Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2821
mod_vvisit_counterКеше2604
mod_vvisit_counterОсы аптада10102
mod_vvisit_counterӨткен аптада15900
mod_vvisit_counterОсы айда26002
mod_vvisit_counterӨткен айда70043
mod_vvisit_counterБәрі4150732


Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Бейсенбі, 24 Қаңтар 2019

Кәсіпкерлік кедергісіз дамып жатыр PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.01.2019 14:10

Сыр өңірінде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың» үш жылдығы аясында қыруар шаруалар атқарылып жатыр. Бизнеске қолайлы жағдайдың қалыптасуы ел арасында кәсіпкерлікке ниет еткендердің санын көбейтуде. Сан көп жерде бәсекелестіктің, ал бәсекелестік болса, сапаның орнайтыны мәлім. Жүйелі бастамалардың, ілкімді істердің нәтижесінде Қызылорда облысы өткен 2018 жылы кәсіпкерлік саласында көшбасшы өңір екенін мойындатты.

Осы ретте Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Палата директоры Ғ.Жақсылықов БАҚ өкілдеріне берген брифингте соңғы 5 жылда 26 334 азаматқа 57 334 кеңес беріліп, 9057 сервистік қызмет көрсетілгенін айтты. Ал кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөнінде Палатаға 1094 өтініш түскен. Оның ішінде 560-ы оң шешімін тауып, кәсіпкерлер 4,5 миллиард теңгеден астам қаражатын сақтап қалды. Палата заңгерлері қатысқан 304 сот отырысының 238-і кәсіпкерлердің мүддесіне шешілген.

- Алғашқы жылдары кәсіпкерлердің бірнеше жылда қордаланып, жиналып қалған мәселелерімен жұмыс істедік. Қазір де жүйелік проблемалар жеткілікті. «Атамекеннің» ендігі мақсаты – әр кәсіпкермен, ал бастысы шағын бизнеспен тікелей байланыс орнату, - деді Ғ.Жақсылықов.

Палата директорының сөзінше, бүгінде еліміз бойынша нақты жұмыс істеп тұрған 1 миллион 200 мыңға жуық кәсіпкер бар. Десе де, қазіргі уақытта деректер базасын толықтыру керек екен.

Жиын барысында Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің бастығы Фархад Әбжаппаров «Атамекен» жасаған кәсіпкерлерге арналған Atameken Services порталының тегін сервистік қызмет түрлерімен таныстырды. Маманның айтуынша, порталда 60-тан астам онлайн режимде берілетін пайдалы және тегін қызмет түрі бар. Осы арқылы көптеген кәсіпкерлер немесе кәсіп ашуды жоспарлаған азаматтар тиімді мәліметтер ала алады. Бизнеске арналған платформа кез келген адам үшін қолайлы. Ол үшін бар болғаны қалта телефоныңыз интернетке кірсе болды. Ары қарай аталмыш порталға еніп, нұсқаулар бойынша рет-ретімен бөлімдерге кіріп, қажетті ақпаратқа қанығасыз.

Ж.Қойшыбекова

 


ҚАЙ БОЛЖАМНЫҢ «БАҒЫ» ЖАНАДЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
24.01.2019 13:52

Өткен жыл әлемдік саясатта тартысты жыл болды. Саяси жаңалықтың әсерінен аспан күркіреп, найзағай ойнамаса да, бірқатар алпа­уыт елдер арасында алып та, шалып та жыққан саяси «күрестің» болғаны көпшілікке аян. Әсіресе теріскейдегі көршіміздің «терезе­сі» жиі шағылды. Оған мұхиттың арғы жағындағы алып мемлекеттің сауда саясатында «рэкети­рлікті» мейлінше меңгеріп алған ресей­ліктерге салған санк­циясының өзі дәлел. Дональд Трамптың түпкі мақсаты да «аю патшалығына» сығарғ­а битін, үрерге­ итін қалдырғысы келмеді.

Төбеден де түйді, жаны­нан да жұдырықтап, қапталынан қағып өткісі келгенмен, оған «мыңқ» етпеге­н  «Путиннің  патшалығына» залалының тиіп, заһарының төгілмейтінін сезді де, сескенді. Екі ғасырдан астам қарым-қатынас жасап  келе  жатқан АҚШ пен Ресей­ арасынан сұрапыл соғысты күткендер де болды. Бірақ, ақпараттық  арпалыстан әрі асқан жоқ. Жалпы, бұл елді басқарған президенттер мен императорларда мұндай түсініспеушілік пен текетірес сол екі ғасырдан бері жал­ғасып  келе  жатыр. Соны арқау еткен­ экстрасенс Б.Жұматова бұл екі елдің арасында 2024 жылы соғыс­  өрті  тұтанады  деп  болжады­. Өтірігі де, шындығы да бізге аян емес. Жә, бұл мәселелер өткен жылдың «жұтқыншағында» қалды, 2019 жылы саясаттың әлемдік арена­сын кім қалай болжауда?

Америкалықтардың салқын көзқарасынан арыла алмаған Д.Трамп көрші Ресейге санкция салғанда қолымыздың «қалтырағаны» рас. Эконо­микалық одақ аясындағы мемлекет болғандықтан­ біздің де башпайымызды басып кете ме екен де­ген­ қауіптің болғанын жасырып қайтеміз? Алайда екі ел басшысының (Назарбаев пен Трамп – ред.) сөйлескен сөздерінен кейін арқаны кеңге салып, аяқ тартып, бел бүкпейтін болдық. Батыл қадам, бірбеткей мінезіміздің барлығына қарамастан «қорқақ қалтырауын қоймайды» дегеннің керін келтіріп, биыл да бүркенуге мәжбүр етіп тұр. Оған себеп әлемдік саясаттанушылар мен экономистер АҚШ-тағы қаржы-несие саясатының күшейгені әлем елдерінің көбіне, тіпті Қазақстанға да кері әсерін тигізуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Оттай берсін, бастысы, біз ҚОРҚАҚ  емеспіз.

Әлемдік саясат пен халықаралық сауда нарығында түйенің жүгін арқалаған Қазақстанның қадамы нық. Десек те, биылғы жылға арналған болжамдар бас көтертпеуде. Халықтың табысы артып, коммуналдық тарифтер төмендеп, жалақы мөлшері артады дегенмен, әлем сахнасындағы артистің рөлін сомдап тұрған салалар қақпанға ілігіп тұрғанға ұқсайды. Экономистер көңіл терез­емізді көмескілей түсетін болжамға тоқталып отыр. Тіпті осыдан 10 жыл бұрын ел экономикасын жарға жыққан қаржылық дағдарыстан да алапат болғалы тұр дегендер жанымызды жүдетіп  отыр.

Ғазизат  Имақова, саясаттанушы:

- Дағдарыс өте қатты болады. Өйткені ол осыдан 10 жыл бұрынғы дағдарыс сияқты тек ғана эконом­икалық текетіреске, экономикалық жағдайдағы санкцияларға ғана емес, саяси мәтінге тірелейін деп тұр. Саяси бәсекеге байланысып жатқан экономиикалық астар. Әлемдік дәрежедегі  экономикалық саясаттағы өзінің ұстанымын қалай да басып, мойындатуға әкелетін дағдарыс. Сондықтан өте қатал болады.

Жанар   Жүсіпова, нумеролог:

- Доңыз жылы қаражатқа аса мұқият болған жөн. Өйткені, экономикадағы жағдай биыл сәл қиындау болады. Ақшаны қарызға мүлдем алмаған дұрыс. Ал несие дегеннен барынша қашу керек. Тіпті, болмай жатса алған қаржыңызды міндетті түрде қайтара алсаңыз ғана, тәуекелге баруыңызға болады. Себебі, биыл ақша мәселесі өте ауыр  болмақ.

Рас, жаһандық деңгейдегі ұйымдар мен одақтарға мүше ел болғандықтан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сыртқы факторлар кері әсерін тигізбей қоймайды. Өйткені біздің елде шикізат тауарларының тұрақсыз бағасы, ақша-несие саясатының әлсіз­дігі, мұнайға деген тәуелділік секілді факторлар әлі де шешімін тапқан жоқ. Бұл жай сөзбен жай ғана дерек­ болып көрінгенмен, өте күрделі процеске жауап­ты жайт. Мәселен, соңғы деректерге сүйенсек, әлемдегі 193 елдің 162-сі ДСҰ-ның либералистік принципімен реттелетін сауда ережесіне бағынып  отыр. Ал біздің де жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегіне айнал­ғанымызға биыл төртінші жыл. Сауда да, сауда соғысы да қарқынды.

Жуырда халықаралық валюта қоры 2019 жылға арналған экономикалық болжамды жарқ еткізді. ХВҚ мәліме­тінше, 2019 жылы сауда соғысы салдарынан әлемдік экономика 1,52 трлн доллар табысынан қағылады. Бұл өз кезег­інде жаһандық нарық табысының 17 пайызға қысқаруына және жалпы ішкі өнімнің 1,9 пайызға азаюына әкелуі ықтимал. Халықаралық валюта қоры сарапшылары 2018-2020 жылдары аралығында әлемдік экономиканың жылдық өсімі 3,7 пайызға, 2022-2023 жылдарға қарай 3,6 пайызға тұрақтайды­ деген пікірді алға тартып отыр. Яғни, әлемдік экономика ұзақ уақыт шегіну кезеңіне тап болады. Бес жылдан бері дағдарыстан дегбірі қашып келе жатқан­ Қазақстанға ХВҚ-ның бұл болжамы нокауттан кем түсіп тұрғаны шамалы. Сонымен табалдырықтан енген бұл жылдың жайлы жұмсағы аз, жұдырығы тас болғалы тұр дегенге түнеру – бізге жат қылық. Айтпақшы, жылдың қандай боларының шет жағасын білдік. Үлкен үй жақтан да «саяси сабылыс» болуы мүмкін деген әңгіме желдей есуде. Есте­ріңізде болса, өткен жылдың аяқ ше­нін­де тараған «2020 жылы сайлау болады» деген болжамның «бағы» жанғалы тұр-ау... Бірақ, мерзімінен бұрын...

Н.ҚАЗИ

 


ҚАЗІР «ҚАРА АРХЕОЛОГТАР» ҚАПТАП ЖҮР PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
24.01.2019 13:39

 

Әзілхан  ТӘЖЕКЕЕВ,

тарих  ғылымдарының  кандидаты,  археолог:


МЕМЛЕКЕТТІК   ҚОЛДАУ БОЛМАЙ   АРХЕОЛОГИЯ  ДАМЫМАЙДЫ

- Әзілхан аға, сұхбатымызды ғылым жолына қалай келгеніңізден бастасақ...

- Археология ғылымы Қазақ­стан­дағы жас ғылымдардың бірі деуімізге болады.

Даму тарихы Еуропамен салыст­ырғанда тым тереңде жатқан жоқ. Сол себепті, бізде оқушылардың арасында археология ғылымын таңдау аз кездеседі. Иә, тарихшы боламын дейтіндер көп болуы мүмкін, бірақ археолог боламын деп армандайтындар сирек. Мұны ақпараттың аздығынан деп есептеймін. Мен солай­ бола тұра осы ғылымға келдім. Бастапқыда анау айтқандай түсін­бедім десем де болады. 2003 жылы Сығанақ қаласындағы далалық зерттеуге  қатыстым. Жетекшісі профессор Сәйден Жолдасбаев деген ағамыз болатын. 2004 жылы белгілі археолог Жолдасбек Құрманқұловтың жетекшілігімен Шірік-Рабаттағы қазба жұмыстарына қатыстым. Ол кісі – қола дәуірінің мықты маманы.

“Ғылымға қалай келдіңіз?” деген сауал үнемі жүрген жерімде қойылып отырады. Оған мен де лайықты жауабым­ды дайындап қойғанмын. Менің­ше, мемлекеттік қолдау болмай археология дамымайды. Бұл тек археологияға ғана қатысты емес, барлық­ ғылым, барлық сала да солай. 2004 жылдан 2011 жылға дейін “Мәдени мұра” бағдарламасы қабылданды. Біздің буын, яғни жас архео­логт­ар осы аралықта ғылымға келді, қолдаудың бар екенін көрді. Ары қарай бағытын білдік, нан тауып­ жейтін жолды таңдадық. Егер де ол бағдарлама болмағанда мен бұл салаға келер ме едім, келмес пе едім, белгі­сіз?! Отандық археологтарға қарап отырсақ, біздің буын және үлкен буын бар. Үлкен  буын  ғылымға 1960-70 жылдары келген. Ол уақытта “Алтын­ адамның” табылып, Отырардағы қазба жұмыстарының қызған шағы еді. Демек, қазір аға буынның алды 70-80 жасқа келіп қалды. Одан кейін  орта  буын азайып кетеді де, 90-жылдары археологияны мүлдем тастап кеткен. Өйткені, заман солай болды, қаржылық дағдарыс дегендей... Тек ғана осы 2004 жылдан бастап жас буын осы қолдаудың арқасында археологияға бет бұра бастады.

- Меңзегеніміз мынау еді. Қазіргі күні көптеген білімді қыз-жігіттеріміз ғылым жолын таңдауға жүрексініп жүргендей. Жұмысы ауыр, ақшасы аз деген  секілді...

- Мысалы, археология мамандығына оқуға түскен 10 студенттің біреуі мықты маман болып шықса, оны да ұстаздың, ғылымның жетістігі деуге болады. Меніңше, кез келген мамандықтың ізіне түсіп, қызығып, қадірін білсеңіз, оны ары қарай алып кете аласыз. Ал, сіз айтқандай “жұмысы көп, қаржысы аз” деп басқа мамандыққа ауыссаңыз, оны да қатыр­мауыңыз  мүмкін. Адам өзі таңдаған маманд­ықтан болашағын көруі керек­. Мамандықты түбегейлі зерттеп, кіріскен адам сұранысқа ие болад­ы әрі сол салада мықты маман болып  қалыптасады.

- Өзіңіз де жақсы білесіз, биылғы жыл “Жастар жылы” деп аталды. Ә дегеннен сұрақтардың жастар тақы­рыбына  арналып  жатқаны  сондықтан. Өз салаңызға байланысты айтсаңыз, жас буын өкілдеріне не жетіспейді?

- Жетіспейтін жайт көп. Ең бірін­шіден, жастарға іздену жетіспейді дер едім. Қарап отырсаң, ізденудің болмауы интернеттің, ұялы телефонның әсері секілді. Тарих мамандығында оқитын  кейбір  студенттердің Жетісудің қай жер екенін, Ұлытаудың қайда орналасқанын білмейтін кездері  болады. Сол сияқты, “Сары­арқа, Бетпақдала, Үстірт деп қай жерлерді айтамыз?” дегенге де қиналып жауап беруі мүмкін. Берілген тапсырма төңірегінде ғана дайындалып келеді. Біздің салада, жалпы көп жерде теория­дан гөрі практика жүзінде студен­ттерді  ояту, қызығушылығын арттыру  оңайырақ.

 

“ЕСКЕРТКІШТІ  ҚАЗУ – ОНЫ  БҰЗУ  БОЛЫП  ТАБЫЛАДЫ”

- Көптеген жерлерге қазба жұмыстарын  жүргіздіңіз. Сырын  ішіне  бүккен қандай  орындар осы  күні  зерттеп-зердел­еуді  асыға  күтіп тұр?

- “Ескерткішті қазу – оны бұзу болы­п табылады” деп бір археолог айтқан екен. Яғни, біз қазба жұмыстарынан соң, ол жердің бетін ашық қалдырамыз. Және ең қажетті деген немесе ең керек деген заттарды назар­ға іліктіре алмауымыз мүмкін. ЮНЕСКО-ның талаптары да солай. Көміліп жатса ғана мұра, ал оны қазып алсаңыз, ол жер жай ғана – турис­тік объекті. Мұның барлық құнды заты алынған деген сөз. Осы жерде бір қуанарлығы, бізде әлі қазылмаған, ЮНЕСКО талаптарына сай қойнында мұрасы жасырынып жатқан жерлер, тарихи орындар өте көп. Егер біз қазу деген осы екен деп барлық жерді қаза берсек, құнды ескер­ткіштерімізден айырыламыз. Жасыратыны жоқ, бізге қазу жұмыстарына мемлекеттен 3 жылға ғана қаражат бөлінеді. Яғни, біз 3 жылғы жоспарымызды ғана білеміз. Мысалы, Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылы маңындағы Шіркейлі Қос-асар деген қалаға қазба жұмыстарын жүргізген едік. Біз оны көп жылға жоспарлаймыз деп ойладық, ал жұмыс небәрі 3 жылға ғана созылды. Тоқтап тұрғанына 2 жыл болды. Сонда­ біздің бастаған жұмысымыз сол басталған күйінде қалып қойды дей аламын. Сығанақ, Шірік-Рабат, Жанкент секілді қалаларда 15 жылдан бері қазба жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бұл бір ізге түседі әрі нәтиже­ береді. Жалпы, қазба жұмыстары біздегі жыл мезгілдерінің қолайсыздығына байланысты екі айға ғана созы­лып жатады. Қазіргі таңда бұл кешенді зерттеулерге облыс әкімдігі тарапынан үлкен демеу бар. Облыс әкімі төрағалық ететін Қызылорда облысының Тарихи-мәдени мұраларды  қорғау  және  пайдалану  жө­нін­дегі Ғылыми-әдістемелік кеңес­тің шешімімен 2014 жылдан бері қазба жұмыстары 5 жылға ұзарды. Бұл сәл де болса, өз көмегін тигізеді деп ойлаймын.

Ал, енді сіздің сұрағыңызға нақты жауап  берсем деймін. Ғалым ретінде қызықтыратын, қазба жұмыстарын күтіп тұр деп ортағасырлық Асанас қалашығын айтар едім. Бұл қалашық туралы жазба деректер жақсы сақталған. Шыңғыс ханның әскері бастап келген кезде Сыр бойында гүлденіп тұрған қаланың бірі болған. Түркіс­тан, Отырар және Сығанақтан кейінгі басып алған қаласы да осы – Асанас. Оның үстіне Асанастың төңірегінде бір емес, төрт қала бар. Асанастың сыртында кірпіш өндіретін зауыт­тары, сол дәуірдің архитектуралық ескерткіш-мавзолейлері бар. Одан өзге егістік алқаптары, ирригациясы сақталған.

- Қармақшы ауданы маңындағы ортағ­асырлық Сортөбе қаласы 2007 жылы археологтар назарына ілік­кені­мен, 2017 жылы ғана зерттеуге мүм­кіндік туыпты. 10 жыл аз уақыт емес, осы  аралықта  қаланың 60%-ын Сырдың суы ағызып әкеткен. Сөйлемді сіздің  сөзіңізбен  жалғастырсақ...

- Расында солай. Бұл қала сәл ертере­кте қанша айтылғанымен 2013 жылы назарға алынды. Сөйтіп жүргенде тағы да уақыт өтіп кетіп, тек 2017 жылы ғана археологиялық қазбалар басталды. Әрине, авариялық күйдегі қалаларды қазу күн тәртібінде тұруы тиіс. Бірінші біз барлығын түгендеуіміз керек. Қандай ескерт­кіштер бар, қандай топқа, кезеңге жата­ды, т.с.с. Мысалы, бүгінгі зерттеулердің нәтижесінде Сыр бойында 2000-ның үстінде ескерткіш бар екені белгілі. Ал оның мемлекеттік тіркеудегісі 500-дің үстінде. Сонда 1500 ескерткішіміз әлі тіркелмеген, тіпті олардың саны артуы мүмкін. Шын мәнінде Сыр бойында 500 ғана ескерткіш бар дегенге сенгің келмейді.

Айтар болсақ, авариялық ескерткіштер Сырдария өзені (Жалағаш, Сырдария аудандары) бойында көп. Күріштік алқаптарының ортасында қалып қойған қалалар, асарлар бар. Ала жаздай судың ортасында тұратын бізге белгілі 20-ға жуық асар бар. Міне, осыларды зерттеу керек. Сақталуы жақсы ескерткіштерді зерттеу болашақтың еншісінде қала бермек.

 

“ШІРІК-РАБАТТАН  ТАБЫЛҒАН ӘРБІР  ЗАТ – СЕНСАЦИЯ”

- Зерттеу жұмыстары арқылы көптеген деректерге тап болғаныңыз анық. Осылардың ішінде сізді қатты таңғ­алдырғаны  қайсы  болды?

- Археологтардың арасында мынадай әзіл әңгімеміз бар. “Шірік-Рабатт­ан табылған әрбір зат – сенсация” деген. Шын мәнінде, қала сақтардың рухани-діни орталығы болған­ ғой. Сақтардың бұйымдары сол кездегі технологияның дамығанын біл­діреді. Соның ішінде құнды деректер кездесті. Бұл – Сыр бойындағы ең көне, құнды жазбалар. Бұл – бір құмыраның иығындағы он бір таңбадан тұратын жазу. Оны ғалымдар оқыған кезде жаратылыс күштің бар екенін, мейірімін, шапағатын сезінген адамның тұтынғанын айтты. Сол секілді, көнектің иығындағы жазу да бізді ойландырды, оның мерзімі б.з.д. IV-III ғасырларды көрсетеді. Бұл, біріншіден, жазудың болғанын, екін­шіден, жаратылыс күштің бар екенін, халықтың жаратушы күшке сенгенін білдіреді. Одан өзге екі ыдыс табылды. Онда көне грек тілінде жазу жазылған. Жазулар бір-біріне ұқсас. Ғалымдар тереңі­рек зерттегенде Македония, Индия­  жеріндегі ағаштан алынған бальзамның атауы болып шықты. Сонда Шірік-Рабатқа соншалықты жерден бальзамның аты жазылған құтының жетуі және оның сонда жерленген адамдар­дың денесіне жағылуы бізді таңғал­дырды. Сосын каралы бар салпыншақты сырғалардың шығуы. Карал Үнді мұхитынан алынған. Демек, бұл ірі сауда жолының Шірік-Рабаттың үстінен өтіп, кері қайтатын бір жолы болға­нының дәлелі секілді. Бұл жерден табылған тағы бір зат бар. Ол – қылыш. Бұл археология ғылымында “Қытай қылышы” деп аталады. Мұның арнайы тапсырыспен жасалуы да мүмкін. Деректерг­е сүйенсек, б.з.д. IV-ІІ ғасырларда осы қылыштарды сыртқа сатуға, тасымалдауға тосқауылдар болған көрінеді. Бұл туралы жазба деректер сақталған. Қару-жарақтарды зерттейтін ғалымдардың айтуынша, қылыш қалаға “қара базар” жолымен жетуі де ықтимал. Осындай секілді кітапқа жазыл­маған, бірақ қызықты деректер бар.

 

БИЛІК  АРХЕОЛОГТАР КҮНІН  БІЛМЕЙДІ  ДЕ...

- Археология саласындағы аға буын өкілдерінің еңбегі қаншалықты еленіп жүр?

- Сұрағың өте орынды. Әлгінде айтқанымдай, археологтарды екі буынға бөлетін болсақ, алдыңғы буынды қазақ археологиясының негізін қалаған ғалымдар дей аламыз. 1991 жылы архео­логия институты құрылып, бөлек Ә.Х.Марғұлан атындағы институт болып­ қалыптасады. Алдыңғы буын архео­логияның бөлек институт болуына мұрындық болды. Сол себепті, олар бүгінде бір-бір ірі ғылыми бағыттардың жетекшілері. Мысалыға, Зейнолла Самаше­в деген ғалымымыз Алтайдағы Берел өркениеті, Шіліктіні зерттеген, Сыр бойындағы археологияға жетек­шілік жасап жүрген Жолдасбек Құрман­құловтың да еңбегі ұшан-теңіз. Қазақ археологиясының атасы Әлкей Мар­ғұланның істері неге тұрады? Археологияның дербес ғылым ретінде қалып­тасуына ерен еңбегін сіңіріп кетті. Жалпы,­ археологтардың еңбегі кешегі Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында еленді деп есептей­мін. Ғалым Виктор Зайберттің Ботай мәдениеті осы мақалада көрініс тапты және лайықты бағасын алған секілді. Археология бүгін зерттедім, ертең жемісін көремін дейтін ғылым емес. Шын мәнінде инемен құдық қазу. Жемісі 20-30 жылдан кейін ғана болуы мүмкін.

- 15 тамыз – халықаралық археологтар күні екен. Бұл атаулы күнмен біздің билік  қаншалықты  санасады?

- Ааа, оны білмейтін де шығар. Бұл күн тек біздің археологтар арасында ғана емес ТМД елдерінде де тойланады­. Бұл күн Ресей не Қазақстан билігінің тарапынан атаулы күн ретінде ескерілмеген. 15 тамыз, яғни осы уақыт – барлық  археологтардың далалық қазба­ларда болатын кезі. Былтыр біз осы уақытқа ыңғайлап “семинар ұйымдастырамыз  ба?, баспасөз  турын  жасасақ па екен?” деп ойлағанбыз. Өкінішке қарай, жұртшылық  білсін, естісін деген­ жоспарымыз  жүзеге  аспай  қалды.

 

ТҮРТІЛМЕГЕН   ТӨБЕ, ШҰҚЫЛМАҒАН   ШҰҢҚЫР   ҚАЛМАДЫ

- Сіздіңше, ескерткіштердегі “мемлекет қорғауына алынған” деген жазудың маңыздылығы  қаншалықты?

- Сұхбат барысында айтып кеткеніміздей, бізде 500-дей ескерткіш тізімге алынған. Олардың барлығында сіз айтқан­ жазу, белгі бар. Бірақ, ол жазудың қаншалықты қорғайтыны не қор­ғамайтыны қазба жұмыстары кезінде белгілі болып жатады. Сол белгінің керек­ десеңіз екеуі ме, үшеуі ме тұрған Жент қалашығын алайық. Осыдан бірнеше жыл бұрын Байқоңыр қаласының ұлты орыс екі тұрғыны бізге өздерін туристпіз деп таныстырды. Біз олардан бірден күдіктендік. Кейде бізге келіп “қай жерді қазсақ болады?” деп те сұрайтындары  табылады. Ғалымдар олармен күресе алмайды. Ал мемлекетте күресетін жүйелі жұмыс жоқ. Қазіргі күні облыс бойынша қолында металл іздей­тін аппараттары бар “қара археологтар” қаптап жүр. Тіпті, түртілмеген төбе, шұқылмаған шұңқыр қалмады. Сай-сайды, сала-саланы аянбай, аямай қазып жатыр. Археологтар бір жылда бір-екі нысанды ашуы мүмкін. Ал, “қара археологтардың” 50-ге жуық жерді қазып  тастағанын  көзіміз  көрді.

Мысалы, біз сондағы “қара археологтардың” ізін кеспек болып, жолына тосқауыл жасайық деген оймен, көлік нөмірін  түсіріп  алып, тиісті органдар­ға, әкімшілікке  хат жазғанбыз. Бірақ одан еш нәтиже болмады. Егер біз оларды­ ұстап, жазаласақ, өзгелері де аяқ тартар­ еді. Соңғы 2-3 айдың көлемінде маған бірнеше адам келді. “Қылыш тауы­п едік”, “алтын тиын тауып алып едік” деп тұрады. Олар облыстық музей­ге де, басқа жерге де барады. Аталған аппар­аттарды сатуға тыйым салынуы керек. Ал, олар Алматыда самсап тұр,. Тапсырыс берсеңіз, жеткізіп те тас­тайды. Біз археологтар мақсатты түрде ол аппараттарды қолданбаймыз. Олсыз­-ақ, қазып-қазып жететін жеріне жете аламыз. Мемлекет қорғауына алғаны,­ сіз айтқандай белгілерді қойғаны өте дұрыс. Бірақ, қорғалуы тиісті деңгейде емес екенін мойындау керек. Меніңше, жергілікті халық ескерткішке­ тиіспейді. Олар ол жерді киелі санайды­, таза ұстауға тырысады, ол жерде адамдар­ жерленген деп есептейді дегенд­ей.

 

ӨЛКЕ  ТАРИХЫН  ЗЕРТТЕУ – ЕКІНІҢ  БІРІНІҢ  БАСЫНА БҰЙЫРМАЙТЫН  БАҚ

 

- Қазақ жерінен табылған алтын мұрала­р мен қолөнер бұйымдарымыз Санкт-Петербург пен Мәскеуде тұр. Мұны өз сөзінде белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек жазады. Бұл қалай, өз байлықтарымызға ие бола алмағанымыз ба?

- Ол заттардың барлығы Кеңес өкіметі кезінде алынып кеткен. Сондықтан, қазір ол үшін ғалымдарды болмаса мемлекетті кінәлау дұрыс емес. Ортақ бір ғана астана болды. Әлбетте біз үшін өте өкінішті. Осы орайда, біз мынадай жұмыстар жүргі­зіп жатырмыз. Ол заттарды қайтарып ала алмаймыз. Ең болмағанда, олардың каталогын алып, суреттерімен кітап шығару керек. Бұл жұмыс бүгінде қолдау тауып, біз бір кітапты шығардық, алдағы уақытта екіншісін шығару ойда бар.

Құнды заттарымызға ие болмасақ та, өзімізге жақындатудың бір жолы осы саладағы магистрант, докторант секілді мамандарымызды сол жерлерге жіберіп, тақырыптарын байланыстырып, жолдама алып беру. Өйткені, ол жерлерге кез келген адамдар кіре алмайды. Ал, ғылым жолына түскен мамандарға музейлердің де, архивінің де есігі ашылады. Біздің университетте бұл іс жолға қойылған. Бұған дейін 6 маман оқып қайтты.

- “Археология саласына жастардың қызығушылығы қандай?” деген сауалдың төңірегінде мұндағы қыз балалардың үлес салмағы қандай деген тағы бір сұрағымыз жасырынулы қалыпты...

- Күн райының, жатын орынның қолайсыздығы секілді бірқатар жайттар­ қыз балалар үшін қиындық тудырат­ыны рас. Десе де, археология дала­лық зерттеуден ғана тұрмайды ғой. Ең қиыны, қалыпқа келтіру жұмыс­тары мен зертханалық жұмыс болып табылады. Бұл жұмыстар қыз балалар үшін қолайлы деп есептей­мін. Табиғатына да сай  келеді.

- Археолог ретіндегі жемі­сіңіз...

- Археолог ретінде көп­теген жерлерге қазба жұмыстарын жүргіздім, көрдім, білдім. Әр тапқан затың – сенің жемісің, жетістігің. Оның үстіне, өлкенің тарихын зерттеу ісі екінің бірінің басына бұйыра бермейтін бақ деп білемін. Әрдайым ізде­ніс жолында боламыз.

- Сұхбатыңызға  рақмет!

Әңгімелескен  Рыскелді   ЖАХМАН

 


“МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА” ДЕГЕННІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ҚАНША? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
24.01.2019 13:31

Тереңөзек кентінде орналасқан ескі теміржол вокзалының қазіргі халі адам аярлықтай болып тұр. Бір қызығы, ескерткіш мемлекет қор­ғауына алынған. Ескі деуіміздің де себебі бар. Қазіргі күні ғимараттың дәл жанында жаңа теміржол вокзалының болуына байланысты жұмыскерлер сонда қоныс аударған көрі­неді. Ғимараттың сұрықсыз һәм сүйкімсіз болуының тағы бір себебі ретінде стансаға пойыздың көп тоқтамауын айтуға болады. Демек, бұл жерден жыбырлаған жәндік көрсеңіз де, қыбырлаған жан көруіңіз қиын.

Сөйлем арасында қызығы дегеніміз­бен, қытығымызға тигенін тақырыптан тұспалдап тұрған боларсыз. Кеше  ғана сұхбат барысында белгілі археологқа “Ескерткіш мемлекет қорғауына алынған” деген жазудың маңыздылығы бар ма?” деген сауалды қойып көрген едік. “Ол жазудың қаншалықты қорғайтыны не қорғамайтыны қазба жұмыстары кезінде белгілі болып жатады” деген-ді сонда ол. Тіпті, ондай белгінің бір емес, бірнешеуі бар ескерткіштер де бар көрінеді. Әрине, бүгінгі жағдайы көңіл көншітпейді.

- Тереңөзек стансасындағы Темір­жол вокзалы ғимараты жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерт­кіші болып табылады. Орынбор-Ташкент теміржол құрылысы кезінде салынған бұл ғимарат өзінің сәулеттік ерекшелігі және тарихи маңыздылығымен құнды екендігі бел­гілі. Ғимарат ғасырдан астам станса бөлімшесінің вокзалы ретінде қолданылған. Станса бөлімшесі жаңа ғимаратқа көшуіне орай уақытша қолданыста болмай тұр. Дегенмен, бұл мәселенің оң шешімін табу мақсатында тиісті шаралар атқарылуда. Аудан әкімдігімен бірлесе отырып пайдалануға беруді қамтамасыз ету бағытында нақты жұмыстар жүріп жатыр. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарын жүргізу де басты назарда екендігін атап өткен жөн, - деді облыс­тық тарихи және мәдени ескерт­кіштерді қорғау жөніндегі мекеме­сі бізге берген ақпаратында.

Иә, біз “нысанаға  алған” нысан жергілікті маңызы бар ғимарат екен. Аталған мекеменің басты міндеті оны қорғау болып табылады. Атауы­на тағы бір мән беріп көріңіз. Әйтсе де, бұл ескерткішті  қор­ғалған деп айту­ға аузың бар­майд­ы.

- Ескі вокзал ғимараты кент аумағында орналасқанымен, Терең­өзек кенті әкімі аппаратының теңгерімінде жоқ. Көне теміржол вокзалы қазіргі таңда жолаушылар үшін қызмет көрсетпейді. Себебі, 2013 жылы пайдалануға беріл­ген жаңа ғимарат  бар, - дейді Сырдария ауданы әкімдігінің баспа­­сөз  қызметі.

Ал, Ерболат Тұрсынқожа болса, тәуелсіз журналист ретінде алдағы уақытта барлық аудандардың теміржол вокзалдарын қарап шықсам дейді. Өйткені, ол “осы жағдайдан соң облыстағы барлық вокзалдардың күйі осындай жағдайда ма деп қалдым” деген ойын жасырмайды. Мұндай тарихи ғимараттардың бұлай бүлінгенін қаламайды.

Тарихтың көзіндей, ізіндей, керек­ болса өзіндей болған, өткеннен сыр шертетін осындай ғимараттардың облысымызда көп екені анық. Ал, біздіңше, оларды тек жазу­ме­н ғана қорғамау керек. Жаңашылдықты жөн көрсе де, тасқа­ қашалған тірі тарихты көзімен көргісі келетін бүгінгі ұрпақ ғимаратты түп-тамырымен жойып жібермесе екен дейді. Біздің де ойымыз – осы.

Рыскелді   ЖАХМАН

 


ҚЫТАЙДЫҢ ҚОРҚЫНЫШЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
24.01.2019 12:50

Былай қарасақ, күлкілі. Дегенмен, іргедегі ірі ел «азайып барамыз» деп дабыл қағып жатыр. Ол ол ма, бұлар жер бетінен жойылып кетуден қауіптенетін көрінеді. Бұлайша даурығуына себеп те жоқ емес. Нақтыра­қ айтқанда, Қытайдың Демографиялық инс­титутының мәлімдеуінше, 1965 жылы Қытайда 1 миллиард 248 миллион халық болса, дәл қазір 1 миллиард 172 миллион-ақ (!) екен. Елу жылдан аса уақыттың ішінде 100 миллионға кеміп кетіпті.

Біз еліміздегі ең ірі мегаполис санайтын Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындарының саны 1 миллионнан асады. Ал даму динамикасы қарқынды Қызылорда облысындағы халық саны бар-жоғы 800 мыңнан сәл жоғары.­ Ақпараттарға сүйенсек, Қытайдағы шағын қалалардың өзінде 5 миллионнан аса тұрғын тұрады-мыс.

Жалпы, Қытай мемлекеті ХХ ғасырды 400 миллиондық халық санымен бастаған. Бір ғасырдың ішінде бір миллиардтан асып кетті. Бұған түрткі болған 1949 жылы «айдаһар» елінің билігін түгелдей қолына алған Мао Цэздунның ұраны. Ол «көп халық – күшті ел» деп бұқараға бастама тастады. Нәтижесі, міне! Десе де, Мао қателес­ті. Өйткені, халықтың шектен тыс көбеюі билікті тығырыққа әкеп тіреді. Сол жылдары халықты жұмыспен, азық-түлікпен қамтамасыз ету мезгіл мәселесіне айналды. Араға уақыт салып биліктен кеткен Маоның орнына орныққан Ден Сяопи «бір отбасыға – бір бала» заңын енгізді. Бұдан соң олар қыз бала дүниеге келсе, өлтіріп, егіз ұл болса, біреуін аман алып қалуға мәжбүр болған. Кейіннен бұл заң да кері нәтиже көрсетті. Демогр­афиялық ахуал күрделене түскен. Мәселен, ерлердің­ саны күрт өсіп кетті. Сөйтіп, теңсіздік қалып­таст­ы. Қыздары кеш тұрмыс құрып, халықтың өсімі айтар­лықтай  кеміген.

Осылайша, миллиард қытай жойылып кетуден зәре-құты қашып, мұның алдын алудың жолын іздеп жатыр.

 

Халық-хабар

 


БАЙЛАР БӨЛЕК САЛЫҚ ТӨЛЕЙ МЕ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
24.01.2019 12:48

Шекесі шылқыған байлар бөлек салық төлеуі мүмкін. Оқтын-оқтын парламент қабырғасында талқыланатын тақырыптың бір – осы. Әйтсе де, толғақты мәселенің әлі де түйіні тарқатылар емес. Бір тоқтамға келмей тұр. Байлардың онсыз да салықтан жалтаратынын ескерсек, бұл заң жобасы әзір мақұлданбайтын тәрізді. Бірақ, олардың салық десе, жүрегі сыздап салатыны шындық.

Швейцариялық кредит суэйз қаржылық ұйымы қазақстандықтардың бүгінгі әл-ауқатына қатысты сараптам­а жүргізіпті. Олар ұсынған мәліметтерге сүйенсек­, ел азаматтарының 97 пайызының жылдық табысы­ 10 мың долларға жетпейді екен. 18 миллион халықт­ың 162-сі ғана жылына 50 млн доллар, 6 мың адам 1 млн доллар пайда табатын көрінеді. Экономистердің сөзінше, біздің елде орта таптағы халықтың үлесі өзге мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Яғни, елдегі ауқаттылар мен орта таптағы адамдардың арасында әжептәуір  алшақтық  жатыр.

Жалпы, байларға бөлек салық салу өзге мемлекеттерде бар үрдіс. Дей тұрғанмен, мұның барлығы сәтті жүзеге асуда деп  айта  алмаймыз. Мәселен, 2012  жылы Фран­ция­ байларға бөлек салық салуды бастады. Сол-ақ екен аталмыш елден 5 мыңға тарта бай үдере көшкен. Тіпті, танымал актер Жерар Депардье Франция­дан Ресейге көшіп, осы  елдің азаматтығын алды. Егер, бұл заң жобасы­ енетін болса, Францияның кейпін кешпей­ті­німізге  кепілдік  жоқ.

– Бір жақты қарағанда, бұл дұрыс. Дегенмен, біздің ел азаматтары қымбат заттарды жариялы түрде сатып алудан бас тартып, көлеңкелі бизнеске бет бұрады,- дейді «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

Былтыр мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров «Салық кодексіне өзгеріс енгізуді ұсынамын. Табысы жоғары адамдарға және қымбат көлік, зәулім үй сатып алып, оны ашық жариялап жүрген байларға салықты көбірек салу керек. Сонымен қатар, қайырымдылық жасап жүрген­дерге жеңілдік болуы тиіс» деп ұсыныс тастаған.

Ал шариғатқа сүйенсек, бай деп өзінің қажеттілігін толықтай өтей алатын және 85 грамм алтыны бар адамды­ айтады. 85 грамм алтынның нарықтағы бағасы бір милли­он теңгеден асып жығылады. Ал мұндай қаражат екінің бірінде жоқ екені рас.

Асан  ДӘУЛЕТ

 


МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ САЛҒАН АДАМДЫ ҚОЛДАЙМЫН PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
24.01.2019 12:43

 

Бауыржан  ИБРАЕВ,

Жергілікті  полиция

қызметінің  бастығы:

 

Соңғы кездері Сыр өңірінде жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Статистикаға көз жүгіртсек, 2017-2018 жылдары  облысымызда 186 адам жол-көлік оқиғасынан қаза тауыпты. Аз емес.

Бұл – әрбір үйдің әкесі, анасы не енді ғана өсіп келе жатқан баласы. Сандардың сағат сайын өсуі, әрине, қынжылтады.

Жарақат алғандары қаншама. Резонанс тудырған жол апаттарының да саны артуда. Осыған байланысты облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраевпен сұхбаттасқан едік. А.Байтұрсынов айтқандай, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі болғандықтан, халықтың көкейінде жүрген сауалдарды қойып, тілші ретінде нақты ақпарат алуға тырыстық.

– Бауыржан  Әшім­ұлы, соңғы кезде облысымызда жол-көлік оқиға­ларының жиілеп кеткені рас. Осыған орай аймағымызда жыл басынан бері қанша жол-көлік оқиғасы болғанын, 2017 жылмен салыстырғанда қандай екенін айта кетсеңіз. Бол­ған жол-көлік оқиғаларынан қанша адам қаза тапқан? Олардың қан­шасы  балалар?

– Қызылорда облысында 2018 жылы есепке алынған 446 жол-көлік оқиғасы болды. Оның ішінде қаза тапқандар саны – 98, жарақат алғандары – 553. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыс­тырғанда өсім алғанын көр­сетеді. Яғни 2017 жылы 372 жол-көлік оқиғасы болса, онда 88-і қайтыс болып, 452 адам жарақ­ат  алған. Оның ішінде  жаяу жүргіншілердің қатысуымен 189 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 25 адам мерт болып, 182-сі түрлі дене жарақаттарын алды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 142 болған еді. Қайтыс болғандар 20-ны, жарақаттанғандар 129-ды құраған болатын. Балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы да артып отыр. Статистикаға көз жүгіртсек, 2018 жылы бұл көрсеткіш 99 (11-і қайтыс болып­, 101-і жарақат алған), ал 2017 жылы 80 болған (6 адам қайтыс  болып, 82 адам түрлі дене жарақат­тарын  алған).

– Президент паркі маңы және «Самара-Шымкент» тасжолындағы ірі жол-көлік оқиғаларының нақты неден болғаны анықталды ма?

– Бізде Ішкі істер министр­лігімен бекітілген жол-көлік оқиғасының 7 бағыты бар. Нақты себеп-салдары  көрсетілген. Жол-көлік оқиғалары көбіне осы құқықбұзушылықтың салдарынан болып жатады. Атап айтар­ болсақ, жолдың қарама-қарсы бағытын­а шығып кету, жылдамдық арттыру, автокөлікті спирт ішімдігін ішіп немесе ұялы телефон­мен сөйлесіп отырып басқар­уы, қауіпсіздік белдігін тақпай айдау, жаяу жүргіншілерге­ жол бермеу немесе сол жаяу жүргіншілердің өздері белгіленбеген жерлерде жүруі салдарынан жол-көлік оқиғалары болады. Мысалы, сіз жоғарыда айтқан Президент паркі маңындағы жол-көлік оқиғасы әлеуметтік жел­іде тарап кетті. Көрініп тұрғандай, онда жылдамдықты арттыруы салдарынан жол беруі керек жолмен келе жатса да, бас жолдағы авто­көлікке жол бермей, үлкен жүк автокөлігінің астына кіріп кеткен. Сондай-ақ біздің облысымыздың тұсынан республикалық маңы­зы бар «Батыс Еуропа – Батыс­ Қытай» тасжолы өтеді. Осы жолда болған жол-көлік оқиғаларын сарал­ау, зерттеу барысында 80 па­йыз жол-көлік оқиғасының барлы­ғы жолдың қарама-қарсы бағытына шығу және жылдамдықты арттырумен байланысты болатындығы дәлелденді. Ол не себепті жолдың қарама-қарсы бағытына шығады, яғни ұйықтап кетеді неме­се ережені өз еркімен бұзады. Соның салдарынан болады. Егер де көрсетіліп тұрған 100-120 км/са­ғатпен жүрсе, алыстан 100-150 метрді көріп отырар еді. Екінші оқиғада, автобустардың соқтығысуын айтып тұрсыз ғой. Ол жерде Қазалы жақтан келе жатқан автобус жолдың қарама-қарсы бағы­тына шығып кеткен.

– Жасыратыны жоқ, осы «Самара-Шымкент» күрежолының облыс орталығынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралықта көлік апаты жиілеп тұр, көліктер ағыны да басым. Оның себеп-салдарына сараптама жасап, аталмыш бағытты төрт жолақты етіп қайта салуға тиісті орындарға ұсыныс жасауға қалай қарайсыз?

– Бұл ұсыныс негізі о баста берілге­н. Осы  тасжолы  салынатын кезде берілген. Дегенмен де оны шешу біздің құзырымызға кір­мейді.

– Тәртіпті түзететін тәртіп сақшыларына қатысты айтылатын сын көп. Белдіктерін тақпайды, жылдамдықты асырады, көлік тұрақтауға болмайтын жерлерге машиналарын қояды дегендей. Әсіресе, әлеуметтік желілерден жиі байқаймыз. Мысалы, жақында ғана Арал ауданында қызметтік міндетін атқару бары­сында дөрекілік көрсеткен жергілікті полиц­ия қызметкерін алайық. Осындай олқылықтарға жол бермес үшін олармен жұмыс жүргізіле ме? Жалпы, жыл басынан бері ереже бұзып, заңға бағынбай, ескерту алған,­ ісі тәртіптік кеңесте қаралған не жұмысынан шығарылған тәртіп сақшылары бар ма?

– Бұл туралы ақпарат Өзіндік қауіпсіздікті басқару басқармасында болады. Нақты айта алмаймын. Ал Арал ауданындағы полицейлерге келетін болсақ, олар жазал­арын  алды.

– Иә, ол туралы хабардармыз. Ал жалпы Қызылорда қаласының көлік жүргізушілеріне қалай баға берер едіңіз? Заңға қаншалықты бағын­ады? Салынған айыппұлдар тәртіпті түзетіп жатыр ма? Немесе салынған айыппұлдардың көлемі қанша? Былтырғымен салыстыр­ғанда ше?

– Мәлімет бойынша 2017 жылы 118 618 құқықбұзушылық болып, 950 793 553 теңгеге айып­пұл салынған. Мұның 63,2 па­йызы өндірілген. 2018 жылы  117 140  құқықбұзушылық  болып, салдарынан 682 413 420 теңге айыпп­ұл салынды. Оның қазіргі таңда 59 пайызы өндірілген. Ал көлік жүргізушілеріне келе­тін болсақ, өзге қалалармен салыстырғанда, бізде айтарлықтай тәртіп бар деп айта аламын. Оның үстіне қазір интернеттің дамыған заманы. Кез келген құ­қықбұзушылық жайлы әлеуметтік желіге салса бол­ғаны, біз бұған шара қолданамыз. Мысалы, жақында авт­обус жүргі­зушісінің көлік­ті басқарып келе жатып ұялы телефонға қарап келе жатқанын сондағы жолаушы­лардың бірі әлеуметтік желіге салды. Біз жүргізушіні екі күннен кейін таптық. Мен әлеуметтік желіге осындай құқықбұзушылықтарды  салған  адамды  қолдаймын. Неге? Себебі ол кісі жаны ашып тұр. Автобустың ішінде қаншама адам бар. Егер, Құдай сақтасын, жол-көлік оқи­ғасы болса, ол адамдар жарақат алар еді. Осылай күресуіміз керек­. Халық осылай өзінің еліне­ жаны ашыса, жақсы болады деп есептеймін. Мысалы, әлгі жүр­гізуші ұялы телефонымен сөйле­сіп  келе жатқан жоқ. Ол Instag­ram желісін қолданып келе жатыр. Назары сонда. Ал автобустың ішінде қаншама халық бар. Ол жүргізушіні мен өзім жеке қабылдадым. Түсіндіріп, бар­лы­ғын  айттық.

– Жүргізуші  жас па?

– Иә, жас жігіт. Жасы 35-тер шамасында. Біз түсіндіргеннен кейін ол өз кінәсін түсінді, мойын­дады. Енді бұлай жаса­майтындай болды. Мұнан кейін белдікті тақпайтын жүргізушілер де бар. Негізі, белдіктің пайдасы өте көп. Біз күнделікті жол-көлік оқиғаларымен бетпе-бет келетін­діктен, ең бірінші болып сонда жететін тәртіп сақшылары бол­ғандықтан, белдік таққан және тақпаған жүргізушіні бірден ажы­рат­амыз. Бірінші соққы болған кезде адам өзінің энерциясымен көліктің жанындағы қапталына, панельге, жанындағы өзге де тіреуіштерге басын ұрады. Бірден. Ал егер ол қауіпсіздік белдігін таққан  болса, олай болмайды. Практика жүзінде көріп жүрміз. Оны қарапайым халық түсіне бермейді. Сол себепті мұны адам өзінің қауіпсіздігін сақтау үшін тағу керек деп есептеймін.

– Рас. Біздің қорғанымыз, елдег­і тәртіпті түзетер тұлғалар – полицейлер. Ел басына қандай іс түссе де, әуелі сіздер көмекке келе­с­іздер. Алайда полицейлердің өзі қаншалықты қорғалған? Кезінде Сұңғат Алмахановты жарақат­тағандай, біздің құқық қорғау орга­ны­ның қызметкеріне оқ ата салу оңай болып кетті ме?

– Бізде күнделікті саптық жиын болады.

– Күніге?

– Күніге. Екі, үш рет болады. Әр ауысымға түскен сайын өткі­земіз. Ол жерде полиция қызметкерлерінің бірінші бронжелеті, бейнетіркегіші, кісені, пм дубинкасы мен қаруы түгенделеді. Сосын ғана жұмысқа жібері­леді. Полиция қызметкерлерінің барлығы, Ішкі істер органдары туралы заңында жазылып тұр, мемлекеттің қамқорында. Оған қарсылық білдірген, заңға ба­ғынбаған немесе күш қолданса (төбелесіп, ұрып, пышақтап не атып деген сияқты), қылмыскер міндетті түрде жазаға тартылады. Полиция қызметкерлеріне ба­ғынб­ау, заңның өкіліне, заңға шақырып тұрған адамға қол көтеру­ – үлкен құқықбұзушылық.

– Халықтан жәбір көрген, халық оларға қол көтерген  қызметкерлер  бар  ма?

– Әзірге ондай болған жоқ.

– Өздеріңізді жұмыста жүргенде қорғаны бар адам ретінде сезіне аласыздар ма? Ешнәрседен қорықпай, емін-еркін дегендей...

– Иә, жүре аламыз.

– Бәріміз білеміз, сіздердің жұмыстарыңыз ауыр. Әсіресе мейрам күндері күні-түні сапта жүре­сіздер. Осыған орай, мемлекет тарап­ынан  қолдаулар  бар  ма?

– Қолдаулар бар. Біздің қызметкерлерге айлық жалақысы уақытылы төленеді, арнайы формамен қамтамасыз етілген. Баспана кезегіне тұра алады. Басқа облыстарға барып жұмыс істейтін болса, ол жақта пәтерақысын, егер жалдап тұрса, мемлекет өзі төлейді. Сондай-ақ қылмысты ашып жатқан полицейлерге награда­сы мен сыйақысы тағы бар  дегендей.

– Кешегі резонанс тудырған жол-көлік оқиғасына қатысты не айтасыз? 14 жастағы баланың көлік жүргізуге  арналған куәлі­гінсіз  рөлге отырып, ақжолақта кісі қағып, адам өліміне әкелуіне қатысты. Естуімізше, сол жол-көлік оқиғасы болған жерге полиция қызметкерлері шақырыл­мапты. Бұған  не  дейсіз?

– Дереу өздері шақырып қойған ғой ол кезде...

– Дереу өздері шақырған жоқ деп естідік біз... Естуімізше, 22 жастағы қызды ауруханаға апарға­н да өздері екен? Бұл туралы не  айтасыз?

– ...(ұзақ ойланып) Оқиға орнын­а бардық. Дегенмен, хабарлама сол жерде көрген куәгерлер мен ауруханадан түскен. Хабарлама кезекші бөлім арқылы бізге келген.

– Бұл  кезде ол жерде ешқандай­ машина да, адам да жоқ...

– Полиция қызметкері ол кезде ол жерде болмаған.

– Хабарлама сол құқық бұзушы  тарапынан  түсті  ме?

– Өзінен түспеген.

– Негізі жол-көлік оқиғасы нақты­ қалай болған? Сол жайлы толығырақ  айтып  өтсеңіз...

– Жол-көлік оқиғасы ақжолақта болған. Сүлейменов көше­сінің бойындағы «Пусан» деген кафенің алдындағы ақжолақта келе жатқанда «Лексус» авто­көлігім­ен  қағып кеткен.

– Автокөліктің жылдамдығы қанша болғаны белгілі ме?

– Оны радармен түсіріп тұр­мағаннан кейін біз айта алмаймыз.

– Зерттеліп, анықталмай  ма?

– Зерттеу амалдары жүріп жатыр­. Нақтысын сізге бере алмаймыз. Өйткені экспертиза тағай­ындалған. Сараптама 1 ай жүреді. Онда да шамамен, жуықтап бере алады.

– Бірақ 14 жастағы баланың әлі жүргізу куәлігі де жоқ...

– Жүргізу куәлігі жоқ, кәмелет жасқа толмаған, жүргізуге құқы жоқ, жүргізбеу керек, дегенмен де жүргізіп тұр. Бұл жерде қазіргі таңда қылмыстық іс қоз­ғалған.

– Жазасын  ала  ма?

– Міндетті түрде.

– Ал кешірім беріп жатса, жазасы­н  алмауы  мүмкін  бе?

– Жо-жоқ, оған қарамайды. Қылмыс орын алып, адам өлімі болып тұр. Соттың шешімі (үкімі) жүреді. Сот қарайды.

– Аристотельден бастап әлем философтарының бәрі қылмыс пен жаза категориясы теңгермелі егіз ұғым екенін айтады. Яғни жасал­ған әрбір қылмысқа соған сай жаза берілмесе, онда тура соған­ ұқсас жаңа қылмыс туады екен. Соңғы кездері резонанс тудырғ­ан жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуі әуелгілеріне лайық­ты жазаның берілмеуінен деп ойламайсыз ба?

– Бұл оймен мен келісе алмаймын. Адам қылмыс жасаса, тіпті оған кешірім берген күннің өзінде, шалыс басқан жан өзі сезіне­ді, өкінеді, қателігін түсі­неді. Қайталамайды деп есептеймін.

– Сізден кеңес болсын, кез келген көлік жүргізушісін не жаяу жүргіншіні тәртіп сақшысы тоқ­татқанда, заң бойынша халық олардан нені талап етуі керек? Нені білулері қажет? Фото, видеоға түсіруге құқылы ма? Ереже бұзған күннің өзінде «куәгер алып кел» деп айта ала ма?

– Куәгер болады, егер жолда жүру ережесін бұзған кезде куәгер көріп тұрса. Бірақ қазір барлығы видеокамераға түсіріліп тұрғандықтан, оған куәгердің қажеті  жоқ.

– Камера жоқ болса ше?

– Камера жоқ болып, құқық­бұзушылық дәлелденбейтін болса­, сізге әкімшілік хаттама толтырылмайды. Дәлелденіп ғана толтырылады. Егер жол-көлік оқиғасын бұз­дыңыз деп тоқтатты ма, демек бұзылған.

– Себепсіз тоқтатпайды  ғой...

– Иә, себепсіз тоқтатпайды. Жол ереже­сі туралы заң бар. Сол жерде 52-бапта жа­зылып тұр. Қандай себеп­термен авто­көлікті тоқтатуы керектігі. Кейде жедел профилактикалық іс-шара болады. Мысалы, осы кезде «Мигрант», «Автобус», «Заңсыз қайта жабдықтау» деген­ 3 жедел профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. Осындай кезде тоқтата алады. Өйткені қарапайым автобу­стардың өзінде құқықбұзушылықтар көп  болады. Егер ішін­де халық көп болса, қалта ұрлығы болуы әбден ықтимал. Жол-көлік оқиғасы болып қалған күннің өзінде, зардап шегушілер кө­бейеді. Сол себептен біз қоғамдық көлік­терге халықты тек орындығына сәйкес отырғызуды талап етеміз.  Мысалы, өт­кен жылы бір  айдың  өзін­де  осы  автобустарда  16 қалта ұрлығы болыпты. Ал қылмыскер авто­бустарда халықтың тығыз  отырғанын пайдаланады.

– Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Жансая   ЖҮНІСОВА

 


“Ғасыр ұстазы” – 13 мың, “Алаш ұстазы” – 10 мың… PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
24.01.2019 12:42

Ұстаздан ұят кетсе, ұлтта ар болмайды. Иә, өз басым “Ғасыр ұстазы”, “Ұлт ұстазы”, “Алаш ұстазы”, “Ұлы дала ұстазы” деген медальдарды сату немесе сатып алу түгілі, сыйлыққа берсе алуға, тағуға намыстанар  едім.

“Ұлт ұстазы” деген атты тек Ахметке қолданып жүрміз, ал олар істеген тірліктің жүзден бірін тындырмай сол деңгейдегі атақты медаль етіп сатып алып тағу – ұятсыздықтың шыңы.

Бүгінде мұғалімдер арасында медаль сатып алып тағу – мода. Тіпті, әлеуметтік желіде әлдебір жеке кәсіпкердің қолынан сатып алған медалін осындай марапат бұйырды деп жазып отырғанда бетімнен отым шығады, себебі, ұстазы атақ қуса, ұстазы жалғандыққа барса, ұлттың ертеңі не болмақ!?

Жоғарыдағы атағы Алатаудай, алты атанға жүк болар медал­ьдарды алып жүргендер қатарында оқуды сырттай біті­ріп, мектепте қалт-құлт етіп әзер сабақ беріп жүрген, жұмыс өтілі екі жылға жетпейтін шикіө­кпе әріптестеріміз де бар. Құдай-ау, не деген атаққұмарлық?

Кеудесіне бір медаль тақпай кеткен алаштықтардың қазақ білімінің іргетасын қалағанда ізімізді осындай ұрпақ жалғайды деп білсе, 37-де атылмай тұрып жүректері тоқтап қалар ма еді, кім білсін!?

Күйдіргенде сондай медальді сатып алып, тағып, той жасайды ғой. Тойында Алтынсарин естімеген алғыстар мен Ахметке айтылмаған бата-тілектер қардай жауады. Соны естуші де, айтушы да беті шым етіп ұялмайды. Бірақ, екеуі де біледі, жалған көсіліп тұрғанын. Ал, осыдан кейін сынып­қа кіріп оқушыға тазалық тура­лы, адалдық туралы көсіліп қалай әңгіме айтамыз? Неткен жиіркенішті...

Өткен жылы айтқым келген сөз еді, “қарға қарғаның көзін шұқымайды”, “әріптестеріңе қатты кетпесеңші” деп ақыл айтар­ жанашырларым шығып жүрер деп тоқтап едім. Бірақ, бұл ауру асқынды. Дерт дендеді. Ұстаздың ауруын жасырғанмен, ертең ұлттың өлімін көреміз. Тәйт демесек, тәрбиеден құн кетед­і.

Біреулер осыны шығарып сатушы­ларды кінәлайтын шығар, бірақ, ақшада ар мен ұят болмайды, адамда болмаса. Бизнес­те алушы болса, тауар өндіруші қашанда бар. Бизнеске айнал­дырып алғандар да сол арлан­байтын қауымның бар екенін білетіндер.

Шпор шығарып сататын қо­ғамнан бизнес-жауапкершілік пен бизнес-адалдық сұраудың өзі артық. Олар Абай атамыздың “Есектің артын жусаң да, мал тап” дегенін “дұрыс” жағынан түсініп алған алаяқ бизнесмендер. Олар сол алаяқтығын істей­ді. Сатып алып кеудеге тағушылар бар кезде, жасап сатушылар бола береді, бола береді...

Десе де, ұстаз бен ұлт, Алаш пен ұлы дала қазақ үшін де, ел үшін де арзан ұғым емес. Сондықтан мұндай атағы аспанға шыққан медальдарды жасаушыларға тыйым салу керек. Кеудеге тағатын даңқ ордендерінің қадірі түскен бұл қоғамда адам құны­ның қадірі де соған ілесе түспесін деген ой ғой.

Иә, менің әріптестерім, еңбегіңізбен, әйтпесе әлдебір ақшаңызбен бір алаяқ бизнесмен шығарған жылтырағыңыз болса, сандығыңыздың түбіне емес, отқа тастай салыңызшы. Қазір қоғамнан кейін ұрпағыңыздан ұят болар. “Менің атам, әжем атақты да сатып алыпты” деп жүрсе тірі өлім ғой.

Ааа, айтпақшы бізде атақ сатып алу мен оның атының Алатаудай болуының басы да, аяғы да бұл емес. “Қазақстанның құрметті азаматы” атағын да сатып алып, ұялмай тағып жүрген ессіз эстрада жұлдыз­дары да болды емес пе?

Осы бетпен кете берсек, “Әлемнің №1 құрметті азаматы” атағын да естірміз. Тәйт, тілім тасқа. Ертең мен кім­дер­ді тәрбиелеп жатырмын деп Аятқайғы  боп  кетермін.

Аятжан   АХМЕТЖАН,

ұстаз

 

P.S. Ахаңа “Ұлт ұстазы” деген атты өзі өмірден кеткен соң, алғаш рет педагог, ақын Мағжан Жұмабаев мақаласында қолданып, ары қарай Ахаңның төл паспортына айналған екен. Ал, сіздерге де сол тарих берер биік бағаны тілеймін, қазірше құнымыз арзандамасын. Әйтпесе, мың медаль сатып алып тақсаң да, арзан құныңды еш артты­рмайды.

 


ТЕКТІ БІЛУДІҢ ТОЛҒАҚТЫ ТҰСЫ ҚАНДАЙ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Ой-талқы
24.01.2019 12:13

Бүгінгі қазақ бөлінгіш. Төсекте басы қосылмаса да, төскейде­ малы қосылған ата-бабамыз бұл бөлшектікті не мақсатта мұра етіп қалдырғанын әлі білмей келеміз.

Қырық тармақтан құралған ел бола тұра ары қарай бөлшек­тене­ беремiз. Тiптi, ұсақталып кеттiк. Қазiр «жаңа қазақ», «шала қазақ», «таза қазақ» деген шықты. «Южан», «Северян» тағы бар. Дiннен «дiң» шығарғандар дiңкелетiп, тағы бөлуде.

Қосылып жатқанымыз­ шамалы, «қыр қазағы» мен «Сыр қазағы», «дала қазағы», «қала қазағы» боп әбден шала бүлiндiк. Рулас деген жайына қалып, қара және сары қазақтыққа кеттiк бөлiнiп. Үш жүздiң басын қосқан Абылай хан тiрiлiп келсе, күмiлжiп төмен қарар, бәлкiм. Түсiндегi «бақа-шаян» ұрпақтың кiмге айнал­ғанын көргенде не күй кешер екен?

Екi қазақ кездессе, хал сұрайды, содан кейiн ру сұрайды. Арғы атасын қуалап, құдалығын жағалап, нағашы мен жиендiктi сағалап, екi қазақ ақырында туыс боп шығады. Қазақтың бәрi туыс, «әр қазақ – менiң жалғызым» деген осы шығар. Қандасың туыс болғанда қуанасың, қырқысқанда қынжыласың. Мәселе екi қазақпен шектелсе жақсы ғой, «у iшсең, руыңмен iш» деген бар, өре түрегелiп, он қазақ пен он қазақ қырықпышақ боп жатқан­да «ай, қап» деуге де шамаң келмес, ортасына қойып кетерсiң. Әйтеуiр, сол жиырманың бiрi – сенiң не құдаң, не жиенiң...

Әлем бiрiгуде, қазақ бөлiнуде. Дағдарыс, геосаяса­т, әр жерде бұрқ еткен теракт пен түрлi-түстi революциялар ел мен елдi бiрiктiруде. Халықар­алық ұйым емес, конфедерация болуға шақ тұр. Шатақ сонда, бiз әлi бөлiнiп жүрмiз. Әлi күнге батыр бабамыздың ерлiгiн өзгелерден асырып­, руымыздың тұлғаларын өсiрiп айтып жүрмiз. Табанға кiрген шөңгедей жiк-жiк боп барамыз­. Қай уақытта да өзiмiздi өзгелерден биiк қоюға, басқаны мүсәпiр етiп, мұрынды шүйiрiп қарауға бейiмбiз. Уақытында бiздiң сыртқы жауымыз­ мұны тиiмдi пайдаланып келген. Мен­мендiгiмiздi меңгерген орыстар да еш соғыссыз тұтас территориямызды отарлап алды емес пе? Еркiмiзбен қамытты мойынға кигенмен, ел болып бiрiгiп, бiр шаңырақ астында бас қоспауымыз вассалд­ыққа  әкелдi.

Бұл биiктiктiң артында тұрған не дейсiз ғой? Сөзге шешен ұлттың бiр-бiрiн сөзбен шағып, масқара етуде тұр деу қисынға келмес, бiрақ өзгеден биiк болу қанымызда бар сықылды. Мәселен, тұтас руды немесе тайпаны келеке қылар нақылсымақтар бар. Қазақтың дағдысы – жаттап алу. Айтылған­ сөздi жаттау арқылы бүгiнгi мол мұраны қалып­тастырды. Еуропа мен шығыс халықтары тарихын тас пен қағазға түсiрiп жатқанда қазекем барлығын миында сақтапты. Бұл – ұлтымыздың асқан дарындылығы. Әлгi нақылсымақтар қалай пайда болды? Соған тоқталайық. Жоғарыда қазақ мәдениетi мен әдебиетi ауызша тарағанын айттық. Ақындар айтысы өттi делiк. Айтыстың мақсаты – қарсыласты сөзбен түйреп, тайдыру. Мiне, осындай сәтте бiр ақын бiр ақынды ру-тайпасымен келеке­ етiп, оны айтысты көргендер дереу жаттап алып, елге таратқан. Бертiн келе мүсiркеу, келемеждеу мақсатында қолданыла бастаған. Әйтпесе­, Мұстафа Шоқайдың «Жаман ұлт жоқ, жаман адам бар, мейiрiмдi мемлекет жоқ, мейiрiмдi адам бар» дегенiн  қайда  қоямыз?

Жалпы, руға бөлiнудiң пайдасы демесек, зияны­ жоқтың қасы. Тек соңғы уақытта бiлiмдi «сауатсыздықтың» кесiрiнен рушылдыққа қарсы ши шығып жүр. Руға бөлiну, бұл – қанның тазалығы. Орыстың отарында болып, жетi атадан жаңылуға сәл қалғанбыз. Әйтпесе, қазекем шешек пен тұмау­дан басқа оба, даун сықылды дертiңе бой бермеге­н. Батыстың жиен мен нағашы сынды туыстығ­ы бола тұра шаңырақ көтерiп, қанын бұзғанын­ан пайда болған әлсiз иммунитет ауруға төтеп бермек түгiлi, қолапайсыз ұрпақтарды дүниеге­ әкелдi. Ұлттардың денi азғындықтың шегiне жеттi. Ал қазақ жетi атаға дейiн қыз алыспаған. Қанның тазалығын сақтаған. Мәселен, адамда гендiк ерекшелiк 100 пайыз болса, бұл оның баласында 50 пайыз мөлшерде сақталады. Ал немересiнде – 25 пайыз, шөбересiнде – 12,5 па­йыз, шөпшегiнде – 6,25 пайыз, неменесiнде – 3,125, жүрекжатында – 1,5625 пайыз, туажатында 0,78125 пайыз атасының генi болады. «Жетi атасын бiлмеген жетесiз» дегеннiң неден шыққаны түсiнiктi де. Сегiзiншi ұрпақ бiр-бiрiмен қыз алысса­, қан тазалығы жойылмай, тек сақталады. Руға бөлiну – қан тазалығы. Қан тазалығы – ұлт саулығы.

Рушылдықтың тағы бiр сипатын әлi түсiнбей келемiз. Бұл – уақытындағы әкiмшiлiк басқару жүйесi. Қазақтың қай туындысын алсаңыз да, рудың басшысы болған, қандай дау болмасын, рубасы­лар арқылы шешiлетiнiн көруге болады. «Жүзге бөлiнгеннiң жүзi күйсiн» дегенмен, қазақтың қанына сiңген ғұрыпты алып тастау мүмкiн емес. Әрине, батыстық менталитеттiң бәрiн бойға сiңiрiп, күндегi дағдыдан былай басқару жүйесiн де  батыстандырып  алдық. Демократия деген желеу­ жақсы болды. Алайда шығыс пен батыстың өмiр сүру дағдысы бiр арнада тоғыспайтынын ескермедiк. Кеңес үкiметi орнағанша қолданыл­ған жүйемiзден айырылдық. Рушылдықпен күресуге көштiк. Қанымызда бар қасиеттi қалайша ысырып тастамақпыз?! Бұл мүмкiн де емес. Ұлан-ғайыр жерiмiздi рулық, рулар конфедерациясы жүздiк бөлiктерге бөлiп, тiршiлiк етiп жатқан террит­орияларын жаудан қорғау жауапкершiлiгiн руларға жүктедi. Бiздiң туған жерге деген ыстық ықыласымыз осылай қалыптасты. Әр ру өз жерiн қорғауды мойнына алды, туыстық сезiмнiң арқасынд­а көршiлес рудың, одан қалды, жүздiң, одан әрмен тұтас қазақ елiнiң жерiн қорғауға мiндеттелдi. Одан бөлек, рулар өздерiне тиесiлi жердi бөлiп алу арқылы оңтайлы шаруашылық үрдiсiн қалыптастырды. Рулар арасындағы тепе-теңдiк әрiптестiк қатынасты орнатты. Рулық жүйеге­ негiзделген шаруашылық қазiргi ғылым мен бiлiм дамыған заманда қол жеткiзе алмай жүрген нарықтық бәсекелестiкке табиғи түрде қол жет­кiздi. Ал рулар қауымдастығы бәсекелестiктiң ел арасында кездесетiн бақталастық секiлдi ыдыратушы түрi билер сотымен бiрiге жазалау арқылы елдi әдiлеттi жолмен тұтастықта ұстады.

Рушылдық – тек ел тұтастығын сақтау құры­лымы. Мәселен, әлi күнге монархиялық билiк сақтал­ған елдерде шежiре бар. Онда да тек ақсүйек­тер әулетi ғана шыққан тегi жайлы бiледi. Сонау қазақ атауынан күнi бүгiнге дейiн тiзбектеп, барлығ­ына дерлiк шежiре жасаған дәл бiздей ұлт жоқ. Бұл – құндылық. «Тiлi жоқтың тегi жоқ, тегi жоқтың елi жоқ», «Тектен нәр алған тозбайды», «Тегiн бiлмеген терiс бағады» деген нақылдар қайдан­ шыққан? Қазақ тектiлiкке аса мән берген. Ру сұрасу арқылы адамның тегiн бiлген. Рушылдық, бұл – туыстықтың мәнi, тарихтың әнi. Кез келген ақсақалдан руы жайлы сұраңыз, бабаларының басынан кешкенiн егжей-тегжей баяндап бередi. Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ – бар тарихын­ жадында сақтаған ұлт. Өткенiн де сол жерден­ iздеуi керек. Одан бөлек руға бөлiну мен ру сұрасу – жақындықтың белгiсi. Руын сұрастыра келе қырық тамырлы қазақ тұтастықты нышан (символ) еттi. Мәселен, «Құдай қосқан қосағың да қарын бөле» дегендей қазақ екiншi қазақты бауырын­а тартты. Ұлтымыздың бүгiн де ұмыт қалдыр­ған бiр қағидасы бар, «жетiмдi жылатпау, жесiрдi жат қолына бермеу» деген. Бүгiнде бұл қағида емес, өткеннiң еншiсiнде қалған жай ғана елес боп барады. Жетiмдi – «детдомға», жесiрдi балаларымен «төркiнге» жiбердiк. Тегін ұмыту осыда­н басталды. Руын сұрасаң бiлмейтiн, атасын танымайтын ұрпақ өсiп келедi. Қазiр бiр туғандар бiр-бiрiне қайырылмайтын деңгейге жеттi. Нарық дегенмен, қарық боп жатқандар аз. Ұлттық намыстан­ гөрi қаржылық намыс артық тұр. Бiр әкенiң екi баласының жайы екi бөлек, бiрi нан таппай­ жүр, бiрi – қалталы кәсiпкер. Мiне, рушылдық-туыстық сананың өшуi осыған әкелдi. Бұрындар­ы жетiмi мен жесiрiн жылату, бұзақы­сына тыйым сала алмау рудың бетiне түскен шiркей ретiнде қабылданатын. Ал қазiр мәдениеттiң озық үлгiсi ретiнде жетiмге – балалар үйi, жесiрге – төркiн, бұзақыға – түрме даяр.

Бала күнiмде оқыған Бердiбек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейдi» романындағы мына әңгiменiң үзiндiсi есiмнен кетпейдi:

«- Шырақ, қай рудан боласың?

Мен дәл мұндай сұрақ күтпеген едiм. Қазақтың салған жерден ру сұрасып жатуын жаратпаймын. Сәл бөгелдiм де, айта бастадым:

- Ұлы жүз боламыз. Ұлы жүздiң iшiнде Албан...

Бетiнде ешқандай сезiм белгiсi бiлiнбей, сөзiн тәптiштеп сөйлеп:

- Шырақ, Албанға да, басқаға да бұл мектепте орын жоқ. Келген iздерiңмен қайта берулерiңе болады».

Сонда рушылдықтан жерiнiп, «осы қазақ неге бөлiнедi?» деген ойға қалғанмын. Әрине, дұрыс түсiнбеппiн. Бертiнде бiр адамның бiр адамды жек көруi арқылы тұтас руға қара күйе жағылатынын ұқтым. Ал ол күйенi сүрту – тұтас рудың еншiсiнде. «У iшсең де руыңмен iш» деген сол. Әркiм әрқилы түсiнер, ру, бұл – туысқандықтың белгiсi, бiрлiк пен ынтымақтың нышаны. Алайда кей кiсiлер руға бөлiнудi оң емес, терiс мағынада пайдаланып жүр. Көбiне-көп, әркiмнiң тәкаппарлыққа салынуы, қан емес, қамның жайын ойлауы рушылдықтан жерiтуде. Әлi күнге ұқпай жүргенiмiз де осы. Рушылд­ықтан жерiну арқылы қазақылықтан жерiнетiнiмiздi түсiнетiн күн әлдеқашан жеттi емес пе? Қалай ойлайсыз?

Дастанбек  САДЫҚ,

журналист

 


МҰНАЙ ҚАШАН САРҚЫЛАДЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
24.01.2019 12:07

Күздігүні балапан санағандай етіп есеп берген еліміздің бас энергетигі Қ.Бозымбаев тықыр таяғанда осындай жағдайдың болатынын білді ме, әй­теуір жыл басталысымен мәселенің мәнісіне терең үңіліп, алдағы 4-5 жылда елімізде төртінші мұнай өңдеу зауы­тының салынып, бензин және дизель отынының резерві құрылатынын айтып­, сүйіншілеген еді. Алайда оған сүйіншіден гөрі «жұдырық» көп үлестірілетін секілді. Маусымдық жанар-жағармай тапшылығы болған кезде орнынан қозғалып, төртінші мұнай өңдеу зауытын салып тастамаққа бекінген­. «Ит үрді, керуен көшті...».

- Нарық бағасы ортақ одақтас елдерге жалтақтап тұратыны жасырын емес. Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төртінші мұнай өңдеу зауыты құрылысы мәселесі пысықталуда, - деп әңгімеге кіріскен Бозымбаев айтқан сөзінен әп-сәтте тайқып шыға келді.

- Төртінші мұнай өңдеу зауыты әзірше салынбайды. Бұл туралы сөз қозғауға әлі ерте. Өйткені, «ҚазМұнайГаз» әлемдік екі ірі компанияны тартып отыр. Оның үстіне отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы модернизация­дан кейін елімізде 2026-2027 жыл­дарға жетерлік мол қор қалыптасқан. Егер біз қоғамдық көліктерді, көліктің басқа да түрлерін газға ауыстыратын болсақ, 400-500 мың тонна дизель отынын үнемдейміз. Демек, 2030 жыл­ға дейін ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жаңа қуаттылықтың қажеті жоқ деген сөз, - деді Қанат Бозымбаев министрл­іктің 2018 жылға арналған қорытынды жиынында.

Төртінші мұнай өңдеу зауытына деген қажеттілік ел экономикасының өсу қарқынына байланысты айтылған­ еді. Министрдің айтуынша, егер ішкі нарық мұнай өнімдерінің негізгі түр­лерін 10,5 млн тоннаға дейін тұтынатын болса, онда жаңа зауыттың құрылысы туралы шешім қабылдау қажет­тігі туындайды. Өйткені, жағдай дәл осылай жалғасса, бұл мәселе ең кемі бес жылдан кейін елдегі энергетика саласын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан бас энергетик те МӨЗ-ге бас қатырғысы жоқ.

Күзгі жиын-терім науқанында жанар-жағармай бағасының күрт қымбаттауы мен тапшылығы әңгіме арқауы болатынын ел жаттап алды. Былтыр да дәл осы науқан барысында­ жеке инвесторлар Шымкент пен Қарағандыда мұнай өңдеу зауыттарын ашады деген қауесет тарады. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бұған қатысты да пікірін білдіруді ұмытпады.

- Естуімше, Қарағанды облысында­ кішігірім мұнай өңдеу зауыты салынады деп жоспарлануда. Түркістан облысында да жеке инвестор химиялық кластерді дамытпақ екен. Маған олардың зауытты қандай шикізатпен қамтамасыз ететіні белгісіз. Ал Қы­зылорда облысындағы мұнай өндірісі бірнеше жылдан соң сарқылып, Шымкенттегі зауытты ғана қамтамасыз етуге жететін болады. Меніңше, олар жұртшылықтың назарын аудару үшін осылай жасап отыр. Әйтпесе, мұның бәрі қағаз күйіндегі жобалар ғана. Сондықтан бұл туралы айтуға әлі ертерек, - деді ол.

Қаймағы қалқыған жаңалық ре­тін­де Қазақстанның 2019 жылдың ақпанынан бастап Қырғызстанға бензин экспорттайтынын айтты. Жалпы, бензин экспорттау бойынша Армения және Беларусь елдерімен келіссөздер жүргізілгені мәлім. Атап өтерлігі, аталған екі мемлекеттің өзі осыған мүдделі. Қазір бұл мәселе­ Еуразиялық экономикалық одақ­қа мүше елдермен бірге талқылануда. Екі-үш ай бұрын ғана Ресей энергетика министрлігімен арнайы келісім­шарт бекітілген. Құжат ратифика­ция­ланса, онда наурыз айынан бастап одаққа мүше емес Өзбекстан, Тәжік­стан, Ауғанстан секілді мем­ле­кеттерге­ де өнім экспорттауға мүм­кіндік туады­. Министрлік мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндірісі 90,3 млн тоннаны, ал мұнай экспорты 71,5 млн тоннаны құраған. Мұнайды қайта өңдеу көлемі 16,1 млн тоннаға жетсе,­ газ өндірісі 54,8 млрд текше метрге тең болмақ. Ал халық­аралық «Global Petroleum Prices» талдау агенттігінің Қазақстанда тұтынудың болжамды өсуіне байланысты 2021-2023 жылдары бензин және дизельдік отын жетіспеушілігі болады деп болжам жасауына соңғы факторлар әсер етсе керек.

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары