Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 12 Ақпан 2019

ТЕАТР ЖАСТАРЫ ҚАРИЯЛАРДЫ ҚУАНТЫП ҚАЙТТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.02.2019 16:25

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Жастар труппасы 2019 жыл - жастар жылы аясында 8 ақпан күні №1 облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына арнайы барып, қызмет алушылар назарына концерттік бағдарлама ұсынып қайтты. Әні мен биі үйлескен, театр қойылымдарынан үзінділер қазынаға толы қариялардың көңілін аулап, үлкен қуаныш сыйлап қайтты.

Сонымен қатар, Сыр өнерінің бас театрында 30 жылға жуық қызмет атқарған ардагеріміз, осы мекемеде қызмет алушы Балышева Раиса апамызға да үлкен құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, театр репертуарындағы Қ.Жүнісовтың «Ғашықтар хикаясы» комедиясынан үзінді ұсынылды. Театр жастарымен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ү.Бегімова, Мәдениет қайраткерлері Б.Ботбаев, З.Төлеповалар ардагер аға-апаларымызға ыстық лебіздерін білдіріп, өнерлерін паш етті.

Жастар жылындағы театрдың жастар труппасының қазыналы қарттарымызға өнер тартуы барысында №1 облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының орынбасары Ержан Ақшалов театр ұжымына үлкен алғысын білдірді және күндізгі бөлімде ем алушы ардагер Нағашыбай Тұяқбаев жастарға ақ батасын беріп, барша ардагерлер атынан шексіз алғысын білдірді.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының жастар труппасы жастар жылы аясындағы алғашқы ұжымдық еңбекті №1 облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан бастады. Алда жоспарлы түрде атқарылатын «Сахна сыртындағы әлем» (қойылымға тұтас еңбек еткен қызметкерлер туралы танымдық жоба), «Таланттан тұлға» (сахнагерлер туралы жоба), «Сахна керуені» (аудан, ауыл, мекемелерге қойылымдар қою), «Менің үлесім» (қоғамға пайдалы бейнероликтер түсіру) атты арнайы жобалар мен жылдық жоспарға сәйкес сахналанатын жаңа қойылымдарға үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 

Ұ.Қылышбаева,

театр әдебиет бөлімі

 


Қасымов Президентке көмекші болды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.02.2019 15:27

Бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

"Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетов ішкі істер министрі қызметінен босатылып, президент көмекшісі - қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындалсын" , - деп жазылған Елбасы қаулысында.

Жаңа ішкі істер министрі болып Ерлан Тұрғұмбаев тағайындалған.

Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы Алматы облысы, Іле ауданының Бәйсерке ауылында дүниеге келген.

1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы -заңгер. Полиция генерал-лейтенанты.

1979-1988 – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

1988-1989 – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.

1989-1992 – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.

1992-1997 – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.

07.1997-12.2003 – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.

12.2003-06.2005- Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.

06.2005-09.2009 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.

2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.

12.04.2011 бастап – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

 

 


Тұрғымбаев Ішкі істер министрі болды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.02.2019 15:15

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қалмұханбет Қасымовтың орнына Ерлан Тұрғымбаевты ішкі істер министрі етіп тағайындады деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - деп мәлімделген ресми хабарламада.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Тұрғымбаевты"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындау туралы" жарлыққа қол қойған.

"Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын", - делінген құжат мәтінінде.

 


Күнтізбе

< Ақпан 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары