Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 13 Мамыр 2019

Президенттің Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.05.2019 11:15

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Сапар барысында Қазақстан Президенті өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік және мәдени нысандарында болып, жұртшылық өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездеседі», - делінген хабарламада.

 


ЖУРНАЛИСТ ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ АЙЖАРЫҚ СӘДІБЕКҰЛЫ 80 ЖАСҚА КЕЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.05.2019 15:00

Биыл Арал ауданының Құрметті азаматы Айжарық Сәдібекұлы 80 жылдығын атап өтуде. Замандастары мен әріптестері оны мерейтойымен құттықтады.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев мерейтой иесін құттықтап, аймақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін атап өтті.

«Талантты туындыларымен танылған, қаламы қарымды, ойы алымды, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы, өшпестей ізі бар Айжарық Сәдібекұлы ағамыз биыл мерейлі 80 жасқа келіп отыр. Еңбек жолын облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінен бастаған Айжарық Сәдібекұлы саналы ғұмырын журналистикаға арнады. Республикалық «Сұхбат» және халықаралық «Түркістан» саяси газеттерінің Ақтөбе, Қызылорда облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметтерін абыроймен атқарды. Сіздің тәжірибеңіз, ақыл-кеңесіңіз қазіргі жастар үшін аса қымбат»,-деді аймақ басшысы.

Сыр елінің мәдени-рухани дамуына қосқан ерекше үлесі үшін А.Сәдібекұлына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Мерейтой иесін әріптестері - Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Өтеген Жаппарханов және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің Алқа мүшесі Махмұтбай Әміреев құттықтады.

Кездесу соңында А.Сәдібекұлы өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, А.Сәдібекұлы - «Дария жыры», «Көктемін күткен ару», «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Ашық мұхитқа шыққан алып», «Жұмыр жерде біз бармыз» кітаптарының авторы. Былтыр екі томдық «Парасат майданы», «Дарияның тұмасынан қар боратқан» атты кітаптары жарық көрді.

Сондай-ақ, көп жылғы шығармашылық еңбегі үшін бірқатар ұйымдардың Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталған, облыс әкімінің 2003 және 2009 жылдардағы стипендиаты.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Жаңа кітап – «Менің 100 партиям» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.05.2019 12:30

Жерлесіміз Сағат Жүсіптің «Менің 100 партиям» атты кітабы Алматы қаласындағы «Курсив» баспасынан шықты. С. Жүсіп – дойбы тақырыбына сонау Талап Сұлтанбековтан кейін жазып жүрген бірден-бір автор. Осыған дейін «Дойбы мектебі», «64 шаршыдағы халықаралық дойбы» (Г.Пакпен бірге), «Тұңғыш дойбы шебері» (Бақ Иманалиев жайлы) кітаптарын жазған жерлесіміз жас дойбықұмарларға арнап өзінің 100 партиясын кітабына кіргізіпті. Кітапта сонымен бірге Қызылорда облысындағы дойбы спортының қалыптасу және даму тарихы, ең алғашқы қазақ дойбышылары, атап айтқанда Қазақстанның ең алғашқы чемпионы болған Абайдың немересі Әлхам Кәкітайұлы Ысқақов жайлы тағы басқа қызықты деректер келтірілген. Кітапта жарияланған бір партияны назарларыңызға ұсынамыз

С. Жүсіпов – Г. Белкин (Арзамас) Латвия дойбы федерациясының турнирі 1970 ж.  Қазық ойыны.

1.cd4 fg5 2.bc3 gf6 3.cb4 ba5 4.bc5 db4 5.ac5  gh4 6.gf4 fg5 7.cb6 ac5 8.db6 ab4 9.ba7 cd6 10.dc3 bd2 11. ec3 dc7 12.cd2 hg7? 13.ab2 gf6 14.ba3! dc5? Диаграмманы қараңыз. Осы жерде ақ жағы бес тасын құрбан етіп қарсыласының төрт тасын жеп биге шығып ұтады. 15.ab4 ca3 16. сb4 ac5 17.fe5 fd4 18.dc3 db2 19.ef4 ge3 20.f2d8a1x

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары