Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 08 Сәуір 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.04.2019 09:18

Кеңесте қалдықтарды бөлек жинау және облыс орталығының кәріз жүйелерін жаңғырту мәселелері талқыланды.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау және өңдеу туралы заң күшіне енгенін еске салды.

«2018 жылғы 19 желтоқсанда менің төрағалығыммен тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын полигондарды экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру, қалдықтарды тасымалдауға байланысты бекітілген тарифтер бойынша және кәріз су жүйелерінен тасталатын лас сулардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына кері әсері туралы мәжіліс өткізілді. Мәжілісте қала, аудан әкімдері мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бірқатар тапсырмалар берілді»,-деді аймақ басшысы.

Осы тапсырмалардың орындалу барысы туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиев баяндады.

«Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауды, өңдеуді, пайдалануды және кәдеге асыруды ұйымдастыру, қалдықтарды бөлек жинауға арналған жүйенің инфрақұрылымын дамыту бойынша Астана қаласындағы «Өндірушілердің Кеңейтілген Міндеттемелерінің Операторы» (Оператор-РОП) Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері арнайы шақырылды. «КазАгроГарант» акционерлік қоғамының шарты бойынша 85% дейін кепілдікпен қамтамасыз етеді. Мұндай қолдаулар жеке кәсіпкерлерге кәсібін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Алайда, аудандардағы кәсіпкерлер бұл мүмкіндікті пайдаланбай отыр. Бұдан бөлек, макулатура, пластика қалдықтарын қайта өңдеуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкер «Август» әрбір мекемеде құралатын қағаз, пластика қалдықтарын өз есебінен жинап, тасымалдауға дайын. Басқа мекемелерге үлгі болу мақсатында «Август» жеке кәсіпкерімен облыстық мекемелер үйінің ғимаратына қағаз, пластик қалдықтарын бөлек жинауға арналған 300 дана экобокстарды орнатуға келіссөздер жүргізілуде»,-деді А.ӘАбдуалиев.

Экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев пен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин өңірдегі кәріз суларды жинау және тазарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қызылорда облысының экология департаменті басшысының айтуынша, мамандардың бағалауына сәйкес Белкөл кентінде тазаланбаған кәріз суларды төгу арқылы қоршаған ортаны ластап, атмосфералық ауадағы зиянды заттардың артуын тудырады.

Кеңес қорытындысы бойынша облыстық мекемелердің басшылары мен қала және аудан әкімдеріне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қалдықтарды жинау және кәдеге жарату үшін полигондар салу мәселелерін зерделеу және сарқынды суларды кәдеге жарату мәселелері бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.04.2019 16:40

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы  ұйымдастырған көрме 19 маусымға дейін жалғасады.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен көрменің ашылу салтанатында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін атап өтті.

«Тұңғыш» сөзінің мәні терең. Вашингтон, Ататүрік, Ганди сияқты тұңғыштардың қатарында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімінің жұлдыздай жарқырап тұруы мақтаныш сезімін ұялатады. Өз алдына ел қылсам! – деген бабалар арманына ғасырлар тоғысында біздің ұрпақ жетті. Халқымыздың талай ғасыр аңсар-арманы болған Тәуелсіздік, Егемендік, Еркіндік, Азаттық деген қасиетті сөздер елім деген Ер – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер көшбасшылығымен ақиқатқа айналды»,-деді аймақ басшысы.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов қызылордалықтарды көрменің ашылуымен құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, "Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" көрмесі өз жұмысын 5 сәуірде Шиелі және Қармақшы аудандарында жылжымалы экскурсиялар өткізуден бастады. Облыс орталығында Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өтті. Сондай-ақ, Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана жұмысымен танысып, жастармен кездесу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ғылыми-практикалық конференция, семинарлар, концерт және басқа да іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда.

Ертең, 9 сәуір күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында "Н.Назарбаев: Болашақ бүгіннен басталады" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Айта кетейік, "Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" жылжымалы көрме жобасы 2017 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында жылжымалы көрме жобасы ұйымдастырылған. Көрме экспонаттарының арасында сирек кездесетін мұрағаттық құжаттар, фото-бейнематериалдар, Елбасының хаттары мен марапаттары бар.

 


Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары