Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 15 Мамыр 2019

МАРАПАТПЕН МАТАУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
16.05.2019 11:50

Нұрлыбек  САМАТҰЛЫ,

жазушы,  «Таң-Шолпан»  әдеби-көркем,

көпшілік  журналының  бас  редакторы

Соңғы жылдары желтоқсан туса болды бір қызық жағдай басталатын болып жүр. Бұндай қызықты мен бұрын-соңды көрмеппін.

Қайда қарасаң да, қайда барсаң да марапатқа мелдекте­гендерден аяқ алып жүре алмайтын бір жағдай­. Орден, медаль, төсбелгі, «Құрмет грамо­тасы», «Алғыс хат», «Мақтау қағаз»... Көзің сүрініп, басың  айналады.

Жо-жоқ, оллаһи-биллаһи, марапат иелеріне еш қызғанышым жоқ. Ондай әсіре марапатқа қызық­паймын да. Марапат алып жатқандардың ішінде осы марапатқа лайықтылар, сөз жоқ, баршылық. Құтты болсын деп қоялық. Бірақ сол лайықтылар лайықты еместермен қосақталып кетіп жатқаны обал.

Екінші  бір  ойлағаным, сол  марапаттардың  мән-мағынасы шалдың ұрығындай сұйылып бара жатқаны­. Бірақ о жағына бас қатырып жатқан адам аз сияқты. Егер бас қатырса, әлеуметтік желілерде өздерін өздері көрсетіп, жалаулатып жарнамаламас еді ғой. Жо-оқ, олай емес, тіпті, алғыс хат алғанын тойлап, жарияға жар салып жатқандар көп. Мысалы мына біреуі «Шырша­ мерекесін өткізуге ерекше үлес қосқан» деген­ алғыс хат алыпты. Ал ендеше!

Халықаралық марапат (сыйлық емес, жай қатырм­а қағаз) алып жатқандар туралы  айтпай-ақ қояйын. Олар – ырғын.

Былтыр мен танитын бір апай мектепт­ен зейнет демалысына шықты. Обалы не керек, мектебі салтанатты жағдай­да шығарып салған. Оның алдында­  аудандық оқу бөлімі тарапынан «Ыбырай  Алтынсарин  медалі  келіп тұр, аласың ба, ақша тұрады» деген ұсыныс­  айтыпты. Ұмытпасам бағасы  жүз мың  теңгенің  айналасы. Анау апай да «маладес» екен, «ақшаға сататын медалі­ң өзіңе» депті. Мектеп демекші, қазір оқушыларға да жаппай мақтау қағазын  беретін  болыпты.  Мақтау  қағаз алмай қалған оқушы болмайды екен. Жақсы оқитындар қызыл қағаз, нашар оқитындарға  көк  қағаз. Айырмашылық сол ғана. Тегін емес, оған да төлейсің.

«Құрметті құда», «Қадірлі құдағи», «Ардақты ана», «Бағалы балдыз», «Қылықты қарындас»... Құдай сақтасын, осындай  ордендер  жасап  сататын мекеме  бар деп  естимін. Бұл енді басқа­  әңгіме.

Ал өз басым марапат дегенді естісем, біртүрлі тітіркеніп кетемін. Өйткені студен­т кезімде алған бір марапа­тым өмір бойы естен шықпастай болған. Тіпті, сол марапат жалпы марапатқа деген­ жеккөрушілік сезімін тудыр­ып кеткені. Содан бері пайдасыз марапаттан аулақ жүргенді  тәуір  санаймын.

1989 жылдың күзі еді. Қыркү­йек басталысымен біз­дің «Филология» факультетінің студенттерін картоп жинауғ­а  жіберген. Қызыл­орда облысының Шиелі ауданына. Барған жеріміз – Сырдарияның арғы беті. Құмның арасы. Жатқан жеріміз палатка. Монша­ жоқ. Кәдімгі картоп жинау ғой. Қара жұмыс. Күн ыстық. Шаң. Тер. Солай сілелеумен ай өтті. Қайтар кезде ауыл басшылығы келіп, ашық аспан астында жиналыс өт­кіз­ген. Жақсы жұмыс істегендер деп, кейбіреумізге 5-10 сом­нан премия да бере бастады. Құдай ұрып, одан мен де дәмелене  қалайын. 5-10 сом алсам, картоптан құтылғанымды жақсылап жумақпын. Бар арман­ым осы ғана. Бір нәрсені қатты тілесең, қатты армандасаң орындалады дейді ғой, бір кезде менің де аты-жөнімді атағаны.  Қуанып  кетіп, ортаға атып шықтым. Совхоздың дерект­ірі ме, парторгы ма, Құдай білсін, сондай бір адам менің  қолымды  қысып тұрып, мақтауын келістіріп, қолыма бір бет  қатты  қағаз  ұстатқаны.  «Алғыс  хат»  екен. Картопты  жақсы  терген, басқа­ларға үлгі болған деген. Картопты жақсы терген едім деп кімге мақтанғандайсың. Ауылда­  бір  ағай бар еді, жолап  кетсең  мақтап-мақтап  жұмысқа  салып  қоятын. Мынау да соның  кері. Картоп жинаудан құтыл­ғанымды жуам деген тәп-тәуір жоспарым күйреп түссін. Басқалар 5-10 сом ақша алып, алақандарына қарға тышып жатқанда, мені олардан кемсітіп қылаудай пайдасы жоқ қағаз ұстатқанына күйіп кетейін. Сол арада әлдеқандай қылып беріп тұрған алғыс хатын қақ айыры­п, жыртып-жыртып лақтырып жіберіппін. Қаным басыма теуіп, бұл ісімнің сәл ыңғайсыз болғанын  сол арада­  байқасамшы.

Содан бері марапат дегенді естісем, аза бойым қаза боп тұрады. Қазір де әлеумет­тік желілерді қарап сондай күй кешіп отырғаным.

 

***

 

2005 жыл еді. Жаз. «Ана тілі» газетінен кезекті еңбек демалысымды алған­мын­. Алматыға келгенде сатып алған ескі үйімнің жанынан құрылысшылар жаңадан­ үй тұрғызып жатқан. Құрылысшылардың қасында жүрмесең бол­майды. Бір күні жеңімді түрініп жіберіп, жұмысқа өзім де кірісіп кеткенім ғой. Дәл сол кезде үйге «Ана тілінен» телефон соға қалғаны. Сүйкімсіздеу бір қыз бар еді. Бухгалтерия жағында. Сол.

– Өмірбаяныңызды алып, тез же­тіңіз! - дейді.

– Ау, не боп қалды?

– Не қыласыз тергеп, әкел деді ме, әкеліңіз!

– Айта салайын, жазып ала қойшы. Көп емес, азғантай ғой.

– Ту-у, біреудің айтқанын жазып тұратын мені кім деп тұрсыз. Бастық айтты бітті, тез әкелуіңіз керек!

Діңкілдеп тұр. Мәссаған, мына қыздың қылғанын-ай! Қолыма бір түсерсің бәлем... жүз грамм ішкен бір күні.

– Бастыққа айта бар онда, бүгін бара алмаймын!

Ертеңіне жуынып-шайынып жеттім. Өмірбаянды алып. Сөйтсем, медальға ұсынылған екенмін, не пайда содан кеш қалыппын. Мәдениетке еңбек сіңірген дей ме, қайраткер дей ме, әйтеуір сондай­ бір медаль екен. Медаль ойлап жатуға мұрша қайда, «олай болса...» деп, табанымды тез жалтыраттым. Базарға баруым­ керек, тақтай әкелуім керек, шеге  жеткізуім  керек...

Сол медальға газеттегі жасы үлкен ағамыз,  журналист  Сабыржан Шүкір­ұлы мен тілші Салтанат Өтеуғалиева да ұсыныл­ған екен. Олар алды. Шын көңілден құтты болсын айттық. Медаль қолға тиген соң, Сабыржан ағай мен Салтанат ұжымды тау бөктеріндегі Бутако­вка жаққа апарып, айда, жуыс бастал­ды. «Әй, өзім де оңбаймын, анада қырсығып  қалмай, өмірбаянды  жеткізіп бере қойғанда ғой, мен де мәдениетке еңбек сіңірген қайраткер боп шыға келеті­н едім. Мәдениетке еңбек сіңіру деген картоп жинау емес қой» деп, көңілімде аздаған қызығушылық пайда болғанын  қалай  жасырайын?!

Сонымен кешке дейін жақсы жуыс жасап, қалаға қайттық. Медалист Сабыржан ағай әдеттегідей менің машинамда. Қалаға қарай құлдилап келе жатырмыз. Сабыржан ағайдан сұраймын ғой:

– Осы  медальдің қандай пайдасы бар, айлық көбейе ме, болмаса әлдебір жеңілдігі  бар  ма, автобусқа тегін жүргізе ме дегендей, - деп.

– Тағып алып қоқырайып жүресің, бары сол. Басқа пайдасы жоқ. Пайдасын айтасың, Салтанат екеуміз жуып, қып-қызыл  шығынға батып келе жатқан жоқпы­з ба, - дейді лекіте күліп. Оның осы сөзінен соң, бұның алдында ояна қалған аздаған қызығушылығымнан жұқана да қалмады.

«Е-е, - дей беріппін, – е-е деген құстың ұясы деңіз!»

 

***

 

Қай жыл екені дәл есімде жоқ, сол айта беретін мәдениетке байланысты медальді бір заманда маған да бергені. Беріп тұрғасын аласың ғой. Бірақ жұрт сияқты жумадым. Дабыра қылып айтпадым да. Үйге әкеліп, бір сәт үңіліп қарап отырдым. «Осыны жасауға қанша қаржы кетті екен?» деп ойладым.

Жылуы  жоқ  бойының,

Жылмиғаны  неткені? - деп баста­латын Абай Құнанбайұлының өлеңі ойыма­  орала  берді.

Содан кейін ол медаль туралы ұмытып  та кеткен екем...

...Сәрсенбек атты ақкөңіл ағам бар еді,  «Алматықалақұрылыс»  мекемесінде  бригадир болып табан аудармай пәлен жыл жұмыс істеген құрылысшы. Ақын  Гауһар Қожахметованың клас­тасы. Бір күні сол Сәрсенбек телефон соқсын. Қуанып  тұр.

– Құрметті құрылысшы деген медальмен марапатталдым, - дейді.

– Е-е, құтты болсын, сен құрметті құрылысшы болмағанда, кім құрметті құрылысшы болмақ, осы Алматының жартысын сен салған шығарсың, - деп, қолпаштап жатырмын. Сол кезде баяғы медалім сап етіп, есіме түсе кеткені. «Осылай да, осылай, сондай бір медалім бар еді, соны бердім саған, бір медалің екеу болсын» дедім қызды-қыздымен.

Көп ұзамай Сәрсенбек ағам мен Жәния жеңгем той жасады. Той үстінде сөз сөйлеп, әлгі медальді кеудесіне қадап бердім. Сәкем мәз.

...Ал енді желтоқсан сайын бір толаста­май жауатын да жататын мара­пат­тың  түрі  жаман. Бұл  билік исі қазақ жақсы-жайсаңының тілін осы мара­патпен мықтап тұрып буып жатқан сияқты.­

 

Алматы  қаласы.

 


7 КАНДИДАТҚА 7 СҰРАҚ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
16.05.2019 11:45

Бүгінде қол жинап, тіркеуден сәтті өткен президенттікке кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп, сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, ел аралап жүр. Осы орайда танымал экономист, академик Оразалы Сәбден жеті кандидатқа ел үшін маңызды мәселелер қамтылған жеті сұрағын жолдап отыр.

 

Оразалы  СӘБДЕН,

академик

1.  Еліміздегі асқынған қоғамдық дерттердің бірі – сыбайл­ас  жемқорлықты (Давос экономикалық форум дерегінше, әлемде 102-орын) жеңуде, әсіресе бюджет қаржысына қол салуды тоқтатуда қандай батыл іс-шаралар қолданасыз?

2.  Қазақстанда жаңа идеологияны қалыптастыру үшін бүкіл халыққа ортақ құндылық деп нені айтуға болады? Қасаң тартқан сананы қалай өзгертеміз? Әр адамға өте қажет деп не көмек береміз?

3. Соңғы 28 жылда тұралап қалған ауылды қалай көтересіз? Еліміздегі 3 миллионнан аса жұмыссыздықты тез арада қалай  жоясыз?

4. Өте өзекті болып тұрған жер мен тіл тағдырын қалай шешесіз?

5. Құлдыраған ғылымға, сапа­сыз және тәрбиесіз білімге, сын көтермейтін денсаулық саласы­на қалай серпіліс бере­міз?

6. Орта тапты қалай тез арада қалыптастырамыз? Шағын­ және орта кәсіпте өте үлкен мүмкіндігімізді қалай пайдаланамыз? Шағын кәсіпті елге нәсіп ете аламыз ба?

7. Мемлекетті басқару жүйесін түбегейлі өзгертесіз бе, жоқ әлде осы жолмен жүре берем­із бе? Парламенттік республикаға көшуге көзқарасыңыз қандай?

Президенттікке үміткерлер үнсіз қалмай, қойылған сауалдарға жауап береді деген үміттеміз. Мәселеге қатысты академиктің өз жауабы мен тығырықтан шығу жолының нұсқасы даяр екенін де айта кетейік.

 


ДИПЛОМ БАР, ЖҰМЫС ЖОҚ PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
16.05.2019 11:40

Қазір керексіз мамандар көбейіп кетті. Керісінше, керек мамандықтарға мойын бұратындардың қарасы аз. Статистикаға сенсек, елімізде 1,5 миллион диплом иесі жұмыссыз жүр. Есесіне қоғамға қажетті шаруашылық мамандары тапшы. Мұның негізгі себебі неде? Жақында электронды еңбек биржасының сайтында жарияланған еліміздің жоғары оқу орындарының рейтингісі осы сауалымызға нақты жауап бергендей болды.

Бұл рейтингті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша Еңбек ресу­рстарын дамыту орталығы дайындапты. Орталық еліміздегі мамандарды да­йын­дайтын ең нашар 20 оқу орнының тізімін жариялады. Рейтинг Қазақстанның 101 ЖОО-на жасалған екен. Оқу тиімділігі мен түлектердің еңбек нарығындағы табыс­тылығын негізге алған сараптамаға келіспегендер де бар. Өйткені ол тізімде елі­міздегі мүйізі қарағайдай оқу орындары жүр. Ең әлсіз деген универс­итеттер қатарына негі­зінен Алматы мен елі­міздің оңтүстік өңіріндегі жоғары оқу  орындары  жа­тады. Тіпті, Қазақ ұлттық аграр­лық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық тех­ни­калық зерттеу университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медици­на универ­ситеті  сияқт­ы   беделд­і  мемлекеттік оқу  орындарының  да  ат­тары  жүр.

Қалай десек те, сала мамандары бұл сараптаманың шындыққа жанасатынын айтад­ы. Өйткені  бұл оқу орындарын бітірген мамандар толыққанды жұмыс тапқан жоқ. Немесе өзіне қатысы жоқ басқа салада еңбек етіп жүр. Нашар университетті анықтаудың ұтымды тәсілінің пайда болғанына қуанған қоғам қайраткерлері «Өтірік диплом сатып, елді алдағанша, қоғамға қажетті маман иелерін дайындап, шындыққа қарауды осы оқу орындарынан бастау керек» дейді.

«Серпін» ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов те оқу орындарына сырттан тәуелсіз бақылаудың бол­мауынан, осы жағдайға жеткенін айтты. «Оқу бітірген жас маман жұмыс іздейді. Таппайды. Өйткені оның тәжірибесі жоқ. Кез келген мекеме оны жұмысқа алмайды. Өйткені оқу орны мен өндірістің арасында байланыс жоқ. Амалсыз жалған анықтама жасатып, оқу орнына өткізеді. Осындай өтірік анықтамалар арқылы ол оқу орны келесі жылы мемлекеттен грант алады. Міне, әді­летсіздік. Ал шын мәнін­де, ол мамандар қоғамдағы жұ­мыссыз мамандардың қатарын толықтыруда. Қа­жетсіз  мамандықтарға жылда грант  бөлінгесін жастар елімізг­е кере­к мамандық деп  тағы алданады. Салдарынан  оқу бітіргесін, жұмыс таппайды. Сосын билікке, мемлекетке өкпелейді», - дейді ол.

Бұрын талапкер мұғалім, мал технигі, мал дәрігері болу­ды қалайтын. Ал, қазір заңгер, кеденші, экономист болуды жөн көреді.  Содан болар, жоғары оқу орындарын  бітіргендердің 4,3  бөлігі заңгер, экономист, кеденші мамандықтарын құрайды. Олардың пікірінше бұл саланың болашағы зор. Жалақысы басқа  кәсіппен салыс­тырғанда жоғары. Алайда заңгер, кеденшілердің  жұ­мысқа орналасуы  көкейкесті  мәселеге айналды.  Салдарынан жұмыссыз  жастардың  қатары көбейді. Бірі күн­көріс қамымен базар жағаласа, бірі құрылысшы, күзетші болып күнін  көруге мәжбүр.

Қазір қай мамандыққа  сұраныс жоғары деген сауалға жастардан бұрын ата-аналар да ойлана бастады. Бұрын­ғыдай «оқып, қолына дип­ломын алса болды, ары қарай көрерміз» деген  түсініктің қате екеніне көз жеткізгендей. Ал ғалымдарымыздың айтуынша, қазаққа ғылым саласына жете көңіл бөлудің  қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан технологияның  кез келген саласы қазаққа жат емес. Тіпті ұлт тарихын екроцен­тристік  көзқарастан алып шығып, жаңаша зерделейтін мықты  тарихшылардың қажеттілігі сезілуде. Жаңа формацияда өмір сүріп жатқандықтан тіл заңдарына  да қайта қарайтын  сауатты, білікті лингвистер  жетіспейді. Бұрын қолына су құя қалғанда  ақсақалдарымыз «мұғалім бол» деп бата беру­ші еді. Қазір педагог болуға  тырысатындар аз. Ал, біздің өндірістеріміз бен өнер­кәсіптерімізді ешкімге  жалтақтамай  басқаратын қазақ жігіттерін  оқытып шығару кезек  күттірмейді.

Қазір қызмет көрсету сала­сына 60 пайыз, шағын және орта бизнеске 80 пайыз­ мамандар жетіспейді. Біздің жүйенің басты қателігі, осындай керек мамандықтарға ғана грант бөліп, басқасын тоқтата тұрмауымызда болып отыр.

Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев қазақстандық ЖОО-на  әр азаматтың алған білімі мен біліктілігі  әлем­нің кез келген  елінде сұранысқа  ие маман болатындай  білім деңгейіне  жетуді мін­дет етіп қойған болатын. Және Елбасы нанотехнологиялық  орталықтар мен  зерттеу институттарын  қалай  болғанда да дамыту керек­ деген­-ді. Бүгінде облысымызда  техникалық  мамандығы бар кадрлар  тапшы екені мәлім. Айталық, об­лыс­тағы  комбинаттар мен зауыт­тар техникалық мамандықтарға зәру. Әсіресе, маркетолог, инженер, агро­ном, дизайнер, химик, ақпараттық  технологтарды емге таба алмайсыз. Тіпті қарапайым аң үйретушіге де сұраныс бар. Керек десеңіз, ауылдарда мал дәрігері жетіспейді. Ет өнді­ретін зауыт, оған өнімін әкелетін  малшы да қажетті  мамандықтардың қатарынан орын алды. Мұражай, кітапханаларға да сұраныс көп. Мұнай өндіру мен өңдеу жұмысына да  өзіміздің қазақ азаматтарынан шыққан  мамандар аса қажет. Химиялық тамақ өнеркәсібінің  болашағы да зор. Себебі, бұл мамандықтарды меңгерген  әрбір азаматтың келешекте  өзінің жеке өнеркәсібін ашуға  мүмкіндігі мол. Яғни, бүгінгі күні  тек компьютерді  меңгеріп қоймай,  тұтынушы ретінде ғана емес, өнім шығара алатын, кәсібін өрге сүйрейтін  маман  керек.

Түйін. Іс жүзінде, еңбек  нарығында жоғары білімі бар мамандар­  талап  етілетін  тек 15 пайыз  жұмыс  орны ғана  бар  екен.  Жұмыс  орындарының  85 пайызын  орта арнайы білім иелері  алып  отыр.  Ал біздің жастар жоғары оқу орындарына өз еркімен­  оқуға  түсіп, төрт  жылдан  соң  өзін  жұмыссыздықпен  қамтып  отыр. Бұл – білім  саласындағы  береке­сіздіктің, жүйесіздіктің  айқын көрінісі...

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

 


ҚАРАБАЛАЕВ КӨШЕСІНЕ КӨҢІЛ КЕРЕК PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
16.05.2019 11:35

Біз тұратын Қызылжарма ауылдық округінде көлік қатынасы нашар. 2010 жылы бұрынғы «Құс фабрикасы» маңында тұрғындарға №4 көше, 21-участок жер телімі берілді. Сол уақыттан бері бұл көшеде біраз үй салынды, ал көктем, күз айларында оқушы балалар да, ересектер де үй арасында батпақтан жүре алмайды­.

Осы заманда біз қашанғы №20, 21 бағыттағы көлікті сарыла күтіп, қала орталығындағы оқудан, жұмыстан кешігіп жүреміз. №14 бағыттағы автобус күндіз-түні жүреді, бірақ бұл көшемен айналып жүрмейді, шығыс жақ беттегі мектептің жанына барып­, қалаға қарай кейін қайтады. Бұл шеткі Қарабалаев көшесіне «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не қарасты­ үлкен сыйымдылықтағы автобус керек. Өйткені сенбі, жексенбі күндері №20, 21 бағыттағы жеке автобустар таңертең кеш шығады, кешкі сағат 19:00-ге дейін жүрмейді, ерте тоқтап қалады.

Асфальт жол салуға қыруар қаржы бөлінгенін біз өткен жылы басылым бетінен оқыдық. Ал сол қаржы қала іргесіндегі Қызылжармаға жетпей ме? Жарық мәселесі де шешімін таппай тұр. Бағана, сымдар алуға қаржы жоқ деп облыстық бюджетке сұраныс жасапты. Сонымен, Қарабалаев көшесінің тұрғындары асфальт жолды, үлкен сыйымдылықтағы автобусты, жарықты қашан көреміз?

Көше  тұрғындары  атынан

О.ЖАППАСБАЕВ,

Ж.АСАНОВ,

көз мүгедегі,

Н.ДОСАНОВА,

М.ҚОҢҚАҚОВ

 


ҚАРАСОРАНЫҢ СОРЫ (Болған оқиға ізімен) PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
16.05.2019 11:25

Көктем келгелі Бодықтың  шаруасы кө­бейді. Қолы қалт еткенде егістіктен табылады. Бау-бақшасын суарады, арамшөбін жұлады.  Не керек, күні бойы тыным таппайды. Жердің тілін тапқан жігіттің жолы болды. Төккен тер текке кетпеді. Бау-бақша табысын еселеді. Көкөністен мол өнім алды. Баласының еңбегіне  ата-анасы қатты сүйсінді. Несін айтасыз, Бодық бақшадан байыды. Жаңа үй көтеріп, ауласына сарай салды. Ауыл арасына қатынайтын жеңіл көлік алды. Енді ата-анасына қарайтын  келін керек. Ақшасы бар жігітті кім жек көрсін? Бодыққа жар болу – қыз-келіншектің  арманы.

Өткен жазда Бодық өзіне серіктес тапты. Екеуінің танысуы да қызық. Жаңыл ақшасын  шытырлатып санаған  жігітке  қарап тұрды. Сосын­ жанына келді.

–Тәйірі осы да ақша ма? - деді.

Жігіт әйелге жаратпай қарады.

– Бұл – менің адал еңбегім, жаз бойы  маңдай теріммен тапқан. Біреуден ұрлап алғаным жоқ! -  деді шыдай алмай.

– Мұнан да көп ақша табуға болады. Дос болсаң,  мол ақша  табудың жолдарын үйретемін.

– Осыған да қанағат! Қазіргі жағдайым жаман емес, - деген жігіт жөніне кетті.

Базарға келгелі Бодықты бейтаныс әйел төңіректейді. Алыстан көріп, өзі келіп амандасады. Қаптап­  картоп, сәбіз алады. Оны-мұны айтып,  әңгімеге тартады. Әйелдің  ақшасы көп. Бодық оның тырсиған қызыл әмиянын көрді. Ішінде 10 мың мен 20 мың теңгенің  мұрты бұзылмаған. Жолыққан сайын­  ол әмиянын  көрсетеді. «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»­ дегендей, жігіт ақша туралы  ойланатын болды. Жаңыл  мол ақшаның жолдарын айтып, серіктес болуға шақырды.  Бірде Бодық пияз алып тұрған танысынан  кәсібін  сұрады.

– Осы күнді көп күттім. Шырақ-ау, сонша бәлсінгенің не? Баяғыдан келіскеніңде пәшкі-пәшкі ақша  ұстайтын едің, - деді қуланып.

– Ештен кеш жақсы ғой. Көрейік! - деп Бодық желкесін қасыды.

Жаңыл жігітке тапсырма берді.  Бау-бақша жанынан жер дайын­дауды тапсырды. Әзір болғанда  егілеті­н көкөністі әкелетін болды. Шаруа  адамына  жерді  жырту қиын  ба? Техникасымен  жұмысын  екі-үш күнде бітірді. Ертеңіне­ қалаға келген  оған танысы  бір пакет­ дәнді ұстатып жіберді. Әзірге өнімнің тұқымы тегін екенін, кейін жиналаты­н  уақытта  есептесетінін айтты. Жігіт ойланған жоқ. Дәннен көк шөп қаптап шықты. Кәдімгі темекі сияқты. Ашқылтым  иісі  бар. Бодық  қалың шөптің  шығымы­на  риза.

Жаңыл досының егіс алқабына  бірнеше рет келіп кетті. Тыриған арық әйелді жігіттің ата-анасы ұнатпады. Жүріс-тұрысы көңілге күдік туғызатын сияқты. Баласының жұмысына  араласып билеп-төстеп алыпты.  Анасы оған Жаңылды­ң  жүрісінің сұйықтау екенін айтты. Баласы шешесінің  аңғалдығына  күлді. Ойының қате екенін, серіктесінің өзіне жамандық ойламайтынын  жеткізді.

Әне-міне дегенше егін  жинайтын уақыт келді. Жаңылдың темекі­ дегені қарасора болды. Ол Бодықтың нағыз сорына айналды. Ауыл адамдары  егіндіктегі  есірткіні көріп, құқық қорғау  орган­дарына хабарлапты. Осылай мол ақшаның  мақсатындағы жоспар­  жүзеге  аспады. Ізін жасырмақшы болып бой тасалаған әйел құрыққа  ілінді. Бодық та жазасыз қалған  жоқ. Сөз байласуы, келі­сім­ге  келгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта  олар жазала­рын түзеу колониясында өтеуде. Қыл­мыск­ерлер ҚР Қылмыстық Кодекс­інің 262 және       259-баптары бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан  айырылды.­

 

(Кейіпкерлердің  есімдері өзгертіліп  алынды.)

 


МОНШАҚТАЙ ӘҢГІМЕЛЕР PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
16.05.2019 11:20

Ерғали  Абдулла

Таптым   деме

Ақша таптым деп көңілі тоқ, көкірегі аспандап жүргендердің бірсыпырасы өмірден бақытымды таптым деп тап басы­п  айта  алмайды.

 

Жолыңды   аш

Жастайыңнан талпынып, талап қылып өз жолыңды өзің аша білмесең, қалған өміріңде өзгенің жолының қасат-қасат күресінін ашумен өмірің өтеді.

 

Сүргіннің  басы

Бәрі, бәрі... қызықтың көкесі «Келе жатыр» деген кішкентай сыбыстан баста­лады.

 

Қол  –  қорған

Қос қолың барда қорғансызбын деме...

 

Іздеп   жүрмін

Анда да, мында да қу қағаз грамота құшақтаған, соған жаны жадыраған мұғалімдер... Ал мен қазақтың қара баласын құшақтаған, бауырына тартқан мұғалімді іздеп жүрмін...

 

Бағаламасаң...

Барды бағаламаудан бақытсыздық тумаса да, жол-жобасы жоқ бағытсыздық туады.

 

Қабақ   қарын,  табақ  бет

Мешкейдің қарны қабақтай, жемқордың беті табақтай...

 

Майдың   күші

Мешкейдің құтын май қашырар...

 

Қасіретке  дейін

Бір рет алдау – өнер. Мәң­гілік  алдау – қасірет.

 

Ауырлық

Жүктің ауырлығы бел кетіреді­. Астың ауырлығы іш кетіред­і. Ойдың ауырлығы көңіліңді күлдіретеді. Сөзің ауырлығы жүректі дірілдетеді, сау адамды өмірден кетіреді...

 

Әйеліңнің   алдында

Сыртта жүрсең ақылың асып-тасып, кемеріне келіп, бәрі-бәріне жетіп-артылып жүреді. Ал үйге келсең, сол ақылың  томашадай  әйеліңнің жаман-жәутік ақылының ширегі­не де татымай, іске аспай­  қалатыны  несі екен?!

 

Аңсар

Үнемі той керегіп, той істеп, тойлап, тойдан шығып тойға барып жүреді. Және де бір дүркіреген той жасау – ішкі арманы...

 

Жаңармас

Бәрін де мезгіл-мезгіл жаңартып отыруға болады. Тек достарыңды ғана емес.

 

Ақ  көз  малай

Оны жоғарыдағылардың бәрі де жанына тартып жақсы көреді. Өйткені ол ең соңына дейін шыдайтын ақ көз малай.

 

Күпті   қылды

Бүгінде көп адам айналамызды гүмпілдетіп толтырған арзан күлкіге күпті боп, кебеже қарындары солқ-солқ етіп жарылғалы жүр.

 

Сілкініс

Аяғым барда жүрейін. Қолым барда құшайын. Ақы­лым барда білейін. Тілім барда айтайын. Қаламым барда жазай­ын.

 

Жақындама

Көз алдыңда көрген әдемі көріністі көңіліңе сол қалпы сақтағың келсе, қайта барып, жақындап, үңіліп, ежіктеп қарап жүрме. Көз суарған көріністен айырылып, абдырап қаласың...

 

Қадір-қасиет

Көңілі жас адамға қартаю жоқ, түбі терең суға ортаю жоқ.

 

Болар

Адал ішкен тоқ болар, арам ішкен жоқ болар.

 

Әйел  мәселесі

Түзде әлем мәселесін ше­шіп жүрсең де, үйде әйелдің мәселесін түптеп шешпесең, көрген күнің күн болмайды.

 

Жаңа  дерт

Жаяу жүрсең, басыңа керемет-керемет ойлар келеді. Ал көлік тізгіндегенге ой деге­нің­нің елесі де маңайламайды. Соған қарағанда, өмір-бақи көліктен түспейтіндер, бес қадам жаяу жүрмейтіндер болашақ­та ой жетімсіздігі «дертіне» ұшырайтын сияқты...

 

Әйел  ақылы

Әйелдің ақылы мақта сияқты:­ ауқымы үлкен боп көрінгенмен, салмағы ап-аз болады.­

 

Жоғарыдағылар      үшін

Көкірегін қыжылдатып жүрген сөздерін жеткізбейді, өз ойын ешқашан ашып айтпайды. Аузын керіп айтатыны, желпініп тұрып жеткізетіні – жоғарыдағылардың естігісі келеті­н сөздері ғана... жауабы дайын сұрақтары ғана...

 

Жағымпаздың   жаны   тыныштығы

Үнемі соларға қарап сық­сияды: солар жүрсе – жүреді, солар тұрса – тұрады, солар күлсе – күледі... Ал оңашада тағы да соларды сыбап-сыбап алып, маңдайынан сол сәтте шыпшып шыққан моншақ-моншақ терін сылып бір тастайды да, «қу өмір-ай» деп қойып аяқ-қолын төрт жаққа жіберіп көсіліп кеп жатады.

 

«Үн»

Аузыңнан үнің шықпаса, үніңді басқа жерлерің шығару­ға мәжбүр болады екен.

 

Ұстаным

Баланы түгендеймін, бас­қаны түгендеймін деп, балақ түрмей-ақ қой. Қағазың түгел болсын. Қағазың түгел болса, өз  жаның  өзіңде  қалады...

 

Үрей

Ұрса ұрсын, тепкілесе тепкіле­сін, езгілесе езгілесін, бірақ та талма тал түсте аузы үңірейген мылтықтарын кезе­н­іп, пытырлатып атып таста­маса  екен...

 

«Әдет»

Арамызда ауырмайтын  адам аз. Ал емханаға барып, дәрігер жағалап жүргендер некен­-саяқ.  Ал қалғандарымыз  сырқатымыздың  сыритып түсер сәтін күтіп, сөлтектеп жүріп  жатырмыз.

 

Кеңестен   қалған   артықшылық

«Ақсақалдар алқасынан» гөрі «Ардагерлер кеңесі» деген топ әлдеқайда артық боп, дәуір­леп тұр... дәурені жүріп тұр... Кеңес дәуірінен қалған бір кеңкелестік сияқты... Аты да айтып тұр...

 

Өзің мен  өзге

Өзіңді  жете  танып білге­нің – бір жетістік. Алайда бұл жетістікпен алысқа бара алмайсың. Алысқа апаратын жетістік – өзгелердің бүгі мен шігесіне дейін танып білуің...

 

Көзге  ыстық

Қағаз теңгеден гөрі темір теңге көзіме ыстық. Өйткені олар қос тіл деп қомпимай, тек қана қазақша «сөйлеп» тұр.

 

«Ұрылар»

Бір министр аналарымыздың зейнет жасын «ұрлап» алды. Бір  министр  балалардың жәрдемақысын «ұрлап» алды... Бір министр балалардың «Әліппесін» «ұрлап» алды...

 

Өмірде  солай

Еден жуушылыққа тұру үшін де пара беру – оңтүстікте бар екенін білдік. Ал қалған жерлерде тұру үшін «бірдеңе» беру барын онсыз да жақсы білеміз...

 

Қауіп

Мисыз  адамды  көп  оқы­ту­ға болмайды. Көп оқытсаң, білімді мисыз шығады.

 

Партфолио

Білім жинағаннан гөрі, түрлі-түспен қатырмалап порт­фо­лио  жинаған  тиімдірек, маңыздырақ... Кәсіби «тағдырыңды»  шешіп  береді.

 

Ояу

«Ояныңдар, халқым» деп біреулер  байбалам  салып, жан-жағындағыларды жұл­қылап, ұйықтатпағысы келіп жүр. Ал оларда қандай ұйқы болсын. Бәрі де түн баласы дөңбекшіп кірпік ілмей шығады­. Өйткені бас-бастарында үш-төртеуден несиесі бар...

 

Төбедегі  ойын

Білімді еш қажет етпейтін орталарда білімсіздер мен нақұры­стар білегін сыбанып, алдыға шығып, дүсірлетіп төбеңде ойнайды.

 

Жоғарылаған   жол

Бұрын алынған пара топ етіп қалтаға түсетін, бүгінде жоғары жаққа қарай жол тар­татын  болыпты.

 

Маймыл мен  айғыр

Ана жақта, мықтылардың арасында жүрсе – айнымаған маймыл, мына жақта, қара шаруан­ың арасында жүрсе – азынаған  айғыр.

 

Былықтың  басы

Шырылдаған шындықтың үні өшкен кезде шын былықтар басталады.

 

Білсең   айтшы?

Сөз сапырған ақылдыларымыз өте көп, ендеше тұралап, тура жолымызды неге таба алмай жүрміз?

 

Күнәліміз

Жаратқан бізге бәрін де беріп жарылқаған. Біздің кінәміз – сол көптің қадірін түсінбей, бағасын білмей жоғалтып алып жүргендігіміз.

 

Өзгеріс

Бұрын жаңа басшы келетін болса, «кім екен, қандай болады екен?» деп бәрінің көзі алақандай боп жүретін. Бүгінде бастық боп келе жатқан мықтың: «бұл жерде қандай-қандай «көкемандар» бар екен?» деп бір қора уайым жеп келетін боп жүр.

 

«Жұмыссыз»

Бізде жұмыссыздар жоқ дейсің. Ау, үлкен кабинеттерде, депутаттық орындарда жылдар бойы тұяғын қозғалтпай, саусағын жыбырлатпай отырғандарды қайтеміз?!

 

Үннің   үкімі

Үндемеген үйдей пәледен құтылады. Үндеп қалған қораға шығып қалады...

 

Сөздің   салқыны

Аузыңнан шыққан жарты ауыз сөздің алда-жалда біреу­дің  ұйып  тұрған көңілін жанай дір еткізіп кеткенін көріп қалсаң, сол сәтте екі бетің дуылд­ап қызарып, өзіңді жай­сыз­  сезініп, жаныңды  қояр жер таппай, лақпа, лақуа күй кешесің­...

 

Тебеген

Шілдің  боғындай бытырап, бірін-бірі күндеп, аузы мыс­қыл сасып жүретін, рухы жоқ, мұраты кем даласуан адамдарға айтқ­аныңды өткеру оңайдың оңайы. Қай-қай жаққа айдасаң да, бұра тартпай, бұлқынбай, жүре  береді. Тек «жем» тастап отырсаң болды... Алайда «жем» таусылған жерде... оқыс мінез танытып, сені төртаяқтап шірене теуіп, омақаса түсіріп, басқа біреудің қотыраш  қолын  жалап тұрады...

 

«Тіршілік   тынысы»

Жасы ай сайын айлықтан айлыққа қалай жетем деп тірнектеп жүр. Жасамысы қашан  зейнеткерлікке  жетемін деп тырбаңдап тірлік кешіп  жүр.

 

Теріс  бата

Қашан кабинетіңде үстің­нен түсіп, қолыңа темір кісен салып, желкелеп алып детектетіп кеткенше, алақаның майлан­а берсін, думанды күнің  жалғаса  берсін, сылқымдар жан-жағыңда айнала берсін.

 

Бар  болғаны   жақсы

Біреудің үйір-үйір жылқысы, қора-қора қойы бар. Біреу­дің гектар-гектар жері бар. Біреудің  қос-қостан  көлігі бар. Біреудің қос қабатты үйі, қосарланған мейманханасы, мейрамханасы бар. Біреудің сылқылдаған, сылқымданған қос әйелі бар... Енді біреуде бұлардың бірі де жоқ, елге тараған, жұрт бұрылып қараған жақсы  атағы  ғана  бар...

 

Мылтықсыз  майдан

Алдыңғы бір буынның солайк­ем  арақтың құрбаны боп кеткенін көрдік... Ендігі мына сары ауыз ұрпақ әлеуметтік  желінің  құрбаны  болып­  жатыр...

 

Өзгерген   етек

Бір жігіттің етегінен ұстауды арман ететін бұрымды­лардан гөрі, «Менің етегімнен ұста» деп өрлік танытатын қиғаш көздеріміз көбейіп тұр.

 

Таяз   тарих

Бізді үш жүз жыл бойы құртқан, жойған, таптаған, талағ­ан, қаңғыртқан, қансы­ратқан, атқан, жойған, тілден, діннен бездірген отаршылдар екенін білеміз, большевиктер екенін білеміз, коммунистер екенін білеміз... Бірақ осынша ақырет, мехнат шектіргендер­дің қай ел екенін сұрай алмай тұтығып келеміз...

 

Арман-ай

Үлкен-үлкен істер атқаруды армандаушылардан гөрі, үл­кен-үлкен креслоға бөксе бас­ты­руды армандаушылар көп.

 

Өлермендік

Біздің білім саласының өлермендігі сондай – «оқы­маймын» деп жер тістеп, табан тіреп, көткеншектеп отырған баланың өзін де күштеп, көтенінен көтеріп «оқытып», қолына диплом беріп жібереді.

 

Екі   басқа

Әйелдің күйеуіне деген адалдығын елге деген адал­дықпен теңгеруге болады. Ал еркектің әйелге деген адал­дығын айтқанда, бұл теңеуді ауызға алуға жүрегің дауаламайды. Басқа бір сөз іздеуге талпынасың...

 

Сұрқай   заманда

Қоғамда өткір сөз, өтімді ойдың тапшы болуы рухсыздықтың жайлауына жол ашады.

 

Қайталанбас

Бақытты сәтің де, жақұтты сәтің де, қаяулы шағың да, аяулы шағың да, қуанышың да, жұбанышың да қайталанады. Бәрі-бәрі қайталанады: әлі талай­ мәрте соларды басыңнан қайта өткерерсің. Қайталанбайтын жалғыз ғана – өмірің­нің өзі...

 

Жиналыстың  қиналысы

Жиналысқа адам қарасын жинау  қиынның  қиыны  болып барады. Кешегі бір жиналысқа бірде-бір адам келмей қалды... тек мұғалімдер ғана... жыпырлап келіп ая­ғына дейін отырды...

 

Сырқаттың   сыры

Өтірікті жаза-жаза қолы емес, ойы ауырып жүр.

 

Арман  жолында

Өзгелерді ығыстыра,   жолдағыларды жапыра, бас-көзге қарамай бас­тыр­ма­лата, арманыңа құл­шына ұм­тылғаның дұрыс, мақтарлық қасиет. Алайда жү­ріп өткен жолыңда жұлым-жұлымы шығып жусап қал­ған­дардың обал-сауа­бы­н кім көтереді?!

 

Сынақ  мерзімі

Өмірдің қиыншылықтары маңда­йыңнан солқылдата соққан кездерде де түңілме. Қай-қай сынақ та мәң­гі­лік бола алмайды. Өйт­кені өмірдің өзі мәңгілік  емес.

 

 

Арал  қаласы

 


Некелесу немқұрайды мәселе емес PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
16.05.2019 11:15

Қазақта «үйлену оңай, үй болу қиын» деген жақсы сөз бар. Алла тағаланың осы дүниедегі  нығметтерінің  ең қайырлысы – жақсы жар тауып, үйленіп, ұрпақ сүю. Ал қазір некелесудің түрі көбейіп бара жатқандай. Мұсылманша неке, аралас неке,  азаматтық  неке, бір  жыныстылар  арасындағы  неке тағы сол сияқты. Жастар­  арасындағы осындай  неке түрлеріне  тоқталып  көрейік.

НЕКЕЛЕСУ – СҮННЕТ

Жалпы, неке сөзінің негізі – «никах» деген араб сөзі. Үйлену – шариғат принциптері бойынша болмысқа сай, айқын мәселелердің бірі. Ислам негізінде үйленудің мұсылман қоғамы үшін де, жалпы үммет үшін де пайдасы бар. Оның өзіндік парызы мен шарттары да жоқ емес. Парызы­ екеу, біріншісі – үйленуге ұсыныс­, екіншісі – ұсынысты қабыл алу. Ал, шарттарына келер болсақ, некелесуге рұқсат етілген жандар болуы қажет (рұқсат етілмейтін туыс, біреудің әйелі, апалы-сіңлілі екі қызды бірдей алу), үйленетін жандар өмірлік некені мақсат етуі тиіс, қиылған неке дұрыс болуы үшін куәгер болуы және екі жақтың разылығы басты шарт. Аталған шарттардың бірі кем болған жағдайда Әбу Ханифа мәзһабы бойынша неке дұрыс болып саналмайды.

Алла тағаланың соңғы әрі ең сүйікті елшісі Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) өзінің ұлағатқа толы хадистерінде де үйленудің, жұбайлық өмірдің өзінің сүннетінен екендігін баса айтады. Үйленуді, шариғат жолымен некелесуді мойындамаған жанды­ өз үмметінен деп есептемейтіндігін ескертеді. Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.ғ.с.) «Неке – менің сүннетім. Кімде-кім менің сүннетіме амал етпесе, ол менен емес. Сондықтан да үйлені­ңдер, мен Қиямет күні басқа үмметтерг­е сендердің көптіктеріңмен мақтанайын­», - деген.

 

АЗАМАТТЫҚ  НЕКЕДЕ

ЖАУАПКЕРШІЛІК  ЖОҚ

Соңғы жылдары қоғамда қызу пікірталасқа түсіп жүрген мәселелердің бірі – азамат­тық неке. Бұл жақсы ма, әлде жаман­ ба? Мұндай некені қолдаушылар некелесудің заманауи түрі десе, ал бұған қарсы тарап ұлт пен текті жоятын, жетім мен жесірлердің санын көбейтетін неке деп атайды. Қос тараптың да айтар уәжі аз емес сияқты. Бұл некенің өзгешелігі мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген. Сол себепті заң өкiлдерi мұны әзірге «бейресми некелесу» деп қабылдап отыр. Заңмен реттелмегендіктен, басқосулары да, ажырасулары да ың-шыңсыз шешіледі. Бүгінде азаматтық неке қазақ қоғамын жатсынбай сіңісіп, әсіресе, жастар арасында ерекше қолдауға ие болғаны жасырын емес. Олай дейтініміз, азаматтық некеде бас қосқандардың басым бөлігі – осы жастар. Олар отбасын құру мәселесіне жеңіл-желпі қарайды. Керісінше, «некемі­зді заңдастырмай тұрып, бір-бірімізді танып-білуге мүмкіндік мол» деп тұжырымдайды.

Батыстан келген бұл некеде өмір сүріп жүргендерді тіркеп, ресми санап отырған ешкім жоқ. Мұндай үрдістің кең етек жаюы қоғамның рухани азып-тозуына әкеліп соқпай ма? Осы орайда айта кететін жайт, азаматтық некемен өмір сүрген жастардың 80 пайызы кейін бір-бірімен жараспай, айырылысады екен. Тек бестен бірі­нің ғана дәм-тұзы жарасып, ерлі-зайып­ты атанады. Демек, «азаматтық некенің­» азабын тартып жүргендер аз емес көрінеді. Солардың бірін тауып, тілдесіп көрдік.

Гүлзира, 25 жаста (есімін өзгертіп беруді­ өтінді):

- Мен бір адаммен үш ай азаматтық некеде тұрдым. Әрине, аз ғана уақыт ішінде бір-бірімізді толық танып, түсінісіп кеттік деп айта алмаймын. Қызғаныш, болмашы нәрсеге бола жанжалдасу, әрбір ісімізге сенімсіздіктің ақыры бізді екі жаққа айырып тынды. Заңды түрде некелеспеген соң, әр нәрсеге жеңіл-желпі қарадық. Кейін арамыз­ суып кеткен соң, бәрі кеш болды. Неке заңды болса, мойныңа жауапкершілік артылады­. Қазір бір ұлым бар. Тегі әкесінің атында. Баласына 18 жасқа дейін алимент төлейді. Өткенді қайтып оралта аласың ба? Өкініш өзегімді өртейді. Қайдан білейін, басқал­ар үшін бұл неке дұрыс та шығар. Бірақ, менің ойымша азаматтық неке азапқа­ салатын неке дер едім. Өзімнен кейінгіл­ерге айтарым, азаматтық некеге әуестенбеген  жөн.

 

«БРАТ-ОПЕКУНДАР» КӨБЕЙДІ

Бүгінде жастар арасындағы ажырасу санының көбеюі өзекті мәселеге айналды.­ Елбасымыз өзінің Жолдауында: «Мен ажырасуға қарсымын. Жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті» деген болат­ын. Ислам діні ерлі-зайыптылардың бір-бірімен ажырасуына рұқсат бергенімен, оны құптамайды. Бұл ерлі-зайыптылардың соңғы шешуші қадамы болуы тиіс. Одан бұрын, ерлі-зайыптылар арасында пайда болған мәселені анықтап, оны оңды шешуге тырысу ләзім. Діни кітаптарда: «Әбу Дәуідтің хадис жинағында келтірілген бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Рұқсат берілгендердің ішіндегі Аллаға ең ұнамсызы ол – талақ» делінеді.

Ал, бүгінде дәстүрлі емес бағытты ұстанушылардың арасында ажырасу әрекетіне­ барғандар жиі кездеседі. Әсіресе, теріс бағытты ұстанушы апа-сіңлілеріміз ешқан­дай туыстық қатынасы жоқ бейтаныс «брат-опекундар» арқылы некелесіп, қайта ажырасып, қайта тұрмыс құруда. Осыған қатысты бір оқиға, сол жат ағымның етегінде жүрген қыз әке-шешесінен қашып, рұқсатсыз өздерінің топ ішінде «уәкил», яғни «брат-опекун» деп атайтын бейтаныс адам арқылы бірнеше рет тұр­мыс құрған. Теріс бағытты ұстанушылардың мұндай өрескел әрекетке баруы ұлттық санамызға тән қазақи құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді жоққа шығарғандығынан, дінді жете түсінбегендігінен, сондай-ақ, отбасындағы моральдық ахуал және адамгершілікті нығайтуға, отбасының берік болуына көңіл бөлу секілді отбасылық құндылықтарды бағаламағандығынан туындап отыр.

Сөз соңында айтарымыз әрине, біреу­дің бақытына, арына қол сұғудан ау­лақпыз. Тек, басқа ұлттан ауған әрбір бұлттың астына басымызды тосамыз деп жүргенде­ бармағымызды тістеп қалмайық.

 

Балнұр  САПАРОВА

 


Некелесу немқұрайды мәселе емес PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
16.05.2019 11:15

Қазақта «үйлену оңай, үй болу қиын» деген жақсы сөз бар. Алла тағаланың осы дүниедегі  нығметтерінің  ең қайырлысы – жақсы жар тауып, үйленіп, ұрпақ сүю. Ал қазір некелесудің түрі көбейіп бара жатқандай. Мұсылманша неке, аралас неке,  азаматтық  неке, бір  жыныстылар  арасындағы  неке тағы сол сияқты. Жастар­  арасындағы осындай  неке түрлеріне  тоқталып  көрейік.

НЕКЕЛЕСУ – СҮННЕТ

Жалпы, неке сөзінің негізі – «никах» деген араб сөзі. Үйлену – шариғат принциптері бойынша болмысқа сай, айқын мәселелердің бірі. Ислам негізінде үйленудің мұсылман қоғамы үшін де, жалпы үммет үшін де пайдасы бар. Оның өзіндік парызы мен шарттары да жоқ емес. Парызы­ екеу, біріншісі – үйленуге ұсыныс­, екіншісі – ұсынысты қабыл алу. Ал, шарттарына келер болсақ, некелесуге рұқсат етілген жандар болуы қажет (рұқсат етілмейтін туыс, біреудің әйелі, апалы-сіңлілі екі қызды бірдей алу), үйленетін жандар өмірлік некені мақсат етуі тиіс, қиылған неке дұрыс болуы үшін куәгер болуы және екі жақтың разылығы басты шарт. Аталған шарттардың бірі кем болған жағдайда Әбу Ханифа мәзһабы бойынша неке дұрыс болып саналмайды.

Алла тағаланың соңғы әрі ең сүйікті елшісі Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) өзінің ұлағатқа толы хадистерінде де үйленудің, жұбайлық өмірдің өзінің сүннетінен екендігін баса айтады. Үйленуді, шариғат жолымен некелесуді мойындамаған жанды­ өз үмметінен деп есептемейтіндігін ескертеді. Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.ғ.с.) «Неке – менің сүннетім. Кімде-кім менің сүннетіме амал етпесе, ол менен емес. Сондықтан да үйлені­ңдер, мен Қиямет күні басқа үмметтерг­е сендердің көптіктеріңмен мақтанайын­», - деген.

 

АЗАМАТТЫҚ  НЕКЕДЕ

ЖАУАПКЕРШІЛІК  ЖОҚ

Соңғы жылдары қоғамда қызу пікірталасқа түсіп жүрген мәселелердің бірі – азамат­тық неке. Бұл жақсы ма, әлде жаман­ ба? Мұндай некені қолдаушылар некелесудің заманауи түрі десе, ал бұған қарсы тарап ұлт пен текті жоятын, жетім мен жесірлердің санын көбейтетін неке деп атайды. Қос тараптың да айтар уәжі аз емес сияқты. Бұл некенің өзгешелігі мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген. Сол себепті заң өкiлдерi мұны әзірге «бейресми некелесу» деп қабылдап отыр. Заңмен реттелмегендіктен, басқосулары да, ажырасулары да ың-шыңсыз шешіледі. Бүгінде азаматтық неке қазақ қоғамын жатсынбай сіңісіп, әсіресе, жастар арасында ерекше қолдауға ие болғаны жасырын емес. Олай дейтініміз, азаматтық некеде бас қосқандардың басым бөлігі – осы жастар. Олар отбасын құру мәселесіне жеңіл-желпі қарайды. Керісінше, «некемі­зді заңдастырмай тұрып, бір-бірімізді танып-білуге мүмкіндік мол» деп тұжырымдайды.

Батыстан келген бұл некеде өмір сүріп жүргендерді тіркеп, ресми санап отырған ешкім жоқ. Мұндай үрдістің кең етек жаюы қоғамның рухани азып-тозуына әкеліп соқпай ма? Осы орайда айта кететін жайт, азаматтық некемен өмір сүрген жастардың 80 пайызы кейін бір-бірімен жараспай, айырылысады екен. Тек бестен бірі­нің ғана дәм-тұзы жарасып, ерлі-зайып­ты атанады. Демек, «азаматтық некенің­» азабын тартып жүргендер аз емес көрінеді. Солардың бірін тауып, тілдесіп көрдік.

Гүлзира, 25 жаста (есімін өзгертіп беруді­ өтінді):

- Мен бір адаммен үш ай азаматтық некеде тұрдым. Әрине, аз ғана уақыт ішінде бір-бірімізді толық танып, түсінісіп кеттік деп айта алмаймын. Қызғаныш, болмашы нәрсеге бола жанжалдасу, әрбір ісімізге сенімсіздіктің ақыры бізді екі жаққа айырып тынды. Заңды түрде некелеспеген соң, әр нәрсеге жеңіл-желпі қарадық. Кейін арамыз­ суып кеткен соң, бәрі кеш болды. Неке заңды болса, мойныңа жауапкершілік артылады­. Қазір бір ұлым бар. Тегі әкесінің атында. Баласына 18 жасқа дейін алимент төлейді. Өткенді қайтып оралта аласың ба? Өкініш өзегімді өртейді. Қайдан білейін, басқал­ар үшін бұл неке дұрыс та шығар. Бірақ, менің ойымша азаматтық неке азапқа­ салатын неке дер едім. Өзімнен кейінгіл­ерге айтарым, азаматтық некеге әуестенбеген  жөн.

 

«БРАТ-ОПЕКУНДАР» КӨБЕЙДІ

Бүгінде жастар арасындағы ажырасу санының көбеюі өзекті мәселеге айналды.­ Елбасымыз өзінің Жолдауында: «Мен ажырасуға қарсымын. Жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті» деген болат­ын. Ислам діні ерлі-зайыптылардың бір-бірімен ажырасуына рұқсат бергенімен, оны құптамайды. Бұл ерлі-зайыптылардың соңғы шешуші қадамы болуы тиіс. Одан бұрын, ерлі-зайыптылар арасында пайда болған мәселені анықтап, оны оңды шешуге тырысу ләзім. Діни кітаптарда: «Әбу Дәуідтің хадис жинағында келтірілген бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Рұқсат берілгендердің ішіндегі Аллаға ең ұнамсызы ол – талақ» делінеді.

Ал, бүгінде дәстүрлі емес бағытты ұстанушылардың арасында ажырасу әрекетіне­ барғандар жиі кездеседі. Әсіресе, теріс бағытты ұстанушы апа-сіңлілеріміз ешқан­дай туыстық қатынасы жоқ бейтаныс «брат-опекундар» арқылы некелесіп, қайта ажырасып, қайта тұрмыс құруда. Осыған қатысты бір оқиға, сол жат ағымның етегінде жүрген қыз әке-шешесінен қашып, рұқсатсыз өздерінің топ ішінде «уәкил», яғни «брат-опекун» деп атайтын бейтаныс адам арқылы бірнеше рет тұр­мыс құрған. Теріс бағытты ұстанушылардың мұндай өрескел әрекетке баруы ұлттық санамызға тән қазақи құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді жоққа шығарғандығынан, дінді жете түсінбегендігінен, сондай-ақ, отбасындағы моральдық ахуал және адамгершілікті нығайтуға, отбасының берік болуына көңіл бөлу секілді отбасылық құндылықтарды бағаламағандығынан туындап отыр.

Сөз соңында айтарымыз әрине, біреу­дің бақытына, арына қол сұғудан ау­лақпыз. Тек, басқа ұлттан ауған әрбір бұлттың астына басымызды тосамыз деп жүргенде­ бармағымызды тістеп қалмайық.

 

Балнұр  САПАРОВА

 


Үрейлендірген үй иесі PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
16.05.2019 11:10

Оқиға қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Жаңа үйге жас отбасы көшіп келді. Пәтер иесі мен әйелі – мемлекеттік қызметте. Олар бұған дейін  жалдамалы пәтерде тұрды. Енді жылдар бойы көрген қиындық артта қалды. Үй іздеп, есік жағаламайды. Жұлдыз ақшаға келгенде пысық. Күйеуінің табысын жылдар бойы ұқыппен жинады. Ақыры мақсатымен жаңа пәтерге қол жеткізді.

Пәтер жарық, бөлмелері кең. Әсіресе, балалардың  қуанышында  шек  жоқ. Шағын­ бөлме еншілеріне тиіп, мәз-мейрам. Көп уақыт өтпей, жас отбасы қоныстойын  тойлады.  Ағайын-туыс оларға­ сый-сияпатын  аямады. Үй іші жиһазға толды. Соңғы үлгідегі үй  жабдықтары пәтерде жарқырап тұрды. Жұлдыз бен Жомарттың көңілі бірленді. Күншығыс беттегі  үй жас отбасыны жайлылығымен баурағандай еді. Алайда арада бірнеше ай өткенде  баспанадан береке кетті. Үй ішінде  адам  сұлбасындағы елес шықты. Буалдыр тұман бейнедегі әйел күні-түні пәтерде жүреді. Оны Жұлдыз да, Жомарт та көрді. Ал балаларында тіптен маза жоқ. Барлығы бір  бөл­меде түні бойы үрейленіп шығады. Олар  елестен  құтылудың амалын жасады. Құран оқытты. Үйді аластатты.  Бірақ беймәлім  елес кетпей қойды. Әсіресе­ Жұлдызға өшігіп алды. Ұйықтап жатса, түртіп оятады. Ыдыс-аяқ жуса, үстел үстінен қағып жібереді. Апасы әкелген фарфор ыдыстың біразы сынды. Талай қиындыққа көз жұма қараған келіншекті елестің қиямпұрыстығы шаршатты. Жүйкесін жұқартып, төзімін тауысты. Арада­  бірнеше  ай  өткенде отбасы саяжайға  көшті. Олар  жаңа  пәтерді  сатуға бел  буды.

Пәтер  сатылады  деген жарнама газетте жарияланды. Теледидарда  көрсетілді. Хабарласушылардың  қарасы көбейді. Күні бойы Жұлдыздың телефонына тыным­ бермей­ді. Кешке келіп пәтерді  көрушілер де  көп. Алайда тағы бір жайсыздық болды. Сатып алушымен келі­сілген уақытта телефон  қоңырауы кілт тыйы­лады. Күні  бойы  пәтердің  бағасын, үйдің жай-күйін сұрағандар хабарсыз кетеді.­ Жарнама  берген­нен  бері арада  екі-үш  ай өтті. Енді аламын  деп келушілердің  қатары азайды. Ара-тұра сирек төбе көр­сетеді.

Жұлдыз бен Жомарт  жаңа пәтердің жайсыз  болғанына  қынжылады. Көңілдері сенбейді. Жылдар бойы тапқанын тірнектеп  жинап, қатты  қиналды. Азық-түлік­тен, киім-кешектен тарықты. Енді үйге қолымы­з жетті дегенде бәрі түбегейлі өзгерді. Жанға  жайлы пәтер жастарға жайсыз­  болып  шықты. Елестің мінезін адам түсініп болмайды. Кейде бала сияқты  былдыр­лап сөйлейді. Кейде сықылықтап күледі. Ашуланса үйді төңкеріп тастаудан тайынбайды.  Бірде елестен мезі болған Жұлдыз  айғайлап  жіберді.

- Сен кімсің өзі? Неге мазамызды аласың?­ Бұл үйді адал ақшамызға сатып алдық. Өз үйімізге өзіміз қожайынбыз! - деп еді. Соңында жүрген елес оқыс үн шығарды. Сөйтті де ас бөлмесіндегі кранның суын сар еткізіп ағызды. Газ плитасы үстінде тұрған кастрөлді жерге бір-ақ атып ұрды. Елес демесең­, кәдімгі адам. Қарсылық қылсаң болды, көкеңді танытады. Осы бәледен құтылайы­қ деп  келіншек пен күйеуінің қыруар қаржысы желге ұшты. Тәуіп, балгерлердің: «Енді елес шықпайды. Үйге иелік еткісі келген ғой. Оны үй иесі дейді. Қорқудың, үрейленудің негізі жоқ. Тазартылған соң мазаларыңды алмайды», - деген бол­жамы келген жоқ. Қайта өршіп кеткен секілді. Жұлдыз былай тұрсын, Жомарттың өзі аяқ тартатын болды. Үй иесі болады дегенді­ естігені болмаса көрмепті. Жаңа үйде осындай құбылыс болады деп кім ойлаған­? Үй иесі-елеспен тұруға адамның  дәті  жете ме?!

Жұлдыздың үй өтсе деген тілегі орындалмайтын сияқты. Жаңа үйге біреуі қызықпайды. Хабарласамын, келемін деген  адамдар  келіншекті айналып өтеді. Елес туралы естіп қойды ма, кім білсін. Адам сенбейтін бір құбылыс... Міне, тағы да телефонға біреу хабарласты. Кешке келіп көретін болды. Келіншек қала ше­тіндегі саяжайдан үйіне келді. Есіктен енгенде қалта телефоны шыр ете қалды. Тұт­қаны көтергенде жас әйелдің үні естілді.

- Сәлеметсіз бе! Сізге хабарласқан мен едім. Үйді көруге келе жатырмын,-деді. Бұл жолы өтіп кетер деп Жұлдыз үміттенді. Жаңа үйге кірген ол бөлмелерді көзбен шолып өтті. Іштей ауыр күрсінді. Кенет есік қоңырауы  шылдырлады. Жұлдыз есікті  ашық қалдырған еді. «Кіріңіз»! - деді. Келген­ адам есікті серпе тартты. Есік іштен құлыптанып қалыпты. Асығыс жеткен ол кілтті салып, әрі-бері бұрады. Аша алмай әуреге түсті. Сыртта тұрған пәтер көруші көмектеспек болып, ақылын айтып жатыр.

- Кілтіңіз майысқан шығар. Тісі кертілсе, ашылмай қояды. Қайта салып кө­ріңізші!

Жұлдыздың қиналғаны сонша, терлеп кетті. Ақыры төзімін тауысып барып, ашылды-ау! Ішке кірген әйел Жұлдызбен жылы амандасты. Ескі таныстай хал-жағдайын сұрады. Сосын асықпай, үй иесімен пәтерді аралады. Су жаңа баспананың бір міні  жоқ. Бәрі тап-тұйнақтай таза. Күрделі жөндеудің мұрты да бұзылмаған. Алған адам ұтылмайды. Дайын үйге ие болып шығады. Тек үй иесі-елес  болмаса. Жұлдыз өз ойынан өзі тіксініп қалды. Манадан сөйлеп тұрған пәтер іздеуші үнсіз қалған  келіншектің бетіне сынай қарады.

- Үй жаңа. Кемшілігі жоқ па? - деп сұраған екен.

Жұлдыздың елесті айтуға жүрегі дауаламады.  Бәрі жақсы деумен шектелді. Әрі сатып алушыны қорқытқысы келмеді. Кім біледі, жаңа қожайын  елес­тің көзін жоятын шығар. Пәтер  іздеуші келіншекпен сыпайы қоштасты. Ал Жұлдыз  түні бойы кірпік қақпады. Ұйқысы келмей, төсегінде дөңбекшіп шықты. Арада үш-төрт күн өтті. Алушыдан хабар болмады. Алайда жарнамамен қоңы­рау со­ға­тындар аз емес. Пәтерді көруге келгендер де бар. Ақыры жас отбасының үйі иесіз қалды. Баспана сатыл­май қойды. Қазір №90 үйдің 18-пәтері бос тұр. Жаңа пәтерге «үй иесі» басшы сияқ­ты.  Сатылымда тұрғанымен, алған­  адам  жоқ.

 


Күшіктің киесі PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
16.05.2019 11:05

Қазақта обал ұғымы бұрыннан бар. «Обал болады, обалына қалма» деген сөзде салмақты ой, байыпты пайым жатыр. Себебі бізді ата-әжеміз обалмен тәрбиеледі. Ысырапшылдықтан, артық қылықтан тыйды. Кішкентайдан бойға сіңірген тәрбиеге қылау түскен жоқ. Енді үлкендердің обал ұғымын балаларымызға айтамыз. Қалдырған өсиетін мысалмен жеткіземіз. Жамандық жасауға болмайтынын ескертеміз. Жамандық демекші... осы оқиға әлі күнге есімде. Оқырманға қаз-қалпында  баяндауды жөн көрдім.

Бір күні әкем үйге ақ күшік алып келді. Інім екеуміз қатты қуандық.  Күшік сондай сүйкімді. Адамды өзіне баурап алады. Үйімізге «құт әкелсін, қорадағы малды ұры-қарыдан қорғасын» деп атын Құтжол қойдық. Ол інімнің ішін пыстырмайды. Баласына ма, ізінен қалмайды. Інім де күні бойы күшікпен ойнайды. Күзге салым біз баспана ауыстырдық. Жаңа көршіміз – лауазымды қызметтегі адам. Көшіп келгеннен күшікке шүйлікті.  Құтжолды үй маңына барса ұрып жібереді. Ол кезде қазіргідей аула қоршалмайды. Көкпен таласқан зәулім қақпа жоқ. Ауыл үйлерінің арасы ашық жатады. Не керек, Оспан көп  әлімжеттік жасады.

- Мына иттеріңе ие болыңдар! Ауламыздан шықпай қойды ғой. Асырай алмасаңдар, көзін құртамын! - деп сес көрсетті.

Әке-шешем жаңа көршімен жаға жыртыспады. Күшікке бола айтысып, сөз таластыра ма?! Көршімнің де иті бар. Орыс пародасы болғанымен, оңып тұрғаны шамалы. Жерді тырналап, топырақтың шаңын аспанға шығарады. Иттің аты – ит. Қанша асырасаң да абырой әпермейді. Бірақ тіршілік иесіне қиянат жасауға болмайды.

Бірде Құтжол  қатты ауырды. Алдына қойған тамағын ішпейді. Итаяқтағы асқа тамсана қарайды. Кейін басын көтерместен сұлқ жататын болды. Ас ішпегесін қатты азды. Сүйектері ырсиып қалды. Әке-шешем күшікке бір жайдың болғанын білді. Күн сайын Құтжолдың жағдайы төмендей берді. Жәудіреген көздері аянышты. Өңменіңнен өтіп кетеді. Інім екеуміз шыдамай теріс айналамыз. Итке қатты бауыр басып едік. Әкем тік мінезді адам. Оспанның үйіне барып,  ішіндегі қыжылын айтты.

- Оспан, сені азамат деп жүрсем. Кішкентай  күшікте нең бар? Саған қандай залалы тиді? Обалынан қорықпайсың ба? - деді.

Обал деген кезде Оспан мырс етіп күлді. Қазаққа итің жаман деген сөзден ауыры жоқ. Біле тұра шағып сөйледі.

- Көрші болған түрін! Қаңғырған итін қорғайды ғой мынау. Итің ауламнан шықпайды. Бұзықтығы, ұрлығы жоқ. Бірақ әбден мезі болдым. Сосын көзін құртқым келді. Нанға шаншып ине беріп едім, сабазың бір-ақ қылғытты. Енді күшікке бола жыламайтын шығарсың!

Құтжол бір апта ауырды. Аузынан  толассыз ақ көбік атты. Көңіліміз түскенімен, көршімізге ештеңе білдірген жоқпыз. Тек анам  Оспанның ісі дұрыс болмағанын, обалы жаман болатынын айтты. Күшіктің киесі ұрды ма, әлде ажалы ма, кім білсін... Оспан көпке ұзаған жоқ. Лауазымды қызметтен шығып қалды. Бір жылдан соң, қылтамақ ауруынан қайтыс болды.

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары