Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Сәуір 2019

«АДАМ ТАҒДЫРЫН ШЕШУ ОҢАЙ ШАРУА ЕМЕС» PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
11.04.2019 12:00

Мейрамбек  ИБРАШЕВ,

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы:

- Мейрамбек Шамауұлы, осы жыл­дың­ алғашқы 3 айында келіп түскен әкімшілік істер өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға көбейген екен. Бұған не себеп болып отыр?

 

- Былтыр 2017 жылға қарағанда әкімшілік істер 1396 іске азайған болаты­н. 2019 жылдың 3 айында Қызылорда қалалық маманданды­рылған әкімшілік сотына 1417 әкім­шілік іс келіп түскен, оның үшеуі өткен жылдан қалған. Айта кету керек,­ түскен істердің ішінде 1321 әкімшілік іс, яғни 96 пайызы мем­лекеттік тілде қаралған. Қазір бірінші тоқсанда істердің көбеюін үш санат­қа бөлдік. Біріншіден, жол-көлік оқиғасы. Біз оны тоқтата алмаймыз. Негізі 18 жастан бастап азамат­тардың көлік қозғалысын жасауға заңды құқығы бар. Байқағанымыз, көбіне 18-ге енді толған, 19 жастың шамасындағы жүргізушілер жол ережесін сақтамайды. Жол-көлік оқиға­сы неден­ болады? Демек, көлік тізгі­нін­дегі азамат жол ережелерін толыққанды  білмейді. Бұрын куәлік алу қиын болатын. Оқуын оқып, сынағын тапсырып жүріп алатынбыз. Қазір екінің бірі автокөлік жүргізу туралы куәлік алады. Кім беріп жатыр оны?

- Заңды түрде алатын шығар?

- Қайдан білейін...

- Ал сіз күмән келтіресіз бе?

- Басқалар неге жол-көлік оқи­ға­сын жасамайды? Ылғи да жасы 18-25 аралығындағы азаматтар ереже бұзады­. Сондай істің бірінде ізінен ата-анасы еріп келген жағдай болды. «Көлікті алып беріп едім 3 миллион теңгеге. Зейнетақымнан төлеп отырмын» деп көзінің жасын көл етті. «Әже, неге алып бересіз, бала өзі маңдай­ терімен тапсын» дедім сосын.

- Алдыңғы сұрағымызға оралсақ, екінші санаты қандай?

- Екінші категориясы – отбасы, тұрмыстық даулар. Бұлар үнемі сарапт­ама жасалатын істер. Мұндай істердің көбеюі арақтың салдарынан. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды дейміз. Ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңдерге байланысты істерде қандастарымыз өте көп. Себебін сұрағанымызда, «әйелім баламен үйде отыр, қажеттіліктер үшін ақша жетпей жатыр» дейді. Сосын ол барып ішімдік ішеді, кешкісін үйіне келгенде әйелімен түсініспеушілік туындап, соңы сотқа арыз  жазуға әкеледі. Медиация туралы заңды қосымша есепке алып, ерлі-зайыптыларды немесе басқа да қос тарапты татуластыруды көздей­міз. Заңға сәйкес, екі жақ татуласқан кезде екеуін де жауаптылықтан босата­мыз. Ал екінші рет қайталанса, заң бойынша жаза түрлері қол­данылады. Биыл бізге келіп түскен 109 әкімшілік іс жәбірленушімен келісі­мге келуіне байланысты, медиа­ция тәртібімен тоқтатылған. Бізге келген азаматтарға әкімшілік жаза қолданбас бұрын әңгімелесеміз. «Айыппұл саламыз, бұл сіздің отбасылық бюджетіңізге салмақ түсіреді, аз сома емес» деп ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Негізінен айыппұл 15 АЕК көлемінде. Өздері қаржыдан тарығып отырған отбасы үшін мұндай сома ауырлық түсіретіні сөзсіз. Сондықтан оның алдын алып, отбасы тыныштығын, татулығын сақтауы­ үшін медиаторлар кабинеті ашылған. Сол кісілер келіп олармен жұмыс  істейді.

- Үшінші  себебіне  тоқталсаңыз?

- Үшінші категория – қоғамдық орынды ластау, былапыт сөйлеу. Оларды азайту жөнінде біздің арнайы­ медиа жоспарларымыз бар. Мұндай істер негізінен студенттер мен жастар арасында көп кездеседі. Байқамай темекі тұқылын, гамбургер жеп қағазын тастайды деген сияқты. Ол жөнінде қаладағы оқу орындарының студенттерімен кездесіп, түсін­дірме жұмыстарын өткіземіз. Тіпті әскерлеріміздің арасында да мұндай әкімшілік істер кездеседі. Сондықтан оларға да барып кездесулер өткізіп, заң бойынша қалай жазалатыны  туралы, оның алдын алу мақса­тында  кездесулер  өткіземіз.

- Жыл басынан бері қанша адамға әкімшілік  жаза  тағайындалды?

- Жаза тағайындау тәжірибесіне тоқталатын болсам, ағымдағы жылы қаралған әкімшілік істер бойынша 1203 адамға қатысты әкімшілік жаза тағайындалған. Тарқатып айтқанда, 832 адамға әкімшілік айыппұл, 137 адамға арнаулы құқықтан айыру, 163 адамға әкімшілік қамауға алу, 45 адамға ескерту, 26 адамға ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шығару жазал­ары берілген. Есепті мерзімде сотпен барлығы 23 373 787 теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 13 343 343 теңгесі заңда белгіленген мерзімде құқық бұзушылардың өз еріктер­імен  төленген.

- Әкімшілік сот төрағасына жүк­телген  міндет  қандай?

- Судьялардың мәртебесі туралы заңда сот төрағасының құзыреті бекіті­лген. Барлық қызметкерлердің жұмысын үйлестіріп, ұйымдастырып отыру – менің міндетім. Бұрын төрағал­ық етушілерге келіп түскен істерді бөлу жүктелетін. Ал соңғы екі-үш жылдың көлемінде барлығы толық­тай автоматтандырылған. Мен оған қатыспаймын. Істер 100 пайыз электронды түрде келеді. Процеске түскен кезде соттың алдында ком­пьютерден басқа ештеңе болмайды. Басқа соттардан ерекшелігіміз осы. Хат, хабар сияқты істердің барлығы электронды түрде түсіп, архивте сақталад­ы. Бұрынғыша қағаз тасу жоқ. Қызылорда мамандандырылған әкімшілік соты 2004 жылдың тамыз айында құрылған. Қазір 16 жыл болад­ы. Елбасының  бұйрығымен іске  асқан. ҚР Судьялар Одағының бесінші  съезінде соттардың барлығы мамандандырылуы керек деген талап қойды Елбасы. Бұрын ондай сот жоқ, барлығын бір сот қарайтын. Сол кезде­ айтылған бағдарламалар жүзеге­ асып, 2002 жылы Экономикалық сот құрылды. Мен ауданнан Эконо­микалық сотқа келіп, 10 жыл жұмыс істеп, осы қазіргі қызметіме ауыстым. Мұның барлығы не үшін? Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушыл­ық  туралы Кодекстегі 683-бапқа сәйкес бізге қандай құзырет­ берілген, соның барлығын қараймыз.

- Жылына қанша іс түседі?

Жылына 5000-7000 іс құзыреттілік бойынша қаралады. Маған дейінгі жылдары тіпті көбейіп кеткен болатын. Қазір азайып келеді. Штатымызда  6 судья, 1 төраға, 20-ға жуық қызметкер  бар.

- «Түнгі сот» пилоттық жобасы облысымызға қашаннан бастап енгізілді?

- «Түнгі сот» пилоттық жобасы көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар санатындағы істер бойынша 18.30-дан 22.00 аралығында қаралады. Күні мен уақыты көрсетілген талон толтырылып, сол тағайындалған уақытта сот процесі қаралады. 2019 жылдың 3 айында осы жоба бойынша 39 әкім­шілік іс қаралған. Пилоттық жоба біздің өңірде 2018 жылдың тамыз айынан бастап жүзеге аса бастады. Негізгі мақсат – уақыт үнемдеу. Жол-көлік оқиғасы болған кезде іс жинақталуға тиіс. Келген мүліктік залалды өтеу үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру полюсімен өтейді. Ол үшін ең алдымен соттың шешімі қажет. Соттың­ шешімі үшін 10 тәулік керек. Осы уақыт ішінде заң күшіне енеді. Бұл автокөлік иелері үшін өте ұзақ мерзім. Полиция жол-көлік оқиғасы болған күні істі жинақтайды. Ең көп дегенде  үш күннің ішінде жинақтап, сотқа­ электронды түрде жолдайды. Біз сол күні кешке 18.30-дан кейін істі тағайындаймыз. Соттың шешімі сол күні шығып, сақтандыру компаниясына және полицияға жолданады. Әзірге республика бойынша көлік саласындағы құқықбұзушылыққа байланысты түнгі режимде қаралу жүріп жатыр. Бұл әлем елдерінің ішінен Сингапурдың, Сауд Арабиясының тәжірибесінен енгізілуде. «Түнгі сот» кезінде «Виртуальды сот» та жүзеге асырылатын оқиғалар болады. Себебі, ол адам аяқасты жол жүретін болса, смарт­фоны арқы­л­ы бізге онлайн түрде қосылы­п, болған­ оқиғаға қатысты арызын немесе уәжін білдіре алады. Нәтижесінде аз уақыттың көлемінде сот шешімі шығады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, дәл осы істер 5 айға дейін ұзап кетеді екен.

- Қызылордаға келген шетел азаматтарының арасында заңбұзушылық қаншалықты  жиі  кездеседі?

- Бізге келетін істердің көбі осы шетел азаматтарына байланысты. Оның ішінде өзбек, қытайлар. Әсіресе, өзбек азаматтары туралы өте көп түседі. Қазақстанда Республикасының көші-қон туралы заңы бар. Осы заңға сәйкес, Өзбекстан республикасының азаматтары Сарығаштан өткеннен кейін анықтама толтырады. Олардың басым бөлігі жеке мақсатта келе жатқанын айтып, бір айға елге тіркеуге тұрады. Бірақ құрылыста жұмыс істеуі мүмкін. Ал Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңында жеке мақсатта келген адам сол үдеден­ шығуы тиіс. Ал құрылыста жүрсең, 517-баптың (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнам­асын бұзуы), 5-тармағы (Шетелд­іктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызмет­і визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмау­ынан көрінген...) бұзылды деген сөз. Қытай Республикасының азаматтары да осы сияқты келген мерзімі тіркеледі. Олар көп жағдайда өңірдегі мұнай компанияларына қызмет бабы­мен келеді. Уақытын қадағалап отырамыз. Ал мерзімі өтіп кетсе, айыпп­ұл салынады. Одан кейін қайталан­са, еліне мәжбүрлеп қайтарып жібереміз. Оларға 15 АЕК айып­пұл төлеу түкке тұрмайды, төлейді де кете  береді.

- Өзіңіз туралы айтыңызшы, заңгер ретінде қанша жылдық тәжірибеңіз бар?

- Мен – киелі Қазалы топырағының тумасымын. 1963 жылы дүниеге келдім. 1970 жылдары Қызылорда қаласына көшіп келдік. Мектептен кейін Политехникум колледжін оқыдым. ЦКЗ зауытында 7 жыл жұмыс істедім. Сол зауыттың жол­дамасымен Алматыдағы ҚазҰУ-ге оқуға түсіп, 31 жасымда заңгерлік диплом  алдым.

- Зауыттан заң саласына сізді әкелге­н  қандай  күш?

- Қазақ атамыз жақсы айтқан ғой, «арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, соңғысы да сонда жүреді» деп. Менің ағам заңгер болатын сол жылдары. Үлкеннен үлгі алып, сол кісі сияқты болу арманыма айналды. Заңгердің жұмысы – құқық үшін күрес. Яғни, мемлекеттің ең қымбат байлығы адам құқығын қорғау заңгерлер үшін рухани ләззат сыйлайды. Мінезге де өз әсерін беріп, адамды тиянақтылық, ұқыптылыққа тәрбиелейді ғой. Ағам Оралда қызмет еткен. Зауытта жүрген кезімде демалысқа келген ағамды көріп қатты қызығатынмын. Арманым мақсатыма айналып, заңгер болудың жолын іздей бастадым. Ол уақытта зауытта жұмыс істеп жүргендерге жолдама беріледі екен. Сол бойынша емтихан тапсырып, қалаған оқуына түсуге болады. Ол кезде оқуға түсу қиын-тұғын. ҚазҰУ-ге  оқуға  түсу  үшін Райкомның бірінші секретарінің  немесе Автоб­аз директорының  баласы  болуы­ң керек­. Біздің әкеміз  қайтыс болып­ кеткен. Анамызға салмақ салмай, қалайда өз күшіммен, маңдай теріммен сол оқуға түсіп, арманыма адалдық таныттым. Ағамды үлгі тұтып, әділеттің, заңның жолын таңдадым. 1992 жылдан бері қарай заңгерлік мамандығы бойынша 30 жыл­ға жуық еңбек етіппін. Оның ішінде сот болып жұмыс істеген уақытым – 22 жыл. Қызмет баспалдағын ауданда бастадым. Сырт көзге галстук тағып­, костюм-шалбар киіп, таза да тиянақты болып жүргенге жұрт ойлай­тын шығар, «о, мынандай болсам­ екен» деп. Бірақ мұның ішкі тәр­тібі өте қиын. Шешім қабылдау, адам тағдырын шешу оңай шаруа емес.

- Алдыңызға келген істердің ішінде ерекше әсер еткені бар ма?

- Сырдария ауданына ең бірінші жұмысқа барған кезім. Жаспын. Әділет басқармасынан барғанмын. Бұрын полицияда істесем, көзім үйренер еді ғой. Олай емес. Бір күні Тереңөзектің бір совхозында бір бала екіншісін айырмен ұрып өлтіріп алыпты. Осы қылмыстық істі қарау менің мойныма жүктелді. Екі жақтың  туған-туыс, ағайындары тегіс Тере­ңөзектегі соттың алдына жиналды. Ауыл әкімдері, полиция қызметкері, тұрғындар, адам ығы-жығы. Сырттағы жиын, сот залы лық толы. Қос тарап екіге бөлініп алған. Кей­бірі есік алдында бір-бірімен соқтығысып, ұрыс-керіс болып жатыр. Оны полицейлер жабылып тоқтатуда. Барлығы сот ретінде менің үкімімді күтті. Қанша халықтың алдында жауап­кершілікті толықтай сезіндім. Ал айыпталушыны жазаға кесу тіпті қиын болды. Бір адамның өмірі мен оқыған үкімнен соң өзгеріп кеткелі тұр. Туған-туыстарының уайымы, жәбірленуші тараптың реніші... Жүрегімді ауыртып, өте бір эмоционалды тұрғыдан ерекше әсер еткен іс болды мен үшін. Үкім шығару қиын. Бірақ шешім өз күшінде қалған болаты­н. Айыпталушы заңға сәйкес жазаланды. Осы отырғанда 21 жыл бұрын қараған ісім есіме түсті. Өткенде­  70 жастағы әже келіп отыр. Келіні сабапты. Ал баласы сол кезде үйінде болған. Осындай-осындай істер алды­мыздан көп өтеді. Әрине, мұның барлығына  жүйке керек, жүрек керек. Жүрегі  ауырмайтын  судья жоқ шығар, бәлкім?! Десе де, таңдаған маманд­ығымды құрмет­теуден  танған  емеспін.

- Бүкпесіз   әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан   Жазира  БАҒЛАН

 


ЕЛБАСЫ ЕҢБЕГІ – ЕЛ ЕСІНДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
11.04.2019 11:45

Апта басында Қызылорда облыс­тық тарихи-өлкетану музейі­нде «Н.Назарбаев: дә­уір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесінің ашылу салтана­ты өтті. Көрмеге  Қызыл­орда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елба­сы  кітапханасының  директоры Әмірхан Рахымж­анов, қала тұрғындары мен студент-жастар қатысты.

Көрменің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың тәуелсіз Қазақстанның тари­хындағы бірізді толық рөлін көрсету. Көрермендер назарына Ел­басы кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары ұсынылды. Ал­ғаш рет Сыр жұрт­шылығы Н.Назар­баевтың жоғары мемлекеттік марапаттарының бірегей жинағын, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітап­тарын, сонымен қатар Елбасының шет тілдерге аударылған еңбектерін тамашалады.

Көрменің ашылу салтанатында аймақ басшысы сөз алып, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін атап  өтті.

- «Тұңғыш» сөзінің мәні терең. Вашин­гтон, Ататүрік, Ганди сияқты тұңғыштардың қатарында Тұңғыш Президен­тіміз Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баев есімінің жұлдыздай жар­қы­рап тұруы мақтаныш сезімін ұялатад­ы. «Өз алдына ел қылсам!» деген­  бабалар арма­нына ғасырлар тоғысы­нда біздің ұрпақ жетті. Халқы­мыздың талай ғасыр аңсар-арман­ы болған Тәуелсіздік, Егемендік, Ер­кін­дік, Азаттық деген қасиет­ті сөздер елім деген – Ер Елбасы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемең­гер көшбасшылығымен ақи­қатқа айналды, - деді ол.

Одан кейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президен­ті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахым­жанов қызылордалықтарды көр­менің ашылуымен құт­тықтады.

- Осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын еліміздің астанасы бол­ған, қасиетті Қорқыт бабамыздың ізі бар Сыр елінде сіздермен Елбасы­ның «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі­нің ашылу салтанатында жолыққанымызға қуаныштымыз. Алғашқы рет бұл көрме 2017 жылы тәуелсіздігі­міздің талбесігі атанған Алматыда басталып, 2018 жылы жыл бойы шырай­лы Шымкент қаласында, қасиетт­і Түркістан, мұнайлы Атырау мен  арайлы  Ақтөбе облыс­тарын­да табысты өткен болатын, - деді кітапхана директо­ры.

Жалпы, «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі өз жұмысын 5 сәуірде Шиелі және Қармақшы аудандарында жылжымалы экскурсиялар өткізуден бастаған болатын. Облыс орталығында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің сту­денттерімен кездесу өтті. Сондай-ақ, Ә.Тәжібаев­ атындағы облыстық кітапхана жұмысы­мен  танысып, жастармен кездесу   ұйымдастырылды.

Алғашқы президенттік сайлау­ жүріп жатқан кезде жерлес­іміз, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов: «Президенттік орынға үміткерлердің барлығын танимын. Бірақ, олардан Нұрсұлтан Әбішұлының үш артықшылығы бар. Бірінші­ден, ол қаршадайынан жердің демін, нанның дәмін, тердің иісін сезіп, өзі де солар­дың қатарында өскен. Екіншіден, ол – қасиетті қараша үйдің төсегінен бастап, алып зауыттың күрегін де қолынан өткіз­ген еңбек адамы. Үшіншіден, халқының рухани мол мұрасын, аңыздан бастап бүгінгі келбетіне дейін ана тілінде бойына сіңірсе, орыс әдебиеті арқылы әлемдік әдебиеттің үздік үлгілерін таныған, оқы­ған, тоқыған адам. Мұндай қа­сиетті мен басқалардың бойынан көріп отырған жоқпын» деген екен. Бұл пікірде барынша шынайылық бар секілді. Сондықтан, Елбасының ерен еңбегі қай жерде болмасын көрініс табуға лайық.

Айта кетейік, жылжымалы көрме жобасы 2017 жылдың қараша  айынан  бастап  жұмыс істеп  келеді. Осы уақыт ішінде Түркістан, Атырау, Ақтөбе об­лы­стары мен Алматы және Шымкент қалаларында ұйымдас­тырылған. Оларды 730 мыңнан астам адам тамашалады. Көрме экспонаттарының арасында сирек кездесетін мұрағаттық құжаттар, фото-бейне­материалдар, Елбасының хат­тары мен марапаттары болды. Ал, Сыр елінд­егі «Н.Назар­баев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме  жобасы  маусым  айының­ 19-ына  дейін  жалға­са­ды. Көрме төрт  бөлімнен тұрады.

«Елбасы жолы» бөлімі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір кезеңдерінен сыр шертеді. Елбасының жолы рухани сананың дәуірі мен шығуы мазмұнын білдіретін тарихи үдеріс­тер мен оқиғаларды сипаттау ар­қылы көрсетіледі. Қазақстан Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы ел тәуелсіздігінің негізгі бағыт­тарын айқындаған басты тарихи­  таңдауы  болды.

«Елбасы феномені» бөлімі Қазақстан Республикасының негізін қалаған, жаһандық кеңістікте тұрақтылық пен қауіп­сіздіктің жаңа идеяларын енгіз­ген Н.Назарбаевтың мемлекет­тік құрылым тұжырым­дамасы­ның қалыптасуы мен дамуы тарихына жетелейді. Көшбасшы феномені Семей ядролық полигонының жабылуынан бастап, мемлекет астанасын ауыс­тыру идеясын жүзеге асыруға дейінгі тарихи маңызы бар шешімдер мен бастамалар арқылы көрініс тапқан.

«Әлем таныған Елбасы» бөлі­мін­де Қазақстан Республикасының қарқынды сыртқы саясаты көрсетіледі. Бұл – әлемдік деңгейдегі саясаткер, Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Н.Назарбаевтың биік беделі мен асқақ абыройының жемісі. Еліміздің көпвекторлы сырт­қы саясаты дипломатиялық тарту-тарал­ғылар, жеке жазбалар, архивтік материалдар арқылы көрсетілген. Әрбір сый-сияпаттан кез келген қауіп-қатер мен түсін­беушіліктен азат бейбіт әлемді қалыптастырудағы Н.Назар­баевтың ерен еңбегін таныған шетелдік мемлекет және үкімет  басшыларының жеке құрметі айқын көрінеді.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебе­сі» бөлімінде Мемлекет басшысының және Қазақстан халқының жаһан­дық үдеріс­тердің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін табыс етілген жоғары мемлекеттік марапаттары  ұсынылған.

Көрме экспозициясының негі­зінде шолу экскурсияларынан басқа «Тарихи таңдау», «Атамекен», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақыры­птық экскурсиялары жүргі­зіледі. Экскурсиялар түрлі санаттағы балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттер секілді келуш­ілерге арналады. Ауқымды ғылыми білім беру және мәдени-ағартушылық іс-шараларды, сондай-ақ, Қызыл­орда облысының аудан­дарында­ өтетін экскурсияларды қамтитын қор көрмесі жобаның баст­ы шарасы болмақ. Сонымен қатар, алдағы уақытта Елбасы тақырыбында ғылыми-прак­тикалық конференция, семинарлар, концерт және басқа да іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда.

Рыскелді   ЖАХМАН,

Б.Есжанов (сурет)

 


Кене шағу көбейген PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
11.04.2019 11:25

Ал кене арқылы кейбір жұқпалы аурулар қозып, адам өміріне қауіп төндіреді. Жуырда Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылының тұрғыны Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына алғашқы күдікті ретінде тіркелді. Алдымен аурудың сипаттамасына тоқталсақ. КҚГҚ – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Сырқатқа шалдыққан науқас дер кезінде медицина­лық көмек алып, ем қабылдамаған жағдайда өлімге душар етуі мүмкін. Сондықтан, профилактикалық шараларды ұйым­дастырудың маңызы зор. Облыста жыл сайын­ жергілікті және республикалық эпидқордан қаражат бөлініп, кенеге қарсы дәрілеу жұмыс­тары жүргізіледі. Аймақ басшысы биыл да бұл үрдістен жаңылмаған сыңайлы. Сәуір айында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайл­ардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында КҚГҚ төңірегінде де мәселелер талқыланды. Қ.Көшербаев жауапты мекемелерге тапсырма берді. Енді бекітілген кесте бойынша Жаңақорған, Шиелі аудандарында кенеге қарсы өңдеу, залалсыздандыру жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова және облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова БАҚ өкілдеріне берген брифин­г барысында Шиелі және Жаңақорған аудандарынан аталмыш аурудың вирусы кездесетін кенелер барын растады. Облыс бойынша тұрғындар арасында 13-ші аптада 33 адам (2018 жылы 14 жағдай) кене шағуға байланысты медициналық көмекке жүгінген. Көрсеткіш мәз емес. Кене шағу санының өткен жылмен салыстырғанда 2, 3 есеге көбейгені белгілі болды.

Жұқпалы дертке шалдығу кене шағуға тікелей байланысты болғандықтан, оның алдын алу шараларын қаперде ұстау маңызды.

- Егер  кененің  жабысқанын  байқасаңыз, іскекпен (пинцет) өзіңіздің теріңізге мүмкіндігінше жақынырақ кенені ұстап алыңыз. Іскекті қатты қыспай (кенені езіп алмас үшін), абайлап, ұқыпты (теңселтпей, жұлқыламай) тартып алып, орнын йодтың спирттегі ерітіндісімен немесе спиртпен сүрту керек, қолыңызды сабындап жуыңыз. Кенеге керосин, май немесе басқа да сұйықтық құюға болмайды. Сондай-ақ, кене шаққан адам медициналық көмекке жүгінгені абзал, жергілікті медициналық мекемеде диспансерлік бақылауға алынады, - деп кеңес айтты облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Мүтәліпқызы.

Брифинг спикерлерінің сөзінше, медицина мекемелерінің эпид маусымға дайындығы өз деңгейінде, қажетті медициналық препараттар, қан қоры, залалсыздандыру заттары, жеке қорғаныс киімдер қоры жеткілікті.

 


КҮЙЗЕЛІСКЕ ЖИІ ШАЛДЫҒАСЫЗ БА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
11.04.2019 11:20

Дүниежүзінде адамдардың 10 пайызы 40 жастан асқан соң депрессияға ұшырайды. Олардың үштен  екі  бөлігі – әйелдер.

«Ауа  райы  ұнамайды, депрессияда жүрмін...», «Ешкімнің сөзін көтеретін халде емеспін, менде депрессия...», «Тәтті жегім келеді, сонда депрессиядан шығамын...» деген сөздерді таныстарыңыздан күн сайын болмаса да жиі еститін боларсыз? Бүгінгідей қарбалас заманда тынымсыз тірліктің соңында жүріп бір уақыт демалуға мұрсаты болмайтын немесе уақыты да жар бермейтін жандар аз емес. Олар көбіне «жүйкем жұқарып кетті», «мардымды жұмыс бітірмесем де тұла бойым дел-сал, шаршадым» дейді. Негізінде депрессияны кім қалай  қабылдайды?

- Бес жыл кездескен жігітіммен айырылысып кеттім. Осыған дейін өмірімнің мәні көріп келген адамым сол еді. Тура той жақындағанда өзге біреу­ме­н қол ұстасып кеткені жүрегімді ауыртты. Қазір ештеңеге зауқым жоқ. Көңіл хошым да төмен. Бұл нәрсе мені депрессияға алып келді. Дәрігерге жүгінуім керек шығар, - дейді аты-жөнін атамауды­ сұраған 21 жастағы бойжеткен.

- Отбасылымын. Төрт балам, әйеліммен бірге тұрамыз. Жақында жұмысымнан шығып кеттім. Өзімнен де бар, ішімдікке әуес едім. Басшылықтан­ ескерту алдым, соңында жұмысымнан айырылдым. Жүйкем әлсіз бе әлде мұндай сынақтарға төтеп бере алмадым ба, әйтеуір сол кезде дүниеден баз кешіп кеткім келген. Себебі, пәтерақысы, несие, отбасыма қажетті азық-түлік, жолақы деген­ сияқты шығындарды қалай табамын деп уайымдадым. Бірақ 6 күннен соң өз-өзімді қолға алып, өмірге басқа көзбен қарап, өзгере бастадым. Торығу­дан шығу оңай болмады, - дейді Ербол (кейіп­кер есімі өзгертілген).

Осы секілді мың сан күйбің тірліктің түйт­кілдері жұртшылық үшін алынбас қамалдай көрініп, стресс, депрессияға ұшырадым деуі мүмкін. Экономикасы дамыған елдерде депрессия ең көп таралған психикалық жүйке ауруы саналады екен. Торығу, қамығу деген мағынаны беретін бұл термин белгілі бір дертке шалдыққанды білдіреді.  Мамандардың сөзінше, адамның жүйке жүйесі  бұзылған кезде пайда болатын ауру түрі осы – депрессия. Бұл дертке шалдыққанда адамның­ көңіл күйі төмендейді, ойлау жүйесі бұзылады­, сарыуай­ымға салынатыны тағы бар. Өмірінде өткен оқиғаларға пессимистік көзқарасы қалыптасады. Бірте-бірте адам өз-өзіне есеп беру қабілеті төмендеп, өмірге қызығушылығы да кеми түседі. Негізінде көпке созыла қоймайды. Бірақ  созылып  кетсе, невроз немесе психозға алып келуі  ғажап  емес.

Жүйке жүйесінің бұзылуын Гиппократ пен ежелгі Мысыр дәрігерлері ерте кезден-ақ анықтап берген екен. Күйзеліс кезінде ми мен жүйке жасушала­ры арасындағы биохимиялық тепе-теңдік бұзылады. Осы сырқатқа шалдыққан кісілердің жүйкесіне кейбір қуанышты оқиғалардың өзі, мәселен, жаңа жұмысқа орналасу, оқу орны­н бітіру секілді көңілді оқиғалар дұрыс әсер етпеуі мүмкін. Ал үзбей темекі шегетін, ішімдік ішетін және есірткі  пайдаланатын  адамдардың 30 пайызға жуығы бұл дертті айналып өте алмайды. Бір қызығы, депрессияға шалдыққандардың 80 пайызы емделгісі келмейді екен.

Қасиетті Құран Кәрімнің «Әнфал» сүресі, 46-аятында:  «Аллаға әрі  Елшісіне  бойсұныңдар, өзара  жанжалдаспаңдар, онда  үрейленесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында­ Алла, сабырлылармен бірге» делінген. Сондай-ақ, тағы бір аятта: «Сондай иман келтіргендер, Алланы  еске алу арқылы көңілдері жай тап­қандар.­ Естеріңдер болсын, Алланы еске алумен­ жүректер орнығады» дейді. Мұнан ұқпағымыз, депрессияның алдын алудың бірден-бір жолы – сабырлылыққа шақыру, сабырлы болу. Демек, ұстамды  мінезге  ұмтылсақ, ұтылмасымыз  анық.

 


ЕРКЕК ӨСЕК АЙТСА... PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
11.04.2019 10:52

Отбасылық мәселенің ішіндегі ең қауіптісі – өсекке еру. Айтылған әңгіменің рас, өтірігі анықталамын дегенше ерлі-зайыптылар ұрысып үлгереді. Жә, ондай ұрыс кімнің басында болмай жатыр деуіңіз мүмкін, бірақ әр адамның мінезі әртүрлі. Әсіресе, ер адам агрессивті мінез-құлықты болса, ол қашанда әйеліне жуан жұдырығын ала жүгіруге дайын тұрады. Осындай тұрмыстық жанжалдың салдарынан отбасынан ажырап, тіпті өлім құшып жатқандар да бар.

Абайсызда тобығым тайып кетіп, сынықшының алдынан бір-ақ шықтым. Мұндай жерге алғаш келгендіктен бе, әр адам әртүрлі хикаямен шыққан буын мен сынған сүйектерін таңдыруға келеді екен. Мұндайда медицинаның да көмегі бар, алайда ондағы ахуал құқық қорғау органдарымен бірге күрделеніп кететіндіктен көбісі сынықшыларға келетін көрінеді. Ал егер шипаның бұл түріне көнбесе, амал жоқ ауруханамен жол жалғайды. Айтайын дегенім бұл емес, өсек таратып ғана қоймай, бір адамның тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізетін өсекші ерлерге үлкен апаларымыздың өкпесі қара қазандай.

- Үйде тып-тыныш, дастарқан басында отыр едік. Сырттан келген балам шай құйып отырған келінімді сүйрей жөнелді. Мен де тұра ұмтылдым. Не болғанын түсінбей жатырмын. Қой дегенге қоя салса, жақсы ғой. Ақыры оң қолын сындырып барып, есін бір-ақ жиды. Сөйтсем, әлгі балама көшенің өсекші еркектері «сенің әйелің пәленшемен амандасып тұрып, біраз уақыт сөйлесті. Сен болсаң, вахтадасың. Ым-жымын білдірмей, әуейі болып жүрген шығар» деген сықылды әңгіме айтыпты. Құлағы ұзын еркек ондай сөзге шыдасын ба? Сол айтқан еркекті ұрудың орнына көшеден келіп, қатынынан ақысын алады, - дейді келінін сынықшыға әкеліп отырған ене.

Мәселенің түп-төркіні түсінікті болған шығар. Мұндай қауесет әңгімелерді еститініміз рас. Бірақ бір отбасының бүтін шаңырағын бұзатын басы артық сөздің басты кейіпкерлері кейбір ер-азаматтар екендігі шымбайға батады. Әйелдің айтқан өсегіне ерлер қауымы «қатындар айтыпты» деп жеңіл қабылдайды. Өйткені орамалдылардың арасында бей-берекет айтыла беретін сыпсың-сыпсың әңгімеге олар әбден үйренген. Сондықтан болар, өсекші ерлердің сөзі «диірмен тартып» тұр. Бәлкім, оқып отырып, «ол – еркектің ақымақтығы» десеңіз де келісеміз. Бірақ, сол деңгейге дейін жеткізіп тұрған сөздің қуаты біреуге таяқ екенін сезінбейді ғой.

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 


ӘКЕ КІНӘЛІ, АНА ҰЯТСЫЗ БА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
11.04.2019 10:50

Қазіргі уақыттың еншісінде 15 күндік, 30 күндік ауысымдық жұмыс кестесі салдарынан түзу жолынан жаңылып жатқан ер де, әйел де аз емес. Сол себепті қоғамда осы уақытты 7 күнге қысқарту туралы жиі айтылып жүр.

Құрдастарымызбен орталықтағы кафелердің біріне жайғастық. Біздің арқа тұсымызда бес келіншек отыр. Сыраны да сіміріп, арақты да қылғытқандарына қарап үйреншікті әдеттеріне баладық. Түн ортасына жақындағанда үшеуі қайтып, екеуі қалды. Олар екеуміз деп отырған жоқ. Үстелдегі құйылған сыра адам басынан үш есе артық. Арқа-жарқа отырғандарына еш қарсылығымыз жоқ. Тек арамыздағы бойдақ жігіттің көңілі соларға ауды. Достарының қақпайлағанына қарамастан жандарынан табылғаны біз үшін ерсі көрінді. Ұзын-сөздің қысқасы, әлгі әйелдің қыр-сыры белгілі болды. Жесір атанып отырған түгі де жоқ. Күйеуі ауысымдық жұмысқа кеткенде орнын ауыстырып үлгеріп жатқандарға не дейміз?

Әрине, әр адамның ойлау деңгейі әртүрлі болғандықтан бұл туралы кесіп-пішіп пікір айта алмаймыз. Сол өмірді ұнатып, арсыз қадамға барғанның өзінде саналы түрде істеген ісі өзіне кесірін тигізгенімен қоймай, бала санасының бейтараптануына әкеліп соқтырады. Бала үйде отырып  «Әкем жұмыста, анам қайда кетті?» деген қарапайым ғана сұраққа жауап іздеуі мүмкін. Ал шешесі есіктен есеңгіреп кіріп келгенде бала оның әйтеуір қыдырып келгенінен хабардар болады. Осындай отбасылық мәселелер үшін талай отбасының керегесі ажырап жатқаны өкінішті. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, соңғы он жылдықта 1,5 млн жұптың жарты миллионнан астамы неке куәлігін кері қайтарған. Көпшілігі некеде 5-9 жыл тұрған 30-34 жас аралығындағы азаматтар. Жартысынан көбінде ортақ балалары бар. Ең көп ажырасу Қарағанды облысында, ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркелген. Өткен жылдың қаңтар-шілде айларындағы көрсеткіш бойынша некеге тұрушы ер адамдардың орташа жасы – 29, әйелдердікі – 26 болған.

Өз-өздерінен жерініп жатқан адамдардың қисынсыз әрекеті тек ғана баланы емес, бүкіл қоғамды ойландыру керек. Ал кінә мен күнәні кімге артамыз? Бала-шағасы мен шаңырағынан алыстап, отбасының несібесін түзден теріп жүрген әке кінәлі ме әлде отағасын есіктен жұмысына шығарып, бала тәрбиесінен безініп, әр құшақтың иісін құмартып жүрген ана ұятсыз ба?

Н.ҚАЗИ

 


АУЫЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МАҚСАТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
11.04.2019 10:40

Облыс  бойынша Тасбөгет кентінің әкімі Пахуаддин Шамұратов «Open Spаce» форматында алғашқылардың бірі боп жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, мұның енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Әзірше, аймақ атқа мінерлерінің арасында ашық кеңіс­тікте еңбек етуге тек Пахуа­ддин Шамұратовтың шамасы келіп тұрған тәрізді.

Сәрсенбі күні шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қала көлемінде атқарылып жатқан шаралар бары­сымен танысып қайтты.

Тасбөгет кенті әкімі ап­паратына арнайы барған олар кент әкімдігіндегі бұл өзге­ріске бәрекелді десті. Тіпті, таңданысын  жасыра­  алмады­. «Open  Spаce» форматының негізгі мақсаты – халыққ­а қолайлы орта қалыптастыру. Әу баста кент әкімі «әйнек қабыр­ғаларға үйренісе алмай жүр­міз» деп ағынан жарыл­ған болаты­н. Дегенмен, бұ жолы олай демеді. Шамасы, бұған Шамұратовтың еті үйрене бастаған сыңай­лы. Өз кезе­гінде  қала  басшысы Тас­бөгет кенті әкімі аппаратының қызметкерлеріне елмен ашық және жариялы түрде жұмыс  істеу­ді  тапсырды.

Желтоқсан айында Тас­бөгет кентінде 140 орындық «Нұр Орда» бөбекжай-бақшасы ашылған болатын. Нысанды тұрғызуға бюджеттен бақан­дай 597 млн теңге бө­лінген еді. Онда баратын жол салынды. Бүгінгі таңда мұнда 7 топта небәрі 100 бүлдіршін ғана тәлім алып жатыр. Тоқтала кететін жайт, бөбекжай кенттің шет аймағында орналасқан. Десе де, онда жаңадан қоныстанушылардың қарасы қалың. Бірақ мемлекеттік балабақшадағы бала саны жеткіліксіз. Бұл мәселе шаһар  басшысының шамына­  тиген  секілді.

– Барлық стандарттарға сәйкес салынған мемлекеттік бөбекжайларда бала саны толық болуы қажет. Бұған қыруар қаржы жұмсалды ғой. Рас, біздегі жекеменшік балабақшал­ардың кейбірі бекітілг­ен талаптарға  лайық емес. Бұрынғы баспанасын балаб­ақша қылып қойғандар да бар. Ақзира Бақтыбайқызы, сіздің бұл қызметке келгеніңізге көп бола қойған жоқ. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты күшейтіңіз, - деп Н.Машбек­ұлы жаңадан тағайы­ндалған  қалалық  білім бөлімінің басшысына тапсырма  жүктеді.

Ақзира Қасымова «Нұр Орда» бөбекжай-бақшасының маңына қоғамдық көлік келмейтінін алға тартты. Сол себепті ата-аналар мұнда бала­ларын әкелуді қиын­сынады екен. Қала әкімі бұл түйткілдің жақын арада шешіп  беретінін жеткізді.

Қалаға қоңсы қонған Белкөл кентінде бүгінгі таңда­ 5 мыңға тарта тұрғын бар. Халық­тың тең жартысы экономикалық тұрғыдан белсенді. Былтыр белкөлдіктер көгілдір  отынға  қол жеткізді. 4 көшеге асфальт төселді. Бұйырса, алдағы уақытта кентке қарасты Бірқазан елді мекені ауызсу желісіне қосылмақ. Сонымен қатар биыл Белкөлдегі 5 көше орта­ша жөндеуден өтпек. Осындай ауқымды шаралар легі бұл күні де жалғасын тапты. Көптен бері кент тұрғын­дары емхана қажеттілігі туралы жиі мәселе көтеріп жүрген-ді. Кеше аталмыш нысанның салтанатты түрде алғашқы кірпіші қаланды. Қала басшысы құрылыс жұмыстары 2 айдың ішінде толық тамамдалатынын жеткізді. Айта кетейік, жобаның жалпы құны – 158 млн теңге. Бас мердігер – «АХАТ+ГС» ЖШС.

Қазіргі күні тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрып­таудың маңыздылығы жо­ғары. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті сала  басшыларына  тапсырма жүктегені белгілі. Бұл ретте­ Қызылорда қаласының іргесіне­н тұрмыстық қатты қалды­қтарды сұрыптау кешені­ салынбақ. Айтулы жоба өткен жылдың қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Жобаның жалпы құны 1,329 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде полигон құрылысы – 1,094 млрд теңге, жол құрылысы – 235 млн теңге. Қала  басшысы  мұны  бастауға ниетті компаниялардың аздығ­ын айтты. Дегенмен, жобаны жүзеге асыруға «Техос­настка-Ремсервис» ЖШС ынта білдіргенін атап өтті. Бүгінгі таңда аталған серікт­естік полигон жерін тегіс­теп, кірме жол салу және ауызсу ұңғымасы мен конс­трукцялау жұмыстарын жүргізіп, толық аяқтаған. Облыс­т­ық  мәслихат  хатшысы Наурыз­бай Сейтқалиұлы бұл кешен­нің  маңыздылы­ғы­на  тоқталды.

Қазіргі күні қалаға қарасты елді мекендердің кіреберіс жолдары толық жөндеу­ден өткен. Десе де, 3500-ге тарта тұрғыны бар Қараөзек ауылдық округінің халқы біраздан бері жол азабын тартқ­ан-ды. Бүгінгі күні тиісті құрылыс жұмыстары бітуге жақын. Бұған жауапты мердігер мекем­е – «УАД» ЖШС.

– Қазір 7 ауылдық округ­тің және 2 кенттің кіреберіс жолдары түгелдей жөнделді. Соңғы 5 жылда жол жөндеу жұмыстарына 23 млрд  теңге  қаржы бөлінді. Сонымен қатар 100 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салын­ды. Қаладағы басты көшелер толық жөндеуден өтті. Енді біз көптен бері айтыл­ып жүрген шет аймақтағы ықшам аудандардағы көшелерге жол саламыз. Бұл мақсат­та тиісті қаржы қаралды. Ендігіде ауылдық округтердің ішкі көшелерін асфальттау басты назарда тұр, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Шаһар басшысы Сырдың бас қаласында атқарылып жатқан жұмыстар легі бұдан әрі жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол тұрғындарға Қызылорда қаласын гүлдендіруге шақырды. Қала мен ауылды аралап қайтқан Н.Машбекұлы мен Н.Байқа­дамов сапар­ соңында жергі­лікті жастармен  бірге  Б.Шү­кенов атындағы саябаққа көшет  отырғызды.

 

Қозы  Көрпеш  ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


ҚАЗАҚТА ҚАЖЫМҰҚАННАН АСҚАН КҮШТІ БОЛҒАН PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
11.04.2019 10:35

Қазақтың абы­ройын жер-жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел құрметіне бөленіп жүргенде бір отырыста мынандай сұрақ  қойылыпты:

– Осы біздің қазақта дәл өзіңіздей күшті бар ма? Болды ма, ке­зікті ме?

Сонда Қажекең:

– Бар ғой, менен де күштілер болған. Ба­луан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, - деп әңгімесін бастапты. – Осындағы бір азамат жалғыз өзімді қонаққа шақырды. Көбіне елге сыйлы азаматтар­, әншілер мен өнерпаздар бірге ілесіп жүретін. Шақырғандар барлығымызды қоса шақыратын да, отырыстың өзі көңілді, қызықты өтетін. Шақыр­ған үйдің мол дастарқанының төрінде – жалғыз­ мен. Үй иесі сөзге сараң, әлденеге алаңдаулы. Бір уақытта пар ат жеккен пәуеске сартылдата, қатты екпіндетіп келіп, есік алдына тоқтай қалды. Одан дембелш­е келген жігіт түсіп: «Ассалаумағалейкүм!» деп сәлем бере кіріп келді. Бір тізерлеп отыра қалып, нан ауыз тиді де, маған қарап:

– Қажы аға! Уақытым аз, асығыспын. Сізді қонаққа шақыра келдім. Осы қазір жүріңізші! - деп түрегелді. Атып тұрып, ере жөнелдім. Пәуескеге отырып, Ертіске­ келдік. Бір қайықшы қайығымен тосып тұр екен. Қайыққа отырдық. Содан өзен ортасындағы Түйемойнақ аралына алып келді. Аралда бір жігіт тайқазанға ет асып жатыр екен. Дастарқан жайып, тамақты түсіріп болған соң, мені әкелген жігіт қайықшы екеуі кетіп қалды.

Аралда әлгі жігіт екеуміз ғана. Тамақ ішіп болдық. Сонда ғана әлгі бауырдың шақырған себебін түсіндіргені.

– Аға, арманым елдің даңқын көтерген сізді бір көру, қонақ етіп, құрмет көрсету еді. Алла бұл тілегімді қабыл етті. Енді сізден бір өтінішім, мені бір сынап көріңізші. Өйткені, өз күшімді сынайтын адамды жолықтыра алмай жүрмін, - дегені.

– Қалай, күресіп пе? - деп сұрадым.

– Иә.

Аралда екеумізден басқа ешкім жоқ болса да, ағаштардың арасындағы тасалау жердегі алаңқайға ертіп барып:

– Жол сіздікі, жасыңыз үлкен, - деп аяғын алшақтау қойып тұра қалды.

Әлгіні олай-бұлай итеремін, тартамын. Тартып тұрып, итеріп қаламын. Итеріп тұрып, тартып қаламын. Тамырын тереңге жіберген емен секілді, былқ етпейді. Тұрған орнынан қозғалта алмай-ақ қойдым, қақиған мойны да иілмейді.

– Ал енді өзің көр, - деп кезекті бердім. Сол-ақ екен ол бір қолымен иығымнан қапсыра ұстады да, шыр айналдырып, дедектете жөнелді. Бір уақытта екінші қолымен қоса ұстады да, жерден көтере айналды­рды. Дүниежүзінің қаншама мықтыларымен күрессем де, еш уақытта мұндай күйге түспеген едім. Әлгі жігіттің қолында орамалдай желпілдеп, айнала ұшып жүрмін. Бір уақытта тік көтеріп алды да, жерге екі аяғыммен дік еткізіп қоя қойды. Сосын басын иіп, тізесін бүгіп, еңкейе тағзым етіп:

– Кешіріңіз, аға, жауырыныңыз жерге тимесін! - деді.

Күші асып тұр, тағы аға деп сыйлап, жықпай тұр. Басын иіп тұр. Ешкімді маңайына жолатпағаны да менің абырой-даңқыма сызат түспесін деген сақтығы екен.

Мен қазақ болып туғаныма, үлкенді сыйлаған әдет-ғұрпыма, оны білетін інілер барына қуанып, жүрегім елжіреп, иілген басын көтеріп, құшақтап алдым.­ Көзімнен жас та шығып кетті. Осындай ініні көтеріп, бағын ашсам, армансыз болатындаймын.

– Жүр, бауырым, менімен бірге. Дүниежүзінде саған­ тең келер ешкім жоқ. Өзім аралатамын, үнемі жаныңда боламын. Дүниежүзінің балуандарын енді сен жығасың. Жүр, менімен бірге! - дедім. Сөзіме, көңіліме риза болып тұр, бірақ басын шайқайды. Өмір бойы көре алмай жүрген туысын тапқандай, елжіреп ағалай береді.

– Аға! Жан аға! Дүниежүзінің балуандарын жығып, қазақты әлемге танытып жүрген сіз барсыз ғой! Мен несіне барамын? Менің жолым басқа болып тұр ғой, - дегені.

Байқағаным, аз сөйлейді. Айтқанынан қайтпайды. Қанша шақырғаныммен ермеді. Содан кейін ол жігітті жолықтыра алмадым, - деп балуан Қажымұқан сөзін аяқтап еді.

Қажымұқаннан басқа кісі болса, бұл әңгімені айтар­ ма еді?! Жасырмай айтқаны Қажекең тек ғана балуан емес, жүрегінің де, адамгершілік қасиетінің де зор екенін көрсеткендей.

Марлэс   САБЫРҰЛЫ

 


ҚОҢЫРДЫҢ БӘЙДІБЕК БИГЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР? PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
11.04.2019 10:30

Мен жас күнімнен үлкен кісілер­дің әңгімесін тыңдауға құмар болып өстім. Ертеректе сол үлкен кісілердің әңгімесінен «Кішкене атамыз көрші елдің бір байының жылқысын жалдан­ып бағып жүргенінде, қысқы боранда жылқысы ығып, қайтара алмай­ бірнеше күндер бойы ізіне ере беріпті, боран басылып, ыққан жылқы­ байырқаған жердің қары жұқа, ықтасыны мол жер екен, сол маңда жылқыны бағып, жазғытұры аман-есен байдың ауылына алып барған­да, тек асқатыққа сойған бір тайдан басқа малы түгел оралған бай риза болып, Қоңыр деген қызын Кішкенеге қосыпты» дегенді естуші едік.

Аудандық «Қазалы» газетінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі №77 (305) санында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шарафадин Алтынбайұлының «Біз Кішкене бабан­ың ұрпақтарымыз» атты мақаласын оқып, оның ішінде Кішкене бабаның ағасы Палуанға өкпелеп, Кішкененің техника жетілген осы заманда поезбен бір жарым күн, атпен­ жүретін заманда 20-30 күндік жерге ұзап кеткені несі екен деп, ойлану­мен жүретінмін. Себебі мен де, менің балаларым да сол Кішкене бабаның ұрпағынан өсіп-өніп жүрміз, бөтендігіміз жоқ. Менің үш құдам – Ұлы жүздің Қарашаұлы Бәйдібек биден тараған Албан руларынан. Менде бұрыннан жиналған Ұлы жүздің шежіре кітаптары болған,­ сол кітаптарды құдаларыма кезінде беріп жіберген едім. Алматыға бар­ғанда құдалармен кездесу кезінде шежіре­ туралы айтқан әңгімелерін тыңдаймын, жаңадан шыққан шежірелерін оқып, Ұлы жүздің таралу жолдар­ын жазып алғанмын. Көптеген бұрынғы шежірелерінде Бәйді­бекті бірі VІ-VІІ ғасырда, бірі ХІІ ға­сырда өмір сүрген деп келсе, соңғы зерттеушілер дәлелдерімен нақтылап, 11 қаңтар 2000 жылғы «Жетісу» газетіндегі «Бәйдібек пен Нұрила» атты мақалада және Алматы қаласынан 2012 жылы шыққан Жәлел Айдарх­анұлының «Албандар» атты және басқа да шежіре кітаптарында Қарашаұлы Бәйдібектің тарихи дерект­ермен 1356-1419 жылдары, Мақтым қожа Мағзомқызы Нұриланың  (Домалақ ана) 1378-1456 жылдары, олардың баласы Бәйдібекұлы Жарықшақтың 1398-1475 жылдары, Жарықшақтың үшінші кенже баласы Дулаттың 1426-1506 жылдары өмір сүргенін, Бәйдібек бидің 19 жастағы үшінші  әйелі Нұриламен 1397 жылы 41 жасында некелескені жазылған. Енді Албанның Алжанынан шыққан шежіремен айналысатын, құйма құлақ менің құдам Бақыт Мүсілім­ұлының шежіредегі ата санағын, Әлімнің Жаманақ (Шекті)-Кішкенеден шыққан жоғарыдағы мақала авторы­ Шарафадин Алтынбай­ұлы­ның ата санағымен салыстырып көрейік: Ұлы жүз ұрпағы - 1) Бәйді­бек би-2) Жарықшақ, (Бәйдібек бидің Қоңыр деген қызы болған болса)­-3) Албан-4) Сары-5) Сүйер­құл-6) Мәмбет (лақап есімі Алжан)-7) Сырымбет-8) Қангелді батыр (4 әйелінен 14 баласы болған)-9) Қангелдінің екінші баласы Қойбастың ұрпағы ақын Мұқағали Мақатаев, төртінші баласы Көшектің ұрпағы қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбаев, алтыншы баласы Түкенің ұрпағы Райымбек батыр, бесінші баласы­ Тілеукенің ұрпағы менің құдам Бақыт шығады екен.-10) Тоқтам­ыс-11) Бекмырза-12) Сәтек-13) Болтай-14) Қосалы-15) Шәкір-16) Мүсілім-17) Бақыт (1954 ж.т.)-18) Мақсат (1980ж.т.) -19) Әли (2006 ж.т.) Бәйдібектен 19 атада тұрса, оның балалары Жарықшақ пен нақты Қоңыр деген қызы болған болса, 18 атада тұр.

Енді, Кіші жүз ұрпағы -1) Әлім-2) Жаманақ-3) Өріс-4) Есенәлі-5) Кішкене-6) Жиеней-7) Әлдеберлі-8) Шақабай-9) Айса-10) Құдас-11) Аю-12)  Әлі-13) Бақы(1875-?)-14) Алтынбай (1900-1984)-15) Шарафадин (1950ж.т.)-16) Қайрат (1974ж.т.)-17) Диас (2000 ж.т.) - Әлімге осы күнгі туған Кішкене ұрпағы 17 атада тұрса, Кішкене 13 атада тұр.

Сонда Бәйдібек бұдан 2019 ж.-1356 ж.= 663 жыл бұрын туған, қызы Қоңыр (1400) ағасы Жарықшақтан (1398ж.т.) шамамен екі жыл кейін 1400 жылдар жобасында туған деп есептеп, 2019ж.-1400ж.=619 жыл бұрын туған, Қоңыр 619 жылды:  35 жасқа бөлгенде=18 атада тұр. Ал Кішкене 13 атада тұр. Сонда 5 ата айырма бар х 35 жас =175 жастағы 2 ғасырға жуық жасы үлкен Қоңырға Кішкененің үйленуі мүмкін бе? Шежір­е жазушылар әрбір аталықты бірі 30-дан алса, бірі 35-тен алған. Мен орташа 33-тен есептеп жүрмін. Бұл жолы 35-тен де, 33-тен де есептеп көрсем, Ұлы жүздің шежірешілері мен тарихшыларының зерттеулеріндегі Бәйдібек пен оның балаларының туған жылдары жобаға соғады. Әрине қазақта жылнамалар жазыл­маған, бірақ шежіре ауызша ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, жатталып, құйма құлақ шежірешілер арқылы бүгінгі күнге, яғни кеңес үкіметі орнайм­ын дегенше жеткен. Аласа­пыран, бас қайғы заманда сақтап қалған­ сиректе болса шежірелер шығып­ жатыр, ал мән бермегендер, отқа жаққандар болды. Кейбір рулар шежіресін әлі күнге дейін түгелдей алмай жүргені өтірік емес. Ал нағашы­ жағын зерттеу шежіреде қыздарды жазу қалыптаспаған, тіпті мүмкін емес десем болар. Себебі осы күнгі жастар нағашысы түгілі, өзінің екі атасынан арғы жағын білмейтіндері көп. Кішкене атамыздың Бәйдібек бидің бесінші ұрпағының қызы Қоңырға немесе Бәйдібек аттас адамның­ қызы Қоңырға үйленген болуы мүмкін ғой. Мен оқыған Ұлы жүз шежірелерінің бірде-бірінде Бәйдібек бидің Қоңыр деген қызы болған деген жерін таппадым. Сосын Кішкененің Сары Үйсін деген үлкен баласы нағашы жұртында қалыпты деген сөзді айтып жүргендерді де есітіп жүрміз. Бұл да жобаға жуыспайтын  әңгіме деп ойлаймын. Себе­б­і Ұлы жүз халқы тарайтын 11 рудың 7-еуі осы Бәйдібектен тарайды. Сары Үйсін де Кішкенеден 5 ата үлкен екені шежірелерінде жазылған. Әр ел өздерінің шежіресін біздің елден артық білетін болар деп есептеймін. Орта жүздегі Тобықты Абайдың немер­е інісі Құдайбердіұлы Шәкәрім Кіші жүз шежіресінің бастапқы таралу­ын жазғанда, Әлімнің алты баласы­ның екі баласы Айнық пен Тегенб­олатты лақап аттарымен бір баласы «Қарасақал» - деп, алтыншы баласын түгелдей алмай орнына Әліммен бірге туған Шөменнің баласы­ Шөмекейді Әлімнің балаларына қосып жіберген қателігін Мұхамеджан Тынышпаев көшіріп жазып, барлық шежірелерде Шөмекейді Әлімнен туғызып қойғаны сияқты, қонысы бөлек елдің шежіресін нақты өздеріндей үлкендеріміз біле бермеуі мүмкін. Есесіне өз елі шежірелерін бізден артық білетін болар. Ұлы жүз­дің шежіресінде Қарашадан Бәйді­бек, Байділда екі бала. Бәйдібектің үш әйелі болған: бәйбішесі Сыландыдан Сары Үйсін, екінші әйелі Зеред­ен Шапырашты, Ысты, Ошақты, үшінші әйелі Нұриладан жалғыз Жарықшақ туған. Жарықшақтан Албан,­ Суан, Дулатты туғызған. Бұл күнде тек осы үш рулы елдің өзі Ұлы жүздің 50-60 пайызын құрайды. Байділд­адан Ойық, Тілік, Сіргелі тараға­н деп жазылған. Мен Әлімнің бес баласын (Тойқожа-Әлім Кетесінен басқасын) ретімен бір қатарға жазып,­ ізіне ұрпағын тізіп, ішіндегі туған-қайтыс болған жылдары тарихи­ құжаттармен дәлелденген тұлғалардың: Жалаңтөс батыр, Әйтеке би, Дабыл, Жанқожа батырлар, Ерімбет шайыр, Көбек би, Үмбет би, Жетес билердің туған және қайтыс болған жылдарымен салыстырып жазып зерттеп­ көргенмін. Әрине бірнеше ғасыр бұрын туған аталардың бүгінгі күнде кіндігін кескен, немесе метркесін тауып алған адам жоқ. Дегенмен шежіре арқылы 10-20 жыл артық-кемі ауытқуы мүмкін, Әлім ұрпа­ғының туған жылдарының ұлы жобасын шығаруға болады. Әлімнің 1-ші, 2-ші балаларының бүгінгі ұрпақтары 17-18 атаға келіп жатса, 3-4-5-ші балала­рының ұрпақтары 17-16-15 атаға келіп жатыр, әрине оны заңдылық деп есептеуге болады. Біздің арғы тегіміз Алшыннан бері қарай шежіреміз дұрыс деп есептеймін. Себебі Шөмен ұрпақтары мен Он екі ата Байұлы шежіресіндегілер де 17-16-15 атада бізбен қатар екені айтылады. Сол сияқты Алматы қаласында тұратын даниялық және америкалық генети­калық гениологиялық ДНК зерттеу институттарының Қазақстандағы «Шежіре ДНК жобасының» директоры, он алты ұлттың ДНК-сын бес жылда зерттеген Баймұханов Нұрбол Болатұлының Қарасақалдың үш өкілі Сарыбас, Пұсырман, Шіңгір ұрпақтарының 2015 жылы жасалған ауыз қуыс эпителий материалының (проба) алынып, Американың генетикалық лабораториясына тапсырылып, зерттеулерінің анализі бойынша Ү(игрк) еркек жыныс хромосомасы ДНК-лары үш қарасақал аталықтардың және Әлім, Шөменнің көп­теген ұрпақтарынан материал алы­нып­ тексерілгенде, бір тектен – Алшын­ тегінен жаралғаны анықтал­ған. Бұл шежіредегі Алшынның жоғар­ғы аталарын білмегенмен Қадырқожа (Қаракесек) және Қыдырқо­жа (Байұлы) шежірелерінің дұрыстығын, Алшын, Қаракесек, Байұлы, Байсары, Әлім, Шөмен арғы аталарымыздың өмірде нақты болғанын дәлелдейтін құжат деуге болады.

Төлепберген  ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ,

Еңбек  ардагері,

Қазалы  ауданы

 


«Шабытпен салған дүние сұлу болмақ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
11.04.2019 10:00

Суретші десе, көз алдымызға табиғатта қылқаламмен бояу түрлерін үйлестіріп отырған шығармашылық адамы елестейді. Көбіне өнер туындысы адамның жан дүниесі кеңіп сала бергенде дүниеге келеді екен. Өңірімізде қылқаламды өміріне серік еткен, түрлі бағыттарда картина жазатын суретшілер аз емес. Десек те, бұл өнерге бас идіре білудің өзі – өнер.

Жас суретші Фаризаның туындыларын көргенде таңғалғанымыз рас. Майлы бояумен көмкерілген картиналарының мағынасы да бөлек, тартымдылығы да ерекше. Таланты мен шеберлігіне көз майы мен еңбегін үйлестіріп жазылғаны көрініп тұр. Сәті түскенде Фариза Қалибекқызымен жүздесдік.

- Фариза, ұшталған шеберлігіңіздің нәтижесінде жазылған картинаға жоғары баға берушілер көп. Суретшілік өнеріңіз әңгімеміздің әлқиссасы болсын...

- Сурет салуға бейімділігімді ата-анам бес жасымнан бастап­ аңғарған. Сол талантымды ұштап, осы бағытқа бет бұрдым. Қаламыздағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің «Өнер» бөлімін аяқтап, Қорқыт ата атындағ­ы ҚМУ-да білімімді жетілдірдім. Қазіргі таңда осы оқу орнының кәсіптік оқыту мамандығы бойынша магистранты­мын.

- Көбіне қандай бағыттағы картиналарға мән бересіз?

- Әртүрлі. Көбіне портрет салумен айналысамын. Бірақ, қазіргі таңда барлық жанрды қамти отырып жұмыс істеп жүрмін. Графикалық суреттерді қара қарындаштармен, ал кескіндеме өнерінде майлы бояуларды қолданамын.

- Бала кезіңнен бейім өнер саласында қандай жетіс­тіктеріңіз  бар?

- Қалалық, облыстық шаралардан қалмай қатысуға тырысамын. Барлығын тізіп айтпай-ақ қойғаным дұрыс шығар (күліп). Дегенмен, студент шағымда Алматы қаласындағ­ы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жоғары оқу орындарында білім алатын студенттерге арналған республикалық пәндік олимпиадасында «Мәңгілік ел» (суретте – ред.) деп аталатын композициялық туындым ІІ орын иеленді. Дәл осы бағыттағы үздік еңбектерім үшін сол кездегі ҚР Білім және ғылым  министрі  А.Сәрін­жі­пов­тің  марапаты  бұйырды.

- Қандай да бір туындыңызды жарыққа шығарардағы  көңіл-күйіңізбен  бөліссеңіз...

- Әрине, жұмысты бастамас бұрын қалың ойдың жетегінде жүремін. Көз алдыма туындымның салынып жатқанын, бояуларын, аяқталғанын елестетіп, қиялым мен ойымның үлкен «жетістігіне» мән беремін­. Отыра­ қалып, қолға қалам мен бояуды ұстап, шимайлай беру деген­ нәрсе болмайды. Әр туындым­ды еңбегімнің жемісі деп ғана емес, жан дүниемнің көрінісі, сұлулықтың сим­волы­ деп қараймын. Әр жазған карти­нама құн­дылық деп баға беремін. Сондықтан көңілдің көкжиегін ашып, шабытпен салған дүние  ең  сұлу  болмақ.

- Туындыларыңызды  ақшаға  бағалайсыз  ба?

- Жалпы, шығармашылық адамын алып қарайық. Әншілер мен бишілерге тойда ән айтып,­ би билеп беруге, ақындарға біреуге арнап жыр жазуға ұсыныс түсетіні анық және ақиқат. Ол сіздің жақыныңыз болса, ондай өтініштерден бас тарту да оңай емес. Дегенмен, уақытыңды қиып, соны орындауға тырысасың. Сол секілді суретшілерге де өзінің портретін, өзгенің қуанышы­на арнап тапсырыспен портрет салу секілді ұсыныстар жиі түседі. Тіпті, дайын картина­ларды  сыйға  беру  үшін сатып алатындар  бар. Сондықтан көз майын тауысып­, ыждағаттылықпен дүниеге келген ең­бек­тің ақысы адал деп есептеймін.

- Ешкім білмейтін, жұртқа көрсетуге қыз­ғанатын, ең құнды  әрі құ­пия картинаңыз  бар  ма?

- Рухани болмысым ашық, кең бол­ғандық­тан ондай жұмбақ, жасырын дүниелерді әлі өмірге  әкелгенім жоқ. Бәл­кім, болашақта өзгеден де, өз-өзімнен де қызғанатын туын­дының авторы атанармын. Барлығы уақыт  еншісінде.

- Әсерлі әңгімеңіз үшін  мың  алғыс!

Сұхбаттасқан  Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары