Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Желтоқсан 2018

«Қарлығаш» қолөнер орталығы кәсіпкерлікке де бейімдейді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.12.2018 17:15

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Кәсіпкерлер палатасымен қысқа мерзімді жұмысшы мамандықтарға оқыту жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Оқытуды «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқыту орталықтары тізіліміне енген орталықтар жүргізуде.

Аталмыш тізілімге Қызылорда облысынан 20 орталық енген. Бұл жерде Палата кәсіпкерлердің сұранысын ескере келе оқытылатын мамандықтардың оқу бағдарламаларын қадағалайды. 2017 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 954 жұмыссыз азамат жұмысшы мамандығына оқып, оның 60 пайызы жұмысқа орналасты. Ал биыл бағдарлама аясында 975 азамат оқытылды.

Облыс азаматтарын оқытқан оқу орталықтарының бірі «Қарлығаш» қолөнер орталығы. Бүгін біз осы орталықтың негізін қалаған қолөнерші, кәсіпкер Қарлығаш Ілиясова туралы айтпақпыз.

Қарлығаш Ілиясова осыдан 10 жыл бұрын Қырғыз елінен өз туған жеріне көшіп келеді. Алғаш келген кезде тек күнкөріс қамы үшін ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын тігіп, тұтынушыға ұсынады. Уақыт өте келе кәсібін кеңейтуді ойластырып, Кәсіпкерлер палатасынан бизнес кеңес алады. Осы мекемеден инновациялық жобаларға арналған грант туралы да естиді. Оған өзінің бизнес-жоспарын ұсынып, грантқа, яғни қайтарымсыз қаржыға қол жеткізеді. Осылайша шағын шеберханасын ашып, қосымша тігін машиналарын алуға мүмкіндік туады.

Одан бөлек үйінде жұмыссыз отырған қыз-келіншектерге өзінің білгенін үйретіп, кәсібін одан әрі ұлғайтуды көздейді.

«Қазақстанның үздік тауары», «Шебер» фестивалі сынды шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесіне қатысып, Мемлекет басшысының да жоғары бағасын алдым. Ол жерде ұлттық киімдерді де көрсеткен болатынбыз. Ұлттық киімдер синтетика емес, кезінде әже-апаларымыз киген бархаттан тігіледі. Сапасына қарай бағасы қымбаттау. Дегенмен азаматтардың қалтасы көтеретіндей», - дейді кәсіпкер Қарлығаш Ілиясова.

Бүгінде Қарлығаш Қазақстан шеберлер Одағының мүшесі және оның облысымыздағы өкілі, әрі қолөнер шебері. Оның қолынан шыққан эксклюзивті бұйымдар Халықаралық мәдени-этнографиялық фестивальдерде, көрме-жәрмеңкелерде ондаған алғыс хаттармен, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталған.

Бүгінде кәсіпкердің ұлы мен қызы да ана жолын қуып, ұлттық бұйымдарды тігумен, зергерлік бұйымдарды дайындаумен айналысады.

Қазір шебердің үлкен шеберханасы бар. Облыс әкімдігі мен Қолөнер шеберлер Одағының басшылығы Қарлығашқа шеберлер орталығын ашуға көмектесті. Осы жерде өңірдегі қолөнер шеберлері жиналып, өз тәжірибелерімен бөліседі, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жандар оны халыққа жеткізу жолдарын, оны заманауи үлгіде ұсыну түрлерін қарастырады.

Қарлығаш биыл Сыр елінде өткен «Сән мен сахна» халықаралық дизайнерлер фестивалінің жеңімпазы. Одан бөлек облыстағы кәсіпкерлер субъектілерінің тізіліміне енген. Шебер алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, жұмыссыз отырған қыз-келіншектерді жұмыспен қамтамасыз еткісі келеді. Ең бастысы, ұлттық өнерімізді жаңа қырынан дамытып, жаңғыртқысы келеді.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Жол жағдайымен танысты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.12.2018 17:45

«Жол азабын жүрген білер». Аталмыш қағида өзінің өміршеңдігімен құнды. Қандай қоғамда болмасын жол жағдайы маңызды сипатқа еге екені әмбеге аян. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың аудандық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, тындырылған тірліктерді өз көзімен көруі осыны аңғартқандай.

«Басықара-Абай-Өркендеу» бағытындағы автомобиль жолында жол жабыны толықтай өсімдіктерден тазаланып тегістеліп, нысан басына малта тасты қоспа тасымалданған. Сонымен қатар, 12 шақырым жолға құм төсеп тығыздалса, бес шақырым жолға да қажетті тас қоспасы төселген екен. «Строй модуль Астана» ЖШС мердігер болып есептеледі. Оған қоса «Өркендеу елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолына қара щебень мен асфальт қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Жол жабынын бекіту, жол белгілері мен дыбыстық бағаналар орнату жұмыстары жүруде.

Сырдария өзенінде сең жүруіне байланысты Абай-Қарлан учаскелеріндегі қалқымалы көпірлер уақытша алынып тасталған-ды. Нақты ахуалмен танысқан Мұрат Нәлқожаұлы жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді. «Қожабақы-Жалпақ» аралығындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолы құрылысының жай-күйін білген аудан әкімі темір-бетон көпір құрылысын қайта жаңғырту жұмыстарын шолып шығып, тиісті мамандарға құрылыстың жүргізілуін қатаң бақылауды тапсырды.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


Қамданған қапы қалмайды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.12.2018 17:38

«Сақтансаң, сақтармынды» білмейтіндер жоқ шығар. Қазалыда аудан әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен өткен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы осы даналық сөзді еске түсірді. Қыс-көктем мезгілдерінде аудан аумағында болуы ықтимал су тасқынының алдын алуға дайындық шаралары сөз болған комиссия отырысында аудан әкімі соңғы жылдары көктемгі су тасқыны салдарынан Сырдария бойындағы қорғаныс бөгеттері бұзылып, елді мекендер мен әлеуметтік-мәдени нысандарға қауіп төндіргенін атап өтті.

Мұнан соң жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ғ.Сматуллаев өзінің хабарламасында биылғы жылы облыс әкімінің қолдауымен облыстық бюджеттен 23 нысанға қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеніне тоқталды. Сондай-ақ, аудан аумағында 4 нысанды жедел түрде (Масақбай қорғаныс бөгеті, Ақсуат су тарату бекетінің жанындағы бөгеті, Байқожа су тарату бекетінің қорғаныс бөгеті, Абай елді мекенінің қорғаныс бөгеті) қалпына келтіру қажеттігі жөнінде ұсыныстар айтылды. Су шаруашылығының ардагері Қ.Көланов пен Майлыбас ауылдық округі әкімі Қ.Жұбатқан төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев авариялық материалдар қорын жасақтау, көшірілетін тұрғындар мен мал басының санын нақтылауды және алдағы уақытта аудан аумағындағы меншік нысанына қарамастан мекемелерді қатыстыра отырып оқу-жаттығу өткізуге тапсырма берді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өңірдегі уақыт белдеуін бір сағат кейінге өзгерту туралы мәлімдемесі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.12.2018 17:35

Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың өңірдегі уақыт белдеуін бір сағат кейінге өзгерту туралы мәлімдемесі

Құрметті жерлестер!

Облысты 5-ші уақыт белдеуінен 4-ші уақыт белдеуіне көшіру, яғни аймақтағы уақытты есептеудің қолданыстағы тәртібін бір сағат кейінге өзгерту аймақтың табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайына неғұрлым оңтайлы шешім болып табылатыны жайлы облыс әкімдігінің ұсынысы Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қабылданды.

Уақытты есептеу тәртібін өзгертудің орындылығы туралы мәселе бейінді институттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдары ескеріле отырып зерделенді, олар Қызылорда облысының аумағындағы уақыт белдеуін

5-шіден 4-ші уақыт белдеуіне өзгерту қажеттілігін қолдады.

Қазақстан Республикасындағыастрономия және астрофизика саласындағы іргелі зерттеулер жөніндегі жетекші ғылыми мекеме – «В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының» қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының аумағы 59° және 68° бойлық аралығында орналасқан, бұл 4-ші уақыт белдеуіне жатады және Астана уақытынан бір сағаттан аса айырмашылығы бар.

Бұдан басқа, Білім және ғылым министрлігінің Адам және жануарлар физиологиясы институтының ақпараты бойынша уақыт белдеуін өзгерту Қызылорда облысы тұрғындарының әсіресе балалардың денсаулығына әсер ететін физиологиялық ауытқуды жоюға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Энергетика, Ішкі істер, Инвестициялар және даму министрліктері Қызылорда облысындағы уақыт белдеуін өзгерту ұсынысын толық  қолдады, бұл мәселенің экономикалық шығындарға әкелмейтіндігі белгілі болып отыр.

Ал, энергетика саласы бойынша экономикалық бағамды зерттеу барысында электр энергиясын тұтыну 4,2 пайызға үнемделетіні анықталды.

Жалпы, Қызылорда облысының аумағында уақыт белдеуін бұрынғы қалпына келтіру ешқандай қаржылай шығынды талап етпейтіні және әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің оң бағыттаілгерілеуін, азаматтардың денсаулығына әсер ететін физиологиялық тепе-теңдікті жақсартуды көздейтіні толық дәлелденді.

Сөйтіп, мәселенің өзектілігін ескере отырып, облыс аумағында уақытты есептеудің қолданыстағы тәртібін ағымдағы жылдың 21 желтоқсанынан бастап бір сағат кейінге өзгерту туралы ұсыныс қолдау тапты.

 

Ардақты ағайын!

Әрбір тұрғын мемлекеттік органдардың жүргізіп жатқан жұмыстарының мәнін және олардың ел үшін жасалып жатқан маңызын жете түсінуге тиіс, жұмыстарды нәтижелі жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы да маңызды. Ал, осы мәселені, айта кету керек, әлеуметтік желідесаясиландырып, халық арасында билікке деген реніш тудыруға кейбір талпынғандар да болды. Мұны биліктің өзі шешіп жатқан мәселесін пайдаланып, арзан бедел жинау әрекеті деп білемін.

Құрметі жерлестер!

Әрқашан ауызбіршілігіміз мықты болып,бір заманда, бір мүддеде, бір уақытта,бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылған қалпымызды сақтай білейік! Сіз бен біздің бірлікте атқарған істеріміз лайым нәтижелі бола берсін!

Осы мүмкіндікті пайдалана отыра Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен және Жаңа жылмен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасына амандық, бақыт, жаңа табыстар тілеймін!

Назарларыңызға рахмет!

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ 3D-КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.12.2018 11:28

3D-картаға қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі 150 ескерткіштің виртуалды үлгілері - 60 археология ескерткіші және 90 сәулет ескерткіші кіреді.

Қызылорда облысының аумағында 30 республикалық және 256 жергілікті маңызға ие 286 ескерткіш бар.

"Бұл - Орталық Азия үшін тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге бағытталған бірегей жоба. Ең озық жабдықтар мен технологиялардың көмегімен барлық нысандардың құжаттамасы дайындалған. Осылайша танымдық-тарихи анықтама ғана емес, ескерткіштерді егжей-тегжейлі зерттеуге арналған аса дәлдікке негізделген құрал болмақ. Болашақта ескерткіштердің деректер базасы кеңейтіледі. Оқушылар мен студенттерді квест және басқа да ойын түрлері арқылы тарту үшін бағдарламалық өнімді әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Қазір түрік әріптестеріміз қызығушылық танытуда", - деді жоба авторы, Халықаралық Орталық Азия зерттеу институтының директоры Дмитрий Воякин.

Дмитрий Воякиннің айтуынша, 3D-картаны дайындау кезінде ескерткіштердің дәлдігі жоғары үш өлшемді үлгілерін жасау үшін 70 000 000-нан астам полигон әзірленді.

"Аймақтың мәдени ескерткіштерінің 3Д-картасы - «virtualmap.xyz» интерактивті веб - ресурсын құру үшін 33 000-нан астам сурет, ежелгі қалашықтардағы 4000-нан астам сурет, 40 000-нан астам аэрофотосуреттер және 13 сағаттан асатын пилотсыз ұшу аппараттарынан бейне түсірілімдер мен 450-ден аса және жерден 1000-нан астам панорамалық сурет жасалды", - деді Д.Воякин.

Карта арнайы сайтта ұсынылатын болады. Қазіргі уақытта толықтыру жұмыстары жүргізілуде, 2019 жылдың қаңтар айында қолжетімді болады деп жоспарлануда.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ДАРЫНДЫ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН «САМҒАУ» СЫЙЛЫҒЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.12.2018 10:53

Қала әкімінің қолдауымен өткізілетін Қызылорда қаласының дарынды жастарына арналған «Самғау» жастар сыйлығына үміткерлерді қабылдау басталды. Сыйлық – өңіріміздегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, білімге, өнерге, ғылымға, спортқа жаны құмар, азаматтық қоғамды қалыптастыруда өзіндік үлес қоса алатын жастарға биік белестерден көрінуіне ықпал жасау, одан әрі шығармашылығын шыңдау, саяси-мәдени, рухани байлығын арттыру, қолдау көрсетіп, көтермелеу мақсатында тағайындалады.

Бұл туралы кеше брифингте қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Жанболат Досмаханов айтты.

«Самғау» сыйлығы биыл 7 мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Қойылатын талаптары: 14 пен 29 жас аралығындағы барлық қала жастары. Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығының тағайындалуының басты қағидасы өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен, жоғары санаттағы мамандықтарды игерген жастарға табысталады. Сонымен қатар, өз саласының және қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеялары қошталады»,- деді Ж. Досмаханов.

Биыл «Самғау» сыйлығының өтуін «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН «САМҒАУ» СЫЙЛЫҒЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ

Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының өзара байланысын нығайту, қала жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, талантты, білімді, саяси және қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында тағайындалады. 
Ұйымдастырушылар: 
- Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі. 
Қойылатын талаптар:
14 пен 29 жас аралығындағы барлық қала жастары. 
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығының тағайындалуының басты қағидасы өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен, жоғары санаттағы мамандықтарды игерген жастарға табысталады. 
Сонымен қатар, өз саласының және қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеялары қошталады.
«Самғау» сыйлығы төмендегі бағыттар бойынша қаланың дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып белсене атсалысқан жастар үшін тағайындалады:
- өз саласы бойынша (білім, ғылым, өнер, мәдениет және спорт) жоғары және жақсы көрсеткіштерге, жетістіктерге қол жеткізгені үшін;
- әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге белсене қатысуы;
- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары;
- жеке басының жетістіктері;
- аудандық, қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысуы және жеңімпаз аталуы.
«Самғау» сыйлығы ұлты, нәсілі, жынысы, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды. 
Қызылорда қаласы жастарына арналған сыйлық он жасқа (сыйлық көлемі 100 000 (бір жүз мың теңге) тағайындалады және бір адамға екі мәрте сонымен қатар, осы уақытқа дейін осы сыйлықты алған жастарға қайта берілмейді. 
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы үш кезең бойынша ұйымдастырылады:
- бірінші кезең: үміткерлердің құжаттарын қабылдау (2018 жылғы 14 желтоқсанға дейін);
- екінші кезең: «Самғау» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау (2018 жылғы 18 -19 желтоқсан);
- үшінші кезең: «Самғау» сыйлығының иегерлерін марапаттау (2018 жылғы желтоқсан айы).
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығына үміткерлер мына төмендегі құжаттарды 2018 жылдың 14 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не (Қызылорда қаласы, қалалық мәдени және демалыс паркі) тапсыруы қажет: 
- жұмыс орнынан /оқу орнынан/, саласы бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан ұсыным хаттары (қол жеткізген жетістіктері мен марапаттарын көрсете отырып);
- түйіндеме (қазақ және орыс тілдерінде жазылған, 3х4 фотосуретімен);
- өмірбаяны; 
- жұмыс орнынан /оқу орнынан/ анықтама;
- орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі);
- жетістіктері (алғыс хаттары, мақтау қағаздары, дипломдары және т.б.) /сканер арқылы жасалған көшірмелері/; 
- «Мен осы сыйлыққа неге лайықтымын?» тақырыбында қатысушы үміткерлердің өздерінің жетістіктері бойынша таныстыруы (таныстыру барысында пайдаланылатын слайдтарды көрсету әдісі қатысушылардың өз еркінде); 
- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша өткізген, қатысқан шаралары жайлы мәлімет, жарияланған мақалалар, жүзеге асырған жобалары және басқа да ұсыныс, кепілдеме хаттары;
- 10х15 фотосуреті (1 дана, электронды нұсқасымен); 
- жеке куәлігі (көшірмесі), тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама.
- банкте есеп-шоты бар екендігін растайтың анықтама қоса ұсынылуы қажет (жеңімпаз болып таңылған жағдайда сыйақы көрсетілген есеп-шотқа 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін аударылады);
Құжаттар бекітіліп, беттеліп ұсынылуы қажет (портфолио түрінде).

Ескерту: Тапсырылған құжаттар рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда қарастырылмайды және аталмыш байқауға деңгейлес өзге байқауларда жеңімпаз атанған жастар қатыса алмайды. Ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды. 
Қосымша ақпараттарды қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нен алуға болады.
Байланыс телефоны: +7 747 510 21 74, 26-42-45

 


Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.12.2018 10:42

Осы тақырыпта Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы сұхбат өткізді.

Шара мақсаты - жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақ болуға және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Бақтияр Оспанов қатысып, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм туралы айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Шараға М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі мен С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің студенттері қатысты.

Оқырмандар назарына кітап көрмесі ұсынылды.

 


«СЫРЫМДЫ ЖЕТКІЗ ЖЫРЛАРЫМ...» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ МҮШӘЙРА ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.12.2018 10:26

Кеше Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ақын, ұстаз Мұхамбетқали Шыңғысовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Сырымды жеткіз жырларым...» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы талапкер ақындарға сәттілік тіледі.

Ақын, ұстаз Мұхамбетқали Шыңғысов ағамызбен замандас болып, көзін көрген зиялы қауым өкілдері, Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, аудандық мәслихат депутаты, ақын Алтай Үсеновтер естеліктер айтты.

Мүшәйраға қатысқан 12 ақынға арнайы құрылған әділ қазылар алқасы төрелік жасап, нәстижесінде бас жүлде Ғабит Кәдірбайға /Қызылорда қаласы/, І орын Ақжол Түменбайға /Қазалы ауданы/, ІІ орын Орынкүл Тынымбаева /Қармақшы ауданы/, ІІІ орын Тұрар Бекмұрзаевқа /Қармақшы ауданы/ бұйырды. Барлық қатысушы ақындарға арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


АУДАН ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.12.2018 10:19

Кеше 6 желтоқсан - Прокуратура күніне орай аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қабылдады.

-Мемлекет билігі органдары жүйесінде прокуратураның орны қашанда ерекше. Жоғары қадағалау жасауға конституциялық өкілдігі бар бұл салаға Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау міндеттелген. Қазіргі таңда ауданда прокуратурамен қоса аудандық сот, ішкі істер бөлімі аудан әкімдігімен бірлесіп, әлеуметтік-саясаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелерін қатаң бақылауда ұстап келеді, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Қабылдау барысында құқық қорғау саласының дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерекелік медалімен, ауданның Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Кездесуде 2016-2018 жылдың желтоқсан айына дейін аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған Нұрлан Ибраев сөз алып, ізгі тілегін білдірді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


«АТАМЕКЕН» ДАМУДЫҢ ЖАҢА МАҚСАТТЫ МОДЕЛІН ТАНЫСТЫРДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.12.2018 09:45

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ұлттық палата Төралқасының кеңейтілген отырысында айтты.

Эльдар Жұмағазиев жаңа жылдан бастап «Атамекеннің» маңызды міндеті өнімді қаржыландыру және өткізу мәселелерін шешуде бизнеске көмек көрсету болатынын атап өтті. Бұл үшін клиенттік бағдарлану, фокустану және жобалық тәсіл принциптері бойынша функционал құрылымы қайтадан құрылатын болады.

«Жұмыс үш кезеңнен тұрады. Біріншісі қаңтар айының басынан мамыр айының басына дейін өтеді. Біз 1,2 млн кәсіпкердің «ауласын» аралап шығамыз, бұл бірыңғай сандық база құруға мүмкіндік береді», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Екінші кезең шеңберінде кәсіпкерлерге электронды сауалнама жүргізіліп, проблемалық мәселелерге талдау жасалады. Қорытынды кезең - кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдармен және Үкіметпен бірлескен іс-қимыл жоспарын пысықтау. Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, «Атамекенде» арнайы қызметтер тізілімі, өнімдердің жеке төлқұжаттары, тиісті қызмет көрсету регламенттері пайда болады.

ҰКП әр бағытқа арнап цифрлық шешім дайындайды. «Кредиттік агрегатор» сервисі қаржыландыруға арналған, өнімді өткізу үшін «Жеткізушілердің, өндірушілердің және әлеуетті сатып алушылардың бірыңғай тізілімі» болады. «Atameken.Academy», ол бизнесті офлайн және онлайн режимде үйретеді. Ерекшелігі, бұл «топтамалық ұсыныстар» алаңы болмақ. Негізгі фокус - шағын және микро-бизнес, сондай-ақ, бар орта кәсіпорындардың диагностикасы, оның ішінде қаржылық диагностика. Әрбір орта кәсіпорынның даму жоспары қорытынды ретінде жүреді.

«Біз фермерлердің жартысынан көбі біліктілігін арттыру қажеттігіне тағы да көз жеткіздік. Ақтөбе облысының скрининг нәтижелері 20 жылдық өтілі бар фермерлердің жыл сайынғы айналымы жылына 3-4 млн теңгеден аспайды. Олар өз бетімен тығырықтан шыға алмайды. Сондықтан, біз «Atameken.Academy» арқылы жергілікті кеңселері шеңберінде агробіліктілікті дамытуды бастаймыз». Біз фермерлер алдында нақты талаптар қою керек деп санаймыз, атап айтқанда топырақты талдау, тыңайтқыштарды пайдалану, агротехнологияларды пайдалану, тұқымдарды жаңарту және жылу үнемдейтін технологияларды пайдалану. Субсидияларды осы шарттар сақталған жағдайда ғана бөлу қажет. Ал орындалмаған жағдайда мемлекет үшін жер учаскелерін алып қою құқығын қалдыру керек», - деді Басқарма мүшесі.

Эльдар Жұмағазиев Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен келесі жылы Ұлттық палата 20 млрд теңге алуды жоспарлап отырған «Бастау» жобасын жүзеге асыруға тоқталды. 2018 жылы бес әлеуметтік бастама аясында Мемлекет басшысы бизнесті шағын несиелеуге қосымша қаражат бөлді. Ақша өткен жылы «Бастау» түлектерінің жобаларын қаржыландыруға бағытталды, бұл - 1 300-ден астам адам.

«Келесі жылы олар әлдеқайда көп болады, себебі оқытылғандар саны екі есе артады, ал қаржыландыру деңгейі ағымдағы жылдың деңгейінде қалады», - деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

Қалалардағы стартаптарды қаржыландыру мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Микроқаржылық ұйымдар үшін «кіру билеті» қымбат, ал операциялық субсидиялар жоқ, деді Эльдар Жұмағазиев. Нәтижесінде МҚҰ жобаларды қаржыландыруға құлықсыз.

Ұлттық палата балама ретінде жеке микроқаржыландыру жүйесін дамытады.  «Атамекен» жанынан құрылған МҚҰ аясында төрт өңірде 7 млрд теңге көлемінде 1,5% қайтарымсыз пайызымен қаржылай көмек көрсетілді. Жыл соңына дейін ҰКП тағы 10 облыста осындай ұйымдар құруды жоспарлап отыр.

Кеңес барысында кадрларды даярлау мәселесі көтерілді. Бүгінде дуалды оқытуға кәсіпорындарда студенттерді оқытуға дайын 2300 компания тартылған. Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, ҚР БҒМ оқытуды практикалық негізге ауыстыру ұсынысын қолдады. Спикердің пікірінше, бұл колледждерге бөлінетін қаражатты босатып, тәлімгерлердің еңбегін өтеуге 10 млрд. теңге жұмсауға мүмкіндік береді.

«Біз бес жыл ішінде дуальды оқытуға 25 мың компания мен 300 мыңға жуық студент тартамыз. Жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігін көрсететін колледждер мемлекеттік тапсырыстан айырылады», - деді спикер.

Келесі жылдан бастап барлық мектептерде «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін элективті түрде оқыта бастайды. Ол барлық өңірлерде пилоттық режимде іске қосылды.

«Қазір бағдарлама жоғары оқу орындары мен колледж оқушыларына бейімделеді. Идеясы қарапайым. Мысалы, оқыған кез келген стоматолог өз кабинетін ашып, өзін тамақтандырып, жұмыс орындарын құра алады», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары «Атамекен» екі жыл бойы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау жұмыстарын жүргізіп келе жатқанын еске салды.

«Бүгінгі таңда елімізде 2 мыңнан астам мамандық пен 108 ЖОО бар. 141 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, өз мамандығы бойынша түлектердің 35,5%  жұмыс істемейді», - деді спикер.

Қазіргі таңда Ұлттық палата ҚР БҒМ бірлесіп түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі төмен ЖОО лицензиясын қайтарып алу туралы жұмыстар жүргізіп жатыр.

Atameken.kz

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары