Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1425
mod_vvisit_counterКеше2391
mod_vvisit_counterОсы аптада10203
mod_vvisit_counterӨткен аптада20558
mod_vvisit_counterОсы айда56156
mod_vvisit_counterӨткен айда48193
mod_vvisit_counterБәрі3703233


Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

    ...
    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 04 Сәуір 2019

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАС САРБАЗДАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.04.2019 15:45

ҚР Қарулы күштері қатарына аймақтан әскери қызметке шақыру мезгілінде 800-дей  азамат жіберіліп отырады.

Қызылорда облысының әкімі  Қ.Көшербаев Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөліміне жөнелтілетін 18 азаматтан жасақталған команданы шығарып салды.

«Сіздер бүгін әскер қатарына аттанғалы отырсыздар. Ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат еткен жері мен ел тыныштығын күзету – қасиетті борыш.  Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағы- бізді қорғады» деген болатын. Тарихта қайсар мінезімізбен танылған елміз. Осы ретте, жауға тайсалмай тойтарыс берген Жалаңтөс Баһадүр, Жанқожа, Есет, Бұқарбай, Сартай сынды дарабоз батырлардың көзсіз ерліктері әлі талай ұрпаққа үлгі болары сөзсіз»,-деді аймақ басшысы.

Кездесуде халқымыздың біртуар батыр перзенті, Совет Одағының батыры Бауыржан Момышұлы туралы жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабы жас ұландарға  мерзімді әскери қызметін жоғары жауынгерлік деңгейде атқарады деген зор сеніммен табысталды.

Сонымен қатар, облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы Еркінбек Байболов пен «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Меңділдә Ршауов ел айбынын асқақтатар ер-азаматтарға борыштарын аман-есен атқарып, абыроймен елге оралуға тілектестік білдірді.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.04.2019 15:30

Кеңес отырысында жастарды қолдау мәселелері қарастырылды. Шараға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, жауапты ұйымдар мен мекемелердің басшылары қатысты.

Сонымен қатар, облыс әкімі 10 жас маманға шаруа қожалықтарына жұмысқа орналасуға жолдама, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан немесе арнайы есепте тұратын жастарға "Жақаевшылар" еңбек лагеріне 10 жолдама табыстады.

Көшпелі отырыс Ыбырай Жақаев атындағы ауылда ұйымдастырылып, онда Жастар жылы аясында кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру, жастар мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу, Шиелі және Жаңақорған аудандарында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев көшпелі отырыс тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

"Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру, басым бағыттары мен міндеттерін іске асыру, жастар арасында қалыптасқан өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастыруда Кеңестің орны ерекше. Сондықтан, өткен жылдың соңында өткізілген Кеңес отырысында биылғы Елбасы жариялаған Жастар жылына орай облыс әкімдігі жанындағы кеңес отырыстарын көшпелі негізде тоқсанына бір рет, аудан әкімдіктері айына бір рет өткізуді тапсырған болатынмын. Алдағы уақытта облыстық кеңес отырыстары Сырдария (маусым), Арал (тамыз) аудандарында және қорытынды отырыс Қызылорда (қараша) қаласында өткізілетін болады", – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жастарды қолдауға арналған бағдарламалардың барлығы олардың тұрмыс жағдайын түзеуге бағытталғанын атап өтті. Әлеуметтік маңызы бар  «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, «Дипломмен — ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Жасыл ел», «Жұмыспен қамту – 2020», «Жас кәсіпкер», «Жас маман» бағдарламалары жастарға арналған.

" Бүгінгі Кеңестің көшпелі отырысын әлемге қазақтың еңбекте де орасан зор табысқа жете алатын жұрт екенін дәлелдеген даңғайыр диқан, Дала академигі Ыбырай Жақаев ауылында өткізуіміздің де өзіндік мақсаты бар. Туған жер төсіне қайың кетпенімен ерлікке тән еңбек дастанын жазып қалдырған, ақ күріштің атасы, әлемдік рекордтың иесі Ыбырай Жақаев жетістігін, егемен еліміздің тарихи тұлғаларының өмір жолын, еңбек адамын кейінгі ұрпаққа насихаттау, жастарымызды еңбекке баулу – біздің басты мақсатымыз", - деді аймақ басшысы.

Өңір басшысы атап өткендей, "біздің кейбір жастарымыз әлі «үйден кіріп, үйден шықса, жеңіл жұмыс болса, дайын кресло, басшылық қызмет болса, тіпті жақсы» деген түсініктерден арылар емес.

Отырыста жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі де талқыланды.

"Қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимылына байланысты екенін қатаң есте ұстау керек. Жастар мен жасөспірімдердің бос уақыттары тиімді ұйымдастырылса, ондай жат әрекеттерге бой ұрмас еді.", - деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде, облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов "2021 жылға дейінгі Қызылорда облысының мемлекеттік жастар саясатын дамытудың Жол картасы" және "NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспары" аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

"Жастар жылының" аясында аймақта бірқатар іс - шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жастардың қолөнер бұйымдарын сату және көрмесін өткізуге арналған орталықтар ашу;  "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы бойынша өз ісін ашуға мемлекеттік гранттар бөлу; 3 волонтерлік топ ашу жоспарда бар", - деп хабарлады жастар саясаты мәселелері басқармасының  басшысы.

Сондай-ақ, отырыста облыстық мекемелер  мен аудан басшылары баяндама жасады.

Қорыта келе, аймақ басшысы жастарға қолдау көрсету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

"Бұған дейін де жастармен ұйымдастырылатын шаралардың тек  флэшмобтар мен мағынасыз дүниелер шеруіне айналдырмауды естеріңізге салып келемін. Жастар бүгінгі таңда мате­риал­дық құндылықтарға көбі­рек мән беретін болды. Ең бастысы, жастардың наза­рын рухани құндылықтарға, жаңашылдыққа, тың өзгерістер енгізуге, елдің әлеуетін арттыруға үлес қостыртуға аударуымыз керек", - деп түйіндеді облыс әкімі.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ШИЕЛІ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ МЕН "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.04.2019 15:00

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында нысандардың ашылу салтанатына қатысты.

Шиелі кентінде мемлекеттік рәміздер алаңының ашылу салтанаты өтті. Рәміздер алаңында Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимннің мәтіні және биіктігі 23 метр болатын  Мемлекеттік Ту орналасқан.

"Қазақ елінің тәуелсіздік алып, әлем елдерімен терезе теңестіріп, шекарасын шегендеп, бірлігін бекемдеп, мемлекеттік рәміздерін бекіткеніне биыл 28 жыл толады. Бұл - аз уақыт болғанымен, әлем картасында Қазақстан деген дербес мемлекеттің бар екенінің бірегей белгісі. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар, оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі - Әнұран, үшіншісі – Көк Байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі» деген халық жүрегінен орын алған дана сөзі бар. Рәміздер халықтың рухы мен айбатын білдіріп қана қоймай, сол мемлекеттің әлемдік өркениет көшіндегі орны мен деңгейін де белгілейді. Бүгін, міне, Көк Байрағымызды биікке көтеріп, Мемлекеттік Рәміздер алаңын ашқалы тұрмыз»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, алаңда кент тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін барлық жағдай жасалып, іргелес аумақ қоршалған, жасыл желектер отырғызылып, демалушыларға арналған орындықтар орнатылған. Бұл жер мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ант қабылдау, әскерге шақырылушыларды шығарып салу және басқа да патриоттық іс-шаралар,  ресми мерекелік жиындар өткізілетін орынға айналады.

Рәміздер алаңының ашылу рәсімінде сот саласының ардагері Тұрмат Баймағамбет аудан тұрғындарын құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы рәміздер алаңы Қазалы және Арал аудандарында ашылған еді, келешекте барлық 7 ауданда да салынатын болады.

Сонымен қатар, бүгін "Рухани жаңғыру" аллеясы ашылды. Онда 11 метрлік "Қазақ елі" мен "Қазақ хандығы" монументі, Қазақ халқының ежелгі дәуірі, лайдбокстарда Тәуелсіздік жылдарындағы қабылданған тарихи шешімдер кезеңі жазылған. Іргелес аумақ абаттандырылып, көгалдандырылды.

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы жеке кәсіпкер "Б.Әшірбеков" күріш ақтау зауытының жұмысымен танысты. Зауыт өткен жылдың желтоқсан айында кәсіпкер қаражатына салынған. Нысанда 12 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын тәулігіне 86 тонна ақталмаған күріш өңдейді және 28 тонна жарма өндіреді.

 


ҮШҚОҢЫР. ҮШТӨБЕ. ҮШ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
04.04.2019 13:46

Қазақ үшін жеті саны киелі саналады. Жеті атасын жазбай танып, жеті қазынасын таңдай білген дана халық бүгінде жеті ғаламға (алты құрлық) түгелдей таныс. Жеті жұттың барын­ айтып, жеті жоқты жадымызда сақтадық. Тіпті, бүгінде әлемнің өзі осы санға сүйсіне қарайтын болды. Мүмкін, мұның біз біле бермейтін бір «бәлесі» бар шығар. Айтпақшы, жетінің жартысына жуықтайтын үш саны да «үздіктер» қатарына енуге үздігіп қояды. Қазақ халқы үлкен үмітпен һәм үреймен «үшіншісі кім болар екен?» деп толғанбай жүр дей алмаймыз. Өйткені, сайлаудың ауылы алыс емес. Ауыл демекші...

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Қараса­й ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген. Шамалған дегенімізбен, Іле Алатауының бау­райындағы Үшқоңыр жайлауы Елбасыға  етене  жақын. Оны өз өлеңінде де  айтады.

«Үшқоңыр Алатаудың қойнауында,

Әкемнің ізі қалған жайлауында» деп келетін жыр жолдары Әбіш әкей мен Әлжан ананың шаттыққа толы шаңырағын бейнелейтіндей. Қалай десек те, Үшқоңыр атауының Н.Назарбаевпен үндесіп тұрғаны шындық.

Ал, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында туған. «Ауылмен еш байланысы жоқ па?» дей көрмеңіз, себебі Алматы облысына қарасты Қалпе ауылы – мемлекет басшы­сының атажұрты. Президенттің әкесі, белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың әдебиеттегі еңбегінің шоқтығы биік. Ол қазақ жазба әдебиетінің  жаңа детектив (оқиға) жанрын қалыптастырды. Жазушы Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Сарғабан деген жерде дүниеге келген. Бүгінде Қаратал  ауданының  орталығы Үштө­бе қаласында Кемел Тоқаев атын иеленген мектеп бар. Әлбетте, Үштө­бе мен мемлекет басшысы арасында да үзілмес байланыстың барын байқауға болады.

Үш демекші, үшінші басшының да оған қатысы боп қалар ма екен? Дәл осыларға болмаса да, Үшарал, Үштерек секілді атауларға үйлесуі, үндесуі мүмкін ғой. Біле жүрейік, үш те – киелі сан. Айтпақшы, Қарасай мен Қараталдың да бір-бірімен байланыса­ кеткенін қараңызшы...

Рыскелді   ЖАХМАН

 


ҚЫТАЙЛЫҚ АВТОБУС ҚАНША ЖЫЛҒА ЖАРАЙДЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
04.04.2019 13:30

Жауыр болған тақырыпты қайта-қайта қозғауға біз де бейіл емеспіз. Қаладағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің «тәртібі» жайлы бүгінге дейін айтпаған ауыз қалмаған шығар. Әлеуметтік желіде де аталған мәселеге қатысты арызын арқалаған ағайыннан көз сүрінеді. Жалпы, қаладағы тасымал төңірегіндегі дау-дамай осыдан екі жыл бұрын басталды. 2016 жылы маусым айында жолақысы 50-ден  70 теңгеге қымбаттады. «Қашайын деген киік еді, артына таяқ тиіп еді» дегендей, жолақысы көтерілген соң онсызда қызмет сапасы сын көтермейтін салаға тұрғындар тарапынан талап күшейді.

Әдеттегідей жергілікті билік «барлығын бақылауға аламыз» деп уәдені үйіп-төкті. Айтпақшы, жауапты сала басшылары сол кезде тариф  (70 теңге. – ред.) 3 жылға дейін тұрақты сақталатынына халықты сендірген. «Жазған құлда шаршау жоқ». Бұған да көндік. Алайда араға жыл салып тариф тағы да  20 теңгеге өсіп, 90 теңгеге жетті. Бұл сәтте жауапты сала басшылары жанар-жағармайдың қымбаттауын алға тартты. Не керек, жолақы құны 2017 жылдан бері 90 теңгеге тұрақтап тұр. Ал қызмет сапасы өзгерді ме?

Бүгінгі таңда қала тұрғындарын тасымалдаумен «Қызылорда» автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады. Осыдан 2 жыл бұрын облыстық бюджеттен 2 млрд теңге бөлініп, 5 гектар аумаққа жаңа үлгідегі автобус паркі салынды. Онда жанармай бекеті, көлік жуу алаңы мен автобустардың үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын түрлі мүмкіндіктер қарастырылған. Аталған серіктестіктің техникалық базасы нығайып, бүгінде үлкен сыйымдылықтағы Қытайдан алын­ған­ 112 және 10 «ПАЗ» автобусы бар.

Жақында ғана мақтаулы қытайлық «ZHONGTONG» компаниясынан алынған үлкен сыйымдылықтағы су жаңа автобустың бірі көшенің қақ ортасында өртеніп кете жаздады. №14-ші бағытта қатынайтын автобуста жолаушылар болған. Құдай сақтап, жүргізуші мен кондуктор жылдам қимылдап, қызыл жалынды ауыздықтап үлгерді. Мұның өзі – ерлік. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның бейнежазбасы таралып та кетті. Тағы бір айта кететін жайт, тұрғындар арасында «қытайлық автобустар жиі бұзылады» деген пікір бар. «Техника­ болған соң бұзылады» деп айта салу әрине, оңай ғой. Дей тұрғанмен, адам тасымалдаумен айналысқан соң көпшіліктің алаңдауы – заңдылық. Ал «Қызыл­орда» автобус паркі» ЖШС-нің жауаптылары техникалық ақаудың болғанын растады. Бірақ, өртенген көлік таңертең ғана техникалық байқаудан өтіпті-міс.

– №14-ші бағыттағы қоғамдық көлік теміржол вокзалынан шығып, Қызылжарма ауылына қарай бет алған. Қорқыт ата көшесінде жүріп келе жатқан автобустың артқы жағынан оқыс дауыс шығып, қоғамдық көлік жүргізушісі дереу тоқтаған. Түтіндеген жерді ұнтақты өрт сөндіргіш құралымен сөндірген. Автобустың түтіндеуінің басты себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Рейске шығатын әрбір жүргізушінің денсаулығы мен автобустың техникалық жағдайы ұдайы тексеріледі. Сондай-ақ, үлкен сыйымдылықтағы автобус­тар­ға GPS пен бейнекамера орна­тыл­ған, - дейді серіктестік басшысының орынбасары Қанат Рахметов.

Күнделікті орта есеппен қала тұрғындарына үлкен сыйымдылықтағы автобустардың 86-сы қызмет көрсетсе, мекемеде 10-12 автобус резервте тұратын көрінеді. Ал бұзылған 24 автобустың 6-ауының моторы істен шығып үлгеріпті. Айтпақшы, автобустардың кепілдеме­ құжаты 2018 жылдың қазан айында аяқталған.

Қоғамдық көлік мәселесін көтергенде №11, №18, №17 бағыттағы автобус жүргізушілері бір-бірімен жарысып, жолаушыға таласатындығын айтпау мүмкін емес. Естеріңізде болса, жақында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік апатқа ұшырап, 2 жолаушы қаза тапқан болатын. Бұдан қызыл­ордалық қоғамдық көлік жүргізу­шілері де сабақ алуы тиіс.

– Тұрғындарға дөрекі қылық көрсеткен кондукторлар мен жол ережесін бұзған автобус жүргізу­шілеріне тәртіптік шара көріледі. Тіпті, бір-екеуін жұмыстан босаттық.­ Әйтсе де, кейде жолаушыла­рдың өздері қызмет­керлерімізге қыр көрсетіп жатады, - дейді Қ.Рахметов.­

Ең қызығы, сала басшылары алынғанына екі-үш жыл болса да, өртеніп кете жаздаған қытайлық автобустар кемі 10 жылдан аса қызмет етеді деп сендіріп отыр.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


КӨКТЕН ҚҰЛАҒАН ҚЫРАНДАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
04.04.2019 13:10

Ай да орнында, Күн де орнында. Бірақ біз... Біз, бейбіт күнде тікұшақ апаты салдарынан 13 батырымыздан бір сәтте-ақ айырылдық. Тікұшақтың түгі қалмай жанып кетті. Ел есеңгіреп, бір түнде жемісі төгіліп түскен ағаштай сойдиып қалды. Өткен аптада әуе көлігі Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылынан 7-8 шақырым жерге – Шіркейлі каналының жағасына құлаған.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, МИ-8 тікұшағы 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке бағыт алған. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығуы аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

Апатқа ұшыраған әскери тік­ұшақты 2-ші санатты білікті ұшқыш Роман Костыгев басқарған. Әскери әуе күштерінің қолбасшысы Авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов «2-ші санаттағы ұшқыштар күндіз-түні қалыпты әрі күрделі ауа райы жағдайында, биіктігі 100-ден бастап 1000 метрге дейінгі әуеде кез келген тапсырманы орындай алады. Сондықтан ұшқыштың тәжірибесіне күмәнмен қарау – қисынсыз» деді. 13 әскеридің өмірін жалмаған апатқа қатысты іле-шала мемлекеттік комисс­ия құрылды. Ресми ақпараттарға сүйенсек, құлаған МИ-8 тік­ұшағы 1988 жылы зауыттан шыққан. 2014 жылы бұл тікұшақ күрделі жөндеуден өткізілген екен. Бүгінгі таңда құлаған әуе көлігінің «қара жәшігі» табылған. Оқиғаға қатысты Авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде:

– Тәжірибелі ұшқыш ретінде менің жеке пікірім, апат техника жағынан болды. Экипаж мүшелерінің баяндауына, сөйлесуіне мүлде уақыты болмаған. Біздің жігіттер жағынан ешқандай кемшілік жіберілген жоқ. Апаттың алдын алу үшін 200 метрлік биіктікте келе жатқан тікұшақ экипажы соңғы секундқа дейін күрескен. Себебі, олар бағытын фермадан басқа жаққа бұрып, апатқа ұшыраған. Қайталап айтамын, бұл менің жеке пікірім. Нақты­ қорытындыны мемлекеттік комиссия  айтады, - деп атап өтті.

Ал сенбі күні тосыннан келген апатқа облыс жұртшылығы да ортақтасып­, сарбаздарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Қорқыт ата атындағы халықаралық әуежайында қаза тапқан әскерилерді туған жеріне­ жөнелтті. Қаза болған экипаж мүшелерінің ең үлкені 42 жаста болса, ең кішісі 24 жаста екен. Қорғаныс министр­і  Нұрлан Ермекбаев  Алма­ты­ облысына тікұшақ бортында болған­ сарбаздарды соңғы сапарға шығарып салуға арнайы келіп, жақын­дарына көңіл қосын білдірді. Сонымен қатар бейбіт күнде қаза тапқ­ан 13 сарбаздың өліміне өзін жауап­ты  санайтынын  айтты.

– Әрине, менің бұған тікелей кінәм болмаса да, министрліктің басшыс­ы ретінде оқиғаға жауап­тымын деп есептеймін, - деді ҚР Қорғаныс  министрі.

Бүгінгі таңда тиісті тергеп-тек­серу шаралары басталды. Дей тұрғанмен, құрылған мемлекеттік комиссияның қорытындысы қашан шығатыны белгісіз. Өз кезегінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Твиттер» әлеуметтік желісінде «Тергеу жұмыстарын бастауға пәрмен бердім. Қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Оларға материалды көмек көрсетіледі», - деген жазба қалдырд­ы.

ҚР Қорғаныс минитрлігіндегілер Заңға сәйкес, апаттан көз жұмған әскери қызметшілердің отбасына бір жолғы өтемақы берілетіндігін жет­кізді. Сондай-ақ, қаза болған әске­риле­рдің отбасылары қызметтік баспан­аны қайтарымсыз етіп заң­дастырып алуға құқығы барын мәлімдеді. Ал Маңғыстау облысының әкімдігі қаза тапқан әскерилердің отбасы­ларына 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек берілетіндігін хабар­лады. Дегенмен, Парламент мәжілісінің депутаттары «Азаттық радиосына» берген пікірінде мұндай қаржының  аздығын  айтады.

Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты­:

– Қазіргі таңда 1 млн теңге түк те емес. Қаза тапқандарды жерлеу үшін де едәуір қаржы қажет. Меніңше, бұған 1 млн теңге жетпейді.

Берік Дүйсенбинов, Мәжіліс депута­ты:

– Әскери жаттығу кезінде осыншама сарбаз қаза табатын болса, бұл біздің министрлікке үлкен сын.

Сапар Ахметов, Мәжіліс де­пу­таты:­

– Отан үшін қызмет етіп, қаза тапқан азаматтардың көпшілігі – жастар. Олардың орнын ешкім баса алмай­ды. Сондықтан төленетін өтемақы­ одан да көп болуы тиіс деп ойлаймын.­

Ресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы он жылда елімізде МИ-8 тікұшағы 6 рет апатқа ұшыраған. Осынау­ қайғылы оқиғалардан 26 адам қаза  тауыпты.

ТҮЙІН. Жалағаш ауданында кешегі МИ-8 тікұшағы құлаған жақын маңға осыдан он шақты жыл бұрын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты тікұшақ апатқа ұшыраған еді. Салдарынан ондағы 18 адамның 5-еуі қаза тауып, қалғандары түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


 

«Халық» газетінің ұжымы

тікұшақ апатынан қаза тапқан

марқұмдардың отбасы мен

туған-туыстарына

қайғырып, көңіл айтады.


 

 

МИ-8  тікұшағының  сипаттамасы

– МИ-8 тікұшағының алғашқы моделі 1960 жылы Ресейде құрастырылған. Бүгінде оның 12 мыңнан астам нұсқасы шығарылады;­

– Жалпы сыйымдылығы: 4 мың тонна жүк немесе 32 адам;

– Ұшу ұзақтығы: 1200 шақырым, биіктікке ұшу шегі – 4 мың 500 метр;

– Крейсер жылдамдығы: сағатына 230 шақырым;

– Жолаушылар тасымалдайтын моделінің салонына 18 орындыққа дейін орнатуға мүмкіндік бар;

– Қолдану мақсатына қарай: елімізде бұл тікұшақ десанттық, көліктік, санитарлық әскерилерді бір орыннан екінші жерге жіберу­ үшін пайдаланылады;

– Тікұшақ экипажы 3 адамнан тұрады.

 


КІШКЕНТАЙ «КЕЗБЕЛЕР» PDF Print Email
Жаңалықтар - Тіршілік тіні
04.04.2019 12:55

КӨШЕНІҢ  БАСТЫ  «КЕЙІПКЕРЛЕРІ»

Қала орталығындағы аспалы көпір маңын «мекен­» етіп, сол жерден күнелтіп жүрген санаулы жандар күн көзі жылын­ған соң «тұрақты жұмысына кірісіп кетіпті. Қысы-жазы  осында отыратын тәжік әйел бар. Бір баласын жүгіртіп жібереді, екін­шісін жанында ұстап, өткен-кеткен жолаушылардан «несібесін» алады. Мейлі ақшалай, мей­лі заттай. Аялдамаға жиі баратындықтан, үлкен ұлы Мұхитдиннің өзі де, жүзі де таныс. Арасы­нда әңгіме айтып, қолымыздағы майда тиында­рды  ұстата қой­сақ болғаны, көпірдің жо­ғары бөлі­гінде отырған анасы мен бауы­рына қарай зулайды.

Бір күні жақын маңдағы дәмха­надан донер әпер­дік, онда да сөйтті, «мұны мен мамаға апарып берем, ол бізге бөліп бере­ді» деп сайрап тұр. Ба­уыр­мал­дық, адамгерші­лік  дегенді  жақсы  біледі. Сол күндері күткен көлі­гіміз келгенше әңгі­меге тарт­қанмын. Ар­қасына  сөм­ке асынған балал­арды нұс­қап, «ме­нің де оқығым келеді. Мамам ақша тапқанымды қалайды» деп көңілін түсіріп айтқаны есімде. «Қазаны бөлектің қай­ғысы бөлек». Оның бұл арманын  жанашырынан басқа кім орындасын? Жақында көшеден анасын жолықтырдым. Жүзіміз таныс екенін аңғарды ма, аңқылдап, әңгімесін айтты. Содан жанында Мұхитдиннің жоғын аңғарып, қайда екенін сұрадым. «Мұхитдин «сабақ оқығым келеді» деген соң оны мектепке бердім. Осы қалада оқып жатыр» деген сөзін естіп, ішім жылып қалды. Ұлты қазақ бол­маса да, Алланың жаратқан пендесі ғой, қолымдағы барымды құша­ғындағы кішкентай пе­ріштенің томпиған сау­сақ­тарына қыстырып кеттім. Алғысын жау­дырған күйі өз жөніміз­бен  тарастық.

 

Жол-жөнекей  «кішкентай кезбелер»  деген тіркес ойыма келді. Көшеде жүргенде  осындай балаларға мән беруге­ көштім. Күнделікті өзге ұлт өкілдерінің балаларын ғана көретініміз рас. Түптеп келгенде, «сыпайы қайыршылыққа» салынға­н ересектер де, кішкентайлар да жетіп артылады. Кешқұрым басты көшенің «кейіпкерлері» жұмысына қызу кірісетін секілді. Жаныма екі оқушы қазақ бала келді.

- Апай, 100 теңге беріңізші...

- Оны не істейсің?

- Гамбургер жейміз.

- Ата-анаң қайда?

- Жұмыста.

- Сенің осында жүргеніңді  біле  ме?

- Жоқ.

- Онда бермеймін.

Созған  қолын кері алмаған соң, «сендер­ге  инспектор шақырамын» деп едім, дүкенге жүгіріп кіріп  кетті.

Міне, сыпайы әрі кішкентай кез­белер­. Мәселе менің оларға ақша бермей­, қор­қытқанымда емес, олардың осы тіленші өмірге икемделіп кетке­ні­нен қорқамын. Олардың  былай жүр­генін ата-анасы білмесе, демек, бұл – күнделікті әдеті. Мұндай көріністі көбіне базарлар маңынан көреміз. Біреуді­ң бергенімен күн көріп үйренген адам сол тірлікке бейім­деліп, жалқау­лығы желкесінен ба­сып­, бұл әрекет­ке үнемі бой алдыра­тыны  дә­лел­деуді  қа­жет  етпейді.

 

ОРТАЛЫҚТА  «КЕЗБЕЛІККЕ»  САЛЫНҒАН  БАЛА  ЖОҚ

Қазақтың «бесік­тен белі шықпаған» деген жақсы сөзі бар. Яғни босағадан тәр­биесінің бастауын алып жатқан бала нелікт­ен көше кезіп, қайыр тілеп, кезбе­лікке  салынып жүр? Өзге елдерден келген мигранттарды есеп­теме­генде, бейбіт еліміздің балалары мұндай бақытсыздыққа тап болуы­ның себебі неде? Тәртіп сақшыларының қызметіне  баға беруден аулақпыз, бірақ тал түсте алақан жайып жүрген мектеп жасындағы балала­рға қоғам болып қа­рауы­м­ыз  маңызды. Осы ретте Қызыл­орда облыстық білім басқар­масына қарасты облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына бас сұқтық. Бар-жоғы 40 орынға арналған орталықтың негізгі мақсаты – қадаға­лау­сыз  және панасыз қалған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы білім беру ұйымдарына жібе­рілетін кәмелетке толмағандарды қабылдайды. Сондай-ақ, қатігездік салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болға­н балаларды қабылдап, уақытша күтіп-бағу, бейімдеу және әрі қарай тиісті орынға орналастыру да осы орталы­қтың мақсатына енеді. Аталмыш ұйым 2011 жылдан бері жұмыс  жасап келеді.

- Өмірде түрлі жағдайлардың болуы  жазылмаған заңдылықпен сипатталады. Адамдардың қатыгездігі, ата-аналардың жауапсыздығы салдарынан көбіне балалар зардап шегетіні рас. Мұндай жағдайлар дәлелденген кезде осы орталы­ққа уақытша орналастырылады. Қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмаған­дарға және олардың ата-ана­ларына, басқа да заңды өкіл­деріне осы жағдайдан шығу үшін әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету – біздің басты міндетіміз. Кәсіптік-еңбек, оқу-танымдық, шынықтыру-сауықтыру бағыттарындағы компоненттерден тұратын  кәмелетке  толмағандарды­ әлеуметтік бейімдеудің жекелеген бағдарламаларын әзір­леп, олардың әлеуметтік мәр­тебесін қалыпқа келтіруде де орталықтың қызметі ерекше. Мұнда келушілер тек уақытша, үш ай мерзім ғана тұрақтанады. Осы уақыт аралығында ортал­ық қызметкерлері мұнда қабылданған әр баланың құжатын реттестіріп, оларды орналастыру бойынша қамқоршылық және қорғаншылық органдармен өзара байланысамыз. Мәселен, орталық ашылған 2011-2018 жылдар аралығында 2311 кәмелетке толмаған балалар қабылданды. Олардың барлығына да тиісті орындар арқылы әлеуметтік мәртебесі тағайындалып, тиісті меке­мелерге жолданған, - дейді «Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» МКК директоры Н.Кабжанова.

Жас ерекшелігіне байла­нысты 3-18 жас аралығындағы балаларды қабылдайтын аталмыш орталыққа өмірдің сынағына ұшырап, отбасынан жылу көрмеген балалар жиі келеді.

 

ҚҰРСАҚҚА  СЫЙЫП, ҚҰШАҚҚА  СЫЙМАҒАНДАР

Беймезгіл уақытта және тұрақты түрде көше кезіп, қарау­сыз жүрген, кәмелетке толмаған жасөспірімдер де ара-тұра әкелінеді. Алайда олардың заңды өкілдері шақырылып, мәселені дер кезінде шешу­ге  тырысады. Тағдырдың бұралаң жолында әртүрлі қателікке бой алдырып, тар құр­са­ғына сыйдырған сәбиді кең құшағына алмайтын аналар да бар. Оларды Әділет органдары заң жүзінде аналық құқығынан айырып, балаға әлеуметтік мәртебе тағайындалады. Кейде сот залында райынан қайтып, баласын өз қамқорлығына қайтарып беруді сұрайтын ата-аналар жоқ емес. Ал бауыр етінің болашағы үшін өмірін түбегейлі өзгертіп, балаларын отбасылық тәрбие мен аналық мейірімге бөлеп жатқандар санаул­ы ғана. Сегіз жылдың ішінде құқықтық мәртебесі анықталған  69  бала «Атамекен» ауылына, 44 жасөспірім девиант­ты мінез-құлықты бала­ларға арналған мектеп-интернат­ына, ал патронаттық тәрбиеге 41, қамқорлыққа  60 жасөспірім жіберілген. Яғни, патронаттық тәрбие деген­іміз ата-анасы баланы асырап-бағудан бас тартқан жағдайда оны өз тәрбиесіне алушылар  да  табылады.

Әзірге жыл басынан бері түскен 98  жасөспірімнің 12-сі осында. Ойыншықтармен ойнап­  отырған  балақайлармен тілдесіп  көрдік.

Мария 8-де. София – оның екі жас үлкен әпкесі. Екеуі бір-бірінен бір елі де ажырағысы келмейді. Қылығы тәтті, ақылды, пысық қыздарды біреудің қас-қабағына қарап, ақырын ғана сөйлестік.

- Есімің кім?

- Мария.

- Мария, сен қандай сабақты жақсы көресің?

- Маған математика пәні ұнайды. Қиын есептерді, теңдеулерді шешкенді ұнатамын.

- Болашақта кім боласың?

- Дәрігер боламын. Адамдарды емдеймін.

Баланың балаң қиялы, ұш­қыр ойы, зеректігі сөйлеген сө­зінен-ақ көрініп тұр. Қиын есептерді шешудің өзі өмірін­дегі қиындықтарды еңсеріп тастауғ­а  деген  алғашқы қадамы­ деп түйсіндім. Ал әпкесі София­ орталық психологымен уақыт өткізгенді және көркемсурет сабағында түрлі суреттерді салып­, өзінің талантын көр­сеткенді  ұнатады  екен.

- София, саған осы жер ұнай ма?

- ... (үнсіздік) Маған сурет салған ұнайды.

Бәлкім, заңдылық. Екі қыз да туған аналарын сағынған. «Мен мамамды жақсы көре­мін» деген Софияны сіңлісі де «маған да мамам ұнайды» деп қоштай кетті. Әттең, тонның келтесі-ай... Жүрегіміз қан жылап, алқымға өксік тығылды. Бала  жүрегі «ана» деп соғып­ тұр, ал аналары қос қызынан­ бірдей бас тартуда. Әдетте «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» дейтін жылы-жұмсақ сөздің «Баланың көңілі анада, ананың көңілі далада» деп ауысатын сәтті көремін деген ой ақылыма сыймапты, әсте.

Әсем Бекмамбетова, орталықтың педагог-психологі:

- Орталыққа келген бала­ларға әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық карта толтыр­ылады. Әр бала әртүрлі жағдайда келеді. Кейбіреулер жағдайын жасап аламын дегенше осында қалдыруды өтінеді. Біреулер түбегейлі бас тартады. Мұнда балалармен өте тығыз жұмыс жасаймыз. Сөйлесеміз, тренингтер ұйымдастырып, ойындар арқылы көңілдерін көтеруге тырысамыз. Әрқайсысының тағдыры комиссия отыры­сында қаралып, сотта шешіледі. Отбасына қайта­тыны бар, тиісті мекемелерге өткізілетіндері бар. Кейде бақыл­аусыз қалған, жеңіл қыл­мыс­қа бейім балалар да келед­і. Қазіргі күні отбасылық мәселеге байланысты 8, де­виант­ты мінез-құлықты 2 бала бар. Қалған екеуінің құқықтық мәртебесі анықталуда. Балалармен қоса олардың заңды өкілдеріне­ де психологиялық көмек көр­сетуге әзірміз. Олардың жүрегіне ауыр тиетін сөз­дерді айтпауға, өткен күндерін естеріне түсірмеуге тырысамыз.

 

«НЕМЕРЕЛЕРІМ   СЕКІЛДІ ҚАРАЙМЫН»

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына келетін­нің барлығы көше кезіп жүр­гендер емес. Бұл жер – бақытсыздыққа ұшыраған отбасылардың балалары үшін уақытша тұрақ. Тіпті орталықтан қашып кететіндер де кездеседі екен. Алайда оларды құзырлы орган қызметкерлері іздес­тіріп, тауып алады.

- Мәселе балаларды қабылдап, олар үшін шешім қабылдау емес, әр баланың тағдыры, болашағы үшін күресу. Барынша отбасына оралып, бақытты өмір сүруі үшін жұмыс істейміз. Бірақ шешімді ата-аналар өздері қабылдайды. Түзу жолға түсіп, балаларын қолына алған кей ата-аналар уақыт өте келе баяғы әдетіне қайта түсіп жатса,­ онда сот шешімімен балал­арды тиісті мекемеге жөнелтуге мәжбүрміз. Бар­лығына өзімнің немерелерім секілді қараймын, - дейді орталы­қ  басшысы.

Қазір мезгіл жылы, үйінен жылу көрмейтін балалар емін-еркін көпқабатты үйлердің кіреберісінде, жертөлелерде қонуы мүмкін. Кейде өзге ұлт өкілдерінің балалары да түседі. Оларды өз аналары алып кетеді.­ Тиісті сала мамандары олармен үнемі жұмыс жасайды. Оқу жылы басталып, мектептер түгендеу жұмыстарын жүргізгенде көптеп анықта­ла­тын  көрінеді.

Әкелік қамқорлық, аналық мейірімге баланы мұқтаж етіп қойған өмірдің кедір-бұдыр жолында сан тағдырдың иесі бар. Біреулер биіктен құлайды, ендігісі көкке өрмелеп әлек. Ал баланы құзар шыңнан құлатып, өз қамынан басқаға торық­паған жандарға мейірім жетіспейді. Қиюы келіспеген қилы тағдыр...

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 


СӘУІРДЕГІ ТӘУІР ШЕШІМ БЕ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
04.04.2019 12:45

Бүгінде биліктегі көктемгі «көңіл күй» ауа райы секілді құбылып тұр. Ең алғаш ақпан айында Үкімет басшысы ауысты. Араға бір айдай уақыт салып еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтатқаны және белгілі. Елбасының өкілеттілігі тамамдалғанға дейін бұл лауазымды Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады. Жақын­да ғана мемлекет басшысы ант қабылдау салтанатын өткізді. Іле-шала «АП»-ның (Президент Әкімшілігі. – ред.) басшысы болып бұрынғы премье­р-министр Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Сондай-ақ, бірді-екілі облыс әкімі өз қызметінен кетті.

Осылайша, еліміздің ең жоғар­ы билігінен басталған ауыс-түйіс жергілікті әкімдікке де жеткен сыңайлы. Әдетте атам қазақ «сәуір болмай, тәуір болмайды» деуші еді. Сәуірдің алғашқы аптасында-ақ Қызыл­орда облысы әкімдігіндегі бірқатар лауазым иелері «ат ауыстырды». Өткен сейсенбіде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың екі бірдей орынбасары жаңа қызметке кетті.

Серік Қожаниязов 2014 жылдың сәуір айынан бастап кешеге дейін Қызылорда об­лысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ол осы уақыт ішінде облыстың агроөнеркәсіптік кешен, жер және су қатынастары, соның ішінде суармалы егін шаруашылығын дамыту, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурс­тарын пайдалану, сауда қызметі, азық-түлік қауіпсіз­дігі, әлеуметтік маңызы бар тауар­лардың бағаларына мониторинг жүргізу және реттеу, экономикалық және әлеумет­тік тұрақтылықты қамтамасыз ету салаларына жетекшілік етті. Сонымен қатар ҚР Президентінің  «Байқоңыр»  кешеніндегі  арнаулы өкілі қызме­тін қатар  атқарды.

Ал Серік Сүлейменов аймақ басшысының орынбасары қызме­тіне 2015 жылдың қазан айында тағайындалған еді. Серік Жүсіпұлы аймақтың сәулет және қала құрылысы, тұр­ғын үй және күрделі құрылыс, өнеркәсіп пен құрылыстың әртүрлі саласында мемлекеттік стандарттарды сақтау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, энергетика, газбен қамтамасыз ету және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, оның ішінде жылу беру маусымына дайындық пен өткізу, табиғи монополиялар субьектілерін реттеу мен коммуналдық қызметтерге тарифтерді белгілеу сынды маңызды салаларға жетек­шілік жасаған болатын.

Дегенмен аталған азаматтар бір күн де жұмыссыз қалған жоқ. Бұдан былай Серік Қожани­язов ҚР Президенті Әкім­шілігінің мемлекеттік бақыл­ау  және  аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне кіріссе, ал Серік Сүлейменов ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық бақылау және қадаға­лау комитетінің төр­ағасы болып тағайындалды. Айтпақшы, Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқар­масының басшысы Инди­ра Ақжігітова да өз қызметінен  босады.

Біраз  жыл  қызметтес бол­ған әріптестеріне облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы алғыс білдіріп, оларды Құрмет грамотасымен  марапаттады.

Дей тұрғанмен, екі бірдей орынбасардың «креслосы» бос қалған жоқ. Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілі­гінің келісімі бойынша Имандосов Мұрат Самұратұлы Қы­зыл­орда облысы әкімі­нің өндіріс, инвестициялық саясат, кәсіпкерлік және туризм мәселелері жөніндегі орын­басары және бұған дейін об­лысты­қ кәсіпкерлік және туриз­м басқармасының басшысы  қызметін атқарып келген Намаев  Бақытжан Біләл­ұлы тағай­ындалды.

Сәуір айында орын алған бұл ауыс-түйістер тәуір нәтиже­ көрсете ме? Мұны уақыт еншісіне қалдырдық.

Асан  ДӘУЛЕТ

 


 

Тағайындау

Имандосов Мұрат Самұратұлы еңбек жолын 1994 жылы Қазалы ауданы бойынша салық инспекция­сының маманы болып бас­таған.

– 1995-2000 жылдары Қазалы ауданы бойынша салық инспек­ция­сының инспекторы, бас мама­ны, бөлім бастығы, төраға орынбасары;

– 2003-2008 жылдары Шиелі ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы­ бойынша Салық комитеті төраға­сының орынбасары, ҚР Индустри­я және сауда министр­лігі Бәсекелестікті қорғау Коми­те­тінің монополияға қарсы басқармасы­ның  бастығы;

– 2008-2011 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша­ өңіраралық инспекциясының бастығы, Қостанай және Сол­түстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инс­пекциясының  бастығы;

– 2011-2016 жылдары - Қызылорда облысы Қазалы және Қармақ­шы аудандарының әкімі, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.

– 2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келді.

 

Намаев Бақытжан Біләлұлы еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы­ филиалы жалпытехникалық факультетінің ассистенті болып­ бастаған. Әр жылдары жеке сектор мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоға­мының жүйесінде жауапты басшылық лауазымдарда және "Батум мұнай терминалы" компаниясының бас директоры болды. 2018 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 


«ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ БОСТАНДЫҚТА ЖҮРУІ – ҚЫЗМЕТІМІЗДЕГІ КЕМШІЛІК» PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
04.04.2019 12:40

Қызылорда облысы По­лиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов «Достық үйінде» халық алдында есеп берді. Жиынға­ облыстық мәслихат депутат­тары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ардагерлер Кеңесі, Үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері, облыс­ тұрғындары қатысты.

Жиын барысында Департамент бастығ­ы Қызылорда облысы аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, олардың ізін суытпай ашуға үлес қосқан­ азаматтарды және полиция әулетін тәрбиелеген ардагер ақсақалдарды алғыс­ хатпен марапаттады. Бір үйдің   3 баласын өрттен құтқарған Қазалы ауданы Өркендеу ауылының тұрғыны Мейрамбек Алимаев, Арал аудандық полиция бөлімінің ардагері, полицейлер әулетінің үлкені Нұрлан Дош­нияовқа алғыс айтылды.

Бүгінде Полиция департаментімен өңірімізде жүргізілген профилактикалық жұмыстар нәтижесінде 2018 жылы қылмыстардың саны 8,2 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, бұзақылық, ұрлық, мал мен пәтер ұрлығының саны азай­ған. Есірткімен байланысты қылмыстардың алдын алу бағытында қабыл­данған шаралардың нәтижесінде облыс көлемінде 319 есірткі қылмыстары, оның ішінде есірткі өсірудің 73 дерегі анықталды. Бұл Департамент тарапынан атқарылған жұмыстардың бір көрі­нісі. Мұнан өзге аймақтағы қылмыстық ахуал мен қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы Полиция департамен­тінің бастығы Қайрат Болатұлы тарқатты. Оның мәліметінше, облыстағы қылмыстық ахуал тұрақты.

Департаментпен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан ілкімді істерге тоқтала кетсек. Бүгінде «Қауіпсіз аула» тәжірибесі негізінде көпқабатты үйлердің ауласына, подъезіне бейнекамералар, кодты құлыптар мен домофондар орнату туралы ұсыныс беріліп, тұрғындардың өз қаражаты есебінен бірқатар көпқабатты үйлер жөндеуден өтті. Айталық, қаладағы Панфилов көшесі №23 үй мен Бектұрғанов көшесі №15 үйдің ауласына бейнебақылау камера­лары, подъездерге домофондар, кодты құлыптар орнатылып, нәтиже­сінде осы аулаларда жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың саны 10,4 пайызға азайған. Сандық технологияларды дамыту аясында полиция қызметіне «Электрондық қылмыстық іс жүйесі» жобасы енгізіліп, қазіргі уақытта қылмыстық істер электрондық форматта тергеліп жатыр. Есепті мерзімде электронды форматта 500-ден аса қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілген. «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ЕРАП) жобасы аясында 146 дана планшет алынып, қолданысқа енгізілген.

- Қазақстан  полициясын жаңғырту аясында полиция қызметін оңтайландыру жөнінде Жол картасы қабыл­данып, оны жүзеге асыру 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастау алды. Қазір­гі  уақытта, осы Жол картасы негізінде депар­таменттің және оған қарасты барлық­ құрылымдардың жеке құра­мының 10 пайызы қысқартылды. Қысқартыл­ған лауазым­дар есебінен одан үнемделген қаржы осы жылдың шілде айынан бастап­ полиция қызметкерлерінің жала­қысын көтеруге жұм­салады, - деді департа­мент бастығы Қайрат  Мұхитов.

Мұнан  кейін  сөз  тізгіні Қызыл­орда  қалалық  Полиция  басқармасының  бастығ­ы, полиция подполковнигі Дәулет­  Беркімбаевқа   берілді.

- Құрметті есепті кездесуге қатысушылар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қалалық Полиция басқармасымен өткен жылдың 12 айында атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижесінде облыс орталығында жалпы­ қылмыстың тіркелуі 9 пайызға немесе 476 қылмысқа азайған. Ішкі істер органдарының қылмыспен күресудің басым бағыттарының бірі қылмыстың алдын алу профилактикасы екені белгілі. Есепті мерзімде тіркелген қылмыстың кезекші тәулікте ашылуы 41 пайызды құраған. Яғни 4800 қылмыстың 1900-ы кезекші тәулікте ашылған. Талдайтын болсақ, өткен жылы тіркелген 4800 қылмыстың 2800-і немесе 58,8 пайызы ұрлық, 13,8 пайызы алаяқтық, қалғанын өзге қылмыстар құраған. Ашылмай қалған­ қылмыстардың саны – 2980. Негізіне­н ашылмай қылған қылмыс­тардың басым бөлігі яғни, 79,7 пайызы бөтен мүлік, ұрлық қылмыстары. Өткен жылы қалыптасқан ахуал бойынша ұрлық қылмыстары қаламыздың Саяхат,­ Арай, Әл-Фараби ықшам аудандарында, Қорқыт ата көшесінің аяқ жақтарында көп тіркелген, - деді ол.

Аталмыш ықшам аудандарда қылмыстардың көп тіркелуін тұрғындардың жаңадан қоныстануы, үйлердің арасы бір-бірінен алшақтығы себеп екенін айтты қалалық Полиция бас­қармасының бастығы. Тұрғындардың күндізгі уақытта жұмыста болып, үйлері қараусыз қалуы, бейнебақылау камераларының жоқтығы ұрлық қылмыстарының көбеюіне ықпал еткен. Сондай-ақ, жалпы ұрлық қылмыстары үшін қыл­мыстық жауаптылықтың жеңіл болуы, яғни биылға дейін келтірілген зиянына­ қарай ауырлық дәрежесінің түрлерімен баға беріліп келді. Яғни, ұрлықпен келтірілген шығын ірі мөлшерде болмаса, ұсталған ұрыларды қамауға алу, бас боста­ндығынан шектеу, қоғамнан оқшаула­уы мүмкін болмаған. Дәулет Беркінбаевтың сөзінше, биылдан бастап­ қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіліп, бірнеше рет жасалған ұрлық пен алаяқтық қылмыстары ауыр санаттағы қылмысқа жатқызылды. Яғни, бірнеше рет жасаса, тұлғаның бас бостанд­ығын шектеп, қамауға алады. Қылмыскердің уақытында құрықталып, жауаптылыққа тартылмай, бостан­дықта жүруін ол «қызметіміздегі кемшіліктер» деп ашық айтты.

Мұнан соң кездесуге келген тұр­ғындар өздерінің тарапынан көкейде жүрген сауалдарын қойды. «Волонтеры Кызылорды» фондының өкілі облыс орталығында 6 айдан бері қоғамдық орындарда жұртшылықтан ақша жинап жүрген жасөспірімдер туралы сұрады. Криминалды полиция бөлімінің басшысы «Бүгінгі таңда бұған қатысты барлық  қылмыстар ашылған. Арыз шағымды бүгін естіп жатырмыз. Қосымша сіз­дерге хабарлап айтамыз» деп жауап берді. Сондай-ақ, қаладағы камералардың жұмыс істеу сапасы турасында да тұрғындар тарапынан сұрақтар жол­дан­ды. Одан соң микрофон алдына келген ақсақал баяндаманы тыңдау барысында құқық қорғау органдарының қызметі туралы жан жақты хабардар болғанын айтты. Қала тұрғынының сөзін­ше, жиын барысында жиі сөз болған ұрлық, алаяқтық мәселесі бізге дейін де болған­ түйткілдер. «Дегенмен полиция қызметкерлерінің жұмысын жиналыс болған сайын сынап жатамыз, сынау өте орынды. Ал жұмыс істеу одан да күрделірек» деді жиынға қатысушы тұрғын.

Жиын соңында қала тұрғыны, ардагер Махамбет Ерманов полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


ТАРИХИ ТИЫНДАРДЫҢ ҚҰНЫ ҚЫМБАТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
04.04.2019 12:15

Бұған біз қызылордалық нумизматик Сенбек Орынбекұлымен әңгіме барысында тағы бір көз жеткізгендей болдық.

Етікшілік кәсіппен 20 жылдан аса уақыт бойы айналысып келе жатқан оның монета «әлемінің» есігін қағуы да тосын жағдай болыпты. Туған жері Шиелі ауданы, Гигант колхозында тұрып жатқан кезі еді. Бір күні ауланы тазалап жүргенде қазба жұмыстары да жүргізіліп, есік алдынан ескі құмыра табылыпты.

 

500  ТӨСБЕЛГІ,

200-ге  ЖУЫҚ ТИЫН БАР

Алғашында  жер  астынан  шыққан затқа таңыр­қай қараған отбасы мүшелері ішінде не барын көруге асығып, ақтара кеткен. Құмыраның ішінен пат­шалық Ресейдің заманындағы ескі тиындар шығады. Дегенмен, оның  көбісі  ескі, жарамсыз болатын. Сол  оқиғадан  кейін Сенбек­  Дүйсенбаевтың көне тиындарға қызығушылығы оя­нып, оны жинауды қолға ала бастаған. Қазіргі күні оның қолындағы ең көне тиын – 1923 жылғы. Арменияда 1987 жылы жер сілкінісіне орай  шығарылған  монета да нумизматик топтамасынан ойып орын алған. «Қолыма түскен барлық тиындарды үш кезең бойынша бөліп жинаймын» дейді кейіпкеріміз. Айтал­ық, бірінші кезең – Кеңес Үкіметі орнағаннан кейінгі уақыт, 1961 жылдан 1991 жылға дейінгі жылдар­ аралығы – екінші, үшіншісі, еліміздің Тәуелсіздік алған жыл­дардан бастап күні бүгінге дейін. Ал оның  ішіндегі ең құндысы – 1925, 1927 жылы шыққан күміс тиындар. Қазақстан халықтарының ертегі­леріне байланысты шыққан моне­таларда әр ұлттың өзіндік мәдениетін, ұлттық құндылықтарын аңғаруға болады.­ Сондай-ақ ұлт зиялыларының  туған күніне орай шығарылғаны да нумизматик коллекциясының сәнін  келтіріп  тұрғандай.

- Коллекциямда шамамен 500 төс­белгі, 200-ге жуық тиын бар. Егемен­дік алғаннан кейінгі жылдардағы ең бағалы тиын – 1995 жылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына орай шыққан жүзтеңгелік. Күмістен жасал­ған. Егер сыртында капсуласымен бірге тұрса, онда ол 38 мың теңге тұрады. Одан ары қарай жылжитын болсақ, 1950 жылы шыққан «Отличный паравоз­ник» тиынының да бәсі жоғары.­ Бұның қазіргі интернетте ұсынылған бағасы – 22 000 теңге. Мұнан  бөлек  3000, 2500, 2000 теңгеге­ бағаланатын  тиындар  да  бар.

 

ЗАРУБИННІҢ  АШЫҚХАТЫ НЕСІМЕН  ЕРЕКШЕ?

Нумизматик Сенбек Орынбекұлы құнды тиындармен қатар пошталық ашық хаттарды да жинаумен айна­лысады. Осы тұста ерекше тоқтала кететі­н жайт, сатып алушылар көбіне Зарубиннің еңбегін жиі сұрайды. Себеб­і, СССР-дің кезінде суреттерді, мультфильмдерді ашық хатқа бей­неле­ген осы кісі. Оның салған әрбір суреттері бар хат сұранысқа ие және қымбат  тұрады  екен.

- Былтыр Жаңа  базарға жұрт ескі заттарын  сатуға  алып  шыққанда  тың нәрсе табылып қалар деп мен де барғанмы­н. Сонда поштада жұмыс істеген бір әйел өзінде 100-ге жуық ашық хат бар екенін айтып, әкеліп берді. Соның ішінен қымбат 3-4-еуін ғана таптым. Барлығы Зарубиндікі болғанда  шала  байып қалар едім, - деп күлді  коллекционер.

 

ЖАЛҒАН  АҚША  ПАЙДА   ӘКЕЛЕ  МЕ?

Кейіпкерімізден жалған монета жасаумен айналысатындар турасында сұрағанда «нумизматиктер үшін жалған­ монета жасап сатудан пайда жоқ» екенін айтты. Десе де, тақырып­қа тұздық ретінде көрші Ресей еліндегі №1 жалған монеташығарғыш адамды мысалға алды. СССР-дің уақытында Баранов деген кісі болыпты. Өнертапқыш. Нумизматиктің айтуын­ша, Барановтың шығарма­шылығын ешкім бағаламағаннан кейін бір жарым жыл бойы 25 сомдық жалған ақша шығарумен айналысқан. Күндердің күнінде оның бұл әрекеті әшкере болып, ұсталып, 12 жылға сотталад­ы.  Жалған ақшаны жасау үшін  Баранов сол жылдары 14 мамандықты игеріпті-міс. 25 сомдықтағы Лениннің суретін жасартып, ал түп­нұсқада 25  жұлдыз болатын бөлігін 27  жұлдыз қыла салыпты. Бір қызығы, қазір сол Баранов жасап шығарған жалған ақшалар өте қымбат тұрады екен. Сенбек Орынбекұлының сөзіне сенсек, кезінде  «Барановские деньги»­ атанған  сол ақшалар болса, қазір бір автокөлік  мінуге  болады.

 

ТҰРАҚТЫ  ТҰТЫНУШЫЛАРЫ КІМДЕР?

Бүгінде Қазақстанның тиындарына ресейліктер  тарапынан қызығу­шылық жоғары, - дейді нумизматик. Одан кейінгі ретте Кеңес дәуірінде дүниеге келген кісілер тұр. Атбегілікпен айналысатын адамдар жылқы­лардың суреті­ бейнеленген заттарды іздесе, байқоңырлықтар космонав­тикаға қатысты нәрселерді сұрайды екен. Мұнан бөлек, осы іске қызығушылығы бар кісілер жеке мұражай­лары үшін сатып алатын көрінеді.

Коллекционер өзіне тиын туралы көп үйреткен кісі деп Қызылорда қаласының  тұрғыны Щербинин деген­ кісіні  айтты.

- Ақшаны жақсы көрмеңдер, ақшаны құрметтеңдер деп айтады екен ғой. Осы кәсіп туралы білгенімен бөлісіп, қызығушылығымды арттыруға әсер еткен­ Щербинин №233 мектепте тарих­ пәнінен сабақ берген. Сол кісі бірде маған айтқан «Менің коллек­циям шамамен­ 50 мың доллар тұрады»­ деп. Мұнан ол кісінің коллекциясының қаншалықты қымбат болғанын бағамдай беріңіз. Бұрыннан ескі заттар­ға қызығушылығым бар еді. Қазір әдетке айналды. Блистер деп аталатын ашық хаттар бар. Яғни, мерекел­ік тиындар пошталық ашық хаттарға жапсырылған күйде. Сыртында капсуласы болады. Оны ашуға болмайды, өйткені құны төмендеп кетеді.­ Оны бөлек жинап жатырмын. Өзім құнды деп санаған заттарымды әзір сатпаймын. Біраз уақыт қолда ұстаймын. Сосын коллекцияны сатып­ алатын  адамдар 10-15 затқа бола келмейді. Сатып алса бірден  500-1000-ын бір-ақ алады, - дейді С.Орынбекұлы.

Көне ақшалар мен заттарды іздеп, оны жеке қорына сақтайтын, реті келсе, айырбас жасап немесе саудаға шығаратын нумизматиктер Қызылорда облысында да аз емес көрінеді. «Нумизма­ты Кызылорда» сайтына тіркелген олар сүйікті істері жайында қандай да бір ақпаратпен бөлісіп, өзіндегі заттарға жарнама жасап, қаласа­ бір-бірімен сауда-саттық жасасады­  екен.

Еліміз бойынша құнды жәдігерлер жинаумен айналысатындар туралы бірі білсе, бірі мән бере қоюы екі­талай. Мәселен...

 

ИМАНҒАЛИ  ТАСМАҒАМБЕТОВТЫҢ  ЖЕКЕ  КОЛЛЕКЦИЯСЫНДА...

1381 жәдігер сақтаулы екен. Оның 1187 данасы зергерлік бұйымдар. 47-сі ат әбзелдері болса, 14-і архео­логиядан хабар беретін заттар. Ал қалған­ 130 данасы өзге де түрлі салалар­ бойынша жинақталыпты.

- Біздің республикада коллекционер ретінде ресми түрде Әділет минис­трлігінен тіркеуден өткен бір-ақ адам бар. Ол – Иманғали Тасмағам­бетов. Осыдан бірнеше жыл бұрын ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майордың шақыртуымен Франция­ға барып, өзі жеке жинаған құнды заттардан көрме ұйымдас­тырды. Оның басым көпшілігі – адай түрікмендердің мүлкі. Менің қолымдағы Құнанбайдың шақшасын сол көрмеге қоюға сұратып алды да, кейінне­н өзіме әкеліп берді, – деген екен қарымды қаламгер Ақселеу Сейдім­бек.

Әрбір нумизматиктің жеке қоры кәнігі мұражайдан кем түспейді. Біз әңгімелескен С.Орынбекұлы шөп арасынан ине іздегендей етіп тапқан дүниелерін көзінің қарашығындай сақтап жүр. Себебі, оның жеке қорындағы заттар – ескінің сарқыншағы, өткен дәуірдің келбеті. Бір монета арқылы тұтас бір мемлекеттің тарихынан сыр шертуге болады. Тіпті тарихтың бір ұшы қолында десек те артық болмас. Кей нумизматиктер жай ғана өз қызығушылығы үшін осы іспен айна­лысса, енді біреулер үшін бұл нағыз­ кәсіп, табыстың көзі. Себебі мұндай құнды жәдігерлердің бағасы уақыт өткен сайын қымбаттай түспек.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары