Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 14 Қаңтар 2019

Білім саласы айыппұл төлеуден алда келеді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.01.2019 14:36

Мәртебелі мамандық қызметкерлерінің мемлекет алдындағы «айыбы» қандай? Бұл туралы №2 Қызылорда қалалық сотының төрағасы Айбек Абуов БАҚ өкілдеріне берген брифинг барысында мәлімдеді.

- 2018 жылы айыппұл жазасы бойынша заңды күшіне енген айыптау үкімдерімен салынған барлық айыппұлдың көлемі – 57 601 085 теңге. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты қаралған істермен салынған айыппұлдың көрсеткіші 49 724 250 теңгені құрап отыр. Білім саласы сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс бойынша айыппұл төлеуден бірінші орында тұрса, одан кейін мемлекеттік сатып алу, жол полициясы қызметкерлері тарапынан болған заңсыздықтар құрайды. Ал 597 850 теңге айыппұл бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралған істер бойынша салынған, - деді сот төрағасы.

Былтыр атқарылған жұмыстарды саралай келе сот төрағасы 34 азаматтың сыбайлас жемқорлыққа байланысты 28 ісі қаралғанын айтты.

Олардың барлығына заң бойынша айыптау үкімдері шығарылып, алатын жазасы белгілі болыпты. Айталық, 5 тұлғаға бас бостандығынан айыруға, 19-ына бас бостандығын шектеуге, 9-ына айыппұл жазасы тағайындалыпты. Ал бір азаматқа рақымшылық заңы қолданылған.

Айбек Абуов ұсынған мәліметке сүйенсек, 2018 жылы Қызылорда қаласының №2 сотының сот өндірісіне 856 тұлғаға қатысты 753 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде қылмыс санаты бойынша 561 іс, теріс қылық бойынша 192 іс, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 5 іс 5 тұлғаға тіркеліпті. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 8 пайызға азайып отыр.

Қылмыстың өтеуі – жаза. Былтыр 580 азамат сотты болған. Оның ішінде 96 адам бас бостандығынан айырылса, 85 адам айыппұл жазасы, 86 адам қоғамдық жұмыстарға тарту, 257 тұлға бас бостандығынан шектеу жазасы бойынша сотты болған. Ал 45 адамға шартты сынақ мерзімі белгіленіп, 14 әйелге жазаны өтеуін кейінге қалдыру белгіленген. Бір адамға белгілі бір қылмыстық құқықбұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындалыпты. 11 адамға рақымшылық заңы қолданылып, жаза өтеуден босатылған.

Ж.Қойшыбекова

 


Білім мекемелерінің басшылары қарамағындағы қызметкерлердің құқықбұзушылықтары үшін жауапқа тартылады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.01.2019 14:30

Қызылордалық білім беру ұйымдарының басшылары қарамағындағы қызметкерлерінің құқықбұзушылықтары үшін жекелей жауапкершілікке тартылуы жөнінде келісімге қол қойды.

Былтырғы жылдың желтоқсан айында Сыр өңірінде «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, биыл жыл басынан өз жұмысын бастады.

Жобалық кеңсе қызметінің негізгі бағыттарының бірі түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүргізу болып табылады. Жобалық кеңсенің түсіндірме жұмыстары білім саласынан басталды.

Білім беру саласының таңдалуы бекер емес. 2017 жылы аймақта білім саласында 15 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс орын алып, салалар арасында алғашқы үштікке енген болатын. 2018 жылы саладағы профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыстар 40 пайызға төмендеп, 9 қылмыс орын алған.

Дегенмен, соңғы жылдары білім беру саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың алғашқы бестігінен түспей отыр.

Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Облыстық білім басқармасына қарасты барлық колледждер мен мектептердің басшылары қатысқан кездесуде білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында білім беру ұйымдарының басшылары қарамағындағы қызметкерлерінің құқықбұзушылықтары үшін жекелей жауапкершілікке тартылуы жөнінде келісімге қол қойды.

Білім ошақтарының басшылары жекелей жауапкершілікке қол қою арқылы қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған жағдайда ҚР заңнамаларында көзделген тәртіптік және басқа да жауапкершілік көтеруге, тамыр-таныстық фактілеріне және командалық ауысуға жол бермеуге, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға міндеттенді.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев:«Келісім негізінде директорлар білім мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз етуді және қызмет бабын пайдаланып қызметкерлерден, ата-аналардан, студенттерден сый-сыяпаттар алмауды, ақша жинау фактілерін болдырмауды жекелей жауапкершіліктеріне алады. Сонымен қатар, колледждерде сессиялардың таза өтуі қатаң бақылауда болады», - деді.

Өз кезегінде жобалық кеңсе Сыр өңіріндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында жұмыстарды қарқынды жүргізіп, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» Елорданың жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыратын болады.

Бағдат Әбдіқадыров

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары