Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 16 Мамыр 2019

«Жасырын сатып алушы» тиімділігін көрсетуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.05.2019 10:00

Қызылордада медициналық тексеруден өтпей-ақ жүргізуші куәлігін алуға болатыны белгілі болды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қоғамдық өкілдерімен бірлесе «Жасырын сатып алушы» тәсілімен жүргізген бақылау шаралары барысында анықталды.

Нақтырақ айтар болсақ, Қызылорда қаласында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында медициналық қызмет көрсететін «ПрофМед» ЖШС дәрігері қызмет алушыға қолма-қол ақша төлеген жағдайда ешқандай тексерусіз, 5 минуттың ішінде №083/е нысандағы медициналық анықтама берілетіндігін айтқан.

«Жасырын сатып алушы» тәсілімен бақылау шарасын жүргізу барысында «ПрофМед» ЖШС дәрігері 7500 теңгеге медициналық анықтаманы тексерусіз беретіндігі анықталды. Бұл азаматтарды тиісті тексеруден өткізбей, қорытындыны куәландырып беруі, келеңсіз жол-көлік оқиғаларына (нашақорлыққа бейім, психикалық ауытқуы бар азаматтардың көлік басқаруынан туындайтын) алып келуі ықтимал», - дейді Департаменттің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев.

Аталған жайт бойынша «ПрофМед» ЖШС басшылығына тиісті ұсыныс беріліп, нәтижесінде заңбұзушылыққа жол берген дәрігер жұмыстан босатылған.

«Департамент қоғам өкілдерімен бірлесе отырып мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне бақылау шараларын тұрақты түрде жүргізіп отырады», - деді Департамент өкілі.

 

Бағдат  Әбдіқадыров

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕТ КОМБИНАТЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.05.2019 16:00

Бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ет өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

Ет өңдеу комбинаты Қызылорда қаласы маңындағы Талсуат елді мекенінде орналасқан.

«Облысымызда индустриялық даму бағдарламасы нәтижелі іске асырылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін өте маңызды бірқатар өндіріс орындарының құрылыстары басталды. Облыс экономикасын индустрияландыру мәселесі өте маңызды болғанымен, ауыл шаруашылығы қашанда ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі ретінде қала береді. Елбасының тапсырмасына сәйкес қазір елімізде «Етті мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы қабылданып, іске асырылуда. Өздеріңіз білетіндей, 2016 жылы облыс буферлік аймақтан шығарылып, ет экспорттайтын аймақтардың қатарына енді. Дегенмен, облыста халықаралық стандартқа сай ет комбинатының болмауынан біз бүгінге дейін ірі қара, қой, түйе малдарын тірілей экспорттап келдік. Бүгін іргетасын қалағалы отырған ет комбинатының құрылысы арқылы біз облыстың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, ет экспортын ұлғайтатын боламыз», - деді аймақ басшысы.

Облыс орталығында салынып жатқан комбинат вакуумдық қаптамада жылына 5 мың тонна терең өңделген ет өндіруге, сондай-ақ 25 адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, осы жобаны іске асыру ауыл шаруашылығы айналымына шамамен 9 млн. гектар жайылымдық жерлерді айналымға қосуға және мыңдаған ауыл тұрғыны үшін тұрақты жұмыс орындарының ашылуына өз септігін тигізеді. Ет комбинатының негізгі инвесторы – «Сыр маржаны» серіктестігі, нысан жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Былтырдың өзінде облыстан экспортқа Өзбекстан, Иран, Біріккен Араб Әмірлігіне және Ресейге 10,4 мың бас қой, 100 бас ірі қара, 366 бас тірі түйе жіберілді, бұны етке айналдырсақ, 300 тонна ет болады. Соңғы жылдары облыстың ауыл шаруашылығы кешені бойынша экспортталатын өнімдер 3-тен 15-ке дейін артты. Ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша экспорттың 97%-ы өңделген өнімнің үлесіне тиесілі.

Сонымен қатар, аймақта 2022 жылға дейін Агрокарта әзірленіп, оның шеңберінде 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің (ет, күріш, балық және бақша өнімдері) экспортын 5 есеге ұлғайту көзделген. Алдағы 3 жылда ауыл шаруашылығы кешенін дамыту бойынша 76 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

 

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі

 


СЫР БОЙЫ – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БАҚ-БЕРЕКЕСІН АРТТЫРҒАН ӨҢІР PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
16.05.2019 12:40

Қасым-Жомарт  ТОҚАЕВ:

Тарихы Тұран ойпатының «тақтасына» жазылған, күрежолдың жиегі, теміржолдың бойы, дарияның жағасына қоныс тепкен Сыр өңірінің топырағы киелі, тарихы терең. Бүгінде республикадағы ең қарқынды дамып келе жатқан бес аймақтың қатарына енген Қызылорда облысында ілкімді істер әлі де жалғасын табуда. Бір шеті Арал теңізімен жалғасып, екінші шеті Қаратау сілемдеріне ұласып жатқан аграрлы-индустриалды аймақтың даму жылдамдығы өзге өңірлерге үлгі боларлық деңгейге жетті. Бұрын тек еліміздің алғашқы астанасы болған деген тарихи деректермен ғана мақтансақ, бүгінде жаңарған қалпымен, көш ілгері келе жатқан тыныс-тіршілігімен марқаямыз. Қадамы қарымды, адымы алымды Қызылорда облысына бүрсігүні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен  аялдады.

 

БАЛАЛАР   АУРУХАНАСЫНДА  БӘРІ  БАР

Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысып, бірқатар нысанды аралады. Сапар барысы аймақтағы облыст­ық көпбейінді балалар ауруханасындағы балаларды емдеу және сауықтыру үшін заманауи медициналық құрылғы­лармен жабдықталған «Қалпына келтіру бөлімшесінің» жұмысымен танысу­дан басталды. Ондағы меди­циналық қызмет көрсететін кабинеттерді аралап, дәрігерлермен әңгімелесті.

- Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздың оңай емес екенін жақсы білемін. Балаларды емдеп, халықтың алғысына бөленіп жүрсіздер. Еңбектеріңіз елене берсін! - деді мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.­

Емдеу мекемесі осыдан 2 жыл бұрын қолданысқа берілген. Қазір онда  500-ден аса білікті дәрігер жұмыс істейді. Мұнда күрделі операцияларды, лабораториялық зерттеулерді жасауға мүм­кіндік мол. Облыстық балалар ауруханасында 305 кереуеттiк, құрамында 8 клиникалық және 3 хирургиялық бейім­дегі бөлiмшелер және 30 төсекке арналған 15 орындық күндізгі стационар мен 15 мейіргерлік күтім бөлімшелері бар. Кеңес беру диагностикалық бөлім­шесінде 22 тар буынды дәрігер жұмыс атқарады, олар – невропатолог, кардиол­ог, логопед, дефектолог, лор, окулист, хирург, ортопед, нефро­лог, педиатр, онко-гема­толог, гастроэнтеролог, пульмонолог, аллерголог, уролог­, бет-жақ хирургы, нейрохи­рург дәрігерлер. Соным­ен қатар ЭЭГ, ЭКГ, УДЗ, клиникалық зертхана жұмыс  істейді.

Облыс бойынша балаларға көрсететін медициналық қызметті­ң сапасын жақсарту, сәби өлімінің алдын алу, аурушаң­дықты төмендету, маман­дардың кәсіби білік­тілігін көтеру­ және медициналық мекемелердің жабдық­талуын қамтамасыз ету бағытын­да жол карталары 2018 жылға өзектендірілген. Сонымен қатар онкогематологиялық, қант диабеті жол карталары бойынша облыс­ деңгейіндегі аурушаңдықтың алдын алу барысында мамандандыруды жетілдіруге ықпал етті. Реабилитациялық емді жақсарту мақсатында бала­ларға  арналған бассейн жұмыс істейді, арнайы бапкер ЛФК маманы бар. Созылмалы тыныс жолдарының ауруы­мен ауырған науқастарға арналғ­ан физиотерапия бө­лім­шесінде тұзды шахта ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап  жұмыс  істеуде.

- Бұған дейін облыс орта­лы­ғында болмаған неонатальді хирургия бөлімшесі ашылды. Балалар хирургиясын жетіл­діру мақсатында ота жасау аясы кеңейіп, жаңадан бірнеше­ ота алғаш рет өз ауруханамызда өткізілді: перитонит кезінде лапароскопия, ішек өткізбеушілігі кезінде лапароскопиялық адгезиолизис, т.б. Шұғыл отаны қажет ететін жағдайы тұрақсыз нәрестелерге, палатада кювез трансформерде 3 ота жасалды. Құрсақішілік инфекция, сәйкесінше вентрикулитпен туыл­ған нәрестелерге Аренд бойынша сыртқы дренаж қою енгізілді. Аурухананың медици­налық құрал-жабдықпен қамтылуы – ТЭП бойынша 90,08%. Коагулапатиялық тексеру жасау үшін қажетті реагент­термен қамтамасыз етілді. Дәрігер-лаборант жұмыс орнында оқытылды. Вентрикулит кезінде және вентрикулоперитонеостомия отасына­ қарсы көрсеткіші бар 2000 грам­ға дейінгі аз салмақтағы нәрестелерге субгале­аль­ды дренаж 6 балаға қойылы­п, соңы сәтті аяқталды. Бірінші рет нәрестелерге лапар­оскопиялық ота енгізілді. Алғаш рет 900 грамм балаға наркоз берілді. Кызылор­да облысында тарихт­а алғаш рет өңеш атрезиясымен нәресте отадан сәтті шығып, ата-анасы­на берілді, - деді Қызылорда облыс­тық көпбейінді балалар­ ауру­ханасының  бас  дәрігері  Зоя Рахат­қызы.

Балаларға кәсіби, стационарлық және диагностикалық көмек көрсетуге бағытталған ауруxанада xирургия, терапия, зерттеу жүргізу, ота жасау блок­тары, сәулемен емдеу және физиотерапия бөлімшелері бар. Медициналық ұйымның бас дәрігері мемлекет басшысына ауруханада алдағы уақытта атқа­рылатын жұмыстарын баяндады. Яғни, ағымдағы жылы ауруханада колопроктология енгізіліп, кардиохирург маманын даярлау жоспарда бар. Сондай-ақ, гемангиомамен ауыратын науқастарға арналған криотерапия кабинеті, қант диабеті орталығы, помполог дәрігер мен мейірбике оқытылып, аллергологиялық  орталық  ашылады.

Болашағымыздың негізі саналатын балалардың денсаулығын жақсартуды алға қойған балалар ауруханасының ұжымына ел президенті ыстық лебізін жеткізді.

 

«ЖАН-АРАЙДЫҢ»  ЖҰМЫСЫ   ЖАН-ЖАҚТЫ

Одан кейін мемлекет басшысы «Жан-Арай» ЖШС жұмысымен танысты. Серіктестік күріш өндірісімен және күріш дақылын халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өңдеумен айналысады. Сондай-ақ, жем өндірісімен де шұғылданады. Кешен үш бөліктен тұрады. Бірінші блокта жем шығарылса, қалған екі блок – шикізатқа және дайын­ өнімдерге арналған қоймалар. Үш блокты біріктірген күріш өңдеу және құрама жем зауыты 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Тәулігіне 150 тонна күріш, 170 тонна ұн өңдеп, 80 тонна жем өндіреді. Президент мұнда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті. Айта кету керек, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісі кешеніндегі экспортталатын өнімдер соңғы алты жылда 3-тен 15 түрге көбейді.

- Ауыл  шаруашылығы – әлеуеті өте зор, стратегиялық маңызды сала. Бұл саладағы мәселелерді жақсы білеміз. Мемлекет оларды шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады, - деген мемлекет басшысы өңір еңбеккерлеріне зор табыс тіледі.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорттың 97 па­йызы­ қайта өңделген өнім үлесіне тиесілі­. Экспорттың өсуін және өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облысты­ң агроөнеркәсіп кешенін дамыту­  агрокартасы  әзірленген.

 

СОЛ  ЖАҒАЛАУ  «SMART  CITY»  БОЛАДЫ

Одан кейін Мемлекет басшысы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан және сонда алғаш пайда­лануға берілген «Рухани жаңғыру» орталы­ғында болды. 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайта беру туралы тарихи­ шешім қабылданған бұрынғы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің сызбасы бойынша салынған орталық «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» сияқ­ты­ бағыттар бойынша жұмыс істейді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқае­вқа алдымен Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту жөніндегі шаһардың  бас жоспары таныстырылды. Қаланың жаңа бөлігінде мемлекеттік-жекемен­шік әріптестік тетігі аясында 320 орындық балабақша салынды. Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылар есебінен­ 14 қабатты тұрғын үй бой көтерсе, «Болашақ» университеті корпусының құрылысы аяқталуға жақын қалды. 2019-2020 жылдары емханасы бар көпбейінді аурухана, облыстық медици­на орталығы, жатақханасы бар физика-математикалық мектеп, жеке мектеп және т.б. бірқатар ғимараттар салу жоспарлануда. 2018 жылдан бастап сол жағалауда қажетті инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысына аумағы 1,5 мыңнан астам­ гектар жерді қамтитын бұл құрылыс алаңына әлі де әлеуметтік нысандар салынатыны жөнінде баяндалды. Сондай-ақ, ол «Қызылорда қаласының тарихы» музейінің жұмысымен таныс болды. Терең тарихтан сыр шертіп, Алаш зиялыларының көзіндей болған музей экспозициясы 3 залдан тұрады. Аталмыш нысан Ақмешітте қызмет еткен­ Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Сәдуақасов секілді қазақтың қаймақ­тарының ұлт алдындағы еңбегіне құрмет іспетті.

Сол жағалаудағы маңызы бар тағы бір нысанның бірі – Жастар орталығы. Кеше ғана пайдалануға берілген орталықтың ерекшелігі 24 сағат жұмыс істейді. Ресурстық орталықта IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы қарастырылған. Президент орталықтың қызметімен танысып, аймақ жастарымен кездесті. Жиында Санкт-Петербург мемлекеттік өнеркәсіптік технологиялар және дизайн университетінің түлегі Жазира Смаилова жас ұрпаққа жасалып жатқан қамқорлығы мен қолдауы үшін мемлекет басшы­сына алғысын білдірді. Өз кезегінде Президен­т те арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарға сенім білдіретінін, елдің болашағы жастар екендігін еске салды. Кездесуден соң бірқатар республикалық және халық­аралық вокалдық өнер байқауларының жеңімпазы Константин Луца Президентке Сыр  жастарымен  естелік сурет­ке­  түсуге  қолқа салды.

Жаңа қалаға сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысы­ның құрылыс саласындағы көрсеткіші жоғары екенін атап өтіп, шаһарды­ң өркендеп келе жатқанына тоқталды.

- Қала құрылысына осы саладағы үздік тәжірибелерді қолдану керек. Жаңа теxнология мен құрылыс материалдарын пайдаланып, «Ақылды қала» (Smart City) жүйесінің компоненттерін белсенді түрде енгізу қажет, - деді.

 

«КІШІ   АРАЛДАН   АЙЫРЫЛЫП  ҚАЛУЫМЫЗ   МҮМКІН»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы жұмыс сапары аясында өңір жұртшылығымен де кездесті. Жиынға жергілікті атқарушы орган өкілдері, кәсіпкерлер мен жастар қатысты. Соңғы жылдары аймақт­а айшықты шаруалар шешіліп, дамудың оң динамикасы қалыптасып отыр.

- Сыр бойы – елдің әл-ауқатын еселеп­, халқымыздың бақ-берекесін арттырған өңір! Қызылорда – халықтың тағдырлы шешімдері қабылданған қала, - деді Президент.­

Десе де, кейбір келелі мәселелер өз кезегін күтіп тұр. Айталық, қызылордалық тұрғындардың тұрақты табысы респуб­ликалық деңгеймен салыстыр­ғанда әлі де төмендеу.

– Бұл проблеманы бір күнде немесе бір айда шешу мүмкін емес. Мен мұны түсі­немін. Бірақ, жағдайды өзгерту керек. Аймақтағы  азаматтардың  жалақысын өсіру – Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті. Лайықты жалақы төлейтін жаңа жұмыс орындарын ашу ісіне баса мән беру қажет. Бұл бағытта ірі кәсіп­орындардың  қуатын  тиімді  пайдалануды назарға алған жөн, - деді мемлекет басшы­сы өз сөзінде.

Бұдан ары Қасым-Жомарт Кемел­ұлы аймақта құны 150 млрд теңге тұратын 24 жобаның жүзеге асырылғанын айтты. Өңірдегі бірқатар толайым табыстар­ды тілге тиек еткен ол бұл жұмыстарға ұйытқы болған облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының іскер басшы екенін алға тартты.

Еңбек саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алу, ел азаматтарының құқығын қорғау – ең өзекті әрі өткір тақырыптың бірі. Бұл ретте президент:

– Азаматтарымыздың  еңбек  құқығы – қоғамды мазалайтын өзекті мәселе. Әсіресе, шетел компанияларында жұмыс істеп жатқан отандастарымыздың мүдделерін қорғау маңызды, - деп атап өтті.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев Елбасының бастамасымен іске қосылған барлық әлеуметтік бағдарламалар толық жүзеге­ асатынын және ауқымы кеңейетінін жеткізді. Бұған ешкімнің күмән келтір­меу керектігін айтты. Аталған бағытты одан ары тиімді жүзеге асыруға қосымша­ 2 трлн теңге бөлінбек. Сонымен қатар көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынбақ. 1 маусымнан бастап 1,5 миллиондай бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өсетін болады. Әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытында қолға алынға­н шаралар барысына тоқталған ел президенті:

– Әлеуметтік жәрдемақы төлеуде бос бюрократияға, қағазбастылыққа жол бермеу қажет. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жол құрылысы­ салаларында құны 1,7 миллиард теңге болатын 60 жоба жоспарланған. Облыс әкіміне оларды өз уақытында әрі тиімді жүзеге асыруды тапсырамын, - деп ескертті.­

Қасым-Жомарт Тоқаев дамудың жаңа драйверін қалыптастыру қажет екенін айтып, қуатты экономикаға қол жеткізудің маңыздылығына тоқтала келе:

– Индустрияландыру саясаты өзінің жемісін берді. Бұл бағыт алдағы уақытта да жалғасады. 2013 жылдан бері Қызылорда облысында өңдеуші өнеркәсіп саласы екі есе өсті. Ірі цемент зауыты іске қосылды. «Шалқия» кен орнында қуатты комбинаттың құры­лысы басталды. Бұдан бөлек, облыстағы шыны зауытының құрылысын аяқтау қажет. «Бәйтерек» холдингі мен облыс әкімдігіне зауытты іске қосып, Қазақстанның алғашқ­ы шынысын шығаруды тапсырамын, - деді ол.

Бүгінгі таңда агросекторды одан әрі өрістету – бас­ты назарда. Қызылорда облысында күріштің 10 түрлі сұрпы өсіріліп, соңғы 6 жылда өндіріс көлемі екі есе ұлғайды. Десе де, аймақтың ауыл шаруашылығы әлеуеті­н әлі де арттыру маңызды. Суармалы су тапшылығы сезіледі.

– Сондықтан жаңа су қоймаларын салу қажет болад­ы. Бұл жергілікті диқандарға аса қажет көмек болмақ. Үкімет және облыс әкімдігі аталған мәселені шешуге кірісіп, маған нақты жұмыс жоспарын ұсынсын.­

Бүкіл ел бойынша ауылды дамытатын кез келді. Жергілікті жолдар, ауызсу құбырлары, электр желілері, мәдени-спорт кешендерінің барлығы толықтай жаңаруы­ қажет. Осы бағытта аймақ басшылығы жоба дайындауы тиіс, - деді мемлекет басшысы.

Аймақтың экологиялық ахуалы – облыс тұрғын­дарын мазалайтын маңызды мәселенің бірі де бірегейі.­ Бұған себеп те көп.

– Елбасының бастамасы бойынша «Сырдария арнасын­ реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасы іске асырылуда. Осы жобаның және Көкарал бөгетінің арқасында Кіші Аралдағы су қалпына келді. Мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал­ бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 млрд текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдік шаралар қабылдауы қажет, - деп Қасым-Жомарт Кемелұл­ы жауапты сала өкілдеріне тапсырма жүктеді.

Жиын барысында Арал аудандық ардагерлер кеңесін­ің төрағасы Әбілбай Садықов, «Ақмая» ШҚ басшысы Дәулет Жұмбеков, «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Әлима Әбдіқалықова, мәнерлеп сырғана­удан 2019 жылғы Әлемнің вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева мемлекет пен өңір дамуының салалары жөнінде баяндап, өз ұсыныстарын жеткізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мінажадин Өтеев, «Бақ-Береке 2030» ЖШС директоры Қайрат Ерназаров, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева және «Нартай» өнер мектебінің директоры Мұхамедәлі Бекпейісов, облыстық медицина орталығының хирург дәрігері, денсаулық сақтау саласының ардагері Абдулла Шүленбаевқа алғыс білдіріп, марапаттады.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барып, музейдің жаңартылған экспонаттарымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, Қармақ­шы ауданында 1980 жылдары Түркі әлеміне ортақ рухани ұстаз Қорқыт атаның құрметіне мемориалдық кешен салынған. 2014 жылы ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырма­сымен  кешенге  қайта  жаңғырту жұмыстары жүр­гізіліп, қосымша  жаңадан  зиярат  ету  нысаны  салынды.  Мемори­алдық  кешен  «Батыс  Еуропа - Батыс­ Қытай» халықаралық  автодәлізінің  бойында  орналасқан­. 2018 жылдың қараша айында Порт-Луи қаласында (Маврикий Республикасы) ЮНЕСКО-ның 13-сес­сиясында Қорқыт ата мұрасын адамзаттың материалдық­ емес мәдени мұрасының репрезен­тативтік тізіміне енгізу туралы шешім қабылданған болатын.­

Мемлекет басшысының Сыр өңіріне сапары Байқоңыр қаласында қорытындыланды. Онда «Байқоңыр» кешенін дамыту мәселелері талқыланды.

 

Нұрбике  ҚАЗИҚЫЗЫ,

Рыскелді  ЖАХМАН,

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


«АҚЫЛДЫ ҚАЛАНЫҢ» ЖЕТІМСІРЕГЕН ЖЕДЕЛСАТЫСЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
16.05.2019 12:25

«Ақылды қалаға» айна­ламыз деп жергілікті билік жанын­ салып-ақ жатыр. Бұған бюджеттен қыруар қаржы қаралып, там-тұм тірліктер білтесі тұтанды. «Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың Цифрландыру бағдарламасы аясында «Ақылды қала» жобасымен қажетті шаралар жүзеге асуда», - деген­ еді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев есепті жиынында.

Аталған бағдарлама шеңберінде қолға алынған шаруал­ар шын мәнісінде ел игілігіне жарап жатыр ма? Алдымен айта кетейік, цифр­ландыру – заман талабы. Сондықтан «бүйректен сирақ шығарып» бұған қарсылық білдіре алмаймыз. Бірақ, «жаңа технологияны қолданысқа енгіземіз» деп көзбояушылыққа  ұрынбасақ игі. Көзбояушылық деуімізге түрткі болған жайт та жоқ емес. Былтыр Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қаладағы Абай  даңғылының  бойынан жаяу жүргіншілерге жедел­сатылы көпір ел кәдесіне пайдалануға  берілді. Жалпы құны бақан­дай 171,2 млн теңге тұрады. Аспалы көпір­дің баст­ы ерекшелігі – мүм­кін­дігі  шектеулі  азаматтар­ға арнайы­ жеделсаты орна­тылған.

Нысанның пайдалануға берілге­ні сол-ақ екен, ондағы жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісі алынып тасталды. Себебі жаяу жүргіншілердің көпір, ал мүмкіндігі шектеулі азаматтардың лифт арқылы жолдың арғы бетіне өтуіне жағдай бар. Айтпақшы, аталған көпірдің ашылу салтанатында арбаға таңылған ағамыз жеделсатының мүмкіндігін қолданып та үлгерген. Шарт-шұрт таспаға тартылып, кейіннен түсірілген суреттер әлеуметтік желіге жүктелді. Бәрекелді дестік! Ілкімді істердің, жүйелі жұмыстардың жүргізілгеніне ризамыз ғой. Дей тұрғанмен, 171,2 млн теңгеге тұрғызылған жеделсатылы көпірдің қазіргі күйі алғашқыдай емес. Жарнамасы жер жарған көпірдің лифтісінің есігін төрт-бес жерде­н шегелеп қойыпты. «Жеделсатыны шегелейтін болса, неліктен орнатылды?» деген сауал туындайды.

– Аталған көпірде арбамен қозғалатын ерекше жандарға арналған арнайы лифт қойылған  болатын. Сол лифт бүгінде жұмыс істемейді. Сыртын адам ашпайтындай қылып шегел­іп тастаған. Сонда кім үшін салды оны? «Мүмкіндігі шектеулі» деп сөзбен бір шектеп, енді келіп іспен тағы да шектей ме? Мысалы, мен арғы бетке өту үшін ұшып барам ба сонда? Ол жерде жаяу жүр­гіншілерге арналған ешқандай белгі жоқ. Өйткені аспалы көпір  бар.

Жалпы, қалада қоларбадағы жандарға кедергі көп. Мен жүрген жерде, барған ғимаратыма айтып, ауызша ескерту жасап кетемін. Бізде заң бар, бірақ орындайтын адам жоқ. Қаншама мүгедек жан қоғамның бір мүшесі болып етене араласқысы келеді. Ешқандай кедергі болмаса дейді. Ал олардың жүріп-тұруына ешқандай мүмкіндік жоқ. Кедергі көп, - дейді қала тұрғыны Сағатбек Қуанышбайұлы.

Бұл нысанның өзге көпір­ден басты айырмашылығы – лифтінің орнатылуы. Ал жо­басы дәл осыған ұқсас аспалы көпір Абай даңғылының бо­йына­н (Болашақ университеті алдынан. - ред.) 44 млн теңгеге ғана  салынған  еді.

Қызылорданы «Ақылды қалаға» айналдыру бүгін-ертең бітетін шаруа емес екені бел­гі­лі. Бұл бағытта біршама тер төгуге тура келеді. Мәселен, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында шаһардағы «Арай-3» мөлтек ауданы, 80А тұрғын үйіне электр есептегіш құралдары орнатылған еді. Әйтсе де, ондағы тұрғындар тариф  төмендегенімен, бұрын­ғыға қарағанда электр энер­гиясын қымбат төлеп жатқандығына  шағымданған болатын. Бұл  тұста  сала  маман­дары мұның пилоттық жоба екендігін алға тартып, жаңа құрылғыларды орнату тұр­ғындардың келісімімен ғана жүзеге  асатынын  айтқан-ды.

Десе де, «Ақылды қала» жобас­ымен GPS геодезиялық құралы және ArcGIS жер қатынастары саласында заңбұзу­шылықтарды анықтауға жұм­салатын жұмыс уақыты 15 күн­нен 2 күнге қысқарған көрі­не­ді. Сондай-ақ, «Қа­зақтелеком» АҚ қаржысы есебінен көп­қабатты тұрғын үй­лердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 100 тұрғын үйдің 498 кіребері­сіне 996 бейнебақылау орнатылмақ.

 

ТҮЙІН. Алғашқы астананы «Ақылды қалаға» айналдыру жобасы қуантарлық, дегенмен, жоғарыда айтылғандай көзбояушылыққа жол берілмесе дейміз...

Қозы  Көрпеш  ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары