Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 29 Сәуір 2019

ЖАЛАҒАШТА «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.04.2019 09:20

Кеше аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен Жастар ресурстық орталығы жанынан «Coworking» орталығының ашылу рәсімі және жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«Coworking» орталығына жергілікті бюджеттен 5 млн теңге қаржы қаралды. Орталықта жастар тұлғалық қалыптасуға арналған арнайы семинар-тренингтерге, түрлі бағыттағы спорттық шараларға қатысып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған.

Шараға Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Абылайхан Сабанбаев, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес, облыс аудандарындағы жастар ресурстық орталықтарының директорлары, кеңес мүшелері, аудандық бөлім, мекеме басшылары, Жалағаш кенті және ауылдық округ әкімдері мен жастар істері жөніндегі мамандар, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

-  Ел тәуелсіздігінің одан әрі қарыштап дамуының бірден-бір кепілі – жастар саясатын тиімді жүзеге асыру. Бүгін «Жастар жылы» аясында Жастар ресурстық орталығы жанынан «Coworking» орталығын ашып отырмыз. Бұл жерде жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. «Coworking» орталығының жұмысын облыстық жобалық кеңсе аясында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жастарға көрсетілетін қолдау мен қамқорлық алдағы уақытта да үздіксіз жалғаса беретін болады, - деді аудан басшысы.

Қазіргі таңда аудандағы жалпы жастар саны 8865 болса, бұл аудан халқының 24 пайызын құрайды. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14 млн. 77 мың теңге бөлінді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 22  пайызға артып отыр.

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданға жұмысқа тұруға келген жас маманға әлеуметтік қолдау шараларына сәйкес 118 жасқа тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мақсатында республикалық бюджеттен қаржы қаралып отыр.

"Жасыл ел" жасағы бойынша былтырғы жылы 114 студент және жұмыссыз жастар маусымдық жұмысқа тартылған болса, биылғы жылы 100 жас маусымдық жұмыстармен қамтылатын болады.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 82 жас колледждер мен жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Ресейде білім алып жатқан жергілікті жастардың саны - 14. (Ресей – 10, Корея – 1, Белоруссия – 1, Қытай - 2).

Былтырғы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жастарға арналған 4 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, қаржы көлемі екі есеге ұлғайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлесін қосып, өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен 10 жасқа арнайы құрылған комиссия арқылы Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы табысталды. Бұл игі шара биылғы жылы да дәстүрлі жалғасын табатын болады.

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 7 мәдениет үйі мен 8 ауылдық клуб, 21 кітапхана, 1 мәдениет және өнерді дамыту орталығы, барлығы 37 мәдениет және өнер мекемелері, 143 спорт нысандары жұмыс істейді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


АРДАГЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАРЫС PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.04.2019 12:12

Қызылордада облысымыздағы дойбы спортының дамуына және қалыптасуына ерекше үлес қосқан ардагер дойбышы, спорт шебері Сағат Жүсіптің мерейжасына арналған Қызылорда қаласының дойбыдан ашық біріншілігі өтті. Жарысқа бірнеше аудандардан және Түркістан қаласынан 18 дойбышы қатысты. Швейцариялық жүйемен 9 турға созылған жарыста бірінші орынды Түркістаннан келген спорт шеберлігіне кандидат Қәдірхан Әйтілеуов жеңіп алды. Ол 18 мүмкіндік ұпайдан 17 ұпай жинап, алдына жан салмады. Одан бір ұпай кем жинаған қызылордалық спорт шеберлігіне кандидат Руслан Рахманбердиев екінші, 14 ұпаймен аралдық спорт шеберлігіне кандидат Дәулет Дүйсенбаев үшінші орынға шықты. Жылдам ойын номинациясы бойынша бірінші орынға Д.Дүйсенбаев, екінші Р.Рахманбердиев, үшінші орынға тағы бір аралдық Қанжарбек Кеулімжаев ие болды.

Рыскелді  Жахман

 


Кәсіпкердің кінәсі не? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.04.2019 12:08

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысында Қызылорда қалалық әкімдігінің сәулет және қалақұрылысы және жер қатынастары бөлімдерінің лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты жеке кәсіпкер Нұржан Бакеевтің өтініші қаралды.

Отырыста мәселенің мән-жайын Нұржанның зайыбы Айнұр Қожагелдиева айтып берді.

Ерлі-зайыпты Нұржан мен Айнұр сауда-саттықпен айналысады. Кәсіптерін кеңейту мақсатында өткен жылы жеке адамнан Абай даңғылы бойынан жер сатып алып, құрылыс жұмыстарын жүргізбек болады. Құжаттарға сай құрылыс жұмыстарын жүргізуге кедергі жоқ.

Алайда осы жылдың 14 наурызында аталмыш жер теліміне қоршау жұмыстарын жүргізе бастағаннан кәсіпкер оттбасының проблемасы басталады.

«Түнгі сағат 11-лер шамасында өзін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысымын деп таныстырған азамат жер телімінің басына келуді сұрады. Түннің ішінде жердің басына бардым. Маған әкімдіктің адамдары бұл жерден құрылыс сала алмайтындығымды жеткізді. Сосын қоршауды бүгін алып тастауды тапсырды. Алмаған жағдайда 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынатынын айтты. Бірақ мен қоршауды алған жоқпын. Алайда таңертең барғанымда қоршауды бұзып тастапты. Мен бұл жерді алып, оған құрылыс салу үшін несие алдым. Рұқсат құжаттарын алғаннан кейін құрылыс жұмыстарын жүргізуде кедергі болады деп ойламадым. Сондықтан да құрылыс компаниясымен келісімшартқа қол қойып қойғанмын. Қазір екі ай болып қалды жұмыстың тоқтап қалғанына. Осы проблеманы ойлаймын деп ауырып та қалдым. Шешілуіне көмек көрсетсеңіздер», - дейді Айнұр Қожагелдиева.

Кеңес мүшелері кәсіпкерден қалалық әкімдік тарапынан берілген ресми хаттың бар-жоғын сұратып еді. Осы уақытқа дейін ешқандай құжат берілмеген болып шықты. Кәсіпкерге қалалық әкімдік тарапынан ауызша ескертулермен бірге өзге жерлерден (сол жағалаудан, Ескі базар маңынан) жер телімдері ұсынылған.

Отырысқа қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Жандарбеков қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержановтан кәсіпкерге не үшін түн мезгілінде хабарласқанын, қоршауды алып тастау үшін кәсіпкерге алдын ала қандай құжат берілгенін және аталмыш жер теліміне не үшін құрылыс жүргізуге рұқсат берілмей отырғандығын сұрады.

Бөлім басшысы: «Біз бұл жер телімінің астынан газ трубаларының жүріп жатқандығын анықтадық. Сол үшін құрылыс салуға болмайды деп отырмыз. Қоршауды алып тастау үшін алдын ала құжат берілген жоқ», - дегеннен өзге тұщымды жауап бере алмады.

Кеңес мүшесі, кәсіпкер, қоғам белсендісі Наталья Мишукова: «Облысымызда жарияланған кәсіпкерлікті қолдаудың үш жылдығында кәсіпкерге қолдау көрсетудің орнына, әкімдік қызметкерлерімен осындай кедергілердің келтірілуін қалай түсінеміз? Қысымға алып, негізсіз қаржылық шығынға ұшыратудағы мақсаттарыңыз не? Және осындай жайттар соңғы уақытта неліктік сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан орын алуда. Мұндай қадамдармен бізде қалай кәсіпкерлік дамымақ?», - деп наразылығын білдірді. Наталья Мишукованың бұл пікірін өзге де әріптестері – кеңес мүшелері қолдап, пікірлерін айтты.

Кәсіпкер отбасының проблемасы кеңесте ұзақ талқыланып, қорытындысымен төмендегідей шешім қабылданды:

1. Кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпкер Нұржан Бакеевтің құрылыс салу жобасын толықтай сүйемелдейді;

2. Жер телімінің астында жатқан газ құбырына қатысты жақын күндері жұмысшы тобы құрылып, кәсіпкер үшін оңтайлы жолдарын ұсынады;

3. Кәсіпкерге беймезгіл уақытта хабарласқан қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержановтың әрекетіне баға беру үшін Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне хат жолданады.

Осы қабылданған шаралардың нәтижесі Кеңестің келесі отырысында қайта қаралатын болды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде учаскелік полицейдің мәселесі қаралды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.04.2019 12:00

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылының учаскелік полицейі Қайрат Байменовтің әрекетіне қатысты ұжымдық арыз қаралды.

ІІІ Интернационал ауылының тұрғындары мен «Достық-Жер МК» ЖШС басшысының арызы Кәсіпкерлер палатасына 22 сәуірде түскен болатын.

Кеңес отырысында кәсіпкер Миляр Арифов учаскелік полицей Қайрат Байменовтің ауыл тұрғындарының, оның ішінде кәсіпкерлердің қызметін жеке мақсатта пайдаланатындығын жеткізді.

Кәсіпкердің айтуынша, учаскелік полицей Қармақшы ауданы, Шошқакөл ауылында тұратын анасының үйіне шөп апарып беруді, апармаған жағдайда серіктестіктің техникаларының жүруіне тыйым салынатын айтқан. Кәсіпкер 8 рейс престелген шөп түсіріп берген.

Қайрат Байменов кәсіпкерден одан бөлек сабан шөп жеткізіп беруді талап еткен. Кәсіпкер аталған қызмет көрсетуден бас тартқанда учаскелік полицей кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласып, техникаларын тоқтатып, жұмысына кедергі келтірген. Мұны кеңес отырысына қатысқан ІІІ Интернационал ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлау Мұхтаров та айтты.

«Науқанның кезінде техникаларды тоқтатып қойғандығын айтып Миляр Арифов хабарласты. Мен сол жерге барып, өтініш айтқаннан кейін учаскелік полицей техникаларды әрең дегенде жүргізді. Бұлай болмайды ғой», - дейді ақсақал Сайлау Мұхтаров.

Кеңес мүшелері отырыста: «Құқық қорғау қызметінің басты міндеті адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Қолдау көрсетудің орнына мұндай қадам жасауын қалай түсінуге болады?», - десті.

Отырыста қозғалған мәселеге қатысты облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Ахметов: «ІІІ Интернационал ауылы тұрғындары мен кәсіпкерлерден түскен ұжымдық арызға сәйкес учаскелік полицей Қайрат Байменовтің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір Департаменттегі Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тексеру амалдары жүргізілуде. Нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданатын болады», - деді.

Кеңес отырысының қорытындысымен аталмыш мәселені облыстық полиция департаментіне учаскелік полицей Қайрат Байменовке қатысты жүргізіліп жатқан тергеу амалдары мен нәтижесі бойынша қабылданған процессуалдық шешімді Кәсіпкерлер палатасына жолдау ұсынылды. Отырысқа қатысқан облыстық прокуратура өкілі де прокуратура тарапынан бұл мәселе бақылауға алынатындығын жеткізді.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары