Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
Қаңтар 2019

Электр станциясы салынбақ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.01.2019 10:55

Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев облыс орталығында БАҚ өкілдерімен кездесіп, өткен жылды қорытындылады. Жалпы, аймақ қамбасына құйылған негізгі дақылдың үштен бір бөлігі – жалағаштық диқандардың үлесінде. Жыл бойы асыраушы салада ауқымды жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 15254 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Айта кетейік, биыл облыста бұрын-соңды болмаған қуаңшылық орнады. Оның үстіне ауа райының қолайсыздығы шаруаларды біраз әбігерге салғаны да рас.

– Аталған қиыншылықтарға қарамастан диқандар ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, 22382 гектар күріштің әр гектарынан 56,6 центнер өнім алды. Сонымен қатар егілген 401 гектар жаздық бидай, 4559 гектар жаңа жоңышқа, 4456 гектар ескі жоңышқа, 641 гектар картоп, 1000 гектар бақша өнімдері, 2200 гектар мақсары дақылдары толық жиналды, - деді аудан әкімі.

Былтыр БҰҰ Даму бағдарламасы шеңберінде Таң ауылдық округіндегі «Манақ баба» ШҚ-да оазистік суару жобасы іске асырылған еді. Күн сәулесі және жел күшімен электр энергиясын өңдеу арқылы тамшылатып суару құралдары орнатылып, 3,2 гектарға алма, 2 гектар жерге көкөніс егілген. Жоба-сметалық құны 301 млн теңгені құрайды. Аудан әкімі Мақпалкөл ауылдық округінде «Құрманбай Ата» ШҚ 5 гектар жерге тамшылатып суару әдісі арқылы алма өсіруді қолға алғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол былтыр 7668 гектар ауыл шаруашылығы жерлері айналымға енгізілгенін айтты.

Бүгінгі таңда Жалағаш ауданында 2300 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, 1914-і тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Олар 8935 адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отыр. Былтыр кәсіпкерлік саласында 1 млрд 207 млн теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 155 млн теңге салық түскен. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ауданда бірқатар жобалар басталды.

– Биыл «Nomad Solar» ЖШС-ның бастамасымен Жалағаш кентінің шығыс жақ бөлігінде жаңартылған энергия көздерін өндіру мақсатында 30 мВт күн сәулесін өндіретін электр станциясы салынбақ. Аталмыш серіктестікке 164 гектар жер телімі табысталды. Жоба құны – 19 млрд теңге. Ал былтыр құны 668 млн теңге болатын 8 жоба іске қосылып, 84 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл 643 млн теңге тұратын 10 жобаны іске қосу жоспарлануда, - деді Қайратбек Әубәкірұлы.

Жалпы, Жалағаш ауданы М.Шәменов ауылдық округіндегі апатты жағдайдағы №34 орта мектептің бүгінгі жағдайы жөнінде аз айтылған жоқ. Өткен жылы аудан қазынасынан 7 млн теңге бөлініп, 140 орындық жаңа мектептің құрылысының жоба-сметалық құжаттары әзірленіпті. Биыл облыс бюджеті есебінен қаржы бөлінбек. Баспасөз брифингі барысында аудан әкімі аудан жұртшылығы үшін өзекті мәселеге айналған аудандық аурухананың мәселесіне тоқталды. «Биылғы жылы тұрғындарға ең қажетті нысандардың бірі болып табылатын орталық аурухана ғимаратының құрылысы басталады. Бүгінде бұған 500 млн теңге қаржы қаралды. Жалпы жоба құны 4 млрд теңгені құрайды» деп атап өтті. Қазіргі күні аудан тұрғындары арасында ас қорыту және қан қысымы жүйесінің аурулары жиілеген. Аталмыш дерттің дендегенін аудан басшысы қозғалыстың аздығымен түсіндірді.

Аудандық маңызы бар 112,7 шақырым автомобиль жолының 20 пайызы көңіл көншітерлік емес. Биыл бірқатар елді мекенге апаратын жолдар облыстық бюджет есебінен жөнделмек.

Ал өңірдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселесі өзекті тақырыпқа айналған. Бұл бағыттағы жұмыстардың күшейтілгеніне қарамастан, қылмыс саны еселене түскен. Бүгінде орын алған орташа қылмыстың тең жартысы ашылса, қалғаны «жабулы қазан» күйінде.

Брифинг соңында Қайратбек Әубәкірұлы ауданда рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы аясында бірқатар ауқымды шаралар өткендігін айтты.

Халық-хабар

 


ҚАРМАҚШЫДАҒЫ ҚУАНТАРЛЫҚ ЖҰМЫСТАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.01.2019 10:40

Өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметінде Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашевтың қатысуымен брифинг өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы міндеттері сөз болды. Негізінен атқарылған жұмыстар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, өтініш-тілегі мен көтерген мәселелерін шешу мақсатында жүргізілген және бірқатар мәселелер шешімін тауыпты.

- Жалпы, соңғы жылда аудан экономикасының өсу динамикасы қалыптасып келеді. 2016 жылы аудан бюджеті 9 млрд 958 млн, 2017 жылы 10 млрд 343 млн, 2018 жылы 14 млрд 115,1 млн теңгені құрап, 40 пайызға артты. 2018 жылдың 31 желтоқсанында аудан бюджетінің шығындар болжамы 14 млрд 106 млн теңгеге атқарылып, 99,9 пайызды құрады. Есепті кезеңде аудан бюджетінің өз кірісі 1 млрд 11 млн теңге болып, 102,2 пайызға орындалды, - деді аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы.

Өткен жылы аудан бойынша қаржы ұйымдары тарапынан барлығы 227 жобаға 774 млн теңге жеңілдетілген несие берілген. Нәтижесінде 300 жұмыс орны ашылған. Кәсіпкерлікті дамытудың жол картасына сәйкес, «Бизнес Бастау» оқу курсын ауданда 220 азамат аяқтап, 176-сы жобасын қорғаған.

Өнеркәсіп саласында 2018 жылы 3,418 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 113,9 пайызды құраған. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлығы 23957 га өнім егілген. Оның ішінде, күріш – 13850 га, бидай – 210 га, мақсары – 1700 га, жоңышқа – 6622 га, картоп – 570 га, көкөніс – 450 га, бақша өнімдері – 555 га. Аудан диқандарының ала жаздайғы еңбегі ақталып, күріштің әр гектарынан орта есеппен 58,5 центнерден өнім алынды. Қамбаға 81 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Сонымен қатар, «Жаңажол» ЖШС жалпы 3200 га күріштің әр гектарынан 74 центнерден өнім алып, облыстың «Ең үздік шаруашылығы» атанды.

Аудандағы мал шаруашылығының да даму көрсеткіші байқалады. Бұған мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары шеңберінде атқырылған жұмыстар септігін тигізді деуге болады. 2018 жылы мал шаруашылығын қолдауға барлығы 58,3 млн теңге субсидия бөлінді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары мақсатында 54 маманға тұрғын үй сатып алуға 183,3 млн теңге несие берілген. Бұл өз кезегінде жастарды қолдау үшін жасалған игі жұмыстардың бір парасы ғана.

Аудан бойынша құрылыс жұмыстарына салынған инвестиция көлемі 2,9 млрд теңгені құраған. Мұндағы жұртшылықтың 99,5 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылған.

- Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына көп мән берілуде. 2018 жылы «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автодәлізінен Дүр Оңғар, Иіркөл, Төребай би ауылдары мен Төретам кентінің және III Интерационал ауылдарының кірме жолдарына және «Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев» жолының күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық, облыстық бюджеттерден 1 млрд 171 млн теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды,- деді аудан әкімі өз сөзінде.

Облыстық статистика департамаентінің мәліметінше, аудандағы экономикалық белсенді халық саны 25,1 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандардың саны 23,8-ді құрайды. Жалдамалы қызметкерлер 9,5 мың болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 1,3 мың адам. 2018 жылы 2895 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқан.

2018-2019 оқу жылында 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп жұмыс істейді. Үш ауысымдағы және апатты жағдайдағы мектеп жоқ. Мектептердегі 755 сынып жиынтығында 14294 оқушы білім алуда. 2017-2018 оқу жылында аудан бойынша мектеп бітіруші 652 түлектің 458-і ҰБТ-ға қатысып, жалпы орташа 83,7 балды құрады. Оның 310-ы (47,5%) жоғары оқу орнының грантын иеленді.

Өңірдегі тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 2018 жылдың аяғында 15201 адам болып, 28 пайызға жеткен. Осы жылы 10 спорттық ойын алаңы қайта жөндеуден өткізілмек. Оған аудандық бюджеттен 26,8 млн қаржы бөлінеді. Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы жыл өткен сайын өсе түсуде. 2017 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 70,5 болса, 2018 жылы 72,1 жасқа жеткен. Сондай-ақ, былтыр денсаулық сақтау саласына қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 101 млн теңге қаржы бөлінген. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және бөлімге қарасты кәсіпорындарға 2018 жылы 265627,0 мың теңге қаржы қаралса, 7 ауылдық кітапханаға интернет желісін қосуға 2443,0 мың теңге жұмсалған.

«Жастар жылы» қарсаңындағы атқарылған жұмыстар да өз деңгейінде. Аудан бойынша 14-29 жас аралығындағы 12342 жас бар. Жастар халықтың 22,8 пайызын құрап отыр. «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын үздіксіз жүргізуде. Мекеме бюджеті өткен жылы 9 млн теңге болды.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері аудан әкіміне сауалдарын қойып, жауаптарын алды. Өз кезегінде Сұлтан Мақашев «Алдымызда ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту бойынша бірқатар міндеттер тұр. Десе де, біз үшін ең маңыздысы тұрақтылықты қамтамасыз ету болып қала бермек» деп айтып өтті.

Рыскелді  СӘРСЕНҰЛЫ

 


Жел болуы мүмкін PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.01.2019 09:36

«Казгидромет» РМК хабарлауы бойынша 29-31 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, шығыс, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысқан желдің күші 15-20 м/с, 29 қаңтарда екпіні 23-28 м/с, 30-31 қаңтарда екпіні 25 м/с сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-100%.

Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА «IT-IMAQORDA» БАЛАЛАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.01.2019 09:28

Ресурстық орталықта 3D-сурет салу студиясы, робототехника және 3D-модельдеу секциялары, көпшілік алдында өнер көрсету дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған кабинеттер, сондай-ақ "DVOREC TV" балалар телеарнасы бар.

"IT IMAQORDA" технопарк ресурстық орталығы "Нұр Отан" партиясының "Балаларға арналған тегін IT-сыныптар" жобасы аясында оқушылар сарайы ғимаратында (қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы) ашылды.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ресурстық орталықтың жұмысымен танысып, оқушылармен сұхбаттасты.

"IT IMAQORDA" ресурстық орталығы "ARTIMAQ" 3D-сурет салу секциясы, "ROBOIMAQ" спорттық робототехника секциясы, lego-конструкцияларды бастапқы техникалық модельдеу және құрастыру секциясы, "MEDIAIMAQ - PUBLIC KZO" телесудиясы, "SAZIMAQ" мүсін секциясы, 3D-LABIMAQ зертханасы, "IQIMAQ" өзін-өзі тану кабинеті, 3D-модельдеу және "SAULETIMAQ" құмды анимация секциясы сияқты 12 оқу бағытын қамтиды.

Аймақ басшысы балаларға сенсорлық панель сыйға тартты.

Аталмыш секциялардың оқушылары республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Мысалы, Алматы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының "Менің арманымдағы үй" макеттер байқауында бірқатар номинациялар бойынша өнерлі жеткіншектер жеңімпаз болып, 3D-модельдеу секциясының қатысушылары Академия гранттарының иегерлері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, IT-технологияларды қолдану арқылы балаларды оқытуда қолжетімділікті арттыру мақсатында аймақта 13 IT-сынып жұмыс істейді, онда 650 бала тегін оқиды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында "IT-IMAQORDA" балалар технопаркі ашылды.

Айта кету керек, өңірде мектеп жасындағы балалардың 84 пайызы қосымша оқытумен қамтылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ТАҒАЙЫНДАУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.01.2019 09:15

Өтегенова Гүлмира Сейітбекқызы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы лауазымына тағайындалды.

Г.Өтегенова 1966 жылы туылған. Қарағанды кооперативтік институтын «Тауартанушы», Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін «Экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жалағаш аудандық тұтынушылар одағында тауартанушы ретінде бастаған.

1995 жылдан бастап осы департаментте басшының орынбасары қызметін атқарып келді.

 


Зорлықшы ұсталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.01.2019 16:05

26 қаңтарда қызылордалық полицейлер 18 қаңтарда болған қылмысты ашу мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кәмелетке толмағанды зорлауға оқталған күдіктіні анықтап құрықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны екені белгілі болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қалған мәліметтер жария етілмейді.

 

 


Қызылордада жер комиссиясының отырысы онлайн өткізілуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.01.2019 15:55

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Салават Құлмахан әлеуметтік желідегі парақшада жариялады.

«Достар! Осы салада жүрген азаматтар білетін шығар. Дегенмен, әлі де хабарсыз отырған жандармен сүйінші жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Кәсіпкерлердің, жалпы азаматтардың осы уақытқа дейін көтеріп келген, сондай-ақ жиі шағымданатын мәселелерінің бірі – жер телімдеріне, оны беретін комиссияға қатысты. Осы салаға қатысты сын көп айтылатыны жасырын емес: беріліп жатқан жерлерге қатысты ақпараттың ашықтығына, заңдылығына қатысты. Міне, енді Сіз бен біз бұл мәселені өз көзімізбен көруге мүмкіндік алып отырмыз. Өткен жылы жер қатынастары саласындағы заңнамалық құжаттарға енгізілген өзгерістерге сай ендігі жерде жер комиссиясының әрбір отырысы облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында онлайн трансляцияланатын болды», - деді Салават Құлмахан.

Қызылордада облыстық жер комиссиясының осы жылдағы алғашқы отырысы 18 қаңтарда өткен болатын. Отырыс онлайн өтті. Қалай өткенінен мына сілтемеге өту арқылы көре аласыздар:

http://kf.orda.gov.kz/ru/conferences/archive?id=59

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Жауапкершілік жүгі жеңіл емес PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.01.2019 08:50

«Жылдан жылдың жүгі ауыр». Жұртшылық алдында Қазалы ауданының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын саралап, алдағы міндеттерді мұқият мәлімдеген аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың сөзінен ел алдындағы жауапкершілік жүгінің жеңіл еместігін аңғарғандаймыз. Байыпты мінезді, өмірден көрген-түйгені, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол Мұрат Нәлхожаұлы өзінің қорытынды есебінде көптің көкейіндегі сауалдардың жауабын да мейлінше жеткізуге тырысты. Аудан әкімінің есеп беру жиынына облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов арнайы қатысты.

Мұрат Ергешбаев келтірген деректерге сүйенсек, 2018 жылдың басында аудан бюджеті 14 млрд теңге болып бекітілген. Ал жыл соңында бұл цифр 20 млрд теңгеден асыпты. Қазалы ауданы бюджет көлемі бойынша облыста Қызылорда қаласынан кейінгі орында тұрғанын ауыз толтыра айтуға болады.

Ауданда қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық ахуалдың жақсаруына көңіл бөлу тұрақты назарға алынған. Әрі аталмыш шаралар аудан орталығында ғана емес, елді мекендерде де қолға алынған. Мұның өзі «жасыл желек – көркі бөлек» қағидасымен ұштасып жатқандай. Мәселен, өткен жылы Ақтан батыр, Пірімов, Ақсуат ауылдарында салынған орталық саябақтар ауыл көркінің ажарын арттырды. Игі іс аяқсыз қалмайтын сыңайлы. Абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын табуы үшін Бозкөл, Шәкен, Бірлік, Сарбұлақ елді мекендерін абаттандыруға аудандық бюджеттен 71 млн теңге бөлінген. Жақсы жаңалықты естіген дала перзенттері бір серпіліп қалғаны анық. Алайда қазалылық ағайындар естіген жағымды жаңалықтардың легі мұнымен шектеліп қалмады.

Қазалы қаласына газ жеткізуге тиісті қаржы бөлініп («ЮгГазПроект» ЖШС), жоба-сметалық құжаттары әзірленіп жатса, демеушілік есебінен Ғ.Мұратбаев ауылына көгілдір отын апару жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары құнтталып, мемлекеттік сараптамадан өткізіліпті.

«Бұл қадамды мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде іске асыру үшін келісім жүргізіліп жатыр. Әйтеке би кентінде қалып қойған тұрғын үйлерді толықтай газ желісімен қамту үшін аудандық бюджеттен 12,0 млн теңге бөлініп, жоба әзірленді. Қаржыландыруға ұсындық. Жобаның жалпы құны 155 млн теңге» деген Қазалы ауданы әкімі Мұрат Нәлхожаұлының лебізіне есепке жиналған қауым қошемет білдірді.

Қуанбағанда ше? Қысы қытымыр әрі ұзаққа созылатын Қазалыда жылудың маңыздылығы аса зор. Әсіресе, түкірігіңнің өзі жерге түсіп үлгермей қатып қалатын сары аязды көзге елестетудің өзі қиын. Ел арасында «газ келді дегенше, жаз келді десейші» деген ұғымның қалыптасуы біршама жайтты ұғындырары хақ. Тек, сәтін салсын дейік.

Қашанда ел ағасыз болмайтыны белгілі. Бүгінгі жиында ел ағалары да үнсіз қалмады. Облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы, Сыр өңіріне есімі кеңінен мәлім кәсіпкер азамат Самұрат Имандосов «РЗА» АҚ тауарлы сүт фермасының 2-кезеңін іске асырудың инфрақұрылымы туралы өзінің ұсынысын білдіре келе, Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаевтың есебіне өзінің оң бағасын берді. Еңбек ардагері Рыстығұл Ботабай болса жол мәселесі туралы қойған сауалының жауабын алды.

Бұл жиында жастар өкілдері де белсенділік танытты. Бірлік ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Гүлсая Құтжанованың өткен жылы Бірлік ауылынан попкорн өнімдерін шығаратын шағын цех ашып, жұмысын бастағанын, енді осы жобасы бойынша «мемлекеттік қайтарымсыз грант алу конкурсына қайта қатысуыма бола ма?» деген сауалы да аяқсыз қалмады.

Кәсіпкердің сұрағын мұқият тыңдаған аудан әкімі «Сіз айтқан жоба инновациялық жоба болып табылады. Сондықтан 2019 жылы өткізілетін конкурсқа қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Алдағы өткізілетін конкурсқа қатысуыңызға сәттілік тілеймін» деген сарында жауап қайтарды.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


Кәсіпкерлік кедергісіз дамып жатыр PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.01.2019 14:10

Сыр өңірінде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың» үш жылдығы аясында қыруар шаруалар атқарылып жатыр. Бизнеске қолайлы жағдайдың қалыптасуы ел арасында кәсіпкерлікке ниет еткендердің санын көбейтуде. Сан көп жерде бәсекелестіктің, ал бәсекелестік болса, сапаның орнайтыны мәлім. Жүйелі бастамалардың, ілкімді істердің нәтижесінде Қызылорда облысы өткен 2018 жылы кәсіпкерлік саласында көшбасшы өңір екенін мойындатты.

Осы ретте Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Палата директоры Ғ.Жақсылықов БАҚ өкілдеріне берген брифингте соңғы 5 жылда 26 334 азаматқа 57 334 кеңес беріліп, 9057 сервистік қызмет көрсетілгенін айтты. Ал кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөнінде Палатаға 1094 өтініш түскен. Оның ішінде 560-ы оң шешімін тауып, кәсіпкерлер 4,5 миллиард теңгеден астам қаражатын сақтап қалды. Палата заңгерлері қатысқан 304 сот отырысының 238-і кәсіпкерлердің мүддесіне шешілген.

- Алғашқы жылдары кәсіпкерлердің бірнеше жылда қордаланып, жиналып қалған мәселелерімен жұмыс істедік. Қазір де жүйелік проблемалар жеткілікті. «Атамекеннің» ендігі мақсаты – әр кәсіпкермен, ал бастысы шағын бизнеспен тікелей байланыс орнату, - деді Ғ.Жақсылықов.

Палата директорының сөзінше, бүгінде еліміз бойынша нақты жұмыс істеп тұрған 1 миллион 200 мыңға жуық кәсіпкер бар. Десе де, қазіргі уақытта деректер базасын толықтыру керек екен.

Жиын барысында Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің бастығы Фархад Әбжаппаров «Атамекен» жасаған кәсіпкерлерге арналған Atameken Services порталының тегін сервистік қызмет түрлерімен таныстырды. Маманның айтуынша, порталда 60-тан астам онлайн режимде берілетін пайдалы және тегін қызмет түрі бар. Осы арқылы көптеген кәсіпкерлер немесе кәсіп ашуды жоспарлаған азаматтар тиімді мәліметтер ала алады. Бизнеске арналған платформа кез келген адам үшін қолайлы. Ол үшін бар болғаны қалта телефоныңыз интернетке кірсе болды. Ары қарай аталмыш порталға еніп, нұсқаулар бойынша рет-ретімен бөлімдерге кіріп, қажетті ақпаратқа қанығасыз.

Ж.Қойшыбекова

 


ҚАЙ БОЛЖАМНЫҢ «БАҒЫ» ЖАНАДЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
24.01.2019 13:52

Өткен жыл әлемдік саясатта тартысты жыл болды. Саяси жаңалықтың әсерінен аспан күркіреп, найзағай ойнамаса да, бірқатар алпа­уыт елдер арасында алып та, шалып та жыққан саяси «күрестің» болғаны көпшілікке аян. Әсіресе теріскейдегі көршіміздің «терезе­сі» жиі шағылды. Оған мұхиттың арғы жағындағы алып мемлекеттің сауда саясатында «рэкети­рлікті» мейлінше меңгеріп алған ресей­ліктерге салған санк­циясының өзі дәлел. Дональд Трамптың түпкі мақсаты да «аю патшалығына» сығарғ­а битін, үрерге­ итін қалдырғысы келмеді.

Төбеден де түйді, жаны­нан да жұдырықтап, қапталынан қағып өткісі келгенмен, оған «мыңқ» етпеге­н  «Путиннің  патшалығына» залалының тиіп, заһарының төгілмейтінін сезді де, сескенді. Екі ғасырдан астам қарым-қатынас жасап  келе  жатқан АҚШ пен Ресей­ арасынан сұрапыл соғысты күткендер де болды. Бірақ, ақпараттық  арпалыстан әрі асқан жоқ. Жалпы, бұл елді басқарған президенттер мен императорларда мұндай түсініспеушілік пен текетірес сол екі ғасырдан бері жал­ғасып  келе  жатыр. Соны арқау еткен­ экстрасенс Б.Жұматова бұл екі елдің арасында 2024 жылы соғыс­  өрті  тұтанады  деп  болжады­. Өтірігі де, шындығы да бізге аян емес. Жә, бұл мәселелер өткен жылдың «жұтқыншағында» қалды, 2019 жылы саясаттың әлемдік арена­сын кім қалай болжауда?

Америкалықтардың салқын көзқарасынан арыла алмаған Д.Трамп көрші Ресейге санкция салғанда қолымыздың «қалтырағаны» рас. Эконо­микалық одақ аясындағы мемлекет болғандықтан­ біздің де башпайымызды басып кете ме екен де­ген­ қауіптің болғанын жасырып қайтеміз? Алайда екі ел басшысының (Назарбаев пен Трамп – ред.) сөйлескен сөздерінен кейін арқаны кеңге салып, аяқ тартып, бел бүкпейтін болдық. Батыл қадам, бірбеткей мінезіміздің барлығына қарамастан «қорқақ қалтырауын қоймайды» дегеннің керін келтіріп, биыл да бүркенуге мәжбүр етіп тұр. Оған себеп әлемдік саясаттанушылар мен экономистер АҚШ-тағы қаржы-несие саясатының күшейгені әлем елдерінің көбіне, тіпті Қазақстанға да кері әсерін тигізуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Оттай берсін, бастысы, біз ҚОРҚАҚ  емеспіз.

Әлемдік саясат пен халықаралық сауда нарығында түйенің жүгін арқалаған Қазақстанның қадамы нық. Десек те, биылғы жылға арналған болжамдар бас көтертпеуде. Халықтың табысы артып, коммуналдық тарифтер төмендеп, жалақы мөлшері артады дегенмен, әлем сахнасындағы артистің рөлін сомдап тұрған салалар қақпанға ілігіп тұрғанға ұқсайды. Экономистер көңіл терез­емізді көмескілей түсетін болжамға тоқталып отыр. Тіпті осыдан 10 жыл бұрын ел экономикасын жарға жыққан қаржылық дағдарыстан да алапат болғалы тұр дегендер жанымызды жүдетіп  отыр.

Ғазизат  Имақова, саясаттанушы:

- Дағдарыс өте қатты болады. Өйткені ол осыдан 10 жыл бұрынғы дағдарыс сияқты тек ғана эконом­икалық текетіреске, экономикалық жағдайдағы санкцияларға ғана емес, саяси мәтінге тірелейін деп тұр. Саяси бәсекеге байланысып жатқан экономиикалық астар. Әлемдік дәрежедегі  экономикалық саясаттағы өзінің ұстанымын қалай да басып, мойындатуға әкелетін дағдарыс. Сондықтан өте қатал болады.

Жанар   Жүсіпова, нумеролог:

- Доңыз жылы қаражатқа аса мұқият болған жөн. Өйткені, экономикадағы жағдай биыл сәл қиындау болады. Ақшаны қарызға мүлдем алмаған дұрыс. Ал несие дегеннен барынша қашу керек. Тіпті, болмай жатса алған қаржыңызды міндетті түрде қайтара алсаңыз ғана, тәуекелге баруыңызға болады. Себебі, биыл ақша мәселесі өте ауыр  болмақ.

Рас, жаһандық деңгейдегі ұйымдар мен одақтарға мүше ел болғандықтан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сыртқы факторлар кері әсерін тигізбей қоймайды. Өйткені біздің елде шикізат тауарларының тұрақсыз бағасы, ақша-несие саясатының әлсіз­дігі, мұнайға деген тәуелділік секілді факторлар әлі де шешімін тапқан жоқ. Бұл жай сөзбен жай ғана дерек­ болып көрінгенмен, өте күрделі процеске жауап­ты жайт. Мәселен, соңғы деректерге сүйенсек, әлемдегі 193 елдің 162-сі ДСҰ-ның либералистік принципімен реттелетін сауда ережесіне бағынып  отыр. Ал біздің де жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегіне айнал­ғанымызға биыл төртінші жыл. Сауда да, сауда соғысы да қарқынды.

Жуырда халықаралық валюта қоры 2019 жылға арналған экономикалық болжамды жарқ еткізді. ХВҚ мәліме­тінше, 2019 жылы сауда соғысы салдарынан әлемдік экономика 1,52 трлн доллар табысынан қағылады. Бұл өз кезег­інде жаһандық нарық табысының 17 пайызға қысқаруына және жалпы ішкі өнімнің 1,9 пайызға азаюына әкелуі ықтимал. Халықаралық валюта қоры сарапшылары 2018-2020 жылдары аралығында әлемдік экономиканың жылдық өсімі 3,7 пайызға, 2022-2023 жылдарға қарай 3,6 пайызға тұрақтайды­ деген пікірді алға тартып отыр. Яғни, әлемдік экономика ұзақ уақыт шегіну кезеңіне тап болады. Бес жылдан бері дағдарыстан дегбірі қашып келе жатқан­ Қазақстанға ХВҚ-ның бұл болжамы нокауттан кем түсіп тұрғаны шамалы. Сонымен табалдырықтан енген бұл жылдың жайлы жұмсағы аз, жұдырығы тас болғалы тұр дегенге түнеру – бізге жат қылық. Айтпақшы, жылдың қандай боларының шет жағасын білдік. Үлкен үй жақтан да «саяси сабылыс» болуы мүмкін деген әңгіме желдей есуде. Есте­ріңізде болса, өткен жылдың аяқ ше­нін­де тараған «2020 жылы сайлау болады» деген болжамның «бағы» жанғалы тұр-ау... Бірақ, мерзімінен бұрын...

Н.ҚАЗИ

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары