Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 04 Наурыз 2019

БИЫЛ 86 МЫҢ ГЕКТАРҒА КҮРІШ ЕГІЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.03.2019 18:18

Биылғы жылы Қызылорда облысында 178,6 мың гектарға егін егу жоспарлануда. Оның 85,8 мың га күріш, 93,5 мың га дәнді дақылдар, 7,2 мың га майлы дақылдар, 60,7 мың га азықтық және 17,2 мың га көкөніс пен бақша дақылдары егіледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен көктемгі дала жұмыстарына дайындық және жылыжай шаруашылығын дамыту туралы мәжілісте белгілі болды.

Мәжілісте облыс әкімі Елбасының агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 5 жылда 2,5 есеге арттыру тапсырмасына байланысты аймақта тиісті жұмыстарды өз деңгейінде атқару қажеттігін атап өтті.

«Биылғы жылы да ауылшаруашылығы саласында ауқымды шаралар атқарылуы тиіс. Нақты айтқанда, биыл агроөнеркәсіптік кешенінде 10 пайыз өсім қамтамасыз етуіміз қажет. Алдымызда еңбек өнімділігін 22 пайызға, экспорт көлемін 20 пайызға арттыру межесі тұр. Осы мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу қазірден бастап атқарылатын шаралардың сапалы және өз мерзімінде орындалуына тікелей байланысты»,-деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады.

«Ағымдағы жылы өңірімізде 178,6 мың гектарға егiс егу межеленіп отыр. Оның ішінде күрiштің көлемі - 85,8 мың гектар, дәндi дақылдар - 93,5 мың, майлы дақылдар - 7,2 мың, мал азықтық дақылдар - 60,7 мың, картоп, көкөнiс, бақша дақылдары - 17,2 мың гектарды құрайды. Облыс бойынша  2019 жылдың егісі үшін 22 629 тонна  «Маржан», «Янтарь», «Лидер»,  «Фаворит», «Каз Ер-6», «Новатор», «АйКерім», «Сыр Сұлуы» сорттарының күріш тұқымы құйылды. Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштар мен гербицид сатып алынды. Облыста көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін  арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр»,-деді Б.Жаханов.

Өз кезегінде, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері егіс науқанының әзірлігі жайлы жауапты мекеме басшылары облыстағы суармалы су қоры туралы айтты.

Сондай-ақ, жиында өңірдегі жылыжай шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы бүгінгі таңда жылыжай шаруашылығының жергілікті өнімдегі үлесі өте төмен екенін атап өтті. Халықты жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін облыс орталығының өзінде 120 жылыжай қажет. Өткен жылы 70 жылыжайды іске қосқанымен, оны одан әрі пайдалану мен қалған 50 жылыжайды іске қосу бойынша нақты шаралар қабылдау керек. Бүгінде өңірде 87 жылыжай 72 Қызылорда қаласында  және  15 аудандарда  (4- Жаңақорған ауданында, 3-Шиелі ауданында, 2-Қармақшы ауданында, 2-Жалағаш ауданында, 4-Қазалы ауданында) жұмыс істеп тұр.

Облыс әкімі мәжілістің  қорытындысы бойынша жауапты мекеме басшыларына егіс жұмыстарына уақытылы және сапалы дайындықты қамтамасыз етуді және әр ауданда шағын жылыжайды дамыту бойынша жыл сайын кемінде 5 жобаны іске асыруды, суармалы судың қажетті көлемін уақтылы беруді қамтамасыз етуді, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Оның ішінде майлы, азықтық дақылдардың, көкөністердің және бақша дақылдарының өнеркәсіптік егістіктерін 10 пайызға көбейту керектігін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру үшін ғылыми жетістіктерді, инновациялық жобаларды, сандық технологияларды өндіріске енгізу, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникаларын бақылау, өнімділікті жоспарлау, нақты егін шаруашылығын жүргізу  жүйелерін енгізу және барлық аудандарда биыл кем дегенде 10 га жеміс жидектер, жүзім, шие, алма, өрік ағаштарын егу, барлық мектептердің аумақтарында алма бақтарды ұйымдастыру тапсырылды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы И.Жахаев атындағы күріш ғылыми-зерттеу институтының жаңа директоры Бақытжан Дүйсенбековті таныстырып, екі апта мерзімде облыстың егін шаруашылығының еңбек өнімділігін ұлғайту үшін институттың алдағы 3 жылдық іс-қимыл жоспарын әзірлеп ұсынуды тапсырды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары