Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 03 Қаңтар 2019

Жаңақорғандағы жауапсыздық PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.01.2019 11:37

2018 жылы Жаңақорған аудандық прокуратурасымен 9 209 азаматтың құқықтары қорғалған. Бұл туралы аудан прокуроры Нұрболат Дүйсенбаев мәлімдеді.

Прокуратура – азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін құзырлы органдардың бірі. Осы бағытта аудан көлемінде атқарылған шаруалар шаш етектен. Түрлі құқықтық мәселелер бір ізге түсіп, заң бойынша шешімін табуда. Айталық, былтыр мүгедектермен жұмыс істейтін мұғалімдерге 40 пайыз қосымша үстемақы төленбегені анықталып, қадағалау актісі негізінде 478 мұғалімге 8 миллион теңгеге жуық қаржы төленген.

- Біздің араласуымыздан кейін аудандық орталық аурухананың 1 256 жұмысшысына 125 миллион теңге айлық жалақылары (тамыз, қыркүйек айларына) төленіп, басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 479 нәресте аудиологиялық скринингтік тексеруден өткізіліп, құқықтары қорғалған. Жедел медициналық көмек көрсету жағдайы талданып, енгізілген ұсынудың қаралу нәтижесінде жетіспейтін автоөкліктер сатып алынып, шектелмеген азаматтардың құқықтарының қорғалуына қол жеткізді. Екі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй кезегіне қойылды, - деді аудан прокуроры.

Елімізде кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылып отыр. Кез келген дамыған экономиканың ажырамас бөлігі болып табылатын бұл сала заңмен қорғалады. Дерекке сүйенсек, Жаңақорғандағы кәсіпкерлердің құқықтары барынша заңмен реттеліп отыр. Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан 4 мердігерге шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомалары заңмен белгіленген мерзімде қайтарылмай, олардың құқықтарына нұқсан келтірілген. Іске прокуратураның араласуынан кейін 1,1 миллион теңге кері қайтарылып, 4 кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы да айрықша бақылауда. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде мемлекеттік бюджетке 27 миллион теңге өндірілген. 11,6 миллион теңге бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен 7 жылға шартты түрде сотты болды.

Жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушыларына 2 жыл бойы берілмеген зейнетақы жарналары толық төленіп, 1337 адамның конституциялық құқықтары қорғалды. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламсы аясында әлеуметтік жұмыс орнын формальді ашып, жалақы және зейнетақы жарнасына төлеп отырғаны жөнінде жалған мәліметтерді (жалған түбіртек) ұсынып, мемлекетке 500 мың теңгеге жуық шығын келтірген жеке кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағыты бойынша бюджеттік несиені мақсатына сәйкес пайдаланбаған кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, мемлекетке келген 1,6 миллион теңге шығынды толық өтеген.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік қылықтары да аудандық прокуратура назарынан тыс қалмаған. Қызметтік жалғандық жасағаны үшін кент әкімі, ауыл әкімі мен бас маманына қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен кінәлі деп танылған.

24 миллион теңгені құрайтын 2 мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күші жойылған. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін кент әкімінің орынбасары мен бас маманы, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары мен бас маманы тәртіптік жазаға тартылған.

Жерді жалға беру жөнінде аукциондар бойынша келісімшартта көзделген сомалар белгіленген мерзімде төленбегені анықталып, қадағалау актісінен кейін мемлекетке 2,7 миллион теңге өндіріліп, 1,3 миллион теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Одан бөлек жерді жалға беру мерзімін заңсыз ұзарту, жер учаскесінің жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерінен төмен бағада сатылу, жер бөлу комиссиясының оң қорытындылары комиссия мүшелерінің көпшілігінің қатысуынсыз өткізілетіні, пайдаланылмай жатқан жерлер, нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмайтын жерлер және т.б. заңбұзушылықтар анықталған. Бұл заңсыздықтар үшін аудан әкімінің орынбасары мен жер қатынастары бөлімінің басшысы, мамандары тәртіптік жазаға тартылды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданда қылмыстық істердің тергелуі электронды форматта жүргізілуде. Бұрынғыдай хат жазып, хат алыспай, азаматтар туралы жүйеге енгізілген ақпараттарды электронды түрде алып, тиімді жұмыс істеуге болады. «Е-қылмыстық іс» жобасын іске қосқалы 26 қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар электронды форматта жүргізіліпті. 2000 құқық бұзушыға электронды форматта әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар «Әкімшілік құқықбұзушылықтың бірыңғай тізілімі» жобасы негізінде толтырылған.

Жаңақорғанда аудан прокуратурасымен бірлесіп атқарылған жұмыстар легі осы. Елдегі құқық қорғау саласының сапасына үлес қосу үшін әлі де толайым тірліктер атқарыла бермек.

Ж.Қойшыбекова

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары