Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 14 Наурыз 2019

Су тасқынынан қауіп жоқ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.03.2019 10:50

Жылдағы буынып-түйіну әдетінен арыла қоймаған халық биыл да дәл сол сақтықпен отыр. Бірақ, дүлей мінезімен дүйім жұртты көктемге дейін орнынан бір қозғайтын дария әзірге тыныш. «Шардара» су қоймасынан төмен қарай 450 текше метр су жіберілуде, оның 350 текше метрін «Көксарай» суреттегіші алуда, сонымен облыс аумағына қазіргі күні секундына 120 текше метр су келуде. Жоғарыдан түсіп жатқан судың мөлшері аз болғандықтан, Сырдария өзенінің деңгейі төмен түсуіне байланысты елді мекендерге төніп тұрған ешқандай қауіп-қатер жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар департаменті мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында баяндады.

- Жоспарға сәйкес 2018-2019 жылғы су тасқынының алдын алу бағытында ТЖД қызметкерлері су басу қаупі бар елді мекен тұрғындарына арнайы үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Аймақта 56 су басу аймақтары белгіленген. 36 мың үй орналасқан учаскеде 174 мың тұрғын, 250 мыңға тарта үй жануары бар. «Шардара» су қоймасынан жіберілген суды облыс аумағындағы Сырдария өзенімен қауіпсіз өткізу мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК және «Қазсушар» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалдарынан өзендегі судың деңгейі мен ауа райы туралы күнделікті ақпараттар алып, Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізуде, - деді Қызылорда облысының ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Жандос Досымов.

Одан бөлек, су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жасақ құтқарушыларымен тұрақты түрде алдын алу жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтып өткен төтеншеліктер судың тілсіз жау екендігін азаматтардың әрдайым есте ұстамайтынына қынжылады.

- Аймақтың су айдындарында жылда азаматтардың әртүрлі себептермен бақытсыз жағдайларға ұшырауы, оның ішінде қыс және көктем айларында төтенше жағдайлар болатыны өздеріңізге мәлім. Алайда «су – тіршіліктің көзі» дегенмен, тілсіз жау екені қаперімізде үнемі тұрмайтыны өкінішті. Соңғы екі жылдың мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылдың қыс және көктем айларында облыс бойынша су айдындарында 2 адам ажал құшса, 2018 жылы – 1, жыл басынан бері 1 адам қаза тапты, - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ басшысы Бахыт Ембергенов.

Құтқарушылардың жұмысы оңай деп ешкім де айта алмайды. Әсіресе балықшылардың мотоциклмен, УАЗ автокөліктерімен бес қабатты үй биіктігіндей судың астына түсіп кеткен кездерінде өте ауыр болады. Мұндай жағдайлар жиі болатын аймақтар – Арал, Қазалы аудандары. Сол себепті құзырлы мекемелермен бірлесіп, құтқарушылар бүгінгі күнге дейін осы екі ауданда 36 рейд өткізген.

Аймақты су басу қаупіне қайта тоқталсақ, былтырғымен салыстырғанда биылғы мұз қалыңдығы екі есе аз, яғни 40 сантиметр. Қазіргі күні мұз шеті Қармақшы ауданы, Ақай елді мекені тұсында, Қызылорда су торабынан 435 шақырым төмен орналасқан. Қармақшы ауданында мұздың қалыңдығы – 5 см, Қазалыда – 40 см, Арал ауданында 10-15 см көлемінде. Мамандардың айтуынша, мұз күн райының қолайлы, жылы болуына байланысты орнында тұрып еріп жатыр. Қауіптің сейілуінің басты себебі де – осы. Десек те «апат айтып келмейді» деген тағы бар. Мұндай жағдай болған кезде қысқы-көктемгі су тасқынына қарсы шараларға қатыстырылатын 1081 адам, 361 бірлік техника, 75 су сору мотопомпасы мен 2 тікұшақ, 117 жеке құрам, 18 техника, 10 жүзу құралдары сақадай сай. Қызылорда қаласы мен аудандарда тасқын су кезеңінде адамды көшіруге арналған 79 эвакуациялық жинақтау және 99 қабылдау пункті дайындыққа келтірілді. Қала, аудан әкімдіктерінің мәліметінше, су тасқынына қарсы шараларға 141,8 тонна жанар-жағармай, 156 мың дана қап, 16 960 бау қамыс, 6550 дана пашын, 4455 қарабура, 287 тонна қойтас секілді қажетті материалдар қорлары жасақталған.

Н.ҚАЗИ

 


Ұлттық өнер – ұлылығымыздың белгісі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.03.2019 10:40

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз  мейрамының бастауы саналатын  Қауышу күнін қызылордалықтар да  атап өтті. Көктемнің жарқын  атаулы күні республикалық «Қобыз үні»  көрмесімен басталды.  Мерекелік шара Қызылорда облысы әкімінің  қолдауымен  Aray sity mall сауда орталығында   ұйымдастырылды.

Қауышу  (Амал мерекесі  деп те аталады) – еліміздің  батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы  қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр. Бұл күні  ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан  жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады.  Көрісу күні  бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмтылады.  Көрші-көлем бір-бірін асқа шақырып, меймандарға амандық-саулық тілейді.

Қауышу күні өткізілген шара ұлттық қолөнермен  айшықталды.  Хас шеберлер  әдет-ғұрып  пен салт-дәстүрді дәріптеп, туындыларын  паш етті. Өңірден ғана  емес,  өзге облыстардан да келген қолөнершілер  сан алуан еңбегімен дүйім жұрттың таңдайын қақтырды. Олардың арасында қазалылық Мархаббат Асанованың қолынан шыққан дүниелер де  бар. Жас кәсіпкер   екі  жылдан бері қолөнермен шұғылданады.  Он саусағынан өнері тамған  қыз құрақ көрпенің түр-түрін дайындайды. «Алтын ай», «Қоңыр қаз» сынды қыз жасауы адам қабілеті мен қиялында шек жоқ екенін көрсетеді.  Қай-қайсысының болмасын ою-өрнегі өзінше бір әлем. Заманауи келбетті туындылар адамды баурап алады. Мәселен, кәсіпкер Айдана Дүйсенбаеваның айтуынша, киізден бұрынғыдай төсеніштер ғана дайындалмайды. Ұлттық киімдерден бөлек, бас киімдер мен аяқкиімдер тігуге болады. Сондай-ақ, түрлі кәдесыйлар мен ойыншықтар, сөмкелер, әшекей бұйымдарын жасау сәнге айналған. Көрмеге қатысқан шымкенттік Берік Бейісбеков те былғарыны көркемдеп өңдейді. Ол ата-анасы арқылы ұлттық өнердің қыр-сырын меңгерген.  Бейісбековтердің отбасылық туындылары республикаға кеңінен танымал. Әсіресе, зергердің ер-тоқым, қамшы сынды ат әбзелдері көпшіліктің тарапынан жоғары бағаланды. Ал жұбайы Мадина Ахметованың да төл туындысы келушілердің назарын өзіне еріксіз аударды. Ол кілем мен гобелен тоқудың хас шебері. Қолданбалы өнерді жаңғыртушы отбасы шығармашылығына табиғатты да, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды арқау етіп келеді.

– Бұл бұйымдарды сыйлық ретінде алады. Кейде тапсырыспен тігеміз. Қолдан жасалған дүние қашанда бағалы ғой. Біз  келушілерге мәдениетіміз бен тарихымызды қолөнеріміз арқылы танытамыз, - дейді Мадина Ахметова.

Сонымен қатар аралдық  шебер  Құрманғазы Бектұрсыновтың  мүйізден  жасалған сан түрлі кәдесыйлары келушілерді бейжай қалдырмады. Оның қолөнерге қызығушылығы 3-4 жыл бұрын ояныпты. Педагогикалық колледжді бітірген жас жігіт әдепкіде жұмыс таппайды. Бос уақытында зергер Құдайберген Құлмамбетовтен ағаштан бұйым жасауды  үйренеді. Өнердің қыр-сырына қанығып, өз кәсібін бастайды. Қазір кәдімгі мүйізді  өңдеп, түрлі бұйымдар  шығарады. Бүгінде баламасы жоқ табиғи өнім сұранысқа ие. Дайын болғанын ел қуана сатып алып жатыр. Алдағы уақытта жас кәсіпкер кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда облыстағы «Қолөнер» ұлттық нақыш орталығы  белгілі қолөнер шебері, зергер Дәркембай Шоқпарұлының шеберханасымен келісімшартқа отырып, жыл бойы шеберлік сағаттарын өткізіп, мол тәжірибе алмасыпты. Мұнда Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы бойынша елімізде түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.  Осы мақсатта «Қолөнер»  ұлттық нақыш орталығы жаңа жобасын  қорғап, күмістен құйылған  «Қобыз үні» брендін жасап шығарған.

- «Қобыз үні» республикалық қолөнер көрмесі 2017  жылдан бастап өткізіліп келеді. Мақсаты – тек өңірді  ғана емес, еліміздің әрбір аймағынан  шеберлердің басын қосып, тәжірибе алмасу, жастарды ұлттық өнерге баулып, өнерді табыспен ұштастыру. «Қолөнердегі» әрбір бұйым – жәдігер. Халықтың ба­сым көпшілігі ұлттық на­қыштағы дүниелердің қымбат екенін  айтады.  Бұл пікірмен келіспеймін. Біз нағыз ұлттық бұйымды пайдалана отырып, жас буынды тәрбиелейміз. Мен азаматтарды Наурыз мейрамында патриоттық танытып, төл өнерді қолдауға шақырамын, - дейді «Қолөнер» ұлттық нақыш орталығының директоры Аида Керімқұлова.

Ұлттық туындыны замануи үлгімен қайта жаңғыртқан шеберлердің еңбегі инемен құдық қазғандай. Келешек жастардың бойына ұлттық салт-дәстүрімізді  сіңіру үшін ұлылығымыздың белгісіндей болған төл өнеріміздің орны ерекше. Қиындыққа қарамастан өшкенімізді жағып, өткенімізді жаңғыртып жүрген шеберлер Қауышу күні  қазақтың қолөнерінің абыройын асқақтатып, ерекше бояу, тамаша талғаммен көрінді. Олардың еңбегі елеусіз қалған жоқ.  Арнайы жүлделі орындармен марапатталды. Шара Қызылорда асық ату федерациясының ұлттық ойындар сайысымен жалғасын тапты.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ,

Н.Нұржаубай  (сурет)

 


Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары