Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 30 Мамыр 2019

КЕШЕНДІ ЖОСПАР АЯСЫНДА 3000 АСА ПӘТЕР САЛЫНАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 17:08

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарында бірқатар жобаларды іске асыру, оның ішінде тұрғын үй және инженерлік коммуникациялар салу көзделген.

Тұрғын үй құрылысы бойынша Кешенді жоспар аясында 4 жылда 3 510 пәтерлік 208,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. Оның ішінде: халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 1 205 пәтер, көп балалы отбасыларға 1 715 пәтер және 590 несиелік тұрғын үй.

"Оның арқасында біз облыс бойынша жыл сайын 800 мың шаршы метр баспана салуға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар, жалпы көлемі 37,9 километр инженерлік желілер салынатын болады. Нәтижесінде, Қызылорда қаласының сол жағалауындағы 630 пәтерге арналған 16 көпқабатты тұрғын үйлер, сонымен қатар облыс аудандарындағы жеке тұрғын үйлерге арналған 744 жер телімдері инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі", - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов.

28 мамыр күні Үкімет отырысында Қызылорда қаласын дамытудың Бас жоспары да бекітілді.

Естеріңізге сала кетейік, "Қызылорда қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу" жобасына сәйкес 2018 жылы қаланың жалпы аумағы 20 528 гектарға дейін ұлғайды. Қаланың перспективалы шекарасына "Сабалақ" саяжай алабының (839 га), "Бәйтерек" тұрғын алабының (4751 га) аумақтары, сондай-ақ, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы (1338 га) қосымша аумақтар енгізілген. Солтүстік-шығыс бөлігіндегі аумақтар көбінесе жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға, ал батыс бөлігінде (сол жағалау) көп пәтерлі тұрғын үй мен рекреациялық аймақ үшін бөлінеді.  Осылайша, қала аумағына қосымша 6928 га қосылған.

Болжамға сәйкес, 2025 жылы Қызылорда қаласы халқының саны 350 мың адамға жетеді деп күтілуде. Көпқабатты тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында соңғы алты жыл ішінде Қызылорда қаласында 10 жаңа шағын аудан және қаланың қолданыстағы шағын аудандарында 5 тұрғын үй кешендері ашылды, онда - 139 көп қабатты тұрғын үй салынды.

2019 жылдың соңына қарай Қызылорда қаласының сол жақ жағалауында 2628 пәтерлік 53 көпқабатты тұрғын үй салынып, онда 13,0 мың адамды қоныстандыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының Бас жоспарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы, көше-жол желісі, сондай-ақ Қызылорда қаласының аумағын сәулеттік-жоспарлау жұмыстарына өзгерістер енгізілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ОБЛЫС ДАМУЫНЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНДА КӨРІНІС ТАПТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 17:06

Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспары шеңберінде әйелдер үшін босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстың ұзақтығын арттыру, сондай – ақ, аймақтағы экологиялық апаттарға байланысты аурулардың тізбесін анықтау бойынша зерттеу жүргізу жоспарлануда.

Облыстың Кешенді даму жоспарын жүзеге асыру жөніндегі брифингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов хабарлағандай, бүгінгі таңда статистикаға сәйкес өңірдегі жүкті әйелдердің 99% белгілі бір экстрагениталды ауруларға ие. Сонымен қатар, бала туғаннан кейінгі кезеңде өлі туу мен асқынулардың жоғары деңгейі де тұрақты түрде сақталуда.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес босануға дейінгі және босанудан кейінгі жүктілік демалысының ұзақтығы қалыпты босанған кезде – 126 күнтізбелік күнді, күрделі босанған кезде 140 күнтізбелік күнді құрайды. Осыған байланысты апат аймағында тұратын жүкті және босанушы әйелдерге арналған демалыс күндерінің ұзақтығын ұлғайту туралы мәселе көтеріліп отыр, бұл жағдай  аналарға  перинаталды патологиясы бар нәрестелерге дұрыс күтім жасауға мүмкіндік туғызады. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы қабылданған Заңына өзгертулерді енгізетін уақыт келді деп есептейміз.  Арал өңіріндегі экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймағында тұратын әйелдердің босану мен жүктілік ағымының ерекшеліктерін растайтын ғылыми зерттеулер жүргізу қажет", - деп атап өтті Қуанышбек Ысқақов.

Сонымен қатар, Кешенді жоспар шеңберінде Арал өңіріндегі экологиялық апаттарға байланысты аурулардың тізбесін анықтау бойынша зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.

"Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 500 төсектік көпбейінді облыстық аурухана және 5,7 млрд. теңгеге - Қазалы ауданында орталық аудандық емханасы мен Қызылорда қаласында қан орталығы салынады.", - деді Қ.Ысқақов.

Спорт саласында Жосалы, Ақай, Жалағаш, Шиелі, Тасбөгет елдімекендерінде жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарастырылған.

"Бұл өз кезегінде 2030 жылға қарай орташа өмір сүру ұзақтығын 73,9 жасқа дейін  (2018 жыл- 72,6 жас) жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстар нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысымен дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 32 пайызға жетеді»,-деді Қ.Ысқақов

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ОБЛЫС ДАМУЫНЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНА ЕНГІЗІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 17:05

Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарында экология және табиғатты пайдалану саласындағы бірқатар жобаларды іске асыру көзделген.

Экология және табиғатты пайдалану бөлігінде жалпы құны 14,7 млрд.теңгені құрайтын 15 іс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Солтүстік Аралдағы «Көкарал» бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру жобасы.

Сондай-ақ, Қызылорда су торабын кешенді жөндеу қарастырылып, нәтижесінде оның апаттылық мәселесі шешілетін болады. Ол бұзылған жағдайда 110 мың гектар суару жерлері мен 250 мың гектар жайылым жерлері және де облыстың 3 ауданы аймағындағы шабындықтарын сумен жабдықтауы бұзылып, Қызылорда қаласы мен 400 мыңнан аса адамдар тұратын 35 кішігірім елдімекендерді су басу қаупі болады.

Кешенді жоспар аясында "Күміскеткен" және "Қараөзек" су қоймаларының құрылысы қарастырылған.

Сонымен қатар, экологиялық - санитарлық нормаларға сай заманауи тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу, қайта кәдеге жарату мақсатында Арал және Қызылорда қалаларында, сонымен қатар Шиелі, Жалағаш, Жаңақорған аудан орталықтарында полигондар салынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 17:03

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жол-көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру қарастырылған.

Мәселен, Көліктік инфрақұрылым бөлігінде 45,2 млрд.теңгеге іс-шаралар атқару жоспарлануда. Бұл 2022 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдардың желісін 72% дейін  жақсартуға мүмкіндік береді. Кешенді жоспар аясында 4 жыл ішінде 858 шақырым облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының қайта жаңғыртылуы, құрылысы, сонымен қатар күрделі және орташа жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.

Бүгінгі күні облыстың жеті аудан орталығының төртеуі және Байқоңыр қаласы газбен қамтылған.

2017 жылы қараша айында пилоттық жоба ретінде Байқоңыр қаласы әкімшілігіне қарасты 6 көпқабатты тұрғын үй мен қазақстандық 6 әлеуметтік нысанға газ берілді. Ағымдағы жылдың сәуір айында Байқоңыр кешенін газдандыру бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында келісімге қол жеткізіп, қазір көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстары басталып кетті.

Кешенді жоспар бойынша облыс елдімекендерін газдандыруға 22,8 млрд.теңге қаралып, алдағы 4 жылда 9 елдімекендегі (3 аудан орталығы, 6 елдімекен) 80 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көретін болады.  Осы жобалар жүзеге асырылған жағдайда облыс халқының габен қамту үлесі 64 пайыздан 70 пайызға жетеді.

Осыған байланысты облыс әкімі "Қызылорда қаласының ЖЭО жаңғырту және кеңейту" жобасын іске асыруды ұсынды, оны жаңғыртуға 15,4 млрд.теңге қажет.

Сонымен қатар,  Кешенді жоспарға құны 7 млрд теңгеден асатын 8 жоба енгізіліп отыр. Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 11 шақырым жылу жүйелері жаңартылып, тозу көрсеткіші 42 пайыздан 36 пайызға дейін төмендейді.

Сумен жабдықтау саласы бойынша жалпы сомасы 28 млрд.теңгеге 14 су жобаларын жүзеге асыру ұсынылды. Бұл жұмыстар нәтижесінде ауылдық елдімекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші 76,5 пайыздан 84 пайызға артып, сонымен қатар Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау мен су бұру жүйелері жақсаратын болады.

Осы  жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 15 елдімекендегі 111 мыңнан астам халықтың ауыз сумен қамту жағдайы жақсаратын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 3000 ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 17:02

Қызылорда облысын дамытудың Кешенді жоспары аясында 3 мың жаңа жұмыс орны ашылып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов брифингте хабарлады.

"Кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы шеңберінде өңірдегі бизнесті дамытуды ынталандыру бойынша 10,7 млрд. теңге сомасында 6 іс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда. Кешенді жоспар аясында 4 жыл ішінде 620 жоба бойынша несиелендіруді субсидиялау, 300 жоба бойынша кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру, 55 жоба бойынша мемлекеттік гранттар ұсыну және 63 жоба бойынша шағын несиелер беру жоспарлануда. Аталған жұмыстар нәтижесінде шағын және орта бизнес саласында қосымша 3 мыңға дейін жаңа жұмыс орындары құрылатын болады," - деді Қуанышбек Ысқақов.

Қабылданған шаралар арқылы алдағы 2 жылда (2019-2020 жж.) жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 20% (2018 жыл-14,4%), ал 2022 жылдың қорытындысымен 30%-ға дейін артады деп күтілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІ МЕН ЭКСПОРТЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 16:52

Суармалы жерлер жүйесін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және экспорттау мәселелері Қызылорда облысының 2022 жылға дейінгі Кешенді даму жоспарына енгізілді. Бұл туралы брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов хабарлады.

Ал, Агроөнеркәсіптік кешен блогында жаңа суармалы жерлерді енгізумен және қолданыстағыларын қайта жаңартумен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне және оның экспортын одан әрі арттыруға назар аударылатын болады.

" Атап айтқанда, егіс алқаптарын әртараптандыру бағытында суды аз қажет ететін майлы және мал азықтық дақылдарының алқабын ұлғайту жоспарлануда. Яғни, майлы дақылдар алқабын 8,5 мың гектардан 20 мың гектарға дейін, мал азықтық дақылдар алқаптары 60,7 мың гектардан 78,0 мың гектарға дейін артпақ. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығының дамуына үлесін тигізетін болады", - деп атап өтті Қуанышбек Ысқақов.

Сондай - ақ, аймақта ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін  дамытуға бағытталған бірнеше жобалар жүзеге асырылатын болады. Олар - қызанақ өсіру алаңын 3,0 мың га дейін ұлғайту, және қызанақ концентратын шығару бойынша өндірісін ұйымдастыру; Қызылорда қаласында қуаты 5 мың тонналық ет комбинатының құрылысы; Қызылорда облысында ет бағытындағы заманауи құс фабрикасының құрылысы жобалары.

Бұдан басқа, өнімділігі жоғары, суды аз қажет ететін және нарықта сұранысқа ие дақылдар егу мақсатында суармалы жерлердің көлемін жаңа 80 мың гектар жерлерді енгізу арқылы  300 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


"БАЙҚОҢЫР" КЕШЕНІНДЕ ОЙЫН САУЫҚ-ТУРИСТІК АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 16:50

"Байқоңыр" кешенінде арнайы экономикалық аймақ құру шеңберінде халықаралық талапқа сай ойын сауық-туристік аймақ құрылысының жобасы іске асырылатын болады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов 2019-2022 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспары туралы өткен брифингте мәлімдеді.

"«Байқоңыр» кешенінде арнайы экономикалық аймақ құру Байқоңыр қаласының сондай-ақ жалпы өңірдің экономикасын өсірудің локомотиві болмақ, онда көп салалы өнеркәсіп және ғарыштық туризм салаларын дамытудың арқасында инвестициялар ағыны ұлғайып, жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде. Жоба мемлекеттер басшыларының және үкіметаралық комиссия тарапынан қолдау тапты", - деді Қуанышбек Ысқақов.

Бұл жұмыстар аясында жұмыс тобы құрылып, Тұжырымдама жобасы әзірленді. Оның негізгі бағыттары «Байкоңыр» халықаралық ғарыш портын құру, жоғары технологиялық өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру, халықаралық ғарыш туризмін дамыту болып табылады.

" Инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығымен «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы экономикалық аймаққа инвестициялар тарту бойынша бірлескен жұмыс тобын құру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы экономикалық аймақ құрудағы алғашқы қадам ретінде Байқоңыр қаласы маңында орналасатын  «Байқоңыр» ойын сауық – туристік аймағын («Байқоңыр» ОТА) құру жобасы болып табылады. Бұл әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымды (4  және 5 жұлдызды қонақ үйлер) және туристік нысандарды дамытуды, сонымен қатар,  халықаралық стандарттарға жетуді көздейді. Облыстық бюджеттен оның құжаттарын әзірлеуге 75 млн. теңге бөлінді", - деді Қ. Ысқақов.

Атап өтейік, «Байқоңыр» ОТА туристік тартымдылық Картасының үздік ондығына енген.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 ақпанында Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында кеңес төрағасы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үкіметтің бастамасымен Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының Кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта кешенді жоспар әзірленді, құны 219,7 млрд.теңге болатын 119 іс-шарадан тұрады. Оның 156,7 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 50,6 млрд.теңгесі жергілікті бюджеттен, қалған 12,4 млрд. теңгесі басқа көздерден болмақ.

28 мамыр күні ҚР Үкіметінің отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің 2022 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


МҰНАЙ ӨНДІРУ ЖӘНЕ УРАН ӨНДІРІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНА ЕНГІЗІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 16:48

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік–экономикалық дамуының Кешенді жоспары өңірдің негізгі мәселелерін, оның ішінде өндіруші өнеркәсіпті дамытуды қамтиды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов 2019-2022 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары туралы брифингте мәлімдеді.

"Бүгінгі күні, Қызылорда облысында қолданыстағы мұнай-кен орындары 50%-ға сарқылған, сондықтан «Оңтүстік Торғай», «Сырдария» және «Шу-Сарысу» кен орындарында 5 мың метрден аса тереңдікте бұрғылауды жүзеге асыру ұсынылды. Бұл үшін 11 млрд. теңгені қажет ететін тиісті геологиялық - барлау зерттеулер жүргізу қажет. Бұл жұмыстар өз кезегінде жаңа кен орындарын игеріп қана қоймай, сонымен қатар, мұнай сервистік жұмыстардың көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған 3 кен орнында геологиялық зерттеуге 2020 жылға 3,5 млрд. теңге қарастырылады", - деді Қуанышбек Ысқақов.

Бұдан басқа, Кешенді жоспарға Қызылорда облысының жер қойнауын пайдаланушыларына ішкі нарыққа мұнай жеткізу ауыртпалығын төмендету бойынша мәселе енгізілді. Өңірдің мұнай-газ секторында мұнай өндіру көлемінің азаюымен қатар өңірдің мұнай компаниялары өндірілген мұнайдың 80% ішкі нарықта төмен бағада сатуға мәжбүр. Өндірілген өнімді сатуда мұндай ара-қатынас (50%50%) мұнай операторларының тапқан табысының бір бөлігін жаңа кен орындарын барлауға және бұрғылауға, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуге бағыттауға мүмкіндік береді. Экспорт үлесін 50 пайызға дейін ұлғайту мұнай операторларына алынған пайданың бір бөлігін жаңа кен орындарын барлау мен бұрғылауға, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуге жіберуге мүмкіндік береді.

Кешенді жоспарға енген тағы бір мәселе – «Байкен - U» кәсіпорнының өндірістік қуаттарын реконструкциялау. 2018 жылы «Байкен-U» ЖШС-нің шикізат көлемі 3 компания арасында («Байкен-U» ЖШС, «Степногор тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ) қайта бөлінуі әсерінен уран тотығы-шала тотығын өңдеу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 18,5% немесе 500 тоннаға төмендеген. Бұл жағдай өңдеу өнеркәсібінің, әсіресе металлургия өнеркәсібінің төмендеуіне әсер етті.

Сондықтан, уран тотығы-шала тотығын өңдеу көлемін жоғарылату мақсатында аталған кәсіпорынның өнім өңдеу көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру ұсынысы енгізіліп, нәтижесінде, 2021 жылға уран тотығы-шала тотығын өңдеуде экстрациялық әдісті қолдану арқылы өндірісті қайта жаңарту туралы «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ-мен шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 ақпанында Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында кеңес төрағасы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үкіметтің бастамасымен Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының Кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта кешенді жоспар әзірленді, құны 219,7 млрд.теңге болатын 119 іс-шарадан тұрады. Оның 156,7 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 50,6 млрд.теңгесі жергілікті бюджеттен, қалған 12,4 млрд. теңгесі басқа көздерден болмақ.

28 мамыр күні ҚР Үкіметінің отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің 2022 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


БАСЫМ БӨЛІГІ БАСПАНА СҰРАЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2019 16:15

Қоғамдық  қабылдау

Қала әкімі Н.Нәлібаев тұрғындарға: «Керек десеңіздер, барлығыңызды жеке-жеке қабылдауға дайынмын» деп айтудан жаңылған емес. Және берген уәдесін орындап келеді. Бүгін де қала әкімдігінің жанынан ашылған Құқық қорғау қызметі орталығында тұрғындарды қабылдады.

Таң атқаннан кезекке тұрған халықтың санында шек жоқ. Ұзын-сонар кезек. Жасы да, жасамысы да бар. Әкім қабылдауына келген тұрғындардың басты проблемасы – баспана, әлеуметтік сала және жер кезегі. Шаһар басшысының халықпен бетпе-бет жүздесуіндегі мақсат – мәселені түбегейлі тарқатып тастамаса да, оның жүзеге асырылуына ықпал ету. Кезек күтіп тұрған тұрғындардан «мәселеңізді тиісті бөлім, басқармаларға барып шешуге келмейді ме?» деп сұрағанымызда, «Оларға барғандағы жағдай белгілі. Бұл жерде әкімнің өзі тікелей тапсырма берсе, орындалуы да тез болады» деген жауап алдық.

Жұмагүл Дәулетова, ІІІ топ мүгедегі, қала тұрғыны:

- Мен анам Зулпия Дәулетованың мәселесімен келіп тұрмын. Тұрғын үй алу үшін кезекке тұрғанымызға 13 жыл болды. Анам 1918 жылы дүниеге келген, қазір 101 жаста. Әлі күнге пәтер жалдап тұрамыз. Ол кісінің ем-домына да қаржы керек. Жаңа ғана әкімнің қабылдауынан шығып тұрмын. Бұйыртса, «шілде не қыркүйек айында баспана беріледі» деп жауап берді.

Қабылдауға жазылу үшін күннің ыстығына қарамай кезекке тұрғандар түске дейін 100-ден асып жығылды. Басым көпшілігі – басына баспана сұрап келгендер.

Қатира Алданова, қала тұрғыны:

- Бала-шағаммен пәтерден-пәтерге көшіп жүргеніме он шақты жыл болды. Үй кезегіне 2012 жылы тіркелгенмін. Қала әкімінен кезегім келгенше уақытша тұратын үй сұрап келіп отырмын.

Өзге де әлеуметтік мәселелерге жауап іздей келген тұрғындар арасынан жұмыс сұрап келген ананы аңғардық. Мәселесі әкім назарына ілікті. Нәтижесін білу үшін хабарластық.

Анар Жаменова, көпбалалы ана:

- Мен көпбалалы, жалғызбасты анамын. Үй кезегінде 1612-нші болып тіркеліп тұрмын. Ол үйді кезегімізбен алатынымыз түсінікті. Сондықтан әкімнен бала-шағамның несібесіне жұмыс сұрап келдім. №101 мектептің техникалық персоналы болып тұрақты жұмысқа орналасу үшін құжаттарымды дайындап жатырмын. Қала әкіміне, әкімдік қызметкерлеріне, қалалық білім бөлімінің басшысы Меруерт Әбдіқалықоваға бағдар беріп, ықпал еткені үшін алғысымды айтамын.

Ай сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан кездесуге келушілердің қатары артпаса, кемитін түрі жоқ. Өткен айда 180-ге тарта азамат тіркелсе, бұл жолғы келушілердің саны 200-ге жуықтады.

Н.ҚАЗИ

 

 


ЗҰЛМАТ ЗОБАЛАҢЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
30.05.2019 12:40

Қазақ ұлт болып қалыптасқан ғасырлар бедерінде талай зобалаң мен дүрбелеңді бастан өткерді. Арғы-бергі тарихтың қалың қатпарларында төгілген қан мен ащы тердің, нәубетке толы кезеңдердің бізге жетпеген белгілері жатыр. Бағзы замандарды былай қойғанда өткен жүз жылдықта қазақ халқының басынан кешірген зұлматы, бұл – ашаршылық пен ұлтының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, еліне тірек болар азаматтардың жаппай жаладан тұтқындалып, қуғын-сүргінге ұшырауы еді.

Қазақ елінде Голощекиннің қолдан ұйымдас­тырған ашаршылығы өткен ғасырдағы ұлтымыздың басына­ төнген ең қасiреттi нәубет болып есептеледi. Ашаршылық, әсіресе, 1931-33 жылдары қатты белең алды десек те, ол зұлматтың басы 1930 жылдың жазынан­ басталып, зардабы 1934 жылдың аяғына дейін созылған. Ашаршылыққа елдегі жаппай ұжымдастыру­ мен ет және астық дайындау науқаны негізгі себеп болды. Қазақстанда колхоздарды ұйымдастыру 1928 жылы шындап қолға алынғанымен, шындығында колхоздастыру біздің елде 1922 жылдан бастау алған. Бірақ бұл процесс 1926 жылға дейін баяу жүрген. Колхоздарды ұйымдастыру баяу жүрсе де, 1927 жылы бүкіл республикада колхоздар саны 1072-ге жеткен. 1928 жылы олардың саны 2354-ті құраса, 1929  жылы 4876-ға дейін өскен. Олардың 611-і  Сырдария  және Жетісу губернияларына  тиесіл­і болды. 1930 жылдың аяғына қарай Қазақ­стандағы барлық шаруашылықтардың  65  проценті  коллективтендірілді.

1930-31 жылдары колхоздастыру ке­зеңінде жергілікті белсенділер мен ОГПУ, НКВД қызметкерлері барлық жерлерде жұртты жаппай ұжымдасуға күштеп көнді­руге  кірісті. Малдың 70-80 проценті колхоз­ меншігіне өткізілді. Алқаптардағы егін ұжымшарлардың қоймаларына жиналды. 1931 жылы колхоздасуға ұйымдастыру науқаны­ ерекше өріс алды. Өлкелік партия ұйымы аудандарда ұжымдасу процесі нашар жүріп жатқанына дабыл қағып, жергілікті басшыларды жазалауға дейін барды. Нәтижесі­нде бір колхоз бір колхоздан мал, астық және басқа да заттар еншілеу мақсатында бәсекеге түсті. Халықтың малы мен астығын алу үшін жергілікті басшылар неше түрлі қулыққа барған. Олар өздерімен бірге мылтық асынған, белінде бесатары бар милици­онерлерді ертіп жүрді. Мылтық көрсе жандары қалмайтын жазған қазақ соңғы лағына, қабының түбіндегі бір уыс астығына дейін колхозға өткізуіне мәжбүр болды. Тіптен үкімет «Контрактация» дегенді­ ойлап тапты. Ол бойынша жеке шаруа­ жаңадан туған төлін 17 айға дейін өлтірмей сақтап өкіметке өткізу керек болды.­ Өліп қалса, «халық жауы» ретінде сотталады.

Қазақтың бақытсыздығына орай 1931 жыл­дың қысында қар қалың түсіп, күн бірден суытқан. Колхоздардағы бір ортаға жиналған мал арам қата бастаған, себебі тек малды жинауды ғана ойлаған басшылар олардың жем-шөп базасын ұмыт қалдырған болатын. Малдың қырылып жатқанына қарамай Голощекин 1931 жылы 9 желтоқсанда «Елімізге жүн керек, тез әрі қысқа мерзімде 100 мың тонна жүн өткізіңдер» деп нұсқау береді. Өзі аш, әрі жүні қырқылған қойлар оңсын ба, суық қораларда теңкиіп-теңкиіп арам қатқан. 1931 жылдың аяғына қарай Ресей қалаларына былтырғыдан еселенiп 12 мың 6 тонна ет, 130 мың пұт астық  жөнелтiлуiне  байланысты  жыл  бойы колхоздар есебiндегi төрт түлiк мал есепсiз сойылып, етке өткiзiлдi. Осыдан мемлекет меншiгiне қарасты қоралардағы мал саны мен  қоймалардағы астық қоры бiрнеше мың есеге азайды. Жалпы, 1927 жылы бүкiл Қазақстанда мал саны 42 миллион болса, 1933 жылы 3 млн 989 мыңға түскен. 1927 жылы Сырдария округiнде 6 млн 680 мың бас мал болса, 1934 жылға қарай барлық төрт түлiктiң саны 800 мыңға да жетпеген.­

Ашаршылық жылдарында жылқының қиынан сұлы  жинау, өлген малдың терісін жеп қою жағдай­лары жиі кездеседі. Тіптен әжетханада адамның нәжісімен қоректенген адамдар да болды. Бұл сияқты­ түрлі жағдайлар сол жылдары аман қалудың жолы ретінде­  жер-жерде  көптен орын алды.

Ашаршылықтан  адам өлуі көбейіп, халық саны күрт төмендеген. Жалпы, Қазақстанда 1914 жылғы санақт­а 6 млн 920 мың қазақ болса, 1933 жылы оның саны 2 миллионнан сәл-ақ асқан. 1953 жылы қазақтардың саны 3 млн 822 мыңға әрең жетті.

Қазақты рухани және моральді әлсірету мақса­тында 1929-1930 жылдары халыққа есепсіз салық салынд­ы. Салық түрлерінің арасында түсініксіз салықтар­ көп болды. Шүберек, мүйіз, сүйек, тұяқ салық­тары елді әбден әбігерге салды. Мысалы, әр отбасы­на 4-5 келі мүйіз өткізу міндеттелді. Тіптен халық сүйек салығын орындау мақсатында тышқан, қоян аулап, даладан сүйек теріп кетті. Шындығында шүберек  салық та, мүйіз  салық та еш кәдеге жарамай, жиналып  алынған  соң  өртелген.

Жалпы, Голощекин қазақ халқын қырғынға ұшырату­ үшiн 1926 жылдан бастап бес бағыт бойынша  дайындалған.

Бiрiншi бағыты – ел қамын ойлайтын ақылды да халықшыл қайраткерлердi билiк басынан кетiрiп, олардың орнына сауаты төмендеу, өзiнiң айтқанынан шықпайтындарды iрiктеп алуға арналды.

Екiншi  бағыты – ОГПУ мен НКВД-ның  жергiлiктi жерлердегi  өкiлдерiнiң өктемдiгiн күшейту және кедей­ таптың арасынан iрiктелген кiсiлердi түрлi дәрежедегi уәкiлдер мен ауыл белсендiлерi етiп тағайын­даумен  байланыстырылды.

Үшiншi бағыты – кеңестiк жүйеге орай типтендiрiлген «бай шаруашылықтарды» жоюға бағышта­лды. Голощекин Қазақстандағы «бай шаруашылықтар» иелерiн «Бұрынғы заманды аңсайтын феодал­дар, жұрттың еңбегiн қанайтын үстем тап өкiлдерi, сондықтан да оларды мал-мүлiктерiнiң бiрiн де қалдырмай тәркiлеп, өздерiн соттап, болмаса қиыр шеттерге жер аударып жiберу керек!» деп ұрандатты. Ұранға алғаш ергендер және оған жанын сала кiрiскендер әлгi ОГПУ, НКВД қызметкерлерi мен ауылдардың шолақ белсендiлерi болды.

Төртiншi бағыты – ауыл-ауылдарды жедел түрде колхоздастыруға үндеген бастамасына сәйкестен­дi­рiлдi. Осының кесiрiнен кеңестiк жаңа жүйенiң мәнiсiн түсiнбеген жұрт айналада қандай қоғамдық өзгерiстер болып жатқанын, мұндай саясаттың болашағ­ы неге апарып тiрейтiнiн бағамдай алма­ғандықтан әрi-сәрi күйге түстi. Тiршiлiгiнiң шырқы бұзылған­ халық 1929-31 жылдары тиiстi көлемдегi егiстiк жерлерге егiн еге алмады. Колхоздар құрыл­ғанымен, оның базаларында шаруашылық жұмыс­тарын жүргiзетiн құрал-саймандары болмады. Колхоз­дың бар байлығы малмен шектелдi. Аз ғана жерге егiлген астықтан жұртқа үлес таратылмай, жиналғ­ан өнiмнiң бәрi мемлекет бекiткен салықтың жоспарын орындау үшiн аудан, қала орталықтарындағы  қоймаларға  жөнелтiлдi.

Бесiншi  бағыты – елдi  тiкелей  ашаршылыққа  әкеп тiреген  ең  нәтижелi  және  қорытынды жоспары бол­ды.­ Голощекин Қазақстанды өркендетудi, түрлi жұмыс­тар мен жоспарларды рет-ретiмен iске асыруды қағаз жүзiнде көрсетiп бекiткенiмен, бар тараптағы iс-әрекет белгiлi тәртiппен жүрмедi. Елдегi барлық­ басшы қызметкерлердi, аудан, ауыл көле­мiндегi  белсендiлердi жалаң ұранға елiктiрiп қойды. Осыған  байланысты көктемгi және күзгi егiс қажеттi көлемнен  әлдеқайда  аз  егiлдi.

Қазақ  басына, тіптен, бүкiл кеңес елiнiң тағдырына бұдан кейiнгi ұлы қырғын 1937-38 жылдары төнді. Ол тарихта «Қуғын-сүргiн кезеңi» немесе «Үлкен террор­» деген атпен қалды. Сталин «Үлкен террорды» бастауды алғашқы рет 1937 жылдың  23 ақпаны мен 3 наурызы аралығында өткен БКП(б) пленумында  көтерген  болатын. Миллиондаған жазықсы­здарды жапа шектiрген ең қатал әрі аса құпия қаулы №00447 нөмiрмен 1937 жылдың 30 шiлдесiнде сол кездегi НКВД жетекшiсi Н.И.Ежовтың бұй­рығымен  шығады. Ол қаулы «Бұрынғы кулактарды, басбұзарлар  мен  басқа да антикеңестiк элементтердi репрессиялау бойынша жүргiзiлетiн шаралар туралы»  деп аталды. Онда төмендегідей  жолдар  келті­рілген:

1. Биылғы жылдың 5 тамызынан бастап, КСРО ішкі істер халық комиссарының және аппарат қызметкер­лерінің жетекшілігімен барлық одақтас республикалардағы ішкі істер халық комиссариат­тары, сондай-ақ НКВД-ға бағынысты өлкелік, автономи­ялық, облыстық, аудандық өкілдіктер өз қарауындағы  өңірлерде жоғарыда аталған антисоветтік элементке  жататын тұлғаларды (әйел, еркек деп  бөлмей) «халық  жауы» ретінде анықтауға кіріссін!

2. Анықтау шаралары 1-ші және 2-ші категория бойынша  анықталсын!

3. 1-ші категорияға совет еліне аса қауіпті дұш­пандар қатарына саналатын – бұрынғы кезеңдерде совет саясатымен келіспей, түрлі әрекетке барған тұлғалар, елге қастандық ойлап, шетел агенттерімен байланыс жасағандар, коммунистік партияның келешег­іне күдікпен қарап, ел арасында теріс көз­қарасты пікір таратқандар, сондай-ақ троцкишіл, зиновье­вшілдік жолмен жүргендер, атақты ұрылар мен бұзақылар  жатқызылсын!

4. 2-ші категорияға аса қауіпті болмаса да, коммунистік  партияның мүддесіне немқұрайды қарайтын, сонымен бірге ескі феодализмді аңсап, екіұдай ой кешіп жүрген екіжүзді тұлғалар, социалистік меншікке­ қол сұққан алаяқтар, социализм тәртібіне мойынсұнбай, қоғамға зиян келтіріп жүргендер жатқызылс­ын!

5. 1-ші категория талабына сай келетін, яғни аса қатерлі «халық жаулары» деп танылған тұлғалар ату жазасына кесілсін!

6. 2-ші категория талабына сай келетін «халық жаулары­на» 8-10 жылдық соттау мерзімі тағайындалсын немесе еңбегі ауыр өңірлерге жер аударылсын!

7. Жат пиғылдағы элементтерді анықтау – НКВД қызметкерлеріне, сондай-ақ коммунистік партияға шын  берілген кез  келген тұлғадағы  совет азамат­тарына  жүктелсін!

8. Антисоветтік элементтерді айыпты деп табу және оларға қатысты жазалау шарасын (ату, соттау) жүргізу мақсатында жергілікті өлкелік, автономиялық, облыстық партия комитеттерінің бірінші хат­шылары  мен  прокурорларының  және  НКВД  бас­тық­тарының бірігуінен тұратын «үштік комитеттер» құрылсын! Жергілікті жерлердегі үштік комитеттер «халық жауы» деп табылған кез келген тұлғаға үкім шығаруға құқылы. Оның  үкімдерін КСРО жоғарғы сотының  әскери коллегиясы бекітеді және ол бекі­тілім  өзгертілуге   жатпайды.

9. Аталған бұйрыққа байланысты шаралар 1937 жылдың 5 тамызынан 5 желтоқсан аралығындағы төрт ай мерзім ішінде толық жүзеге асырылсын!

10. Төменгі жолдарда қай республикада, өлкеде, автономиялық республикалар мен облыстарда, сондай­-ақ республикаларға қарасты облыстарда қанша адам 1-ші және 2-ші категориямен жазалануы тиіс екендігі көрсетілген. Жау элементтер бұл бұйрықта көрсетілген сандардан әлдеқайда көп болуы да мүмкін. Ондай жағдайда жергілікті партия ұйымдарының басшыла­ры мен НКВД, прокуратура, «үштік» коми­тетт­ер өкілдері ішкі істер халық комиссариатынан және БК(б)П орталық комитетінің саяси бюросынан бұйрықта көрсетілген жазалануға тиіс адамдардың санын ұлғайтып, лимит сұрауларына хақылы.

Осы қаулыға сәйкес жазаланатындар екi категорияға бөліндi. 1-шi категорияға ату жазасына кесiлетiндер жатқызылса, 2-шi категориямен сотталғандар 8-10 жылдың арасында абақтыға жабылуы тиiс-тi. Онымен қоса, Ежов қай республикада және қай облыста қанша адам 1-шi категориямен, қанша жан 2-шi категориямен жазалануы тиiс екенiн нақтылап бердi. Ол сан бойынша бүкiл КСРО-да 268 095 адам сотталып, 75 095 адам атылуы керек-тi.

Ал жоғарыда аталған аса құпия бұйрық бойын­ша Қазақ ССР-ына қарайтын сегіз облыста: 1. Солтүстік Қазақстан бойынша 1-кат. – 650, 2-кат. – 300. 2. Оңтүстік Қазақстан облыс­ы бойынша 1-кат. – 350, 2-кат. – 600.    3. Батыс Қазақстан облысы бойынша 1-кат. – 100, 2-кат. – 200. 4. Қостанай облысы бойынша 1-кат. – 150, 2-кат. – 450. 5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1-кат. – 300, 2-кат. – 1050. 6. Ақтөбе облысы бойынша 1-кат. – 350, 2-кат. – 1000. 7. Қарағанды облысы бойынша 1-кат. – 400, 2-кат. – 600. 8. Алматы облысы бойынша 1-кат. – 200, 2-кат. – 800 адам, яғни бүкіл қазақ елінде 2500 адам 1-ші категория бойын­ша ату жазасына ілінуі тиіс те, 5000 адам 8-10 жыл мерзімге сотталуы шарт болды.

Шын мәнісінде Мирзоян Ежовтың бұйрығына сәйкес  жазаланатындардың  санын  әлдеқайда  асырып­ көрсетті.  Соның  салдарынан Қазақстанда  атылуы тиiс 2,5 мың кiсiнiң орнына 26 116 кiсi атылып, сотталуы­ тиiс 5 мыңның орнына 119 мыңдайы  абақтыға  жабылған­.

Бірде белгілі жазушы, тарихшы Момбек Әбдә­кімұлымен болған сұхбатта: «1937-38 жылдары Өзбекстанда 41 мыңдай адам жапа шеккен, оның 5619-ы атылған. Қырғызстанда  8 мыңдай  адам  сотталып, 700-ге жуығы атылған. Тәжiкстанда 3 мыңдай адам қамалып, 911-i атылған. Жалпы, қуғын-сүргiн кезеңiнде 70 мыңға жуық мұсылман азаматы атылып, 300 мыңдайы лагерьлерде азап шеккен» деген болатын­.

Біз бұл мақалада ашаршылық пен репрессия жылдарыны­ң қасiретi жайлы аз болса да мағлұмат беруг­е тырыстық. Осы бiр қысқаша мағлұматтардың өзiнен-ақ пайымды кiсi сол бiр зұлмат жылдарда iске асқан  барлық қасiреттердiң астарын түсiне алар деген ойдамыз.­

Абдулла  БЕКӘДІЛҰЛЫ,

Қорқыт  Ата  атындағы  ҚМУ-дың  магистранты

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары