Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 21 Мамыр 2019

МӘДЕНИЕТ және ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2019 09:40

Кеше аудан әкімі Сұлтан Мақашов 21 мамыр – Мәдениет және өнер күні кәсіби мерекесіне орай сала қызметкерлерімен аудан әкімдігінде кездесу өтті.

Шара барысында аудан басшысы өңіріміздегі өнер мен мәдениетке өлшеусіз үлес қосып, мәдени-рухани құндылықтарымызды насихаттауда белсенділік танытып жүрген өнер майталмандары мен ұзақ жыл ауданның мәдениет саласын дамытуға қажырлы еңбек сіңірген сала ардагерлеріне алғыс хат табыстап, құрмет көрсетті.

Сонымен бірге Айман Мусаходжаеваның тағылымды тәрбиесін көріп, Қазақ Ұлттық Өнер университетін «Қылқобызшы» мамандығы бойынша бітіріп, бүгінде туған жеріне келіп, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде «Қобыз» үйірмесінің жетекшісі болып жұмыс істеп жатқан  жас маман Зияда Жаңабергенова мерекелік ізгі лебізін жеткізіп, қобыз аспабында шығармасын орындады.

Кездесу соңында аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы «Жыраулар үйінің» директоры Серік Жақсығұловтың басқа қызметке ауысуына байланысты ауданымыздың мәдени-рухани дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын жеткізді.

«Ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамыз жыраулық дәстүрдің алтын жібін жалғап, өскелең ұрпаққа жеткізу жолындағы жемісті еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін және болашақта атқарар жауапты қызметтеріне табыс тілейміз", - деді аудан басшысы.

Өз кезегінде Серік Орынбекұлы аудан әкімі мен барша әріптестеріне қолдау көрсеткені және бірлесіп атқарған жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді.

А.Қозыбақов,

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 


МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2019 09:25

Кеше Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде «Мәдениетім - мәртебем» атты мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы:

- Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады, - деп ауданымызда атқарылған жұмыстар мен жетістіктердің көрсеткішін саралап шықты.

–Қармақшы өлкесі – қасиетті өнердің киелі бесігі, жыраулық дәстүр тараған дарынды тұлғалардың мекені. Саңлақтар көтерген өнердің тұғыры  әрқашан биікте. Ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің биік рухы мен өркендеп-өсуіне қызмет етіп, халықты тамаша өнермен қуанта беріңіздер! – деп атап өтті.

Сонымен бірге Еркебұлан Қайырбекұлы өңірдің өркендеуі жолында еңбектенген мәдениет пен өнер саласының үздіктеріне облыс әкімі мен аудан басшысының алғыс хаттарын табыс етті. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

А.Қозыбақов,

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР ҮШІН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2019 09:15

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бахыт Мелдешов 2019 жылғы 20 мамырда Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында  Қызылорда қаласы мен Сырдария  ауданының 19 сайлау учаскелерінде болып, олардың сайлауға әзірлігімен танысты. Барлық сайлау учаскелері әдістемелік құралдармен, қажетті құрал-жабдықтармен, байланыс құралдарымен, ғаламтор желісімен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін лупалар сатып алынып, брайль шрифтімен ақпараттық материалдар әзірленген. Өңір бойынша сайлауды өткізуге әзірлік жұмыстары күнтізбелік жоспарға сәйкес тиісті дәрежеде жүргізіліп, сайлаушылардың тізімі тиісті әкімдермен учаскелік сайлау комиссияларына өткізілген.

21 мамырда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Мелдешов «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.

Аталған шараға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, электораттық оқытудың сертификатталған жаттықтырушылары бейнебайланыс режимінде қосылып, жергілікті атқарушы органдардың, сот, құқық қорғау органдары мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының өкілдері мен шетелдік, жергілікті байқаушылар қатысты.

Семинар барысында Б.Мелдешов сайлау науқанының әрбір кезеңімен, сайлау заңнамасына сәйкес сайлауды ұйымдастырушылардың негізгі өкілеттіктерімен және міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен және қашықтықтан оқыту әдісімен электораттық оқыту мен тестілеуді ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.

Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы М.Делмұханов сайлаушылардың тізімдерін жасау бойынша жүргізілген жұмыс жайлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Есқараева мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін жағдайды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Жүнісов сайлауды өткізуге әзірлік барысы мен сайлау комиссиялары мүшелерінің оқытылуы туралы хабардар етті. ҚР ОСК аппаратының бас консультанты Б.Дармурзина сайлау комиссиялары қызметінің кейбір мәселелеріне тоқталды. Іс-шара соңында қарастырылған мәселелер бойынша пікір алмасу өтіп, сұрақтарға жауап берілді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.05.2019 18:15

Бүгін 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Театрландырылған көріністен бастау алған мерекелік концертте аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов сөз алып, ауданымыздың мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

- Ауданның мәдени-рухани әлеуетін көтеруде «Алтын арай» ансамблі, Еңбек ауылындағы «Батыр аналар» ансамбльдері сондай-ақ «Халық» театры ұжымының ерекше еңбегін атап өткім келеді.

Қазіргі таңда аудан мәдениеті саласы қызметкерлері уақыт қойып отырған талаптар деңгейінен жоғары дәрежеден көрінуде. Аудан, ауыл мәдениетінің дамуына назар аударылып, қажетті жағдайлар жасалып келеді,-деді Жағыпар Айтбайұлы құттықтау сөзінде.

Мерекелік концертте өз саласында жетістікке жетіп жүрген бірқатар сала қызметкерлері Қазақстандық салалық кәсіподақтың «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, Алғыс хатымен, ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен, «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісімен, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің Алғыстарымен марапатталды.

Салтанатты шара облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жетістіктерге жетіп жүрген көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. .

Айта кету керек, қазіргі таңда Жалағаш аудандық  мәдениет мекемелері желісін 6 аудандық және 31 ауылдық мәдениет ұйымдары құрайды. Оның ішінде 7 мәдениет Үйі, 9  клуб,  18 кітапхана, 1 тарихи-өлкетану мұражайы, 1 мәдениет және өнерді дамыту орталығы, 1 Бұқарбай батыр атындағы тарихи мұражай аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді.

Биылғы жылы аудандық орталық кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 47126,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 5825,0 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Үстіміздегі жылы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Халық театры» Батыс Қазақстан облысы, Бөрілі ауданында өткен  І аймақтық театрлар фестиваліне қатысып, «Ең үздік театрлық эксперимент» номинациясын иеленді.

Ауданнан шыққан талантты жас өнерпаздар былтырғы жылы облыстық байқаудан 25 жүлделі орын алса, республикалық байқауға 28 өнерпаз қатысып, 4 өнерпаз Халықаралық байқауға қатысуға жолдама алды. Сонымен бірге 4 Халықаралық байқаудан 20 жүлделі орындарды иеленіп, 3 өнерпаз шет елдерде өтетін конкурс-фестивальдерге жолдама алды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.05.2019 17:35

Индустриялық жобаларды іске асыруға инвестиция тарту бойынша өңір республика бойынша рейтингте көш бастап тұр, сондай-ақ, индустриялық аймақтар (ИА) мен орналастырылған жобалар саны бойынша екінші орында.

Мәселен, индустриялдық аймақтарда жобаларды іске асыруға 65,2 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл - республика бойынша ең үздік көрсеткіш.

Облыста  6 индустриялық аймақ құрылды. Онда жалпы сомасы 192 млрд.теңгеге 48 жоба жүзеге асырылады.

Атап өту қажет, барлық индустриялық аймақтардың инфрақұрылымына 6,7 млрд. теңге бюджет қаражаты жұмсалып, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 бюджеттік теңгеге 13,4 теңге қайтарымды жеке инвестиция тартылды.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірде 500-ден астам жұмыс орнын қамтитын 16 жоба іске қосылған. Олардың қатарында өткен жылы желтоқсан айында мерзімінен бұрын іске қосылған ірі жоба – тампонажды цемент шығару зауыты бар. Кәсіпорын ағымдағы жылдың сәуір айында 10 мыңға жуық тонна сынама цемент өндірді. Жыл соңына дейін 500 мың тонна өнім өндіріп, жобалық қуаттылықты 50%-ға игеруді жоспарлауда. Қазіргі таңда кәсіпорында 250 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту мәселелері қаралып, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика министрліктерінің, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен облыс әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында Қызылорда облысының индустриялық аймақтарды дамыту бойынша оң тәжірибесі атап өтілді.

 

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары