Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 14 Мамыр 2019

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.05.2019 18:15

Сапар барысында Қазақстан Республикасының Президенті облыс жұртшылығымен кездесті, Қызылорданың сол жағалауының даму барысымен танысты, сондай-ақ,  өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап көрді.

Президенттің облысқа сапары 2017 жылы ашылған облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан басталды. Ауруханада 11 бөлім, 5 операциялық блок, реанимациялық және анестезияға арналған бөлімше, сонымен қатар, кеңес беру-диагностикалық бөлімі жұмыс істейді. Ауруханада барлығы 537 адам еңбек етеді. Аурухананың заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылғанын және жетекші шетелдік клиникаларда мамандар біліктілігін арттыру тәжірибесі жолға қойылғанын ерекше атап өту керек.

Мемлекет басшысының жұмыс сапары бағдарламасының келесі нысаны - "Жан-Арай" ЖШС кешені. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың ауылшаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті. Айта кету керек, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісі кешеніндегі экспортталатын өнімдер соңғы 6 жылда 3-тен 15 түрге дейін артты. Ал, 2018 жылдың қорытындысы бойынша экспорттың 97% қайта өңделген өнім үлесіне тиесілі. Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін "Агрокарта" әзірленді, оның мақсаты - экспорттың өсуін және өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

"Жан-Арай" ЖШС күріш өңдеу және құрама жем зауыттары тәулігіне 150 тонна күріш, 170 тонна ұн өңдейді және 80 тонна құрама жем өндіреді. Кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыс істейді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласының сол жағалауының құрылысымен танысты. Мұнда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сол жағалау құрылысының ҚР Үкіметімен бекітілген бас жоспарын таныстырды. Сол жағалаудағы жаңа қаланың жалпы аумағы 1532 гектарды құрайды.

"Бүгінде Қызылордада 280 мыңға жуық адам тұрады. 2025 жылға қарай халық саны 350 мыңға жетеді. Яғни, тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қосымша аумақтар қажеттілігі туады", - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі уақытта сол жағалауда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында пайдалануға берілуі жоспарланған 460 пәтерлік 8 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Бұдан басқа, әлеуметтік және коммерциялық сипаттағы 1190 пәтерлік қосымша 28 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жалпы, сол жағалаудағы 3 тұрғын үй ауданында ағымдағы жылы 2340 пәтерлік 50 тұрғын үй салынады. Оның ішінде 431 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларға беріледі.

Қаланың жаңа бөлігінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша 320 орындық балабақша салынды. Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй бой көтерді, "Болашақ" университеті кампусының құрылысы аяқталуда. 2019-2020 жылдары емханасы бар көпбейінді аурухана, отбасылық медицина орталығы, жатақханасы бар физика-математикалық мектеп, жеке мектеп және т. б. салу жоспарланып отыр. 2018 жылдан бастап сол жағалау аймағында қажетті инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Сырдария өзенінің сол жағалауындағы пайдалануға берілген алғашқы нысан 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайта беру туралы тарихи шешім қабылданған бұрынғы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің сызбасы бойынша салынған "Рухани жаңғыру" орталығы болды. Ғимаратта Қызылорда қаласының тарихына арналған мұражай да орналасқан. Қасым-Жомарт Тоқаев мұражай экспозициясымен танысты.

Сол жағалаудағы тағы бір маңызды нысан - мамыр айының басында пайдалануға берілген тәулік бойы жұмыс істейтін Жастар орталығы. Орталықта шағын және орта бизнес, тұрғын үй, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау мәселелері, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері туралы кеңес беру кабинеттері мен психолог, әдістемелік және медициналық кеңес беру кабинеттері, сондай-ақ, "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, мұнда интернет-кітапхана, антикафе, IT-парк, конференц-зал және жаттығу залы бар. Орталықтың жалпы ауданы - 3870 м2, ол ауысымына 670 келушіге есептелген, мұнда 32 маман қызмет атқарады.

Президент орталықтың қызметімен танысып,  аймақ жастарымен кездесті. Санкт-Петербург мемлекеттік өнеркәсіптік технологиялар және дизайн университетінің түлегі Жазира Смаилова жас ұрпаққа жасалып жатқан қамқорлығы мен қолдауы үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап аймақ басшылығының бастамасымен қызылордалық мектеп түлектері Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтің алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарында  білім алу мүмкіндігіне ие болды. 2018 жылы 32 түлек оқуын тәмамдап, аймақ кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылды. 2019 жылы тағы 132 білім алушы оқуын аяқтайды деп күтілуде. Барлығы 520 сырбойылық жас Ресейдің озық инженерлік жоғары оқу орындарында білім алуда.

Кездесуден соң бірқатар республикалық және халықаралық вокалдық өнер байқауларының жеңімпазы Константин Луца Президентке Сыр жастарымен естелік суретке түсуді ұсынды.

Өңір жұртшылығымен бес жұлдызды "Сұлтан Плаза" қонақ үйінде өткен кездесуге 400 астам қызылордалық қатысты. Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілбай Садықов ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерін шешкені үшін алғысын білдіріп, Сыр еліне қонақ болуға шақыратынын Елбасына жеткізуді сұрады. Сондай-ақ, кездесуде Шиелі ауданының "Ақмая" шаруа қожалығының басшысы Дәулет Жұмбеков, "Аралтұз" АҚ президенті Айдынбек Тауасаров, аймақтық "Рухани жаңғыру" орталығының бөлім басшысы Әлима Әбдіқалықова, мәнерлеп сырғанаудан 2019 жылғы Әлемнің вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева мемлекет пен аймақ дамуының түрлі салалары жайлы баяндап, өздерінің ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы өңірді дамытуға ерекше үлес қосқан қызылордалықтарды марапаттады. Олардың қатарында "Сыр маржаны" ЖШС директоры Мінажадин Өтеев, "Бақ-Береке 2030" ЖШС директоры Қайрат Ерназаров, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева және "Нартай өнер мектебінің" директоры Мұхаммедәлі Бекпейісов  пен облыстық медициналық орталығының хирург дәрігері, денсаулық сақтау саласының ардагері Абдулла Шүленбаевқа табыстады.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне барып, музейдің жаңартылған экспонаттарымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында 1980 жылдары Түркі әлеміне ортақ рухани ұстаз Қорқыт Атаның құрметіне мемориалдық кешен салынған. 2014 жылы ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен кешенге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, қосымша жаңадан зиярат ету нысаны салынды.  Мемориалдық кешен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық автомагистралінің бойында орналасқан. 2018 жылдың қараша айында Порт-Луи қаласында (Маврикий Республикасы) ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт Ата мұрасын адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізу туралы шешім қабылданған болатын.

Мемлекет басшысының Сыр өңіріне сапары Байқоңыр қаласында қорытындыланды. Онда «Байқоңыр» кешенін дамыту мәселелері талқыланды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Мемлекет басшысы Қызылордадағы шыны зауытының құрылысын аяқтауды тапсырды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.05.2019 14:25

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қызылорда облысындағы жұмыс сапарында өңір жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысымен жүздесуге 400-ден астам қызылордалық қатысты. Жүздесу барысында Қазақстан Президенті еліміз бен аймақ дамуында маңызды болып табылатын бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

Сыр өңірінде қазіргі таңда шыны зауыты құрылысы жүргізілуде.

«Шыны зауыты құрылысын аяқтауымыз тиіс. Өндіріс орнының аумағында өз деңгейіндегі өндіріс орны мен бизнес-кластерді дамыту бағытында қолайлы жағдай жасалуы қажет. «Байтерек» холдингіне жергілікті әкімдікпен бірге қазақстандық тұңғыш шыны зауытын іске қосуды тапсырамын», - деді Қазақстан Президенті.

Негізінен бұрыннан Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлінген. Аймақтың басты дақылы - күріш өндірісін дамытуда кейінгі жылдарда ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Күріш өндірісі көлемі 2 есеге артты. Сондай-ақ, күріш экспорты 10 есеге артты. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыру бағытында бірқатар іс-шараларды қолға алу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, жаз айларында Сыр өңірінде су тапшылығы көрініс береді. Сондықтан бұл бағытта су қоймаларын салу мәселесі өзектілігін көрсетіп отыр.

«Аталмыш мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі біріге отырып, нақты жұмыс жүргізуге тапсырма беремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жүздесу барысында аймақта кәсіпкерлік дамыту, ірі кәсіпорын қатарын арттыру мәселелеріне назар аударылды. Бұл бағытта облыс басшылығының атқаратын нақты міндеттер белгіленді.

Жүздесуде Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілбай Садықов ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерін шешу бағытында көрсеткен қамқорлығына ризашылығын жеткізді. Тұңғыш Президенті - Елбасының қолдауымен жүзеге асқан Арал теңізін сақтап қалу жобасының бірінші кезеңі аясында Арал теңізіндегі су деңгейі көтеріліп, балық шаруашылығы қайта жанданды. Осылайша жергілікті тұрғындар бұрынғы кәсібіне қайта оралды.

Ал Шиелі ауданы «Ақмая» шаруа қожалығының басшысы Дәулет Жұмбеков, «Аралтұз» АҚ басшысы Айдынбек Тауасаров, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Әлима Әбдіқалықова, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мемлекет пен аймақ дамуының түрлі салалары жайында баяндап, өздерінің ұсыныстарын жеткізді.

Жүздесу соңында еліміз бен Қызылорда облысының дамуына қосқаны үшін бір топ азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мінажадин Өтеев, облыстық көп бейінді аурухананың дәрігері Абдулла Шүленбаев, «Бақ-Береке» ЖШС директоры Қайрат Ерназаров, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева, Шиелі ауданы Нартай өнер мектебінің директоры Мұхамедәлі Бекпейісов бар.

 


Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қызылордалықтардың жалақысын өсіру - Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.05.2019 12:44

Қызылорда облысы тұрғындарының жалақысын өсіру - Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Сыр бойы - елдің әл-ауқатын еселеп, халқымыздың бақ-берекесін арттырған өңір! Қызылорда - халықтың тағдырлы шешімдері қабылданған қала», - деді Президент.

Президенттің айтуынша, республикалық деңгеймен салыстырғанда Қызылорда халқының тұрақты табысы әлі де төмен.

«Мәселені бір күнде немесе бір айда шешу мүмкін емес. Мен мұны түсінемін. Бірақ, жағдайды өзгерту керек. Аймақтағы азаматтардың жалақысын өсіру - Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ атап өтілгендей, қоғамды мазалайтын келесі мәселе - азаматтарымыздың еңбек құқығы.  Мемлекет басшысының айтуынша, әсіресе, шетелдік компанияларда жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың мүдделерін қорғау маңызды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының бастамасымен іске қосылған барлық әлеуметтік бағдарламалар толық жүзеге асырылатынын және олардың ауқымы кеңейе түсетінін атап өтті.

«Әлеуметтік саясатты одан әрі тиімді жүзеге асыруға қосымша 2 трлн теңге бөлеміз. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады», - деді ол.

Президенттің сөзінше, биыл «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жол құрылысы салаларында құны 1,7 миллиард теңге болатын 60 жоба жоспарланған.

«Облыс әкіміне оларды өз уақытында әрі тиімді жүзеге асыруды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


Мобильді азаматтар базасына жыл басынан бері 1 млн адам тіркелді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.05.2019 12:20

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн аса азаматты мобильді азаматтар базасына тіркеді. Осылайша аталмыш базаға тіркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр.

Мобильді азаматтар базасына тіркеу ерікті түрде жүргізіледі, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефон нөмірі байланыстырылып, базаға енгізіледі. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәліметтері бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бірнеше мемлекеттік қызмет пен сервисті онлайн түрде ала алады. Мәселен, базаға тіркелгендер egov.kz порталының құпиясөзін ұмытқан жағдайда, ұялы телефондарына бірретік құпиясөзге сұрау жібере алады. Смартфондағы mgov.kz қосымшасының 81 түрлі қызметін қолдана алады. Жаңа босанған аналар проактивті қызмет аясында, бала туған шақта жіберілген смске жауап беру арқылы туу куәлігі мен жәрдемақының тағайындалуына өтініш беріп, бөбекті балабақша кезегіне қоя алады. Сонымен қатар базаға тіркелген азаматтар telegram-дағы egovkzbot көмегімен 25 қызметті емін-еркін қолдана алады. Бұл сервис ұялы телефон арқылы мекенжай, соттылықтың болмауы, диспансерлердің есебінде тұрмау туралы, жылжымайтын мүліктің болу/болмауы сияқты бірқатар анықтаманы алып, дәрігер қабылдауына жазылуға, ХҚО кезегін онлайн брондауға, айыппұлдардың бар/жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Аталмыш бот 2018 жылы іске қосылды. Осы уақытқа дейін оны 300 мыңға жуық адам қолданып, 162 мың рет мекенжай анықтамасын алып үлгерді.

Қазақстандықтар мобильді азаматтар базасының тізімінде тіркелген/тіркелмегенін egov.kz порталы арқылы тексере алады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ баспасөз қызметі

 

 


Қасым-Жомарт Тоқаев сол жағалауға барды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.05.2019 12:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласының сол жағалауында пайдалануға берілген нысандармен танысты.

Сол жағалаудағы жаңа қаланың жалпы аумағы 1532 гектарды құрайды. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қаланың бас жоспарымен таныстырды.

Болашақта сол жағалауда 300 балаға арналған физика-математика бағытындағы орта мектеп, 900 балаға арналған мектеп, отбасылық медицина орталығы,неке қию сарайы, бизнес орталығы, 300 орынға арналған көп салалы аурухана, тұрғын үйлер бой көтереді. Аталған аумақта электрлендіру, су желісін тарту, газдандыру, канализация мәселелері, интернет толық шешімін тапты.

Қазіргі уақытта сол жағалауда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы алғашқы жарты жылдықта 460 пәтерлік көп қабатты 8 тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан басқа коммерциялық мақсаттағы әлеуметтік және коммерциялық сипаттағы 1190 пәтерлік қосымша көп қабатты 28 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Биыл сол жағалаудағы 3 тұрғын үй ауданында 2340 пәтерлік 50 тұрғын үй салынады. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген көп балалы 431 отбасыға беріледі.

Мұнда бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілген. Солардың бірі - «Қазақстан тарихы» музейі. Бұл ғимарат бұрынғы Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының сызбасы бойынша құрылысы қайта салынды. Қазір мұнда «Рухани жаңғыру» орталығы мен мұражай орналасқан.

Айта кетерлігі, кезінде аталған тарихи ғимаратта 1925 жылы республика атауы Қазақ деп өзгертіліп тарихи шешім қабылданған болатын. Тоқсаныншы жылдардың басында бұл ғимарат бұзылып кеткен еді. 1925-1929 жылдарда Қызылорда қаласы Қазақстанның астанасы болды.

Мамыр айының алғашқы күндерінде сол жағалауда жастарға қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Жастар орталығында IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы қарастырылған және тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Орталықта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ жастарымен кездесті. Жүздесу барысында Санкт-Петербург мемлекеттік өнеркәсіптік технологиялар және дизайн университетінің түлегі Жазира Смаилова жас ұрпаққа жасалып жатқан қамқорлығы мен қолдауы үшін өз ризашылығын білдірді.

2014 жылдан бастап Қызылорда облысы басшылығының қолауымен қызылордалық мектеп түлектері Мәскеу мен Санкт-Петербургтің алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, 2018 жылы 32 түлек оқуын тәмамдап, аймақ кәсіпорындарынада еңбек жолын бастады. Биыл тағы да 132 білім алушы оқуын бастайды деп күтілуде.

 


Президент балалар ауруханасы мен «Жан-Арай» серіктестігіне барды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.05.2019 12:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр өңіріне сапары кезінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына және «Жан-Арай» ЖШС-ға барды.

2017 жылы пайдалануға берілген көпбейінді балалар ауруханасында 11 бөлім, 5 операциялық блок, реанимациялық және анестезияға арналған бөлімдер бар. Сондай-ақ мұнда кеңес беру-диагностикалық бөлімі жұмыс істейді. Аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мамандар шетелдік клиникаларда біліктілігін арттырған.

Одан әрі Мемлекет басшысы «Жан-Арай» ЖШС жұмысымен танысты. Серіктестік күріш өндірісімен және күріш дақылын халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өңдеумен айналысады. Сондай-ақ, жем өндірісімен де шұғылданады. Кешен үш бөліктен тұрады.

«Жан-Арай» ЖШС-ның күріш өңдеу және құрама жем зауыттары тәулігіне 150 тонна күріш, 170 тонна ұн өңдейді. Сондай-ақ, тәулігіне 80 тонна жем өндіреді. Кәсіпорында 300-ге жуық адам еңбек етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті. Айта кету керек, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісі кешеніндегі экспортталатын өнімдер соңғы алты жылда 3-тен 15 түрге көбейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорттың 97 пайызы қайта өңделген өнім үлесіне тиесілі. Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін агрокарта әзірленді. Оның мақсаты - экспорттың өсуін және өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары