Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Сенбі, 04 Мамыр 2019

БИЫЛ «АРАЛТҰЗ» ҚЫТАЙ НАРЫҒЫНА ШЫҒАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2019 17:10

Өндіріс орны 23 өнім түрін шығарады.

2017 жылы Аралдың тұзы Әзірбайжан мен Грузияға экспорттала бастады. Сонымен қатар, 2018 жылы «Аралтұз» АҚ алғаш рет украин нарығына 462 тонна тұз жөнелтті. Ал 2019 жылы тауар көлемін Украинаға 3 есеге, ал ресейлік нарыққа жөнелтілетін өнім көлемін 20%-ға арттыру жоспарланып отыр.

«Қазіргі таңда «Аралтұз» АҚ өз өнімінің 65%-ын шетелге шығарады, соңғы 3 жылда Ресей нарығының 13%-ын жаулап алса, Қырғызстандағы үлесі 50%-ды құрайды. 2017 жылы Аралдың тұзы Әзірбайжан мен Грузияға экспорттала бастады. Алдағы уақытта тауар өткізу нарығын кеңейтуді, ал 2019 жылдан бастап Қытай нарығына шығуды жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқашев.

Индустрияландыру картасы аясында кәсіпорында тұз шығаратын испандық 2 цех іске қосылды. Зауыттың қайта жаңғыртылуы еңбек өнімділігін екі есеге арттырып, 1200-ден астам адамды жұмыспен қамтуға, қызметкерлердің жалақысын 60 пайызға дейін арттырып, өнімнің өзіндік құнын 40 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында жұмысшылардың басым бөлігінің жалақысы 26%-ға артты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қазалыда пакетке оралған нәресте табылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2019 14:20

Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде көшеден табылған шарана ит-құсқа жем бола жаздады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Полиэтилен пакетке оралған сәбиді жабайы мысықтар жеуге оқталған. Абырой болғанда шақалақтың іңгәлаған дауысын естіп тұрғындар көмекке ұмтылған. Денесінде жаны бар сәбиді куәгер дереу үйіне апарып, кіндігін кесіп, жедел-жәрдем қызметкерлеріне берген. Ал тәртіп сақшылар қазір безбүйрек ананы іздестіру үстінде.

«Айы-күні жетіп туылған бала. Сәбидің кіндігі кесілмеген, жолдасымен жүр. Сонымен кіндігін кесіп, жедел жәрдем шақырып, перзентханаға алып кетті. Пакетті мысықтар тырналаған», - дейді Әйтеке би кентінің тұрғыны Перизат Аймағанбетова.

Көрер жарығы бар шақалақ бүгінде аудандық аурухананың перзентханасында жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің денсаулығы қанағаттанарлық. Салмағы 2 келі 700 грамм. Оған ақ халаттылар Рамазан деп есім қойып үлгерген.

«Алған анализімізде жасаған басқа да тексерістерде нәрестенің денсаулығы жақсы деп айтуға болады. Баланың қазір құжаттары дайындалып жатыр. Біз Қызылордадағы сәбилер үйінің заңгерімен хабарласып, керекті құжаттарды дайындап, содан кейін Қызылордадағы сәбилер үйіне өткіземіз», - дейді Қазалы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақытгүл Алишева.

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары