Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.04.2019 17:40

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы тағайындалды.

А. Әлназарова 1971 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер-педиатр», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қалалық балалар ауруханасының дәрігері ретінде бастаған.

2001-2004 жылдары – Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы.

2005-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасының бастығы, Қызылорда медициналық колледжінің директоры.

2013-2015 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы.

2015 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

2007 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі. Қызылорда облыстық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты болған.

Елеулі еңбек жетістіктері мен мінсіз мемлекеттік қызметі үшін «Шапағат» медалі және «Құрмет» орденімен марапатталған.

 


Қызылорда облысы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.04.2019 17:34

Президент Әкімшілігінің келісімімен Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Арыстанғани Расылханұлы Заппаров  тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап.

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев таныстырды.

Арыстанғани Расылханұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясының Заң институтын бітірген.

Ішкі істер органдарында 1993 жылдың қараша айынан бері қызмет атқарады. Орта және жоғарғы басшылық құрамдағы қызметтерді атқарды. Жергілікті бөліністердегі басшылық қызметте мол тәжірибесі бар.

Әр жылдары Алматы облысы Полиция департаменті Еңбекші қазақ ауданының Полиция басқармасын, Алматы қаласы Алатау ауданы Полиция басқармасын, Ақмола облысы Полиция департаменті Степнагорск қаласы Полиция басқармасын басқарды, Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.

2018 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы қызметін атқарады.

Министр жаңа басшының жұмысына сәттілік тілей отырып, ҚР Президентінің тапсырмасын орындау, облыстағы қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күресте азаматтардың құқығын қорғауға қажетті барлық шараларды жүзеге асыратынына сенім білдірді.

Ал, осы лауазымда қызмет атқарған полиция полковнигі Мұxитов Қайрат Болатұлы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің бірінші орынбасары қызметіне ауысты.

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.04.2019 16:20

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXІV конференциясының күн тәртібінде 2019 жылдың 9 маусым  күні ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін қолдау туралы, «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі», «Құтты мекен» халықтық жобаларының өңірде жүзеге асырылуы, сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезіне делегаттар сайлау мәселелері  қаралды.

Жиынды ашқан облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев партияластарын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын бірлесіп атқаруға шақырды.

«Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрылып, Қазақстан халықаралық аренада өзінің лайықты орнын алды. Бізді бүгінде бүкіл әлем ықпалды әрі белді мемлекет ретінде таниды, мойындайды. Біз бұған Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегі мен сындарлы да салиқалы саясатының арқасында қол жеткіздік. Ендігі міндет – жеткен жетістігіміз бен бағындырған белесімізді сақтау, даму жолымыздың даңғылын жалғастыра беру. Мемлекет тарихындағы тағдырлы сәтте тұрмыз деуіміздің себебі де сондықтан. Осынау саяси науқан кезінде еліміздегі ең іргелі ұйым – «Nur Otan» партиясына жүктелер жүк пен жауапкершіліктің де салмағы арта түспек. Біз, барша нұротандықтар, тарихи сәттің мәнін терең түсініп, жұмыла жұмыс істеуге тиіспіз», - деді аймақ басшысы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен облыстық әйелдер кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева баяндама жасап, оз ойларын ортаға салды. Мәселен, Серік Дүйсенбаев  кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге орай үндеуді қазақстандықтардың ризашылықпен қабылдағанын және Ата заңға сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын  өткізу туралы шешімнің қабылдануы уақыт талабы екенін айтты.

Екінші мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев "Халыққа көмек" және "Бақытты отбасы" партиялық жобалары жайлы айтты. Ал «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының "Аграрлық сектор" бағытындағы аймақтық комиссиясының жетекшісі, облыстық  мәслихат депутаты, «Жан-Арай» ЖШС директоры Бақдәулет Махашев «Ауыл-ел бесігі», «Құтты мекен» партиялық жобаларының көздеген мақсаты, күтілетін нәтижелерін атап өтіп, жобалар  аясында атқарылған жұмыстарды баяндады.

«Қазір  партия «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында тікелей жүзеге асыратын 3 бағытты анықтап алды. Бірінші – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Бұл бағытта бизнес өкілдерімен бірлесіп, еліміз бойынша үш жылдың ішінде 1 000 мектепте спорт алаңын салуды және ауыл кітапханаларының базасында 1 000 коворкинг орталық ашу жоспарланған. Бүгінде Қызылорда облысы бойынша ашылуы жоспарланған 9 коворкинг орталықтың 8 ашылып, өз жұмысын жүргізуде. Сонымен бірге ағымдағы жылы облыс бойынша 41 мектепте спорт алаңдары мен  20 аулалық спорт алаңдарына жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Екінші – ауылды кадрмен қамтамасыз ету. Бұл бағытта «Дипломмен ауылға» жобасының аясында мамандарды тарту қарастырылып жатыр. Үшінші – ауылда жастар кәсіпкерлігін дамыту. Ағымдағы жылы жоба аясында еліміз бойынша 2000 жас маман 500 шаруа қожалығына тағылымдамадан өту үшін жіберіледі. Осы бағытта біздің өңір – 83 жасты 22 шаруа қожалығына тағылымдамаға жіберуге жағдай жасап отыр»,-деді Б.Махашев.

Жиын соңында күн тәртібіне сәйкес ашық дауыспен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ Съезіне 30 делегат сайланды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


РЕСЕЙ мен ТӘЖІКСТАННЫҢ БАС КОНСУЛДАРЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.04.2019 14:50

Дипломатиялық миссия өкілдері Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Ресей Федерациясының Бас консулы Евгений Бобров пен Тәжікстан Республикасының Бас консулы Баходур Назир Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында консулдық басшылары қаланың сол жағалауындағы құрылыс барысымен және ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, аймақтық IT-парк пен Қызылорда облыстық өлкетану мұражайына барды.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевпен кездесу барысында түрлі салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

"Сіздердің өңірлеріңізді аралап көргендегі әсерім өте жақсы. Қаланың даму қарқыны, болашағы жақсы екенін аңғардым. Облыс әкімі аймақтың мектеп түлектері ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жатқанын айтты. Аймақ басшылығы халықтың өмірін жақсартуға тырысатыны айқын көрінеді", – деді РФ Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров.

Өз кезегінде, Тәжікстанның Алматыдағы Бас консулы Баходур Назир аймақтың ежелгі тарихын айтып өтті.

"Облыс әкімімен кездесуде біз ынтымақтастықтың бірқатар маңызды мәселелерін талқыладық. Алдағы уақытта екі елдің мәдениетімен танысу үшін туристер ағынын жолға қоюды жоспарлап отырмыз", - деді Баходур Назир.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАСАҢ ТАРТҚАН САНАНЫ ӨЗГЕРТІП, РУХАНИ ТАЗАРАТЫН КЕЗ ЖЕТТІ! PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
18.04.2019 12:45

Бүкілхалықтық талқылауға!

(Елім, саған айтам, Ерім, сен тыңда!)

Академиктің қазақ елін тығырықтан шығару туралы­ Қазақстан халқына, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевқа ДАТЫ!

Тағдырлы мәселенің бір шегі болады. Егемендік алғалы­ бері Елбасына, Үкіметке 40-қа жуық елімізді дағдарыстан қалай шығарамыз, дамытамыз деп ұсыныс­хаттар жазған екенмін. Олардың біразы іске асса, көбісі өз кезегін күтуде, себептері белгілі. Жағдай­ кейінгі кезде  өте күрделеніп кеткен  соң 2018-2019 жылдары хатпен бірге біраз жобаларды да ұсындым. Олар «Жас Алаш» газетінің №84, 85/2018, №1/2019, №21/2019, «Халық» газетінің №33 (23.08.18) сандарына шықты. Өкінішке қарай, әдеттегідей Үкіметтен бұл жобаларды ескерерміз деген сияқты мардымсыз жауап алдым. Көңілдің қалғаны­ соншалықты бұл хатта халқыма, мемлекет басшысына деген «датымды» жазып отырмын.

Кеше ғана Елбасы еліміздегі мүшкіл жағдайды айтып­, өтпелі кезеңге дұрыс шешім қабылдады.

 

1. Әлемдегі  жағдай.

Қазір әлем астан-кестен, ертең не боларын білу қиын. Ең өзектісі – дағдарыстан қалай шығу, ғаламдық теріс өзгерістерден адамзатты қалай құтқару? Олар: әлемдік климаттың жылынуы, су, азық-түліктің жетіспеуі, әлеуметтік-экономикалық және саяси қақтығыстар, қару-жарақтың есепсіз көбеюі, жасанды интеллектің қару-жарақты пайдалануға деген мүмкіндіктерінің артуы, т.б. теріс үдерістер. Оның үлкен себебінің бірі – әлемнің экономи­касын трансұлттық компаниялардың (кейбір мемлекеттердің билік басшыларын пайдалану арқылы) басқаруында, шексіз тұтыну қоғамына айналдыруында. Бізді осылардан құтқаратын бір-ақ нәрсе, ол – адамның адамгершілігі, сезімталдығы, ғылымның бар жетістігін тек ізгілікке, өркениеттілікке пайдаланып азаматтық қоғам құру. Егер дер кезінде кіріспесек, онда біз «бифуркация» нүктесінен өтіп кетіп, бүкіл әлем келмеске кетуіміз мүмкін. Осы туралы ойларымды мен уақытысында G7, G20, БҰҰ, ЕО басшыларына жіберген болатынмын. Сырт бұзылды, ал енді өтпелі кезеңде іштегі ынтымақты қалай сақтап дамимыз? Жоқ, әлде, кейбір ТМД елдері сияқт­ы қырғиқабақ болмауға өреміз жете ме?

2. Біздегі  жағдай.

Қазақстан егеменді ел болғалы 28-ші жыл. «Ә» дегенде үміт күшті еді. Өкініштісі, шаш етектен байлығы­мыз­ды ел ырысына пайдалана алмай, реформ­аны дұрыс жүргізбей, біз бюрократиялық-олигархиялық, спекулятивті капитализм құрсауында қалдық. Эко­номикамызды әртараптандырмай, мәнді тек мұнай, газ, қазба байлыққа бергендіктен, қазір жағдайымыз қиын, шикізат елі болдық. Мысалы, Норве­гияны алсақ, бар болғаны 40 жылда балық­шы елден ең дамыған ел қатарына  көтерілді. Себебі мұнайды тек алып, сатып қоймай, қайта терең өңдеуден өткізіп, зауыттарын салып, жаңа технология мен кадр дайындап, қосымша құн өндірістерін жасап, Норвегия мемлекеті бүкіл экономикасын күрт өзгертті. Осыларға қажетті заңдар шығарып, оларды  қатаң  орындады.

Осы жылдары жіберген биліктің әлеуметтік-саяси қателіктері жеткі­лікті. Сөз, ақпарат бостандығы, жерге иелік ету мен тіл бостандығы, адам құқығын сақтау жолында ат төбеліндей халық талай боздақтарынан айырылды, талайы түрмеде жатыр, шетелде де жүр, т.б. Халық оны ұмытпайды! Менің КСРО спорт шебері ретінде айтарым, спортта жетістіктерімізбен қатар әттеген­-айымыз да жетеді. Мысалы, әлемдік деңгейдегі спортшыларымыздың «допинг»-ке түсуін неге мойын­да­маймыз? Бұқаралық спорттың нашар­лығы, әлемдік деңгейдегі күрес мекте­бінің төмендеп кетуі, т.б. соңы қазақтың туын әлемдік деңгейде көтерген Д.Теннің  өлімімен  жалғасты.

Бұларға бір-ақ мысал келтірсек жет­кілікті. Елімізде сыбайлас жемқор­лықтың шарықтап тұрғаны соншалықты, оның ішінде бұрынғы премьер-минис­тр, министрлер, депутаттар, әкімдер, банк, бизнес өкілдері, т.б. жеткілікті. Тіпті бұл жоғарыдан төменге дейін тамырын жайған бір дертке, жүйеге  айналды. Зардабын қарапайым халық тартып отыр. Осының бәрі мемлекетімізді басқарудағы биліктің көп жылдар бойы жіберген күрделі қате­ліктерін көрсетеді. Зиялы қауым мен көзі ашық азаматтардың да дер кезінде осыған тоқтау жасай алмағандығында десе де болады. Бар шындықты қорықпай басып айтатын баяғы Бұхар жырау, Махамбет сияқты батыр, билеріміздің, Алаш ұлдарының көрінбегені өкінішті-ақ. Екінші жағынан шындық үшін бас көтергенді қағып тастайтын биліктің таяғы тағы бар. Бұл да біздің 70 жыл бойы Кеңес дәуірінің қылышының астында бол­ғандығымыздан арыла алмай жатқандығымызды көрсетеді. Өз мінін көре алмаған халықтың өркениетке ұмтыла алмайтынын  түсінген  жөн.

Қоғамда билікке деген сенім кетіп барады, елді бір дәрменсіздік билеп тұр. Мұның қайда апарары бел­гісіз. Егер біз ел ішін кернеген­ теріс күштерге даяр болмасақ, онда қоғам ыдырайды. Қазір біздің қоғамда моральді тозу (износ) дерті қатерлі ісіктей белең алып тұр. Өнегесіз жүрі­сімізді бір тәртіпке салатын уақыт келді. Кемел ойлы, алдағ­ыны ақылмен болжай білетін басшы, болатын өзге­рісті сезе отырып, егер «қазаннан қайнаған буды» дер кезінде­ шығара алмаса, оның атылатынын білсе керек еді. Алысқа бармай-ақ, оны көр­шілерден де көрдік емес пе?!

Біздің тағы бір үлкен кедергіміз ол – жаһандық ин­тернет, цифрлы жүйе, ақпараттық топтар, квантты компьютерлік технологиялар, т.б. Келешекте мұнай мен газдың орнын осылар басатын болады. Оған қарсы тұра алатын озық ойлы, осыларды игере­ алатын білімді жастар билікке келуі керек­. Қазіргі жағдайда жастар шетелге кетуде. «Болашақтан», т.б. іс жасап жатқа­н жастардың отанына келмеу себебі­н несіне жасырамыз. Халқымыздың келешегін кімнің қолына береміз? Баяғыда талантты жастар ауылдан келуш­і еді, мектептің, үлкендердің тәрбиесі күшті болатын. Қазір ауыл тозды, ал жоғарғы білімді тауарға айналдырып жібердік, бәрі ақылы. Біздің мектеп жасындағы балаларымызды Ресей­ талай жыл бойы жеңілдіктермен алуда. Біз жастардан айырыла бастадық. Осыны кім ойлап жатыр? Елдегі қордаланып қалған келеңсіздіктердің қайсы бірін айтасың? Осылай кете берсек, біз ХХІ ғасырдағы өркениет пойызының соңғы вагонына білімсіз міне алмай, мәңгілік шикізат елі болып қалуымыз немесе сол алпауыт елдерге жұтылып кетуіміз мүмкін. Мұндай жар жағалай жүріс өте қауіпті. Осылардың бәрін кім шешеді? «Әрине Құдай емес, хан емес, не батыр емес!». Ол үшін әр адамның, жалпы қоғамның білім мен біліктілігі елдегі мәселені эволюциялық жолмен шешуге даярлығы керек.

 

3.      Өтпелі кезеңде тығырықтан шығудың  жолы.

Түпкі саяси мәселе, енді қалай мемлекетті жаңаша басқаруда. Әлемде болып­ жатқан теріс өзгерістермен қатар дағдарыстың үдеуі, Ресейге салынған санкция, т.б. экономикалық толқулар, мұнай мен газ, қазба байлықтар бағасының құбылмалылығы, т.б. келеңсіздіктерден, келе жатқан нәубеттен елімізді қалай аман-есен алып шығамыз?

Ардақты ағайын, қара орман хал­қым! Біз халықтың басым көпшілігі 28 жыл бойы тек «шықпа жаным, шықпа» деп күнкөріс үшін өмір сүріп келдік. Ал енді болса «ештен кеш жақсы демекші» қыруар байлығымызды халқымыздың игілігі үшін жаратып, жақсы өмір сүру үшін  риясыз қызмет етуіміз қажет. Ол үшін  қазіргі жүйені өзгертіп, түбегейлі реформаға баруымыз керек. Осындай ойлар халық арасында айтылуда. Мемлек­етті 5-тік спиралмен жаңаша басқару жобасы халыққа және Елбасына жазған ұсыныстарымда кеңінен көрсетілген («Жас Алаш», №1, 9 қаңтар 2019). Платон да өз короліне диктатураның қауіпті екенін айтып, жаңа жол көрсетпекші болып соңғы бар күшін салды. Әрине мен Платон емеспін, туған­ елімнен басқа баратын жерім де жоқ. Еліміздің бір азаматы ретінде неден­ бастау керек деген сұраққа бүгін шешуге болатын қысқаша екі маңызды ұсынысқа тоқталайын:

Бірінші, ҚР Президенті Қ.Тоқаев өз пәрменімен Мемлекеттік Ұлттық келісім Кеңесін (Ұлттық Кеңес) құрып, транзитті билікті беру механизмін көрсетіп, тығырықтан шығу жолын жасап­, халықпен ақылдасуы, санасуы керек.

Ұлттық келісім кеңесі тығырықтан шығу іс-шарасын қабылдап, оны Конституциялық реформадан бастап, Мемлекетті  жаңаша басқару жүйесін халық­қа жария етуі керек. Елді жаңа өркениетке бастау мақсатында барлық аймақ­тардан аса білімді, зиялы азаматтарды, бизнес және өндіріс өкілдері мен ынталы жастарды Ұлттық Кеңесте басын­ біріктіре алсақ, Қазақстан жаңа даму деңгейіне шығады. Мемлекеттік Ұлттық Кеңес халық арасынан «Жаңа рухтағы халық өкілдері тобын» кұруы керек.

Бұл жерде «Ұлттық кеңесті қалай жасаймыз, әдеттегідей оларды билік жасақтай ма?» деген сұрақ тууы мүмкін. Мен, Парламенттің 4 рет депутаты ретінде­ еске салатыным, Жоғарғы Кеңест­ің бірінші (12 шақырылым) сайлау­ында (1990 ж.) өте демокра­тиялық ашық, шын сайлау болды. Міне, сол тетікті пайдалану керек. Халық­тың сенімін қайтару керек. Мысал­ы әр 100 мың сайлаушы халықтан ұлттық кеңеске 1 мүше сайланса, оған қосымша ассамблеядан 10 адам. Осы 100 халық қалаулыларына елді бұзып-жармай транзитті билікті беру мақсатын Қазақстан халқы аманат етуі керек. Ол үшін Ұлттық Кеңес мемлекетіміздің саяси және қоғамдық дамуын­ың Ұлттық басымдықтарын жасау­ керек, ынтымақ пен бірлікті күшейту  қажет.

Ұлттық келісім кеңесі өз функциясын, регламентін қабылдауы керек және оның негізгі шешетін мәселелері:

- Мемлекетті басқару билігін транзитті жолмен беру тетігін жасау;

- Үш биліктің (заң шығарушы, атқаруш­ы, сот жүйесі) функциясының тепе-теңдігін сақтау;

- Конституцияда шегеленген адам құқығы, сөз, ақпарат, жиналыс, т.б. бостанд­ығын  сақтау.

Мына жаңа идеяға мән берген жөн. Егер біз рухани-тарихи құндылықтарды жаңа технологиямен біріктіріп және оны жаһандық желімен (желілік коммуникациямен) қосып жүргізетін болсақ, онда түбегейлі мәселелер шешімін табар еді. Дамыған елдер осы идеяны іздеуде, әлі шешімін тапқан жоқ. Ал халық өкілдері тобы дегеніміз – Қазақстанда 18 миллион адамның арасынан «елім» деген ұстанымы, патриоттық сезімі, «табанының бүрі бар», білімді, кәсіби, зиялы азаматтарды, бизнес, өндіріс өкілдері, өсіп келе жатқан ынталы­ жастарды (елімізде де, сыртта жүргені бар) – осылардың басын бір мақсатпен қоса білсек, көтермейтін жүк болмайды.

Мақсатымыз біреу – коррупциясыз өркениетті ел болу, халқымыздың өмір сүру деңгейін шұғыл көтеру, жұмыссыз адамды қалдырмау, оқусыз жасты болдырмау, көпбалалы аналардан бастап әркімнің сұранысына барлық жағдай жасау,­ иммунитетін көтеру! Әр адам бұрынғыдай тек күнкөріс үшін емес, енді жақсы өмір сүру үшін тырысып, отанына­ риясыз қызмет еткені абзал!

Екінші, түбегейлі саяси реформаның бірінші қадамы ретінде Қазақстан Парла­менттік Республикаға ауысуы қажет. Ары қарай жаңа сайлау жүйесі, тағы басқа заңдар қабылданып, Қазақстанда жергілікті жерде өзін-өзі бас­қару  арқылы азаматтық қоғам орнату.­ Ал «бізде қалай?» деген сұраққа шындық мынадай. Бізде бір қарағанда биліктің үш тармағы Парламент, Үкімет, Сот жүйесі де бәрі бар сияқты. Бірақ бізде бүкіл басқару және бақылау функциясы тек қана Президент әкімшілігіне берілген. Онсыз оңға да, солға да қимыл жасай алмаймыз. Мұны баяғы Советтер одағының, КПСС-тің кіші моделі, тіпті оның жаман көшір­месі дер едім. Ол 70 жыл жасады, себебі күшпен кіргізген идеологиясы да, бақыл­ауы да мықты болды. Бүгінгідей шексіз билік, шарықтаған сыбайлас жемқор­лық болған емес. Ал біз болсақ 28-ақ жылда тығырыққа тірелдік, халықтың сенімі де, шыдамы да таусылуда.

Кеше ғана Елбасы барып келген Финляндия елінде 5 млн халыққа 130 мыңнан аса үкіметтік емес ұйымдар тиімді жұмыс істеуде. Ал бізде болса­ 18 млн халыққа жүздеген-ақ үкіметтік емес ұйым жұмыс істеуде, оның өзі әкімшілік бақылауында. Қалғанының саны бар, сапасы жоқ. Қазақстан Халқы Ассамблеясының да аты бар да, қауқарлы жұмысы жоқ: әр диаспора өкілінің мәдениетін, әдебиетін сақтауға, т.б. көзбояу шаралары көп те, ал елді ұйыстыратын – қазақ еліне, жеріне, тіліне, халқына деген құрметті қалыптастыру бойынша іліп аларлық ештеңесі жоқ... Мысалы Д.Теннің өліміне, Қарағандыдағы оқиға сияқты бір тағдырлы мәселе көтерілсе жоғарыға жалтақтап, бұғып қалады. Осыған орай, азаматтық қоғамның негізгі белгісі, жергілікті өзін-өзі басқаруды­ң  көзі – биліктің халықпен санасуында және халықтың, азаматтық қоғамның шешім шығаруға белсенді түрде  араласуында.

Біздің ой-санамызды 4-ші өндіріс революциясының жаңа талабына сай өзгертетін уақыт келді. Егер біз елімізді ХХІ ғасырда жаңа өркениетті өмірге дайындағымыз келсе, онда алдымызда бір-ақ жол бар. Ол қазіргі КПСС-тен қалған басқару моделінен арылып, Қазақстан халқы, жергілікті жерден бастап өзін-өзі басқару моделіне, Парламенттік Республикаға өтуі тиіс. Бұған тек Конституциялық саяси шешім қажет.

Құрметті халқым! Мүмкін бізді тектілігіміз, ата-бабаларымыздың рухы, болжампаздығымыз, әлемдік тез өзгерістерді түсінгендігіміз алдағы күтпеген нәубеттен сақтап қалар! Цифрлы әлем, цифрлы экономика заманында уақыт өте тапшы, бәріміз ойланып шешім қабылдайтын сәт туды. Қасаң тартқан сананы өзгертіп, рухани тазаратын кез жетті! Бұл біздің соңғы мүмкіндігіміз болуы мүмкін. Сондықтан мен Сіздерді революциялық емес, эволюциялық жолға,­ дана халқымыздың көрегенді­лігін ұстанып, бірлігі мен тірлігін жал­ғаст­ыруда қапы қалмауға шақырамын!

О.СӘБДЕН,

Қазақстан  Ғалымдар

Одағының  Президенті,

Академик, ҚР Мемлекеттік

сыйлығының  иегері,

ҚР  Парламентінің  4  дүркін  депутаты

 


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖОҒАЛУЫ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
18.04.2019 12:40

Дос КӨШІМ

...Менің балдызымның есімі – Света. Қайын жұртымның ауы­лында Катя мен Колялар да жетерлік. Бәрі – қазақ, бірақ орыс жеріне жақын жатқандықтан (Батыс Қазақстан облысы), орыс есімдері сыналап кіріп кеткен болуы керек. Жақында сол жердегі бір ауылға құда түсіп бардық. Болашақ құдалар өзде­рінің туған-туысқандарын таныстырғанда, «мынау – Әскерсват», ал мынау – «Маратсват» деп, қазақ-орыс тілін қосақтаған, жаңа бірік­кен сөз қолданып, біз­дерді бір мәз қылып тастады. Ал Зайсан жақтағы тағы бір құдамның жап-жақсы Төлеубек  деген аты – Толя болып кеткен. Әрине, қатар жатқан екі ұлттың тілі бір-біріне әсер етіп, кейбір сөзде­рі­нің ауысатыны – табиғи құбылыс. (Бірақ қазақпен қатар жатқан орыс ұлтының аттары неліктен Сарыбай не Дүйсенкүл болмайтыны таңғал­ды­рады...).

Меніңше, бұл жерде табиғи заңдылықпен қатар нақты саясат, еліктеушілік пен басқа ұлттың мәдениетін, құн­дылықтарын қабылдау да бар. Сондықтан болуы керек, сібір халықтарының көпшілігінің аты-жөндері толық жойылып, орыстанып кетті. Көз­дері сығырайған, жалпақ бет саха, чукчілеріңіздің барлығы – Николай Петро­вич пен Иван Степано­вичтер. Мүмкін, орыстың қол астында тағы он-жиырма жыл тұрғанда біздер де «Ма­ша» мен «Саша» болып кетер ме едік. Қысқасы, отар елдердің, басқа­ халыққа ба­ғы­нышты елдер­дің ұлттық ерекше­ліктерінің, салт-дәстүрінің уақыт өткен сайын жо­йы­луы – табиғи құбылыс емес, қоғамдық-саяси астары бар, ұлттың  негі­зіне әсер ете­тін, халықты­ іштен бө­ле­тін аса қауіпті құбылыс. Ең қызығы, бұл құбы­лысты – қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарының жоғала­ бастауын, олардың басқа ұлттық құн­дылықтарымен ауыс­тырылуын  бәріміз  көріп, біліп отырмыз, бірақ қарсы­ласқымыз келмейді (Қарсыласу деген сөз артықтау болар, бұл жердегі «қарсыласу» – өзіңнің құндылығыңды бағалай білу, ұстана білу). Білмеймін, басқалардың мәдениеті біздің мәдениеттен артық сияқты, ақылға қонымды сияқты көрінеді ме, қалай...

Ұлттық құндылықтың, салт-дәс­түрдің жойылу жолы да сан түрлі; бір жағдайда, өздерінің мәдениетін жоғары­ санайтын, ал басқа елдердің, оның ішінде өзінің отары болып отырған елдің ұлттық құндылықтарын «жабайыл­ық», «тағылық» деп қабылдап, оны өзгертуге күш салатын мемлекеттік саясат жүргізіледі. Бұндай отар елдерді «мәдениеттендіру» саясатын испан конкистадорларынан баста­п, ағылшын, француз, орыс, т.б отаршылдар белсенді түрде жүзеге асырды. Ұлт зиялылары, кейде дін басыл­ары бұл саясатқа қарсылық көрсетсе, басқыншы биліктің жанында  жүрген конформистер метропо­лия­ның мәдениетін жарыса қабылдап, өздерінің ғасырлар бойы қалыптас­қан, атадан-балаға беріліп келген құндылықтарына мұрындарын шүйі­ріп  қарайтын болды. Метрополия отар халықтың  ұлттық құндылық­тарының бір түрі болып табылатын билік жүйесін де өзгертуге күш салды.­ Сан ғасырлар бойы келе жатқан қазақтың хандық жүйесін жойып, сұлтандар мен болыстар жүйесін құру да – осы саясаттың салдары.

Қазақтың отаршылдық жағдайындағы ұлттық құндылықтардың жойыла­ бастауы – бәрімізге түсінікті мәселе болса, тәуелсіздік алып, өзінің мем­лекетін құрған халықтың ұлттық құндылықтарының өзгеруі немесе жойылуы – терең талдауды талап ететін, сирек кездесетін құбылыс. Бұл жердегі ұлттық құндылықтарды өзгертуші күш – біріншіден, бұрынғы орыс мәдениетін қабылдаған, солардың құндылықтарын қазақ халқының құндылықтарынан жоғары қоятын адамдар болса, екіншіден, орыстан­ған мемлекеттік биліктің өзі болып табылады.­

Біріншілері өздерінің ана мәде­ниет­терінен бас тартып ғана қоймайды, өз ұлтының өкілдеріне өздерінің түсініктеріне сәйкес, басқа ұлттың мәдениетін таңуға күш салады. Ең қорқыныштысы, бұлардың көпшілігі мемлекеттік билік орындарында, мемлекеттік идеологияны дайындау, бағыттау, жүргізу және тарату орындарында­ отыр. Олардың басым көпшілігі, өкінішке қарай, қазіргі қазақ қауы­мының зиялыларының тобына жатады. Сондықтан бұндай адамдар үшін қазақтың еті – «бешбармак», ал оны шанышқы мен қасықты жинап қойып, қолымен жеген адам – нағыз «мәдениетсіз», этиканы білмейтін мәмбет. (Жапон, қытай, кәріс сияқты ұлттар да, өздерінің ұлттық мәдениетінен айнымай, шанышқы мен қасықты жинап қойып тамақты екі таяқшамен жейді). Сондықтан да олар орыстардың қазақтың етті қолмен жегенін мазақтау үшін қойған «бешбармак» атауын қазақ тілінің сөз байлығына кірген төл сөз есебінде телехабардың аты етіп қоюды ыңғайсыздық деп таппайды. Бұл – олардың бітімі мен болмысы. Меніңш­е, олар қазақтың ұлттық құн­дылығына, мәдениетіне қарсы жұмыс істеп отырғанын білмейді, керісінше, біздерді, қазақшылықты сақтаған, ұстанған адамдарды «жоғары мәде­ниетке» үйретіп отырмыз деп ойлайды. Бұл кейде біздердің ашу-ызамызды тудырса, енді бірде өзімізді өте ың­ғайсыз сезініп, аңтарылып та қаламыз.

Осы айтып отырған мәселенің нақ­ты, классикалық мысалы алдыңғы жылы Парламентте орын алды. Депутаттардың алдында сөйлеп тұрған министр­ Ерболат Досаевтың аузынан «Уәке» деген сөз шығып кетіп еді, Парламент мәжілісінің төрағасы «дастарқан басындағы «Уәке», «Бәке» дегенді қойып, депутаттарға аты мен әкесінің атын қосып айтыңыз» деген, ескерту-тілек-ұсыныс беріп, барша қазақты бір тіксінтіп тастады (Осы оқиғаға байланысты қазақ тілді интернет-сайт­тардағы пікірлердің 100 пайызы төрағаға қарсы айтылыпты!). Қазақ дәстүрі – адамдардың теңдігін сақтайтын, жағымпаздық пен лауазымға жалпақтаушылыққа жібермейтін қатаң жүйе. Жасы үлкен адамдарға, отырған орны мен қызметіне қарамай, «Мәке», «Бәке» деу, ал одан да үлкен адамдар­ға «Мақсат аға», «Болат аға» деуіміз де соның көрінісі. Бұл – біздің тілдік заңдарымызға («Қаратпа сөз») кірген, барлық қазақ тілділердің қатаң ұстанатын ережесі. Бұқар жыраудың Абыла­й ханға «Ей, Абылай, Абылай...» деп сөйлеуі де осы тамаша дәстүрі­міз­дің арқасы болар. Айта кету керек, кезін­де Швеция мемлекеті де «бір мекем­еде қызмет істейтін адамдар бірімен-бірі «сен» деп сөйлессін» деген қазақтың сөйлеу мәдениетін қабылдапты. Сонда ғана шен-шекпенге құлдық ұрып, билік орындарында жұмыс істеген жандарды ерекше «құрметтеуге», демек, жағымпаздыққа тосқауыл қоюға болады деп есептепті. Қысқасы, швед елінің генералдары мен қатардағы жауынгерлері, парламент депутаттары мен көмекшілері, университеттің ректорлары мен студенттері бір-бірімен «сенге» көшіп, бауырластық, сыйластық орнапты (Осы жерде Пушкиннің «Сердечный – Ты, пустое – Вы...» деген өлең жол­дары есімізге түседі. Шындығында да, «сен» деген «өзім» деген сияқты адамдарды жақындатады да, «сіз» деп сызылған – адамдарды алшақтады емес пе?). Өкінішке қарай, Мәжіліс төрағасы өзінің қателігін түсінбеген болуы­ керек, Көкшетаудағы студенттермен кездесуінде: «Әрине, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз бойынша үлкен адамдарға, туған-туысқандарға, жақын жолдастарға «Әбеке» немесе «Сәке» ден сыйлап сөйлеген өте орынды. Мен өзім де солай жиі сөйлеймін. Бірақ, Парламент сияқты ресми органдарда ресми сөйлеу мәдениетін сақтау керек­ деп ойлаймын» деген пікір айтыпты. Менің білуімше, қазақтың ұлттық мәдение­ті деген бар да, «ресми сөйлеу мәдениеті» деген тарауды «Қазақ тілі» ғылымынан кездестіре алмадым. Әр елдің өзіндік сөйлеу салты бар, егер орыс халқы өзінен дәрежесі жоғары не жасы үлкен адамдарға «Иван Иванов­ич» десе, бұл – орыс тіліндегі қаратпа сөздің үлгісі, орыс халқының салт-дәстүріне негізделген тілдік заң. Қазақ тіліне бұл қаратпа сөздің ешқандай қатысы жоқ. Әңгіме, Парламент Мәжілісінің төрағасының білместігінде емес, қазіргі кезеңде қазақтың ұлттық мәдениетін білмеу, түсінбеу жалпылық сипат алуда­ (Балабақшадағы менің 5 жастағы немерем өзінің тәрбиешісін «Маржан Әбішқызы» деп атайды... Өткен ғасырдың 60-70-жылдарында қазақ мектептеріндегі мұғалімдер «Маржан апай» деп аталса, орыс тілді мектептерде, сол тілдің заңына орай, «Маржан Абишовна» деп аталар еді), меніңше, басты мәселе – басқа елдің ұлттық құндылықтарын қабылдау. Ол тек қана өзіміздің құндылықтарымызды құрту, жою арқылы ғана жүзеге асады.

Ұлттық құндылықтарымызды жоятын тағы бір күш – біздің мемлекеттік биліктің өзі сияқты. Сөзіміз дәлелді болу үшін, бұған да мысалы келтіріп кетейік. Осыдан екі-үш жыл бұрын елімі­зде «Қазақ күресі» деген ...жаңа күрестің түрі пайда болды. Иықтарына қасқырдың терісін ілген (Бұл не көне грек аңызындағы Гераклге еліктеу­ де немесе Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батырынан» көшірме. Қазақтың қасқырдың не түлкінің терісінен ішік тігіп кигенін бәріміз білеміз, бірақ ешқашан басы салбыраған аң терісін иығына жауып күреске шықпаған сияқты) балуандар қазақша күреске ешқандай қатысы жоқ, дзюдоның негізінде өзгертіліп жасалған дүбәра күреске шығады және оны «Қазақ Барысы» деп атайды.­ Біріншіден, қазақтың балуандарына «түйе балуан» деп ат беретінін естігеніміз бар, ол қара күшке қатысты беріл­ген  болар, ал «барыстың» күреске  қатысы шамалы сияқты. Екіншіден, қазақ күресінің басты ерекшелігі, өзегі, белгісі – қарсыласыңның жауыры­нын жерге тигізу! Қазақта «жауырыны жер иіскемеген балуан» деген тұрақты сөз тіркестері бар. Бұл күресте ешқашан ұпай берілмейді, ұпай саналмайды. Менің шетелдік достары­м: «Қазақтардың күресі қазіргі күрестен аумайды екен ғой» деп таңғалса, оларға бұл күрестің қазақ күресі емес екендігін түсін­діремін деп мен шаршадым. Мен үшін, мемлекеттің жасаған бұл «жаңалығы» қазақтың ұлттық спортының, демек ұлттық мәдениетінің басты бір түрін құрту болып табылады.

Әлем өзінің әртүрлілігімен қызықты. Сан түрлі халықтың сан түрлі мәдениеті, салт-санасы, дәстүрі, спорт түрлері бар. Оны сол  күйінде  әлемге таныс­тыру – сол халықтың, сол ұлттың, демек, біздің міндетіміз. Егер оны халықаралық деңгейге көтере біл­сек, нұр үстіне нұр. Монғол халқының күресі қандай тамаша; барлық ереже, киім үлгісі ғасырлар бойы өзгеріссіз келе жатыр. Ондай­ киім, ондай ереже мон­ғолдардан басқа еш жерде кез­деспейді. Жапондықтардың сумосын әлемдегі барлық ел мойындайды, теледидардан көз алмай көреді, сол күрес түріне қатыс­қысы келгендер Жапон еліне барып­, бақтарын сынайды. Сумоға қатысатын балуандардың жекпе-жекке шығу рәсімі – ғасырлар бойы өзгермеген жапон халқының ұлттық ерекшелігі, балуандардың шаш қою ережесі, киімі, сәлемдесуіне дейін – таза жапондық дәстүрдің сақталуының үлгісін көрсетеді. Ал біз өзіміздің тамаша қазақша күресімізді жасанды күреспен ауыстыруға күш салудамыз. Егер біз бірнеше күрес түрлерін араластыра отырып, ерекше бір басқа күрес шығарсақ, соны ойлап тапқан адамның есіміме­н-ақ атауға болады. Ал қолдан жасалған күреске – қазақ күресінің атын беру – біріншіден, қазақтың ұлттық күресін жою болса, екіншіден, «қазақша күрес» дегеніміз осы деп барлық әлемді алдау  сияқты.

Кейде біз өзімізді еліктегіш халықпыз деп ақтауға тырысамыз. Сондықтан болуы керек бір ақымақтар «жұп гүлдерді сыйлауға болмайды, тек қана тақ гүлдерді сыйлау керек» десе (жапонд­ықтар екі не төрт гүл сыйлай­ береді), бұл заңдылық қай атамыздан келді деп басымызды ауыртып жатпаймыз, ақиқат есе­бінд­е қабылдаймыз. Алдарынан қара мысық кесіп өтсе, түрлері бұзылып, түймелерін ұстап, тұрып қалатын талай қандастарымызды көрдім. Енді біреулеріміз «көз тимесін» деп, ағашты үш рет тықылдатып әлек боламыз­... Сол уақытта көз алдыма кока-коланың бос қалбырын мұрындарына іліп алып, соған мәз болатын жабайылар келеді. Демек бұл – еліктеушілік емес, нағыз надандық не бейшаралық  болар.

Менің  қорқатыным, «уәке-мәкені» айтқан министрге (Ереке, Сізге рақмет!) ескерту берген не болмаса «қазақ күресін» ойлап тапқан­ адамдар емес. Орыс тәр­биесі, орыс мәдениетінің әсері өтіп кеткен жандар қазақ жерінде жеткілікті болар. Мен Қазақтың ұлттық құндылықтарын жойып жатқанда, ғасырлар бойы келе жатқан қаратпа сөзімізді айтқан адамға­ ескерту беріп жатқанда ауыздарын ашпай, үнсіз отырған Парламенттегі қазақ азаматтары мен «Қазақ Барысына» барып, еліре қол соғатын бейшара халқымыздан қорқамын.

 


ТАЯҚ ЖЕРГЕ ТАСТАЛДЫ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
18.04.2019 12:35

Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек. Несімен дейсіз бе? Алдымен Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарып, биылғы   19 наурызда өкілеттілігін тоқтатқан Елбасы Н.Назарбаев ізбасары, сенат төрағасы Қ.Тоқаевқа уақытша болса да ел тізгінін сеніп тапсырды. Былтырдан бері «саяси жауырыншылардың» 2019 жылы сөзсіз президент сайлауы өтеді деп келген болжамдары шындыққа айнала бастады. 9 сәуірде Қ.Тоқаев үндеу жариялап, елімізде кезектен тыс президент сайлауы ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетінін мәлімдеді. «Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам», - деді ол. Президенттің қалауы осы болды. Осылайша, таяқ жерге тасталды...

Өткен аптада Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) кезектен тыс президент сайлауына дайындық бойынша іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын жариялады. ОСК таратқан ақпаратқа сенсек, үміткерлерді ұсыну  10 сәуірде­ басталып, 28 сәуір күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары ғана ұсына алады. Орталық сайлау комиссиясы үміткерлердің Конституция және «Сайлау туралы» конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестігін үміткер­ді ұсыну туралы жоғарғы орган – республикалық қоғамдық бірлестіктің отырысынан жіберілген хаттаманың үзіндісі ұсынылған күн­нен 5 күн ішінде анықтайды. ҚР Конституция  және  «Сайлау  туралы» конституциялық заң бойынша қойылатын талапта­р  мынадай:

– Қазақстанда туған, азаматтығының  болуы;

– соңғы 15 жылда Қазақстан Республикасының ау­ма­ғында тұруы;

– жоғары білімі;

– 40 жасқа толған болуы;

– белсенді сайлау құқығы­ның болуы;

– мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

– мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

Үміткерлерді қолдау облыстардың, республикалық маңызы  бар қалалардың және  елорданың кем дегенде­ 2/3 бөлігін тең дәрежеде біл­діретін сайлаушылардың кем дегенде 1 пайызының қолдарын жинаумен расталуы тиіс. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша Орталық сайлау­ комиссиясы 11 814 019 дауыс беруге құқығы бар азаматты Қазақстан Республикасының сайлаушылар тізі­міне енгізген. Айта кетейік, бұл саяси додада 500 мыңнан астам қызылордалық дауыс бере алады. Қол қою парақ­тарын беру үміткердің Конс­титуция мен конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күн ішінде жүзеге асырылады. Қол жинауды президенттікке үміткердің сенім білдірген адамдары ұйымдастырады. Үміткер ретінд­е  тіркелу үшін ұсы­ныл­ған  азаматтар  сол  айдың бірінші күніндегі, яғни 2019 жылдың 1 сәуіріндегі ахуал бойынша өзінің және жұ­байының (зайыбының) кіріс­тері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жө­нін­де мемлекеттік кіріс органының анықтамасын, сондай-ақ өзінің денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыны  тапсыруы  қажет.

Үміткерлерді тіркеу ағымдағы жылдың 11 мамыры күн­гі сағат  18.00-ге дейін жал­ға­сады. Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін дереу басталады және дауыс беру күні алдындағы күнгі 00.00 сағатқа дейін, яғни 8 маусым күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Дауыс беру 9 маусым күні жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін созылады. Дауыс беру аяқтал­ған кезден бастап 12 сағаттан кешіктірмей сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүргізіледі. Әкімшілік-ау­мақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК екі күн мерзім ішінде (11 маусымнан  кешік­тірмей)  жеткізіледі.  Орталық сайлау комиссиясының сайлау­ нәтижелерін белгі­леуіне және жариялауына, сайланған президентті тір­кеуіне 7 күн көзделген.

Айтпақшы, апта басында Үкімет саяси додаға бөліне­тін қаржы көлемін бекітіп берді. Кезектен тыс президент сайлауына  9 миллиард  400 миллион теңге бөлінетін болды. Негізі орталық сайлау комиссиясы науқанға 12 млрд теңге бөлуді сұраған еді. Бірақ қаржы министр­лігін­дегілер оны қысқартып, 3 млрд 300 млн теңгені үнемдедік деп отыр. Үкі­мет резервінен алынатын миллиардтардың басым бөлігі бұған дейін айтылғандай, 10 мыңға жуық сайлау учаскесінде жұмыс істейтіндерге жалақы ретінде төленбек. Қалғаны дауыс беру орындарын жабдықтап, түрлі плакат, ақпараттық қағаздар мен бюллетеньдерді басып шығаруға  жұмсалады  екен.

Бұл жолы сайлауға қатысуға ниет білдірушілер бұ­рынғыға қарағанда көп бола ма, әлде жоқ па, оны алдағы күндері білетін боламыз. Әрі кімдердің «құйысқаны көте­ріліп» тұрғанын дөп басып айту да қиын, өйткені елдегі тіркелген саяси партиялар өз араларынан ортақ үміткерді келесі аптада өтетін кезектен тыс съездерінде таңдайды. Мәселен, «Nur Otan» партия­сы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс XIX съезі Нұр-Сұлтан қаласында 23 сәуірде өтеді. Көптеген саясаттанушының пікірінше, жетекші партия өз кандидаты ретінде қазіргі президент Қ.Тоқаевты ұсынуы мүмкін. Ал, танымал табиғат жанашыры Мэлс Елеусізов үшінші рет президент сайлауына қатыспақ. Таным­ал табиғат жанашыры басты саяси додаға бұған дейін 2005, 2011 жылдары екі рет түскен еді. Белгілі эколог сайлауға өзі басқаратын қоғамдық ұйымның атынан түспекші. Бүрсігүні ол орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізу үшін Алматыдан бас қалаға дереу ұшып  келіпті. Бұлардың қатарына тағы кімдер қо­сылуы мүмкін, әліптің артын бағайық...

Н.АҚПАН

 


КҮЙБІҢІ КӨП КӨМЕК PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
18.04.2019 12:30

Әлгі бір хабардың жүргізушілері сөзін «Біздің бағдарламаның ең басты ерекшеліг­і – алдау операциясы!» деп бастамай ма? Иә, дәл солай, атаулы әлеуметт­ік көмек беруге арналған бағдарлама 21 мыңнан үміттенген қаншама ананы  оңдырмай  алдады. Біз – алдандық!

Осыған дейін жазғанымыздай, жұртты жарылқайтын жаңалық расында да көпбалалы отбасылардың көз жасын көргендей қуантты. Адамдар бөркін аспанға атты. Жастар бас құрауға асықты. Көбеюге ниет етті. Отбасылық құндылықтың маңызы артқандай-ақ еді. Әттең...

Жақында Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі­ бұл көмектің көп құжатты талап етпей берілетінін  айтқан еді. Алайда тиісті орындарға алып-ұшып барған аналардың құжат қабылдай бастаған он күннің ішінде жүні жығылып, жүйкесі тозды. Себебі, бұл көмекті көпбалалы аналардың көбі әзір ала алмай­ды. Неге?

Атаулы әлеуметтік көмекке бір ғана құжат – туу туралы куәлікпен барсаңыз болды дегендері, бос сөз. Одан әрі отбасының кірісін тәптіштеп есептеп отыраты­н мамандар, аналардың айлап жүріп жинай алмайтын құжаттарын алдарына жайып салып отыр. Оның алғашқысы, ажырасқан аналардан талап ететін алименттің дерегі. Оның мөлшерін баласына алиментт­і ажырасқалы алып көрмеген ана қайдан білсін?! Сотқа барса да мәселесі шешілмей жүрген ана көп. Осы жерде екінші мәселенің ұшы көрінеді. Еліміз­де жалпы төленетін алимент түрлеріне қатысты­ 177 мың құжат болса, оның 166 мыңы ересектердің өз балаларына берешегі екен. Сот орындаушылары мен министрлік нақты олардың қаншасы ай сайын ұрпақ жалғастырушысына тиынын бөліп беріп жатқанын айта алмайды. Қашып жүрген әкелердің санында есеп жоқ. Еш жерде жұмыс істейтін дерегі жоқ әкеден ала алмаған алименті үшін бұл көмектен аналар қағылып отыр. Бұл – бір.

Екіншіден, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы үйге кіретін кіріс көзіне енгізілді. Басында бұл жәрдемақыны, аналардың үйде отырып, баласын бағуын үш жылға созу керек деген ұсыныс болған еді. Ал енді оның орындалмағаны өз алдына, кіріс көзі боп есептеліп тұр. Жәрдемақы емес, жалақы боп есептелгесін енді аналар амалсыз жұмысқа шыға бастайды.

Шығысты кіріс деп есептейтін біздің билік ғана шығар осы?! Амалының жоғынан (2019 жылдың қаңтар, ақпан, наурызында алған болса) несие алуға мәжбүр болған аналар аң-таң. 21-22 пайызбен алған несиесін кіріс деп есептеп отырғандары ақылға симайды­. «Несиені адам жетіскеннен алмайды. Айлап­ жүріп тапқан ақшасын, банкке беру үшін жұмыс істеу кімге ұнайды?! Әсіресе, қалада жүрген көпбалалы отбасы­лар жалдамалы пәтерінің бір ғана айлық ақысын төлеуге несие алып жатады. Ал ол ақшаны өздері еселеп қайтарады. Ол аздай, бұл кіріс көзі ретінде­ есептеледі. Бұл жерде ешқандай логика жоқ. Бұл – халықты мазақ ету. Қорлау» дейді әлеуметтанушы Ерлан Қуантқанұлы.

Төртіншіден, мүгедек балаға берілетін жәрдемақы есептелмегенімен, бағуға берілетін жәрдемақы есептеледі. «Дені-қарны сау баланы бағу қандай мехнатты екенін білесіздер. Ал мүгедек баланы бағып-қағу оңай ма? Оның емханаға баруына, жүріп-тұруына, жөргегіне, дәрі-дәрмегіне, шетелге барып ем алып келуіне оның өзіне де, қараушысына да берілетін жәрдем­ақысы жетпейді. Сөйте тұра соның біреуін бәрібір есепке алып отыр. Бұл ақылға симайды. Кеше АӘК-ке құжат тапсыруға барғанда, тауы шағылып, жылап шығып жатқан қаншама ананы көрдім. Сол аналардың бейнесі маған ұйқы бермей жатыр» дейді «Ақжүніс» аналар қоғамы Астана бөлімінің жетекшісі, журналист Мейрамхан Жәпек.

Мұның  сыртында  тұрғылықты мекенжай  мен  қол­дағы­ кемпір-шалдың зейнетақысына қатысты мәселе  тағы  бар.  Ауылдағы  ағайынды  мазалаған сұрақ – соңғыс­ы. Ата-ананың ғана емес, бірге тұратын тек жақын­  туыстардың  барлық табыстары есепке алынуда. Яғни ата-ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап­ алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы­  бөлек бауырлар мен апа-қарындастар, ата, әже, немерелер есепке алынады. Демек, бір ата-ана екі баласын­ отбасымен бірге ұстап отырса, бір үйде тұра­тын­  болса, онда ол үйдегі екі зейнеткердің табысы­ отбасындағы екі жанұяға да есептеледі. Осыдан келіп, «бұл көмекті қалайда алайық» деп ойлай бастаған кейбір отбасы құжат жүзінде болса да ажырасуды ойласа­, енді бірі қарашаңырақтан бөлек шығуға, безінуг­е  мәжбүр.

Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасылар­ға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы, студенттердің шәкіртақысы, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдер есепке алынбайды. «Бұл жәрдемақыларды қарап отырсаңыз, жарымайтын ғана ақшалар. Төрт балаға –10 мың, жеті балаға 16 мың аламыз­.  Шәкіртақы – 17 мың теңге. Үкімет ақымақ емес. Қай жәрдемақыны есептеп, қайсысын есеп­темеуді де жақсы ойластырған. Баланың бір жасқа дейінгі жәрдемақысы кейбір отбасыларда 60-80 мың ғой мысалы. Соны көп көріп отыр. Ал олар осындай ақшаға ай сайын күн көре ала ма? Осыны өздері түсіне ме алдымен? Елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі дұрыс емес. Олар барынша әр отбасындағы адам санына бөлінетін ақшаны 20 мыңнан асырмауды көздеп отыр. 7 адамы бар отбасындағы азаматы 150 мың айлық алса, бұл көмекке ілінбейді. Міне, біздің жыр болған көмектің жауабы. Біз қазір үмітімізді үзіп, бұл жерге енді келместей болып кете барамыз» дейді көпбалалы­ ана Айжан Төлепбергенова.

Тұрмысын дұрыстаймыз деп, бірнеше несие алып, одан шыға алмай отырған отбасылардың жайын кім ойлайды? Үйі барлар мен пәтер жалдап тұратындардың жайын бөліп қарауға билік қауқарсыз ба? Неге бізде басталған кез келген бағдарламаның соңы сұйылып, жауабы жоқ сұрақтарға айналып кетеді? Неге?

Гүлжан  РАХМАН,

журналист,

Нұр-Сұлтан  қаласы

 


СЫҒАНАҚ САЯХАТҚА СҰРАНЫП ТҰР PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
18.04.2019 12:28

Мұрат  БАҚТИЯРҰЛЫ,

Сенат  депутаты

Елбасы былтыр ғана ішкі туризмді дамыту үшін Үкімет салалық бағдарлама әзірлеу керектігін айтқан еді. Өйткені жерімізге туристерді тарту – еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізетіні анық.

Әлемдік тәжірибеде туризмнен түскен табыспен ғана күн көріп отырған елдер бар. Оны былай қойғанда, Дүниежүзілік туристік ұйымның дерегі бойынша, әлемдік жалпы өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның  10 пайызын туризм қамтамасыз етеді екен. Әлемдік өндірістегі әрбір тоғызыншы жұмыс орны да осы саланың үлесіне тиесілі көрінеді. Сондықтан дамыған елу елдің қатарына кіруді көздейтін Қазақстанда туризмді дамытудың маңызы зор.

 

Төрт   империяның  астанасы

Туризм нысаны – ең ал­дымен еліміздегі киелі орындар мен тарихи ескерткіштер. Қазақстан осы аталған қос құндылықтан да кенде емес. Соның ішінде ортағасырлық тарихи қалалардың алатын орны ерекше. Олардың көп­шілігі оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде орналасқан. Сондай ірі тарихи маңызы бар қаланың бірі – Сығанақ. Археол­огтердің дәлелдеуінше, қаланың тарихы VI ғасырдан бастау алған. Қала туралы алғашқы жазба деректер «Худуд­ ал-Әлем» атты тарихи-географиялық еңбекте кездеседі. Мұнан әрі терең тарихын тізбектемейін, бір ғана ақиқаты, Сығанақ – төрт бір­дей империяның (Қыпшақ хандығы, Алтын орда, Көк орда, Қазақ хандығы) астанасы болған шежірелі шаһар. Бұл қаланың орны қазіргі Қызылорда облысы Жаңақор­ған ауданының Сунақ ата ауылына 1 шақырымдай жерде орналас­қан. 2000 жылдық тарихы бар Сығанақ ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының алдын ала тізіміне енгізілген. Осы бір ауылға, анығы шаһарды көруге келетін туристер саны жылдан-жылға артып келеді. Оның ішінде, археологтер, халық­аралық зерттеушілер, ғалымдар, тарихи тақырыпты, туризмді жазатын журналистер қатары да көп. Олай болса, кішкентай ғана ауыл еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, көрші елдерден, болашақта халықаралық деңгейдегі зерт­теу орталықтарынан, шетелден турист­ер тартатын тарихи маңызы бола тұра неге тоқыра­п тұр, не кедергі? Мұн­дай салмақты сұраққа менің зерттеуімде тұшымды 4 жауап бар. Оның алғашқысы, лайықты қолдау көрсетілмей келе жатқанында. Екінші әрі ең маңызды себе­бі – ауылдың  аты  туристерді  тарту аясын тарылтуында. Үшіншіден, туристік­  сервистің  жоқтығында. Және соңғысы, насихат жұмыстарының жүйесіздігі немесе тапшылығы. Тар­қа­тып көрейік.

 

Тарихи   әділдіктің   орнауын  сұрап   жүр

1. Бір ғана мысал, әлі күнге көне шаһардың орны бар ауылда музей жоқ. Бұл – мемлекеттік тұрғыда лайықты көңіл бөлініп, іске асыруды қажет ететін жұмыс. 2016 жылы ғана «Сығанақ тарихи-мәдени қорық-мұражайы» қоғамдық бірлестігі құрылып, 2017 жылы 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі аясында «Сығанақ тарихы» музей­і  ашылған. Бірақ мұның бәрі қала орнынан 45 шақырым жердегі ауданда орналасқан. Ал туристер қаланы көруге келеді, шаһардың орнын тамашалайды, сонда онан табылған тарихи құнды жәдігерлерімізді көруді қалайды. Ол сол шаһардың орнында, сол ауылда болуы­ керек. Бұдан бөлек, көңілге қаяу түсіретіні, кемі 10-15 ғасырлық тарихқа деген немқұрайлық бар. Аудандағы жоғар­ыда аталған қоғамдық бірлестік төрағасы Р.Амандықов археологтердің қазған жерлері арнайы қоршауға алынбағандықтан, жайылып жүрген малдар паналайтын жерлерге айналғанын айтқан­  еді. Ауыл әкімі оның осы жақын­да ғана қоршалғанын жеткізді. Шетелдерді аралағанда көне қала орындары­н бірнеше шақырым қоршап қойғаны­н, оған жай, рұқсаты жоқ адамдар­дың кіре алмайтынына куә болғанб­ыз. Осыдан соң біздегі жайбасарлыққа қайран қаласыз. Өзіңіз ойлаңызш­ы, 2018 жылға дейін қаншама­ қазылған орындар малдардың тұяғына тапталды.

2. Ал Сығанақтың танылуына және ішкі туризмді дамытуға кедергі келтіріп тұрғаны – оның Сунақ ата болып аталуын­да. Ауыл тұрғындары тарихи шаһарды көруге келген саяхатшылар мен қонақтардың руға байланысты аталға­н деген жаңсақ пікір қалыптас­тыратынын айтып, он жылдан бері тарих­и әділдіктің орнауын сұрап жүр. Фараб қаласының құрметіне Әбу Насыр бабамыздың Әл-Фараби аталғанындай, Сығанақты мекендеген ақын, ғұлама Һысамиддин әл-Сығанақи да өз есім-сойына сүйікті шаһарының атын тір­кеген. Осыдан-ақ оның тарихи атауы Сығанақ екенін жазбай тануға болады. Ал неге ауылдың аты бұра тартылып жүргеніне келсек, бір дерек бой көтереді: қазақ келіндері ат тергеу дәстүрі бойынша, қайын жұртындағы ата-бабасының есімін тура айтпай, «Сығанақ атаны» «Сунақ ата» деген көрінеді. Сол себепті осылай бұрмаланып жеткен.

Ауыл әкімі елдегі халықтың тарихи атын қайтаруды талайдан бері көтеріп келе жатқанын, қазір де 100 пайыз қолдауға дайын екенін айтады. Көп жылдардан бері көтеріліп келе жатса да, тарих­и әділдікке қол жеткізе алмауына екі себеп бар екен. Оның бірі мораторийдің жариялануы болса, екіншісі, ағайынгершілік. Ауыл тұрғындарының айтуынша, кейбір ағайындар өз бабасы жерленген жердің ру атымен тұра бергенін қалайды. Бұл жерде Жаңақорған ауданының атын Сығанақ ауданы етіп өзгертіп, аудан орталығын Жаңақорған атауымен қалдыру – республика деңгейінде шешілетін мәселе. Мұндай тәжірибе Түркістан облысындағы Шәуілдір ауданына қатысты болған. Аудан атауын осы өңірдегі ортағасырлық Отырар қаласымен алмастырып, аудан орталығының тарихи аты Шәуілдір етіп қалдырылған. Әрине, ауданға атын беруге әбден лайық, дегенмен Сауран шаһарының орнындағы ауылға сол Сауранның өз аты берілгендей, Сығанақ аты өзі орналасқан ауылға берілуі керек. Сондықтан округ атын қалдырып, ауылдың атын Сығанаққа берген де дұрыс. Сонда шынымен тарих­и әділдік орнайды. Елдік, ұлттық, қоғамдық мүдде әрдайым бір қауым­дастық қалауынан биік тұруы тиіс.

Тарихи атау күре жолдың бойындағы Батыс Еуропадан шығып, Батыс Қытайға жол тартқан кез келген шетел­дікті елең еткізетіні сөзсіз. Себебі ауылдың географиялық жағдайы да туризмге­ сұранып тұр, ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Экс-Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қызыл­орда облысына сапарында Сығанаққа барды. Тарихи жерге табаны тиген сәтте ол: «Сығанақ – Қыпшақ хандығына орда болған киелі, шежірелі шаһар. Оның тарихи атауы қаланың орны сақталғ­ан ауылға берілуі керек», - деген болатын.

 

«Әттеген-ай!»  дегізген

3. Үшінші кедергі – инфрақұрылым. Туристік  аймақ сөзсіз абаттандырылып, су, жарық, жол болуы керек. Алайда мәселе мұнымен шешіліп қалмайды, онда туристерге көрсетілетін сапалы қызмет болуы керек. Келген қонақтарды, саяхатшыларды шаһар жанында, қазба орнында кемі 2-3 күн ұстауға жағдай­ жасалуы қажет. Ол үшін қыста жылы, жазда салқын, тарихи орнынан әрі кетсе 60 метрдей жерде үй-жайлар салынуы қажет. Қала орналасқан тас жолдың бойында жалғыз қонақүй бар, бірақ бұл жеткіліксіз және сервисі сапасыз.­

4. Өткен жылы 130 жылдық тарихы бар, атақты «National Geographic» журнал­ының қызметкері Қазақстанның оңтүстік-батыс белдеуін басып өтіп, Өзбекстанға өтті. Сол сапарында сая­хатш­ы-журналист Маңғыстау аймағындағы  орындарды  қаламына арқау  етті. Ал біз осы кезекте тамаша әрі тарихи мүмкіндіктен қалыс қалдық. «Әттеген-ай» дегізетін дүние. Өйткені ол – кіш­кентай ғана ауылдағы көне шаһарды әлемдік аренаға шығарудың бір жолы еді. Бұған қоса, көңілімізді көншітіп, жанға демеу болатын елішілік насихаттың  өзі кемшін. Ішкі туризмді насихат­тауда  БАҚ-тың жүйелі  жұмысы жоқтың қасы. Там-тұмдап қана бар. Ал Сығанақ­қа келер болсақ, тоғыз жолдың торабы, қаншама хандардың табаны тиген­ топырақ, теңге соғылған тарихи қала туралы осы күнге дейін бірде-бір терең зерттелген деректі фильм жоқ. Бұл тұста облыстық «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының зор еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Бір ғана Сығанаққа бірнеше хабар арнаған. Алайда  бұл  сол аймақтың айналасынан әрі аспай тұр. Ал мұндай киелі де тарихи орынға бірнеше сериялы деректі фильм арнау қажет. Оны Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік дәрежеде қолға алғаны абзал. Егер осыған­ дейінгі барлық түйткілдің түйіні тарқатылып, туристер тартылатын орынға­ айналса, бұдан бөлек тағы бір мәселе өз шешімін табар еді. Ол – гид мәселесі. Бұл туризмнің дамуындағы негізгі кілттердің бірі саналады. Өйт­кені қаланы көруге келген кез келген­ қонақ немесе саяхатшы өз ортасына, еліне барғанда тамсанып айтатын ақпарат­  алып қайтуы қажет. Ол өз кезе­гінде туристерді тартуға ықпал етеді.

egemen.kz

 


ТҮРМЕ РЕЙТИНГІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
18.04.2019 12:18

Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингіндегі позицияны ауыстыруға мүмкіндік  берді.

Айта кетерлігі, соңғы 5 жылдың өзінде Қазақстан сотталғандардың жалпы­ саны бойынша позициясын 41-орыннан 52-орынға (31 мың сотталған) өзгертті. Сонымен қатар, осы мәселедегі негізгі серпіліс – түрме халқының индексі бойынша төмендеу. Оның есебі елдің барлық тұрғын­дарының 100 мыңына жүргізіледі. Қазақстан бұл ретте ор­та­ша көрсеткішке ұм­тылу­да. Қазірдің өзін­де әлемнің 222 елі­нің арасында 95-орында тұр.

Халықаралық түрме реформасы (PRI) әрбір алты ай сайын түрме зерттеулерін қадағалаудың халықаралық орталығына (ICPS) берген мәліметтерге сүйене отырып, әр елдің жалпы­әлемдік  кестедегі  орны  анықталады.

Сондай-ақ, пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар санына да мән беріледі. Қазақстанда олардың саны да жыл сайын көбеюде. Мысалы, биыл пробация қызметінің есебі бойынша қоғамнан оқшаулауға байланысты емес баламалы шараларға 64 мың сотталған адам тартылған, оның ішінде:

– ерлер саны – 89 пайыз, әйелдер – 10 пайыз, жасөспірімдер саны 1 пайыздан төмен.

Олардың жазалау шаралары қатарында:

Ең көп көрсеткіш – бас бостан­ды­ғын шектеу қолданылады – 36,403 (57%);

Белгілі бір лауазымды атқару немесе­ белгілі бір қызметпен айналысу құқы­ғынан айырылды – 9,826 адам (15,4%);

Қоғамдық жұмыстарға – 7,402 адам (11,5%);

Шартты соттау – 9,288 (14,5 %);

Жазаны өтеуді кейінге қалдыру – 1,016 (1,5%);

Ең аз жазалау шарасы ретінде түзету жұмыстары қолданылады – 65 (0,1%).

Орысшадан  аударған  Ж.Бағлан

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары