Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 1216 |
![]() | Кеше | 2595 |
![]() | Осы аптада | 1216 |
![]() | Өткен аптада | 20627 |
![]() | Осы айда | 1216 |
![]() | Өткен айда | 81220 |
![]() | Бәрі | 5246112 |
"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
13.03.2019 11:30 |
2019 жылдың 12 наурызы күні аталмыш орталықтың "Атамекен" бөлімінің басшысы Бекарыс Нұриманов пен "Рухани қазына" бөлімінің маманы, танымал айтыскер ақын, жерлесіміз Мұхтар Ниязов Жалағаш ауданының мәдениет және өнерді дамыту орталығында аудан кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуде "Атамекен" бөлімінің басшысы Бекарыс Нуриманов: - Кез келген мемлекеттің дамуына серпін беретін күш - сол елдің кәсіпкер азаматтары. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басым бағыттарының бірі - кәсіпкерлерді қолдау, олардың игі істерін елге жеткізу. Ендеше мемлекеттің тірегі мен мықты әскеріне айналған кәсіпкер азаматтардың ұлттың дамуына қосып жатқан еңбектеріне табыс тілейміз, - дей келе, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, кездесу барысында елдегі әлеуметтік мәселелер, оларды шешу тетіктері талқыланып, қоғамды позитивті бағытта дамыту жайлы рухани әңгімелер айтылды. Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі |
ҚЫЗЫЛОРДАДА СҰРАНЫСҚА ИЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША ОНЛАЙН-ОҚЫТУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
13.03.2019 11:10 |
Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы жанындағы "Ақпараттық технологиялар орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен IT-echelon жобасы іске қосылды. IT-echelon жобасына қатысатын 200 адам іріктеліп алынды. Жоба аясында стартаптар мен технологиялық кәсіпкерлік бойынша семинарлар мен воркшоптар, кездесулер мен бизнес-ойындар ұйымдастырылады. Бүгін, 13 наурызда алғашқы онлайн-сабақ өтеді. Жоба сандық дағдыларды қолдануды жандандыруға, өңірдің IT-инфрақұрылымын дамытуға және халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған. "Бұл жобаның басым бағыты ретінде "frontend" (қосымша - сервистің бағдарламалық-аппараттық бөлігіндегі тұтынушы интерфейсінің клиенттік жағы) пайдаланушы интерфейсін құру болып таңдалды Мамандардың бұл санаты - жұмысқа орналасу мәселесінде сұранысқа ие. Курстың бағдарламасы Қазақстанның IT-жұмыс берушілері ұсынатын нақты жобалармен жұмыс істеуге толық дайын болатындай етіп жасалған",-деді Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітова. Сондай-ақ, жоба шеңберінде технологиялық кәсіпкерлікке, стартаптарды ұйымдастыруға және бизнес-құралдарға ерекше көңіл бөлінеді. Кездесулерге Mail.ru, Tinkoff, BugartGames, Яндекс Chocofamily, Doctor.kz, Kazdream.kz, Kompra, Com, CTgram сияқты танымал компаниялардың өкілдері қатысады. Осы жобаны іске асыру барысында әрбір сарапшы, баяндамашы, инвестор мен бизнес иесі ментор рөліндегі тыңдаушыны анықтайды, сондай-ақ, ұйымда практикадан өткізу және одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігін өзіне қалдырады. Аталмыш жоба бойынша жұмыс 6 айды қамтиды. Оның ішінде 72 сағат онлайн оқыту, сауалнама жүргізу және қатысушыларды іріктеу, 6 семинар, 8 воркшоп, 4 кездесу мен 2 бизнес-модель ойындары өткізіледі. Жобаға 14-35 жас аралығындағы 200 қатысушы қатысады, оқыту ақысыз негізде жүргізіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі |