Өзекті мәселелер

  • 13.06.19

    Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі ө...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-ша...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    «Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым ие...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап,...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 24 Желтоқсан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ЖАҒЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.12.2018 10:45

Қызылорда қаласының орталық алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі өтті. Шыршаның биіктігі - 23 метр, ені - 10 метр.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев тұрғындарды келе жатқан мерекемен құттықтап, 2018 жылды қорытындылап өтті.

«Барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткіздік. Индустрияландыру картасының аясында жүзеге асырылған 22 жобаның бүгінгі күні 17-сі өнім шығаруды қамтамасыз етуде. Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада өткен телекөпір аясында Шиелідегі тампонажды цемент зауыты іске қосылды. 2018 жыл қорытындысы бойынша Қызылорда облысы «Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір» деп танылып, мемлекет басшысы "Алтын сапа" сыйлығын табыстады. Өңірімізде 2018-2020 жылдарды жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жариялануы осындай жетістіктерге жетуімізге зор мүмкіндік беруде»,-деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы - халықтың жан басына шаққандағы әлеуметтік саланы қаржыландыру бойынша республикада көшбасшы. Бірқатар көрсеткіштер бойынша, оның ішінде құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және т. б. инвестиция көлемі бойынша өсім байқалады.

Облыстың бас шыршасын жағу мәртебесі өңіріміздің мақтаныштары - "Men qazaqpyn-2018" ұлттық мегажобасының жеңімпазы жыршы Күнсұлу Түрікпен, парадзюдо бойынша бірінші қазақстандық әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы мен "Мұрагер" мектебінің 11 сынып оқушысы, "Air Astana" және "Самұрық қазына" ұйымдастырған халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы Евгений Демиденкоға табысталды.

Мерекелік іс-шара концертпен жалғасты.

Айта кетейік, аудандарда биіктігі 10 метр болатын 5 шырша, сондай-ақ, диодтық жарық шамдар мен билбордтар орнатылды.

31 желтоқсан күні кешке орталық алаңда мерекелік гала-концерт ұйымдастырылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.12.2018 10:26

Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы тағайындалды.

Н. Қордабай 1976 жылы туған. Қызылорда политехникалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқық» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Дәнекер» АҚ бухгалтері ретінде бастаған.

1999-2015 жылдары Қызылорда облысының салық органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2015-2016 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі.

2016 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

 


Кітап - рухани қазына PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.12.2018 16:20

20 желтоқсанда Айнакөл ауылындағы №175 негізгі мектепте мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Кітап - рухани қазына» атты 5-7-сыныптарда үздік оқырмандар арасында интеллектуалдық сайыс өтті.        Мақсат - оқушылардың көркем әдебиетке құштарлығын арттыру, кітапхана қызметінің маңыздылығын арттыру, рухани тәлім-тәрбие беру.

Сайыс төрт бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде сайыскерлер тез, нақты сұрақтарға жауап беріп, ой ұшқырлықтарын көрсетті. Үшінші бөлімде оқушылар жаңылтпаш қайталаудан жарысып, есте сақтау қабілеттерінің мықтылығын дәлелдеді. Сергіту мақсатында жүргізілген «Bingo» ойыны, тіпті, қызықты өтті. Оқушылар қазақ жазушыларының шығармалары мен авторларын сәйкестендіріп, ұтыс сыйлықтарын жеңіп алды. Соңғы бөлімде сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салды. Домбырамен ән салды. Қазақ ақындарының жырларын жатқа, нақышына келтіріп оқыды. Сайыс нәтижесінде 5-сынып оқушысы Айсәуле Әділхан сайыскерлер арасынан оза шауып, бас жүлдені жеңіп алды.

Президент Н.Назарбаевтың жолдауына көз жіберсек: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін мәселелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», - делінген. Расында да бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты - білім, ал білімнің кәусар бұлағы - кітап екені белгілі. Еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы құлшынысына жолдама беретін кітапхананың маңызы зор.

 


"QAZALY MARATHON - 2018" өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.12.2018 15:11

Өткен жексенбіде Қазалыда аудан әкімдігінің қолдауымен "Zangar Sport" қоғамдық бірлестігі мен "Жас Орда" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "QAZALY MARATHON - 2018" марафоны өтті. Салауаттылық салтын сақтау, бұқаралық спортты дамыту мақсатын көздеген шара ерекше тартымдылығымен танылды.

Дүбірлі доданы құттықтау сөзбен ашқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. Айта кетерлігі, марафонға жастармен қатар аудан басшысы да қатысты.


Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Озаттар марапатталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.12.2018 15:03

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай сала қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады. Жиын барысында энергетика саласының мамандары мен еңбек сіңірген қызметкерлеріне, саланың бастау алған сәтінде тынымсыз еңбектерімен дамуына зор үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.

Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының «Ардагер энергетик» төсбелгісімен АйгүлҰлжекеш, Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамотасымен «Дәуле-Энерго» ЖШС-нің электр-монтер, бақылаушысы Жасұлан Құлтанов марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар сала қызметкерлеріне аудан әкімінің және облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының Алғыс хаты табысталды.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Алғыс арқалаған ақжелеңділер PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.12.2018 14:54

Ұялы телефоным үсті-үстіне шырылдай жөнелді. Беймезгіл уақытта соғылған қоңырау үні қандай суық десеңші?!. Мұндайда адамның көңілі сан-саққа жүгіретіні, неше түрлі қорқынышты ойлар шырмап алатыны белгілі ғой. Үй-ішімізбен үрпиісіп, телефонның тұтқасын көтердім. Үлкен келінім Гүлзат екен. Дауысы қалтырап Нұр-перзенттің (әлі жасқа толмаған кішкентайы, біздің немереміз) қызуы көтеріліп, қатты сырқаттанып жатқанын, жедел жәрдем шақырғанын зорға жеткізді. Бұған дейін алғашқы нәрестесі Нұр-Ислам аяқ астынан шетінеп кеткендіктен, қатты үрейленіп тұрғаны анық байқалады. Жолдасым екеуміз кенттің шеткері бөлігінде тұратын ұлымыз Қайыркелдінің үйіне жетуге асықтық. Біз барамыз дегенше кідірмей келген «жедел жәрдем» көлігі немеремізді анасымен бірге аудандық аурухананың балалар бөлімшесіне апарып жатқызыпты.
«Аузы күйген, үрлеп ішеді». Бізде (ата-әжесі) сол шақта «Соңы қалай болады?. Қазалы қанша дегенмен облыс орталығы немесе ірі қала да емес. Аудандағы дәрігерлердің шама-шарқы жетер ме екен? Ертерек білгенде Ақтөбе, Алматы, тіпті Астанаға апарып емдетер едік. Уа, Алла, батыр атамның аруағы өзің жар бол! Құлыншағымыз анасының бауырына аман-есен оралсыншы» деп іштей Жаратқанға жалбарынғанымызды, жерлес дәрігерлердің (аудан дәрігерлері мұнымызды түсінер, айыпқа бұйырмас деп ойлаймын) біліктілігіне пендешілік танытқандай болғанымызды несіне жасырайын?! Менің көкейімдегі күмәнді дөп танығандай ұлдарым аудандық аурухананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі Бота Нұрмаханова да, ұжым мүшелері де білікті дәрігерлер екенін, әсіресе Гүлзат Алтынбекқызы есімді жас маманды көпшіліктің «емі шипалы» деп мақтайтынын жарыса айтып жатыр. Мұны естігенде толқыған көңіліміз сәлде болса сабасына түскендей болды.
Сонымен ұйқысыз таңды да атырдық. Ел арасында дәрігерлер туралы «ауған түйенің жүгін басқандай» деген теңеу бар. Мағынасы Алладан туралап ажал келмесе (ажалды пендені кім алып қалар дейсіз?) мүмкіндігінше жәрдемдеседі дегенді пайымдатса керек. Бұл жолы да солай болды. Кеселдің беті қайтты. Сәбиіміз аман-есен құтты шаңырағына анасымен бірге оралды. Аллаға мың да бір шүкір! Сәл уақыт өте екінші ұлымыз Есеттің қызы Аянамыз сырқаттанып қалсын. Бұл жолы әуелі Алла, сонан соң аудандағы дәрігерлердің еміне үміт арттық. Өткен жолғыдай анда-мында апарсақ деген ой болған жоқ. Шипа дарып Аянамыз да сауығып кетті.
Жақсылықты көре білген де абзал. Жаңа жыл қарсаңында Қазалы аудандық ауруханасының Бота Нұрмаханова қызым басқаратын балалар бөлімшесінің ұжымына, білікті дәрігер Гүлзат Алтынбекқызына, барша дәрігерлер қауымына еңбектеріңіз жемісті болсын, Құдайдың бір аты саналатын халықтың ықылас-пейіліне бөлене беріңіздер, шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, елге жасаған қызметтеріңіз Алладан қайтсын дегім келеді!

Жұмабек Табынбаев,
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауераты,
Қазалы ауданы

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА 200 ОҚУШЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫНА ҚАТЫСТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.12.2018 14:50

Дәстүр бойынша мерекелік шараға оқу озаттары мен өнерлі оқушылар, облыс бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ "Атамекен" балалар ауылының тәрбиеленушілері, барлығы 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырылды.

Мерекелік іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауымен ашылды.

Шараға Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев қатысып, балаларды жаңа жылдарымен құттықтады.

«Бүгін республика көлемінде Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен Президент шыршасы ұйымдастырылуда. Сіздердің халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадаларда, шығармашылық және спорттық сайыстарда жетістікке жеткендеріңіз қуантады. Әрқайсысыңыз болашақта Қазақстан Республикасының атын әлемге әйгілі етеді деп сенемін!»- аймақ басшысы.

Оқушылар облыс әкіміне жан-жақты көрсетіліп жатқан қолдауы мен қамқорлығы үшін алғыстарын айтты.

Іс-шара мерекелік концертке ұласып, балаларға арнап дастарқан жайылып, сыйлықтар берілді, яғни «Bilim book» жинағы табысталды.

Сонымен қатар, жаңа жылдық мереке аясында балаларға қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, "Рухани жаңғыру" орталығына, «Мұз айдынына» барды және Қызылорданың басқа да көрікті жерлерін аралады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары