Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Дүйсенбі, 20 Мамыр 2019

ТАРИХҚА ҚАЛАМ ТЕРБЕГЕН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.05.2019 09:40

Талай дарын иелерінің бесігін тербеткен дарқан даламыз – қасиет пен тектілік мекені. Соның ішінде, өнер өлкесінің өр биігіне айналған қасиетті Арал теңізінің толқыны талай-талай өнер иелерін лек-легімен дүниеге әкелгені белгілі. Теңіздің тазалығын, шағаланың шалқар үнін жанына серік еткен дарындарымыз осы өңірде туып-өсті. Солардың бірі де, бірегейі, шығармаларына дәуір шындығын арқау еткен «Еңбек ардагері», жазушы-журналист, айбынды Аралдың төл перзенті Айжарық Сәдібеков биыл 80 жас мерейтойын атап өтуде.

Кеше аралдықтар осы бір қаламы жүйрік, талантымен танылған, журналистика әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар А.Сәдібекұлының 80 жылдығын ерекше ықыласпен атап өтті.

Әркімнің туған жері өзіне жұмақ демекші, туған өңірге арнайы табан тіреген қаламгерді ұлықтау, тағылымға толы еңбек жолын жас толқынға насихат ету мақсатында «Тарихқа қалам тербеген» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінде өткен рухани кешті ашып берген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мерейтой иесін құттықтады.

- Бүгін мінеки, қашанда арда туған азаматтарымызды үлгі тұтып, олардың өзі барында бағалап, жасаған игі істерін ғибрат ету мақсатында Айжарық Сәдібекұлын ортамызға алып, ғибратты кештің куәгері болып отырмыз.

Құрметті Айжарық Сәдібекұлы! Қалың оқырман өзіңізді «Дария жыр», «Көктемін күткен ару», «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Ашық мұхитқа шыққан алып», «Жұмыр жерде біз бармыз» кітаптарының авторы ретінде кеңірек танығаны рас. Бүгінде Сіз қалам тербеген шығармалар халық жүрегіне жетіп, елдің ықыласына бөленіп жатса, ол, бірінші кезекте, өзіңіздің еңбегіңіздің, мамандыққа деген адалдығыңыздың, шынайылығыздың жемісі дер едім.

Біз Сізді ұрпақтар жалғастығын үзбей келе жатқан, ұлтымыздың ұлы қасиеттерін бойында сақтаған, ақсақал болудың әдемі жолын, арда жолын көрсетіп келе жатқан азамат ретінді мақтан етеміз!, - деп ақжарма тілегін жолдады. Сонымен қатар, Арал ауданының Құрметті азаматы Айжарық Сәдібекұлына кәделі сый-сияпат танытып, Құрмет грамотасын табыс етті.

Одан әрі дербес зейнеткер, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР-ның мәдениет қайраткері Шәкірат Дәрмағамбетов әріптес інісі А.Сәдібековтың бітім-болмысы, еңбеккерлігі жайында тұшымды әңгіме қозғап, келешек ұрпаққа үлгі боларлықтай баталы лебізін жолдады.

Сонымен қатар, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған рухани кешке арнайы қатысқан филология ғылымдарының кандидаты, доцент, тілші, ғалым Шанжархан Бекмағамбетов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ғалым, әдебиеттанушы Алдажар Әбілов және ақын, Ж.Әбдірашев атындағы әдеби сыйлықтың иегері Толыбай Абылаевтар сөз алып, көпшілікке жазушының өнегелі өмірі мен шығармашылық жолы туралы естеліктерімен бөлісті. Расында, Аралдың арда ұлы тектілік болмыстың биіктігінде, шалқар шабыттың көкжиегінде жүріп, халқын рухани сусындатты.

Өз кезегінде мерейтой иесі Айжарық Сәдібекұлы да бүгінгі тағылымды шараның өтуіне ұйытқы болған аудан басшысына, ыстық ықыласымен құшақ жайған жерлестеріне алғысын жаудырып, ризашылығын жеткізді.

Мұнан ары шара барысында жазу стилі ерек, ой иірімдері айрықша талант иесіне деген құрмет әдемі тілек, жылы лебіз, әсем ән болып өрілді.

 

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.05.2019 09:30

Қазақ әдебиеті мен журналистика саласында айрықша қолтаңбасы бар қаламгер Айжарық Сәдібекұлы биыл 80 жаста. Ақыл-ойы алып, қаламы қарымды жазушы осы айтулы мерейтойын жерлестерімен атап өту мақсатында туған өлкеге, яғни киелі Арал ауданына ат басын бұрды.

Осы орайда, кеше аудан басшысы М.Оразбаев айдынды Аралдың төл перзенті, жазушы-журналист А.Сәдібековты арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

Сексеннің сеңгіріне шыққан қаламгерді айтулы мерейтойымен құттықтаған аудан әкімі қабылдау барысында аудан жаңалықтарын бөлісіп, елдің тыныс-тіршілігін, өңір жетістіктерін сөз етті.

Айта кетейік, Айжарық Сәдібекұлы 1939 жылы 17 желтоқсанда ауданға қарасты Қармыс елді мекенінде дүниеге келген. Сырдың талантты тумасы – «Дария жыры», «Көктемін күткен ару», «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Ашық мұхитқа шыққан алып» кітаптарының авторы. Былтыр екі томдық «Парасат майданы», «Жұмыр жерде біз бармыз» атты кітаптары жарық көрді.

Сондай-ақ, көп жылғы шығармашылық еңбегі үшін бірқатар ұйымдардың Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталған, облыс әкімінің 2003 және 2009 жылдардағы стипендиаты.

 

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.05.2019 17:45

Ағымдағы жылдың 20 мамырынан бастап қалалық білім бөлімінің басшысы лауазымына Әбдіқалықова Меруерт Наушақызы тағайындалды.

Меруерт Наушақызы 1969 жылы 30 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1992 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласында орналасқан №23 мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастап, Қызылорда және Тараз қалаларында ұстаздық қызметтерді абыроймен атқарып келді.

2014 жылдан бері қаламызда білімнің қарашаңырағы болып саналатын №3 мектеп-лицейінің директоры қызметінде.

Білім саласына сіңірген еңбегі үшін көптеген алғыстармен, наградалармен марапатталған.

2008 жылы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атанған.

Қазақ тілі мамандарына арналған «Тілдер нормасы» әдістемелік нұсқаулығының авторы.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген «2013 жылдың Үздік педагогы» атағының иегері.

 

 


ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.05.2019 17:25

Бүгін қала әкімінің 2019 жылдың 20 мамырындағы Өкіміне сәйкес, бұған дейін қала әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келген Қазбекова Мира Жомартқызы қала әкімінің әлеуметтік-саяси жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мира Жомартқызы - мемлекеттік қызметтің бірнеше сатысынан өткен білікті маман. Облыс, қала әкімдігінде баспасөз хатшысы, қала әкімі аппаратында бөлім басшысы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, қала әкімі аппаратының басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. Өткен жылғы Елордамыздың 20 жылдығын, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларын және басқа да мәдени-көпшілік шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастырып, өткізілуіне ерекше үлес қосты.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясына ие болды.

 


Ардагерлер арасындағы аламан PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.05.2019 15:30

«Мұз айдыны» спорт кешенінде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан 14 дүркін Қазақстан жеңімпазы Қырмызы Құрманқызының 70 жылдық мерейтойына арналған тоғызқұмалақтан ҚР жекелей чемпионаты өтті.

Жарыста еліміздің 11 облысынан 60-қа жуық ардагер спортшылар тоғызқұмалақтың рапид жəне классика түрлері бойынша сынға түсті.

Рапид бойынша орын алғандар

55 жасқа дейінгі əйелдер:

1. Айнұр Жақапбаева – Алматы қаласы,

2. Елена Каримова – Қарағанды облысы;

3. Ләззат Жанғазинова – Павлодар облысы.

60 жасқа дейінгі ерлер:

1. Батырхан Əбілбеков – Қостанай облысы;

2. Бауыржан Төлегенов – Ақтөбе облысы;

3. Құрманбай Ашетов – Атырау облысы.

55 жастан жоғары əйелдер:

1. Қырмызы Секина – Қызылорда облысы;

2. Алмагүл Түменбаева – Қызылорда облысы;

3. Қайша Рысалова – Алматы облысы.

60 жастан жоғары ерлер:

1. Ілес Әшімов – Түркістан облысы;

2. Тілеу Кұдияров – Түркістан облысы;

3. Базарбай Əзімжанов – Алматы облысы.

 

Классика бойынша орын алғандар

55 жасқа дейінгі əйелдер:

1. Ләззат Жанғазинова – Павлодар облысы;

2. Айнұр Жақапбаева – Алматы қаласы;

3. Елена Каримова – Қарағанды облысы.

60 жасқа дейінгі ерлер:

1. Батырхан Əбілбеков – Қостанай облысы;

2. Құрманбай Ашетов – Атырау облысы;

3. Кенжебек Əлназаров – Павлодар облысы.

55 жастан жоғары əйелдер:

1. Қырмызы Секина – Қызылорда облысы;

2. Қайша Рысалова – Алматы облысы;

3. Күлсін Мусяева – Алматы облысы.

60 жастан жоғары ерлер:

1. Мектепхан Елеусінов – Қызылорда облысы;

2. Тілеу Кұдияров – Түркістан облысы;

3. Айтжан Жұмағазиев – БҚО.

 


ЖЕҢІЛІССІЗ СЕРИЯ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.05.2019 15:20

Ел біріншілігінің 11-туры, 1-айналымы да өз мәресіне жетті. Бұл жолы Көкшетаудың «Оқжетпесіне» қонаққа барған «Қайсар» ойыншыларының кездесуі кез келген қазақстандық футболсүйер қауым үшін қызықты еді. Оған мынадай себеп бар. «Оқжетпес» пен «Қайсар» осыған дейін өзара 33 рет кездескен. Оның 6-ауында көкшетаулықтар жеңсе, 17-сінде «қасқырлар» айласын асырып кеткен. 10 ойын тең аяқталған. Айтпақшы, соңғы онжылдықта сырбойылық футболшылар көкшеліктерді сырт алаңда жеңе алмай келеді. Ал, доп айырмасы – 31-39, жерлестеріміздің пайдасында.

Тағы бір қызықты дерек. «Оқжетпес» те, «Қайсар» да – қазіргі кезде ҚПЛ-дегі қарқынды командалар. Көкшетаулық ұжым соңғы 5 ойында жеңілмесе, қызылордалық клуб 1-2-турда «Атырау» мен «Жетісу» командаларына есе жібергеннен соң, жеңіліс дәмін татып көрген жоқ. 3-турда Павлодардың «Ертісін» (0:1), 5-турда «Таразды» (1:2), 7-турда Қарағандының «Шахтерін» (0:1), 8-турда Алматының «Қайратын» (2:1), 9-турда «Ақтөбені» (1:3), 10-турда Қостанайдың «Тобылын» (5:1) жеңсе, 4-турда «Астанамен» және 6-турда «Ордабасымен» (0:0) тең тарқасты. Жеңіліссіз сериялар тізіміне «қасқырлардың» ҚР кубогы жорығындағы ойындарын да қосуға болады. Әуелі «Оңтүстік Академиясын» 1:2, одан соң «Ертісті» де дәл осы есеппен сырт алаңда жеңген болатын. (Кубоктағы келесі ойын 22 мамыр күні Қостанайдың «Тобылына» қарсы өтеді). Осылайша қарсы келген қарсыластарын қоғадай жапырып жатқан «Қайсардың» сырттағы ойындарының көрсеткіші 100% жеңісті құрап отыр. Сондықтан, «Оқжетпеске» қарсы ойын тартысты өтетіні анық еді.

Ойын басталысымен-ақ, «қасқырлар» жылдам гол соқты. Армениялық легионер Тигран Барсегян 10-минутта «Қайсарды» есепте алға шығарды. 37-минутта қарсыластар есепті қысқарта алды. Бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды. Дегенмен, бас бапкер Стойчо Младеновтың ойыншы алмастырудағы ұтымды шешімі Сыр командасына кезекті жеңісті сыйлады. Жарақатына байланысты ұзақ уақыт алаңға шыға алмаған арубалық легионер Джон Джошуа 74-минутта жеңіс голын салды. Бұл – оның Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы голы.

- Бүгін Көкшетауда керемет ойын өтті. Кезекті жеңісімізге қол жеткіздік. Мұнда күн райы салқын болғанына қарамастан, жанкүйерлердің қошеметінің арқасында жылынып, жақсы ойын көрсеттік. Бапкердің қойған міндетін толығымен орындап, үш ұпайды еншілідік және мақсатымызға жақындап келеміз! Әріптестерімнің бірін-бірі түсінуінің, сондай-ақ жанкүйерлердің қолдауының арқасында жеңіске жеттік! Алға, «Қайсар!, - деді Джошуа.

Осылайша, «Қайсар» ойыншылары чемпионаттың бірінші айналымын бірде-бір қызыл қағаз алмай, бірде-бір пенальти теппей, 11 ойын өткізіп, 23 ұпаймен 2-орынмен аяқтады. Көш басында – «Астана» (28 ұпай), «Ақтөбе» -5 ұпаймен соңғы орынға жайғасқан.

«Қайсар» 2-айналымның алғашқы ойынын «Жетісуға» қарсы өткізбек. Кездесу 25 мамыр күні Талдықорған қаласында өтеді. Кешегі аптада «Қасқырларды» кім тоқтатады?» деген мақала жазған болатынбыз. Әрине, лайым ешкім тоқтатпай-ақ қойсын. Біздіңше, Огай шәкірттерінің қызылордалық ұжымды тоқтата алатындай қауқары бар. Бірақ, жерлестеріміздің сырт алаңда сауатты ойнайтыны, жеңіліссіз серияны жалғастыра түскісі келетіні сөзсіз. Оның үстіне 2-турда жеңілгені де бар. Сондықтан, Младенов баптайтын біздің футболшылар есе қайтаруға барынша тырысатын болуы керек.

Рыскелді  ЖАХМАН

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАЛЛИН МЭРІМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.05.2019 14:45

Нұр-Сұлтан қаласында Астана экономикалық форумы аясында Қырымбек Көшербаев пен Михаил Кылварттың кездесуі өтті.

Тараптар Таллин қаласы мен Қызылорда облысы арасындағы ынтымақтастық орнату жолдарын талқылады.

"Бүгінде Эстония Республикасы ақпараттық технологияларды дамыту бойынша көшбасшы болып табылады. Туризм және кәсіпкерлік салалары да кеңінен дамуда, осыған байланысты сіздердің тәжірибелеріңіз бізді қызықтырады", - деп атап өтті облыс әкімі.

Қырымбек Көшербаев әріптесіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, Михаил Кылвартты Қызылорда облысына сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде Михаил Кылварт облыс әкіміне алғысын білдіріп, ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті.

"Біз Сізді және қызылордалық делегацияны Таллинде көруге қуанышты боламыз. Бұл кездесу бірлескен тиімді көпжақты әріптестіктіктің бастауы болады деп ойлаймын", - деді Михаил Кылварт.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар делегациялардың өзара сапарлары туралы келісімге келді.

Естеріңізге сала кетейік, Михаил Кылварт - Қызылорда қаласының тумасы, осы жылдың сәуір айында Эстония астанасы Таллин қаласының мэрі болып сайланды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары