Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2820
mod_vvisit_counterКеше2604
mod_vvisit_counterОсы аптада10101
mod_vvisit_counterӨткен аптада15900
mod_vvisit_counterОсы айда26001
mod_vvisit_counterӨткен айда70043
mod_vvisit_counterБәрі4150731


Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 22 Қаңтар 2019

Ел есіндегі ерлік PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.01.2019 09:45

Тарих парағына «Арықбалық шайқасы» деген атпен енген зардабы мал бағып, шаруа жайын күйттеген жалпақ жұртқа аса ауыр тиген Ресей патшасы билеушілерінің шектен шыққан озбырлығына, құлдық санаға қарсы Жанқожа Нұрмұхамедұлы батыр бабамыз бастаған Сыр өңірі жұртшылығы бас көтерген оқиғаға 162 жыл толды.

«1857 жылы қаңтар айының 9-10-ы күндері Арықбалықта болған ұрыста батырдың қолының саны үш мыңнан астам еді. Шайқас кезінде ақ туды Жанқожа батырдың өзі көтеріп тұрды. Көтерілісшілерге әртүрлі оқ-қарудан 3221 (! ) оқ атылды. Бұл оқтардың барлығы далаға емес, қазақтарға атылған. Бейкүнә пақырлардың біразы ұрыс алаңы – Арықбалықта жан тапсырды. Көтерілісшілердің ізіне түскен А.И.Бутаковтың жазалаушы отряды 9-11қаңтар аралығында 212 ағаш үйдің шаңырақтарын талқандап, керегелерін қиратып жылынды, солдаттарға тамақ пісіру үшін отқа жақты». (Молдахмет Қаназ).

Сол шайқаста жазықсыз төгілген бауырларымыздың асыл қанын, қыршын кеткен боздақтардың есімін, елім деп жауға шапқан Жанқожа бабамыз бастаған батырлардың ерлігін туған елі мәңгі ұмытпақ емес. Өскен мекені, киелі даласы, қасиетті Арықбалықтың қадір-құнын ұрпақ зердесіне сіңіру – ортақ парыз.

Жуырда батыр есімін иеленген ауылда өткен дəстүрлі аймақтық Әскери-қолданбалы спорт (әскери эстафета және 10 метрден тіреусіз пневматикалық мылтық ату) сайысы ерлер есімі ел есінде екенін дәлелдегендей. Қашанда жағымды жаңалықтың жаршысындай көрінетін танымал спортшы, білікті педагог Алик Тілеумбетов басшылық жасайтын №94 орта мектеп ұжымы бұл жолы да ширақтық танытты. Қазалы аудандық білім бөлімі мен «Отан» қоғамдық бірлестігі демеушілік жасаған осынау байрақты бәсекеге 8 команда қатысты. Жарыс болған соң жеңімпаздардың анықталуы қалыптасқан жайт. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады». Сайыс қорытындысымен Жанқожа батыр ауылы жастары командасы эстафеталық жарыста топ жарып, басжүлдені иеленді. Ал жарысты ұйымдастырушы №94 орта мектеп командасы (жарысқа дайындаған алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі Алмат Аралбаев) да өзгелерден дара шығып, сайыстың пневматикалық мылтық ату түрінен жеңімпаз атанды. Қалған жүлделі орындарды басқа командалар өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біз тілдескен №94 мектеп директоры Алик Тілеумбетов келесі жолы өткізілетін әскери-қолданбалы спорт сайысы жыл аяғында басталып, қаңтар айының 9-жұлдызында қорытындылатынын, мұның өзі азаттық жолында жандарын қиған Арықбалық шайқасы батырларына арналған құрмет нышаны боларын тебірене жеткізді. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деп бекер айтпаса керек.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.01.2019 14:36

Облыс әкімінің өкімімен Ақжігітова Индира Сансызбайқызы Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

И.Ақжігітова 1973 жылы дүниеге келген.

1994 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Физика және информатика» және 2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда политехникалық институтының физика және электротехника кафедрасының ассистенті ретінде бастаған. 2001-2005 жылдары «Облыстық білім берудің жаңа технологиялар мен информатизациялау орталығы» МҚК - ның директоры, 2005-2007 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің программисті, бас маманы, 2007 – 2017 жылдары облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2017 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

 


«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.01.2019 14:26

Облыс әкімінің өкімімен «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Абсұлтанов Қайрат Байғабылұлы тағайындалды.

Қ. Абсұлтанов 1977 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Мал өнімін өндіру технологиясы» және «Болашақ» университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Бозгүл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысшы ретінде бастаған.

2000-2010 жылдары жеке және қаржы секторларында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2010-2017 жылдары Қызылорда қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім басшысы.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

 


ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.01.2019 14:20

Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Абатов Жасұлан Уәлиұлы тағайындалды.

Ж.Абатов 1979 жылы туған. Қазақстан Республикасы Тергеу комитетінің Алматы жоғарғы тергеу мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда облысының ішкі істер органдарында тергеуші болып бастаған.

2004-2013 жылдары Кеден органдары мен жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2013-2016 жылдары «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде топ басшысы, директордың орынбасары.

2016 жылдан бастап осы кезге дейін «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келді.

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары