Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 06 Мамыр 2019

Қызылордалық полицейлер жоғалған үш жастағы бүлдіршінді тапты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.05.2019 09:30

ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Кезекші бөліміне 2019 жылдың сәуір айының 30-ы күні сағат 20:20 шамасында, Төретам кенті тұрғынынан 3 жастағы қызы белгісіз бағытқа шығып жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлама түсті. Хабарлама бойынша дереу ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Нұржан Әбенов барып, сұрастыру және жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында көше бойында белгісіз бағытқа кетіп бара кішкентай қызды байқап, қасына барып, өзіне бекітілген қызметтік автокөлігімен аталған мекенжайға апарып, ата-анасымен қауыштырып, ата-анасының ризашылығын және алғысын алды.

Полиция лейтенанты Әбенов Нұржан Сайранұлы ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері және атқаратын лауазымында бір жылдан астам қызмет атқарады.

Қызмет атқару барысында өзін сауатты, кәсіби дайындалған қызметкер ретінде тек жақсы жағынан көрсете білді. Ішкі істер органдарының қызметін реттейтін бұйрықтарды, нұсқауларды және нормативтік кесімдерді жақсы біледі және олардың талаптарына сәйкес күнделікті жұмысты ұйымдастырады.

Әріптестері арасында сыйлы, сапта жинақы Нұржан Әбеновтың үлгілі жұмысы арқасында бүлдіршін бала табылып, аман-есен ата-аналарына тапсырылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


Кәсіпкердің жер телімі өзінде қалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.05.2019 17:40

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына бұл жолы көмек сұрап жеке кәсіпкер Марат Ерниязов келді. Ол палата мамандарынан сотта құқығын қорғауды сұрады.

Кәсіпкер 2009 жылы Арал қаласынан 220 шаршы метр жер телімін алып, бұл жерде монша салмақшы болады.

Жерді кәсіпкер танысынан алғандықтан құжаттарын рәсімдеуге асықпайды. Алайда оның сенгіштігі кейін өзіне зиянын тигізіп, кәсіпкерге жерін сатқан танысы құжаттарды берудің орнына Мараттың өзін сотқа береді.

Ұзаққа созылған дау Марат Ерниязовқа алған жер телімін уақытылы игеруге мүмкіндік бермейді. Ал бұл аралықта, яғни 2017 жылдың қазан айында Қызылорда облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы кәсіпкердің жер теліміне сырттай тексеру жүргізіп, шара қабылдау туралы ұйғарым береді.

Алайда Қызылорда облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының өкілдері тарапынан тексеру жұмыстарын жүргізу барысында жеке кәсіпкер мен жер телімін сатушының соттасып жатқандығын, қолында жердің құжаты болмағандықтан кәсіпкердің жер телімін игере алмай отырғандығын назарға алмаған. Осындай дау-дамайдың салдарынан кәсіпкер мерзімінде жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге де тапсырыс бере алмаған.

Кәсіпкер Ерниязов 2018 жылдың қаңтар айында жер теліміне қатысты құқық беретін құжаттарына қол жеткізеді. Мұнан өзге 2018 жылдың желтоқсан айында сот жеке кәсіпкер Ерниязовты 2017 жылдың қазан айындағы ұйғарымды орындамағаны үшін тартылған әкімшілік жауапкершіліктен босатады.

Қолында құжаттары болғаннан кейін Марат Ерниязов өткен жылдың жазынан бастап аталмыш жер телімінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастайды. Атап айтқанда, моншаның іргетасы қаланып, қабырғасын тұрғызған.

Сотта Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері сот отырысына қатысып, Қызылорда облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының кәсіпкердің жерін алып қоюға қатысты берген талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды.

Осылайша тағы бір кәсіпкер өз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Қазалы ауданының әкімі соғыс ардагеріне үй берді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.05.2019 17:35

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Лепес Әуесбаев ақсақалға мерекеге орай құрмет көрсетіп, тұрғын үйдің кілтін табыстады. Сонымен қатар аудан басшылығы жаңа үйдің қоныстойына теледидар тарту етті.

Өз кезегінде Лепес Әуесбаев аймақ басшысына, аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Айта кетейік, Қазалы ауданынан 10 770 азамат майданға аттанса, 6229 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күні 5 ардагер арамызда отыр.

 


ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ ХІІІ АУДАНДЫҚ СЛЕТІ ӨТКІЗІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.05.2019 17:30

Бүгін орталық алаңда Жалағаш ауданы мектептері әскери-патриоттық клубтарының Отан қорғаушылар күні мерекесіне және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына арналған аудандық слеті өтті.

Слетке кент және ауылдық округтерден 200 оқушы қатысты.

Ең алдымен аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев бастаған басшылық құрам мен бір топ ауған соғысының ардагерлері орталық алаңда орналасқан «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтардың рухына құран бағыштап, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты шара орталық алаңда мектептердегі әскери-патриоттық клуб мүшелерінің қатысуымен өткен саптық байқауға ұласты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін слеттің маңыздылығына тоқталған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев салтанатқа қатысушыларды, сарбаздарды айтулы мерекемен құттықтады.

- Аталарымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен осы ұлан-ғайыр жерді қорғап, бізге мұраға қалдырды. Аудан жұртшылығы бүгінгі күні еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін қорғауға лайықты үлесін қосуда, - деді аудан басшысы.

Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, қоян-қолтық ұрыс әдіс-тәсілдері көрсетіліп, салтанатты шеруге ұласты.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылордада «Адалдық музейі» жұмысын бастады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.05.2019 17:17

Мамыр айынан бастап облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» филиалына кіру кассирсіз жүргізілетін болды.

Қызылордалық музей саласының қызметкерлері былтырғы жылдан бастап қолданысқа енгізілген «Адалдық дүкендерінің» жалғасы іспетті «Адалдық музейін» тәжірибеге енгізді.

«Адалдық музейінің» мақсаты – халық арасында адалдық пен шыншылдық қасиетін қалыптастыру. Ендігі кезекте музейге кіріп, жәдігерлерді тамашалап, өлкенің тарихымен танысу үшін келушілер билеттің құнын төлеп, билетті өздері алады. Оларды бақылайтын бейнекамера да, кассир де жоқ. Билеттің бар-жоғын тіпті музей қызметкерлері де тексермейді. Бұл жерде адамның тәрбиесі мен ұяты өзіне төреші болады.

«Облыс бойынша 200-ге жуық «Адалдық дүкені» ашылған. Олардың басым көпшілігі – мектептерде. Сонымен қатар, бірқатар ЖОО, колледждер мен мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуде. «Адалдық дүкендерінің» және «Адалдық музейінің» басты мақсаты адамдар арасында адалдық, шыншылдық қасиеттерін, өзара сенімді қалыптастыру, кісі ақысын жемеуге тәрбиелеу болып табылады», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» филиалының ғимараты – 1905 жылы салынған архитектуралық тарихи мұра. 1917 жылдан бастап әскери казарма болған ғимарат қалпына келтіріліп, 2004 жылы музей болып ашылған. Музей Қызылорда қаласының тарихын қамтитын материалдар қойылған 4 залдан тұрады.

Музейдің 2000-ға жуық экспонатын күніне 100-ден астам қала тұрғындары мен қонақтары тамашалайды.

 

Бағдат  Әбдіқадыров

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.05.2019 17:00

Жаңа ресурстық орталық Сырдарияның сол жағалауында орналасқан.

Ресурстық орталықта IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы қарастырылған және тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев облыс жастарын заманауи ресурстық орталықтың ашылуымен құттықтады.

«Әрине, аға ұрпақтың ізгі ісі – жастарға оң жағдай жасау. Биылдың өзінде аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 500 млн теңгеден аса қаржы қаралса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жариялаған биылғы Жастар жылына орай қосымша 70 млн теңге қаржыға жаңа бастамалар бірінші кезекте қолдау тапты», - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, аймақ басшысының тапсырмасымен ресурстық орталық тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Жастар орталығы ғимараты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде «ҚазГермұнай» Біріккен кәсіпорны» ЖШС демеушілік қолдауымен пайдалануға беріліп отыр.

Аталмыш орталық интернет-кітапхана және антикафе, IT-парк, жаттығу және конференц-залдарын қамтиды.

Айта кетейік, соңғы бес жылда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі тұрақты төмендеп (5,1-ден 4,2-ге), экономикалық белсенді жастардың саны артты (3 мың жасқа).

Сыр өңірінің 510 түлегі Ресей Үкіметі грантымен Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі инженерлік жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Ал 900 жуық дарынды да талапты ауыл балалары облыс әкімінің арнайы грантымен республиканың озық жоғары оқу орындарында аймаққа қажетті мамандықтарды игеруде. Сонымен қатар, 4,5 мыңнан астам сырбойылық жас «Серпін» бағдарламасы аясында орталық, шығыс-солтүстік аймақтарының  оқу орындарында оқып жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК БОЙЫНША 116 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.05.2019 15:30

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүзеге асыру бойынша өңірлер рейтингісінде Қызылорда облысы (Шығыс Қазақстан облысынан кейін) екінші орында тұр.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев атап өткендей: «мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бұл біріншіден – жергілікті бюджетке ауыртпалықты азайту, инвестиция тарту және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Ал инвестор үшін – ұзақ мерзімге тұрақты бизнес ашу».

"Қазіргі таңда аймақта 34 млрд. теңгеден астам қаржыға 116 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде 38 жоба бойынша 13,8 млрд. теңге сомаға келісімшарт жасалған. Облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары экономиканың барлық салаларында жүзеге асырылуда. Ауылдық жерлердегі жобаларға басымдық берілген, нақты айтқанда жобалардың жалпы санының 67% -ы тиесілі. Бұл ретте кірістің ішкі нормасының IRR - өлшенген көрсеткіші қолданылады. Жобалар бойынша орташа көрсеткіш 11%-ды құрайды, бұл республикада ең үздік көрсеткіштің бірі болып табылады", - деді аймақ басшысы селекторлық режимдегі Үкімет отырысында.

Мәселен, облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында сәтті жүзеге асырылған жобалар қатарында 2017 жылы ашылған, бір ауысымда 400 адам қабылдайтын және 43 мың адам үшін диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізуге мүмкіндік беретін жаңа емхананы айтуға болады. Бұл жоба бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы бойынша концессиялық жобаның орнына іске асырылды. Осылайша, облыс 3,6 млрд. теңге сомасында бюджет қаражатын үнемдеп, 2 жылға арналған жобаны жедел түрде жүзеге асырып отыр.

Сонымен қатар, "жасыл экономиканы" дамыту аясында бірқатар әлеуметтік нысандардың қазандықтары жаңғыртылды. Биылғы жылы табиғи газға 31 әлеуметтік нысан көшіріледі (1 нысан пайдалануға берілді). Сондай-ақ, облыс орталығының жарықтандыру жүйесін жаңғырту жоспарлануда. Бұл ретте, жекеменшік серіктестікке төлемдер нысандарға бөлінетін қаржы мен оларды пайдалануға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен жүргізіледі. Бұл өз кезегінде энергия үнемдеу режиміне көшуге мүмкіндік береді.

Облыста жергілікті бюджеттен қосымша төлемдерді талап етпейтін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүзеге асыруға басымдық берілген. Оның қатарында облыс орталығының қоғамдық көліктеріне электронды билет орнату, Қызылорда қаласында 730 орындық студенттік екі жатақхананың құрылысы және Қызылорда қаласы бойынша мектеп асханаларын сенімді басқаруға беру жобалары бар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қазақстанда «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.05.2019 12:10

2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.

Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады.

Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store,Google Play market-те қолжетімді.

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезінде, яғни 100 күн ішінде 100 смартфон ойнатылады.

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары