Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Жұма, 17 Мамыр 2019

ҚАРМАҚШЫДА БАҚТИЯР ТАЙЛАҚБАЕВТЫҢ ӘН КЕШІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.05.2019 14:30

Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, ерекше дауыс иесі Бақтияр Тайлақбаевтың мерейтойлық ән кеші өтті.

Әлемді әнімен қатар  дауысымен де таңдай қақтырған Бақтияр Тайлақбаевтың  бүгінде өнер саласында жүргеніне – 40 жыл. Кезінде «Аман бол ағаларым», «Ауылға», «Кекілді қыз» сынды әндерімен халыққа танылған өнер жұлдызы кеш қонағы Абай Бегеймен бірге әсем әндер орындап, көрермен көңілін көтеріп тастады.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев сөз алып, аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлының құттықтауын табыстап, өнер майталманына ізгі лебізін білдірді.

Сонымен бірге  кешке жиылған  қауым әншіні сағынып қалғандай.  Қол соғып, қошемет білдіріп, әншіге деген ыстық ықыластарын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылордалық жас кәсіпкер «Бастау» жобасы аясында кәсібін ашты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.05.2019 14:00

«Бастау» жобасы бойынша бизнестің қыр-сырын үйреніп, кәсібін бастаған жастардың бірі – Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылының тұрғыны Асылхан Абылайұлы. Жастайынан мал шаруашылығынан хабары бар, оның бабын білетін Асылхан кәсібін осы саламен байланыстырғысы келеді. Ағалары жылқы өсірсе, Асылхан ірі қараның басын көбейтуді қолға алған.

Ол ең алдымен облыстық кәсіпкерлер палатасы мамандарынан кеңес алып, «Бастау» жобасын оқиды, бизнес-жоспарын жасайды. Жоспары мақұлданғаннан кейін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан жеңілдетілген несие алады.

«Бастау» жобасына кедергісіз қатысып, кәсіпкерлік саласындағы біліктілігімді жетілдірдім. Оқуды бітіріп, жобамды сәтті қорғап шықтым. Жобама алған 3 млн теңге несиеге бұзаулы сиырлар алып, көбейтіп жатырмыз. Сүтін ауылдағы азық-түлік дүкендеріне өткізіп жатырмыз», - дейді кәсіпкер Асылхан Абылайұлы.

Несиеге алған қаражатына Асылхан 10 бас мүйізді ірі қара сатып алып, сиырларын жайлауда ұстауда. Ағалары да мал шаруашылығымен айналысатындықтан малды кезектесіп бағады. Үйде тек сауын сиырларды ғана ұстайды.

Жас кәсіпкердің ендігі жоспары – мал басын көбейтіп, шаруашылығын өркендету.

Айта кету керек, өткен жылы «Бастау» жобасы бойынша Қызылорда облысынан 1600 азамат оқытылып, жалпы құны 799,4 млн теңгені құрайтын 424 азаматтың жобасы қаржыландырылды. Биылғы жылдың өзінде 623 азамат оқытылуда. Олардың ішінде 285-і – жастар.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары