Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Сәрсенбі, 08 Мамыр 2019

«ASTANA MUSICAL» ТЕАТРЫ ГАСТРОЛЬДІК САПАРМЕН ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.05.2019 16:50

Жастар жылы аясында «Astana Musical» Мемлекеттік театры Қызылорда қаласына гастролдік сапарымен келді. Аталған өнер ұжымы сырбойылықтар үшін ерекше 3 туындыны ұсынып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Astana Musical» Мемлекеттік театрының әкімшісі Жұмажан Жұлқаш баяндады.

Қала тұрғындары 8-10 мамыр аралығында «Astana Musical» Мемлекеттік театрының қойылымдарын Н.Бекежанов атындағы қазақ музықалық драма театрында тамашалай алады. Театр репертуары үш қойылымнан тұрады: «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі, «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы және «Шәмші» мюзиклі.

«Astana Musical» Мемлекеттік театрының басты ерекшелігі, шығармашылық құрамының жүз пайызы жастардан құралған. Алғашқы кезеңде театрда отыз актер болса, қазір олардың саны елуге жетті.

Құрылғанына үш жыл болған жас театр осы күнге дейін «Қыз Жібек» мюзиклімен Берлин (Германия) – Париж (Франция) – Вена (Австрия) – Брюссель (Бельгия) – Мәскеу (Ресей) бес мемлекетке гастрольдік турне жасады. Қазақстанның көптеген облыстарында гастрольдік сапарларда да болып, өнерсүйер қауымның ықыласына бөленді»,- деді Жұмажан Амандықұлы.

Тетрдың актеры Оразалы Игіліктің айтуынша, бірнеше күн бұрын Орал қаласында тұсауы кесілген «Шәмші» туындысын қызылордалық көрермен жаңа форматта тамашалай алады. Режиссерлық топтың жұмысы арқасында бір қойылым ішінде Шәмші рөлін 3 әртіс сомдамақ.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 


Аса ірі мөлшерде ақша ұрлаған әйел сотталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.05.2019 16:45

2018 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласы тұрғынының сөмкесінен 13 500 АҚШ доллары көлемінде ірі мөлшерде ақша ұрланып, жәбірленушіге 4 906 305 теңге шығын келтірілген.

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Қызылорда қаласының 30 жастағы тұрғыны құрықталып, кінәсін мойындады.

Күдіктінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық) сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

2019 жылдың 10 сәуіріндегі Қызылорда қаласы сотының үкімі негізінде айыпталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


Белкөл кентінде «Тағзым алаңы» ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.05.2019 14:05

Қала әкімі Н.Нәлібаев Белкөл кентіндегі "Тағзым алаңының" салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, кент тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.

“Соғыс” атты суық сөздiң аты өшiп, бейбiтшiлiкте баянды ғұмыр кешiп жатқанымызға мiне, 74 жыл толып отыр. “Ел басына күн туып, ер етiгiмен қан кешкен” сол бiр сұрапыл жылдарда мыңдаған қазақстандық майданда кеудесiн от пен оққа төсеп, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсiздiгiн қорғады.

Облысымыздан қан майданға 70 мың жерлестеріміз қатысып, 21-і Кеңес одағының батыры атағын алған.

Мерейлі мереке қарсаңында Белкөл кентіндегі «Тағзым алаңына» қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, қайта жаңғыртылды.

Бүгінгі бейбіт өмір мен игі жетістіктер - қан майданда жан беріп, теңдесіз ерліктің үлгісін көрсеткен ардагер ата-әкелердің арқасы.

Бұл өшпейтін тарих! Жылдар жылжыған сайын заңғар тартып, даңқы асқақтай беретін ұлы жеңіс мерекесі!

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары