Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 07 Мамыр 2019

ЖЕҢІС КҮНІНЕ АЛАМАН БӘЙГЕ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.05.2019 10:00

7 мамыр күні «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай Арал ауданы әкімдігінің жүлдесі үшін ат бәйгесі өтті.

Арал ауданы әкімдігінің жүлдесін жеңіп алу үшін Түркістан облысы және Қызылорда облысына қарасты аудандардан келген шабандоздар жалдарынан жел есіп, атқан оқша зулаған сәйгүліктерінің қарымын осы дүрмекте сынап көрді. Барлығы 50-ге жуық сәйгүлік қосылған дүбірлі дода – тай жарысы, құнан, топ, аламан бәйге болып төрт топқа бөлініп өткізілді.

Бәйге тай жарысынан басталды. Ауыздықтарымен алысқан 8 арғымақ тұяқтарымен Арал қаласындағы ипподром алаңын дүбірлетіп, 5 шақырым қашықтыққа шапты. Сәйгүліктердің ішінен Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылының тұрғыны О.Төкешовтың «Алтын тай» торы жүйріктігін танытып бірінші келді (100мың теңге). Ал ауданға қарасты Қарақұм ауылынан келген А.Өтегеновтың «Тұмар» атты торы қасқасы мәре сызығын екінші болып кесті (75мың теңге). Ал жүлделі үшінші орынға Арал қаласының тумасы Ы.Алпысбаевтың «Ақпейіл» атты тұлпары ие болды (50мың теңге).

Содан кейін 10 шақырымдық құнан бәйге жарысы басталды. Онда 11 тұлпар бақ сынады. Құнан бәйгеде Шымкент қаласынан келген Ж.Тоңзақбаевтың «Турнир» атты жирен қасқасы топ жарды (150 мың теңге). Жаңақорған ауданынан келген А.Мұсылманқұловтың «Доллар» атты күрең қасқасы екінші болып келсе (100 мың теңге), Қызылорда қаласының тұрғыны Ә.Асыланұлының «Нұртөбел» атты торы аты үшінші жетіп, жүлдегерлер қатарына ілікті (70мың теңге).

Ат жарысы 15 шақырымдық топ бәйгесіне ұласты. Бұл сында Түркістан облысы, Шолаққорған ауылының тұрғыны Ғ.Оралбайдың «Ерторы» атты сәйгүлігі мәре сызығын  бірінші болып кесті (200 мың теңге). Ал Шымкент қаласынан келген Ж.Тоңзақбаевтың «Жұлдыз» атты қаракері екінші (150 мың теңге), Қазалы ауданы, Пірімов ауылынан келген Келман Бекжанның «Жел күрең» аты үшінші орынға ие болды (100 мың теңге).

Бәйгедегі ең қызығы – аламан бәйге. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» демекші, нағыз жүйрік тұлпарлар осы 20 шақырымдық аламан бәйгесінде анықталды. Көпшіліктің асыға күткен аламан бәйгеге 5 жүлде тағайындалды. Сонымен бұл жарыста бас жүлде Шымкент қаласынан келген Ж.Тоңзақбаевтың «Дастархан» атты сәйгүлігіне бұйырды (600 мың теңге). Бәйгенің бас жүлдесін аудан әкімі М.Оразбаев табыс етті.

Аламан бәйгеде екінші жүлде Қарақұм ауылының тумасы Д.Ақжановтың «Ақжайық» атты жүйрігіне берілсе (400 мың теңге), үшінші орынды Көктем ауылы, Т.Пірназаровтың «Миллион» (200 мың теңге) атты көк қасқасы еншіледі. Сонымен қатар, ауданға қарасты Қызылжар ауылынан Б.Берекетовтың «Томирис» (150 мың теңге) атты күрең қасқасы төртінші, Көктем ауылы Б.Елмағанбетовтың «Ақбақай» (100 мың теңге) атты торы аты бесінші орынды иеленді.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА БОКСТАН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА V ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.05.2019 17:20

Жарыс Қазақстанның барлық өңірлерінен келген спортшылардың қатысуымен 2-7 мамыр аралығында өтті.

"Мұз айдынында" өткен спартакиаданың жабылу салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев боксшыларды марапаттады. Сондай-ақ, аймақ басшысы Таиландтың Бангкок қаласында өткен бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы Тұрсынбай Құлахмет пен күміс медаль иегері Қамшыбек Қоңқабаевты құттықтап, оларға 1 миллион және 500 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Сондай-ақ спортшыларды марапаттау рəсіміне  ҚР Бокс  федерациясының  вице-президенті  Юрий Цхай, ҚР еңбек сіңірген ардагері Серік Əбдінəлиев,  облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, ҚР бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов, ҚР бас жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев,  ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Абдрахманов жəне ауыр атлетикадан 4 дүркін Əлем чемпионы Илья Ильин қатысты.

Айта кетейік, спартакиадаға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен республиканың барлық облыстарынан 10 салмақ дәрежесінде боксшылар қатысты.

Одан бөлек, сайыс қорытындысымен "Жеңіске деген жігері" номинациясына қызылордалық Оңталап Рахманов, "Үздік техника" - Нұр-Сұлтан қаласынан Айбек Оралбай,  "Үздік төреші" - үш жұлдызды төреші  Азамат Жақиянов (СҚО) ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, спорттың 40 түрінен V жазғы спартакиада республика бойынша ағымдағы жылдың ақпан айынан тамыз айында дейін өткізіліп келеді. Соның ішінде Қызылорда облысында гандбол мен бокстан спартакиада өткізу жоспарланған.

СПАРТАКИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

49 келі

1. Асхат Жүсіпов - Нұр-Сұлтан қ.

2. Жомарт Ержан - Түркістан

3. Жандос Несіпжан - Алматы

3. Ермек Мадиев - Жамбыл

52 келі

1. Сəкен Бибосынов - Түркістан

2. Евгений Павлов - СҚО

3. Абай Қуандықов - Ақтөбе

3. Азат Махметов - Нұр-Сұлтан қ.

56 келі

1. Нұрбол Қалжанов - Маңғыстау

2. Ілияс Сүлейменов - Нұр-Сұлтан қ.

3. Оразбек Асылқұлов - Ақмола

3. Нығметулла Молдашев - ШҚО

60 келі

1. Саматали Төлтаев - Маңғыстау

2. Əділет Құрметов - ШҚО

3. Ерсұлтан Булат - Ақмола

3. Серік Теміржанов - Павлодар

64 келі

1. Ділмұрат Мижитов - Алматы қ.

2. Нұржан Мақашбаев - Алматы

3. Сабыржан Бекбергенов - Ақмола

3. Сабыржан Əбілов - Қызылорда

69 келі

1. Талғат Шайкен - Ақмола

2. Аятулла Такижанов - Павлодар

3. Станислав Цой - Жамбыл

3. Қанағат Маралов - Нұр-Сұлтан қ.

75 келі

1. Тимур Нұрсейтов - Нұр-Сұлтан қ.

2. Ермахан Жакпеков - ШҚО

3. Ерсұлтан Советов - Қарағанды

3. Амандық Манашев - Атырау

81 келі

1. Нұрбек Оралбай - Нұр-Сұлтан қ.

2. Ерік Əлжанов - Маңғыстау

3. Қуандық Жүсіп - Қызылорда

3. Дінислам Абдешов - Түркістан

91 келі

1. Айбек Оралбай - Нұр-Сұлтан қ.

2. Оңталап Рахманов - Қызылорда

3. Бекзад Нұрдаулетов - Маңғыстау

3. Абзал Құттыбеков - Түркістан

+91келі

1. Нұрболат Сермаханов - Нұр-Сұлтан қ.

2. Сержан Сейтімбетов - Ақтөбе

3. Данила Семенов - Қостанай

3. Нұрсұлтан Аманжолов - Жамбыл

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ мен ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.05.2019 15:40

Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев жиналған қауымды майданнан оралмаған және кейін дүниеден озған арыстардың аруағына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды.

«Сіздерді Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 27 жыл толуымен және Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Кешегі майдангерлерімізге, бүгінгі әскеріміздің айбынын асқақтатар сардарларымыз бен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Осынау қасиетті мереке күні біз азаматтық арды ту етіп көтеріп, істерінің ақ та адал екендеріне имандай сеніп, дүниедегі ең қымбаты - өз өмірлерін құрбандыққа шалып, шейіт болған ерлердің аруақтары алдында терең ілтипат сезіммен бас иеміз! Майданда қар жамылып, мұз жастанған жауынгерлеріміздің жеңіске жетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, рухани демеу болған, осылайша, жеңіс сағатын жанқиярлық істерімен жақындата түскен тылдағы еңбеккерлер де сүйіспеншілік пен ыстық ықыласқа лайық»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, биыл Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 400 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. Оның ішінде ҰОС ардагерлеріне 202 мың теңгеден, соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталғандарға 126 мың теңгеден, ҰОС кезінде 6 айдан кем емес жұмыс істегендерге 75 мың теңгеден берілді.

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында аймақ басшысы Отан қорғаушыларды құттықтап, «тәуелсіздігіміз бен тірлігімізді, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзететін, халқымыздың қорғаны ұлттық әскерді» ерекше атап өтті.

«Ел намысын өз тағдырынан жоғары қойған, жауынан тайынбаған да алдында басын имеген, дұшпанына тізерлемеген Ұлы Даланың бүгінгі ұрпағы да елінің еңсесі биік, шекарасы берік, халқы тыныш болуы үшін қолдан келгеннің бәрін аянбауға  дайын. Соңғы кездері әлемде болып жатқан түрлі оқиғалар, террорлық актілер, Таяу Шығыстағы әскери қимылдар ықтимал қатерге дайын болу керектігіне назар аудартумен қатар, сақтық шараларын жасауды қажет етеді. Сондықтан, біздің әскеріміз әрқашан дайындықта жүруі тиіс!»- деді аймақ басшысы.

Шара соғыс жылдарындағы әндердің концертімен жалғасын тапты.

Кеше, 6 мамыр күні Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің салтанатты қабылдауы өтіп, облыс әкімі ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, мамыр айының бірінші онкүндігінде облыста Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай көрмелер, концерттер, ардагерлермен кездесулер өтуде. Ал 9 мамыр күні "Тағзым" алаңында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара мен шеру өтеді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАРМАҚШЫДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.05.2019 14:50

Бүгін Жосалы кенті орталығындағы Көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйі» алаңында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Аудан әкімі Сұлтан Мақашов қатысып, жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

Шарада облыстық «Жас сарбаз» бірлестігінің төрағасы Айдос Қожамұратов сөз сөйлеп, ауданымыздағы білім беру ұйымдарының жанынан құрылған «Жас сарбаз» клубтарының жетекшілерін марапаттады.

Сонымен бірге аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Әділ Ыбырахим әскери борышын өтеуге аттанатын жас сарбаздарға аманат хат табыстады.

Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары