Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Жұма, 03 Мамыр 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА IT-ЭШЕЛОН ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2019 10:10

Жобаның мақсаты - веб-бағдарламалау саласында IТ мамандарын даярлау.

«Бұл жоба аймақтағы ІТ мамандарының кадрлық резервін құруға, атап айтқанда, веб-бағдарламалау саласында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру жұмыспен қамту, ІТ-қоғамдастығын мен технологиялық кәсіпкерлікті дамыту және қолданыстағы мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді. Аталмыш жоба халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын да қамтиды және бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешеді деп сеніммен айтуға болады. Ең бастысы, жоба «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін әлеуметтену мәселесін, сондай-ақ, тұрмысы төмен және маргинал жастар арасында масылдық көзқарасты болдырмау мәселесін шешеді», - деп атап өтті Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының бөлім меңгерушісі Юлия Тремасова.

Бұл жобаның басым бағыты ретінде пайдаланушы интерфейсін құруда "frontend" таңдалды. Мамандардың аталмыш санаты жұмысқа орналасу мәселесінде сұранысқа ие. Сондай-ақ, жоба шеңберінде технологиялық кәсіпкерлікке, стартаптарды ұйымдастыруға және бизнес-құралдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, курс бағдарламасы Қазақстанның ІТ-жұмыс берушілері ұсынатын нақты жобалармен жұмыс істеуге толық дайын болатындай етіп жасалған.

Жоба ұйымдастырушылардың мәліметіне сай, қатысушылар бірнеше бағытта сабақ алып үлгерді: HTML-құжат құрылымы, базалық ұғымдар, теориялар, стильдеудің базалық мүмкіндіктерін зерттеді, формалармен жұмыс істеуді үйренді, базалық өлшем бірліктерін және позициялау механикасын зерделеді, селекторлардың не екенін және олармен қалай жұмыс істеу керектігін білді, CSS-ның кейбір озық мүмкіндіктерімен танысты. Одан ары олар ойындар мен мобильді қосымшаларды әзірлеу, өзінің Telegram-ботты құру, VR/AR технологиялары, құрылымын әзірлеу туралы және стартап үшін супер команданы қалай құру керектігі жайлы білім алды.

Кездесулерге Mail.ru, Tinkoff, Bugart Games, Яндекс , Chocofamily, Doctor.kz, Kazdream.kz, Kompra сияқты танымал компаниялардың өкілдері қатысуда.

Осы жобаны іске асыру барысында әрбір сарапшы, баяндамашы, инвестор мен бизнес иесі ментор рөліндегі тыңдаушыны анықтайды. Сондай-ақ, ұйымда практикадан өткізу және одан ары жұмысқа орналастыру мүмкіндігін өзіне қалдырады.

Аталмыш жоба бойынша жұмыс 6 айды (2019 жылдың наурыз – қыркүйек аралығын) қамтиды. Оның ішінде  онлайн оқыту, сауалнама жүргізу және қатысушыларды іріктеу, семинар, воркшоп, кездесу мен  бизнес-модель ойындары өткізіледі. Жобаға 14-35 жас аралығындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері, студенттер, оқушылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған 200 қатысушы 437 өтінім берушінің арасынан іріктеліп алынды.  Оқыту ақысыз негізде жүргізіледі.

Жоба Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы жанындағы "Ақпараттық технологиялар орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Облыс әкімінің  баспасөз қызметі

 


Полиция департаментінің бастығы әлеуметтік желі арқылы халықпен байланыс орнатуда PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.05.2019 16:55

Полиция полковнигі Заппаров Арыстанғани Расылханұлы әлеуметтік желі арқылы Сыр өңірінің тұрғындарын ашық диалогқа шақырды. Қызылорда облысы Полиция департаментінің жаңадан тағйындалған бастығының жазбасы Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылған.

Арыстанғани Расылханұлы өз жазбасында «Бүгінгі күні қазақстандық полиция жұмысының басты бағыты – ашықтық пен қолжетімділік. Ол үшін қалың бұқара халықпен тығыз бірлікте жұмыс жасау маңызды. Ел сенімін шырақ қылған қоғамдық тәртіп сақшылары, өз міндеттерін сапалы орындауды басты мақсат деп біледі. Халықпен біте қайнасып қызмет ету әрбір маманның беделі мен мерейін өсірері анық» деп көрсетті.

Сонымен қатар, Департамент бастығы әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы барша әлеуметтің, кез келген тұрғынның ой-пікірін тыңдап, олардың түйткілді мәселелеріне заң шеңберінде бағыт-бағдар беріп, жүйелі де, орнықты көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары