайта өңдеу үлесі 3,19 %-ды құрады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 84 ЖОБА ІСКЕ АСУДА PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.12.2018 18:18

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары денсаулық, спорт, білім, цифрландыру салаларын дамытуға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғыртуға бағытталған.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары мәселесіне арналған отырыста бұл жұмыстарды жүзеге асыру – жергілікті бюджет жүктемесін азайтып, қосымша инвестицияларды тартып қана қоймай, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыратынын атап өтті.

"Қазіргі таңда Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 84 жобасы іске асырылуда, 32 жоба бойынша келісімшартқа қол қойылды", - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, денсаулық сақтау саласындағы 29 жобадан басқа Қызылорда облысында тұрғынүй-коммуналдық  шаруашылығы саласында 20, дене шынықтыру және спорт саласында 12, білім беру саласында 7, цифрландыру саласында 6, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында 5, мәдениет саласында 2 жоба және әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдық тәртіп, экология саласында 1 жобадан іске асырылуда.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асырудағы белсенді аудандардың бірі - Шиелі ауданы. Бірінші мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалар осы ауданда жүзеге асырылған. Қазіргі таңда 4 спорт кешені ашылып жұмыс істеп тұр. 2019 жылдың басында қосымша 2 спорттық кешен пайдалануға беріледі, 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтерді көрсететін шағын ғимарат жұмыс істеуде.

Естеріңізге салайық, 2016 жылдан бастап Аумақтық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы және Жобаларға сараптама жүргізу орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығымен өзара ынтымақтастықты айта кету қажет, себебі бұл орталық республика бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асырудағы негізгі жұмысшы және үйлестіруші орган болып табылады.

Жиында өңірімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің дамуына үлес қосқан қызметкерлер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


“АҚМЕШІТТІҢ” КЕЗЕКТІ АСУЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.12.2018 16:49

Жалпы, журналистердің аладопты ермек етіп жүргендеріне біраз уақыт болып қалды. Осының арқасында Астана қаласында арнайы БАҚ лига құрылып, апта сайын доп тебуді бастады. Әлбетте, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүргендері құр сөзбен ғана емес, нақты іспен де дәлелдене түскендей. БАҚ лиганы былай қойғанда, еліміздің әр аймағында футбол жарыстарын өткізу дәстүрге айналып, эстафета арқылы бір-біріне жалғасып келеді. Өзге өңірлерде жалауын желбіретіп жүрген жарыстарға жергілікті журналистер “Ақмешіт” футбол командасын үкілеп қосады. Биылғы жылдың қорытынды жарысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай шырайлы Шымкент шаһарында қала әкімінің жүлдесі үшін өтті. “Alaman” футбол алаңындағы республикалық додаға еліміздің әр аймағынан сайдың тасындай іріктелген футбол ұжымдары қатысты. Ойын қорытындысында қызылордалық команда 3-орынды (300 мың теңге) иеленсе, алматылық “Аламан” футбол командасына 2-орын (500 мың теңге) бұйырды. Ал, астаналық “Хабар” командасының футболшылары Шымкент қаласы әкімінің кубогын және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыны жеңіп алды. Сондай-ақ, бірқатар ойыншылар үздік деп танылып, 25 мың теңге көлемінде қаржылай жүлдеге ие болды. Олардың қатарында Берік Уәли (Жамбыл облысы), Олжас Күлтешов (Алматы облысы), Есенжол Елекенов (Орал қаласы), Айдос Манаттар (Астана қаласы) бар.

- Тәуелсіздік күні аясында Шымкент қаласы әкімінің кубогы өңір-өңірдегі журналистердің басын қосқан, әріптестік байланысты, рухани сыйластықты арттырған спорттық дода болды. Биыл Сыр бойының қаламгерлерінен құрылған “Ақмешіт” командасы жазушы, журналист Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған дәстүрлі турнирде тұғырдың биігінен көрінгендіктен, фаворит ретінде қатысты. Әрі сенімді ақтап, үздік үш команданың бірінен көрінді. Әрине, бұл жеңіс сырбойылық қаламгерлердің ерік-жігері мен күш-қайратының арқасында келді, - дейді “Ақмешіт” намысын қорғаған Жаңақорған аудандық “Жаңақорған тынысы” газетінің бас редакторы Нұрлат Байгенже.

Сыр журналистері биылғы жылдағы алғашқы жарысын мамыр айында Талдықорған қаласында өткізген болатын. “Жетісу” және “Огни Алатау” газеттерінің  100 жылдығына орай өткен турнирде 2-орынға иелік еткен еді. Ал, араға бірнеше ай салып Астана қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жазушы, журналист Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнирде топ жарды. Тамыз айында Тараз әкімінің кубогы сарапқа салынған жарыста да “Ақмешіт” жақсы ойын өрнегін көрсетіп, төртінші орынға тұрақтады. Қыркүйек айында Қызылорда қаласының  200 жылдығына орай облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды. Аталмыш жарыста ғана жергілікті журналистер жүлдесіз қалды. Демек биыл “Ақмешіттің” қоржынына  1-4 аралығындағы барлық орындар бұйырды. Жеткен жетістік, шыққан шың жаман емес. Команда жетекшісі, журналист, “Нұр Отан” партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес ақмешіттіктерге әрдайым қолдау білдіріп келеді. Сондай-ақ, команда капитаны, “Qyzylorda” телеарнасының арнаулы тілшісі Әділбек Жақанов “Ақмешіттің” абыройын асқақтатуда аянбай еңбек етіп жүр.

 


Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары