Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2820
mod_vvisit_counterКеше2604
mod_vvisit_counterОсы аптада10101
mod_vvisit_counterӨткен аптада15900
mod_vvisit_counterОсы айда26001
mod_vvisit_counterӨткен айда70043
mod_vvisit_counterБәрі4150731


Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Сәрсенбі, 23 Қаңтар 2019

ЕКІ АЯҚТЫ АЙУАНДАРМЕН АРПАЛЫС PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
24.01.2019 11:58

 

 

1-бөлім.

(Бейбіт күннің батыры, марқұм Ерлан Нұрғалиевтің інісі Нұрланның әңгімесінің желісімен жазылды).

Теңіз көлінің алабында алаңсыз жайылып жүрген ақбөкендерді гүрілдеген көліктің дауысы шошытып жіберді. Бір сәтте сол көліктерден оқ қарша борады. Бес ақбөкен омақаса құлады.

Жазықсыз киіктерді қыруға келген айуандарды «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары байқап қалған еді. Екі көлік екі аяқты айуандардың соңына түседі. Бірақ біреуінің доңғалағы қарға батып қалды. Екінші көліктегі екі инспектор ары қарай қуалай берді.

Ақ және күміс түсті «Крузакқа» мінгендерді қуып жеткенде браконьерлер терезеден қару кезеді­. «Охотзоопромның» инспекторлары Ерлан Нұрға­лиев пен Петр Ницык­ ескерту жасап,­ қызметтік қарумен аспанға оқ атты. Енді бірде кө­ліктердің доңғалағына тиген оқтан еріксіз тоқтад­ы. «Крузактан» мылтықпен шыққан үшеу инспекторларға тап берді. Қып-қызыл төбелес басталып кетті. Жастайынан  қарулы, рухты болып өскен Ерланның күші де, мысы да басым еді. Осы сәтте екінші «Джип­тегілердің» біреуі артынан келіп, Ерланды қарақұсынан мылтықтың дүмімен ұрып, жерге сұлатты. Қатты соққыдан Петр де есінен танып­ қалды. Инспектор­лардың көлігінің кілтін айда­лағ­а лақтырып, GPS-ті үзген қанішерлер көлікке мініп, ізім-ғайым жоғалды.

 

 

2-бөлім.

(Бүгінгі күннің қаһарманы, «Охотзооп­ромның» инспекторы, марқұм Ерлан Нұрғалиевтің інісі Нұрланның әңгімесінің желісімен жазыл­ды).

...Арада қанша уақыт өткені белгісіз. Петр есін жиғанда етпетінен қанға боялып, ес-түссіз жатқан Ерланды көрді. Басын көтеріп, көйлегімен жарасын таңды. Жан-жағын сипалап жүріп, рациясын тауы­п алды. Тетігін басып, екінші экипаждағыларға хабар берді. Бірақ GPS-тің үзіліп қалғанынан жатқан жерін айта алмады. Осы кезде алай-түлей соққан боран да қаһарына мінген еді. Қайғылы жағдайға тап болған әріптестерін шарқ ұрып іздегендер жатқан жерін кеш қарая бірақ тапты. Құтқарушылардың ішінде Ерланның бауыры Нұрлан да бар еді.

...Жанбөбек ауылына дейінгі азапты жолда Ерлан өлім мен өмір­дің арасында жатты. «Ероха, сәл шыдашы! Сен мықтысың ғой! Мен қасыңдамын! Екеуміз бірге бәрін жеңеміз!» деп жігерлендірді жол бойы ағасын Нұрлан. Енді бірде ол: «Жігіттер, тоқтаңдаршы! Ағам ана жаққа кетіп қалды ғой деймін!» деп көлікті тоқтатып, жанұшырып ағасының жүрегін тыңдады. Біраз уақыттан кейін Ерланның жүрегі дүрс-дүрс соға бастады. Сол-ақ екен бауы­рының: «Айналайындар-ау, тікұшақ жіберіңдерші! Санавиация керек!» деген телефондағы жалынышты үні қаттырақ шықты. Арғы жақтан тіл қатқан «Охотзоопромның» өкілдері: «Тікұшақ таңертең бірақ ұшады» деген­  сырғытпа  жауап  қайырды.

...Өмір мен өлімнің арасында арпалы­сқан Ерланды құтқаруға отандық­ медицинаның әлі келмеді. Баршында да, Қорғалжынның ауруханас­ында да жансақтау бөлімі жоқ екен! Жан бауыры үшін жан­ұшырған  жігіт  дауысы қарлыққанша­ көмек сұраумен болды. Сорақысы сол, жедел жәрдемнен: «Мы за пределы города не выезжаем!» деген жауап­ естілді. Ол сонда қандай жедел­ жәрдем? Бұл кезде әрбір минут қымбат­  болатын. Көзі жасқа толған Нұрлан мен қаладағы жұбайының айғай-шуынан кейін: «Жедел жәр­дем жолға шықты» деген хабар жетті. Малиновка ауылынан асқанда МАИ бекетінде жедел жәрдем көлігі де жетті. Үміт оты оянған сәтте Нұрлан: «Аллаға шүкір! Сәл шыдашы! Қазір жансақтау бөліміне де жетеміз. Саған­ көмектеседі» деп ағасының екі қолын қыса берді. Алайда Астанаға жеткенше көп қан жоғалтқан Ерлан оянбады. Қансыраған күйі бір тәулік уақыт өткенде фәниден бақиға аттанып кете барды. Өлім аузында жатқан адамды құтқара алмаға­н медицинаны қалай дамыған деп айтамыз?

 

3-бөлім.

(қайғылы  оқиғаның  шынайы  нұсқасы)

(«Халық қаһарманы» атағына лайық батыр, «Охотзоопромның» инспек­торы, марқұм Ерлан Нұрға­лиевтің сыныптасы, ауылдасы Абзал Масабаевтың әңгімесінің желісімен жазылды).

...Баршын ауылының жылқы­шысы мал қарап жүріп, Барақбай деген жерден шақырусыз «қонақ­тарды» көріп қалған. Төбенің ба­сында ақ және сұр түсті, су жаңа екі «Джип» тұр екен. Жақындап барып, жөн сұрамақшы болады. Әуелі екі көліктің де нөмірінің жоқтығына көзі түсті. Екі-үш адым жерде 7-8 адамның отырғанын байқады. Бәрі де жас шамасы 30-дардағы алпамса денелі жігіттер екен. Киімдеріне қарап, аңшылар екеніне күмән келтірмеді. Олар ештеңе көрмегенін айтқан соң, жөніне кетті. Көп ұзамай ол осы оқиғаны «Охотзоопромның» инспекторы Ерлан Нұрғалиевке айтып береді. Ерлан болса: «Мен сол екі «Джипті» ұстай алмай жүрмін. Бәрібір ұстаймын!» деп серт береді.

«Охотзоопромның» инспекторлары 15 күндік ауысыммен жұмыс істейтін-ді. Кезекшіліктің соңғы күні Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницык­ үшін әдеттегідей басталды. Көңілге медеу болатыны, көп жүрмейді. Соңғы күні жанар-жағармай аз беріледі. Олар түс ауа сағат 16.00-ден кейін «обход» жасауға шықты. Күннің райы боранның кешке қарай күшейетінін сездіріп тұрғандай еді. Ерлан қолына бинок­лін алып, айналаны шолып тұрған. Бір кезде қарды бұрқыратып бара жатқан екі «Джипті» көріп қалды. Браконьерлер екенін бірден білді. Киік атқыштар да «қуланып» алған. Жанар-жағармайдың азаятын уа­қытын біліп, сол күні аңға шығыпты. Ерлан көп ойланбастан рациямен екінші көліктегі топтың жетекш­ісі Женя Серегинге: «Женя, короче мы их обнаружили! Мы поехали­ за ними. Вы езжайте за нами!» деп хабар беріп, көлігіне мінді. Женялар мінген «Хай Люкс» басқа бағытта жүрген еді. Хабар жеткен тұсқа қайтып­ келіп, қуғыншы әріптестеріне көмекке жетемі­н дегенше көп уақыт өтті. Оның үстіне алдыңғы доңғалақтың «передогы» істен шы­ғып­, қарға батып қалды. Осы кезде екінші көлік «Джиптегілерді» қуып жетіп қалған еді. Рөлдегі Петр әріптесі­нің ымын түсініп, сәл сол­ға бұрылып, мылтық атуға мүмкіндік туғызды. Аспанға бір-екі оқ атылды. Алайда бұдан үріккен «қонақтар» жоқ. Керісінше, артқы көлік­тің терезесінен бір жағынан «двухстволка», екінші жағынан «пятизарядка» мылтықтың басы көрінді. Арматурадан жасалған шиптарды артқа лақтыра бастады. Киік аулауға жақсылап дайындалғаны көрініп тұр. Біраз жүрген соң, артындағы «Джип» алдыңғысын алға жіберіп, кілт тоқтады. Жүргізуші жақтан қолында «двухстволкасы» бар бір жігіт, сол жақ есіктен қолында «пятизарядкасы» бар екінші жігіт және  жүргізушінің  өзі шықты. Үшеуі де  еңгезердей, спортпен  айна­лысқан жігіттер екен. Түсе сала біреуі: «Вы  что,  оборзели!»  деп айғай­ салды. Бірақ көлігінен лезде секіріп түскен Ерлан олардан титтей де сескенген жоқ. Айғайлағанды жерге­  алып ұрды. Петр де жүргізу­шіге  тап  берді. Екі адам Ерланға жабыл­а кетті. Петр жүргізушіні  жерге­  жыққанымен, үшеудің бірі оны басынан мылтықпен ұрып құлатты. Ол жағынан тиген тағы бір соққыдан  есінен  танды. Ерлан болса,­ үш қорқаумен жалғыз өзі бір сағаттай арпалысты. Үш рет оңбай құласа да, бар күш-жігерін жиып, қайта түрегеле берді. Соңғы сәтте қарақұсынан қатты тиген мылтықтың дүмінен басы айналып, етпетінен құлады. Екі аяқты үш айуан қуғыншы көліктің кілтін алып, GPS-ті быт-шыт қылып үзіп, өз көлігіне мінді.

Бірер уақыттан кейін есін жиған Петр Ерланның қансыраған күйі етпет­інен  жатқанын  көрді. Адамның қаны үш жерде үйіліп-үйліп қалыпты. Әл-дәрменін  жиып, орнына­н  тұрды. Қатты  соққылардан  мыж-мыж  болған  әріптесінің  басының  сүйектерін  орнына  жапсырып, бас киімін кигізіп, көліктің доңғалағына сүйеді. Таң қалғаны сол, әлгілер мұның қалтасындағы рация­ны­ байқамапты. Жалма-жан іске қосып: «Женя! Женя! Құтқарыңдар!» деп  айғайлай берді. Бірақ Петр «местны­й» емес-тін. Өзінің қай жерде­ жатқанын айта алмады. Күн батқан кезде боран да күшейе түсті. Бұларды іздеген әріптестері бес сағатт­ан кейін, кешкі 22:00-де ғана қансыраған инспекторларды тауып алды.

 

4-бөлім.

(марқұм Ерлан Нұрғалиевтің сыныптас досы Абзал Масабаевтың және «Охотзоопромның» инспекторларының  әңгімесінің  желісімен  жазылды).

...Қансыраған Ерланды көлікке қарай сүйрей бастаған Петрдің қо­лына бір зат ілікті. Ұялы телефон екен. Петр оны кейін қылмыскерлерді табуға көмектесетінін білді. Оның иесі – Қызылорда қаласы, Абай ауылының тұрғыны Берік Ахмет­ов еді. «Сайгачниктер» былтырдан бері осы өңірге жиі келгіштеп жүргенін «Охотзоопромның» қызметкерлері білуші еді. Қорықшылардың айтуынша, олар атып алған­ киіктердің мүйізін «прямой канал» арқылы Қытайға жібереді. Аса қымбат тауарының ақшасын алдын­ ала алып қоятын көрінеді. Бейресми дерек көзінен алынған ақпарат бойынша, Қызылорда облысында осындай батпанқұйрық бизнеспен айналысатын 7 «Джип» бар. Олар 7 бағытқа екі-екіден заңсыз аң аулауға шығады екен. Алайда ен далад­а нөмірсіз жүйткитін көлік­терді көретіндер сирек.

Аппақ қардағы қуғын кезінде алдың­ғы «Джиптің» қарасы көрінбей кеткенін жазған едік. Қайғылы оқиға болғаннан екі күн өткенде бұл көлік­тегі «сайгачниктер» Киевкаға тіке тартты. Ішіндегі төртеуі ешқайда бармай, бірден полицияға ат басын тіреді. «Біз, міне, киік аттық. Атып алған киіктеріміз осы. Соңымыздан инспекторлар қуған болатын. Бірақ қашып, жеткізбей кеттік. Енді өзіміз келіп тұрмыз» деді олар қылмысын мойындап. Полицейлер бірден олардың  қолына  кісен  салды.

Бүгін ІІМ Ерланды өлтірді деген күдікпен үш адамға халықаралық іздеу жариялады. Көңіл түкпіріндегі бір үміт: егер екі «Джиптегілер» бір топтың адамдары болса, онда өз еркімен­ берілгендер екі аяқты айуан­да­рды табуға көмектесуі тиіс. Ерланның інісі Нұрлан Нұрғалиев әуелде қылмыскерлердің саны 8 екенін айты­п еді. Сонда бір адам қайда? Марқұмның бауырына «Охотзоо­промнан» берген ақпаратта күдік­тілердің біреуі Жезқазған қаласының тумасы екені айтылған. Бір жыл бұрын «сайгачниктерді» даладан кезік­тірген баршындық жылқышы жігіттердің біреуінің өзін «отставкадағы полицеймін» деп таныстыр­ғанын Ерланға жеткізіпті. Қысқасы, бұл қылмыстың ашылмаған құпиялары жетерлік. Ендеше, әліптің артын­  бағалық.

 

5-бөлім.

ЕРЛАН  НҰРҒАЛИЕВТІҢ  ЕРЛІГІ ЕЛЕУСІЗ  ҚАЛМАУЫ  ТИІС!

«Ерлан досымыз «Халық қаһар­маны»  атағына  лайық, егер Үкімет оны бермесе 1-дәрежелі «Айбын» орденін­ берсін» дейді марқұм Ерлан Нұрға­лиевтің сынып­тас досы Абзал Масабеков.

Шағын сыр-сұхбатымызда елдің алғысын арқалаған адал ұлы, нағыз қаһарман Ерлан Нұрғалиевтің болмыс-бітімін, ұмытылмас ерліктерін, соны жас ұрпаққа үлгі етуге жасалған ізгі қадамдар туралы әңгіме  қозғалды.

- Абзал, Баршындағы жерлеу рәсі­мінде айтылған бір ақпарат: Ерлан­ға «Ерен ерлігі үшін» медалі берілді. Бұл бейбіт күнде жазықсыз жануарларды, елдің қазынасын қорғау жолында өз өмірін қиған қаһарман жігітке көрсе­тілген лайықты құрмет деп ойлайсыз ба?

- Жоқ. Ерлан «Халық қаһарманы» жоғары атағына­ әбден лайық ерлік жасады. Ауылдағы қаралы жиында­ сөйлегенімде: «Денис Тенді өлтірген кезде күллі қазақ қара жамылып қайғырды. Ал Ерландай батыр ұлымызды жауыздар асқан қатыгездікпен өлтіргенде­ неге халық болып үн қоспаймыз? Үлкен ерлігін неге лайықты бағаламаймыз?» деген едім. Ерланның ерлігі «Ерен ерлігі үшін» медалінен де жоғары тұр. Оның жалғыз баласы мен келінін, немерелерін, ауылдағы қарт әке-шешесін мемлекет өз қамқорлығына алуы керек. Жалғыз баласы 8 жасқа толғанда жұбайы қайтыс болған. Ерлік елеусіз қалмасын.

- Бауыржан Момышұлы атамыздың: «Жауды өлтірсең – өлімнен құтылдың, өлтірмесең – өлімге тұтылдың» деген нақыл сөзі бар. Өлімді де қаймықпай қарсы алған Ерланның ерліктері туралы ел ішінде көп айтылады.  Соның  бір-екеуін  әңгімелеп  берсеңіз.

- Ерланның жасаған ерліктері көп. Өзі жастайынан қауіп-қатерге қаймықпай қарсы тұратын болмысымен танылды. Бозбала күнінде бір қызға ғашық болып, 40 шақырымдық жерге қыстыгүні шаңғымен жалғыз өзі барып-келетін. Жаздыкүні сол арақашықтыққа жаяу жүгіріп барып-жүрді. Күш-қуаты керемет­ болатын. Даланы, табиғатты, аңдарды жан жүрегімен жақсы көруші еді. Өзі ғажап аңшы, балықшы болғанын өңірдегі жұрттың бәрі біледі. Ерліктері туралы айтсам... Егер жаңылмасам, бұл оқиға 2008 жылы сәуір айында болған. Көрші ауылда Социалистік Еңбек Ері атағын алған Дәулен Төлебаев деген­ кісі тұрған. Сол кісінің балалары мен күйеу баласы көктемде «УАЗ» автокөлігімен келе жатып ағын суға батып кетеді. Ауылдан «Урал» алдырып, судағы көлікті адамдарымен бірге шығармақ болады.­ Сол кезде «Мен мықтымын!» деген жігіттер беліне арқан байлап, суға сүңгіп, демдері жетпей шығып кеткенін жұрт көріпті. Сонда Ерлан екі ерлік жасады.­ Бірінші сүңгігенде «Уралдың» тросын «УАЗ»-ға тіркеді. Себебі, «Уралдың» өзі суға кіре алмай тұрған. Екінші сүңгігенде мәйіттерді алып шығады. «УАЗиктің есігін ашып қарасам, бесеуі де өліп қалыпты» депті судан шыққанында. Өзі аңғал, ақкөңіл адам еді. Сол жолы өзі бір түшкіріп те ауырмаға­н.

Екінші бір ерлігі – қылмыс жасаған өзге ұлт өкілін ұстағаны. Ауылда бір адамды өлтірген қылмыскер Сәтбаев қаласына қашып, жасырынады. «Ориентировкамен» іздеп барған біздің жақтың полициясы қылмыскер тығылған үйге кіре алмай тұрады. Ерлан үш қабатты үйді айналып жүріп, бір бал­кон­нан екіншісіне секіріп, ішке кіріп, қашқынды ұрып талдырып, қолына кісен салған. Баршын ауылында болған тағы бір оқиға есіме түсіп отыр. Бірде бір жігіт кісі өлтіріп, біреудің шөп қорасына тығылады. «Күдікті шөп қорада тығылып жатыр» деген хабар жетеді. Басына каска, үстіне бронжилет киген, қолына автомат ұстаған жігіттер қораға кіре алмай жүрген көрінеді. Ерлан келе сала бір-ақ кіріп, әлгіні қолын қайырып, мылтығымен қоса алып шығыпты. Қорғалжын ауданындағы бір ауылдың баукесп­есі жылқы ұрлап, қашады. Ол қамыстың ішіне жасырынып, шықпай қояды. Сонда Ерлан қамысты түгел өртеп, ұрыны ұстап алады. 2010 жылы әкелі-балалы жандар суға батып кетіп, іздеген ел мәйітін таба алмай жүрді. Тағы Ерлан көмекке келіп, суға сүңгіп, мәйіттерді көтеріп алып шыққан. Бір таңғаларлығы, осындай керемет ерліктері үшін ешқанд­ай мемлекеттік марапат алмаған. 25 жыл ішкі істер органдарында қызмет етіп, «ІІМ-нің үздігі» деген жалғыз төcбелгі алған. Сыныптас достары ақылдаса келе ауылдағы мектеп­ке Ерлан Нұрғалиев­тің есімін беру керек деген ұсыныс айттық. Киіктің лағын­ көтеріп тұрған бюстін жасап, елге көрнекті жерге орнатқ­ымыз келеді. Бұл – алдағ­ы күннің еншісіндегі іс.

- Әңгімеңізге  рақмет!

 

Төлен  ТІЛЕУБАЙ,

журналист,

Астана  қаласы

 


ҚЫРЫҚ КҮН: маңызы мен мәні қандай? PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
24.01.2019 11:32

Қазақ халқы ежелден әр нәрсенің маңызына мән берген. Өзіндік ырым-тыйымдар мен салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғылары да бар. Бұл ұғымдардың барлығы әр отбасы үшін мәдени, рухани заңдылық секілді қызметтерін әлі күнге атқарып келеді. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенмен, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рәсімдер жеткілікті. Мәселен, дүние дидарына келген сәбиді қырық күнге дейін тысқары көзден сақтандырады.

Кейбіреулер мұның түк те пайдасы жоқ деуі мүмкін, алайда жаңа босанған ана мен жаңа өмірдің есігін енді ғана ашқан бала үшін өте сақтықты қажет ететін кезең – осы қырық күн. Сонымен бұл қырық күннің маңызы мен мәні қандай?

Баланы  қырқынан  шығару – тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен кырқынан шық­қанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіп­ті, қатерлі санап, жаңа туған нәрес­тені шырақ жағып күзе­тіп, қасынан адам үзілмей баға­ды. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қыр­қынан шығару» рәсімін жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс – адалдықтың белгісі, күміс салын­ған су ең таза су болып есептелінеді және оған жын-шайтан  жоламайды.

Қырық шелпек пісіріп, келген қауымға таратады. Кейбір өңірлерде оның бірнешеуін бесікке тізе­ді, оны «кем­пір шымшысын» деп ырымдайтын болғандықтан, шымшыма нан деп атайды. Баланы қырқынан шығарғ­ан әйелдер білезік, сөлке­байларды бөлісіп алады. Баланы шомылдырып болға­н соң, «қа­рын шашын» алып,  ақ шү­берекке түйіп, тұ­марша етіп, баланың оң жақ иығына немесе бесігіне қадап қоя­ды, ал «сүт тырнағын» адам баспайтын жерге немес­е «ұрпағы көп болсын» деп жеміс ағашының түбіне көміп тастайды. Осы күні баланың ит көйлегі шеші­л­еді. Ит көйлегіне әр алуан­ тәтті түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөліп жейді. Балан­ың ит жейдесін киелі санап­, ақсақалдар алыс жолға шыққанда дауға барғанда қойын­дарына тығып алып жүрген. Бала таппаған, үнемі түсік тастаған әйелдер оны басы­на жастап жатады екен. Байырғы орта түсінігінде берілетін әшекейлер баланың денсаулығы мен өмірінің ақысы болып саналатындықтан баланың анасы немесе әжесі «қырқынан шығару» мерекесіне келген әйелдерді, кіндік шешені ренжітпей, риза қылып, қа­лауын  беріп  аттандырған.

Міне, баланы қырқынан шығару рәсімінің жөн-жорал­ғылары. Бұл рәсім­дерді мо­йын­дамайтын қазақтар да бар. Бұл түсінік әсіресе қазақы­лықтан шорқақтау қалаларда басым­. Осы секілді жаңа бо­санған ана мен бала күтімі тура­лы ырым-тыйымдар да жет­кілікті. Ең бірінші ке­зек­т­е, дұрыс тамақтанбаса, жас босанған ана мен оның сәбиі­нің денсаулығына әсер етеді. Тағы бір айта кетер­лігі, қыз балан­ы жеңілтек болады деп қырқынан ерте шығармайды. Қыз баланың бір тал шашын кез келген жерге тас­тамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады деп жо­рамалдаған.

Халқымыздың қай тәлімдік байлығын алып қарасақ та оның астарына үңілуге тиіспіз. Өйткені біздің қазақ қараша үйде қоныстанып, жайлаудан қыстауға көшіп, мал бағып ғана отырмаған. Өте данышпан, сөзінің зілі мен батпаны бар дана ұлт ретінде тәрбиеге де, денсаулыққа да пайдалы әрекеттер мен қағиданы қатаң ұстанғ­ан. Ұрпақ болашағына сәби дүниеге  келгеннен  бастап мән беретінін осындай рәсімдерден-ақ  аңғаруға  бо­лады.

 

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 


 

Гүлнар Қаражанова,

көпбалалы ана, әже:

- Өзім көпбалалы анамын. Шүкір немерелерім де бар. Дүниеге ұрпақ әкелу, өсіру, бағу-қағу әрбір ананың басынан өткерген жайт. Ал жаңа босанған анаға күтімнің қажеттігі айтпаса да түсінікті. Түрлі ырым-тыйымдарға сенетін халық болғандықтан, оның бәрі болмағанмен, кейбірін орындауға, ұстануға тура  келеді. Мәселен, жас босанған анаға салқын су, салқын тамақ ішкізбейді, салқан су ұстатпайды, жылы су ғана қолданады. Арғы тегіміздегі әжелеріміз не үшін аузы-мұрнын тұмшалап, қымтанып жүрген? Бәрі сақтықтан. Оларға салқын тимеу керек.

Аяғын жылы ұстатып, әр күні қой сорпасымен «шілде терін» шығаратын болған. Оны сол сәби өсіп азамат болғанда – «менің де қалжама бір қой жеген» деп мақтаныш еткен. Себебі, қалжа жемеген ананың баласы нашар, ынжық болады деген ұғым да бар.

 

Айгүл Дабылова,

№4 қалалық емхананың жалпы

тәжірибелік дәрігері:

- Жаңа босанған кезде анаға да, балаға да өте жақсы күтім керек. Үй іші жылы, таза болғаны маңызды. Бала ана құрсағынан жарыққа шыққан соң оған барлығы жат, таңсық көрінеді. Сәбидің иммунитеті жаңа ортаға үйренуі уақыт алады. Өзге адамдардан, барлық вирустардан аулақ ұстаған ана үшін де, бала үшін де санитарлық талап және гигиеналық тазалық. Алты айға дейін тек ана сүтімен қоректендіріп, күнделікті шомылдырып, кіндігіне дұрыстап күтім жасау керек.

 

Алтынай  Қазанғапова, «SultanAkhmet Alexey»

№2 қалалық емханасының аймақтық  мейірбикесі:

- Бала өмірге келген сәтте өте сезімтал, нәзік болады. Қазақ халқы сондықтан қырық күн өткенше тек тұзды суға шомылдырып, кісі көзінен тасада ұстаған. Өйткені әр адамның бойынан түрлі инфекция тарауы мүмкін. Әлі иммунитеті қалыптасып үлгермеген бала үшін ол өте қауіпті. Сондықтан санитарлық-гигиеналық тұрғыдан баланың және оның анасының күтіміне салғырт қарауға болмайды. Сәбиді қырқынан шығару деген халқымыздың дәстүр-жоралғысы болғанымен, оның астарында үлкен жауапкершілік бар.

 

Ләйла  Садықова,

жас ана:

- Босанған соң ана мен баланың ағзасы бірдей қалыпта болады. Яғни ана да – бала секілді нәзік, күтімді қажет етеді. Сәби тек қырқынан шығамын дегенше емес, бала қатаямын дегенше анасы өзіне аса ауыр салмақ салмағаны дұрыс. Өйткені оның барлық ағзасы өзгеріске ұшырап, қайта қалпына келу процесінде болады. Қазіргі жас аналар көбіне «сұлулығым жоғалып кетті» деп босанған соң 3-4 күн өткен соң-ақ салондарға барады. Бұл меніңше дұрыс емес. Әр ана өз-өзін және сәбиін күтсе, дені сау ана мен баладан асқан сұлу, бай адам жоқ деп есептеймін.

 


АЛЖИР-дегі арулар (Поэма) PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
24.01.2019 11:00

 

Сәуле  ДОСЖАН,

ҚР  Еңбек  сіңірген  қайраткері

 

АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен изменников Родины) – 1938 жылы НКВД-ның бұйрығымен «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» деген атаумен құрылып, 1953 жылға дейін жұмыс істеген. Онда 20 мыңдай сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалып, азап көрген.

АЛЖИР – «жер бетінің тозағы» атанған әйелдер  лагері.

 


1. 1938  жыл.  ЖИЫРМА  АЛТЫНШЫ  НҮКТЕ

 

Жалғыз парақ қағазда тышқан қойған кеміріп,

Аты-жөні, салмағы, «қылмысының» нөмірі

Жазылыпты шаш түсі, ұзындығы бойының,

Бармағының ізі бар, жазылмапты өмірі...

 

Ақпараттың бары осы –  болған жанға айыпты,

Кейбіріне «шетелдік шпион» деп қойыпты.

«Әйелі - деп халықтың жауы болған адамның

Жер аудардық сол үшін», - деп одаққа жайыпты.

 

АЛЖИР депті тозақты еш дәуірде болмаған,

Қытымыр қыс, омбы қар, ызғырық жел, зарлы адам.

Жиырма мыңдай әйелді Мәскеу, Қапқаз, Орта Азия,

Жер аударып жіберіп, «жауымыз» деп қорлаған.

 

Біреуінің күйеуі, біреуінің ағасы,

Біреуінің бауыры, біреуінің баласы

Халық үшін туған ерлер еді өр тұлға,

Халық жауы атанды туған елге қарашы!

 

Сол «жауларға» жар болып, ана болғаны үшін де,

Әкеп салды түрмеге тұрған билік күшінде.

Кілең оқып-тоқыған, үлбіреген арулар

Екіқабат жүз шақты келіншек бар ішінде.

 

Жиырма алтыншы нүктеге жиырма мың жан қамалды,­

Кеше жүрген зиялы бүгін тұтқын саналды.

Жібек көйлек үстінде күн көзімен ыдырап,

Төзімдері тулақ боп, сезімдері тоналды.

 

Үш жүз алпыс әйелден барақтарға қамапты,

Ауа жетпей, түнімен бүргелері талапты.

Тікенекті сымменен қоршап, итпен күзетіп,

Отыз еркек күніне отыз рет санапты.

 

Анасынан баласын жеке бөліп алады,

Күні бойы ең ауыр жұмыстарға салады.

Екі уақыт беретін сылдыр көже, қара нан,

Қайдан қуат болады, естен танып қалады.

 

Әлсірген әйелді күзетшілер сүйрелеп,

Бараққа әкеп тастайды, мылтығымен түйрелеп.

Есін жимай біреуі қош айтысса өмірмен,

Түсік тастап біреуі қызыл қанға иленер...

 

Қара нанға зар болып, қарауытқан көздері,

Борандарда қой жайып, көзге ілмеді өзгені.

Иілмеді бастары, күтті олар ерлерін,

Аманат боп қалғандай кейінгіге өздері.

 

Күтті олар келер деп, түрмедегі жарларын,

Ақ қағазға тізіпті жүректегі зарларын.

Не көрмеді нәп-нәзік келіншектер кешегі,

Тазалады үйілген лагерьлердің қарларын.

 

Не көрмеді, апыр-ай, сол бір асыл аналар,

Аналарын сағынды жұртта қалған балалар.

Өшпес емес ешқашан, осынау дерт санадан,

Жазылмайды ешқашан жүректегі жаралар.

 

Сыр бермеді сонда да, сыр бермеді ашынып,

Қалды қанша адамның сүйектері шашылып.

Жүрегімді ауыртқан АЛЖИР зары ағайын,

Тарих болып том-том боп, таста қалды басылып.

 

Қар көргем жоқ Арқаның  тау-тау болған қарындай,

Тұтқындарды ұстады жекеменшік малындай.

Тітіркенем мен бүгін дауыл тұрса, боран боп,

Сарыарқадан ескен жел сол аналар зарындай.

 

2. ТҮНГІ   БАРАҚТА

 

Түні бойы барақта амандары,

Қарғайтұғын зұлматты замандарын.

Жылайтын, сағынатын жақындарын,

Төсеніп жатып бидай сабандарын.

 

Тозаққа айналса да әр күндері,

Түсіне енетұғын бал күндері.

Тас еден, тас қабырға ортасында,

Жылытып жатқандай боп жардың демі.

 

Кейбірі жарақатын ауырсынып,

Құстай боп қыста жұлған қауырсынын,

Ыңырсып шығатұғын,  жасын жұтып,

Тағдырдың көтерді олар ауыр сынын.

 

Ал, бірі ширығады, ашынады,

Мұңдасқа сыр болып бір ашылады.

Көзіндей асыл жардың иісі сіңген,

Жейдесін бойтұмардай жасырады.

 

Баласын жендеттер кеп бөліп алған,

Жас ана зар илейді-ай дүние-жалған.

Сыздайды сүт кернеген омырауы,

Жоқтаумен балапанын ембей қалған.

 

Есіне алып тірі жетімегін,

Сорлы ана күйзеледі, өкінеді.

Перзентін айта-айта жанды өзегі

«Әкесі күзде атылып кетіп еді»...

 

Дегенде сүт пен жасы төгіледі,

Тірідей қабырғасы сөгіледі.

Жұбатып жанындағы тағдырластар

Қосылып бірге онымен егіледі.

 

Тозақтан күндізгі аман қалғандардың,

Жұлдыз бен Ай тыңдайтын армандарын.

Бұл дала бұрын-соңды көрді ме екен,

Тірідей ананы отқа салғандарды.

 

Тыңдайтын жарлар зарын Жер шошынып,

Мұз құрсап, одан әрі жатты ашынып.

Кететін борандатып апта бойы,

Алғандай табиғаттан қатты ашуын.

 

Жендеттер жасап жатқан сұмдықтарды,

Естіген түнгі дала мүлгіп, талды.

Көз жасы, адам қаны еден жуып,

Бетондар сіңіретін шындықтарды.

 

Тыңдайтын тас қабырға тілектерін.

Осылай шықты барақ түн өткеріп.

Таң ата әйел біткен ауыр іске,

Шығатын түріп нәзік білектерін.

 

Олардың жеңе алмады тілектерін,

Олардың ала алмады күректерін.

Жарларын мәңгі сүйген аналардың,

Жендеттер жеңе алмады жүректерін.

 

Дәм бітпей, аман қалған сол қылыштан,

Жандардан кекті, сесті толқын ұшқан.

Тарихын оқығанда лагерьлердің,

Оянам қара түнде қорқыныштан.

 

Арқаның көрдік талай борандарын,

Апталап соғар кезі маған мәлім.

Жанардан жас тамады, сезінгенде,

Олардың жас өмірі тоналғанын.

 

Болды олар сұсты, биік үрейлерден,

Таяқты жеп жүрсе де дүлейлерден.

Тәңірден күтеді бір арман үміт,

Амандығын халқының тілейді елден.

 

3. АСЫЛ   ЖАРЛАР

 

Бұл жерге неше түрлі түсті адамдар,

Жау көріп НКВД қыстағандар.

Бір кезде оғландардың сүйгені боп,

Қағаз бен қалам ғана ұстағандар.

 

Ойда жоқ кісен түсіп қолдарына,

Тікенек сым төселіп жолдарына.

Сүмпиіп, қанаттары қайырылған,

Дариға-ай, ұқсады олар тордағыға.

 

Көгендеп салды оларды жұмыстарға,

Будалап жинататын қамыстарға.

Арықтар қаздырды да, бақ өсіртті,

Қойма мен ферма салып қоныстарға.

 

Ұзақбай Құлымбеттің* жары Айша,

Еркелеп өскен еді асау тайша.

АЛЖИР-ге түскен күннен азаптады,

Жанына от түсіріп найзағайша.

 

Жұмыстың салды-дағы ауырына,

Бір хабар бергізбестен ауылына.

Жер қазып, батпақ құйып, балшық тасып,

Салмағы түсіп жатты бауырына.

 

Сонда да қайыспады ердің жары,

Қасқайып күрейтұғын жердің қарын.

Аязда мұз оятын, қамыс орып,

Осылай шығаратын шердің бәрін.

 

Дәулеттің Оразының** Мәриямы,

Жары еді ұлтым деген дәрияның.

Жеті жүз саулық алды бағамын деп,

Келіні Орекеңдей қарияның.

 

Көргенін атасынан есіне алып,

Мал бақты Долинкаға көшіп алып.

Күйеуін атып, өзін қорлағанды,

Қарғайтын ен далада өшін алып.

 

Тұрардай*** ердің сүйген Әзизасы,

АЛЖИР-де қорлық көріп ғазиз басы.

Бір табын ірі қара, бес саулықты,

Бағатын төгіп жүріп көздің жасын.

 

Гүлжамал – Би ағаңның**** үйіндегі,

Төзімді, қайда жүрсе сыйымды еді.

Бес бірдей перзентінен айырған соң,

Жігерін мал бағуға түйіндеді.

 

Гүлжиян – Сұлтанбектің***** сүйген жары,

Ері үшін шүберекке түйген жанын.

Қосылып Гүлжамалмен қой баққанда

Мұз сорып, басатұғын күйген жанын.

 

Әр қой мен әр сиырдың бағымдағы,

Құны әйелден қымбат боп, қағынғаны.

Әр қозы, әр бұзаудың сұрауы бар,

Адамның тыңдалмайтын шағынғаны.

 

Бұзау үшін көктемде өліп қалған,

Жендеттер үш әйелді атып салған.

Шошынып сол сұмдықтан күзет қойды,

Өздері бір-біріне болып қорған.

 

Қас қақпай күзетумен баққан малын,

Өткерді талай қаңтар, ақпандарын.

Тұтқында байқамай да қалды ма екен,

Жастығы өтіп бара жатқандарын.

 

1. Ұзақбай Құлымбетов – Қазақ Орталық Атқару­ Комитетінің төрағасы, Қазақ Кеңес республик­асын  құрушылардың  бірі  болған.

2. Ораз Дәулетов – Солтүстік Қазақстан облысты­қ атқару комитетінің төрағасы болған.

3. Тұрар Рысқұлов – Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы, Түркістан Республикасының саяси-мемлекеттік егемендігі жолындағы саяси күрескер болған.

4. Бейімбет Майлин – жазушы, «Социалистік Қазақстан» газетінде редактордың орынбасары, «Ауыл», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бас редактор  болған.

5. Сұлтанбек Қожанов – аса көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, педагог, публицист. Халық ағарту комиссары, Түркістан уездік атқару комитетінің  төрағасы, т.б. қызметтер атқарған.

 

Фатима*, Мағрипа**, Мая*** бәрі,

Төсектен таң атпастан оянады.

«Сталин үшін!» деген ұранменен,

Іс тігіп, көз жанарын аямады.

 

«Отанын сатқандардың жары» деген

Сұм сөзді өтеп таза арыменен.

Жүргенде, Сарыарқа күңіренетін,

«АЛЖИР-дегі» әйелдер зарыменен.

 

Өз халқын өзіне жау санайтұғын,

Әйел мен балаларды қамайтұғын.

Еш дәуірде осындай ел болмапты,

Ұлтының ұлын жауға балайтұғын.

 

Ал жазда аңызақ жел, шөл далада,

Көзінің жасы олардың көл бола ма?

Өз елін сүйгендерді жау санайтын,

Ағайын, айтыңдаршы, ел бола ма?

 

*Фатима Диваева, **Мағрипа Досжанова, ***Мая Бағысбаева

 

4. НӘРЕСТЕ  «ЖАУЛАР»  ТАҒДЫРЫ

 

«АЛЖИР-де» тұтқындардың қорасында,

«Отанға жау!» дегеннің арасында,

Болатын жүздеген жас келіншектер,

Соттаған іште жатқан баласын да.

 

Өліп бір кетпеген соң азаптардан,

Әйелдер туып жатты тозақта да.

Адамдар жау дегеннен ұрпақ берген,

Алланың құдіретінен ғажап бар ма?!

 

Табиғат заңыменен Күн аманда,

Туылды сол сәбилер дін аман боп.

Лагерьдің басшылары оларды алып,

«Халықтың жауы» деді сұрағанға.

 

Қаһары абақтының келіп қалды,

Туа сап анасынан бөліп алды.

Тата алмай уыз дәмін анасының

Шырылдап қанша сәби өліп қалды.

 

Анасы  қарс  айырылып  көкірегі,

Сүт қатып, кеуде тас боп кетіп еді.

Баладан – тірі, ерден – өлі  айырылып,

Оянып  қара  түнде  өкіреді.

 

Туа  сап  «жау»  атанған  пәк  сәбиді,

Әкетті  «Карлаг»  деген  басқа  үйге.

Түсірді  атын, тегін  ақ  қағазға

Анасы  танымастай  басқа күйге.

 

Біразы топ жетімнің бірі болып,

Жүретін ашты-тоқты сірі болып.

Ал, қанша нәрестелер төсектерде,

Көздері жылтыраған «тірі өлік».

 

Шетінеп кетсе, өлігін көрмейміз деп,

Іздеген жан боп жатса, бермейміз деп.

Бөшкеге салып жинай береді екен,

Көктемде тоң ерісе  жерлейміз деп.

 

Лагерьге қызмет еткендер ішінде,

Болатын жақсы жандар кең пішімді.

Бірі еді соның – Валя санитарка,

Болмаған еш қиянат өз ісінде.

 

Жүретін артып кірді арқасына,

Өтетін бөшкелерден «сор сасыған».

Байқап қап саусақтарды қимылдаған,

Суырып алды «өлікті» ортасынан.

 

Айналып құттай дене мұзға бекем,

Қара көз, қара шашты қыз бала екен.

Басып ап бауырына жылытты кеп,

Валяжан ықылас сап қызға бөтен.

 

Үйіне ұрлап кетіп, бағып алды,

Аялап жетім қызға мейір салды.

Сегізге толғанында «АЛЖИР» жақтан,

Анасы іздеп келіп, тауып алды.

 

Қаншама қиналса да, қимаса да,

Валяжан жалғыз үйге сыймаса да

Берді де,

Бақытсыздық арқасында –

Екі әйел болып қалды сыйлас ана.

 

Осылай жатты қанша жан табысып,

Өткізіп жеті-сегіз Арқа қысын.

Тұтқыннан аналары босаныпты

Қиялы балалардың самғап ұшып.

 

Аман қап «АЛЖИР», «Карлаг» тажалынан,

Шеттеліп балалықтың базарынан.

«Халықтың жауы» атанып өсті олар,

Жолықпай ерте әйтеуір ажалына.

 

Өткені – тозақ, бұлдыр – ертеңдері

Болғанмен, гүлге ұқсады өртеңдегі.

«Халқына жау» дегеннің ұрпақтары

Білімді, өнерлі боп өркендеді...

 

Жек көрді сол тұстағы өкіметтер,

Буыны түбі олардың бекіп ептер.

Көрсе де тумай жатып тозақ отын,

Зиялы боп өсті сол жетімектер.

 

Өсті олар лагерьлерде, шетінде елдің,

Өксігі басылмады өкінгеннің.

... Арқа жаққа елеңдеп жүрем қалқам,

Зарлы үні естілгендей жетімдердің.

 

5. ҚАЗАҚТЫҢ  ҚАСИЕТТІ  ҚҰРТЫ

 

Сүйек тесер Сарыарқаның суығы,

Мұз құрсанған Жалаңашкөл суының.

Ортасында ақ жаулықты тұтқынның,

Қолыменен қамыс жатты буылып.

 

Бейшаралар орақ ұстап күшеніп,

Қарны ашқаннан шұрылдайды ішегі.

Қарасуық сорып кеткен қолдарды,

Ұстарадай қамыс орып түседі.

 

Қарауылдар көл жағалай жайғасып,

Күзететін кететіндей қой қашып.

Күн ұяға отыратын уақытта,

Қатындарды барақ жаққа айдасып.

 

Топты әйел қарауылдар қоршаған,

Суық өтіп әлсіреген, шаршаған.

Үсік шалған буындары сырқырап,

Келе жатты, қамыс басып арқадан.

 

Кілең әйел буда қамыс өңгеріп,

Келе жатты бір-біріне дем беріп.

Тас лақтырды жолда көрген балалар,

Өздері әрең жүргендерге сенделіп.

 

«Тас лақтырды-ау,

Тәрбиесі осы ма!»,-

Деп ойлады тұтқын жандар шошына.

Ілбіп кетіп бара жатты тізіліп,

Көзден аққан тұншықты олар жасына.

 

Бала біткен лақтырды кеп ақ тасты,

Аналары балаларға, жақтасты.

Қарауылдар қарқылдап кеп күледі,

«Жек көреді»,- деп сендердей қақпасты».

 

«Күллі Одақ шошиды,- деп сендерден,-

Отан сатқан, жауға дейді тең көрген».

Табасынан бір жас әйел сүрінді,

Көтере алмай, ауыр жүкті өңгерген.

 

Мұрттай ұшты, басып ауыр қамысы,

Жас буды кеп, кеуде қысып намысы.

Мұрынына келді сол сәт ақ тастан,

Сүттің иісі топырақпен жарысып.

 

Сүттің иісі!

Ақ тасты әйел бас салды.

Иіскеп еді, ғажап сезім басталды.

«Мынау тамақ, қатындар-ау!»,- деп еді,

Сорлы әйелдер теріп кетті «тастарды».

 

Қарауылдар осы жолы шынымен,

Аяды ма, у төкпеді тілінен.

«Қамысшылар» теріп келген «ақ тасты»,

Аш құрсақтар сорып шықты түнімен.

 

«Құрт» деген – бұл қазақтардың тағамы,

Деп ұқтырды камерада қағаны.

«Ірімшікті күнге жайып, кептіріп,

Сарысудан ажыратып ағаны».

 

«Құрт» дегенді қазақтардың бабасы,

Жорықтарда жеген екен таласып.

Жолаушыға ұзақ сапар шыққанда,

Қоржынына салып берген анасы».

 

«Құрт» деген – бұл дәрумені қазақтың»,-

Деп тамсанып таныстырды ғажапты.

Еріп жатты таңдайында әйелдің,

Көріп жатқан сталиндік тозақты.

 

Құрт лақтырған сол ауылдың жұртының,

Білді бәрі қазақтығын ұлтының.

Құдіретіне қайран қалды өзгелер,

Қайран біздің қазақтардың құртының.

 

***

 

Түндерде естіп барақтан тұтқын зарын,

«Новоишимка» тұрғызды тұрғындарын.

Құрт пенен нан тастайтын аяныштан,

Тауып тікен қоршаудың жықпылдарын.

 

Өзегіне жан беріп тамсанғанның,

Білегіне күш берген шаршағанның.

Қасиетті тағамы қазағымның,

Құрт сақтаған өмірін қанша жанның.

 

Тозақтан жер үстілік бас аманда,

Әйелдер тірі өлік боп босағанда.

«Жолға азық»,- деп тек қана құрт алыпты,

«Өлтірмес деп бізді ақ тас аманда!».

 

***

 

Жасалды онда қанша түрлі қастық та,

Тұра алмастан қалғандар көп жастықтан.

Қазақтардың құртының сол бір дәмін,

Ұмытпайды татқан жандар аштықта.

 


КИЕЛІ АҒАШТЫҢ ҚҰПИЯСЫКИЕЛІ АҒАШТЫҢ ҚҰПИЯСЫ (Әңгіме) PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
24.01.2019 10:45

Күз айы. Маңайдың бәрі сап-сары түске боял­ғандай. Ұшар төбесі алыстан көзге шалынатын Нұра да, айнал­асына саптағы әскер­лерше қаз-қатар үйлер қоныстанған Қара дөңнің етегі де, айдын­ы жарқырай толықсыған Ащыкөлдің жағалауындағы балғ­ын құрақтар да, көше бойын­дағы желмен тербелген  тал-теректен ұшып түсіп жат­қан жапырақтар  да  сап-сары.

Жайшылықта «алтын күз» деп әспеттейтін табиғат көрі­нісі бұл жолы Арманға сағыныш сезіміне малынғандай әсер қалдырды. Осы мезетте сонау қиырдан тізбектеле ұшып келе жатқан тырналардың шоғыры көзге шалынды. Көлігін кілт тоқтатқан Арман жол жиегіндегі шағын төмпешікке жүгіре басып шыққанын өзі де сезбеген. Бала кезінен қайтқан құстардың, әсіресе тырналар тізбегін көрсе қатты тебіренетін. Сол дағдысы самайын  қырау  шалса да қалмапты. Қалықтай ұшқан тырналардың дауысы кеудесіндегі жараның біткен қабығын тырна­п өткендей... Тамағына өксік тірелді. Қанатын баппе­н қаққан  тырналардың  қиқуында туған жерге деген сағын­ыш, қимастық сезім, ерекше мұң  жатқандай. Арманның жанарынан жас сорға­лады. Өзі де іргелі әулеттің арқасүйер панасы, немерелері­нің  атасы екендігіне қарамастан тұншыға егілді. Кенет... Маңдайынан жып-жылы, ме­йірге толы алақан сипап­ өткенде селк ете қал­ды. Әйелі екен. Қа­шанда бұған бәйек болудан жалықпайтын жарының жанарына да мөлдір тамшы іркі­ліпті. Жас бала­ша босағанына  қысыл­ған Арман көлігіне отырып, оны от­алдырды.

Асфальт жолдың апшысын қуырған машина рөлін сығымдай ұстаған Арманның санасында «апам Әмір көкемнің жансыз денесін дәл осы жолмен алып өтті-ау. Ауыр қайғы жанын өртеген апатайым, қайғыға бе­ріл­мей қалай шы­да­дың екен?!» деген ауыр ой жалт ете түсті. Жанары тағы тұманданды. Әмір мұнан тура жарты ғасыр  бұрын Алматыдағы жоғары оқу орнында оқып жүріп, ауыр науқастан көз жұмған ең үлкен бауыр­ы еді. Анасы небәрі он сегіз жа­сын­да қыршын кеткен ұлының денесін елге әкеліп жерлеген болатын.

Арман ол кезде ойын баласы еді. Шағын ауылда туып-өсті. Бұлардың әулеті төрт-бес атасынан бері осынау қасиетті мекенді қоныстаныпты. Өз­дері  көп ағайынды болатын. Әке-анасы шаруашылықта жұмыс істейтін Арман  мен  өзге бауырларының  тәрбиесі  мен  барша күті­мі әжесінің  мо­йнында.

Қайран, әже! Сол бір жылы жүзді аяулы жан үй толы бала-шағаның алып бәйтерегі болып­ты-ау. Марқұм әжесі жалғ­ыз ұлынан тараған неме­релерінің маңдайына шаң тигізбед­і. Қашан көрсең де бұларды айналып-толғанып жүретін кейуананың қуанса да, ренжісе де айтары «құлдық қылайыннан» аспайтын. Не­мере­лерінің ішінен Арманға ықыласы ерекше ауды. Жаңа пісірген  ыстық қазанжаппайды сарымайға салсын, бал татығ­ан қаймақты талқанға шыласын, өзгелерден бұрын Арман­ға  бұйырушы еді. Бұған торсаңдап, ашу шақыратын апа-қарындас, аға-інілерін әжесі жарықтық, «Ботақандарым, сол! Сендердің естерің бар ғой. Күректің көңілі жай болса бәріміз де тынышпыз. Бұл құлдық қылайын, көзін ашқаннан ауру-сырқаудан шықпай қойды» деп алдап-сулап қоятын. Күрек, яғни грек – Арман­ның етжеңді мұрнына қарап әжесінің еркелетіп қойған­ атауы. Сірә, біреулерден естігені болса керек. Әйтпесе, ғұмыры ауылдан аттап­ шықпаған қария грек деген­нің қандай ұлт екенін қайдан білсін? Әжесінің өз­дерін ақылды санағанына Арман­ның іні-қарындастары мұрындарын бір-бір тартып қойып, мәз болады. Алдан­байтын Раушан ғана. Осынау ер мінезді тетелес апасы «осы бала бізге пәле болды ғой. Тамақт­ың бар жақсысын осы­ған­ береді» деп мұны зілдей жұдырығымен желкесінен бір перетін. «Өзі қашайын деп тұрған қоянға, тәйт деген соң не жорық?!». Бұл еңіреп жылап, әжесі жұбатып әлек. Әже­сінің «денсаулығы жоқ» деген сөзінің мәнісін кейін түсінді. Аяғын тәй басып жүрген ша­ғынд­а Арман ауырып, қатты құлапты. Қазіргі медицина тілімен айтқанда, «уақытша өлім». Суға ендіріп, бетіне ақтық жауып қойған немере­сінің маңдайынан соңғы рет сүйген әжесі мұның кірпігі әлсіз дір ете түскенін байқап қалады. Әжесі жалма-жан ауыл молдасын алдырып, дем сал­дырыпты. Осылайша жарық ғаламға екінші мәрте келген Арманды әжесі ерекше жақсы көретін. Бұл жоғары класта оқып  жүргенде  әжесінің  «се­нің түр-тұлғаң, кескін-келбе­тің, тіпті сөйлеген сөзің, қимыл-қозғалысың атаңнан, марқұм шалымнан аумайды» деп қалғаны бар. Сөзге есе жіберетін Арман ба?! «Әжетай, мені аймалап, бауырыңа бас­қанда өзіңе жаныңдай жақын адамды есіңе алып, қауыш­қандай сезімге бөленеді екен­сіз ғой?!» деп үй-ішін күлкіге батырған.

Арман «тылсым» деген ұғымға  кәміл  сенеді. Өзі басы­нан өткерген жайттан соң қалайша иланбасын?! Ол кезде­ әлі мектеп табалдырығын аттама­ған болатын. Бауыр­ларымен аула ішінде тығылыспақ ойнап жүрген Арманды кіші дәрет қыштады. Әлі сүн­детке де отырмаған ойын бала­сын­да не құпия болушы еді?! Алпысыншы жылдардың орта шеніндегі ауыл көрінісі есте­ріңізде шығар. Бұлардың да ауласы атшаптырым болатын. Кең шарбақтың түкпіріндегі бауланған қамыстан жасалған әжетханаға кім бара қойсын? Арманның көзі бір бұрышта жатқан жуан бөренеге түсті. Тракторшы жігіттен қысқы отынға деп сатып алған талдың діңгегі. Арман бөрененің үстіне кіші дәретке шықты да, ойынды  жалғастырған. Ал, түн ауа... Сол түнгі түсіне енген көрініс есіне оралған Арманның жүрегі қазір де дүрсілдей соғып, көзі қарауытты. Түсіне аппақ сәлде-шапанды, ақ сақалды, қабағы қатулы, асатаяқ ұстаған ата кірді. Бұған ызбармен қарап «Ағашқа неге дәретке шығасың?!» деп ақырғанда көк  аспан  жарылып, қара жер теңселгендей болды. Арманның шыңғы­рған үнінен шошып оянған анасы көпке дейін баласы­н жұбата алмады. Ақыры таң да бозарып атты. Дәрет сындыруға шыққан Арман­ қуығы қанталап, гүп болып­ ісіп кеткенін көргенде еңіреп жіберді. Осы мезетте адам нанғысыз  оқиға  болды. Әлдебір жұмбақ күш өзі кіші дәретке шыққан ағаштың жаны­на еріксіз апарды. Әлдеқайдан жеткен белгісіз үн құлағын­а «Ата, кешір» деп үш мәрте ағашты сипап, кешірім сұра» деп сыбырлағандай болды.­  Алты жастан енді ас­қан ойын баласы тылсым күштің айтқанын бұлжытпай орындады. О, ғажап! Осы мезетт­е кіші дәреті сыздықтап, тамшылай бастады. Ауырынан құтылып, бойы жеңілдеген Арман­ сәлден кейін көргенін ұмытып кеткен. Баланың аңғалдығында шек бола ма? Сәл уақыт өте Арманның  бойын­ «ағашқа тағы кіші дәретке шығып көрейінші, не болар  екен?»  деген  ой кернеді. Қаншама  сескенгенімен  ойын­дағысын  жүзеге асырып, кешегі ағашқа тағы да дәрет сын­дырды. Түнде кешегі көр­ген жайт қайталанды. Сол баяғы ата түсіне және кірді. Бұл жолы тіпті қаһарын төгіп «Ағашқа дәрет сындырма дегені­м  қай­да? Қоясың ба, жоқ па?» деп ақырғанда Арманның жаны мұрнының ұшына келгендей. Ертеңіне қуығы қайта ісінді. Бұл жолы да ғайыптан естіген белгісіз дауыстың нұсқауымен ағаштың бұтағынан, беймәлім атадан жалынып-жалбарынып кешірім сұрады. Міне, керемет. Сәлден соң кіші дәреті жүрді. Батырға да жан керек екен. Арман мұнан соң ағаш бұтағына мүлде жоламады. Көрген түсі, болған оқиға туралы әжесіне де, әке-ана, бауырларына да тіс жармаған. Ағаштың сырын жылдар өте біліп, өкініштен санын ұрғанмен бәрі өте кеш еді...

Түс көргеннен кейін арада біршама уақыт өтті. Жаздың­ жайма-шуақ күнінде бұлардың шаңырағына қайғының қара бұлты үйірілді. Алматыдағы жоғары оқу орнының бірінші курсын бітірген Әмір көкесі ақ қан дертіне шалдығып, өмірден озды. Жантәсілім етерден бұрын ағатайы ауру­ханада  жанында қайғыдан қан жұтып отырған анасына «Ме­нің денемді қалайда елге жет­кіз. Жат топыраққа тастама!» деп  сыбырлай жалыныпты.

Уа, қатыгез тағдыр... Бұл жалғанда әке-ана үшін бауыр еті баласының қазасын көр­ген­нен асқан қасірет болар ма? Қарапайым ауыл әйелі, өзі қайғыдан қан жұтып отырған ана бейтаныс, алып шаһарда қандай күйге түскені белгілі ғой. Бар ниетімен Аллаға жалбарынған ананың тілегін пе­ріш­телер қабыл қылса керек. Қалың өртке қанатымен су сепкендей күй кешкен ананың есін­е кезінде ауылда басшылықта болып, сол тұста Алматыда беделді қызмет атқаратын бір ел ағасының есімі түседі. Жанұшырып жүріп қабыл­дауына барып, болған жайтты мәлімдейді. Азаматтың аты азамат ғой. Сөзге келместен жарамды екі жеңіл көлік да­йын­датып, ананың жанына дәрігер қосып, жолдағы постыларға ескертіп, Әмірдің дене­сін бұзылмастай дәрілетіп жол­ға аттандырады. Әкесі марқұм көзі жұмылғанша сол азаматқа «мәңгі қарыздармын» деумен өтті.

Әмір көкесінің жаназасына ту бие сойылған еді. Көңіл айту­ға жиналған қарақұрым жұрт «қыршын» деген болуы керек, астан алып жарытпады. Адам аяғы басылған шақта мұрты бұзылмай сол қалпында қайтқан табақ-табақ семіз жылқы­ның былқып піскен етін ауыл іргесіндегі шағын көл­шікке төккендері санасында әлі сақталып қалыпты.

Арада біршама ай өтті. Қыстың аязды таңында ұйқысынан ерте оянған Арман көзін ашқан қалпы төбеге қарап үнсіз жатқан болатын. Түн қараңғысы толық сейіле қоймаған шақ. Сырттан кірген анасы электр жарығын жағып жібергенде күтпеген көріністен бұл шың­ғырып жіберуге сәл қалған. Аппақ матаға оранған Әмір көкесі қаз-қатар жатқан бұлар­ға күле қарап тұр екен. Жарқ еткен жарықпен бірге көкесі­нің де бейнесі жоғалып кетті.

Арманның тамағын тағы өксік кернеді. Өзі балалық ақымақтықпен кіші дәретке шыққан ағаштың аса ғұлама ишан атаның мешіті мен бейі­тін­ің жанына көктеп шыққан ағаштардың ішінен кесілгенін, мұны білмеген әке-анасының тракторшы жігіттен сатып алған­ын, кейін мән-жайды ұққан соң құран оқытып орнына апарып тас­тағандарын есейгенде естіді. Тракторшы жігіт туралы мәлімет біле алған жоқ.

Бүгін ауылға барып әжесі, әке-анасына, Әмір көкесі мен өмірден ерте кеткен бауырларының аруағына құран бағыштатқан Арман өмір аталатын ұлы көштің тосын сыры мол екенін терең түйсінгендей.

(Кейіпкерлердің  аты-жөндері  өзгертілді.)

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы  ауданы,

Жанқожа  батыр  ауылы

 


ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН 20 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
24.01.2019 10:00

Қазақ жастары ХХ ға­сырдың отызыншы жылдарынан бастап дене шыны­қтыру мен спорт саласы бойынша жоғары оқу орындарында оқи баста­са, екінші дүние­жүзілік соғысқа дейін Алаш даласының әр қиырында спорт үйір­мелері жұмыс істей бастады.

Сол дүрмекпен спорттың сан түрін дүр­кірете қуған қазақ саңлақтары 1960 жылдан баст­ап әлемдік арена­ларда атой салды. Бірақ большевиктердің отарлық саясаты спорт саласын да қатты шарпыды. Сол кезеңде Олимпиада, әлем чемпиондары болуға қарым-қабілеті то­лық жететін Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айханов, Жәнібек Сауран­баев, Әбдісалан Нұрмаханов, Аманжол Бұғы­баев секілді сайыпқы­рандарымыз Мәскеудің көпе-көрінеу қиянаты салдарынан тұсаулы жүйріктің күйін кешті. Жетпіс үшінші жылдан бастап Совет одағы чемпионатында жүлде алған Жақсылық Үшкемпіров бірінші рет Еуропа чемпионатына 1979 жылы барды. Империяның екі ғасырдан аса сірескен тоңы осы жылдары ғана жіпси  бастады.

Енді олимпиадалық спорт түрлері бойынша қазақтан  шыққан  дүние­жүзінің чемпиондарын тізіп  көрейік:

1) Шәміл Серіков, грек-рим күресі,1978-1979 ж.ж.

2) Жақсылық Үшкемпіров, грек-рим күресі, 1981 ж.

3) Нұрлан Меңдіғалиев, су добы, 1982 ж.

4) Тимур Досымбетов, қазіргі бессайыс, 1982 ж.

5) Марат Сатыбал­диев, велоспорт, 1989 ж.

6) Дәулет Тұрлыханов, грек-рим күресі, 1989 ж.

7) Бақтияр Бай­сейітов, грек-рим күресі, 1998 ж.

8) Болат Жұмаділов, бокс, 1999 ж.

9) Серік Сәпиев, бокс, 2005, 2007 ж.

10) Ердос Жаңабергенов, бокс, 2005 ж.

11) Біржан Жақыпов, бокс, 2013 ж.

12) Мерей Ақшалов, бокс, 2013 ж.

13) Данияр Елеусінов, бокс, 2013 ж.

14) Жәнібек Әлімханұлы, бокс, 2013 ж.

15) Жасұлан Қы­дырбаев, ауыр атлетика, 2014 ж.

16) Назым Қызайбай, бокс, 2014, 2016 ж.ж.

17) Дина Жоламан, бокс, 2016 ж.

18) Ләззат Күнгей­баева, бокс, 2016 ж.

19) Елдос Сметов, дзюдо, 2015 ж.

20) Қайрат Ералиев, бокс, 2017 ж.

Советтің бодандығында болған кезеңде 6 әлем чемпионы, тәуел­сіздік тұсында 14 жеңімпаз шықты! Әзірге спорттың жеті саласынан ғана. Бәрі спорттың жазғы түрлерінен. Озық тұрғаны бокс – 11 чемпион! Одан кейін балуандар – 5 жеңімпаз! Осы жерде жанымызға қатты бататыны: арғы жағын айт­пағанда, кейінгі ширек ғасырда еркін күрестен бір әлем чемпионын баптауға жарамадық... Әзірге шыққан асуымыз осы. Аз ба, көп пе? Өзде­ріңіз сараптай беріңіздер.

 

Қыдырбек  РЫСБЕК,

спорт  журналисі

 


СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН ШОБ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 20 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.01.2019 09:25

2018 жылы Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1832 бірлікті құрап, 19,3 пайызға артты.

Аймақ басшысы Қ.Көшербаев Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаевтың 2018 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру кездесуіне қатысты.

""Барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін "тетік"  біздің жұмысымыздың негізгі бағыты жаппай кәсіпкерлікті, әсіресе ауылдық жерлерде дамыту болып табылады. Ауылдық округ әкімдері жергілікті атқарушы биліктің төртінші деңгейі деп танылды және жергілікті маңызы бар бірқатар мәселелерді дербес шеше алады. Сондықтан біз жаппай кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға басымдық беруіміз керек", - деп атап өтті облыс әкімі кездесу барысында.

Естеріңізге сала кетейік, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелерін тиімді шешу, жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін айтарлықтай арттыру мақсатында облыс әкімдігінің, облыстық мәслихаттың, "Нұр Отан" партиясы филиалының, қоғамдық кеңестің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының шешімімен 2018-2020 жылдары өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жарияланды.

«Өздеріңіз білетіндей, аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтудың қазіргі таңдағы негізгі бағыты - жаппай кәсіпкерлікті дамыту.  Сырдария  ауданында 2018  жылы 2115 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны  1832. 2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 19,3 пайызға артты. Жаңа кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуы 5284 адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді", - деді Сырдария ауданының әкімі.

Сонымен қатар, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының "бизнесті қолдау мен дамыту" бірінші бағыты аясында 12 жоба қаржыландырылды, 28 жоба гранттық қаржыландыруға ие болды.

Ғ.Қазантаевтың айтуынша, аудан кәсіпкерлерінің 183  жобасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Соның нәтижесінде 201 жұмыс орны ашылды. Бұлардың басым бөлігі -  мал басын көбейту және бордақылау алаңдарын салу, қажетті техника сатып алу немесе монша және басқа да қызмет көрсету нысандарын ашу жобалары.

"Ауданның  60 тұрғыны жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік гранттарды жеңіп алды. «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша  Өңірлік инвестициялық орталығынан 94,3 млн. теңгенің 29 жобасы қаржыландырылды. Аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы 152 адам «Бизнес-Кеңесші» курсын оқыса, «Бастау-Бизнес» жобасы  бойынша  170 адам  оқып шықты", - деді Ғ.Қазантаев.

Сондай-ақ Ғ.Қазантаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да салаларында атқарылған жұмыстар мен 2019 жылға арналған міндеттер туралы баяндады. Осы жылы табиғи газ өткізу және кварталішілік газ құбыры желілерінің құрылысын орындау, аудан орталығында көп қабатты тұрғынүйлердің құрылысын жалғастыру және басқа да бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

2018 жылы Қызылорда облысы «бизнес жүргізуге қолайлы орта» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары