Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

    ...
    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 09 Қаңтар 2019

ХХІ ҒАСЫРДЫҢ 21 ӨЗЕКТІ СҰРАҒЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
10.01.2019 10:10

Гүлзат  КӨБЕК,

киносыншы,

өнертану  PhD  докторы,

«Тұран»  университетінің

Профессоры - Ұлттық нақыш, салт-дәстүр, құндылық­тарды  ХХІ  ғасырда  сақтап  қалу  мүмкін  бе?

- Егер ол ұлттың «иммунитеті» табиғи жолмен әлсіресе, мүмкін емес. Жасанды жолмен жаңғыртамын деген мақсат кейде өлі мүрдені тірілтемін деп бос әуреге түсумен бірдей. Қазір көптеген ұлттар – жансақтау бөлімінде.

- Адамзатты сұрыптау саясаты тым қатал емес пе?

- Тіршілік үшін күрес – тым қатал. Табиғаттың заңы солай құрылған. Бірін құлатып, бірі – тұру.

- Жер шарында бейбітшілікті ұстап тұруға не  кедергі?

- Адамдардың өзі. Пейілі. Іштарлығы. Өзгенің қайғысынан ләззат алып күлуі. Мысқылы. Сайқымазақ  ойыны. Саясаты.

- Соғысты  тоқтату  мүмкін  бе?

- Соғыс – барлық істің мағынасын ұстап тұратын ең басты ыстық нүкте. Адами қағидаларыңды­ тас-талқан етіп, қайта ойлауға мүмкіндік беретін қажет  жүйе.

- Жаһанданудың ең басты жаңалығы неде?

- Адамдарды арақашықтықтан экран арқылы жақындату. Жаныңдағы жақыныңды адами қарым-қатынастан алыстату.

- Рухани  баймыз  ба?

- Кемел тұлғалар бар. Шын мәнінде. Бай. Рухани­. Олар рухани көшбасшыға айналмаса, қанша бай болса да мұрагерлікке ешнәрсе қалдыра­  алмайды.

- Адамдардың көңілі қазір не іздеп жүр?

- Өздерін. Қалауын өзгеден іздеуде. Іздегені өзінде. Жүрекке жол табу – ізденістің соңғы нүктесі. Ол тоқтаған сәтте мағына тоқтайды.

- Өзіне сенімсіз адамдар көп. Психолог мамандығы  трендте. Тренингтердің  пайдасы  бар  ма?

- Тренинг өткізуші маманға пайдасы бар. Қаржылай. Бұл – жақсы табыс. Оның дәрістеріне табынушы танымдық тұрғыдан бәрібір өз жігері­мен жеке жұмыс істеуі керек.

- Қандай  мамандық  өзекті?

- Жүйе жасайтын. Олар дипломға мұқтаж емес. Оларға марапат қажет емес. Олар арнайы креслоға да тәуелді емес. Олар ықпалын кез келген  жерде  жүргізеді.

- Нарыққа өтудің түпкі саясаты – сатуға бейімде­у.  Сатқынға  айналып  кетпейміз  бе?

- Нарық – сұрыптайды. Бәсекеге қабілетті болу – жігеріңді шыңдайды. Сатылмайтын дүние – өз құнын арттырады. Демек, бұл ең басты құндылықтардың сапасын арттыруға жасалған қадам ғана.

- Материалдық мансапқа тәуелді болып кеткен­  жоқпыз  ба?

- Тәуелдіміз. Бұл – саясат. Адамды құлқынмен алдау. Құнары бір болса да, түрі көп. Сапасы жоқ болса да, саны көп. Жиған дүниең жылтыраса да, жан рақатын сыйлауға қауқары жоқ.

- Осы  заманда  не  жиіркенішті?

- Қолынан іс келмесе де, белсенді көрінгісі келетін пенделер. Өзі тоқырап жүріп, өзгені жаңғыртқысы келе­ті­н пейілдер.

- Бүгінгі отбасылардың басты мәселесі  неде?

- Үлгі тұтатын беделді тұлға таппау. Әжем мен атамның тәр­биесі деп мақтанатын үр­дістің уақыты  бітті. Бала­ларға  обал.

- Қоғамның ушы­ғып­  тұрған  мәселесі  неде?

- Әлеуметтің ішкі көңіл күйінде.

- Тоқыраудан  шығуымыз  мүмкін  бе?

- Оның  күші – білімде.  Жүйеленбеген     істер – сауатсыздықтың  нәтижесі. Жолын біл­меу. Бар  мүмкіндікті  көрмеу. Ізденбеу.

- Адамның рухани кемелденуі үшін материалдық  құндылықтардың  ықпалы  бар ма?

- Біз екеуіне де тәуелдіміз.

- Қазіргі  адамдардың  жұбанышы  неде?

- Үмітте. Әлемде бәрі өзгереді деп өздерін алдап, ғажайып күтуінде. Ішкі әлемің өзгермесе, сыртқы дүние қайтіп өзгермек?! Нағыз өзгеріс – тек  әрекетте. Іс – дәйекті  көрсеткіш.

- Адамзатты  қандай  өзгерістер  күтеді?

- Үнемшілдік. Ықпалдылық. Сапалылық. Жаңа деңгейдегі басқару жүйесі. Саяси тәртіп. Сапасыздық пен сауатсыздықты уақыт кө­тер­мейді.

- Барлық  ұлтты  қосып  жіберіп, бір  тілді, бір ділді  етсе  не  болады?

- Бұл – Құдайдың жоспарын бұзу. Саясатта­ оны жүзеге асырудың басқа жолы бар. Табиғи жолмен будандастыру арқылы, «тек» деген түсінікті қолдан жою. Бұл түпнұсқалық қаныңның  ерекшелігін  сақтау­  үшін  қауіпті.

- Жер шарында басқа тіршілік иелері болуы­  мүмкін  бе?

- Іске қосылып жатқан темір робот­тар­ адам қолымен жасалғаны ақиқат болса, бөгде тіршілік иелері турал­ы ақпараттар құр қиял. Осы жер шарының басты кейіпкерлері – біз. Өзі­мізді жойып алмау – басты жауап­кершіліг­іміз.

- Бізді бейсаналық деңгейде басқараты­н тылсым күш иесінің ықпалы­  шын  мәнінде  бар  ма?

- Біз оған қашанда тәуелдіміз. Біз бейсаналық деңгейде бас­қарыламыз. Біз оның ықпа­лындамыз.

Дайындаған

Анель  АСҚАРҚЫЗЫ

 


Қызылордада өрттен 3 бала қаза тапты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.01.2019 10:08

Қызылорда қаласының аумағындағы үйде орын алған өрттен 3 бала қаза тапты, деп хабарлайды «Халық» газеті Kyzylorda-news.kz интернет газетіне сілтеме жасап.

9 қаңтар күні сағат 19:29 шамасында Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округіне қарасты Наурыз саяжайында Махмұтов көшесі, нөмірсіз үйде өрт шыққандығы жайлы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 112 жедел арнасына хабарлама түскен.

Оқиға басына жедел жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, 1986 жылы туылған Сәдуова Жәмилә Ибрагимқызы өзінің үйінде өрт оқиғасы болып жатқандығын байқап, аталған үй ішінде балалары қалып қойғандығы туралы туысқан ағасы Наурыз саяжайы 7 көше №63 үй тұрғыны 1971 жылы туылған Айтбаев Нартайдан балаларын құтқарып беруін сұраған. Нәтижесінде, Айтбаев Нартай үй терезесін сындырып, кәмелет жасқа толмаған 2011 жылы туылған Тұрсынбек Алдияр, 2012 жылы туылған Тұрсынбек Алинұр, 2014 жылы туылған Тұрсынбек Абзал құтқарылып, түтінге улану нақтамасымен (угар) облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жедел жәрдем қызметкерлерімен жеткізілді.

Алайда 2011 жылы туылған Тұрсынбек Алдияр, 2012 жылы туылған Тұрсынбек Алинұр, 2014 жылы туылған Тұрсынбек Абзал облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болғандығы белгілі болды.

Сонымен қатар, көмек көрсетуге келген 1971 жылы туылған Айтбаев Нартай алған дене жарақатымен облыстық медициналық орталығының жансақтау бөліміне және жұбайы 1978 жылы туылған Жалтырова Гүлнұр облыстық медициналық орталығының жасанды ауамен демалу аппаратына жатқызылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

 


Сол жағалаудағы ескі бөгетті су жырып кетті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.01.2019 17:08

Сырдария өзенінің суы Қызылорданың сол жағалауындағы ескі бөгетті жырып кетті. Алайда қалаға төніп тұрған қауіп жоқ. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев осылай деді, деп хабарлайды halyk-gazeti.kz сайты Astanatv арнасына сілтеме жасап.

Ғабит Жаңабаевтың айтуынша, былтыр жаңадан салынған қорғаныс бөгеті апаттың алдын алған. Десе де, мамандар дария әлі де мінез танытуы мүмкін екенін жасырмайды. Сол үшін 79 эвакуациялық бекет дайындалған. Құм толтырылған қаптар мен жанар-жағармай да әзірленіпті. Тіпті екі тікұшақ алуға «Казавиақұтқару» мекемесімен келісім де жасалған.

- Бүгінгі күні Сырдария өзені бір қалыпты жағдайда деп айтуға болады. Былтырғы жылға қарағанда қазір Қызылорда қаласының тұсында 30-35 сантиметрге төмен. Екі күн бұрын ескі қорғаныс бөгетінен үстерінен су ағып, жаңа қорғаныс бөгетіне келіп тірелді. Ескі қорғаныс бөгеті қалыпқа толық келтірілді сол мезгілде, - дейді Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары.

Жаңа қорғаныс бөгеті былтыр салынған болатын. Ол шамамен 10 шақырымға созылған. Оған үкіметтен 2 миллиард 656 миллион теңге бөлінген еді. Бұдан бөлек, қауіпті аумақтарды қалпына келтіруге облыс бюджетінен 225 миллион теңге жұмсалды. Басқарма басшысының орынбасары бұл жұмыстар биыл да жалғасады деп отыр.

 


«Брайль жүйесі - қазіргі ақпараттық қоғамда» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.01.2019 16:56

3 қаңтар күні француздың тифлопедогогы Луй Брайльдің (04.01.1809 – 06.01.1852) туған күіне орай арнаулы кітапханада «Брайль жүйесі - қазіргі ақпараттық қоғамда» атты кең көлемде кітап қөрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Луй Брайльдің өмірі мен қызметі туралы ақпараттар жинақталған әдістемелік құралдар, брайльша журналдар, кітаптар, брайль жүйесін үйренемін деушілерге әліппе қойылып, оқырмандарға таныстырылды. Сонымен қатар оқу залында тұрақты жұмыс жасайтын Брайль үйірмесі туралы кеңінен таныстырылды.

Қ.Макосова,

Қызылорда облыстық зағип және

нашар көретін азаматтарға арналған

арнаулы кітапханасының оқу бөлімінің

кітапханашысы

 


«Сиқырлы әріптер сыры» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.01.2019 16:55

Жақында Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен ҚСҚ-ның клубында француз тифлопедагогы Луй Брайльдің туған күніне орай «Сиқырлы әріптер сыры» атты ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы З.Бисенова көз мүгедектерінің күні бүгінге дейін қолданып келе жатқан Брайль алфавитінің шығу тарихымен және алфавит авторы Луй Брайльдің өмірі мен қызметіне тоқталып өтті. Қазіргі кезде адамзат өмірінің барлық саласынан мәлімет беру үшін қолданып жүрген Брайль қарпі ғалымдармен қатар, қарапайым адамдарға да қолжетімді. Заманауи электронды құрал-жабдық кез келген хатты Брайль қарпіне алмастыра алады, бірақ бұл қаріптің алғашқы үлгісі әлі де болса маңызын жоғалтқан емес. І топ көз мүгедегі Ж.Тәжібаев - брайль қарпін өздігімен игерген оқырман, ол қазіргі уақытта кітап қорындағы брайль қарпімен жазылған кітаптарды үзбей оқитындығын және алдағы уақытта да осындай шаралар жиі ұйымдастырылып отырса, нұр үстіне нұр болар еді деп өз ойын түйіндеді.

З.Бисенова,

Қызылорда облыстық зағип

және нашар көретін азаматтарға

арналған арнаулы кітапханасының

абонемент бөлімінің кітапханашысы

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 765 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.01.2019 16:35

Мерекелік қайырымдылық шаралар аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы аналарға, жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларға жәрдем берілді.

Тұңғыш Президент күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы әкімінің тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қайырымдылық шаралар ұйымдастырды. Оның аясында 765 қызылордалық отбасына сыйлықтар, азық-түлік пен қаржылай көмек берілді.

«Қайырымдылық шараға облыстық басқармалар мен департаменттер, сондай-ақ, қала мен аудан әкімдіктері атсалысты. Жиналған қаражатқа жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік шараларға шақыру билеттері, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік сатып алынып, көмекке мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді. Барлығы 765 отбасы қамтылды», - деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.

Естеріңізге салайық, облыс әкімі, «Нұр Отан партиясы» облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев Саяси кеңес бюросының отырысында аймақтағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары