Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1556
mod_vvisit_counterКеше2779
mod_vvisit_counterОсы аптада13226
mod_vvisit_counterӨткен аптада18090
mod_vvisit_counterОсы айда15656
mod_vvisit_counterӨткен айда58946
mod_vvisit_counterБәрі4196746


Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 25 Желтоқсан 2018

Жұмыла көтерген жүк жеңіл PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.12.2018 10:29

Биылғы жылдың 23 желтоқсаны күні сағат 14:30 шамасында Сырдария өзенінің бойындағы қорғаныс бөгеті жырылып, дарияның ескі арнасына су ақты. Осыған орай, аудан әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы шұғыл түрде өткізіліп, атқарылатын жұмыстардың көлемі нақтыланып, тиісті сала басшыларына міндеттер жүктелді.

Нәтижесінде азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамы мен техникалары оқиға орнына тартылып, қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттеріне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген, бұл мақсатта 150 адам, 31 арнайы техника жұмылдырылған.

 

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


Шырша шамы жағылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.12.2018 10:27

Әне-міне дегенше Жаңа жыл да есік қақты. Жұртшылықтың жүзінен мерекелік көтеріңкі көңіл күйді аңғаруға болады. Орталық алаңда жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Рәсім барысында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов барша аудан тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Қазалы ауданы жаңа жылға жаңа табыстармен келіп отыр. Жуырда Тәуелсіздік күні мерекесін жоғары деңгейде атап өттік. Ширек ғасырлық жемісті жұмыстарға аудан халқының да қосып отырған үлесі орасан», - деген Әлімжан Мұратбайұлының лебізіне жиналғандар қызу қошемет білдірді.

Мұнан соң мерекелік шара басталды. Аяз ата, Ақшақармен суретке түскен көпшілік мәре-сәре. Шара соңы отшашуға ұласты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


ОБЛЫС ӘКІМІ "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.12.2018 10:09

"Нұр Отан" партиясының облыстық филиалында өткен қоғамдық қабылдауда Сыр өңірі фольклорының антологиясын құру, Қызылорда облысының тарихи-әдеби мұражайын ашу, жастар фестивалін өткізу және басқа да ұсыныстар айтылды.

Облыс әкімі, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев қызылордалықтардың мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және аймақты дамыту жөніндегі ұсыныстарымен танысты.

«Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының орындалуы аясында халық шығармашылығын дамыту бойынша облыстық продюсерлік орталығының бірегей бейне мұрағат материалдарын цифрландыруды және бұрын-соңды газетте айдар ретінде жарияланып, қаржыландыру мәселесіне байланысты тоқтатылған «жазба айтысы» жанрын жаңғыртуды ұсынды. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры Бағдат Карбозұлы «Дала фольклорының антологиясы» ізімен «Сыр өңірі фольклоры антологиясын» құру туралы ұсыныс жасады. Ал, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облыстық филиалының хатшысы Қаршыға Есімсейітова қалалық мұражайдың бұрынғы ғимаратында аймақтың тарихи-әдеби мұражайын ашуды, кейінірек сол жағалауда жаңа ғимарат салу мәселесін қарастыру керектігін айтты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері Әсем Какарманова мен Бекбол Қаратайұлы алдағы «Жастар жылына» орай өңірімізде «TEDx» инновациялық форматта республикалық «Алаш ардақтылары» жастар сессиясын және Қызылорда мен Байқоңырда «Ұлы дала елі» жастар фестивалін өткізуді, сондай-ақ, «Қызылорда» телеарнасында жастарға арналған креативті бағдарлама түсірілімін ұйымдастыруды сұрады.  «Жалағаш ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ бөлім меңгерушісі Нарбота Серәліұлы жастарды маусымдық және құрылыс жұмыстарына тартуға арналған «Жастар Еңбекке» республикалық жастар акциясын бастауды ұсынды.

Сонымен қатар, қоғамдық қабылдауда "Бизнестің жол картасы-2020" және "Орда" мемлекеттік бағдарламаларына қатысу шарттарын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қарыз алушылары үшін қажетті құжаттардың тізімін қысқарту және кепілдік бойынша шектеулерді алып тастау арқылы жеңілдетуге қатысты бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Ұсыныстармен танысқан аймақ басшысы барлық идеялар мен бастамаларды іске асыру мәселесі қаралатынын атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«Қызылорда су жүйесі» қаржылық қиындықтармен қалай күреспек? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.12.2018 10:04

Еңбек саласындағы заңнамаларды білуге және қажет кезінде тиісті органдарға шағымдануға жұмысшылардың көпшілігі немқұрайды қарайтыны рас. Ара-тұра басшылықтың «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге баратыны да жасырын емес.

Бұрнағы жылдары жекеменшік кәсіпорынның қызметкерлерінен арагідік «жұмыстан қысқарып қалдық» деген әңгімені еститінбіз. Ал қазір ше? Бүгінде осыған ұқсас жайттар жыл өткен сайын еселеніп барады. Десе де, құзырлы орган өкілдері «мұндай мазмұндағы арыз-шағымдар түскен жоқ» деп азарда-безер.

Биылғы жылдың қазан айында облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкері А.Әбсадықовадан еңбек қатынастарына қатысты шағым түскен.

– Арызданушы А.Әбсадықова мекемеде жүргізіліп жатқан қысқарту шаралары, жалақының уақытылы төленбеуі, мерекедегі демалыс күндері жұмысқа тартылғандығы және ол үшін еңбекақы төленбегендігі туралы шағым түсірген. Осыдан кейін еңбек саласындағы бақылау басқармасы өз құзыреті шеңберінде мекемеге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады,- деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тұмар Шалабаева.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде А.Әбсадықованың қыркүйек айындағы 141 мың теңгеден аса жалақысы уақытылы төленбегендігі анықталып, жұмыс берушіге нұсқама беріліп, оған ҚР Әкімшілік Кодексінің талабыны сәйкес 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған. Сонымен қатар мерекедегі демалыс күндері жұмысқа тартылғандығы және ол үшін еңбекақы төленбегендігі де расталған. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасында жазбаша келісім жасалмағандығы да дәлелденген. Еңбек Кодексінің 85-бабының 1-ші, 2-тармағында белгіленген талаптар өрескел бұзылған. Тұмар Балтабайқызының сөзінше, қазіргі таңда жүргізілген шаралардан соң А.Әбсадықованың еңбекақысы толық төленіп, нұсқама орындалған.

Осы ретте айта кетейік, мекемедегі штаттық кестені бекіту тікелей жұмыс берушінің құзыретінде. Алайда 55 жастан асқан тұлғалар мен жүкті және 3 жасқа дейінгі бала күтімінде отырған кейбір қызметкерлер қысқарту тізіміне еніп кеткен. Бұл еңбек заңнамасына қайшы әрекеттер болып саналады.

– «Қызылорда су жүйесі» МКК-да мекемедегі штаттық кестені оңтайландыру шараларына орай 47 қызметкер қысқартылған еді. Кеткен кемшіліктерді қалыпқа келтірдік. Ал, арызданушы А.Әбсадықова бүгінгі күні жұмыста жоқ. Бірақ, біз мекемедегі бірнеше қызмет түрін ұсындық. Ол бас тартты, - дейді «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Тілеуберген Қаныбеков.

Айтпақшы, аталмыш мекемеде қаржылық қиындықтар орын алып жатқан көрінеді. Мұны Тілеуберген Сағынышұлы да жоққа шығармады.

Қозы  Көрпеш  Жасаралұлы

 


Қала әкімі балғындарды жаңа жылмен құттықтады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.12.2018 09:55

Қалалық оқушылар сарайында қала әкімінің бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық мерекелік шарасы өтті.

Ертегілер әлеміне еліктірер ғажайып мереке биылғы жылы «IT көсемен виртуалды саяхат» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар сарайы толығымен тақырыпқа сай безендірілген.

Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасының балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 100 бала қатысты.

Балалар ертегілерінің ішіндегі ең жағымды кейіпкер Алдар көсенің - ХХІ ғасырдағы ұрпағы IT Көсемен бірге Қызылорда қаласының болашағына уақыт машинасымен саяхат жасап, ақылды қаланың жетістіктеріне тамсанып, жасанды интеллекттердің қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет істеп жүрген көрінісін тамашалады.

Осылайша, балғын балалар Жаңа 2019 жылға ерекше көңіл күймен қадам жасап, жаңа заман технологияларын меңгеруге деген зор құштарлықтарын танытты.

Жаңа жылдық шараның басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақардың киімдері де тақырыпқа сай электронды жарықшамдармен безендірліп, қалалық, облыстық сурет, өнер, спорт байқауларының жеңімпазы Темірхан Тұрлыхан қала әкімімен бірге шырша шамдарын планшетке орнатылған бағдарлама арқылы жақты.

Ертеңгілік соңы оқушылар сарайының өнерпаздары әзірлеген ән мен биге ұласып, қатысушы балалар Желаяқ, Ақшақар, Аяз атаға өнерлерін көрсетті.

Шарада балаларға арнайы дайындаған сыйлықтар (планшет, тәттілер, жұмсақ ойыншықтар) табысталып, қала әкімі балаларға арнайы әзірленген жаңа жылдық тортты үлестірді.

Шара соңында, барлық қатысушы бүлдіршіндер мерекелік дастарқаннан дәм татты.

Жалпы, Қызылорда қаласында білім беру мекемелерінде электронды технологияларды дамытуға барынша мүмкіндіктер жасалуда.

Оның нақты дәлелі, бүгінгі күнге Қызылорда қаласы бойынша 237 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесіне енгізілген. Қала мектептерінің компьютермен жабдықталуы, интернет желісіне қолжетімділік және электронды күнделік жүйесіне қосылу көрсеткіші 100 пайызға жетіп отыр.

 

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 


«Тілектер шыршасы» кішкентай қызылордалықтарды шаттыққа бөледі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.12.2018 17:36

Жаңа жыл – балалардың да, ересектердің де сарыла күтетін мейрамы. Әр отбасы осы күнге ерекше дайындық жасайды. Міне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы да мерекелік шаралар легін «Тілектер шыршасы» атты балалар ертеңгілігінен бастап жіберді.

«Азаматтарға арналған үкімет» бұл дәстүрлі қайырымдылық шарасын биыл екінші рет ұйымдастырып отыр. Мемлекеттік корпорацияның барлық облыстағы филиалдарында жаңа жылдық шырша орнатылып, онда әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларының Аяз атаға жазған хаттары ілінді. Қайырымдылық бағытымен халық ықыласына бөленген шара балғындардың көңілін көтеріп, ғажайып әсер сыйлады.

«Әр бала үшін Жаңа жыл мерекесі – әсерлі, сиқырлы мейрам. Бұл күнді олар жыл бойы күтеді. Өкінішке қарай барлық отбасының балаларының арманындағы сыйлығын алып беретін мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз достарымыздың, әріптестеріміздің көмегімен осы бөбектердің хатында жазған армандарын орындауға тырыстық. Олардың бүгінгі шат-шадыман күлкісін естуден артық сый жоқ», – дейді филиал директоры Айдын Қайруллаев.

Әдемі безендірілген зал, әсем шырша, тамаша костюмдер мен сыйлықтар, Аяз Ата, Ақшақар, Бетман және басқа да ертегі кейіпкерлері ешкімді бейжай қалдырмады. Тіпті орталыққа қызмет алуға келген азаматтар да қызықты көріністі тамашалап, әр нөмірге қолпаштап  отырды.

Барлық бала өздерінің дайындаған ән-биін көрсетіп, шыршаны айнала жүріп, қызықты ойындар ойнады. Өздерінің хаттарында жазған сыйлықтарын алып, мәз-мейрам болды.
Өз кезегінде, корпорацияның мұндай ықыласына риза болған ата-аналар ұйымдастырушыларға үсті-үстіне алғыстарын білдірді.


«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясының

Қызылорда облыстық филиалының

баспасөз қызметі

 

 


Мемлекеттік қызметшілерге қайырымдылық шараларын өткізу ұсынылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.12.2018 15:12

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (ары қарай - Департамент) 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыста жарияланған айлық аясында атқарылған жұмыстары туралы Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев және облыстық арнайы мониторингтік топпен жүргізілген жұмыстар туралы топ басшысы Ізден Анар Ізден баспасөз брифингін өткізді.

Брифингте Б.Байхожаев 2018 жылдың 26 қарашасы мен 26 желтоқсан арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық аясында және А.Ізден арнайы мониторингтік топпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Айлық барысында қоғамдық бақылау картасы және мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу арқылы нақты шаралар қабылдайтын «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Осы арқылы, мемлекет басшысының Жолдауындағы Елорданың жемқорлыққа қарсы тәжірибесі «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы Сыр өңірінде де іске қосылды. Жобалық кеңсе ең алдымен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, оған қарсы төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыс істейді. Білім, денсаулық сақтау, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер, сот және құқық қорғау органдары қызметтеріне талдау жұмыстарын жүргізеді.

Елімізде тұңғыш рет «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық штабы құрылып, өз жұмысын бастады. Штабтың мақсаты жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелейтін «Адал ұрпақ» клубтарының жұмыстарын осы штаб арқылы үйлестіру болып табылады. Осы кезге дейін облыстағы ерікті клубтардың жұмысын үйлестіретін, оларға методикалық көмек көрсететін арнайы орталықтың болмауы қиындықтар тудырып келген болатын. Қазіргі таңда облыстық штабта ұйымдастырылған жұмыстардың 500-ге жуық материалдық қоры осы штабта жинақталған. Аталған штаб дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында орналасты.

Жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» жобасы жүзеге асуда. Жоба мақсаты - студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы тұруға насихаттау, таза сессия шараларын қамтамасыз ету. Осы жұмыстарды үйлестіретін базалық фронт-офис қызметі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратында ашылды.

Жастарды адалдық пен имандылыққа тәрбиелейтін «Адалдық дүкені» ашылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу ғимаратында орналасқан дүкеннен оқытушылар мен студенттер қажетті затын алып, ақшасын арнайы жәшікке салады. Сатып алушыларды ешкім бақыламайды. Бейнекамера да, күзетші де жоқ. Жастарды жақсы қасиетке баулуды көздеген жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға да әсер етеді. Алдағы уақытта мұндай дүкенді өңірдегі барлық оқу орындарында ашу жоспарда бар.

Департамент облыстық әкімдікпен бірлесе отырып жас мемлекеттік қызметшілер арасында 11 команданың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты жайдарман сайысын өткізді. Аталған шараның мақсаты қоғамда, оның ішінде жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, иммунитетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру болып табылады.

Облыс тұрғындарының сыбайлас жемқорлық мәселесіне көзқарастарын анықтау мақсатында «Сыр медиа» ЖШС-нің Ақпараттық талдау орталығы жүргізген әлеуметтік зерттеуге қатысқандардың 19 пайызы қиналған сәтінде пара беретінін білдірсе, 66 пайызы сыйақы немесе пара бермейтіндігін айтқан. Пара бермейміз деушілердің қатары өткен жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға артып отыр.

Ал, «You&Me» Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша жүргізген социологиялық зерттеуіне қатысқан аймақ тұрғындарының 63,9 пайызы ешқандай жағдайда сыйақы/пара бермеймін десе, 73,2 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірген. Респонденттердің 83,3 пайызы пара немесе сыйлық беру жағдайына кезікпегендігін айтқан.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген қызметкерлерге қызмет бабында өздеріне сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады.

Мемлекеттік қызметші 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі заңсыз сыйақы алған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабына сәйкес 600 АЕК (1443000 тг) айыппұл салуға, ал заңсыз сыйлықты берген азаматқа осы кодекстің 676-бабына сәйкес 200 АЕК (481000 тг) айыппұл салуға негіз болады. Егер, сыйақы көлемі 2 АЕК-тен артық болса, онда ол пара ретінде бағаланады және оны алған тұлға да, берген тұлға да қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Мемлекеттік қызметшіге білмей келiп түскен сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады.

2017 жылы 3 мемлекеттік қызметкер 14 сыйлық өткізсе, биыл 8 мемлекеттік қызметші 22 сыйлықты арнайы мемлекеттік қорға өткізген.

Жаңа жыл мерекесі қарсаныңда 25-29 желтоқсан аралығында заңсыз сыйлық алу-беру фактілерінің алдын алу мақсатында Департамент ҮЕҰ өкілдері, қоғам белсенділерімен бірлесіп топ құрылып, рейд шаралары жүргізіледі.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптары бұзушылықтарын алдын алу мақсатында Департаментпен мемлекеттік орган басшыларына Жаңа жыл мерекесін мейрамханаларда атап өтудің орнына қайырымдылық шараларын өткізу жөнінде ұсыныс хат жолданды.

Б.Әбдіқадыров

 


Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары