Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

    ...
    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 05 Ақпан 2019

Сол жағалауға инфрақұрылым енді жүргізіледі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.02.2019 16:10

Былтыр облыс бюджетіне жоспарланғаннан 1,1 млрд теңге артық түсіпті. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов БАҚ өкілдерімен өткізілген баспасөз брифингінде айтты.

Облыс бойынша 2018 жылдың қорытындысымен бюджет түсімдері 100,4 пайызға орындалды, оның ішінде бюджеттің өз кірістері 101,9 пайызды құрап (болжам 53,9 млрд теңге, түскені 54,9 млрд теңге), яғни 1,1 млрд теңге облыс бюджетіне артық түсті. Республикалық бюджеттен 177,5 млрд теңге нысаналы трансферттер толығымен алынды, оның ішінде субвенция – 137,2 млрд теңге, ағымдағы нысаналы трансферттер – 14,2 млрд теңге, нысаналы даму трансферттері – 26,1 млрд теңге, несиелер – 11,9 млрд теңге. Жыл қорытындысымен облыс бюджетінің шығындар жоспары 99,6 пайызға орындалды (жоспар 248,7 млрд теңге, орындалғаны 247,7 млрд теңге). Игерілмегені – 951 млн теңге, оның ішінде бюджет қаражаттарының үнемделуі – 813 млн теңге (игерілмеген қаржының 83 пайызы), мердігерлер тарапынан тауарлардың мерзімінде жеткізілмеуінен және міндеттемелерді уақытылы орындамауынан – 138 млн теңге, - деді.

Ал игерілмеген қаржының 83 пайызы үнемделген қаржы екенін ескерсек, оның қайдан және қалай үнемделгенін білу маңызды. Сондықтан бұл сауалды облыс әкімінің орынбасарына қойдық. Қ.Ысқақов «Тендерлерді қойылған бағаның төменін көрсеткендердің ұтып алуына байланысты үнемделді» деді. Ал бұл сома осы жылдың бюджетіне қосылады екен.

Мұнан бөлек брифинг барысында сол жағалаудың инфрақұрылым мәселесі де сөз болды. Бүгінде қаншама құрылыс жүріп жатса да, әлі бұл мәселенің толық шешімін тапқанын естіген жоқ едік. Білгіміз келді. Себебі жаңа салынып біткен тұрғын үйлерге конкурстардың жарияланып жатқаны белгілі. Ал халық сусыз, жылусыз, газсыз қалай өмір сүреді? Бұл мәселеге қатысты облыс әкімінің орынбасары «Үйлердің барлығын құрылыс компаниялары салады, ал инфрақұрылымды біз жүргіземіз. Алдағы уақытта жүргізілетін болады» деп жауап берді.

Брифингте жұмыспен қамту мәселесі де көтерілді. Облыс бойынша 2018 жылдың 3 тоқсанында жұмыс күшінің саны 354,5 мың адам болыпты. Бұл өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда көп. Ол кезде бұл көрсеткіш 349,3 мың адамды құраған екен. Ал жұмыссыздық деңгейі әлі бірқалыпты. 2017 жылдың 3 тоқсанында 4,8 пайыз болған болса, 2018 жылдың аталмыш уақытында да 4,8 пайызды көрсеткен. Десе де, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің 4,5 пайыздан 4,2 пайызға төмендегені қуантты.

Сондай-ақ бюджет ауыртпашылығын қысқартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі шеңберінде құны 34 млрд теңгені құрайтын 84 жоба іске асырылуда екен. Олардың ішінде денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, дене шынықтыру және спорт, цифрландыру және тағы басқа салалар бойынша жобалар бар. Ал жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде облыста жекешелендіруге жататын 15 нысанның тізбесі белгіленіп, оның 8-і 379,4 млн теңгеге жекешелендірілді.

Жансая  Жүнісова

 


Күнтізбе

< Ақпан 2019 >
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары