Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Жұма, 29 Наурыз 2019

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ТҰРҒАНБАЙ МАХАНОВ 80 ЖАСҚА ТОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2019 14:10

Денсаулық сақтау саласының ардагері, Қызылорда облысының және Жалағаш ауданының құрметті азаматы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрғанбай Маханов 80 жасқа толды.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ардагерді мерейтойымен құттықтап, аймақ медицинасын дамытудағы ерекше үлесін атап өтті.

«Облыстың денсаулық сақтау саласы дегенде, біздің мақтанар дүниеміз көп. Өйткені, қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер Әли Көтібаровтан бастап, балалар хирургиясының атасы, дүниежүзілік деңгейдегі үлкен ғалым, академик, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, профессор Ормантаев Камал Сәруарұлы, Қазақстанның Еңбек Ері, 5 мыңнан астам жүрекке ашық ота жасаған Пя Юрий Владимирович, Қазақстанның «100 жаңа есіміне» кірген, медицина ғылымдарының докторы, профессор Баймаханов Болатбек Бимендіұлын және басқа да жерлес дәрігер профессорларымызды мақтана айтамыз. Сыр өңірі медицинасы тарихында Тұрғанбай Маханұлының есімі ерекше аталады. Аймақтың денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз, Сыр медицинасының көптеген жас дәрігерлеріне үлгі болды. Тұрғанбай Маханұлы 1994 жылдың тамызынан 1996 жыл аралығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы лауазымын қоса атқарды. Қазіргі таңда облыстық медицина орталығының «Құрметті директоры», осы ұйым басшысының кеңесшісі, Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары ассоциациясының Қызылорда облыстық филиалының Президенті»,-деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі мерейтой иесіне саяси-әлеуметтік, экономикалық және денсаулық сақтау саласының дамуына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Алғыс хатын» және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызының құттықтауын, сондай-ақ, «Ұлттық Медицина ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің ең жоғарғы наградасы «AVE-VITAE» орденін табыстады.

Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Төрегелді Шарманұлы мен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Қорғанбек Қайруллаев және замандастары мен әріптестері ардагерді құттықтады.

Жиналған көпшілікке мерейтой иесі көрсетілген құрметтері үшін риясыз алғысын жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ 85 ПАЙЫЗЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2019 12:05

2019 жылдың 1 наурызы бойынша аймақта 43 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның 85 пайызы тиісті деңгейде жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жылдың өзінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 13,8 пайызға өсті.

Айта кетейік, аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды және жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті шағын несиелеуге 4 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Олар жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту "Еңбек" бағдарламасын іске асыруға бағытталатын болады. Оның ішінде облыстық бюджеттен өңірлік инвестициялық орталық үшін стартап-жобаларды қаржыландыруға 500 млн теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, "Бизнес-Кеңесші" бағдарламасы аясында 2019 жылы 737 адамды оқыту жоспарлануда. Ал "Бастау-Бизнес" бағдарламасымен 800 адам біліктілігін арттыратын болады.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жыл басынан бері екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 658 млн теңгені құрайтын 27 жобаны мақұлдаған.

2018-2020 жылдары аймақта Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы болып жарияланып, «Жол картасы» әзірленді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған ең үздік облыс деп танылып, Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевқа "Алтын сапа" сыйлығын табыстады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап облыста Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелерін беру бойынша ашық аукциондар өткізілуде. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы аймақ басшысының бастамасымен "бір өтінім" қағидаты бойынша 70-тен астам қызмет түрі тегін көрсетілетін "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" құрылды. Мысалы, жер қатынастары саласында 21 қызмет түрі көрсетілсе, оның 7-еуі мемлекеттік қызмет болып табылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары